Өзін - өзі тану тұлғаның дамуының факторы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Абенова Аида Абаевна
Тақырыбы: «Өзін - өзі тану тұлғаның дамуының факторы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: - 050103« Педагогика» және «Психология»
Көкшетау-2011
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Білім беру технологиясы кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Білім беру технологиясы кафедрасының меңгерушісі
п. ғ. к. Б. В. Крамаренко
(қолы)
Тақырыбы: «Өзін - өзі тану тұлғаның дамуының факторы »
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: - 050103« Педагогика» және «Психология »
Орындаған: Абенова А. А.
Ғылыми жетекші: психол. ғ. д., Көкебаева Ә. Х.
Көкшетау-2011
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . . 4
Анықтамалар . . . 5
Кіріспе . . . 7
1. Қазақстандағы өзін - өзі танудың теория-әдіснамалық
негiздерi . . . 10 1. 1 Өзiн-өзi танудың психологиялық көзқарастары . . . 10
- Білім беру жүйесінің дамыту жолдары . . . 18
- «Өзін - өзі» тану бағдарламасының мазмұны . . . 54
1. 4 Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтарын қалыптастыру . . . 64
1. 5 Өзін-өзі тану кабинетіндегі ұйымдастыру жұмыстары . . . 70
2. Өзін - өзі тану тұлғаның эксперименттік зерттеу . . . 76
2. 1. Өзін - өзі танудың әдістері . . . 76
2. 2. Өзін - өзі тану арқылы жеке тұлғанның қарым- қатынас деңгейін және өзіне деген көзқарасынның методикасының көрсеткіштері . . . 78
Қорытынды . . . 82
Қолданылған әдебиеттер . . . 87
Қосымша . . . 89
Нормативтік сілтемелер
- Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
- Негізгі ережелер;
- 2. 003-2002 ҚР БМЖМБС-на сілтемелер жасалған.
ҰБТ - ұлттық бірыңғай тест
МАБ - мемлекеттік аралық бақылау
МТО - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
ШЖМ - шағын жинақты мектептер
ТжКБ - техникалық және кәсіптік білім
ЖОО - жоғары оқу орны
МБЖЖ - мемлекеттік білім берудің жинақ жүйесі
БЖ БАРИ - білім жүйесінің біліктігін артыраттын республикалық институттары
ҰАО - ұлттық ақпаратандыру орталығы
ҚОББЖТОО - қалалар мен облыстардың білім басқармалары жанындағы білім берудегі жаңа технологиялардың өңерлік орталығы
ЦБР - цифры білім беру ресустары
Анықтамалар
Батылдық - қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.
Ерлік дегеніміз - табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін - азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға - жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу
Жеке тұлғаның құндылықтық әлеуеті: Жеке тұлғаның бағыттылығы, оның сенімдері, дүниеге көзқарасы, идеалдары, ұмтылыстары; өмір сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асыратын дербес ерекшелік.
Қарым- қатынас дегеніміз - бұл адамдарда тану, өз өміріңе іс- әрекетіңе, қылығыңа талдау жасау; проблемаларыңды ортаға салу; басқа адамға ашық болу; әлемді, әр түрлі адамдардың философиясын тану, яғни бұл деген - өмір.
Моделдеу - бұл өзін-өзі танудың арнайы тәсілі. Мысалы, психологтың көмегіне сүйену, алайда, психологпен әңгіме жүргізуде, қарым-қатынас жасауға кез келген адам жете бермейді.
Құзірет: Белгілі бір контексте қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін білім, іскерлік, дағдылар және өмірлік тәжірибелерді тиімді жұмылдыру даярлығы.
Құндылық: Ұмтылыстар мен мақсаттардың, ал абсолюттік мағынасында - болмыстың мәні. Жоғары мәнділігі объектілермен қатынастардың құндылықтар мәні болып табылады. Жеке тұлғалық тұрғысындағы құндылықтық бағдарлар (олардың сипаты, мазмұны, әр түрлілігі, жоғары рухани құндылықтарға ие болуы) тұлғаның рухани даму деңгейін білдіреді.
Оқушы портфолиосы: Оқытудың күтілетін нәтижелерін бағалаудың тиімді нысаны. Портфолионың міндеті - оқушының танымдық белсенділігі мен оның дербестігін мадақтау, рефлексивті-бағалау дағдылары мен өзін-өзі бағалау әрекеттерін дамыту.
Өзін-өзі тану - адамгершілік, адам, өмір, руханилық, сұлулық, даналық, ақиқат, денсаулық, үйлесімділік, қызмет ету, еңбек, достық, махаббат, қарым-қатынас құндылықтарын оқытуды қарастырады.
Өзiн-өзi тану - 1. Бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi. 2. Психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы. 3. Тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы. 4. Тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.
Өзiндiк сана - «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы) . «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады.
Өжеттілік, қайсарлық - адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман- саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Патриоттық тәрбие - Отан, туған жер, атамекен, туған ел деген адам санасында мәңгі өшпейтін ұғым.
Патриотизм - отансүйгіштік, отандас.
Патриоттық сана - сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.
Патриоттық іс-әрекет - тұлғаның мұқтаждарын қанағаттандыру мен таным немесе психикалық үрдістерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
Рухани-адамгершілік білім беру: арнайы ұйымдастырылған үдеріс:
1) әлемге деген эмоционалдық-құндылық қатынасына негізделген адамзаттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесін игеруі; 2) оқушылардың рухани-адамгершілік салада нақты білімдік деңгейге қол жеткізуде, танымдық және тұлғалық мәселелерді шешуде жеке тәжірибесін қалыптастыруы; 3) тұлғаны дамыту, оның жеке тәжірибесі мен мінез-құлығын байыту, әлеуметтік және жеке тәжірибенің өзара әрекеттестігі, әлеуметтік іс-әрекеттің көп қырлы түрлерінде тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; 4) адамгершілік заңы тұлғаның өз заңы бола алатындай тұлғалық автономияны дамыту; 5) адамгершілік таңдау негізінде тұлға үшін маңызды мәселелерді шешу тәжірибесін қалыптастыру.
.
Табандылық - батырлардың қалқаны.
Кіріспе
««Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі
анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне
адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып
үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында,
болып қалуға көмектеседі. Негізінде,
адамзаттың барлық тарихы өзіндік
адамгершілікті үнемі және үздіксіз
жетілдіру процесі»
(С. А. Назарбаева)
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті [1] .
Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 12 шілдедегі №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» курсы жобасын әзірлеу және апробациялау бойынша эксперимент табысты іске асырылуда [2] .
Жеті жылдық эксперименттік апробациядан кейін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде педагогикалық және ата-аналар жұршылығының белсенді қолдауына ие болды.
Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу қазақстандық қоғамда жалпыадамдық, жалпыұлттық, этномәдениеттік жеке тұлғалық құндылықтарын үйлесімді бірігуінің бағдарланған, олар адамға қоғамға қызмет етуде өзін толық пайдалану, өзінің мәнін және өмірдегі тағдырын білуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейтуге отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ұлттық ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру «Бөбек» орталығы өткізген ғылыми зерттеу қызметін ескеріп, жүйелілік және кешенді тұрғыдан «Өзін-өзі тану» өңірлік білім беру жүйелері туралы республикалық электронды деректер банкін жасау үшін материал жинақтады [3] .
Өмірдің мағынасы - ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші [4] .
Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.
«Өзін-өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік - экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.
Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.
1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.
2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.
3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.
4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы - этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік.
Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы [5] .
Жалпыға міндетті жаңа пән арқылы әрбір адам өзінің даралығы мен бейімділігін танып, анықтайды, жалпыадамзаттьқ, жалпыұлттық қазақстандық идеалдармен сәйкес келетін өзінің жеке кұндылықтарынң жүйесін қалыптастыра алады. Өзін-өзі тану өмірлік мәні бар мәселелерді қарастыра отырып, болашақ мамандардың ерекше мәдени кодтар және образдар арқылы жаңа тэжірибелер үшін ашықтық, әлеуметтік жауапкершілік, басқа адамдарды қабылдап, түсіну, шығармашылық белсенділік жэне өмірді оптимистік қабылдау мен өзін түсініп, танып-білуге негізделген даралық және кәсіби өсуіне жағдай жасап, көмектеседі[6] .
Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс әрекет күнделікті өмірде алған білімді іс жүзінде қолдану арқылы қоғам үшін белсенді қызмет етуді көздейді.
Диплом жұмыстың басты мақсаты: рухани-адамгершілік білім беру, дамыту арқылы адамның төмендегідей түйінді құзіреттілікте үйлесімді қалыптасуына ықпал ету:
- өзінің өмірлік позициясын анықтау;
- әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;
- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
- адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
- өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
- жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;
- адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту;
- жалпыадамзаттық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік көрінісін қалыптастыруға әсер ету;
- білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;
Зерттеу объектісі: субъектінің рухани тәжірибені және оқушылар болмысының құндылықтарын тануға қатынасы.
Зерттеу пәні: оқушының өмірінің құндылықтық мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағытталуы.
Өзін-өзі тану үдерісінде адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтық бағдарларын анықтауға:
1) адамның өзін, өзгелерді, әлемді, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі;
2) өзіне, өзге адамдарға, қоршаған әлемге, адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты тұлғаның жеке қасиеті негіз бола алады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егерде оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін өзін - өзі тану арқылы балаларда өзіндік сана- сезімі түрлі диагностикалық әдістер арқылы анықталса, онда мұғалімге оқушылардың даму үрдісін дұрыс басқара алар еді.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: оқушылардың қарым - қатынас деңгейін анықтау; өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту.
Зерттеу әдістері (С. А. Назарбаева) :
1. «Қарым қатынас деңгейін анықтау»
2. «Өзіңді жақсы көресің бе?»
Зерттеу жұмыстың базасы:
1. Қазақстандағы өзін - өзі тануының теория-әдіснамалық негiздерi
1. 1 Өзiн-өзi танудың психологиялық көзқарастары
Р. С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:
1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т. б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.
3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады [6] .
С. В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi.
Л. Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi [7] .
Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi [8] .
Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi тану - психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.
Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд ығыстыруға агрессивтi және сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру [9] .
З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.
Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.
1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.
2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.
3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.
4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару [10] .
Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.
Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы сол сияқты елестету жүйесі.
Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.
Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты) [11] .
Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.
Сонымен, В. Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi [8] .
Позитивтi мәнi - кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал [13] .
Өзiн-өзi тану аймағы мен саласы жайлы кең түрде Д. Лафта[14] және Г. Интрома «Джогари терезесiн» көрсеттi. (Кесте 1 «Джогари терезесi») Олардың айтуы бойынша, бірнеше көрсеткіштер арқылы мынадай кестесін құрастыруға болады:
-Мен өзім жайлы жақсы білетінім
-Өзім жайлы білмейтінім
-Мен жайлы өзге адамдардың білуі
-Арена
-Соқыр дақ
-Мен жайлы өзге адамдардың білмеуі
-Жасырын аймақ
-Белгісіз
-Арена - мен өзiм жайлы бiлетiнiм және мен туралы қоршаған ортадағы адамдардың бiлуi.
-Соқыр дақ - мен жайлы басқа адамдардың бiлуi, бiрақ мен өзiм бiлмеуiм.
Жасырын аймақ - мен өзiм жайлы бiлуiм, бiрақ өзге адамдар мұны байқамайды.
- Белгiсiз - мен өзiм жайлы және өзге адамдарда мен туралы бiлмеуi.
Сонымен, өзiн-өзi тану пәнiнiң қорытындысы Арена терезесiн жоғары деңгейге көтеру, кеңейту, ал соқыр дақ аймағын тарылту, жасырын аймағын нақтылау, яғни ненi өзге адамдардан жасыру, ненi ашық көрсету мен мақсатқа жету үшiн ненi қолданған пайдалы және оны жетiлдiру. Осындай модельдi қолданса тұлға өзiндік бақылау жасай отыра, өзге адамдардың тұлға жайлы не ойлайтынын бiле алады.
Өзiндiк сана - «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы) . «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады.
1. Эмоционалды құндылық қатынасы
2. Өзiн-өзi тану
3. Өзiн-өзi реттеу
4. Өзiн-өзi бақылау
5. Өзiн-өзi бағалау
«Мен» субьект ретiнде әртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң әсерiнен өзiн-өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.
Өзiн-өзi тану қорытындысында «Мен» образы тұсiндiрiледi және кейде жаңа «Мен» образы жинақталынады. Тұлғаның талпынысы «Мен» образы бiрден пайда болмайды, ең алдымен тұлға қасиеттерi, қылық, әрекет ерекшелiктерi тағы сол сияқты өзi жайлы ойлар қалыптасады. Мұнда басты орынды өзгелермен салыстыруы, өзiн-өзi бағалауымен ерекшеленедi. Егер «Мен» образы рационалды түсiнiктi қабылданған мезетте «Мен концепциясы» жоғары деңгейде болады, ол адам өмiрiне әсерiн тигiзiп, мақсатын, жоспарын анықтауға әсерiн тигiзедi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz