Азықтың химиялық құрамы - азық қоректілігінің алғашқы кӛрсеткіші



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Жоғары сапалы шөп алу әдісі
2.Өсіру технологиясының ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Азық қоректілігі туралы ұғым, мал мұқтажын энергиямен, протеинмен, кӛмірсулармен, минералды заттармен және витаминдермен қанағаттандыру. Азық қоректілігін оның химиялық құрамы арқылы бағалау. Азықтың зоотехникалық талдау схемасы (үлгісі). Мал азықтандыруда азық құрамындағы су, кӛмірсулар, май, протеин (ақзат), минералды тұздардың зат алмасу барысындағы физиологиялық маңызы. Азық құрамындағы органикалық заттар- энергия кӛзі, мал денесінде ақзат пен май түзге жұмсалатын материал. Азықтың химиялық құрамы- азық қоректілігінің алғашқы кӛрсеткіші. Кӛпжылдық шӛп, жүгері, арпа, картоп, асбұршақ, азықтық қызылша сияты негізгі азықтық дқылдардың әр гектарынан алынған түсімді бағалау, сол түсім құрамындағы құрғақ зат, протеин, клетчатка, май және азотсыз экстрактивті заттарды жалпы мӛлшері. Азық қоректілігін қорытылатын қоректік заттар арқылы бағалау. Азықтың қорытылуы- мал қоректенуінің алғашқы сатысы. Азық құрамындағы қорытылатын қоректік заттарды анықтау тәсілері. Қорыту коэффициенттері туралы ұғым. Қоректік заттар қорытылуын ұлғайту жолдары. Азықтың қорытылу дәрежесіне әсер ететін факторлар. Қорытылатын қоректік заттар қосындысы мен қорытылатын энергия мӛлшеріазықтың энергиялық қоректілігінің кӛрсеткіші. Протеиндік қатынас. Мал денесінде зат, энергия алмасу деңгейін анықтау тәсілдері. Зат және энергия алмасуы- мал денесіндегі тіршілік үрдістері және малдан мол ӛнім алу негізі. Азықтандыру арқылы мал денесіндегі материалдық ӛзгерістерді зерттеу, осы мақсатта қолданылатын тәсілдер. Мал азықтандыру арқылы ғылыми- шаруашылық және теңгермелік тәжірибелер жасау. Денедегі азот пен кӛміртегі тепе-теңдігін анықтау. Респираторлық тәжірибе (тыныс алдыру) арқылы денедегі энергия тепе-теңдігін анықтау. Таңбаланған атом тәсілі. Азықтың жалпы энергиялық қоректілігін баалау. Азықтың энергиялық қоректілігі туралы түсінік. Азықтың жалпы қоректілігін бағалау тарихы мен оның дамуы. Энергиялық қоректілікті бағалау бірлігі (ӛлшем), қорытылатын қоректік заттар қосындысы (ҚҚЗҚ), скандинавиялық азық бірлігі (ӛлшемі), крахмал эквиваленті, сұлы азық ӛлшемі. Азықтың энергиялық қоректілігін бағалау тәсілдері. Мал шаруашылығын азық энергиясымен қамтамасыз ету негізі- азықтық дақылдар ӛнімділігін арттыру және табиғи азық ӛнім түсімділігін арттыру.
Жоғары сапалы шөп алу әдісі
Шөпті әзірлеу технологиясы. Шөп дайындаудың әдеттегі және дәстүрлі әдістері бойынша шөпті шауып алып, ауа-райының қолайлы кезінде бірнеше сағатқа жайып алады. Одан кейін шөпті тырмалап үйеді де, қажетті қа­лыпқа дейін кептіргеннен соң бір жерге шөмелеге салып, жинайды. Шөптің бойындағы құнарлы заттарын жоғалтуы механикалық және химиялық болып бөлінеді. Құнарлы заттарды механикалық түрде жоғалту дегеніміз - шөпті жинау және қопсыту барысында өсімдіктің өзінің бағалы бөліктері болып табылатын гүлдері мен жапырақтарының сынуы. Әсіресе, гүлдері мен жапырақтары жалпы салмағының 50 пайызын құрайтын бұршақ дақылды өсімдіктерді жинау барысында жалпы шөп көлемін жоғалту қомақты мөлшерде болады. Механикалық түрде шөп көлемін жоғалтуды азайту үшін шабылған шөпті көп қозғай бермеу керек. Ал химиялық түрде шөп кө­лемінің азаюы жаңа шабылған шөп жасушаларында зат алма­судың, яғни биохимиялық үде­рістің тоқтамауы әсерінен болады. Демек, шөптің құрғауы неғұрлым тезірек болса, оның бойындағы ақуыз, көмірсутегі, майлар, дәрумендердің ыдырау үдерісі де соғұрлым тезірек тоқтатылып, құнарлы заттардың жоғалуы да барынша азая түседі. Жоңышқаны кептіру айтар­лықтай қиын, өйткені оның сабағы қалың. Сондықтан оны жинау кезінде арнайы сабақты жалпайтып тастайтын шөп машиналары қолданылады. Осылайша ол тез кебеді, алайда, сабақтарын жалпайту кезінде өсімдіктің ыл­ғалдылығы, онымен бірге құнарлы заттары жоғалады. Дәнді дақылды шөптерді жалпайтпайды, өйткені олардың сабақтары жіңішке, яғни тез кебеді. Арнайы желдету арқылы шөпті жеделдетіп кептіруді жүзеге асыруға болады.

Тайланған (буылған) шөпті дайындау үшін оның ылғалдылығы 30-35 пайызға дейін төмендегенше кептіріп, мая етіп жинайды. Дәруменді шөп жас малдар мен асыл тұқымды жануарлар азығына қолданылады. Оны жасанды әдіспен құрғатады, күн көзі астында көп ұстамайды, өйткені ультрафиолет толқындары салдарынан каротині ыдырайды.
Шөпті сақтау тәсілдері. Құр­ғақ шөпті қорада, шатыр астында сақтайды. Кейбіреулер арнайы шөп сақтайтын төбесі жабық орын жасайды. Ол үшін жерге ұзындығы 7-7,5 метрлік бағана тұрғызылады. Әр бағананың қасына тағы бір 1 метрлік бағананы орнатады. Қысқа бағаналарға тақтайлар қойылып, үстіне шөп жиналады. Ішінен қысқышпен нығыздалған 60x100 см. қайрақпен байланысқан қаңқа төбе болып табылады. Қаңқаны бағаналарға кигізіп қояды да, шатыр жасайды. Шөп жиналғаннан соң белгілі бір биіктікте шатырды бекітеді.
Жұмсалатын шығын:
Кішкентай ағаш шалғы сатып алуға = 700 - 1 200 теңге.
Үлкен ағаш шалғы сатып алуға = 1 500 - 2 500 теңге.
Орақ сатып алуға = 400 - 700 теңге.
Электрмен немесе бензинмен жұмыс істейтін моторлы шалғы сатып алуға = 7 500 - 50 000 теңге.
Қол тырма сатып алуға = 500 - 1 000 теңге.
Жіп сатып алуға 1 метрі = 5 - 10 теңге.
Кіретін кіріс: Шөп 1м2 = 14 - 22 кг.
1 кг шөп = 8 теңге. 1 тонна шөп = 8 000 теңге.

Қазіргі уақытта еліміздегі мал басының көбейе түсуіне байланысты оның негізгі азығы болып есептелетін шөп әзірлеп сату тиімді бизнес, түріне айнала бастады. Бұл іспен мал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық құрамы
О. Кельнер тәжірибесі. Қорытылу коэффициентін есептеу
Азықтардың қоректілігі. Азық қоректілігін бағалау әдістері. Қоректі заттардың мал организмі үшін маңыздылығы
Жануар тектес азық
Азық қоректілігінің алмасу энергиясын бағалау
Азық құрамындағы қоректі заттардың рөлі мен маңызы малды толық құрамды азықтандыру оған қажетті қоректік заттарды анықтайтын факторлар
Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері
Азық қоректілігін энергетикалық қоректілік бойынша бағалау әдістері
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру
Азықтардың химиялық құрамы
Пәндер