Туудан кейінгі саты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
" ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ" КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Төлдің туылу кезіндегі келу позициялары
Орындаған: Утемуратов А. А.
Тексерген: Бисенгалиев Р. М.
Нұр - Сұлтан 2019 жыл
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Каф. меңгерушісі: в. ғ. к., Е. А. Ешмухаметов
«»2019 ж.
курстық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМАСЫ
Пән: Ветеринарлық акушерлік және гинекология
Студент: Утемуратов Ануар Асылбекович
Тобы: Ветеринариялық медицина - 403 топ
Жұмыстың тақырыбы: Төлдің туылу кезіндегі келу позициялары
Керекті деректер: Төлдің туу кезіндегі процесстер туралы деректер.
ӘДЕБИЕТТЕР:
- Т. Ж. ӘБДІРАХМАНОВ«Ветеринарлық акушерлігі, гинекология және көбею биотехнологиясы» - Астана 2007 жыл.
- Т. Ж. Әбдірахманов. Аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктері (әдістемелік нұсқаулар) . Ақмола, 1994ж. 10б.
- Калтаев Ш. К., Жоланов М. Н., Жукин Б. Д. Мал акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы. Алматы, 1986ж.
Тапсырма берілген күніЖұмысты қорғау күні
Курстық жұмыстың жетекшісі
Тапсырманы орындауға қабылдады
/күні, студенттің аты-жөні, қолы/
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
" ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ" КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмысқа
ПІКІР
Пән
СтудентТобы
Жұмыстың тақырыбы
Жұмыстың берілген тапсырмаға сәйкестігі
Кемшіліктері
Курстық жұмысты тексеру күні
Болжамды бағасы
Қорғау күні
Қорғағаннан кейінгі бағасы
Күні Жетекшінің қолы
- КІРІСПЕ.
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2. 2 Туу патологиясы:
А) Туу кезіндегі ауру пайда болу себептері;
Б) Кездесетін аурулары;
- ҚОРЫТЫНДЫ.
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Т. Ж. Әбдірахманов. «Ветеринарлық акушерлігі, гинекология және көбею биотехнологиясы». Астана, 2011ж.
- Джакупов И. Т. Ветеринарное акушерство и гинекология. Астана 2011ж.
- Студенцов А. П., Шипилов В. С., Никитин В. Я. и др. Ветеринарное акушерство, гинекология и биотехника размножения. М. :Колос, 2000г. - 493 с.
- Т. Ж. Әбдірахманов. Аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктері (әдістемелік нұсқаулар) . Ақмола, 1994ж. 10б.
- Калтаев Ш. К., Жоланов М. Н., Жукин Б. Д. Мал акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы. Алматы, 1986ж.
- WIKIPEDIA. ORG САЙТЫ
- STUD. KZ САЙТЫ
Т. Ж. ӘБДІРАХМАНОВ
«Ветеринарлық акушерлігі, гинекология және көбею биотехнологиясы»
(Оқулық)
Пікір берушілер
Астана 2007
Разработчик: Булашев А. А
5 Тарау. Туу және туғаннан кейінгі кезең, төл мен туу жолдарының анатомо-топографиялық қарым қатынастары
Төлдеу актісі - жетілген тірі ұрықты анасы организмінен шығарудан және ұрық қабығы мен суын қуудан тұратын физиологиялық процесс. Төлдеу ұрық және анасы организмінің қатынасуымен, жатыр мускулатурасы және бұлшық еттің белсенді жиырылуы әсерінен өтетінін процесс.
Ұрық пісіп жетілуі кезінде төлдеу процесінің болуы туралы пікірдің бірнеше теориялары бар (уыттылық, тітіркенушілік, бұлшық еттер жетіліп кетуі т. б. ) .
Уыттылық теориясы - төлдеудің басталуын ұрық организмінде қоректің және (ауаның) оттегінің жетіспеуінен пайда болған «анафилактық удың» жатырды тітіркенуінен болады деген көзқарас.
Кейбір зерттеушілер, төлдеудің себебін жиналған көмірқышқылының әсеріне жатыр бұлшық етінің жиырылуынан деп қарайды.
Бір ғалымдар төлдеу актісінің басталу себебін жыныс аппаратының қалыптан тыс қызаруынан болады, бұл қалыптан тыс қызару процессі анасы организмінің денесінде жыныс циклы ұзақтығына сәйкес мезгілде келеді деп есептейді. Буаздықтың аяғында қызару мен тітіркенуі жоғарғы деңгейге жетіп жатырдың жиырылуын тудырады.
Бұлшық еттің жетілу теориясы төлдеудің басталуын жатыр бұлшық етінің ұлғаюының жоғарғы деңгейге жетуінен деп түсіндіреді.
Гормональдық теория - төлдеудің басталуын жатырға эстрогендердің, питуитриннің, окситоциннің және басқа гормондардың әсерінен болады деп атайды.
А. П. Николаев төлдеудің басталу процессінің негізгі себебін түсіндіру үшін нейрогуморальдық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша төлдеу актісі ацетилхолиннің әрекетінен жатыр жүйке элементтерінің тітіркенуінен болады. Буазыдылқ соңына таман ацетилхолин және өзге биологиялық белсенді тітіркендіруші заттардың (хемо-, баро-, механорецепторлар) туындалуы күшейеді, олар жатыр жиырылуын тудырады. Туу механизмі төлдің туындалуы, оның жетілуі барысында плацента арқылы анасының организміне көп мөлшерде кортикооидтар бөледі. Соңғылары плацентаның аналық бөлігінің ерекше жасушаларын сары денелердің гормоналдық қызметін доғаратын простогландиндер бөлуге итермелейді. Яғни, толғаққа қажетті жағдайлар туындалады.
А. П. Студенцовтың пікірінше жетілген төл мен аналығы арасындағы күрделі де өзара байланысты қайшылықтар әсерінен рецепторлық аппарат арқылы миға хабар жетіп отырады. Жануарлар төлдеуі көбіне түнде өтетіні белгілі, осы кезде ми қатпарынан жатырдың рецепторларына арнайы байланыстық белгілер жіберіледі.
Бірақ, бірде-бір жоғарыда аталып кеткен теориялар басты орын алмайды, өйткені төлдеу актісінің пайда болу себептері қәзіргі уақытқа дейін әлі толық дәлелденген жоқ. Тек бір түсініктісі, төлдеу ұрық және анасы аралығындағы қарым-қатынас кезінде пайда болатын күрделі процесс. Олар түрлі қайшылық күштер себебінен туады.
Төлдеу - барлық кешенді себептер нәтижесі болып есептелінеді. Оларды шартты түрде үш топқа бөледі.
Бірінші топқа - төлдеуді әзірлейтін /дайындайтын/ себептер жатады, екіншіге оларды тудыратын /шақыратын/ және үшіншіге - төлдеуді сүйемелдейтін себептер жатады.
Бірінші топтың себептеріне бас ми қабығы қозғыштығының қатты төмендеуі жатады, ал ол болса жыныс циклының және ми қыртысы астының белсенділіктерін жоғарлатуға жақсы жағдай жасайды.
Екінші топтың себептері ацетилхолин мен окситоциннің бір уақытта көбеюімен бірге жоғары белсенділікті эстрогендердің жиналуы байқалады. Осылардың қатынасуына байланысты жатыр бұлшық еттерінің жиырлуы басталады.
Үшінші топ себептері ацетилхолионның әрекеті туу үрдісінің ырғақтылығына әсерін тигізеді.
Сонымен, туу нейрогуморальдық факторлардың бірнеше күрделі кешендерінің әрекетерінен болады. Ол орталық нерв жүйесі оның жоғарғы бөлігі ми қабығының бақылауымен өтеді.
Төл мен туу жолдарының анатомо-топографиялық қарым қатынастары
Туу үрдісі төлді аналық малдың жыныс жолдарынан шығарудан тұрады. Ұрықтың анасының жамбас саңылауына дұрыс және дұрыс емес қарым қатынастарын сипаттау акушерлік практикада келесі шартты терминдерді қолданады.
Қалып /жай, күй/ - ұрық денесінің ұзын бойының білігі анасы денесінің ұзын бойы білігінің аралықтарынақатынасы. Келесі қалыптарды ажыратады.
а/ ұзындығы бойына орналасқан /бойлай - дұрыс қалыпты/ - ұрықтың бел омыртқасы анасының бел омыртқасына параллельді /жарыспалы/.
б/ көлденеңінен /дұрыс емес қалыпта/ орналасқан ұрықтың бел омыртқасы анасының құрсақ қабырғасының оң және сол аралықтарында орналасқан және анасы денесінің білігіне тік бұрышты болып келеді.
в/ вертикальді /тік/ - дұрыс емес қалыпта орналасқан - ұрықтың бел омыртқасы анасының бел омыртқасына перпендикулярлі /жоғарыдан төмен/ орналасқан.
Алдыңғы жатыс / предлежание/ - ұрықтың анатомиялық бөліктерінің /құрамдарының/ анасының жамбас кіреберісіне қатынасы. Ол екі түрде кездеседі: а/ баспен келген жатыс - бұл жағдайда ұрық сыртқы жыныс мүшесінің шығаберісіне басымен келеді, бұл көрініс тек ұрық дұрыс қалыпты жағдайында болғанда кездеседі, б/ жамбаспен келген жатыс ұрық дұрыс келген жағдайда кездеседі.
Ұрықтың жатысы дұрыс емес қалыпта болғанда бүйірімен, құрсақпен, арқамен келген жатыстар кездеседі.
5-Сурет. Төлдеуге дейінгі төлдің баспен және аяқпен келуі кезіндегі жағдайы, орналасуы және аяқтарының орнығуы.
Ұрықтың орналасуы /позициясы/ - ұрықтың арқасы анасы қарынының қабырғалары аралықтарына қатынасы. Оның түрлері: а/ жоғарғы позиция /дұрыс/ егер ұрықтың арқасы анасының бел омартқасына қараса, б/ төменгі позиция /дұрыс емес/ - ұрықтың арқасы анасының вентральдық құрсақ қабырғасына бағытталған, в/ бүйірлі /оң және сол жақты/ - позиция /дұрыс емес/ - ұрықтың арқасы анасы ішінің оң немесе сол бүйір қабырғасына бағытталған жағдайды атайды.
Дене мүшелерінің орналасуы /членорасположение/ - ұрық аяқтарының, басының және құйрығының өз денесіне қатынасы.
Малжамбастары ұрық шығаратын жол ретінде тәжірибелік малдәрігерлік акушерлікте үлкен маңызы бар деп есептелінеді. Сондықтан акушердің ең негізгі назары аналық малдың жамбас саңылауына аударылуы тиісті.
Анатомиялық ерекшіліктеріне байланысты жас малдардың жамбастары ұрық шығар кезінде үлкейеді, ал ұрықтың жамбасы керісінше көлемі жағынан кішірейеді.
Организмдердің эволюциясы аналық және аталық малдардың жамбас құрылыстарында бірнеше ерекшеліктер туғызды. Жас малдарда осы ерекшеліктері жыныстық пісіп жетілуге дейін онша байқалмайды. Тек эндокриндік жүйесінің жұмысы ғана жыныс айырмашылығының көрінуін туғызады.
Ересек аналық малдың жамбасы аталық жамбасына қарағанда кеңірек. Аталық мал жамбасының сүйектері қуаттылау және өрескелдеукеледі.
Пельвиметрия . Организм құрылыуының заңдылығы және дене жартысының симметриясы акушер-медиктарға жамбасты өлшеу жөнін де ілім құруға мүмкіндік тигізді. Ол пельвиметрия деп аталады. Пельвиметрия шығып тұрған жамбас сүйектерінің бөліктерін өлшеуге негізделген.
Малдәрігерлік тәжірибеде пельвиметрияның мәселелері мүлдем дайындалмаған, ол келесі факторлармен түсіндіріледі: ауыл шаруашылық малдары жамбастарының құрылыстарында өте үлкен вариациялар кездеседі, олар тұқымға және малды өсіру жағдайларына байланысты. Бірақ пельвиметрияның кейбір элементтерін малдәрігерлік тәжиребесінде қолдануға болады. Малдарға акушерлік көмек көрсету кезінде ішкі пельвиметрияның әдісін қолданады. Оның маңызы келесіде - тік ішек немесе қынап арқылы кіргізген қолмен жамбастың диаметрлерін вертикальдық /тік/ және ұзын бойына өлшеу. Өз қолының саусақ аралықтарын біле отыра акушер жамбас саңылауының көлемі қандай екенін анықтайды. Маманға маңызды жайт жамбаста аномалийдің қабыну негізінде, сыну салдарынан дұрыс сүйектік өспеу секілді болуын немесе болмауын анықтау.
5. 1. Туу
Төл туар алдындағы маңызды белгілерге келесі көрсеткіштер жатады:
1/ аналық малдың әдеттегі жамбасы «туу» жеріне айналуы, оның байланыс аппаратының әлсіреумен көрінеді. Жамбастың барлық сіңірлері борпылдақ болады: олардың ұзындықтары 1/3 немесе 1/4 ұзарады. Әдетте жамбас «туу» жеріне ұрықты шығарар алдындағы 12-36 сағатта айналады.
2/ жыныс еріндерінің ісінуі және үлкеюі: олардың терісі жылтыр болады, қатпарлары жазылады.
3/ ұрық туу алдында қынаптың қою жабысқақ шырышы сұйылады. Ұрықтың тууына 1-2 тәулік қалғанда қынап шырышының сұйылу үрдісі байқалады.
4/ уыздың бөлінуі әдетте 2-3 тәулік бұрын басталады, кейде ол осы уақыттан ерте немесе ұрық туғаннан кейін бөлінеді.
5/ төл туар алдында 12-50 сағат бұрын малдың дене Т-сы 0, 4-1, 2 С-қа төмендейді.
6/ тік ішек арқылы зерттегенде жатыр мойыны ұзындығының қысқаруы байқалады. Бұл оның ашылуын және биеде 12-24 сағаттан кейін, ал сиырда 2-3 сағат ішінде төл туатынын білдіреді.
7/ ұсақ мал аналықтарының «туатын ұрыққа орын дайындауы».
Туу үрдісінің ағымы . Толғақ пен күшену жатыр жүйке элементтерін тітіркендіруімен өтеді, олар күшті ауру сезімін тудырады. Толғақ пен күшену және олардың арасындағы үзіліс тірі төл тууын қамтамасыз ететін фактор. Егер олардың арасында үзіліс болмаса, онда тамырлардың оттегі жетіспеуі салдарынан қысылуы байқалып төл өледі.
Жиырылу күші мен ұзақтығына байланысты: 1/ ашылатын күшенулер /дайындық/, 2/ шығаратын күшену мен толғақтар /туу кезі/, 3/ төлдеуден кейінгі күшенулер деп бөлінеді.
1. Ашылатын күшенулер тек жатыр бұлшық етінің жиырылуымен сипатталады. Қысқа күшенулермен басталып бірнеше секундта (ашылатын күшенулер ұзақ үзілістермен 20-30 мин) алмасады. Туу процессі ағымында күшенулер күшейеді және ұзарады (2-5 с), ал олардың арасындағы үзілістер қысқа (1-5 мин) болады. Дайындық күшенулері күші әсерінен жатыр мойынының жолы ашылады, төл қағанақ қабықтарымен шыға беріске жылжиды.
2. Туу күшенулері мен толғақтар жатыр бұлшық етінің және құрсақ прессінің жиырылуынан пайда болады. Күшену мен толғақтар жиі, өте күшті, ұзақ /5 минутке дейін/, ал үзілістері қысқа /1-3 сеундқа дейін/ болады. Олар төлге қысым жасап, оны туу жолдарымен итереді.
3. Төлдеуден кейінгі күшенулер төл туғаннан кейін басталып, қағанақ қабықтарының және қалған қағанақ суының жатырдан шығуына ықпал етеді.
Сонымен толғақ пен күшенулердің түріне және жыныс органдарының өзгеруіне байланысты туу сатысының үш түрін ажыратады: ашылу, туу және туудан кейінгі.
1. Ашылу сатысында ішкі жыныс органдарының бұлшық ет жиырылуы болады. Жиырылу ұрыққа және қағанақ суларына қысым жасайды, соның нәтижесінде олар қысымы аз жаққа басқаша айтқанда жатыр мойынына қарай ауысып, жолының ашылуына ықпал жасайды. Ашылған жолға қағанақ қабықтары, оның ішіне алынған қағанақ сулары еніп жол қабырғасына біркелкі қысым жасайды. Осының әсерінен жатыр мойыны ашылып қынап және жатыр қабырғасымен бірігеді. Қағанақ қабықтарының бөлшектері жатыр мойыны арқылы өтіп, қынапқа түседі, кейде сарпайдың сыртына жартылай шартәрізді борпылдақ қапшық сияқты шығып тұрады. Осы уақытта қағанақ қабықтары жарылады, сосын пайда болған тесіктен қағанақ суының жартысы сыртқа төгіледі. Қағанақ қабының жыртылуымен ашылу сатысы аяқталады.
2. Туу сатысы. Жатыр мойынына қағанақ қабы енуімен бірге төлдің жақын жатқан бөлшектері де кіреді. Қағанақ қабықтарының жарылуынан кейін ұрық сұйықпен бірге жамбас жолына еніп, туу жолдарының рецепторларын тітіркендіреді және бұлшық ет прессінің жиырылуын тудырады. Осы кезде ұрыққа қысым жоғарғы денгейге жетеді. Ұрық туу жолдарына кіреді, жақын жатқан органдары сарпай саңылауына жақындайды. Келесі бұлшық ет прессінің және жатырдың жиырылуы әсерінен ұрықтың жақын жатқан органдары сарпай саңылауынан итеріледі. Осыдан кейін ұрықтың шығуы аяқталады, оның кіндігі үзіледі. Жатыр қуысында қағанақ қабықтары қалады. Ұрық шығару кезінде аналық мал мазасызданады, ыңқылдайды, жатады және тез арада тұрады.
3. Туудан кейінгі саты. Төл туғаннан кейін мал тынышталады, бірнеше минутқа созылатын үзіліс болады. Содан кейін жатыр қайтадан жиырыла бастайды, бірақ оның жиырылуы ондай күшті емес. Жиырылу процесс қағанақ қабықтары жатырдан қуылғанша дейін созылады.
5. 2. Туғаннан кейінгі кезең
Төлдеуден кейінгі мезгіл - туу уақытының аяқталуынан аналық малдың жыныс және басқа органдарының инволюциясы біткен уақытты төлдеуден кейінгі мезгіл деп атайды. Инволюция дегеніміз аналық малдың дене мүшелерінің қайта бастапқы қалпына келуі. Барлық малдарда туудан кейнгі уақыт жаңа буаздылықпен немесе бедеулілікпен аяқталады. Осы мерзімнің ұзақтығы малдың түрлік ерекшеліктеріне ең алдымен туудан кейнгі және буаздылық уақытындағы тіршілік жағдайларына байланысты. Ауыл шаруашылық малдарында әдеттегі өмірсүруі жағдайында туудан кейінгі уақыт 3 апта аралығында, әрі кеткенде бір айдан артық емес мерзімде аяқталады.
Туудан кейнгі мерзімде барлық организмнің қайта құру процесі өтеді. Бұл уақытта буаздылық жағдайына қарағанда бір шама малдың дене температурасы көтеріледі, тамыр жиі соғады және дем алысы, қан тамырының қысымы төмендейді. Осы барлық өзгерістер туудан кейінгі мерзімнің бірінші тәуліктерінде жүреді. Жатырдың инволюциясы оның бұлшық етінің ретракциясынан тұрады. Осы үрдіс гликогеннің көп мөлшерде пайда болуымен өтеді. Жатырдың артериальдық тамырларының саңылауы кішірейеді, олардың қабырғалары сіңіріліп дәнекер тканьмен алмастырылады.
Эндометрияның және периметрияның қатпарлары біртіндеп тегістеледі.
Туудан кейінгі мерзімнің бірінші үш тәулігінде жатыр қабырғасы жуандайды (4-5 см ірі малдарда), ал көлемі - 3 есе кішірейеді. Біраз уақыттан кейін жатыр қабырғасы қайтадан жұқарады, жатырдың созылған жалғаулары қысқарады. Жатыр бұрынғы қалпына келеді. Жатырдың кішірейуімен бірге мойынының бұлшық еттері де жиырыла бастайды. Жатыр мойыны әдетте жатырдың инволюциясы аяқталғасын жабылады.
Барлық шырыш қабығы әсіресе оның аналық плацентасының функциясын атқаратын бөлігі бұзылады, сосын жатырдан лохийлер бөлінеді. Бірінші тәуліктерде лохийлер құрамында қанның болуына байланысты қызғылт-қоңыр түсті болады, сарпайдың терісінде кеуіп олар созылмалы ағындыдан қонырлау қабықтарға айналады. Біраз уақыт өткесін лохийлер ақшыл түсті болады. Лохийлердің қызылша түрлері сарғылтқа ауысады. Барлық малдардың түрлерінде туудан кейін 12-15 тәулік өткесін созылмалы ағындының байқалуы асқынудың белгісі болып саналады.
Сарпай мен қынап туудан кейінгі мерзімнің бірінші тәуліктерінде, ал жамбас 4-5 тәуліктерден кейін бұрынғы қалыптарына түседі. Іштің пішін үйлесімі /конфигурация/ қалпына келуі бірінші 2-3 тәуліктерде байқалады. Ісіктер 5-6 тәулік ішінде тарайды.
Аналық жыныс бездерінің, жатырдың және басқа органдардың инволюциялары туудан кейінгі мерзімнің үшінші тәулігінен басталады.
Туу үрдісі әдеттегідей өтсе, онда жыныс циклының қозу сатысы уақытында басталады. Соны ескере отырып барлық ауыл шаруашылық малдарды төлдеуден кейін бірінші айда, ал қоянның аналығын типті төлдегеннен кейінгі бірінші сағаттарында ұрықтандыру керек. Төлдеуден кейін 3-4 апта өткесін қозу сатысының болмауы немесе күйіттің және жыныс циклының феномендерінің болуына қарамастан ұрықтандыру процесі нәтижесіз болса, онда ол бедеуліктік бір түрінің белгісі екендігін көрсетеді. Төлдеуден кейінгі мезгіл ағымының созылуы кезінде аналық малдың жыныс органдарына массаж жасау, күйіттеушілерді қолдану, белсенді серуенге шығару арқылы мал организмін қалыптастыру керек.
5. 3. Туу бөлмелерін ұйымдастыру және тууға дайындау
Әрбір мал шаруашылығында туу бөлмегі және жаңа туған төлдерге арналған қора болуға тиісті. Осындай бөлмелердің жабдықтары анасының өнімділігін және денсаулығын сақтауға, жаңа туған төлдің денсаулығымен өмірін, қиын төлдеу кезінде уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Туу бөлмесіне арнайы қора бөледі. Ол жылы, құрғақ, жарық жақсы желденетін және жылы еденді және кең қабырғалы болуы тиісті. Үлкен сүт фермаларында және кешендерде төрт секциядан тұратын: туу алдындағы туу, туудан кейінгі және профилакторий туу цехын қарастырады.
Туу секциясында тууды өткізу үшін көлемі 3х3, 5 м, биіктігі 1 м 80 см тұтас қабырғаларымен және терезелерімен есігінде бақылауға арналған тереземен, қабырғалары қыш тақташамен жабдықталған және патологиялық туу кезінде көмек көрсету үшін акушерлік аспаптармен және медикаменттермен жабдықталған арнайы бокс орналасқан. Әрбір секцияға кірер алдында дезинфекциялық ерітінділермен сіңірілген дезкілемшелер орналастырылады.
Туу бөлмесінің маңында қоршалған әрбір төлдейтін мал серуендейтін қоршау болуға қажет. Серуеннің болмауы - туу және туудан кейінгі ауруларға бейімдейтін негізгі фактор.
Туу бөлмесінде қызмет жасайтын адамдар тек осы жерде ғана жұмыс жасау қажет, ветеринарлық-санитарлық ережелерімен тыныс болу және әдеттегі туу кезінінің әдістерін білу керек.
Туу бөлмесінде тәулік бойы күзет ұйымдастырылады өйткені әдетте туу түнде өтеді.
Туу бөлмесіндегі барлық малдардың дене қызуын өлшейді, дене қызуы жоғары аналықты бөлек орындарға ауыстырады. Төлдегеннен кейінгі босаған орынды тазалап, дезинфекциялайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz