Ғылыми менеджмент мектебі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 1. "Туризм менеджменті" курсының пәні мен міндеттері. Менеджмент түсінігі.

Менеджмент түсінігі
Нарық жағдайында жеке және мемлекеттік кәсіпорындағы экономикалық қызметтегі адамдардың мақсаты бізге белгілі, ол табыс. Және сонымен қатар маңызды болып сол табысты дұрыс пайдалану болып табылады. Жаңа басқару жүйесі бірінші болып батыста, ең бірінші АҚШ-та менеджмент атауын алып дүниежүзілік саясатта кеңінен қолданыла бастады.
Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызда менеджер, менеджмент, маркетинг ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда басқа біреу арқылы өз мақсатына жету болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.
Менеджмент (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің манус яғни қол, күш деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі
2. билік және басқару өнері
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды
4. басқару органы
Менеджмент негіздері курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта менеджментке төмендегідей анықтама берілген:
Менеджмент - бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адам ресурстары, материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалану процесі.
Менеджмент дегеніміз алға қойған мақсатқа жету үшін еңбекті, интеллекті, басқа адамдардың іс әрекетін пайдалану.
В.В. Леонтьев менеджмент - ол фирманы, компанияны басқару үшін керекті әдістер, принциптер, қаражаттар мен іс әрекеттердің жиынтығы деп есептейді. Осы айтылғандарда менеджмент ұжымды басқаруды қарастырады. Біз менеджменттің адамдарды басқару екенін жақсы білеміз.
Белорусь ғалымы Н.И.Кабушкиннің ойынша менеджмент - бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-әрісін қолдана отырып, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.
Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың пікірінше, менеджмент - ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеді.
П.Друкердің түсіндіруінше, менеджмент ғылым немсе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Вольфганг Хайер өзінің Еуропада бизнес қалай жасалады кітабында былай жазды: Менеджмент - бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы. Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылары, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
Менеджмент - нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Сонымен, Менеджменттің 2 ұғымы бар. Бірінші ұғым, Менеджмент- бұл басқару, басшылық ету органы. Екінші ұғым бұл адамдарды басқару үрдісі (іс-әрекет).
Барлық қызмет жүйесі екі шағын жүйеге бөлінеді. Оның біреуі өзінің қарауындағы ресурстарды өңдеп, тауарға және қызмет көрсетуге айналдыратын шағын жүйе, ал екіншісі- шағын басқару жүйесі, оның міндеті- бірінші шағын жүйенің іс-әрекеттерін бақылау және оған жетекшілік ету. Әдебиеттерде екінші жүйені басқару жүйесі немесе менеджмент жүйесі деп аталады.
Қазір нәтижелі менеджмент индустриясы дамыған мемлекетердің негізі, ал дамушы елдерде ең керекті ресурсы болып отыр. Жеке мекемелердің экономикалық жағдайы және толық экономика күйі 3 негізгі факторлар арқылы анықталады: техника мен технология деңгейі; жұмыс күшінің сапасы, өндірісті ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Ең соңғы фактор, яғни менеджмент алдыңғы екі факторларға әсер етеді.
Қазіргі басқару жүйесі қарапайым және икемді болуы керек. Бірдей, мінсіз басқару моделі болмайды, өйткені, әрбір туристік фирма өзінше керемет деп туризм облысындағы мамандар дұрыс айтқан. Ол өз моделін іздестіру керек. Америкалық компаниялардың көбі жылына бір рет ұйымдастыру жұмысына өзгерістер енгізіп тұрады.
Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент - бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда кәсіпорын қожайыны жұмысшыларды емес, менеджерлерді ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру.

Менеджер деген кім?
Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеуші, меңгеруші, басшылық етуші маман деген сөз.
Менеджер - менеджмент саласында көпжылдық дайындығы бар, білім деңгейін әрдайым көтеріп тұратын маманданған басқарушы.
Менеджер - ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.
Менеджер - бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қатысы жоқ, өзінің жанұясы - фирмасының гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс.

Менеджмент деңгейлері:
Жоғарғы деңгейлі менеджерлер - басқарудың ең аз тобы. Ең үлкен кәсіпорындарда олардың саны көп емес. Оларға зауыттың директоры, президенті, вице-президенті, директорлар кеңесінің төрағасы, университет ректоры және т.б. Басқарудың бұл деңгейі жоғарғы білімді талап етеді, кейбір жағдайда бір ғана емес, одан да көп білімді қажет етеді.
Орташа деңгейлі менеджерлер - төменгі деңгей менеджерлерінің басшылары. Кәсіпорын аумағына қарай бұл менеджерлерінің бірнеше деңгейі болуы мүмкін. Орташа деңгейлі менеджерлерге - цех басшысы, бөлім басшылары, филиал директоры, факультет деканы, сату бөлімінің басшысы және т.б. Көбінесе бұл басшылар жоғарғы оқу орындарын бітірген мамандар.
Төменгі деңгейлі менеджерлер - жұмысшылар үстінен бақылайтын төменгі басшылар. Оларға мастерлер, бригадирлер, кафедра меңгерушілері, сауда менеджерлері және т.б. Басшылардың басым бөлігі - төменгі деңгейлі менеджерлер. Көптеген адамдар өзінің басқару мансаптарын осы деңгейден бастайды. Төменгі деңгей менеджерлері әртүрлі деңгейлі білімі болуы мүмкін.

Менеджмент дамуының эволюциясы
Дүниежүзілік басқару эволюциясы, біздің заманымыздан қазіргі күнге дейін ұйымды басқаруда жаңадан әдістер пайда болды. М.Х. Мескон, М. Альберт және Ф. Хедоури қазіргі заман мен бұрынғы ұйымды салыстырды.

Ескі және қазіргі замандағы ұйым

Ескі ұйым
Қазіргі заман ұйымы
Үлкен ұйымдардың аздығы, алып ұйымдардың жоқтығы
Комерциялық және комерциялық емес ұйымдардың сонымен бірге үлкен ұйымдармен төтенше қуатты ұйымдардың көптігі
Салыстырмалы, көп емес басқарушылар орта буындағы басқарушылардың жаттығуының аздығы
Басқарушылардың көптігі, орта буындағы басқарушылардың көптігі
Басқарушылық жұмыс көбіне, басқармайтын қызметтен бөлінбеген
Басқарушы топтың анық келбеті, басқару жұмысы басқармайтын қызметтен бөлінеді
Басқару қызметін туғаннан, әлде күшіне байланысты алады
Басқару қызметін білімі, заңды ұстамдылығымен алады
Ұйымға пайдалы шешім қабылдайтын адамдардың аздығы
Ұйымға пайдалы шешім қабылдайтын адамның көптігі
Бұйрық пен сезімталдыққа сүйену
Ұжымдық жұмысқа және рационалдыққа сүйену
Басқару өнері және басқару туралы ғылым адамдардың топ болып жұмыс істеу жағдайында және қоғамның үш саласында - саяси, экономикалық және сыртқы қауіптен қорғану кезінде қолданылған.
Ертеден-ақ адамдар тобын шоғырландырып, белгілі бір бағытта жұмыс орындауға жетекшілік ететін ерекше қабілеті бар адамдар қажет болған. Мысалы, египет пирамидаларын салу соншалық көп адамдарды ұйымдастыру, басқару шеберлігін талап еткені белгілі.
Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
І кезең - ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б.э. дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) болды. Платон (б.э. дейінгі 428-348 жж.) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының фугкцияларын анықтаған, ал Александр Македонский (б.э.дейінгі 356-323 жж.) әскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты.
ІІ кезең - индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Бұл кезеңде мемлекеттік басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын анықтап, мемлекет пен мемлекет басшысының міндеттеріне сипаттама берген ғалым - Адам Смит.
ІІІ кезең - басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. Сондықтан басқару бағыттары, мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту және оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындаған. Міне сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып, кәсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар - алғашқы менеджерлер болатын.
ІV кезең - ақпараттар кезеңі (1960 ж. - қазіргі уақытқа дейін).
Алғашқы менеджерлердің көңіл аударған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымды басқару мектебі
Менеджменттің басқару мектептері
Жалпы менеджмент туралы
Менеджменттің мектептері
Арт - менеджмент тарихы
5в050700 «Менеджмент» мамандығы 1-курс студенттері үшін іс-тәжірибеден өту туралы есебі
Менеджменттің ғылым ретінде дамуының ерекшеліктері
Басқару тәсілдері мен функциясы
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ОЙЛАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Менеджменттің басқару стильдері мен негізгі мектептері
Пәндер