Құс өнімдері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2, 1. Құс шаруашылығы

2, 2. Құс өнімдері

2, 3. Құс асылдандыру жұмыстары

2, 4. Қолға үйретілген үй құстарының

2, 5 Экстерьеріне қарап құстың жынысын, жасын жəне денсаулығын анықтау

2, 6. Жұмыртқа құрамы

3. Қорытынды

4. Әдебиеттер

Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді бір саласы. Бұл саланың өркендеуіне тиісті жағдайлар жасалса, аса қысқа уақыттың ішінде еңбекті де, азықты да, қаржыны да аз жұмсап, жұғымдылығы жоғары өнім - етті және жұмыртқаны жылдың төрт мезгілінде де көп мөлшерде өндіруге болады. Жұмыртқа әртүрлі қоректік заттарға бай келеді. Сондықтан ол жұғымдылығы да, сапасы да жоғары өнімдердің қатарына қосылады. Дені сау құстан алынған жұмыртқа өте таза болады. Сондықтан одан ауру тарамайды. Құстың жұмыртқасы мен еті диеталық тағамдарға жатқызылады. Өйткені олар адам организміне өте жақсы сіңеді. Тамаққа жұмыртқаны пайдаланғанда ол заттың дұрыс алмасуына ықпал етеді, нерв жүйесін нығайтып, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Республика медицина ғылым академиясының тамақ институты жан басына тәулігіне орта есеппен 50 гр немесе жылына 365 жұмыртқа қажет екенін анықтап берді.

Жоғарыда айтылғандай, жұмыртқа адамға қажетті жеңіл сіңетін қоректік заттардың бәріне де бай. Оның құрамында құнды белоктар, майлар, углеводтар, жиырмадан астам минералды заттар және оннан астам витаминдер бар. Ұзақ уақыт сақтау үшін жұмыртқаны ұнтаққа немесе мұздатылған қоспаға айналдырады яғни белогімен сарысын өз алдына жеке-жеке өңдейді. Жұмыртқа ұнтағымен мұздатылған қоспаны тамақ дайындағанда, нан пісіргенде, кондитер тағамдарын, майонез, макарон, вермишель және балмұздақ жасағанда пайдаланады.

Жұмыртқа халық шаруашылығының басқа салаларында кеңінен пайдаланады. Жылтыр және хром былғары жасаған кезде кептірілген белок қолданылады. Тоқыма өнеркәсібінде ондай белок матаның түсіне нәзік рең беретін бояулардың тез оңып кетпеуі үшін қолданылады, бекіткіш ретінде белок баспахана бояуларында, сондай-ақ фотография өнеркәсібінде пайдаланылады, ал шарап жасағанда оған белок қосса, ол мөлдір болады. Жұмыртқаның сарысы терінің ерекше сорттарын илегенде, сабын қайнатқанда және косметикалық өнеркәсіпте қолданылады. Медицина және мал дәрігерлігі өнеркәсібінде сарысу (сыроватка), вакциналар және бактериялық құралдар дайындаған кезде, фармакологиялық дәрі-дәрмектер жасағанда да жұмыртқа пайдаланылады.

Республикадағы тамақ институтының деректері бойынша күніне орта есеппен адамға 3000 калорияға жуық азық қажет екен. Ал жан-жақты дамып, дұрыс өсіп-жетілуі үшін дені сау адам калориялылығы жоғары ет, жұмыртқа, сүт, балық т. б. өнімдерді тұтыну қажет. Ғылымға негізделіп жасалған тамақтану нормасына сәйкес бір адамға тәулігіне орта есеппен 101-105 г белок керек деп есептеледі. Мұндай белокты адам балық, жұмыртқа, сүт сияқты өнімдерді тұтыну есебінен, ал оның шамамен 50 процентін еттің есебінен алып отырады. Жылында бір адамға керек еттің орташа нормасы 80-85 кг, оның ішінде құс еті 10-16 кг болуы қажет. Құс еті маңызды диеталық тамақ болып табылады. Оның құрамында құнды белок май, минералдық заттар, витаминдер мол. Сондықтан оны, әсіресе балалар мен науқас адамдарды тамақтандыруға пайдаланудың маңызы зор. Құс етінің басқа еттерден айырмашылығы онда протейн көп және дәнекер ұлпа тканьдер аз, бұлшық еттерінің ара-арасында май қабаты болмайды. Тауық пен күрке тауық бұлшық етінің талшықтары суда жүзетін құстар бұлшық етінің талшықтарынан нәзік келеді.

Құс етінде орта есеппен 22-24%, сиыр етінде-18%, қой етінде-15%, ал шошқа етінде 13-14% белок бар. Құсты ет үшін өсіргенде өндіріс интенсивті сипат алады. Осыған байланысты оған жұмсалған қаржы шошқа етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 3-4 есе, ал сиыр етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 8-9 есе тез өтеледі.

Құстың қосалқы өнімдері-қауырсыны мен мамығы да өте пайдалы. Жұмсақ, жеңіл, серпімді және көпке шыдайтын болғандықтан одан мамық жастық, мамық көрпе, құс төсек т. б. жасалады. Құрғақ қауырсын шірімейді, иісі болмайды және оны бөгде басқа заттардан оңай тазартуға болады. Сондықтан қауырсын мен мамық галантерия бұйымдарын жасағанда кеңінен пайдаланылады. Сапасы төмен қауырсындардан азықтық ұн дайындалады. Мұндай ұнда 80-85% протеин мен витамин болады.

Егер дұрыс күтіп, дұрыс азықтандырып отырса, тауықтың қазіргі жұмыртқалағыш тұқымдары жылына 260 жұмыртқаға дейін, тіпті одан да көп жұмыртқа салады. Соған орай жылына бір тауықтан 120 балапан алуға болады. Құстың тез өсіп-жетілгіштігінің шаруашылықтың бұл саласының интенсивті дамуына тигізетін ықпалы зор. Тауықтар бес айлығында, ал кейде тіпті одан да ертерек жұмыртқалай бастайды.

Тәжірибе мынаны көрсетіп отыр: өндіріс дұрыс ұйымдастырылған болса, құс өсіретін шаруашылықтарда 10 жұмыртқа өндіру үшін небары 1, 5-1, 8 кг жем жұмсалады, ал 1 кг қосымша бройлер етін өндіруге жұмсалатын жем 2, 5-3 кг артпайды: бұл-1кг шошқа етін өндіруге кететін азықтан үш-төрт есе аз. Сонымен мың жұмыртқа өндіруге немесе қосымша бір центнер ет өндіруге қажет уақыт мал шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлерін өндіруге кететін уақыттан едәуір аз. Осы артықшылықтарына байланысты құс өсірудің экономикалық жағдайлары мал шарашылығының басқа салаларының экономикалық жағдайларына қарағанда едәуір тиімді болып табылады.

Құс шаруашылығын өнеркәсіптік негізде ұйымдастырудың маңызы. Өндірісті және мамандан-дырылмайынша құс шаруашылығын өнеркәсіптік негізде дамыту мүмкін емес. Мұның өзі құс шаруашылығын екі бағытта-жұмыртқа және ет өндіру бағыттарында өркендету, құс өсіретін мамандандырылған совхоздар асыл тұқымды құс шаруашылықтарын, инкубатор станцияларын колхоздар мен совхоздарда механикаландырылған фермалар ұйымдастыру арқылы асырылады. Осыған байланысты құс өсіретін бірлестіктер мен комплекстер ұйымдастыруда маңызы ерекше. Ондағы жұмыстардың барлығы индустриялық әдістермен жүзеге асырылады.

Құс асылдандыру жұмыстары. Жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін тауықтарға жүргізілетін селекциялық асылдандыру жұмыстарының ерекшеліктері. Қазіргі уақытта жұмыртқа өндіру бағытындағы құс шаруашылығында негізінен бір тұқым (ленгорн) өсіру қалыптасты. Селекция салынған жұмыртқаның жалпы санына және жұмыртқа массасына немесе олардың компоненті болып табылатын әйтеуір бір белгілеріне қарай жүргізіледі. Мұндай белгілер жыныстық жағынан пісіп-жетілу, мекиендердің әр түрлі жастарындағы жұмыртқалағыштық интенсивтілігі, жұмыртқа салудың ұзақтығы, жұмыртқаның масасы т. б. болуы мүмкін. Сондай-ақ селекцияны өнімділікке жанама байланысты: денесінің массасы, кейбір ауруларға төзімділік, жемнің жоғары қайтымдылығы тәрізді белгілері бойынша да жүргізіледі. Негізгі селекциялық топ ұрпақтарды сынаққа алу негізінде ішкі және линия аралық өсіру үшін қажетті генотиптерді анықтауға арналған. Құстарды ұстау ұялық тәсілде әдетте әр ұя бір әтеш пен 16-20 мекиен линиясынан тұрады. Бір линияға 60 ұя бөлінеді.

Сынаққа түсуші негізгі селекциялық үйірден ішкі линиялық шағылыстыру мен линия аралық будандастырудан барлық ұрпақтың қасиетін алады. Әрбір мекиеннен 5-7 ұрғашы балапан, ал барлық линиядан 5700-7000 шөже іріктеледі. Құстарды ұстау топтық тәсілде. Есепке алу жекеше. Сынаушы-құс қорада балапандары 68 апталық жасқа немесе 72 апталық жасқа дейін ұстайды. Сынау және баға беру, аяқталған соң құстарды ішкі және линия аралық өсіру үшін негізгі селекциялық үйірге, көбейтуге ауыстырады немесе жарамсыз деп табады.

Ет өндіру бағытындағы тауықтармен селекциялық-асылдандыру жұмыстарының ерекшеліктері. Селекциялық жұмыс процесінде линия жасау үшін ең жақсы тауықтарды таңдап алу мақсатында жекеленген қасиеттерге баға берумен құстарды таңдап алуды мынадай белгілер бойынша жүргізеді: тірі массасы (8 апталық және 34 апалығында) ; қауырсындандыру жылдамдығы (7-10 және 56 күндігінде), дене құрылысының еттік формасы (8 апталығында), жеген жемін өтеуі жұмыртқалағыштық және инкубатор жұмыртқаларын саны, жас және ересек құстардың сақталуы.

Еттік тауық өсіруде селекциялық жұмыс әдетте, жас құстармен жүргізіледі. Мұнда тауықтар мен қораздарды таңдап алуға үлкен маңыз беріледі. Үйлесімділігін үйрену үшін бұл арада диаллельдік будандастыру керек. Репродуктор шаруашылықтарда құс асылдандыру жұмыстары жаппай селекция әдістері арқылы жүргізіледі. Құстарды таңдап алу олардың сегіз апталығында массасына, қауырсындауына, кеудесінің кеңдігіне қарай жүзеге асады. Одан әрі өсіру үшін жас аталық формадағы мекендердің 60-70% мен қораздардың 25-30% және аналық формадағы мекиендердің 70-80% мен қораздардың 30-40% қалдырылады. Репродуктор шаруашылықтар жыл сайын мемлекеттік асыл тұқымды құс заводтарынан тұқымды жұмыртқалар мен тәуліктік балапандар алып отырады.

Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда. [1]

Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны(мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі. Тауықтәріздестерден - тауық, күркетауық, тысыр тауығы (цесарка), тауыс және жапон бөденесі. Үйрек пен қаз да ақолға үйретілген құстарға жатады. Кептер тәріздес құстар отрядынан қолға үйретілгені - көгершін.

Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат - олардың жұмыртқасы мен етін алу. Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың - феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық қолтұқымы Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауыс, көгершін және баққунақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торла қолдан өсіріледі. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені - асыранды қаз.

Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қу тұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Асыранды қаздың жабайы арғы тегі сұр қаз бен қу тұмсық қаздар. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ олар өзара жүптасып, ұрпақ бере алады.

Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 50-80 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін атақаздардың орташа салмағы 5 - 8 килограмм. Аналық қаздар 4 - 7 килограмм салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2, 5-3 айлық қаздарды союға жібереді, оның әрқайсысы 3, 5-4, 5 килограмм ет береді. Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италиялық, рейн, үлкен сұр қаз деп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі. Еуропа елдерінде (Франция, Венгрия, Польша, т. б. ) қаздың бауырын пайдалану мақсатында да арнайы өсіреді. Ондай қаз қолтұқымдарына тулуз, ланд, италиялық, рейн қаздары жатады.

Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні - үй тауығы. Тауық мүшелді жыл санауда 10-жылды иеленген. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі - Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл тауық Үндістан жерінде, Ява, Суматра, Цейлон, Зонд аралдарындағы орманды алқаптарда таралған. Оның тұрқы шағын, салмағы 600-800 грамм, ұясын жерге салып, жылына 8-12 жұмыртқа салады. Үй тауықтарының барлық қолтұқымдары жабайы банкив тауығынан ұзақ жылдардағы сұрыптау нәтижесінде шығарылған, Үй тауығынан алынатын жұмыртқа мен етіне байланысты, бірнеше бағытта өсірілетін қолтүқымдар бар. Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді. Әрбір қолтүқым белгілі бір мақсатқа сай (мысалы, жұмыртқа алу немесе дәмді ет үшін, т. б. ) есіріледі. Қолтұқымның дене құрылысында, тіршілік әрекетінде өзіне тән белгілері болады. Ондай белгілер тұқым қуалап, ұрпақтарына беріліп отырылады. Үй тауығының қол тұқым дары негізінен мынадай бағытта өсіріледі: Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары. Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220 - 250, кейде одан да көп жұмыртқа береді. Леггорн, минорка, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж осындай қолтұқымдарға жатады. Қолтұқымдар арнайы ірі құс фабрикаларында өсіріліп, оларға ерекше күтім жасалады. Ондағы барлық жұмыстар (тауықтарды қоректендіру, жұмыртқаларды арнайы инкубаторда шайқау, т. б. ) техника күшімен жүргізіледі. Етті бағытта өеірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок қолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта өсірілетін тауық қолтүқымдарының балапандары тез жетіледі әрі қарқынды өседі. Ондай 7-8 апталық балапандар орташа 1, 5 - 1, 8 кг салмақ тартады. Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды жаппай сойып, сатуға шығарады. «Бройлер» - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы «отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді. Олардың еті жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында өте бағалы нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз жүмсалатындықтан, шаруашылық үшін тиімді. Бройлер балапандарын өсіру үшін арнайы жабдықталған құс фабрикалары жұмыс істейді. Әйнегі жоқ кең бөлмелердегі еденге қалың төсеніш жасап, сапалы құрама жеммен қоректендіреді. Тәулік бойы жасанды жарық пен қараңғылық үнемі алмастырылып тұрады.

Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш бағытта да өсірілетін тауықтың қолтұқымдары (мысалы, ақ плимутрок) бар. Төбелестіру мақсатында малай, үнді, ағылшын қолтұқымдары өсіріледі. Ондай тауықтардың аяқтары ұзын, сіңірлі келеді. Денесі мығым, шоқысуға, тепкілесуге бейім. Қолға үйретілген үйректің арғы тегі - жабайы барылдауық үйрек. Үй үйректері бұдан 6-7 мың жыл бұрын Месопотамия аймағында және Қытайда қолға үйретілген. Оны да еті, мамығы үшін өсіреді. Қолға үйретілген үйректің тағы бір түрі - мускусты үйрек. Ол алғаш рет Оңтүстік Америкада қолға үйретілген. Оның да еті жұмсақ әрі дәмді, майы аз болады.

Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі - күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр тауығы деп те атайды) . Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде ңесарканы Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Жапонияда қолдан өсіретін үй құсының бірі - бөдене. Оның жүмыртқасы да, еті де адам ағзасына сіңімді әрі шипалы. Бұл құс өте өсімтал. 5-6 апталық бөдене жұмыртқалай береді. Әрбір бөденеден өнеркәсіптік негізде жылына 250-300 жұмыртқа алуға болады. Қазіргі кезде АҚШ-та осы бөдененің «фараон» деген етті қолтұқымы өсіріледі. Қоразының салмағы - 200 грамм, ал мекиені 250 грамм тартады. Бөдене өсіретін құс фабрикалары соңғы кезде Италия, Франция, Германия елдерінде көбейіп келеді. Азияның оңтүстігінде бұталы, орманды жерлерде тауыстың бірнеше жабайы түрі кездеседі. Тауыс құсы қауырсын түсінің әдемілігіне сәйкес әсемдік үшін арнайы қолда өсіріледі. Құйрық қауырсындары ұзын әрі онда көзге ұқсас, түрлі түсті ірі өрнектері болады.

Қазіргі кезде көптеп қолға үйретіле бастаған құс - африкалық түйеқұс. Оның еті, жүмыртқасы тағам ретінде пайдаланылады. Түйеқұс өсіретін фермалар АҚШ-та, Қытайда, өзге де елдерде бар. Тіпті Қазақстанда (Қостанай өңіріндегі «Қарабатыр» шаруа қожалығында, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында және т. б. өңірлерде де) африкалық түйеқұс өсірілуде.

Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Құс өсірудің өнеркәсіптік сипаты бар. Әсіресе арнаулы құс фабрикаларында тауық өсіру халықты етпен, жүмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір ғана құс фермасында 300 мыңнан астам құс өсіруге болады. Одан жыл сайын миллиондаған тонна жұмыртқа алынады. Қазіргі кезде түйеқұс өсіруге ерекше назар аударылуда. Бөдене өсірумен шүғылданатын да шаруашылықтар бар

Экстерьеріне қарап құстың жынысын, жасын жəне денсаулығын анықтау белгілері. Жасы үлкен тауықтардың жыныстық айырмашылықтары анық көрінеді: қораздар мекиендерден тұлғалы, олардың бастары үлкен, көкірегі жалпақ, ал жамбасы жіңішкелеу келеді. Қораздардың қауырсындарының бояуы əдетте мекиендерге қарағанда түрлі-түсті ашық болады. Күрке тауықтар мекиендерінен көп үлкен, терісінің бірнеше қатпарлары мойнында «маржан алқасы» жəне тұмсығының үстінде «етті өсіндісі» құрайды. Көкірегінде бір шоқ қатты қауырсыны «сақалы» болады. Кежектердің (еркек үйрек) құйрығында жоғары қарай сақина сиқты бұйраланған екі қауырсыны бар жəне мекиендерге қарағанда кежектер қырқылдамайды, быжылдайды. Еркек қазды ұрғашы қаздан тек жыныстық мүшесіне қарап қана ажыратуға болады. Құстың жасын балапан шыққан күнге қарап қана дəл анықтауға, ал сырт тұлғасына қарап жасын шамамен анықтауға болады. Жасы үлкен, қартайыңқырап қалған құстың салмағы да үлкен, қауырсындары болбыраған, табан сүйектеріндегі қабыршақтары қата бастаған, сүйектен бөлініп, қатпарланып тұрады. Қораздың жасын тепкі тырнағының ұзындығына қарап анықтайды, ол жыл сайын 1, 5-2 см өсіп отырады. Ал балапандардың жасы қауырсындарының дамып өсуіне қарап анықталады. Құстың денсаулығын оның сыртқы түрі мен мінез құлығына қарай білуге болады. Дені сау құс көп 4 қозғалады. Жем мен суды бірқалыпты ішіп жейді, құсхана құсқа тəн шуға толы болады, қауырсыны таза, əрі жалтырайды. Дені сау құстың көздері шығыңқы, жылтырап ажарлы келеді. Əлсіз ауру құс аз қозғалып, жемді нашар жейді, қауырсыны кір үрпиіп тұрады. Көздері бұлдырап, көбінесе ісіңкі келеді. Айдары сұп-сұр көкшілденген келеді. Құс тəжірибиесінде экстерьерді бағалаудың əр түрлі əдістерін қолданады. Көбінесе: а) көзбен бағалау; б) құс денесінің өлшемдерін алу; в) құсты суретке түсіру; Құстың дене бітімдерін зерттеу. Дене бітімдерін сырт тұлғаға қарап суреттеуге болады. Соған қарай құстардың дене бітімдерінде мынадай кейбір мінездемелері мен кемшіліктері болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудандағы шаруа қожалықтарының жұмысын тиімді арттырудың негізгі жолдары, жергілікті мемлекеттік органдардың рөлі
Маркетинг өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің кешенді жүйесі ретінде
Құс өнімдерінің сапасын бақылау
Тамақ өндірісі
Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер
Мал шаруашылығының өнімдері
Тамақ өнеркәсіптерінің орналасқан жері, басты өнімдері және кәсіпорындары
Жылқы етінің химилық құрамы
Үлгі алу тәсілінің нормалық құжаттар
Майы сарғыш түсті, жұмсақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz