ФОҚ биохимиялық қасиеттері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
" ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ" КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ФОҚ уланған кезде патоморфологиялық өзгерістер.
Орындаған: Тасыбаева Асем
Тексерген: Байниязов А. А
Астана 2019 ж.
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯКАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Каф. меңгерушісі: в. ғ. к., Е. А. Ешмухаметов
«»2019 ж.
курстық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМАСЫ
Пән: Жануарлар патологиясы.
Студент: Тасыбаева Асем Жүнісбекқызы
Тобы: Ветеринариялық медицина - 404Б
Жұмыстың тақырыбы: Фосфор органикалық қосылыстардан уланған кездегі патоморфологиялық өзгерістер
Керекті деректер: Ауыл шаруашылық құрылымының індеттік жағдайы жөніндегі кесім.
ӘДЕБИЕТТЕР:
- Қожабеков З. К., Өтенов Ә. М. Малдың патологиялық физиологиясы. / Алматы. Ана тілі, 1992ж.
- Ө. Ығылманұлы. Малдың жалпы патологиялық анатомиясы. Алматы, 1997ж.
- Ветеринариялық заңдылықтар. 1, 2, 3- том. Астана, 2004. (225 б)
Тапсырма берілген күні_14. 09. 2019ж. _Жұмысты қорғау күні
Курстық жұмыстың жетекшісі
Тапсырманы орындауға қабылдады
/күні, студенттің аты-жөні, қолы/
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
" ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ" КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмысқа
ПІКІР
Пән___ Жануарлар патологиясы
Студент__ Тасыбаева Асем Тобы_404 Б
Жұмыстың тақырыбы ФОҚ уланған кезде патоморфологиялық өзгерістер
Жұмыстың берілген тапсырмаға сәйкестігі
Кемшіліктері
Курстық жұмысты тексеру күні
Болжамды бағасы
Қорғау күні
Қорғағаннан кейінгі бағасы
Күні Жетекшінің қолы
Жоспар
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Жануарлар патологиясы- жануарлар мен адамның ағза - мүшелерінде түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп, анықтайтын ғылым. Жануарлар патологиясы- дертке шалдыққан организмдегі тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын ғылым. Алғашқыда аурудан өлген мал өлігіндегі өзгерістер оны сою барысында анықталса, кейіннен микроскоп арқылы зерттеле бастады. Сөйтіп бұл ғылым патологиялық гитологиямен толықтырылды. Қазіргі кезде пато-морфологиялық зерттеу жұмыстары әрқилы тәсілдермен жүргізіледі - гисто-химиялық, гисто-бактериялық, электронды және люминисцентті микроскопия, т. б. Осыған орай патологиялық анатомиялық өзгерістерді ультра құрылымдық және молекулярлық деңгейлерде зерттеуге мүмкіндік бар. Қазіргі кезде ғылыми деректер бойынша патологиялық процестерін даму барысындағы тіршілік әрекеттерінің бұзылуы морфологиялық өзгерістердің бір- бірімен өте тығыз байланыстылығы нақтылы дәлелденген.
Ветеринариялық ғылым мен практиканың өзекті проблемаларын ғылыми
тұрғыдан шешу патоморфологиялық зерттеусіз мүмкін емес, өйткені бұл ғылым аурудың материалдық түбірін анықтайды- ағза мүшелеріндегі дертке тән пато- морфологиялық өзгерістерін, аурудың даму барысында (патогенез бен морфогенезі ) .
Жануарлар патологиясының негізгі зерттеу тәсілі - мал өліксесін сойып зерттеу- аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты- тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Ауылшаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындағы улар. Мұндай улы заттар азықтарды тамақтандыруға дұрыстап дайындамағанда, дайындалған азықты дұрыс сақтап, дер кезінде бермегенде пайда болуы ықтимал. Кей кезде улы заттар мал азығына дайын түрінде араласып кетуі де мүмкін.
Фосфорорганикалық қосылыстар (ФОҚ) ауылшаруашылығында өсімдіктердің жануарлармен қансорғыш қосқанаттылармен (шыбын, шіркейлермен) тоғышар жәндіктермен күресуге пестицидтер ретінде жиі қолданылады. ФОҚ қолданып өңделген өсімдіктерде оның улылығы 3-5 күнге дейін сақталады. Жалпы ФОҚ препараттары екі топқа бөлінеді: организмге бірден түйісу арқылы және организмнің белгілі бір жүйесіне әсер ету арқылы улану топтары.
Бірінші топқа карбофос, хлорофос, метафос, метилнитрофостар, ал екінші топқа октаметия, метилмеркаптофос, фосфамид, бутифостар жатады. Екінші топтағы қосылыстар өсімдіктердің барлық бөліктерінде болады да 1-2 айға дейін улылығын сақтайды. Улы заттар малдардың ас қорыту, дем алу жолдары арқылы және терісі арқылы организмге түсіп уландырады.
1688 жылы неміс химигі Б. Альбинус өсімдіктерде фосфор болатынын анықтады.
1743 жылы А. С Марграф фосфорды бидай, қынадан алып, фосфорды алу тәсілін анықтады.
Курстық жұмыстың мақсаты- фосфорорганикалық қосылыстардан уланудың патоморфологиялық өзгерістерін зерттеу және диагностикасын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
- фосфорорганикалық қосылыстардан улануларға түсінік беру;
- фосфорорганикалық қосылыстардан улану кезіндегі клиникалық белгілерді қарау;
- фосфорорганикалық қосылыстардан улануға диагностика жүргізу;
- фосфорорганикалық қосылыстардан уланудағы патоморфологиялық өзгерістерді қарау;
- фосфорорганикалық қосылыстардан улануды емдеу және алдын алу.
Әдеби шолу.
Жануарлар ауруларының бір тобын азық құрамында болатын улы заттар қоздырады. Улы заттар әр текті: минералдар текті, өсімдік текті, жануарлар текті және синтезделген болады. «У» және «улы заттар» - шартты мағыналы ұғымдар. Көптеген затардың организмге тигізер улы- ауру шақырар әсері белгілі бір мөлшерден асқанда ғана байқалады.
Жануарлар әдетте топырақты тыңайтуға, шыбын- шіркей мен кенелерді, өсімдіктер ауруларын аластауға қолданылатын минералдық заттармен уланады. Мал азығына олар дұрыс сақталмағанда не қолдану ережелері бұзылғанда қосылады. Химиялық зауыттардың маңында жайылатын мал кейде шөпке, топыраққа ауадан келіп шөккен минералдық заттармен уланады.
Өсімдік текті улы заттар әуел бастан белгілі бір өсімдіктер құрамында алкалоидтар, глюкозидтер, эфир майы, т. б. түрлерінде болады, немесе олар азықта жем-шөпті дайынаудағы, сақтаудағы қателіктерге байланысты пайда болады. Қазақстанда өсетін 5630 жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлерінің 234 улы өсімдіктер. Басылып, нығыздалған жүгеріде, жоңышқада, т. б. цианистік қосындылар пайда болып, одан жануарлардың уланғаны бар. Күн көзінде сақталған картофельде малға уытты зат салониннің пайда болатыны белгілі. Кейбір саңырауқұлақтармен ластанған азықтарда улы заттар пайда болады да, олармен қоректенген мал митоксикозға шалдығады.
Жануар текті уларға жыланның, араның улары т. б сондай-ақ, жануарлар нәруызы ыдырағанда пайда болатын птомаиндар жатады.
Улы заттардың біреулері негізінен жергілікті, ал екіншілері негізінен резорбтивтік (қанға сорылып) әсер етеді. Алайда жергілікті әсер ететіндер де ( қышқылдар және сілтілер) қанға сорылып барып белгілі бір деңгейде организмді жалпы әсерлейді. Сондай- ақ улы заттың тікелей әсер еткен жерінде пайда болатын өлі ошақтардан өрмелердің ыдырау өнімдеріде қанға сорылып организмді улайды. Қанға сорылып барып әсер ететін улы заттар да көбінесе белгілі бір өрмелерге әсер етіп, оларды зақымдайды, мысалы күшала- жүйке жүйесін, кумарин- бұлшық етті.
Уланудың клиникалық анатомиялық сипаты улы заттардың жергілікті және резорбтивтік әсерлерінен болады ( енген жерінде, сорылғанда, ыдырағанда, организмді қанға ілесе шарлағанда және организмді шарлағанда) . Улы заттар мутагендік, гонадоторптық, эмбриотоптық және бластогендік әсер етеді, иммундық жүйені тұншықтырады.
Улы заттардың торшаларға, олардың органойдтарына, жарғақтарына және ферменттік жүйесіне әсер ететіндігі белгілі.
Улану жіті, жітілеу және созылмалы өтеді. Уланудың патологиялық анатомиясы көптеген факторларға тәуелді: улы заттың түрі мен концентрациясына, мөлшеріне, олардың организмге әсерінің ұзақтығына және қайталана әсеріне, жануарлардың түріне, жасы мен тұлғалық ерекшіліктеріне, ас қорыту мүшелеріне улы зат енгенге дейінгі азықпен толу деңгейіне, т. б.
Улануға диагноз қоюдың қиыншылықтары бар. Ол үшін анамнездік деректер, аурудың клиникалық белгілері, патанатомияық өзгерістер және химико- токсикологиялық зерттеулер нәтижелері ескеріледы. [1]
Фосфорорганикалық қосылыстармен улану (ФОҚ) - мақта, дәнді дақылдарды, жемісті ағаштарды, декорациялық дақылдарды, шөптердің т. б. зиянкестерімен күресуде пестицидтер ретінде қолданылады. Олардың кейбіреуі (хлорофос, байтекс) шыбындарды, масаларды, паразиттерді жою үшін қолданылады. Олардың барлығы тиімді инсектофунгицидтер болып табылады. Қазіргі кезде жиі орта улылыққа ие байтекс (тигубон, лейбацид, фентион), бутифос (фолекс), карбофос (малмтион, малатон), метафос (метипаратион, метацид ), хлорофос (дифлокс, дилокс) және т. б. қолданылады.
Академик A. E. Ферсман фосфорды «тіршілік және ой элементі» деп атады.
Біздің елімізде фосфор кендерінің бай қоры бар. 1924 ж. академик А. Е. Ферсман Кола түбегінде апатиттың өте көп қорын ашты. Фосфориттың аса көп мөлшері Қаратауда ашылды. [2]
1688 жылы неміс химигі Б. Альбинус өсімдіктерде фосфор болатынын анықтады.
1743 жылы А. С Марграф фосфорды бидай, қынадан алып, фосфорды алу тәсілін анықтады. [3]
М. А. Клисенконың пайымдауы бойынша анализ мәліметі фосфор органикалық қосылыс дұрыс қалыптаспайды және пестециттерді негізінен хормотография энзиндерімен бірге қолданады. [4]
А. Г. Генецинскийдің пайымдауы бойынша фосфор органикалық қосылыстарының әсер ету механизіміне ең алғаш рет зерттеулер 1938 жылы Германияда жүргізілді. Сонымен қатар аналтикалық зерттеулерді Англияда Эдрин, Ремдберг, Килби және т. б, ал совет үкіметінде А. Г. Генецинский жүргізді. [5]
А. Е. Арбузовтың айтуы бойынша үш валентті фосфор қышұылы эфирімен бес валентті фосфор қосылыстарын алудың жаңа жолын ұсынды. 1906 жылы фосфор қышқылдарының эфирлерінің синтезін алу жолдарын ұсынды. Фосфор органикалық қосылыстардың әр түрлі структурасын ауыл шаруашылығында инсектоцид, акарацид, фунгицид ретінде қолданды. Ең алғаш рет фосфор органикалық қосылыстар синтезі 1820 жылы фосфор қышқылдарының спирттер этирефикациясы реакциясы арқылы жүзеге асырды. 1847 жылы француз оқымыстысы Тенардтың эксперементтері негізінде көптеген фосфиндер синтезделеді. Фосфор органикалық қосылыстардың зерттеу жұмыстарының дамуы Мехаэлис пен Арбузовтың жұмыстары нәтижесінде интенсивті даму пайда болды. 1903- 1915 жылдары Мехаилис аминделген фосфор қосылыстарының, тиофосфор қышқылдарының синтезі туралы фундаментальды жұмыстарын жарыққа шығарды. Мехайлис және Беккердің алынған реакциялары галоидалкилдер мен диалкилфосфидтерден, алкилфосфоид эфир алуға мүмкіндік берді. [6]
Негізгі бөлім.
ФОҚ биохимиялық қасиеттері.
Фосфорорганикалық қосылыстармен улану (ФОҚ)
- мақта, дәнді дақылдарды, жемісті ағаштарды, декорациялық дақылдарды, шөптердің т. б. зиянкестерімен күресуде пестицидтер ретінде қолданылады. Олардың кейбіреуі (хлорофос, байтекс) шыбындарды, масаларды, паразиттерді жою үшін қолданылады. Олардың барлығы тиімді инсектофунгицидтер болып табылады. Қазіргі кезде жиі орта улылыққа ие байтекс (тигубон, лейбацид, фентион), бутифос (фолекс), карбофос (малмтион, малатон), метафос (метипаратион, метацид ), хлорофос (дифлокс, дилокс) және т. б. қолданылады.
Ағзаға улар негізінен тыныс алу, асқорыту жолдары мен тері жабындылары арқылы енеді. Фосфорорганикалық пестицидтер тұрақтылығы салыстырмалы түрде төмен болуымен ерекшеленеді. Олардың басым бөлігі топырақта, суда бір ай көлемінде ыдырайды. Олар хлорорганикалық қосылыстарға қарағанда, тағамдық өнімдерді аз ластайды. Тағамдық өнімдер құрамындағы ФОҚ термиялық өңдеу кезінде тез жойылады.
ФОҚ өзіндік ерекшелігі - олардың жергілікті өзгерістерді тудырмай-ақ, бұзылмаған тері арқылы ағзаға ену қабілетке тән. Бұл ерекшелігі жұмысшылар үшін өте қауіпті болып келеді, себебі ол жіті улануға алып келуі мүмкін. Жоғары температура жағдайында ФОҚ-мен жұмыс істеу белгілі өндірістік қауіп тудырады, себебі бұл жағдайда, олардың ауадағы уының құрамы жоғарылайды, сонымен қатар ылғалды тері беткейі арқылы сіңірілуі күшейеді және тыныс алу мүшелері арқылы тез түседі.
Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері.
Фосфор бірнеше аллотропиялық түр өзгерістер түзеді, оларға ақ, қызыл және қара фосфор жатады. Ақ фосфор қызыл фосфорды тез суытудың нәтижесінде тұзіледі, ол өте улы болады, ауада өздігінен жанады. Ақ фосфорды суда ерімейтін болғандықтан су астында сақтайды, оның молекуласы төрт атомнан тұрады.
Ақ фосфор -өте белсенді, улы зат ауамен жанасса жарық шығарады. Суда ерімейді:сондықтан оны су астында сақтайды. Оны ауа қатыстырмай 250-300 0 С қыздырса қызыл фосфорға айналады.
Қызыл фосфор -қоңыр қызыл түсті, улы емес, суда нашар еридіұшпайды, 250 0 С-де от алады.
Қара фосфор - 200 0 С өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі, түсі графитке ұқсас қолға майдай сезіледі, улы емес 500 0 С-де от алады.
Табиғатта таралуы және алынуы . Химиялық активтігі азотқа қарағанда жоғары болғандықтан фосфор табиғатта бос күйде кездеспейді. Ол жер қыртысында 200-ге жуық минералдар тұзеді, солардың ішінде практикалық маңыздыларына кальций фосфаттары- фосфорит Ca 3 (PО) 2 , апатит Саз(РО 4 ) 2 Са(ҒС1) 2 жатады. Фосфор барлық тірі организмдердің - өсімдіктің, жануардың, адамның белогынын, құрамына кіреді., Мысалы, ересек адамның қанқасында 600 г, еттерінде 56 г, миында 5 г фосфор болады. Академик A. E. Ферсман фосфорды «тіршілік және ой элементі» деп атады.
Біздің елімізде фосфор кендерінің бай қоры бар. 1924 ж. академик А. Е. Ферсман Кола түбегінде апатиттың өте көп қорын ашты. Фосфориттың аса көп мөлшері Қаратауда ашылды.
Фосфордың қолданылуы . Фосфордың көп мөлшері әр түрлі зиянды насекомдарға қарсы қолданылатын хлорофос, тиофос сияқты пестицидтер дайындауға жұмсалады. Қызыл фосфор негізінен сіріңкенің бүйір жағында болатын коңырқай қоспаньщ құрамына кіреді. Жанғыш снарядтар мен бомбаларды, түтш шымылдығын тұзетін гранатаны ақ фосформен толтырады. Фосфордың жартысына жуығы қазіргі кезде синтетикалық жуғыш заттар жасауға қолданылады.
Фосфордың қасиеттері.
Физикалық қасиеті . Фосфордың екі аллотропиялық түрі бар: ақ және қара фосфор, алайда олардың арасында-күлгін, қызыл түрлері бар.
Фосфордың атомдары Р 2 , Р 4 , не Р 2∞ полимерлі молекула болып бірігеді.
Р 2 молекулалары N 2 сияқты құрылған, бірақ 1000 0 С жоғары температурада ғана тұрақты, 2000 0 С артық температурада атомға ажырайды. 1000 0 С төмен жағдайда Р 4 молекулалары тұрақты, олар тетраэдр тәрізді болады.
Ақ фосфор (d-модификация) фосфор буын тез салқындатқанда түзіледі, қатты кристалдық зат, меншікті салмағы 1, 82 0 , t б 0 С=44, 1, t қ 0 С=275 сұйық, не бу күйінде 1000 0 -қа дейін молекуласы Р 4 одан жоғары температурада Р 2 айналады.
Ақ фосфор таза күйінде түссіз болады, бірақ сатудағы ақ фосфор сарғылт тартқан балауыз тәрізді болып келеді. Төмен температурада морт сынғыш, 15 0 -тан жоғары жұмсап, пышақпен оңай кесіледі. Ауада оңай тотығады, әрі қараңғыда жарық шығарады, сәл қыздырса, мысалы үйкесе болғаны, жанып кетеді, жанғанда көп жылу бөліп шығарады. Фосфор ауада тотыға келіп, шыққан жылудың әсерінен өзінен-өзі жануы да мүмкін. Ақ фосфорды тотығудан сақтау үшін су астында сақтайды: суда ол ерімейді, көміртек дисульфидінде, бензолда ериді.
Ақ фосфор - өте күшті у, өзіне тән исі болады. Азотпен салыстырғанда фосфор элементінің бейметалдық қасиеттерінің кему, оның жай заттарының қасиеттеріне әсер етеді.
Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеттері олардың құрылысымен түсіндіріледі. Ақфосфор құрылысы толық зертелген (8. 9- сурет) . Оның малекулалық кристалдық торы бар. Ақ фосфордың малекуласы төрт атомды және дұрыс үш қырлы перамида тәріздес. Фосфордың әрбір атомы перамиданың төбесінде орналасқан. Малекулалық торлы басқа заттарға ұқсас, ақ фосфор жеңіл балқиды және ұшқыш.
Ақ фосфорды 280-340 0 -қа дейін ауаның қатысынсыз қыздырса, аллотропиялық екінші түрі-қызыл фосфорға айналады. Ақ фосфорды ұзақ сақтаса, жарықтың әсерінен біртіндеп, өте баяу қызыл фосфорға айналады, сатудағы ақ фосфордың сарғылт болуы осыдан.
Қызыл фосфор, ақ фосфордан өзгеше оны балқытуға болмайды, қыздырса, бірден буға айналады (416 0 ), буын жинап салқындатса, ақ фосфорға айналады; ауада өте баяу тотығады, қараңғыда жарық шығармайды. 260 0 -қа дейін қыздырғанда ғана жанады, күкіртті көміртегінде де, бензолда да ерімейді, улы емес. Меншікті салмағы 2, 20. Қызыл фосфордың молекуласы ақ фосфорды күрделі полимерлі деп есептеледі.
Қара фосфорды алу үшін ақ фосфорды 200 0 -та және 1, 2. 10 10 Па қыздырады. Соңғы кезде қысымсыз сынап катализаторының жәрдемімен алатын болды. Қара фосфорда атомдар коваленттік байланыс арқылы алты бұрыш жасайды.
Химиялық қасиеттері . Химиялық қасиеті жағынан фосфор өте реакцияласқыш элемент, көпшілік заттармен тікелей қосылысады, әрі көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Оттек, галогендер, күкірт және бірсыпыра металдармен өте оңай қосылысады.
Осы арада айта кететін бір мәселе жай заттардың активтігі олардың құрылымына өте тәуелді. Ақ фосфор қызыл фосфордың химиялық қасиеттері бойынша қатты ерекшеленеді. Мәселен, ақ фосфор ауада жеңіл тотығады және өздігінен тұтынады, сондықтан оны су астында сақтайды. Қызыл фосфор 240 С -тан жоғары қыздырғанда тұтынады. Ақ фосфор тотыққанда қараңғыда жарық шығарады, яғни химиялық энергияны тікелей жарық энергиясына айналуы жүреді.
ФОҚ сыртқы ортаға шығу жолдары және жануарлардың улануы.
Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Қазақстанда Жамбыл облысындағы Қаратау маңында фосфорит кені 1935 жылдан бері белгілі . Қазір Қаратау бассейні негізінде «Жаңа тас байыту комбинаты» жұмыс істейді. Бассейнде 26 кен орны бар. Бассеиннің басты бес кен орындарында(Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көкжал, Көксу) бүкіл қордың 30% P 2 O 5 бар. Қаратау фосфорит қабатының қалыңдығы 10-12м, ал кейбір орындарда 30м-ге жетеді.
Азот сияқты фосфор да өсімдік пен жануар нәруыздың негізгі құрам бөлігі. Фосфор өсімдік дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүйке ұлпаларында, кездеседі. Мысалы, ересек адамдардың сүйегінде 600г, ет ұлпасында 56г, жүйке ұлпасында 5г дейін фосфор болады. Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдік арқылы қабылдайды. Фосфор қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады.
Фосфор қышқылының тұздары- фосфаттардың өсімдіктерге сіңімді күйге айналуына бірқатар жағдайлар әсер етеді. Бұлардың ішінде микроорганизмдер ерекше роль атқарады. Тіршілігі барысында қышқыл өнімдер түзетін нитрификациялаушы және күкірт бактериялары бұл процеске тікелей қатыспағанымен жанама жолмен болса да көмектеседі.
Топырақта фосфордың қиын еритін тұздары және органикалық фосфордың өсімдіктерге сіңімді күйге айналдыратын ерекше фосфор бактериялары бар.
Фосфор- ауылшаруашылық өсімдіктеріне қажетті қоректік заттардың бірі. Топырақта фосфорлы қоректік зат тапшы болса, өсімдіктердің өнімі шұғыл төмендейді.
ФОҚ жануарлардың улануы көбінесе жануарларға өсімдік жемдерін азықтандыру нәтижесінде, көп ұзамай оларды жанаспалы әсер ететін препараттармен өңдегеннен кейін (6 күн ішінде) ; жануарларды жинағанға дейін соңғы 6 апта ішінде жүйелі әсер ететін препараттармен өңделген дәнді немесе басқа азықпен азықтандыру кезінде; фосфорорганикалық қоспалармен ластанған су қоймаларынан жануарларды суару үшін пайдалану кезінде; малдарды ФОҚ препараттарымен өңдеу кезінде ветеринариялық мамандар ережелерді бұзған кезде уланады.
Жануарлар ағзасындағы ФОҚ көбінесе бас және жұлын миында, өкпеде, Жүректе, бауырда, бүйректе, көкбауырда, қаңқа бұлшықеттерінде жинақталып, өзінің метаболиттеріне айналады. Тотығу процестерінің әсерінен проис-жаңа заттардың "өлім" синтезі жүреді (тиофос фосфаколға, карбофос имиджоксон, диазинон диазоксон, фосфамидке антио айналады) . Бұл ретте метаболиттер уыттылық дәрежесі бойынша негізгі затқа қарағанда анағұрлым уытты. Бұл заттар 7-30 күн ішінде несеп және нәжіспен бөлінеді.
ФОҚ патогенезі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz