Қайыңды көлі

Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1. Алматы өлкесінің гографиялық орналасуының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... 4
2.Табиғи ескерткіштері және онда белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3. Табиғи су көздеріндегі су туризмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .14
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Кіріспе
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Белсенді туризм, экстремалды спорт түрлері жеке адамның рухани және физикалық дамуын, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеудің, халықтар мен дәстүрлер арасындағы өзара түсінушілік пен өзара құрметтеудің негізгі тиімді құралы әрі өмірді, тарих, мәдениет, халық дәстүрлерін шынайы танып-білуге негізделген халықтық дипломатия формасы; мектеп жасындағы балалардан бастап, жастар, студенттер, зейнеткерлерге дейін халықтың барлық әлеуметтік-демографиялық тобының өзіндік белсенділік формасын таңдаудағы тәуелсіздікпен сипатталатын демалыстың демократиялық түрі болып табылады. Белсенді туризм - бұл физикалық күш пен демалыстың үйлесімінің мүмкіншілігі, саяхат пен қызықты оқиғаларды ұнататын адамдардың іс-әрекеті. Бұл қазіргі заманғы туризмнің ең белгілі әрі ең қызықтыларының бірі болып келеді. Атап айтар болсақ жаяу туризм немесе треккинг, Спелеотуризм (жабдықталмаған үңгірлерді аралау, саяхат жасау), Спелестология (жасанды пайда болған жер асты құрылымымен саяхат жасау), Велосипед туризмі немесе веложорықтар, Альпинизм (қатал техникалық және физикалық дайындықты талап етеді), Тау шаңғылары және сноуборд, Ски-альпинизм, Винсерфинг (кемелік тақтайда суда сырғанау), Дайвинг (аквалангпен немесе онсыз судың астында жүзу), Серфинг (толқынмен кемесіз сырғанау), Вейкбординг (катердің артынан жетектелудің бірі), Кайтинг, Байдарка және өзен қайықтарымен жүзу, Каякинг, Рафтинг немесе өзенмен жүзу. Көптеген белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру үшін Алматы өңірі қолайлы жағдай туғызып, оны нақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Атап айтар болқақ, Үлкен Алматы көлі, Горельник, Іле Алатауы жоталары, Шымбұлақ және т.б.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

1. Алматы өлкесінің гографиялық орналасуының ерекшелігі.
Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматы қаласы, Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-900 м жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Солтүстік жағында қала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласты. Атырабының 600 метрден жоғары орналасқан өңірі - қалың ағаш өскен шұрайлы алқап. Алматы альпілік сипаттағы тау массиві - Іле Алатау антиклинорийінің солтүстік қанаты етегінде. АлматЫ өңірі негізінен таулы келеді. Оңтүстігінде Тянь-Шань тау жүйесінің бір сілемі - Іле Алатауы жатыр. Үлкен және Кіші Алматы өзенінің аралығы дөңбектасты-малтатасты шөгінділерден түзілген. Қала негізінен осы ысырынды конус пен лайлы тасқындар әрекетінен жиналған жыныстар қабатының үстінде орналасқан. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы -- Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).Ауа-райының тұрақтылығы, асулар мен жазықтардың көп болуы, рельфтің әр алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматы өңірінде белсенді туризм түрлерінің (тау туризм түрлері, спорттық және су туризм түрлері т.б.) ұйымдастырылуына және ыңғайлы демалыс орнына айналуына ықпал етті.
2.Табиғи ескерткіштері және онда белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру мүмкіншіліктері.
Алматы облысының табиғи ресурстары және олардың туризм саласында қолданылуы. Демалыс орнын немесе рекреацияны таңдаған кезде турист сол аймақтың тартымдылығын басты назарда ұстайды. Бұл кезде мәдени, тарихи нысандар мен өнер ескерткіштерінің мәні аса маңызды бола қоймайды. Туристер сол елдің болмаса сол аймақтың саяси жағдайы ерекше ескереді. Бірақ оларды сол ауданның табиғи жағдайынан басқа ешнәрсе алаңдатпайды. Туристердің саяхаттауға немесе демалуға жайлы деп бағалауы бойынша келесідегідей критериилерді бөліп қарастыруға болады:
oo демалыс белгіленген елдің немесе аймақтың геграфиялық жағдайы;
oo аймақтың рельфі;
oo климаттық жағдайлары;
oo сол табиғи ортаның ландштафтық факторлары;
oo су көздерінің, өзендер мен көлдердің, болуы;
oo сол аймақтың жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің болуы.
Алматы облысында бұл табиғи ресурстардың жиынтығы басым. Сонымен бірге туризмді дамытуға ыңғайлы әрі жайлылыға жағынан Қазақстан аймақтарын бөлгенде барынша тартымдылық танытқан Алматы облысының аймағы болды. Туризмді дамытуға жайлы аймақ ретінде танылу үшін оған төмендегідей сипаттамаларға ие болу қажет болады: жаз мезгіліндегі жылылықтың ұзақ сақталуы, жер беті суларының болуы, орманға оранып, көз тартатын көрікті таулардың көп болуы, экскурсиялық нысандардың болуы.
Алтынемел - Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ. Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды. Алматы облысы Кербұлақ және Панфилов аудандарында орналасқан. Аумағы 469620 га. Бақтың құрамына Қапшағай бөгенінің солтүстігі бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, Жетісу (Жоңғар) сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ, Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі - Әнші құм (Айғай құм) кіреді.

а) ә)
1-сурет. Әнші құм және Алтынемел ұлттық саябағы.
Шарын шатқалы Алматы қаласынан 195 шақырым, Талғар ауданынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан. Шатқалды бойлай ағып жатқан Шарын өзені ең үлкен өзен аңғары болып есептеледі. Табиғаттың мұндай көркі сонау 30 млн жыл бұрын пайда болған. Биіктігі 150-300 мм құрайды. Туристердің қызығушылығын оятқан Долина замков, ұзындығы - 2 км, ені - 20-80 м. Шарын - қазақ елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын қонақжай мекендерінің бірі. Төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіреді. Оның пішіндері қолдан салынған ғимарат, мұнараларға қатты ұқсайды. Егер алып тастардың қасынан ілгері өтіп, жолмен тіке қарай алға беттей берсе, Жер Ананың шеткі нүктесіне аялдап қалған секілді күй кешуге болады. Шарын шатқалының Австралия Ұлттық саябағы мен Аризон толқынына ұқсайтын белгілері бар.
2-сурет. Шарын шатқалы.
Қазан үңгірі. Іле Алатауының солтүстік жотасында, Шымбұлақ тау шаңғылық базадан 3км жерде орналасқан ұзындығы 1390 м болатын Қазақстан территориясындағы ең үлкен үңгір болып табылады. Ол мұзды ені 1-3м, биіктігі 8-10м ұңгір, жоғарыға қарай тарыла түседі, кей жерін қырау басқан. Теңіз деңгейінен 3300м жоғары орналасқандықтан және көшкін жүру қаупі болғандықтан, ешкім тұрмайды.
Назугум үңгірі. Бұл үңгір Ұйғыр ауданында Халықта басқа таңдау жоқ: құлдың бар жерде, өмір жоқ. Осы ұйғыр мақалынан боталып ескерткіш тақтасында мәтін жазылған, ол кіреберісте орналасқан, бұл үңгірде Ұйғыр халқының қаһарманы Назугум, Манчжур-Қытай басқыншыларынан жасырынды. Казугум үңгірінде ақ таспен жол төселген, арнайы көрабисалар қойылып, келгендер тілектерін жазып сала алады, ал ғашықтар бір-біріне беріктігін дәлелдейді. Шамарауше үңгірі. Талғар ауданында орналасқан, Талғар тауының күрделі қырында 50-70 м биіктікте орналасқан. Кіреберіс тар, жоғарыға қарай үшбұрыш болып созылады, ұзындығы 50м, биіктігі 1,5м. Жарқанаттар өмір сүреді.
Октябрь үңгірі - Іле Алатауының солтүстік беткейінде, 3300 м биіктікте орналасқан, Қазақстандағы ең ұзын (1390 м) үңгір. Кіші Алматы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері
Органолептикалық қасиеттер
Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайлары
БУРАБАЙ ¥ЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Қазақстан бойынша саяхат
Катон-қарағай ауданы туралы жалпы малімет
Ұлттық парктерді туристік –экологиялық мақсатта зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздері
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы
Іле өзенінің алабында
Торғай өзенінің су режимін сипаттау
Пәндер