Ақтөбе облысының орналасуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Ақтөбе өлкесінің гографиялық орналасуының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ..4
2.Табиғи ескерткіштері және онда белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3. Табиғи су көздеріндегі су туризмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...14
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кіріспе
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Белсенді туризм, экстремалды спорт түрлері жеке адамның рухани және физикалық дамуын, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеудің, халықтар мен дәстүрлер арасындағы өзара түсінушілік пен өзара құрметтеудің негізгі тиімді құралы әрі өмірді, тарих, мәдениет, халық дәстүрлерін шынайы танып-білуге негізделген халықтық дипломатия формасы; мектеп жасындағы балалардан бастап, жастар, студенттер, зейнеткерлерге дейін халықтың барлық әлеуметтік-демографиялық тобының өзіндік белсенділік формасын таңдаудағы тәуелсіздікпен сипатталатын демалыстың демократиялық түрі болып табылады. Белсенді туризм - бұл физикалық күш пен демалыстың үйлесімінің мүмкіншілігі, саяхат пен қызықты оқиғаларды ұнататын адамдардың іс-әрекеті. Бұл қазіргі заманғы туризмнің ең белгілі әрі ең қызықтыларының бірі болып келеді. Атап айтар болсақ жаяу туризм немесе треккинг, Спелеотуризм (жабдықталмаған үңгірлерді аралау, саяхат жасау), Спелестология (жасанды пайда болған жер асты құрылымымен саяхат жасау), Велосипед туризмі немесе веложорықтар, Альпинизм (қатал техникалық және физикалық дайындықты талап етеді), Тау шаңғылары және сноуборд, Ски-альпинизм, Винсерфинг (кемелік тақтайда суда сырғанау), Дайвинг (аквалангпен немесе онсыз судың астында жүзу), Серфинг (толқынмен кемесіз сырғанау), Вейкбординг (катердің артынан жетектелудің бірі), Кайтинг, Байдарка және өзен қайықтарымен жүзу, Каякинг, Рафтинг немесе өзенмен жүзу. Көптеген белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру үшін Ақтөбе өңірі қолайлы жағдай туғызып, оны нақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұнда Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи ескерткіштер көп. Сонымен қатар табиғи ерекшеліктерінің болуы өңірде жаяу туризмді, атпен және мото-, авто-, вело-, сияқты белсенді туризм түрлерін ұйымдастыруға мол мүмкіндіктер береді.

1. Ақтөбе өлкесінің гографиялық орналасуының ерекшелігі.
Ақтөбе облысы -- Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.
oo солтүстікте -- Ресей Федерациясының Орынбор облысымен,
oo оңтүстігінде -- Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен,
oo батысында -- Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан облысымен,
oo шығысында -- Қостанай облысымен,
oo оңтүстік-шығысында -- Қызылорда облысымен шектесіп жатыр.
Ақтөбе -- Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы. Ақтөбе Қазақстанның батысында орналасқан. 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылдық округ енген жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 2 338 км² тең болды. Қаланың ішімен Елек өзені мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді. Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан.

1-сурет. Ақтөбе облысының орналасуы.
2.Табиғи ескерткіштері және онда белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру мүмкіншіліктері.
Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті зор аймақтарының бірі болып саналады. Ақтөбе облысындағы туризм саласы оң динамикада, облыстың имиджі туризм үшін тартымды аумақ ретінде қалыптасуда, туристік индустрияны дамыту үшін, аймақтың туристік өнімін қалыптастыру және оның әлемдік деңгейге сәйкес сапасын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасалуда. Ақтөбе облысында туризмді дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Бұл республикадағы туризмді дамыту орталықтарының бірі болады. Спорттық туризм әсіресе Ақтөбе облысында белсенді дамып келеді.
Ақтолағай қырқасы - Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5 - 10 км, ең биік жері - Қияқты тауы (217 м).

2-сурет. Ақтолағай табиғаты.
Каспий маңы ойпатымен жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр. Батыс бөлігі жарқабақты сай-жыралармен тілімденген. Ақтолағай қырқасынан Терісаққан өзені бастау алады. Батысында Толағайсор көлі жатыр. Бор, бор-мергельді жыныстардан түзілген. Боз және сортаңды топырағында жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, боз жусан, баялыш өседі. Моңғолша тологой - шың, тау басы деген мағынаны білдіреді
3-сурет. Ақтолағай қырқасы.
Барқын құм - Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында, Ойыл және Қуырдақты өзендері аралығында, Ойыл ауылының оңтүстік-батысында орналасқан. Аумағы 3,4 мың км2. Шөптесін өсімдіктерден жүзгін, құланқұйрық, құмаршық, жыңғыл, сондай-ақ қарағай да жиі кездеседі. Олар құм көшкінін тоқтату мақсатымен 1873, 1899, 1903, 1907, 1913 жылдары отырғызылған. Бүгінде қарағайлы қалың орман пайда болып шоқ тал, қараған, қара терек, қайың өсіп тұр. Құмның етектеріндегі шалғындарда орхидейдің, шатырлы гүлбұтаның, құртқагүлдің сирек кездесетін түрлері пайда болған. Мұнда сіз құмға көмілесіз. Бұл қауіп төндірмейді, бірақ псаммотерапия деп аталатын медициналық процедура. Баркын құмы - бұл терапевтикалық құм ванналарын қабылдауға болатын, тірек-қимыл жүйесі, неврит және радикулит аурулары үшін пайдалы жерлердің бірі. Бұл әдістің ғылыми дәлелі бар. Бұрын теңіз бұл жерде төгілген деп саналады. Енді су қалды, 35 мың гектар жерден ерекше құм төбелер қалды. Бұл жердің тағы бір кереметі - шөлде оазис сияқты пайда болған керемет қарағай орманы. Оның құмды жердегі көрінісі әлі күнге дейін үлкен құпия.

4-сурет. Барқын құмы.
Қобда ауданында көптеген әсем және қайталанбас орындар, демалыс орындары, өсімдіктер мен эндемикалық жануарлар, реликті бұта оазисі бар. Табиғаттың көркем бір бұрышы Шоқпар орманы болып табылады. Бұл мұздық кезеңнен бері сақталған орманның түріне жатады. Батыс Қазақстанда дәл осындай 13 орман кездеседі. Флора мен фаунаның керемет түр ерекшеліктері, нағыз інжу, далада ол 15 гектар жерді алып жатыр. Орманның екі жағы биік төбелер, екінші жағында жартылай шөлді дала болып келеді. Бұл таңғажайып ландшафт түзеді. Дала мен орман араласып Шоқпар орманында осындай флора қалыптастырған. Бұл жерде жүзім мен шыбақтар араласқан 30 метрге дейін көктерек пен қайың бар. Көптеген жерлерде ағаштар, итжидек, бөртпе және басқа да лиано ұқсас өсімдіктермен өзара байланысты.

5-сурет. Шоқпар орманы.
Ақшатау бор тауларының кешені (Күміс таулар). Бор жынысы жіңішке шөптермен жалпақ шыңдармен аяқталады. Ал олардың беткейлері еуропалық және азиялық өсімдіктермен жабылған. Бұл бір кездері Арал-Каспий шөлдері оңтүстік Орал тау етектеріне дейін созылғанын көрсетеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 20 км созылған Ойылдың оң жағалауында орналасқан таулар үлкен қызығушылық тудырады. Күміс тауларының жазық шыңында шалғай шөптердің даласы жатыр, ал бор беткейлерінде еуропалық және азиаттық өсімдік түрлері өседі. Бірақ ең таңқаларлығы онда кеуел тұқымдасы - ақ және ақшылт қызыл түсті, жайылған және диаметрі 5-8 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Ақтөбе облысының демографиялық дамуының қазіргі жағдайы
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Атмосфералық жауын - шашын
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Қостанай облысының азық – түлік өнеркәсібіндегі «Новый день» сүт зауытының алатын орнын анықтау
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Ақтөбе облысының экологиялық өзекті мәселелері
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Пәндер