Ветеринариялық кәсіпкерлік құқық
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ветеринариялық кәсіпкерлік құқық
2.Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі
3.Ветеринариялық кәсіпкерліктің түрлері
4. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы
5. Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы құқығы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кәсіпкерлік қызмет - бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі.
Кәісіпкерлік қызмет - кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек:
кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі;
меншіктің болуы;
тәуекел сипаты;
пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.
Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы.
Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.
ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады. (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған ,капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді.
Кәсіпкерліктің түрлері[өңдеу]
Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін ажыратып көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген (ҚР АК 10-бабының 1-тармағы).
Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық формасы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Ақырында, мемлекеттік меншік түріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (яғни республика меншігіндегі кәсіпорындар)
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар)
Акционерлік қоғамдар туралы ҚР Заңының 34-бабы, ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлік қоғамдар ұлттық компания болып саналады. Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып саналатын, ұлттық компаниялар мен басқадай акционерлік қоғамдардың меншік құқымен иеленген акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге: заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі деп бөлуге болады.
Дара кәсіпкерлікке: өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік жатады.
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары[өңдеу]
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады:
Заңдылық - кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы конституциясының, кәсіпкерлік кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.
Кәсіпкерлік еркіндігі - әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі- Кәсіпкерлік субъектілері өздерінің меншік нысанына және кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдында тең. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең мүмкіндіктерге ие болады.
Меншікке қол сұғылмаушылық - кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне қол сұғылмаушылыққа заңмен кепілдік беріледі. Кәсіпкерлік субъектілері заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде иелене алады. Сот шешімінсіз кәсіпкерлік субъектілерін өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңда көзделген айырықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Адал бәсекелестік - бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған қызметке, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, Қазақстан Республикасында тауарлардың еркін өткізілуін және экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі - кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет немесе әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кәсіпкерлік субъектілеріне объективті түрде қажетті ең аз жүктеме кезінде тұтынушылардың құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген құжаттарды және (немесе) қосымша мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы емес.
Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік - мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жариялы және ашық болуға тиіс. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат тегін беріледі. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты барлық рәсімдер мен талаптар нақты және түрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі - кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігіне оның негіздеудің, келісудің және мониторингтеудің міндетті рәсімдерін ендіру арқылы қол жеткізіледі.
Кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру - кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік кодексте белгіленген тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары сақтамаған жағдайларда, лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге құқылы. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері үшінші тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы - құқық бұзушылықтар профилактикасының және кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды орындау уәждемесінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басымдығы бар. Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары оның сипатына және ауырлығына сәйкес болуға тиіс.
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі - мемлекет рұқсат беру арқылы лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсат иесінің мемлекеттік реттеудің мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз ететінін растайды. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері заңды қызметінің жүзеге асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс. Мемлекеттік орган қарап жатқан мән-жайлар туралы кәсіпкерлік субъектілерінің берген нақты деректері сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше деп белгіленге дейін дұрыс деп есептеледі.
Сыбайлас жемқорлықтан азат болу - кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты таңдап қолдану фактілері орын алмауға тиіс. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен байланыстарын шектеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерде бір терезе қағидатын қолдану көзделуге тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдардан барлық қажетті келісулерді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау тәртібімен мемлекеттік органдардың өздері алуға тиіс. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жүзеге асыратын адамдардың мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды қолдану мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануына жол берілмейді.
Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету - кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер жасауға бағытталған шаралар кешенін жүргізеді. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, оның ішінде кәсіпкерлікті қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау - мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асырады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларға сараптама жасау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу және халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына қатысу кезінде отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері ескеріледі.
Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу - мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің ісіне, сондай-ақ көрсетілген бірлестіктердің мемлекеттің ісіне заңсыз араласуына және оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы - жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру - кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметіне әлеуметтік жауапкершілікті ендіруіне мемлекет кепілдік береді және оны көтермелейді.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы - мемлекет кәсіпкерлік қызметке кәсіпкерлік кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген шекте қатысады.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 22.01.2019 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.03.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілерге ветеринариялық сертификат беру
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 № 7-11031 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 № 7-11031 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz