Ақша қаражаттар нарығы


Қаржы нарығы және делдалдары пәні бойынша қысқаша дәріс
ТАҚЫРЫП - 1. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады.
Сондықтан, қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
- реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
- ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
- коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
- баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті ретіндегі үш тобы бар:
- үй шаруашылығы (жеке тұлға) ;
- меншік формасына тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілер;
- мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мем
лекетте қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарын өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал институттардың мүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар әр түрлі экономика субъектілерінің тарапынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - қаржы нарығы емес, ол ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы - бұл ең алдымен әр түрлі экономика субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен ақшалай жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
- қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
- монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу;
- бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұрақты өсуі.
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған кейбір түрлерін қарастырып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымы анықталады.
Г. С. Сейтқасымовтың жетекшілігімен жазылған оқулықтағы қазақстандық ғалымдар тобының көзқарастары бойынша қаржы нарығының құрылымы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын, дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады.
1. Қолма-қол ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары (вексельдер, чектер және т. б. ) функциясын орындайтын нарық.
2. Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банк несиелері.
3. Бағалы қағаздар нарығы.
Бос ақша қаражаты көптеген салаларды инвестициялау үшін пайдаланылуы мүмкін: өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметте (өнеркәсіп, құрылыс салу, сауда, байланыс), жылжымайтын мүлікте, антиквариатта, бағалы металдарда, егер отандық валюта құнсызданатын болса - валютада, зейнетақы мен сақтандыру қорларында, әр түрлі бағалы қағаздарда, банк депозитіне салынатын ақшада.
Осылайша, бағалы қағаздар нарығы - бұл еркін капиталдың көптеген қосымша салаларының бірі, сондықтан да ол осы капиталды өз жағына шығару (тарту) үшін басқа салалармен бәсекелесуіне тура келеді (1-сурет) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz