Менингит - орталық жүйке жүйесінің жұқпалы ауруларының ішіндегі аса қауіптісі


Менингит
Менингит -ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Бұл аурудың қоздырғышын 1887 ж А. Вейксельбаум науқас адамның жұлын сұйықтығынан тапқан. Пішіні бұршақ тәріздес, қосарланып орналасады. Қоздырғышы граммтеріс диплококк, менингококк. Менингиттің қоздырғышы тыныс алу, жөтелу кезінде ауа арқылы таралады. Қоздырғышы граммтеріс кофе дәні тәрізді диплококк. Химиялық, физикалық факторларға сезімтал, бөлме температурасында бірнеше сағатта, ал хлорамин ерітіндісі әсерінен 2-3 мин. ішінде жойылады. Осылайша кеңсірікке түскен менингококк жұлынға, қан айналым жүйесіне еніп кетеді. Осы науқасқа шалдыққан адам менингитті таратудың бірден-бір көзі болып табылады.
Орталық жүйке жүйесінің жұқпалы ауруларының ішіндегі аса қауіптісі осы менингит. Бүкіл дүниежүзінде осы науқасқа душар болғандардың 20 пайызы қайтыс болады. Тұрғындардың тығыз орналасуы, тазалық сақтамау, тұмау және басқа да кеселдер, ауруды таратын ошақтың болуы сияқты факторлар осы аурудың тууына себепші.
Ауру қоздыратын микроағзалардың түрлеріне және аурудың дамуына қарай:
• Бактериялы;
• Вирусты;
• Мерезді деп ажыратылады
• Аурудың даму сипатына қарай:
• Жедел
• Созылмалы
• Зақымдалу себептері бойынша: біріншілік, екіншілік;
Біріншілік менингит деп диагноз қойылады, егерде алғашқы инфекция ошағы табылмаса.
Екіншілік менингитте инфекция ошағы болады. Іріңді менингит кезінде -бактериалды зақымдалу байқалады. Менингит өз алдына жеке ауру болуы, сондай-ақ кейбір жарақаттардың, іріңді аурулардың, құрт ауруы, тұмау, іш сүзегі, көптеген жұқпалы аурулардың асқынуынан да болуы мүмкін. Жедел менингит іріңді және іріңсіз түріне ортақ кездесетін ауру белгісін менингиальдық синдром деп атайды.
Этиологиясы:
Ми қабығының қабынуы көбіне суық тиюден, бактериялардан, шешек(оспа, ветрянка), шықшыт безінің шошынуы (свинка), көкжөтел (коклюш) немесе құлақтың қабынуы, тіс түбінің іріңдеуі сияқты бірнеше аурулардың асқынуынан, жұқпалы аурулардан, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан, тазалық сақтамаудан, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен пайда болады. Мәселен, басқа, ми қабығына суық тигізіп алудың арты ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуына әкеп соқтырады. Құрт ауруымен ауырған аналардан туған сәбилер де кей жағдайда түберкулез менингитіне шалдығуы мүмкін. Түберкулез менингиті өте жай дамиды, тіпті бірнеше күн мен аптаға созылады. Ал басқа түрлері тез өршиді, тіпті сағат, минут санап өседі. Менингит қоздырғышының пiшiнi бұршақ тәрiздес, қосарланып орналасады. Бактерия жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге айналады. Сөйтіп мұрынға, яғни кеңсірікке түскен менингококк бактериясы жұлынға, одан әрі қан айналымы жүйесіне еніп кетеді, нәтижесінде дерт қоздырғышы күшейедi. Ми қабығының қабынуының жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып есептеледі.
Ми қабығы қабынуының іріңді түрі ағзаға әр түрлі ауру қоздырғыш - микробтар еніп, ми қабығының зардаптануынан болады. Оның диагнозы биопсия арқылы жұлыннан алынған сұйықты арнайы зертханада зерттеу жүргізудың нәтижесі арқылы белгілі болады. Бас сүйек ішіндегі мидың қысымы артқан сайын науқастың жүрек соғысы баяулап, тыныс алуы жиілеп, сырқат адамның халі нашарлай береді. Мұндай жағдайда ауруды уақыт созбай дәрігерге қаратып дер кезінде емдету керек. Әйтпесе, аурудың арты менингоэнцефалитке ұласуы мүмкін. Менингоэнцефалит дегеніміз - ми қабығымен бирге мидың өзінің қабынуы. Бойын дерт дендеген адам есінен айырылады, дене қызуы көтеріледі. Жөн - жоқсыз қимыл қозғалысы көбейіп, бас ауруы күшейеді, зәр жүрмей қалу қаупі артады. Бұрынырақта бұл дертке шалдыққан науқастар қажетті деңгейде немесе дер кезінде тиісті ем ала алмағандықтан, арты қайғылы оқиғаға жиі ұшырап жататын. Ал қазіргі заманауи медицияның жетістігінің арқасында бұл аурудан құлан таза айығып кетуге толық мүмкіндік бар. Жалпы, ми қабығының қабынуы ауруына иммундық жүйесі әлсіз адамдар жиі шалдығады.
Патогенезі:
Менингит жұқтырудың бірнеше жолдарымен пайда болуы мүмкін. Байланыс жолы-менингиттің пайда болуы бұрыннан бар іріңді инфекция жағдайында болады. Синусогенді менингиттің дамуына мұрын маңындағы қуыстардың іріңді инфекциясы (гайморит), отогенді - емізік тәрізді өсіндінің немесе ортаңғы құлақтың (отит), одонтогенді - тіс патологиясы ықпал етеді. Инфекциялық агенттерді ми қабықтарына лимфогенді, гематогенді, чрезплацентарлы, периневральды жолдармен, сондай-ақ ашық бас сүйек-ми жарақаты немесе омыртқалы-жұлын жарақаттары, бас сүйегінің жарылуы немесе сынуы кезінде ликворея жағдайында әкелу мүмкін.
Инфекция қоздырғыштары ағзаға кіретін қақпалар (бронхтар, АІЖ, мұрын жұтқыншақ) арқылы түсіп, ми қабықтары мен ми тіндерінің қабынуын (серозды немесе іріңді типті) тудырады. Олардың кейінгі ісінуі ми тамырларында және оның қабықтарында микроциркуляцияның бұзылуына, цереброспинальды сұйықтықтың резорбциясының және оның гиперсекрециясының бәсеңдеуіне әкеп соғады. Бұл ретте бас сүйек қысымының жоғарылауы, мидың шамы дамиды. Қабыну процесінің ми затына, бас сүйек және жұлын жүйкелерінің түбірлеріне одан әрі таралуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі:
Ауру жұқтырғаннан кейін 2-10 күн аралығында инкубациялық кезең басталады. Менингиттің тұрақты және негізгі белгісі -бас ауырады, лоқсып құсады, аузы құрғайды, дене қызуы көтеріледі, өңі бозарып, даусы қарлығады, ауру денесінде қызғылт түсті бөртпе пайда болады. Егер бөртпе бір күн ішінде қайта жойылса микробтар қанға түсті деген сөз. Қан айналымы арқылы ортақ ми жүйесіне жетіп, мидың қабынуы басталғанда менингиттің белгілері айқын көрінеді. Іріңді менингитте дене қызуы 40 градустан жоғары болады. Желке тұсындағы бұлшық еттері құрысып, науқас басын шалқайта береді. Мойынның қозғалуы қиындайды, шатасып сөйлей бастайды, есінен танады. Ішкен тамағын құсады, тамыр соғысы жиілейді, төсекте тізесін бүгіп бүрісіп жатады.
Асқынулары:
Ми ісіну және ісіну синдромы.
Фазалар: жоғары ВЧД синдромы (1 фаза), дислокация (2 фаза), мидың қосылуы (3 фаза) .
Қосу түрлері:
- Ми діңінің қысылуы. Есінің жоғалуы тез дамиды, көз қозғаушы нервінің қызметі бұзылады (птоз, анизокория, қылилық көз), гемиплегия (бір жағынан қол және аяқтағы парез) .
- Транстенториальды вклинение: сана терең сопорға дейін төмендейді (науқасты тек қарқынды ауырсыну ынталандыруымен ғана оятуға болады), көз алмасының өзгерісі, тыныс алудың бұзылуы байқалады.
- Орта МИ деңгейіндегі Дислокация: децеребрациялық ригидтік симптомдары, қарашықтың жарыққа реакциясының болмауы, окулоцефаликалық рефлекстердің болмауы (бастың көздің жағына енжар бұрылғанда орта оське бұрылмайды, ал барлық уақытта "тікелей қарайды"), қарашықтар тар, тыныс алу ырғағы бұзылады, оның тоқтауы мүмкін.
- Терминалдық дислокация: үлкен тесікте мидың Бадам миының қысылуы. Бұлшықет тонусының, рефлекстердің жаппай болмауы, тыныс алудың тоқтауы, қарашықтың күрт кеңеюі, олардың жарыққа реакциясының болмауы тән.
Алдын алу жолдары:
- Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Жаңа туған сәбиде болатын туберкулездік менингиттің алдын алу үшін сәбиге туған кезінде арнаулы вакцина егілуге тиіс;
- Бір жыл немесе одан да кішкентай балалар үшін ішуге бөтелкедегі немесе қайнатылған су берген жөн. Өйткені суда көптеген бактериялар мен вирустар болуы мүмкін;
- Тұрып қалған су объектілерінде балаларды шомылдырмау қажет: көлдер, су қоймалары және басқа да орындар. Мұндай орындарда міндетті түрде бактериялар болады;
- Жеміс-жидек пен көкөністерді пайдаланудан бұрын тазалап жуу қажет. Ет және балықты мұқият пісіріңіз;
- Жеке бас гигиенасын сақтаңыз. Көшеден келгенде, дәретханадан соң, мұқият түрде қолыңызды сабындап жуу керек;
- Өзіңіздің және балаңыздың иммунитетін күшейтіңіз. Дәрумендер қабылдап, таза ауада серуендеңіз;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz