Каспий жағалауындағы Ақтау қаласы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 Негізгі бөлім
1. Маңғыстау өлкесінің географиялық орналасуы жəне оның туризм дамуына əсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4 2. Қасиетті, киелі орындар мен жер асты мешіттерінің жаяу туризм түріне тигізетін əсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3. Өңірдің табиғи ерекшеліктеріне сəйкес тау туризмін ұйымдастыру мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 4. Каспий теңізіндегі су туризмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13 Пайдаланылған əдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...14

Кіріспе
Қасиет қонған киелі мекен, 362 əулиелі Маңғыстау өңірінің бүгінгі таңда туризмнің көптеген белсенді түрлерін дамытуда айтарлықтай мүмкіншіліктері мол. Өңірдің географиялық орны төрт жолдың торабында орналасуы елге туристердің көптеп келуіне өз септігін тигізеді. Ал мəдени-тарихи орындар, киелі қорымдар мен қаиетті жер асты мешіттердің болуы жаяу т.б. белсенді туризм түрлерінің дамуына ықпал етеді. Өлкедегі климаттық жағдай мен өңірдің табиғат ерекшеліктері атап айтар болсақ, жазда ауа-райы қоңыр салқын, қыста қардың қалың түспеуі жəне өлкедегі көрікті жерлер мен қайталанбас көркем таулардың болуы белсенді (авто-, мото-, тау) туризм түрлерінің ұйымдастырылына жағдай жасайды. Сонымен қоса Маңғыстау облсының Каспий теңізімен шектесіп жатуы өңірде су туризмі түрлерінің ұйымдастырылуы мен дамуына мүмкіндік тұғызады.

Негізгі бөлім
1. Маңғыстау өлкесінің географиялық орналасуы жəне оның туризм дамуына əсері.
Маңғыстау өңірі - Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Қазіргі таңда əлемдік экономикада туристік сала - аса жанды жəне перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі болып табылады. Бүкілəлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына жəне ұлттық мəдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ - Маңғыстау облысы.Маңғыстау өңіріндегі туризмді дамыту қай жағынан алып қарасаңыз да сұранып тұрған сала. Таңғажайып сырға толы табиғатымен қатар көнеден шежіре тартатын тарихы, мəдени-рухани өзгешеліктері шетелдіктер үшін ғана емес, Қазақстанның басқа өңіріндегі тұрғындар үшін де нағыз тартымды бола алады. Қазірдің өзінде Маңғыстау өңірінде туристік əлеуетті дамытатын классикалық, экотуризм, этнотуризм жəне биотуризм секілді бағыттар жолға қойылған. Облыстың транзиттік, көліктік-логистикалық жəне инфрақұрылымдық-сервистік əлеуеті де өте мол. Облыстың құрлықта жəне теңізде бірнеше мемлекетпен шектесуінен басқа, облыс аумағымен ТРАСЕКА жəне Теріскей-Оңтүстік атты Шығыс Еуропа мен Орталық Азия жəне Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағы елдерімен байланыстыратын екі халықаралық жол торабы өтеді. Сонымен қатар, Каспийде Қазақстан, Ресей, Иран, Түркменстан, Əзірбайжанның қатысуымен халықаралық теңіз круизын ұйымдастыру да қолға алынбақ. Маңғыстау облысының болашағы мұнда туризм саласын дамытуға тікелей байланысты. Сондықтан қазір аймақта осы бағытта үлкен жұмыстар жасалына бастады.
2. Қасиетті, киелі орындар мен жер асты мешіттерінің жаяу туризм түріне тигізетін əсері.
Екі жүз қырық тоғыз археологиялық ескерткіш толықтай зерттелген десек, оларға тас дəуірі соңындағы тұрғын кешендер, қола дəуірі мен ерте темір дəуіріндегі діни-жерлеу нысандары, ортағасырлық ескі қалалар, бекіністер, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан керуен сарайлары, археологиялық орындар, сəулеттің үлкен жəне шағын формалары кіретін жүз қырық кешендік ансамбль, сонымен қатар сəулет пен құрылыс мəдениетін танытатын алпыс ескерткіш жатады. Жерасты мешіттері, қауым-қойылымдардағы құлпытастар мен тамдар ерекшеліктері туристерді таңғалдыратыны анық. Табиғат Маңғыстау қорығының басты тартымдылығы екендігі сөзсіз, сондықтан оның аумағында ерекше табиғи 4 ескерткіштердің саны өте зор. Тамшылы - Түпқараған ауданында орналасқан табиғи су көзі. Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 35 км-дей жерде. Тамшалы - кəдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек кеуек үңгір. Айырмасы тек шаңырағы, уығының иінінен жоғарғы жағы жоқ. Кереге басы дерлік деңгейден кей жерінде тас қабырға шып-шып терлеп, кей жерлерінде себезгілеп, мұздай əрі мөлдір тамшы бүркіп тұрады.
1-сурет. Тамшалы.
Маңғыстау Қазақстанның түпкір-түпкірінен жəне шекаралас мемлекеттерден көптеген зиярат етушілер келіп жататын киелі орындарға бай. Ең атақты ескерткіштердің бірі - Бекет ата мешіті - тауда ойып жасалған. Бекет ата қорымы тек қана Маңғыстаудың емес, сонымен қатар Қазақстанның да рухани, тарихи жəне архитектуралық ескерткіші болып табылады. Қарақия (Ақтаудан 50 км) - əлемдегі ең терең ойпаттардың бірі, оның белгісі теңіз деңгейінен -132 м төмен, шұңқырдың түбінде кең тұзды саз (сор) орналасқан. Маңғыстау түбегінің жəне Ұлы Үстірттің аралығындағы құмды ойыс - Қарынжарық ойысы. Тереңдігі 75 метр табиғи шұңқырдың аумағында Кендірлі ірі тұзды көлі жайғасқан. Ыстық жазғы уақыттары сулы тұзды қиқамдар кішігірім саңылаулары көрінетін жиналған плиталарға ұқсайды, ал жаңбыр кезінде көрінісінде Қарынжарық кеңдігін байқауға болатын алып айнаға айналады. Ойыстың төңірегіне саяхатшыларды еліктіретін 100 м-ден асатын бес таулы биіктіктер кіреді.

2-сурет. Бекет-Ата мешіті.
Самал тау шатқалы - биіктігі 500 метр тау бөктеріндегі көркем орамалды шатқал. Шатқалдың түбімен бір шақырымдай ұзын сулар ағып жатыр. Шатқал көптеген дəрілік шөптермен, долана бұталарымен жəне сирек кездесетін ағаштардың көптігімен танымал, олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енген. Шатқал көп сатылы каскадтарда ағып, олар қамысты созып, ыстық күнде салқындық береді.

3-сурет. Самал сайы.

4-сурет. Самал сайындағы тау шатқалы.
Аймақтың осындай керемет бұрыштарының бірі - Маңғыстау облысындағы Шетпеден шығысқа қарай 22 км жерде орналасқан Жармыш шатқалы, деп хабарлайды Ақтау. Шатқал шығыс Қаратау тауларында, кішкентай Жармыш ауылының жанында орналасқан. Ауылға асфальт жол төселген, бірақ сарқырамамен шатқалға жету үшін тауларға оралған жолмен жүру керек. Бұл үшін ең жақсы көлік нұсқасы - жол талғамайтын көлік. Жергілікті тұрғындар сізге қалай жетуге болатындығын айта алады. Бірақ табиғаттың өзі жақсы кеңес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтау портының маңыздылығы
Ақтау қаласының туристік-рекреациялық ресурстары
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қала құрылыстық шешімі
Каспий теңізі туралы
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Қазақстанның көлік және жол қатынасы
Ақтау қаласы аумағының топырағын экологиялық-мелиоративтік бағалау және көгалдандыру мәселелері
Маңғыстау – киелі мекенім
Түркіменстан мемлекетінің картасы
Пәндер