Берікқара шатқалы

Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. Жамбыл өлкесінің гографиялық орналасуының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ..4
2.Табиғи ескерткіштері және онда белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3. Табиғи су көздеріндегі су туризмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .14
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кіріспе
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Белсенді туризм, экстремалды спорт түрлері жеке адамның рухани және физикалық дамуын, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеудің, халықтар мен дәстүрлер арасындағы өзара түсінушілік пен өзара құрметтеудің негізгі тиімді құралы әрі өмірді, тарих, мәдениет, халық дәстүрлерін шынайы танып-білуге негізделген халықтық дипломатия формасы; мектеп жасындағы балалардан бастап, жастар, студенттер, зейнеткерлерге дейін халықтың барлық әлеуметтік-демографиялық тобының өзіндік белсенділік формасын таңдаудағы тәуелсіздікпен сипатталатын демалыстың демократиялық түрі болып табылады. Белсенді туризм - бұл физикалық күш пен демалыстың үйлесімінің мүмкіншілігі, саяхат пен қызықты оқиғаларды ұнататын адамдардың іс-әрекеті. Бұл қазіргі заманғы туризмнің ең белгілі әрі ең қызықтыларының бірі болып келеді. Атап айтар болсақ жаяу туризм немесе треккинг, Спелеотуризм (жабдықталмаған үңгірлерді аралау, саяхат жасау), Спелестология (жасанды пайда болған жер асты құрылымымен саяхат жасау), Велосипед туризмі немесе веложорықтар, Альпинизм (қатал техникалық және физикалық дайындықты талап етеді), Тау шаңғылары және сноуборд, Ски-альпинизм, Винсерфинг (кемелік тақтайда суда сырғанау), Дайвинг (аквалангпен немесе онсыз судың астында жүзу), Серфинг (толқынмен кемесіз сырғанау), Вейкбординг (катердің артынан жетектелудің бірі), Кайтинг, Байдарка және өзен қайықтарымен жүзу, Каякинг, Рафтинг немесе өзенмен жүзу. Көптеген белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру үшін Жамбыл өңірі қолайлы жағдай туғызып, оны нақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұнда Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи ескерткіштер көп. Сонымен қатар табиғи ерекшеліктерінің болуы өңірде жаяу туризмді, атпен және мото-, авто-, вело-, сияқты белсенді туризм түрлерін ұйымдастыруға мол мүмкіндіктер береді.

1. Жамбыл өлкесінің гографиялық орналасуының ерекшелігі.
Жамбыл облысы -- Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы -- 144,2 мың км². Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Облыс Тянь-Шань тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, кіріс туризімін дамытуға өте қолайлы, табиғи ресурстарға бай өлке. Бұлар: бос алқаптар, алқаптағы көлдер, Шу өзені, биіктігі төмен Қаратау беттері, биіктігі орташа Қырғыз тауының, жоғарғы биіктіктегі Талас, Алатау беткейлері. Осы уақытқа дейін ешкім тимеген табиғи орындары, сонымен қатар 4 (төрт) қорғауға алынған жерлері бар. Солардың бір тобы -- Жуалы ауданындағы Берікқара кешені, Андасаи мемлекеттік табиғи аймағы, Қарақоңыз мемлекеттік табиғи аймағы, Жусандала мемлекеттік табиғи аймағы. Табиғи ресурстарды туристік бағытта қолдану, тұрғылықты халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету арқылы жоғары нәтижелі туристік инфрақұрылымды құруға мүмкіндіктер туғызады. Жамбыл облысы территориясының басым көпшілігі жазық ойпатты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1-сурет. Жамбыл облысының географиялық орналасуы.
Солтүстік аймағында Бетпақдала шөлі (200 - 300м), орталық және Оңтүстігінде Мойынқұм шөлі (400-600м) орналасқан. Территория солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп көтеріледі. Оңтүстігінде Қырғыз Алатауы созылып жатса, батысы мен шығысында Қаратаумен (1000-4200м), Айтау (1000-2000м), Шу-Іле таулары (800-1000м) көмкереді. Облыс территориясының солтүстігінде, солтүстік-батыста ашық жатуы, ыстық тропиканың континентальды, арктикалық суық ауа массаларының емін-еркін еніп кетуіне жағдай жасайды.
2.Табиғи ескерткіштері және онда белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру мүмкіншіліктері.
Жамбыл облысында туризмді дамытуға жақсы алғышарттар бар. Облыс "Жiбек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыру, дамыту, туризм инфрақұрылымын құру" мемлекеттiк бағдарламасына іліккен, облыст аумағында белсенді туризм түрлерін дамытұға айтарлықтай мүмкіндіктер бар. Берікқара шатқалы (қорықша) - республикалық маңызы бар кешенді мемлекеттік табиғи қорықша, ол Жуалы ауданының орталығы Б. Момышұлы ауылынан 30 шақырым жерде, Билікөл көлінің жағасында, Қаратау тауының Берікқара жотасында орналасқан. Жуалы ормандарын жəне онда тарал-ған жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған мемлекеттік Билікөл орманшылығы мекемесінің ауданы 17109 гектар.

2-сурет. Берікқара шатқалы.
Берікқара ЕҚТА-та зерттелген мəліметтер бойынша өсімдіктер мен жануарлардың реликт (бір материкте өсетін) жəне эндемик (бір ғана жерде өсетін) түрлері көп кездеседі. Қаратау жотасының жайпауыт беткейі жайлы шатқалдарымен өзіне тəн бірегей табиғатымен сипатталынады. Берікқара ерекше қорғалатын табиғи аймағында сирек кездесетін 50 түрлі өсімдіктер кездеседі. Зерттеу кезінде бұл өлкеде сипатталынған 50- ден астам өсімдіктер өсетіндігіне біз көз жеткіздік. Олар, ағаш бұта жəне шөптердің сирек тұқымдары,тіпті қорықшаның өзіндесирек кездесетін Семенов үйеңкісі, Сиверс алмасы, согдиана шағаны, трансэндемикалақ түр Берікқара терегі, Грейг қызғалдағы жəне т.б. өседі.

3-сурет. Берікқала. Жаяу жүрушілерге арналған жолақ.
Берікқара ЕҚТА-ында өсімдіктерді зерттеу қауымдастықтарында Берікқара терегі мен қатар Грейг қызғалдағыда ерекше орын алады. Жалпы ресми түрде Берікқара ерекше қорғалатын табиғи аймағы қызғалдақтар отаны деп мойындалған (Сурет 6). Грейг қызғалдағы (Tulіpa greіgіі) - лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Ол біздің зерттеуімізде Қаратау жотасын мекендейді. Жалпы грейг қызғалдағы республикада Шу-Іле тауларында, Қоржынтауда, Талас жəне Қырғыз Алатауында да кездеседі. Грейг қызғалдағының биометриялық көрсеткіштерін анықтау барысында оның биіктігі 40 - 50см аралығында,сабағы жуан түктішелі болатындығы анықталды. Жапырағы жалпақтаспа тəрізденген, кейде жиегі иректелінген, үстіңгі бетінде қою күлгін таңбалары болады. Қызғалдақтың гүлдері əрбір өсімдікте жеке дара, қызыл, я болмаса қызғылт-сары түсті болып келеді. Ол көктемдегүлдейді. Тұқымы арқылы жəне вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі - қорапша.

а) б)
4-сурет. Берікқала шатқалының тағы бір көрінісі.
Көксай шатқалының етегі Ақсу-Жабағылы табиғат қорығының буферлік аймағы болып табылады да, Оңтүстік Қазақстан облысына бағынады. Бұл аймақ, биологиялық құндылықтарға толы: тоғайлар, арша тоғайлары, таулы альпі шалғындары шалғынды далалармен алмасып отырады. Тоғайларда қайыңның жойылып бара жатқан түрлері (талас және тянь-шань қайыңдары), ұсақ жапырақты тас, Түркістан рябинасы, ағашты және бұталы аршалар өседі. Таулы далалар мен шалғындар түр кұрамына бай, олар бағалы сәндік және дәрілік өсімдіктердің тектік коры болып табылады. Мәселен: мыңжапырак, зверобой, зезифира, сиыршан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының туристік географиясы
Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территориялары
Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Туризм саласын дамытуға арналған жиын
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
Пәндер