Елтаңбада қолданылған негізгі түс - алтынның түсі


“Астана медицина университеті”КеАҚ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
БӨЖ
Тақыпыбы: Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңызы
Топ: 111 ЖМ
Орындаған: Шадманов С. А
Қабылдаған: Карбозов Ә. Е
Нұр - Сұлтан 2019
Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ықылым заманнан бері қандай бір мемлекет болмасын тәуелсіздікке, өзін айқындауға, ерекше екенін, танымдылық үшін белгілер салуға ұмтылған. Ол белгілер әртүрлі болып келеді. Мұндай айқындайтын белгілер қазіргі заманда әрбір тәуелсіз мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын атрибуттарына айналды. Оларға мемлекеттің туы, елтаңбасы және әнұраны жатады.
Қазақстан Республикасының да тәуелсіздік алғаннан бастап өзін айқындайтын Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қалыптасты. Олардың пайда болу барысы да өте қызықты. Қазіргі кезде осы атрибуттар тәуелсіз елімізді дүние жүзіне паш етіп мен-мұндалап тұр. Оларға құрметпен қарау мемлекеттің әрбір азаматының, өскелең ұрпақтың айнымас міндеті болып табылады.
Мемлекеттік рәміздерімізді ресми мақұлдаудың өзіндік саяси тарихы бар. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы заңдарға қол қойды. 6 маусымда президенттің резиденциясы мен Жоғарғы Кеңес ғимаратының үстінде мемлекеттік ту көтеріліп, елтаңба ілінді.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. [1]
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Көк аспан, жарқыраған күн, қалықтап ұшқан бүркіт, бостандықтың, азаттықтың, күш пен қуаттың нышаны. Қазақстанның көк туы биік жерлерде, өзге елдердің елшіліктерінде, БҰҰ ғимаратының жанындағы биік орындарда желбіреп, өз елінің нышаны, тәуелсіздіктің нышаны, елімнің егемендігінің нышаны ретінде биікке көтерілуде. Осы орайда, еріксіз өз еліне деген мақтаныш, махаббат, патриотизм сезімі, құрмет сезімдері пайда болады.
Туымыздың өзіне нақтылап келсек - тік төртбұрыш көгілдір түсті мата, ортасында 32 сәулесі бар күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Бұл ұзындығы 2 метр және ені бір метр. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
1992 жылы ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы конкурсына қатысты. Байқауға Қазақстаннан, ТМД елдерінен, Монғолиядан, Германиядан, Түркиядан және басқа да елдерден келген 1200 суретшінің 600-ден астам жұмысы жіберілді. Шәкен Ниязбеков жасаған ту бірнеше іріктеуден өтіп, сайыста жеңіске жетті. 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заңның мәтініне сәйкес:
3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы - күн сәулесiмен оның ортасында ұшатын бүркіт бейнеленген көгілдір түсті тікбұрышты мата. Полюсте ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Күн, сәулелер, бүркіт және ою-өрнектер - алтынның түсі. Тудың енінің оның ұзындығына қатынасы 1: 2. Деп жазылған. [2]
Шакен Ниязбековке туды жасау үшін жарты жыл қажет болды, ол әлемнің барлық туларын зерттеді. Қазақстанға өзінің ерекше нұсқасы қажет болғанын атап айтқан.
Даңқты суретші, дизайнер Шәкен Ниязбеков өзінің сұхбатында көк түстің үстінде қалықтаған қыран мен күнді қазақтың ұлттық символы ретінде түсіндірген болатын. Сол сұхбатында: «Күн бар, Көк Тәңіріміз бар. Бірақ Қазақстанымыз да керек дедім. Содан баяғыда Марко Полоның кітабында жазылған пікірі есіме түсті. Онда «Қай қазақтың үйіне кірсем де, әрқайсысы бір-бір қыран ұстап отырады екен», делінген. Қыран бізге жақын болғанымен, Қазақстан биік аспанға көтеріліп, әлеммен елміз деп санасты. Көп жасайтын, биік ұшатын қыранды бейнелеген себебім - сол. Қазақтың қыран ұстап өскені емес, қазақтың символы ретінде, мемлекеттің символы терінде бердім», - деді Ш. Оңдасынұлы. [3]
Бүгінгі таңда біздің туымыз елдегі әкімшілік ғимараттарды безендіріп, егемен Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінің ғимараттарының үстінде желбіреп, БҰҰ ғимаратының жанына орнатылды. Біздің туымыз ғарышқа алғашқы қазақ астронавттарымызбен бірге көтерілді. Қазақстанның жетекші альпинисттері оны әлемнің ең биік шыңдарында қайта жандандырды. Тіпті Антарктидада да болды. Әр жерде біздің туымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны ретінде желбіреп тұр.
Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы - атақты қазақстандық суретшілер, сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың шығармашылық қоғамдастығының нәтижесі. Елтаңбаның бір авторы түсінде Шаңырақты көріп, ал екінші автор көшпенділер күшінің нышаны болған қанатты жылқы алған, алтын адамды алып елтаңбаға қойған.
Елтаңбаның пайда болу тарихы өте қызықты. Шота Уалиханов Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа ұшар кезде кеудесіне төс белгі дайындап беріпті. Төс белгінің ортасында шаңырақ, үстінде жұлдыз, екі шетінде пырақты аттардың қанаты, астында Қазақстан деген жазуы болған. Тоқтар Әубәкіровқа төс белгісі жайлы сұрақтар қойылғанда, төс белгісін саусақтарымен аймалап тәуелсіз Қазақстанның нышаны деп жауап берген екен. Содан осы туралы «Құр шулаймыз, жоқ жалау, байрақсыз қайрат - бос қайрат» атышулы мақала шығыпты. Кейін Қазақстанның елтаңбасына конкурс жарияланғанда осы төс белгінің протатипі алынып, ары қарай дамытылып жіберілген екен.
«Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деп үш тілек тілеп ары қарай Жандарбек Мәлібеков елтаңбаны дамытқан, оған пырақты аттардың қанатының орнынан Есік қорғанынан табылған Алтын адамның бас киіміндегі аттың бейнесін қосқан.
Елтаңбаның нақты сипаттамасы осындай екен:
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі - көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Qazaqstan» деген жазу - алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ - киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі - елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар - шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь - бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс - алтынның түсі. Бұл - байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр. [4]
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz