Белокты зат алмасу бұзылуына диагностика



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Зат алмасу
2. Белокты зат алмасу бұзылуына диагностика
3. Белоктың қан сары суында көбеюі
4. Клиникалық белгілері
5. Белоктардың ыдырауының бузылыстары
6. Қан белоктарының өзгерістері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе
Зат алмасу- тірі организмде өтетін күрделі химиялық құбылыстар. Зат алмасу- тірі организмдегі заттардың, энергияның химиялық өзгерулер құбылысының жиынтығы. Зат алмасу мен энергия екі бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстың бірлігін көрсетеді. Бұл құбылыстарды ассимиляция (анаболизм) және диссимиляция (катоболизм) деп атайды.Адамда тәулігінде 1300-1500 кКал жылу бөлінеді. Әйелдерде 15% төмен.
Зат алмасу 3 стадияға бөлінеді.
1 стадия. Қолданылған азық- асқазан, ішектегі микрофлора және ферменттердің әсерінен қарапайым төменгі малекулалы қосындыға ыдырайды.
Белоктар- аминқышқылдарына дейін Майлар- май қышқылдары және глицеринге дейін Көмірсутектері- моносахаридтерге (гексоз, пентоз) дейін
2 стадия. Аралық алмасу; Организм ұлпаларындағы заттардыңассимиляциялық және диссимиляциялық құбылыстары.
3 стадия. Цикл Кребса- демен қоректі малекулалардың жалпы соңғы ыдырау жолы және олардың организмнен несеп нәжіс ауа арқылы шығарылуы.
Әр мал түрінің өзіне тән ерекше зат алмасу түрі болады ол малдың тұқым қуалау қасиетіне, жынысына, жасына және тіршілік қасиетіне байланысты болады. Малдарда зат алмасу бұзылуы көбінесе организмнің ең жоғарғы физиологиялық (напряжение) сатысы кезінде (буаздық, төлдеу, сауын және организмнің тез өсу кезінде) және жыл мезгіліне байланысты болады. (қыс соңында байлауды күту кезінде.Зат алмасу бұзылуының көп аурулары (кетоз, остеодистрофия және т.б.) ұзақ уақыттар бойынша клиникалық белгісіз, жасырын түрде өрбиді.
Практикада зат алмасу түрінің бұзылуы өте сирек кездеседі, негізінен комбинациялық түрде өтеді.
Зат алмасу бұзылуын кешенді түрде жанжақты зерттеу қортындысы бойынша, және азықтың, қанның, сүттің лабораториялық анализі көрсеткіші бойынша анықтайды. Бұл аурулар топырақтың, азықтың, судың химиялық құрамына да байланысты болуы мүмкін.
Белокты зат алмасу бұзылуының диагностикасы. Белоктар (протеин) тірі организмдегі негізін құрайды (мал салмақ 20%-ын)-олар мынандай төмендегі қызмет атқарады:
Структуралық (пластинкалық)
Энергетикалық (қоректік)
Транспорттық
Тірек-қимыл (сүйек) (опорный)

Және қанның колоидты-осматикалық қысымын, қанның ph тұрақтылығы бір қалыпты тұрады. Организмде иммундық денелердің пайда болуы белоктармен тығыз байланысты. 1 гр белоктың энергетикалық тағамы 4,1 кКал құрайды.
II. Негізгі бөлім
Белокты зат алмасу бұзылуына диагностика: негізінен малдарды азықтандыру принципінің бұзылуынан болады. Рационда қант пен протеиннің %- тік қатынасының дұрыс болмауынан. Азық дайындау технологиясының дұрыс жүргізілмеуі, зоогигиеналық жағдаймен, мал күтімінің нашарлығына байланысты.
Белок тапшылығынан мал өсуі төмендейді, ішкі ағзалар дұрыс жетілмейді. Жыныстың жетілуі тежеледі, антитела бөлінуі және резистенттілік төмендейді, мал қоңдылығы жоғалып, ауруға шалдығады. Белок алмасу бұзылуы асқазанның, ішектің, бауырдың, өкпенің, ұйқы безінің атрофияның, дистрофияның және қабыну салдарынан болады. Қан сарысуында жалпы белоктың азаюын Гипопротеинемия деп атайды. Ол белок тапшылығында, бауыр церрозында, кетозда, обцессте, перитоните кездеседі. Физиологиялық жағдайда гипопротенемия мал буаз кезінде.
Белоктың қан сары суында көбеюі: Гиперпротеинемия деп аталады. (Вакцинациядан) егуден кейін, генатитте, сепсисте, іріңді эндометрит байқалады. Қанда белоктардың сандық құрамының бұзылуын Диспротеинемия деп атайды. Белокты зат алмасуының бұзылуының 2 сатысы бар:
Субклиникалық (жасырын)
Клиникалық
Субклиникалық сатыда аурудың клиникалық белгілері өте төмен жүреді. Ауру мал мазасыз,жемге аса көп көңіл бөлмейді. Осы кезде тахикардия, тыныстың жиілеуі, мес қарынныңгипотониясы байқалады. Мал денесіндегі жүннің, тұяқ үстінің жылтырлығы жоғалады. Сиырларда наслед бөлінудің тежелуі.
Клиникалық сатыда аурудың 4 синдромы болады: Гостроэнтералды синдром. Бұл кезде малда тәбеттің жоғалуы немесе керісінше шеттен тыс артуы, жемнен мүлде бас тартуы байқалады.
Ауру мал шөпті жедел қабылдайды. Күйіс қайыру сирек болады. Мес қарын жиырылуы төмендейді, ішіктерде газ жиналады. Гипотоксикалық синдром. Бауыр көлемі үлкейген, ауырсынады. Кілегей қабықтары сары түсті. Ауру мал көбінесе жатады.

Ацетониялық синдром. Бұл кезде қарын алды бөліктердің гипотониясы байқалады. Тахикардия сауынды малдарда сүттің азаюы, дәмінің ашшылануы, иісі ацетонды болады. Шығарылған тыныстан ацетонның иісі шығады. Жүйкеде сопырлы, кометозды жағдай байқалады. Тері
рефлекстері жоғалады. Жүйкелі синдром. Мінез-құлқының өзгеруі, мал еріксіз, мақсатсыз қозғалады, алға ұмтылады. Тісін қажайды, аяқтарының салдануы байқалады.
Белоктардың ыдырауының бузылыстары
Организмде олардың артық ыдырауы дене қызуы көтерілгенде, үлкен қабыну кездерінде, жарақаттанғаннан кейін, ауыр хирургиялық әрекеттердің нәтижесінде, қатерлі өспелер, гипертиреоз ж. б. дерттер кездерінде байқалады. Нәруыздардың түзілуі мен ыдырауының клиникалық көрінісі болып азоттық тепе-теңдік (баланс) есептеледі. Дені сау ересек адамдарда организмнен (зәрмен, нәжіспен) шығарылатын азоттың мөлшері тамақпен организмге түскен азоттың мөлшеріне тең болады. Жас балаларда, жүкті әйелдерде, анаболизмдік гормондарды сырттан енгізгенде, немесе олардың организмде артық өндірілгенінде ж. б. жағдайларда организмге сырттан түскен азоттың мөлшерінен оның сыртқа шығарылатын көлемі кем болады. Былайша айтқанда анаболизмдік (түзілу) процестері катаболизмдік (ыдырау) процестерден басым болады. Бұндай жағдайды оң азоттың баланс дейді. Ашығу кезінде бүйрек арқылы (протеинурия) терімен (күйіктік ауруы кезінде), ішектермен (іш еткенде), тиреотоксикоз, қызба, ісік ауруы кездерінде организмнен шығарылатын азоттың деңгейі организмге тамақпен түсетін азоттан артық болады. Бұндай жағдайды теріс азоттық баланс дейді. Теріс азоттық баланс организмде тамақпен олардың аз түсуін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлдер ауруларының алдын алу қағидалары
Өсімдіктің фосфорлық қоректену диагностикасы
Бауыр ауруларының түрлері
Зат алмасу кезеңдері
Зат пен қуат алмасу физиологиясы
Адамның гендік аурулары
Кетоз, остиодистрофия
Несеп жүйесін зерттеу.
Тыныс алу жолдарынының аурулары жайлы ақпарат
Жүрек препараттары
Пәндер