ССТК туралы жалпы мағлұмат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Бет саны - 21, кесте - 1, сурет - 1, график - 1.
ИВГ 1 М реакторы, су жүйесі, техникалық сипаттамасы.
ИВГ-1М реакторының техникалық сипаттамалары және тоқ тұйықтау құрылғысы сипатталған, жылу берілген - ампулалар құрылғысындағы салқындатқышты гидравликалық есептеу.

Мазмұны

Кіріспе 4
1. Жалпы мағлұмат 5
1.1 Ұйым туралы жалпы мағлұмат. 5
1.2 ИВГ.1М реакторы туралы жалпы мағұлмат. 6
1.3 ССТК туралы жалпы мағлұмат. 7
2 Жеке тапсырма 8
2.1 ИВГ.1М реакторының су жүйесі 8
2.2 Суытудың негізгі контуры 8
3.Есептеу бөлімі 12
4. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау 14
4.1 Реактордың эксплуатациясы кезіндегі жеке операцияларға
қойылатын талаптар 14
4.2 Қауіпсіздіктң жалпы ережелері 15
4.3 Жеке қорғаныс шараларымен жеке бас гигенасы ережелері 16
4.4 Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар 16
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 19
Қосымша А 20
Қосымша Б 21
Қолданылған қысқартулар тізбесі 22



Кіріспе

27.05.19 - 27.06.19 аралығында өндірістік іс-тәжірибені ҚР ҰЯО АЭИ филиалы Байкал-1 зерттеу реакторлар кешенінде өттік. Іс-тәжірибе барысында Байкал-1 зерттеу реакторлар кешенінде орналасқан ИВГ.1М реакторын көрідк.
Бұл ИВГ.1 реакторының жобасы 1966-1969 жж. жобаланды. Монтаждық жұмыстар 1971 ж. басталып 1975 ж. іске қосылды. ИВГ.1 реакторының газбен суытылатын технологиялық каналдары 1988 ж. дейін жұмысын атқарды. 1988-1990 жылдар аралығында модернизациядан өткен сон ИВГ.1 реакторының газбен суытылатын технологиялық каналдардын сумен суытылатынға алмастырып реактор атын ИВГ.1М өзгертті.
Жаңартудың бірінші кезеңінде реактордың газбен суытылатын технологиялық каналдарын сумен суытылатынға алмастыру және жылу тасымалдағыш ретінде суды пайдалануға мүмкіндік беретін технологиялық каналдарды салу жұмыстары жүзеге асты. Бірінші кезең біткеннен кейін ИВГ.1М реакторын жаңа активті аймағымен іске қосу жұмыстары басталды.
ИВГ.1М реакторын қайта конструкциялаудың негізгі мақсаты ядролық техника технологияларының, атомдық энергетика нысандарының қауіпсіздігіне негізделе бағытталған тұзақты сынақтық реакторларды зерттеу үшін қауіпсіз, үнемді құрал жасап шығару болып табылады.
ИВГ.1М реакторының физикалық іске қосылуы (қайта конструкциялаудан кейін) мақсаттық талаптарға, ядролық қауіпсіздік қағидаларының талаптарымен қарастырылатын жұмыс мазмұны мен ұйымдастырылуына сәйкес 1990 жылы жүргізілді.
Ядролық реактор қауіпсіздігі оның кез келген жұмыс режиміндегі реакторда болып жатқан физикалық процестерді пайдаланушы қызметкердің біліміне тәуелді, сондықтан жасалған жұмыс нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген әсерлерді зерттеу реакторды пайдалану қауіпсіздігінің көзқарасынан қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

1. Жалпы мағлұмат
1.1 Ұйым туралы жалпы мағлұмат.
Байкал-1 зерттеулік реакторлар кешені (ЗРК) кәсіпорнының дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ҚР ҰЯО РМК АЭИ ЕМК (мәтінде ары қарай - кәсіпорын) директордың сынақтар бойынша орынбасарына бағынады.
Негізгі міндеттері:
- тәжірибелі жұмыстарды мемлекеттік бағдарламалар мен тапсырыстар, жасалған келісім-шарттар мен шарттарға байланысты орындау;
- реакторлар мен тәжірибелік қондырғыларды жұмысқа жарамды жағдайында техникалық ұстау және оларды қауіпсіз пайдалану;
- ҚР-ның мекемелері мен кәсіпорыннан істен шыққан иондаушы сәулеленуші ампульдік қайнар көздерді уақытша сақтауға орналастыру, тасымалдау мен қабылдау;
- кепілдемесін қамтамасыз ету;
- ионды сәулеленуші қайнар көздерді мен реакторлардың ядролық материалдарын физикалық қорғаныс жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету;
- шарттар бойынша Қазақстан Республикасының мекемелері мен кәсіпорындарымен жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуге бағытталған шаруашылық қызметі;
- жаңа технологияларды, жүйелер мен құрылғыларды дамыту, меңгеру және енгізу;
- Байкал-1 ЗРК қызметі бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастық.
Ғылыми-өндірістік қызмет саласындағы негізгі функциялары:
oo тәжірибелік зерттеулер әдістер мен бағдарламаларын дамыту;
oo тәжірибелік зерттеулерді орындау технологиясын дамыту;
oo кешенде орындалатын жұмыстардың ядролық, радиациялық және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
oo реактордың зерттеулік іске қосуларын, іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру;
oo тәжірибелік қондырғыларда зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру;
oo тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін таңдау және өңдеу, есеп беру құжаттарын шығару;
oo сақтау, тасымалдау кезінде ядролық материалдар мен ампульдік иондаушы сәулелену қайнар көздерінің физикалық сақтығын қамтамасыз ету;
oo мүмкін болатын апаттардың алдын алу және жою бойынша шараларды іске асыру мен дамыту. Материалдық - техникалық құралдарды, апаттардың алдын алу және жою жүйелерінің жарамды жағдайы мен бар болуын қамтамасыз ету;
oo еңбекті қорғау, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің үнемі қызметі бойынша кешеннің қызметін басқару;

1.2 ИВГ.1М реакторы туралы жалпы мағұлмат.
ИВГ.1М реакторы гетерогенді, зерттеу реакторы болып табылады. Жылутасығыш пен баяулатқыштың рөлін су атқарады, шағылдырғышы бериллиден жасалған.
Реактордың қуаты, орталық ұяшықтағы зерттеу обьектісінің қуатын косқанда (жобаланған номиналды қуат) - 72 МВт. Қазіргі уақытта, реактордың суыту жүйесінің модернизациясы толық көлемде жасалмаған, сол себепті реактордың номиналды қуаты 35 МВт-пен шектеледі.
Корпустің ішкі жағына қапталдық және шет жақтық экран дәнекерленген, олардың негізгі міндеті корпусқа әсер ететін нейтрондық және гамма сәулелердің деңгейін азайту (қосымша А).
Қақпақтың перифериялы бөлігін суытатын судың өтуі үшін жоғарғы тақтада 36 тарамдалған тесік бар. Су қозғалысының жылдамдығын арттыру үшін тесіктерге ығыстырғыш-біліктер орнатылады. Қақпақтың ортаңғы бөлігінде технологиялық каналдардың өтуіне арналған 30 тік тесік бар, бір тесік ілгекті каналдың өтуі үшін және 42 тік тесік қақпақты суытатын судың өтуіне арналған ығыстырғыш-біліктер үшін.
Қақпақтың астында дәл сондай міндеттерді атқаратын қапталдық және шет жақтық корпус экрандары орналасқан.
Белсенді аймақтың және 235 уран жүктемесінің өлшемдерін кеміту үшін, сондай-ақ нейтронды алаңды тегістеу үшін реактор құрылымының радиусы және биіктігі бойынша бериллиден жасалған қапталдық және төменгі шет жақты шағылдырғыштар қарастырылған. Шағылдырғыштың барлық тораптары мен бөлшектері бір жинаққа біріктіріледі, ол корпустың қапталдағы экранның тірек үйіндісіне орнатылады және оған он бұрама қапсырмалар арқылы бекітіледі.
Қапталдық сақиналы шағылдырғыш белсенді аймақтың айналасында орналасқан. Шағылдырғыштың құрамына он реттегіш барабандар (РБ) кіреді. РБ-дар бериллийден жасалған цилиндр болып табылады, оның 112° секторында жұтқыш өзекшелер бар (негізгі және қосымша жұтқыш элементтер).
Барлық барабандар, сонымен қатар орындағыш механизмдер активті аймақтың айналасы бойыншы біркелкі орналасқан. РБ-дардың айналуы келесідей жүреді: әр бір орындағыш механизм РБ-дардың айналуын адымдық қозғалтқыш арқылы жүзеге асырады. Бір адым - 0,3. Бір адым жасалғаннан кейін, барлық барабандар бір адым жасағанға дейін орындағыш механизм осы қалыпта қала береді. РБ-дардың толық жүрісі 180°. Толық алып тасталынған жағдайда РБ-ның жұтқыш секторының центрі активті аймақтың осіне бағытталады, ал толық енгізілген жағдайда шағылыстырғыш секторының центрі активті аймақтың осіне бағытталады.
Реактордың активті аймағы жылу бөлгіш жинағы бар сумен суытылатын технологиялық каналдар болып табылады. Жылу бөлгіш жинақ жұқа қабатты цилиндрлік обоймадан, үшбұрышты торда орналасқан және цилиндрлі толтырғышпен нығыздалған жылу бөлгіш элементтерден тұрады.
ССТК ЖБЖ-тардың саны:
1-ші қатар ... .6
2-ші қатар ... .6
3-ші қатар ... .18
Реактордың ортасында орналасқан ілгекті канал зерттелетін жылубөлгіш жинақтарды немесе ішінде зерттелетін үлгілері бар ампулалар орналасқан экспериментальді физикалық каналды орналастыруға арналған. ССТК ЖБЖ-тың максималды саны - 31.
Қосымша Б-да реактордың көлденең қимасы көрсетілген. Осы қимада реактивтіліктің компенсация өзекшелері, ілшекті канал және технологиялық каналдардың орналасуы көрсетілген.

1.3 ССТК туралы жалпы мағлұмат.
Сумен суытылатын технологиялық каналдар ССТК сақиналы активті аймақты құрайтын, активті аймақ деңгейінде АМг-5 құймасынан жасалған, ал одан төмен деңгейде тат баспайтын болаттан жасалған цилиндрлі құбыр.
1-ші және 2-ші қатардағы ССТК үшін отын аймағының ұзындығы 800 мм жбэл пакеттерінен құралады. Пакеттегі жбэл-дің саны - 468. Сонымен қатар әр бір ССТК-да жбэл-терді дистанциялау үшін толықтырғыштар қолданылады.

2 Жеке тапсырма
2.1 ИВГ.1М реакторының су жүйесі

ИР ИВГ.1М су жүйесі эксплуатацияның қалыпты және авариялық жағдай кезінде реактордың технологиялық каналдардан және құрылымдық элементтерінен жылуды бұру үшін тағайындалған.
Жылутасымалдағыш ретінде бір мезетте нейтрондарды және биологиялық қорғау компонентін штаттық баяулатқыш функциясын орындайтын жоғары жиілікті (ары қарай су) дистиллят қолданылады.
Тағайындалуы бойынша су жүйесі тұрады:
- негізгі суыту контурынан;
- реактордың авариялық суыту жүйесі (РАСУ).

Сурет 1. Су жүйесінің сұлбасы

2.2 Суытудың негізгі контуры
Суытудың негізгі контуры қауіпсіздік үшін маңызды қалыпты эксплуатациялау жүйесі болып табылады.
Контурдың жоба негізіне келесі негізгі принциптер қаланған:
- ағызу багында сақталған суды реактор арқылы және оны қайтадан ағызу багына құю айдаудың тұйықтау сұлбасы бойынша орындалған;
- контурдағы жылутасымалдағышты мәжбүрлі циркуляциялау;
- барлық жабықтар мен арматураны қашықтан басқару;
- ағызу багындағы радиолиткалық сутектің газдық көлемде бөлінуі кезіндегі жарылу қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету.

Технологиялық сұлбаның сипаттамасы
Суытудың негізгі контур құрамына келесі сұлбамен монтаждалған жабдық және құбыр өткізгіштер кіреді:
- сораптық топ;
- сорап байпастары;
- ағызу багы ;
- кіретін бөлік;
- суды ағызу торабы;
- реактордан суды ағызу жүйесі;
- магистральды құбырөткізгіш;
- ығыстырғыш жүйесі (төрт сыйымдылық V=50 м3).

Сораптық топ.
Берілген су шығынын қамтамасыз ету үшін контурда екі ЦНГ-70М-1 және үш 4МСК-10 сораптары қолданылады.

ЦНГ-70М-1 сорабының техникалық сипаттамасы:
- беру, м[3]ч ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10;
- арын, м ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21;
- басқыш саны, шт ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4;
- айналу саны, айнмин ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 800;
- қозғалтқыш қуаты, кВт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2,34;
- сораптың ПӘК-і, % ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25.

4МСК-10 сорабының техникалық сипаттамасы:
- беру, м[3]сағ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60;
- арын, м ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..132;
- импеллер саны,шт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4;
- жылдамдығы, айнмин ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2950;
- қозғалтқыштың қуаты, кВт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40;
- сораптың ПӘК-і, % ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65.

Ағызу багы - қажетті су қорын сақтауға және реактордан шыққан суды қабылдауға арналған. Бак диаметрі 18 метр және биіктігі 7,5 метр темірбетонды, ішінен беттік болатпен қапталған цилиндрлік сыйымдылық болып табылады. Технологиялық құбырлар бакқа герметикалық кірістер арқылы бекітілген. Мүмкін ағып кетулерді жою үшін бак астында арнайы поддон орналасқан. Онда жиналған су арнайы канализацияға жіберіледі. Бак асып түсуінің ішкі беті периодты түрде тексеріп отыру үшін люк орналасқан. Бактың жұмыс істеу қабілеттілігін жән қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосалқы жүйелер қарастырылған:
oo бактың бос кеңістігін азотпен желдету жүйесі;
oo сумен толтыру жүйесі;
oo жылытқыш бу жүйесі;
oo бак дренажы;
oo артық қысымды лақтыру жүйесі.
Жылу сыйымдылығы -- дене температурасын 1°С-ге немесе 1 калорияға жоғарылату үшін берілетін жылу мөлшері:

c = Qm∆T

Мұндағы:
c - жылусйымдылық [ДжкгК]
m - масса [кг]
ΔТ - температуралар айырмасы [°C]

Жылу мөлшері - жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады. Q әрпімен белгіленеді. Жылу мөлшері мына формуламен аңықталады:

Q=cm(T2-T1)

мұндағы:
Q - жылу мөлшері [Дж]
с - жылусйымдылық [ДжкгК]
m - масса [кг]
Т1 - бастапқы температура [°C]
Т2 - соңғы температура [°C]

Қуат - уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама.

N = Qt

мұндағы:
N - қуат [Вт]
Q - жылу мөлшері [Дж]
t - уақыт [c]

Осыдан уақытты табу үшін осы формулананы қолданамыз

t=cm(T2-T1)N

мұндағы:
c - жылусйымдылық [ДжкгК]
N - қуат [Вт]
m - масса [кг]
Т1 - бастапқы температура [°C]
Т2 - соңғы температура [°C]

3.Есептеу бөлімі

Есептеу барысында реактор 6 МВт жұмыс атқарған кездегі судың
36,5°C - дан 55°C - ға дейін қанша уақытта қызатының есептедім.

t = cm(T2-T1)N

T1=36,5°∁
T2=55°∁
c=4200 Джкг°∁
N=6x106 Вт
V=1481 м3

t = 4200x992x1481x(55-36,5)6x106=317,1 мин


ИВГ.1М реакторына кірген және шыққан температураға қарай отырып, реактордың жылулық қуатын есептедім.

Q=cm(T2-T1)

c=4200 ДжкгК
T1=40,2°∁
T2=69,9°∁

Q ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау туралы
Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау
Жарнама. Өткізуді ынталандыру
Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні
Мерзімді басылымдар жазба деректердің басқа түрлерінен тек өзіне ғана тән сипаттарымен ерекшеленуі
Тіл білімінің өзекті мәселелері пәнінің оқу -әдістемелік кешені
Жарнама және өткізуді ынталандыру
Географиялық карта
Дыбыс сигналды ақпаратты сақтауға арналған радиотолқынды құрылғы
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
Пәндер