Ветеринарлық кәсіпкерлікке лицензия беру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ветеринарлық кәсіпкерлікке лицензия беру
2. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
3. Мал дәрігерлік лицензия алу
4.Тіркеу жүргізу тәртібі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Ветеринарлық кәсіпкерлік қызмет - бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі.
Кәісіпкерлік қызмет - кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек:
кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі;
меншіктің болуы;
тәуекел сипаты;
пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.
Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы.
Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.
ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады. (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған ,капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді.
Лицензиясыз ветеринариялық қызметпен айналысу, лицензиялық нормаларды және ережелерді бұзу заңнамада қөрсетілген жауапкершілікке тартады.
Лицензия иесінің міндетті:
oo Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзбау керек;
oo өзінің қызметін лицензияда көрсетілген қатал шарттарды сақтай отырып жүзеге асыру керек;
oo лицензия берушінің талабы бойынша лицензияланған қызмет туралы мәліметтер беріп отыру қажет; лицензия берушіні өзінің ұйымдық-құқықтық нысанының өзгертулері туралы ақпараттандырып отыру керек.
Лицензиясыз алынған ветеринариялық қызметті жүзеге асырушы зат лицензия берушінің ұсынысы арқылы соттық ретпен тиісті бюджет пайдасына алынады.
Жеке және заңды тұлғалар лицензия берушіге ұсынылған мәліметтердің анықтылығына заңнамада бекітілген рет бойынша жауапкершілік алады.
Лицензиялық нормалар мен шарттарды сақтау үшін бақылауды жүзеге асыру реті Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігімен бекітіледі.
Лицензия күшін жою немесе қысқартуға қатысты барлық дау заңнамада бекітілген тәртіп бойынша шешіледі. Мемлекеттік тіркеу Реестрінде 01 сәуір 2004 ж. № 2786 нормативтік құқықтық актілер тіркелген. Қазақстан Республикасы Премьер Министрі Орынбасары-Ауыл шаруашылық министрінің 17 наурыз 2004 ж. № 135 Ветеринария аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғаларға арналған аттестацияны өткізу Ережесі туралы бұйрығымен бекітілген.

Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн белгiленген үлгiдегi арыз;
2) өтiнiш берушiнiң осы Заңның 15-бабының талаптарына сәйкес келетiндiгiн растайтын құжаттар;
3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат (осы Заңның 18-бабы).
Бұдан басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі табыс етілуі қажет.
Заң актілерінде лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлері жөніндегі құжаттар тізбесіне қосымша және арнаулы талаптар белгіленуі мүмкін.
Өтiнiш берушi құжаттарда берілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақтылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Лицензия беруге қойылатын талаптар:
1) мемлекет мұқтаждары үшiн мiндеттi түрде тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) сатып алу туралы;
2) алынған лицензияға сәйкес өндiрiлген тауарларды (жұмысты, қызметтi) белгiлi бiр тұтынушыларға өткiзу не оларды республиканың белгiлi аймақтарына жеткiзу туралы, соның iшiнде белгiлi бiр әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстен тыс жерге немесе экспортқа шығарудан бастарту туралы талапты;
3) өндiрiлетiн тауарға (жұмысқа, қызметке) белгiлi бiр баға (тариф, нарық) белгiлеу туралы, соның iшiнде оларды белгiлi бiр тұтынушыларға алдын ала белгiленген бағамен сату туралы талаптарды шарт етiп қоюға тыйым салынады.
4. Лицензия беруден бастартылған жағдайда арыз берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады

Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
1. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) заңды тұлғаның штатында (кемінде бір ветеринар дәрігер немесе фельдшер) ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) ветеринария мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандардың (бірінші басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген тегі, аты, әкесінің атын қамтитын жиынтық кесте);
2) жеке тұлғада ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімінің және (немесе) ветеринария мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімінің;
3) жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік үй-жайлардың (өндірістік үй-жайға құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу шартының салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған көшірмелері) болуын қамтиды.
2. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру бойынша ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде қосымша:
1) ветеринариялық препараттарды өндіруді және бақылауды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттамалардың (ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі нұсқаулық, өндірушінің басшысымен бекітілген, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісілген, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен тіркеуден өткізілген, өндірілетін немесе сатылатын ветеринариялық препараттарға арналған техникалық шарттар, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі басшылық, микроорганизмдердің өндірістік және бақылау штаммаларының паспорты);
2) Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, өндірілетін ветеринариялық препараттардың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық препараттар өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы талап етеді.
3. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шиізаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау жөніндегі ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде қосымша сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттардың (стандарттар, әдістемелік нұсқаулар), сондай-ақ Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізуге арналған өлшеу, сынау жабдықтарының болуы талап етіледі.

Мал дәрігерлік лицензия алу
Көптеген жалғыз адамдарға жануарлар "жақын жандар" болып табылады, оларды емдеу үшін күшінде, уақытында қияды. Сол себептен мал дәрігерлік емхана немесе ветдәріхана ашу үшін барлық қажетті лицензияларды алу қажет.
Ереже
Болашақта ашатын жануарларға арналған дәріхана немесе емхананың кәсіптік жоспарын құрыңыз. Емхана немесе дәріхана аз уақыт ішінде жақсы нәтиже беру үшін ветеринарлық қызмет жасайтын жақсы орын алу қажет, емхана немесе дәріхананың ашылып ары қарай дамуына қомақты қаражатпен бастап оның жобасын жақсылап құрастырған жөн.
Ветеринарлық мекеменің қызмет ретімен және талаптарымен, барлық нормативтік актілерімен танысыңыз, ветемхана мен дәріханаға қажетті құрал-жабдықтарды және санитарлық жағдайын көрсетіңіз.
Ветеринарлық емхана немесе дәріханаға бөлме жалға алыңыз. Ветеринарлық емханаларда әдетте дәріханаларда кездеседі. Емханада ота жасау бөліміне де сұраныс болады. Сондықтанда қандай ветеринарлық қызметтер көрсетесіз, соған байланысты жалға алатын бөлменің масштабын ойластырып алыңыз. Ветеринарлық мекемелерге кез келген масштабта жалға бөлме табу қиын емес. себебі қазір көптеген қалаларда құрылыс жұмыстарын және жөндеу қажет етпейтін бос ғимараттар көп.
Дәрі-дәрмектер, құрал-жабдықтарды сатып алыңыз. Оларды сатып алған кезде үнемдемеңіз және тиянақты өндірушілермен келісім шартқа отырыңыз, себебі жақсы жеткізушілер одан әрі сізді сапалы құрал-жабдықтармен өндіріп немесе ветзаттарға жеңілдік жасап қамтамасыз ете алады.
Емхана немесе дәріханаға қажетті мамандықтарға конкурс жариялаңыз. Тыңдау кезінде қызметке үміткерлердің жұмыс өтілімін, дипломын және сертификаттарын ескеріңіз. Одан басқа сіздін болашақ қызметкерлеріңіз жануарларды жаксы көруі керек.
Құрал-жабдықтар және қызметкерлер туралы, бөлменің санитарлық-техникалық жағдайы туралы лайықты қорытынды алу үшін санэпиднадзор өкілін шақыртыңыз.
Мал дәрігерлік бағытқа лицензия алу үшін келесі құжаттармен санэпиднадзорға барыңыз:
- жеке кәсіпкерлік немесе ЖШҚ құжаттары;
- мемлекетке тіркелген негізгі нөмір;
- салық кәмитетіне есепке өойылғаны туралы куәлік; туралы келісім-шарт
- жалға алу туралы келісім-шарт немесе жеке меншігі туралы куәләгі немесе оның расталған көшірмесі (жалға берушіден алу керек);
- санэпиднадзордың қорытындысы;
- кадастр төлқұжаты және бөлменің жоспары;
жоғары немесе орта малдәрігерлік білім немесе фармацевт білімі бар дипломдар (өзіңіздің немесе өз қызметкерлеріңіздің);
- еңбек кітапшаларының расталған көшірмесі және өзге құжаттар, осы салада істеген жұмыс өтілімін растайтын құжаттар (3 жылдан кем емес);
- біліктілікті көтеру туралы куәлік, сондай-ақ әртүрлі ветеринарлық қызмет көрсеткені туралы сертификаттар (өзіңіздің немесе қызметкерлеріңіздің).
Құжаттарды өткізген уақыттан бастап 30 күн ішінде лицензия аласыз. Ол 5 жылға жарамды болып есептеледі.

1. Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Лицензиялау туралы Заңымен белгіленген қызметті қоспағанда, Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 46)-тармақшасына сәйкес ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарына тіркеу жүргізу тәртібін, айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мамандар - ветеринария мамандығы бойынша жоғары, орта оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі бар тұлғалар;
2) тізілім - ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мамандар туралы мәліметті және олардың тіркеу нөмірін қамтитын ЖАО бөлімшелерінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР шағын бизнес проблемалары және даму жолдары
Жеке кәсіпкерлердің құқықтық жағдайы
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Малдәрігерлік саласындагы кәсіпкерлік
Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметті үйымдасіыру
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Ветеринария ісін ұйымдастыру
Ветеринарлық клиникада ветеринарлық қызметті ұйымдастыру
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жолдары
Пәндер