Философия тарихында болмыс категориясы


ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
«ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ
«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
ДӘРІСТЕР
PhD доктор, философия кафедрасының аға оқытушысы
Құдайбергенова Назгүл Жанысқызы
Алматы, 2018
№1. Дәріс.
Тақырыбы: Ғылыми таным философиясы пәні: және оның зерттеу обьектлері
1. Философия пәні және философиялық танымның өзіндік ерекшелегі.
2. Дүниеге көзқарастың формалары мен түрлері.
3. Философия атқаратын қызметі
4. Философия ғылымдармен өзара байланысы.
Ғылыми таным философиясының мәнін жән мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К. Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Сократ: “Философия - ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету”.
Геродот: “Философия - білімді, ақылдылықты сүю”.
Аристотель: “Философия - ғылымдар негізі”.
Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин: “Философия - ақылдылыққа құштарлық ” - десе, Декарт: “Философия - даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім” - дейді.
Осы анықтамаларға сүйене отырып, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:
Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo - сүйемін, sophia - даналық дегенді, басқаша айтсақ, даналыққа құштарлық дегенді білдіреді.
Философияның басы - таңдану. Сократ “Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін” дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.
Ғылыми таным философиясын білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.
Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау - эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс. оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты, ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс. белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады) .
Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады, бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң, олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған, адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы -қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып, оларға жауап iздейдi.
Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай, әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып, өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын, өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү, оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi, ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн, адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады) . Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы, өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дк-сезiмнен, нанымнан, танымнан тұрады. Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру, этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.
(мыс. Сфинкс туралы миф табиғаттын құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi. ) Мифтердi тек ертегiлер, аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi, адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар. Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге ғана емес, ақал -ойғада, парасаттылыққа да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына қарайкосмогониялық-әлемнiң жаратылысы туралы, теогониялық-құдайлардын пайда болуы туралы, астрогониялық-планеталар мен жұлдыздар туралы, антропогендiк - адамның пайда болуы, этногендiк-рулар мен тайпалар туралы, эхатологиялық - ақрзаман, топан суы туралы, каһармандық т. б. болып тарайды.
Сондықтан, мифология-адамдардың өздерiн қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи, өздiгiнен долды деп сенетiн түрлi бейнелер, кейiпкерлер мен өқиғалар арқылы жеткiзуi деугеде болады. Мәселе шешу Мифтер мен мифологияны дүние таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму денгейiмен байланыстырады.
Ал, мифология рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам дамуының басқа кезендерiнде де, әсересе қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға болама (мыс. 20ғ. Д. Джойстың, Ф. Кафканың, ТМанның, Ч. Айтматовтың т. б. әдеби шығармаларында дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана қоймай ерекше өзгертiлiп те қойған) Дiн-дк шындық дүниенi бұрмалап бейнелендiрушi формасы болып табылыды, өйткенi ол дүниенiекiге бөлiп қарастырады және «ғаламат күшке»сенiм-дiни сананың негiзi болып табылады. Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi, ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер - индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам) .
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Хасанов М. Петрова В. Джамбаева Б. Философия. А., 2014ж
2. Нұрышева Г. Ж. Философия Алматы, . 2013
3. Бегалинова К. К., Альжанова У. К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б. М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г. Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д. И. Философия. М., 2012
7. Лавриненко В. Н. Философия. Учебник для вузов. М., 2012
8. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П. А. Панин А. В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. - Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С. Философия- Алматы, 2008.
№2. Дәріс.
Тақырыбы: Көне Үнді және Көне Қытай философиясының қалыптасыуы
1. Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері.
2. Веда - Үнді мәдениетінің көне ескерткіші және ертедегі үнді
философиясының бастауы ретінде.
3. Көне Қытайдағы мифологиялық сананың ерекшелігі
4. Көне Қытай философиясының, негізгі мектептері дао, Конфуций ілімі т. б.
Көне Қытай философиясы, Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.
1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті.
2) Келесі ерекшелігі - философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік пен зұлымдық мәселесі болды.
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.
Олардың бастысы - Конфуций мектебі, ол б. д. д. екінші мыңжылдықтан бастап, ХХ ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарды.
Ежелгі Қытай қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындары еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасы (семья) тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдындаәртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды.
Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу, т. б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды. Бірақ ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа - мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Бұл жұмысымда аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері - конфуцийшылдық, даосизм және легистерді баяндаймын. Көне Үнді философиясы, Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыс философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі деп есептейді.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
- ғылыми оймен байланысының аздығы;
- жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
- діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
- философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
- негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
Көне Үнді философиясы алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның орнына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі философиялық ойларының негізін діни мифологиялық жүйелер құрды. Ой -пікірлерімен қоғамдағы күнделікті шарттарының себептері де бар. Себебі, Үнді қоғамы төрт варнадан ( «варна»- жамылғы, қабық, түрі- түсі мағынасын білдіреді) тұрды:
- брахмандар: әулиелер
- кшатрий: әскербасылар
- вайшьи: ( купцы)
- шудра: қызметкерлер мен шаруалар
Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне - ой еңбегі, кшатрийларға - әскери қызмет, вайшьилерге - ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шаруаларға - қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші Ведаларда жинақталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
- Самхит - құдайларға арналған гимндер жинағы;
- Брахман - самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар т. б. ;
- Араньякта - брахманға тән ритуалдардың орнына құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойланып-толғану сияқты көзқарас;
- Ведалардың ең соңғы сатысы «Упанишадта» дәстүрлі варналарды бір-, біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздады.
Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мәңгі мәнділік - Брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып отырған. Олай болса, Брахман - бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі - қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі - жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көптүрлі болса, екіншісі - жалқы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар, синоним ретінде, Атман ұғымы да қарастырылады. Атманнің табиғаты - бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман - тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол - саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман және атманмен қатар тұрған ұғымдардың бірі - пуруша және «мен». Пуруша (еркек) - ол әлем, адам түріндегі әлем. Сондықтан, Атман бастапқыда пуруша түрінде болып, «мен әлемді жартамын», - деп: аспан суын, сәуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз Атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта «менді» Брахманмен, Атманмен тең деп түсінгенде ғана, адам өзін құдаймен, бүкіл әлеммен теңмін деп, түсінеді. Ал «мен» - бір бөлек, брахман, атман - бір бөлек деп түсінетін болсақ ол - білімділікке жатпайды. Ал, егер аиманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты - тірі кезінде атман-брахманмен қосылып бірігу. Өмір қиыншылығынан, құмарлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, атманды түсініп білген адам нағыз брахман болып құдайға, әлемдік құрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білім алуы басты шарт болып саналады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Хасанов М. Петрова В. Джамбаева Б. Философия. А., 2014ж
2. Нұрышева Г. Ж. Философия Алматы, . 2013
3. Бегалинова К. К., Альжанова У. К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б. М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г. Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д. И. Философия. М., 2012
7. Лавриненко В. Н. Философия. Учебник для вузов. М., 2012
8. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П. А. Панин А. В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. - Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С. Философия- Алматы, 2008.
№3. Дәріс.
Тақырыбы: Антикалық философиясы: антика дүниесінің ғылыми бастаулары
1. Көне Греция философиясының даму ерекшеліктері
2. Антикалық философиясының материализімді негіздеу идеялары
2. Сократ философиясындағы адам мәселесі.
3. Платон және Аристотель философиясы
Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
- Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б. д. д. 7-6 ғ. ғ. ) . Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
- Классикалық кезең (б. д. д. 4ғ. ) . Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
- Римдік-эллиндік кезең (б. д. д 3ғ. соңы мен б. д. 3ғ. басы) . Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
- На русском
- Антиплагиат
- База сатып аламыз
- Презентациялар
- Cабақ жоспары
- Таңдаулы жұмыстар
- English24
- Sozdik
Stud. kz
Начало формы
Конец формы
Дүниені философиялық түсіну: болмыс, материя - алғашқы категориялық ретіндеСкачать
- Кіріспе
Философияның маңызды проблемаларының біріне дүниені философиялық түсіну, ондағы адамның орны мен рөлін пысықтау жатады. Онтология - болмыс туралы ілім. Болмыс - барлық бар нәрсені белг. фил. категория. Біз заттардың болмысы туралы, бізді қоршаған ортаны, адамның болмысы, оның санасы, өзіміз сүріп отырған қоғамның болмысы, т. б. жөнінде сөз етіп отырмыз. Басқаша айтқанда, болмыс түгелдей материалдықты да, руханилықты да қамтиды. Өзгеше сөзбен айтқанда, болмыс - дүниеде не бар, соның бәрі - ол материалдық та құбылыс, әлеуметтік те процесс, адам санасында болып жататын шығармашылық та актылар. Болмыстың негізгі түрлері: 1) заттардың болмысы мен табиғаттың жағдайы; 2) қоғамның болмысы; 3) адамның болмысы; 4) осыларға байланысты индивидуалды және индивидуалдықтан тыс болып бөлінетін рухани болмыс.
2 Материя түсінігі, материя қозғалысы
Материя түсінігі философияның ең орнықты түсініктерінің бірі және өз тарихы бар. Материя категориясы адам санасынан тәуелсіз тұратын дүниенің шынайы да нақты құбылыстарын сипаттау үшін қызмет етеді. «Материя» категориясы объективтік реалдықты анықтайды.
Пән: Философия
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:
Тегін: Антиплагиат
Қалай сатып алуға болады?
Жұмысты толықтай көру
қате таптым
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz