Мәдениет саласының дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Агротехнологиялық факультет

Манаштану

Реферат

«Солтүстік Қазақстандағы ғылыми ой мен халық білімінің қалыптасуы»

Орындаған: Тұрымбет Қ. Кадирбаева. А

Тексерген: Бекмурзина А. Н.

Тобы:Тпп-19к

Петропавл, 2020

Жоспар

Кіріспе . . .

Негізгі бөлім . . .

2. 1. Мәдениет саласының дамуы . . .

2. 2. Білім саласының қалыптасуы . . .

2. 3. Ғылым саласы мен оның қалыптасуы . . .

Қорытынды

Кіріспе

Солтүстік Қазақстан облысы - Еліміздің астық себетін ірі облыстарының бірі, экспортқа астық өндіруші. Яғни, аграрлы аймақ, Бұл бір жағынан. Екінші жағынан - жоғары технологиялы ірі өнеркәсіптік аймақ. Мыңдаған адамдар жұмыс істеген қорғаныс кәсіпорындары қазір жаңа бағыт, жаңа тыныс алуда, мүлдем жаңа өнімдерді игеру үстінде . . .

Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысы кең жазира орманды дала аймағын алып жатыр. Бүгіндері Еуразия елдерін мекен еткен көп халық көне уақытта сан тарау соқпақтармен шиырлап, тіршілік жасады. Тарихи тамыры мыңжылдықтар тереңінен бастау алатын осынау тамаша өлкенің дамуына географиялық орналасуы да игі әсерін тигізді. Географиялық орналасуының тиімділігіне сәйкес табиғат байлығымен және көлік пен коммуникациялық жүйемен қамтамасыз етілген облысымыз өз дамуының жаңа кезеңін бастан кешуде. Аграрлық кешенде, өнеркәсіпте, күрделі құрылысты, көлікте, кіші және орта бизнесті дамытуда және басқа салаларда елеулі ілгерілеушілікке қол жеткізді. Экономиканың жетекші саласын дамытудың жедел қарқыны облыс халқының өмірлік деңгейін үнемі көтере отырып, денсаулық сақтауды, білім беру мен мәдениетті, әлеуметтік қорғауды дамыту жөніндегі ірі әлеуметтік бағдарламаларды табысты жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

Тарих - адамзаттың тұтас бір ұрпағының құжаттандырып, жүйеленген өмірі. Оны түрлі оқиғалар мен ұлы күндерді санамалаумен шектеуге болмайды. Ғасыр күндер мен жылдардан құралатыны сияқты халық тарихы да әрбір жеке адамның өмірінен тұрады. Десе де халық жадында, уақыт жылнамасында сол халық үшін, өз елі, өз өлкесі үшін өшпес із қалдырған адамдар ғана сақталады. Есімдері уақыт тасқынымен шайылмастан ел есінде мәңгі жарқырайды. Аймақ тарихы - мемлекетіміз тарихының құрамдас бөлігі болып табылады.

  1. Солтүстік Қазақстандағы мәдениет саласының дамуы

Петропавл қаласындағы кәсіби-мәдени ағарту мекемелері 19 ғасырдың 2-жартысында құрыла бастады. 1881 жылы азаматтардың қаражатына бірінші қоғамдық кітапхана ашылды, кейін 1885 жылы көпшілік кітапхана пайдалануға берілді, онда 3927 том кітап болды. Кітапханада оқу залы ашылып, оған ай сайын 200-ден 300-ге дейін оқырмандар барды. Сонымен қатар салауаттық қоғамы жанында кітапхана оқу залы жұмыс істеді, ал 1908 жылы көпес мұсылмандар қаражатына мұсылман кітапханасы мен оқу залы ашылды, олардың жарғысын Сенат бекітті. 20-жылдардың бас кезінде қалада 10 клуб жұмыс істеді: комсомол клубы, мұсылман жұмысшыларының клубы, кәсіпорындардың 5 клубы, әскери бөлімдерде 2 клуб, орталық жұмысшы клубы және Шаруалар үйі. Кино саласы да дами бастады. Қалада «Ударник» және «Октябрь» кинотеатрлары көрермендерге қызмет етті. Онда қалалықтарға көркем, ғылыми және деректі фильмдер көрсетілді. 1925 жылы тағы да 3 кино қондырғы ашылды. Бұл кезде қалада 7 көпшілік кітапханасы жұмыс істеді, олардың саны өсіп, 1940 жылға таман 60-қа жетті. 1 мың адамға шаққанда 362 дана газет-журналдан келді. Қалада 15 клуб, 2 кинотеатр, драматеатр, цирк, 43 қызыл бұрыш, 247 оқу үйі, 146 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істеді. 1926 жылы Петропавл театр басқармасы мемлекеттік Ақмола театрлардың губерниялық басқармасы болып қайта құрылды. Репетуарлық саясатқа баса көңіл бөлінді, балаларға арналған алғашқы 10 спектакль қойылды. 1933 жылы 29 қыркүйекте Петропавл театры Халық ағарту комиссариаты алқасының шешімімен облыстық мәртебеге ие болды. Тұрғындарға кино көрсету үшін Қазкинотрестің Қарағанды бөлімшесі ұйымдастырылды, ол 1934 жылы Петропавл ауданаралық бөлімшесі болып қайта құрылды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары мәдени-ағарту мекемелері халықтың сауатсыздығын жоюда үлкен жұмыстар жүргізді, бұл шара сатылап жүргізіліп, негізінен соғысқа дейінгі кезеңде аяқталды. Ағарту мекемелерінде дәрістер, баяндамалар оқылып, түрлі кездесулер мен әңгіме өткізу ұйымдастырылды, қабырға газеттері шығарылды. Мәдени үгіт бригадалары, 400-дей көркемөнерпаздар үйірмесі, мұғалімдер, санитарлық ағарту, байланысшылар үйлері, ет комбинатының клубы белсенді жұмыс істеді. 1938 жылы драма үйірмелер жұмысының бірінші байқауы өтті. Қаладағы мәдени өмір Ұлы Отан соғысы жылдарында да тоқтатылған жоқ. Драма театрлар, кинотеатрлар, клубтар мен кітапханалар жұмыс істеуін жалғастырды. Олардың репертуары, барлық жұмысы уақыт талабына қызмет етті. Әскери бөлімдерде, госпиталдарда, зауыттарда, концерттік бригадаларда өнер көрсетті. Олардың құрамында М. Иманқұлова (Облыстық филармонияның әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, К. Чосс, В. Долматов, Т. Кучина, А. Тумаенов және облыстық теаьрдың өзге де актерлары болды. Мәдениет қызметкерлері, кәсіби әртістер тұрғындар арасында орасан зор түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, майданға көмек қорына жылы киімдерді және ақша қаражаттарын жинауға көмектесе отырып, өздерінің концерттерімен фашизмді жеңетіндіктеріне елді сендіре білді. Соғыстан кейін облыста, қала мен ауыода жаңа кітапханалардың, клубтардың, қызыл бұрыштардың құрылыстары кеңінен қанат жайды. 1947 жылы Петропавлда 67 мәдени ағарту мекемелері болса, олардың ішінде 19 мың дана кітап қоры бар 3 қалалық кітапхана, 43, 3 мың дана кітап қоры бар облыстық кітапхана, 2 кәсіподақтық, мекемелер жанында 6, мектептерде 19 кітапхана болды, сондай-ақ 8 клуб, 3 Мәдениет үйі, 9 қызыл мүйіс, қалалық мәдениет және демалыс паркі жұмыс істеді. 1950 жылы жаңа ғимаратта тарихи-өлкетану мұражайы ашылып, 46 клуб, 78 кітапхана, балалар музыка мектебі жұмыс істеді. Облыстың мәдени өміріндегі ерекше беттердің бірі - тың және тыңайған жерлерді игеру. 1955 жылы драма театрлардың бірінші Республикалық олимпиадасы өтті. Преснов және Благовещенск драма ұжымдары арнайы грамотамен марапатталды. Ленин халық театрының ұйымдастырушысы және режиссері О. Я. Штейнберг болды. «Тимирязев» кеңшарындағы көркемөнерпаздар тетры осы аттас ауданда 1956-1968 жылдары 10 қойылым қойды. 1958 жылы Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті. Қазақстандық делегация құрамына облыс хореографиясы «Алтын қорының» өнерпаздары М. Ворожбитова, Г. Боровских, К. Седова, В. Хренов енді. 60-90 жылдардағы көркемөнерпаздар би өнерінің гүлденуі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері В. Хренов есімімен байланысты. 1958-1964 жылдары ол «Арай» халық би ансамблін құрды. Бұл өнер ұжымы кейін Қазақстанның мақтанышына айналды. 70-90 жылдары халық би өнері одан әрі дами түсті. Бұл кезеңде «Движение» халық би ансамблі (көркемдік жетекшісі И. Уақпасова) , «Қызылжар» қазақ және шығыс биі халық ансамблі (көркемдік жетекшісі Б. Айсина), М. Бархатованың жетекшілігімен «Тоника» сәнді би ансамблі, «Өзен» халық би ансамблі (көркемдік жетекшісі М. Лахтин), «Полонез» сәнді би халық ансамблі (көркемдік жетекшісі В. Ленцыков), «Карусель» би ансамблі (көркемдік жетекшісі М. Выгодина), «Экспромт» би театры (көркемдік жетекшісі И. Стельмах), «Кировчаночка» балалар көрсетілім-үлгі би ансамблі (көркемдік жетекшісі Г. Жұмалиева), «Дружные ребята» көрсетілім-үлгі би ансамблі (көркемдік жетекшісі Р. Сучкова) өнерлерін көрсетті. Облыста мәдени құрылыстардың жаңа кезеңі 70-жылдардың аяғында, 80-жылдардың басында өріс алды. 1974 жылы Петропавл қаласында қалалық кітапхана пайдалануға берілді. 1977 жылы Петропавл көрме залы, 1979 жылы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ашылды. Осы жылдары В. И. Ленин және В. В. Куйбышев атындағы зауыттардың Мәдениет сарайлары тұрғызылды, облыстық филармония ғимараты қайта жөңдеуден өткізілді, «Қазақстан» кинотеатры пайдалануға берілді. Мәдениет мекемелерінің материалдық базасын дамыту кең ауқымда қанат жайды. 80- жылдары облыста 518 Мәдениет сарайы мен клубтар, 497 кітапхана, 76 мұражай, 518 киноқондырғы, 35 мың адам қатысатын 2200 көркемөнерпаздар үйірмесі, 25 орыс оркестрі мен 33 қазақтың халық аспаптар оркестрі жұмыс істеді, 35 өнер ұжымы «Халықтық» деген атаққа ие болды. 1995-1996 жылдары облыста Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 65 жыл толуына орай «Дала жұлдыздары» ( «Звезды Приишимья» ) мәдени-ағарту шарасы жүргізілді. Облыс аудандарында мерекелік ойын, жәрмеңкелік серуен, су және спорттық-көркемөнер мейрамдары тәрізді шаралар ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарына облыстық филармонияның, қалалық Мәдениет сарайларының артистері өнер көрсетті. Әр жылдары мәдениет саласына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкерлері Б. Айсина, В. Верещагин, В. Хренов, В. Котов, З. Щепина, И. Мищенко, К. Ушаков, Р. Сергеева, Э. Горенбург, т. б. мол үлес қосты. М. Аверин, А. Щепина, Н. Янборисов, Л. Бухольц, В. Воробьева, Л. Мелехина, Л. Лучникова, Д. Баймұқанов, Д. Хасанова, Т. Қасейінов, Р. Оспанов, Р. Чуланова, Н. Бородавко, К. Қасымов, Б. Шушарин, А. Меркель, Л. Таранина, М. Сексембаев, В. Лебедев, Н. Пульникова, Н. Рудзинская, т. б. талант иелері өздерінің шығармашылықтарымен ерекше көзге түсті.

Театр өнері. Астанадан шалғайдағы Петропавда драма және цирк өнері алғашқылардың бірі болып қалыптасты. Татар, орыс, қазақ жылжымалы өнер ұжымдароы бір-бірін алмастырып, түрлі қойылымдар, спектакльдер, сондай-ақ ұлттық музыкалық-поэтикалық шығармашылық үлгілерін пайдалана отырып, орыс, украин және шығыс авторларының шығармаларын қойды. Кәсіби театрдың негізі 1887 жылы қаланды, ол кезде Петропавла А. И. Горбуновтың басшылығымен драма артистерінің серіктестігі құрылды. Ал 1906 жылы қала тұрғындарының қаражатына қалалық театрдың жаңадан тастан салынған ғимараты бой көтерді. Ол Приютская көшесінде орналасты, ал 1907 жылдан бастап оны Театр көшесі деп атады. 1910 жылы Петропавда зиялы қауымның, студенттердің, әртүрлі дәрежедегі жастапдың құрамынан музыкалық-драма қоғамы құрылды. Оның репертуарында Островскийдің, Гогольдің пьесалары, Крапивницкийдің әшкерелеуші сатирасы болды. 1922 жылы Петропавда Халық үйі - К. Маркс атындағы клубтың ғимаратында ашылды. Бірінші спектакль қазақ тілінде қойылды. Жаңа театрдың бас режиссері және әкімшілігі белгілі артист Макевич болды. 1922-1923 жылдары театр маусымында Петропавлда екі театр - А. В. Луначарский атыендағы Халық театры мен К. Маркс атындағы клуб ғимаратында орналасқан Кіші халық театры жұмыс істеді. 1925 жылы жазда «Синяя блуза» жұмысшы театры құрылды. 1934 жылы петропавлдықтар осыдан бір жыл бұрын құрылған Облыстық орыс театры қойған Н. Погодиннің пьесасымен алғаш рет танысты. 1962 жылы күзде театрға осы талантты драматургтің есімі берілді. Репертуарға К. Симоновтың («Русские люди», «Так и будет»), Л. Леоновтың («Нашествие») шығармалары, т. б. арқау болды. Қазіргі кезде Петропавл сахнасында талантты артистер Қазақстан халық артисі В. Шалаев, артистер Л. Шустова, З. Крылов, А. Кириллов, О. Попов, З. Бондаренко, В. Васько, В. Шустов, жас актерлер А. Никулин, И. Полищук, ресейлік және қазақстандық жоғары оқу орындарының, өнер колледждерінің түлектері жемісті еңбек етуде. Облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларының бірі - 1991 жылы Петропавл қаласында Облыстық қуыршақтар театрының ашылуы. Театрдың репертуарында «Винни-Пух и все, все, все» (1991), С. Потапов), Л. Филатовтың «Про Федора-стрельца - удалого молодца» (1993, С. Потапов), А. Пушкиннің «Сказка о царе Салтане» (1994, Саврюков), Х. Юрковскийдің «Ты, я и кукольник» (1992, В. Черных), Гернет «Гусенок» (1991, Г. Гальтман), М. Бартеновтың «Жил-был Геракл» (1994, В. Саврюков) т. б. балалар драматургиямының озық үлгілері бар.

  1. Білім беру саласының дамуы

Облыс аумағында білім беру ісі 1919 жылы қарашада құрылды. Жұмыс істеген уақыты ішінде аумақтық және әкімшілік өзгерістерге байланысты өзінің атауын бірнеше мәрте өзгертті: 1919-дан1921 жылға дейін - Петропавл уездік халыққа білім беру бөлімі, 1921 жылдың сәуірінен 1928 жылдың 6 шілдесіне дейін - Ақмола губерниялық халыққа білім беру бөлімі, 1928 жылдың 6 шілдеден 1930 жылға дейін - Петропавл округтік халыққа білім беру бөлімі, 1930 жылдың 6 тамызынан 1932 жылдың ақпанына дейін - Қарағанды облыстық халыққа білім беру бөлімі, 1936 жылдың 1 тамызынан - Солтүстік Қазақстан облыстық халыққа білім беру бөлімі.

Мектепке дейінгі білім беру. 1919 жылы желтоқсанның аяғында Петропавл уездік халыққа білім беру бөлімінің жанынан мектепке дейінгі тәрбие секциясы құрылды, ол 1920 жылы 1 шілдесінен бастап дербес қосалқы бөлім болып қайта құрылды. Петропавлда бірінші 40 орындық балалар бақшасы 1920 жылы ақпанда ашылды, онда ол «балалар бақшасы» - отбасы №1 деп аталды. 1920 жылы 16 мамырда қалада балаларға арналған Орталық, Мұсылман, Подгорная, Теміржолшы деп аталатын 4 алаң ашылды. 1921 жылдың аяғында төрт бала бақшасында 56 ер бала, 115 қыз бала тәрбиеленді. 1935 жылы қалада 1115 баланы қамтитын балаларға арналған 34 алаң, және 385 баланы қамтитын 7 балабақшалары жұмыс істеді. 1990 жылы облыста 46894 баланы қамтитын 467 баланы балабақшасы мен ясли болды. 80-жылдардың орта кезіне дейін облыста қазақ тілінде небәрі 4 балабақшасы болды. «Тілдер туралы заң» қабылданғаннан кейін қазақша бала бақшаларының саны өсе бастады. 1991 жылы 1 қыркүйекте қазақ балабақшаларының саны 32-ге дейін өсті.

Жалпы білім беру мектептері. Облыс аумағында бірінші мектеп Әулие Петр бекінісінде әскери қызметшілер мен солдаттардың балаларын оқыту үшін 1758 жылы ашылды. Мектеп ісі өте баяу дамыды. Арада 70 жыл өткен соң, 1937 жылы қалада қазақтардың балалары үшін 2 училище жұмыс істеді. 1844 жылы ерлердің алғашқы діни (приходтық) училищесі, ал 1865 жылы қыздар діни (приходтық) училищесі ашылды, ол 1871 жылы прогимназия болып қайта құрылды. 1876 жылы қазақтың ер балалары үшін мектеп-интернат ашылды. 1878 жылы қазақ қыздары үшін мектеп-интернат ашылды. 1903 жылы реалдік училище ашылды, 1904 жылы қыздардың прогимназиясы гимназия болып қайта құрылды. 1918 жылдың 1 маусымынан 1919 жылдың 30 қазанына дейін облыстағы мектептерде сабақ жүргізілмеді. 1920 жылы мектеп ісі қайта қолға алынды. Сол жылдары ересек тұрғындарының сауатсыздығын жоюға көп көңіл бөлінді. Жаңа үлгідегі білім беру жүйесі ұйымдарының көбеюі байқалды. 1995-1996 оқу жылында 451 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді (оның ішінде қазақ тілінде - 61, аралас - 71), бастауыш - 78, толық емес орта - 166, орта - 207. Бұл мектептерде 98146 оқушы оқыды. Мектепдің ішінде 4 мектеп-интернаттары болды, оның бірі Мамлют - санаторялық мектеп-интернат, бірі - қазақ тілінде оқытатын реалдық гимназия-интернат. Сонымен қатар ақыл-есі кеміс балалар үшін 5 арнайы мектеп-интернат жұмыс істеді, оның 3-еуі ауылдық жерде, 2-еуі Петропавл қаласында орналасты.

  1. Ғылым саласының дамуы

Облыстағы алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелерінің бірі Петропавлда физиотерапевтік емдеу орнының базасында (1930 жылы ашылған) 1932 жылы құрылған емдеудің физикалық әдістерін қолдану Институты болып табылады. Емдеу орны мен институт қазіргі облыстық аурухананың негізі деп саналады (1950) . Ұлы Отан соғысы жылдарында Петропавлға Мәскеуден академик К. И. Скрябин (1878-1972) басқаратын КСРО Ғылымдар академиясының Мал дәрігерлік институты көшіп келді. Ғалымдар ұжымы зерттеу жұмыстарын жүргізген жоқ, бірақ облыстың мал шаруашылығымен айналысатындарға жергілікті кеңшарлар мен ұжымшарларда эпидемияға қарсы және мал дәрігерлік-саниталық шараларды жүзеге асыруға көп көмек көрсетті. Қазір бұл салада ғылыммен Қызылжвр ауданының «Бескөл» астық кеңшары базасында 1962 жылы құрылған мал шаруашылығы мен мал дәрігерлік Солтүстік ғылыми-зерттеу институты айналысады. 2002 жылыжелтоқсанда ол Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы мен мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты болып атауы өзгерді. Институттың негізгі атқаратын міндеті Қазақстанның солтүстігіндегі мал шаруашылығы мен жемшөпті дайындауды дамытуды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады. Институттың ғылыми ұсыныстары ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығын, шошқа шаруашылығын, қой шаруашылығын дамыту үрдісін, сондай-ақ мал тұқымын асылдандыру, сүт, жүн, ет өнімдерін өңдеудің жаңа желілері мен технологияларын жетілдіру, мал азығымен толық қамтамасыз ету, жемшөптің жеткілікті базасын жасау, әртүрлі меншік пен өндірісті ұйымдастырудың нышандарындағы шаруашылықтардың малдарына мал дәрігерлік қолайлы жағдай жасау арқылы тиімділігін арттыруға бағытталған. Институт ғалымдары мамандармен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, соңғы жылдары мынадай жетістіктерге қол жеткізді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік емес сала
Қызмет көрсету нарығының қызмет ету мәні және негізгі принциптері
Алматы облысының өндірістік емес саласына талдау жасау
Туристік ресурстарды дамыту
ҚР – ның мәдениет саласының ағымдағы жағдайы
Қазақстан Республикасының қызмет көрсету сферасы
Қазақ халқының этникалық даралығын нығайту бойынша жасалған шаралардың тиімділігі
Педагогика әдіснамасы
Мәдениеттану- философиялық ілім
Қазақстанды 60-80 жылдардағы ғылымның дамуы мен жаңғыртудың кеңестік үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz