Учаскелердегі ветеринариялық қызметті ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1 Қазақстан республикасындағы Ветеринария туралы заң

2. 2 Учаскелердегі ветеринариялық қызметті ұйымдастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актісін жасайды. Ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.

Негізгі бөлім

<<Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 заңының 14-б. сәйкес ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау:
1) ішкі сауда объектілерінде;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
3) ветеринария саласындағы, оның ішінде лицензияланатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
4) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарда;
5) шекаралық және кедендік пункттерде (кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектілердің орнын ауыстыру кезінде;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
7) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
8) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
9) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
10) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
11) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
Осы баптың 3-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1) - 11) тармақшаларында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тексеру нысанында және өзге де нысандарда, оның ішінде ілеспе ветеринариялық құжаттарды қарау жолымен жүзеге асырады.
Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады. Тексеру актісі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады. Тексеру актісі үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды.

Актінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екінші данасы тексерілетін адамға қолын қойғызып, беріледі, үшінші данасы тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, ал төртіншісі сотқа талап-арыз беру үшін тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына беріледі. Тексерілетін адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда актінің тиісті данасы поштамен жіберіледі. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекітілген болуға тиіс арнайы тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың (бақылаудың) заңды тұрғыдан алғандағы әрекет етуі Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңымен және басқа заңды құжаттармен қамтамасыз етілген. Облыстарда ветеринариялық істің басқарылуын облыстардың атқарушы билік органдары (облыс әкімшілігі) мен оның облыстағы мемлекеттік ветеринариялық басқару органы жүзеге асырады. Бұл орган атқарушы орган басшылығына және ветеринарияны мемлекеттік басқару республикалық органына бағынышты.

Ветеринарияны мемлекеттік басқарудың облыстық органымен тікелей жұмысын облыстық ветеринариялық зертханалар, «Республикалық індетке қарсы бөлім» РМК облыстық филиалдары, облыс басшылығындағы қалалардың ветеринариялық қызметтері мен ауылдық ауданджардың ветеринариялық қызметтері, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу ветеринариялық ұйымдары мен білім беру мекемелері жасайды.

Ветеринарияны мемлекеттік басқарудың облыстық органы ветеринариялық істі басқарумен қатар, облыс аумағында мемлекеттік қадағалауды да өткізеді.

Облыстық орган ветеринариялық жүйелердің дамуына қатысты мәселелермен, оларды мамандармен қамтылу мәселелерімен айналысады. Эпизоотиялық жағдайды зерттейді, індетке қарсы жоспарлар құрастырады, олардың орындалуын бақылауында ұстайды, ветеринариялық жүйелердің биопрепараттармен және басқа жануар ауруларымен күресуге керекті құрал-жабдықтармен қамтылу мәселелерін шешеді. Диагностикалық, емдік жұмыстарды ұйымдастырып, ветеринариялық қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Ветеринариялық мекемелерді салу, оларды жөндеу, қаржыландыру мәселелерімен айналысады. Ветеринариялық білімді, ғылыми жетісітіктерді, алдыңғы қатарлы практиканы үгіттеу, насихаттау жұмыстарын өткізеді, ветеринариялық есепке алу, статистика жинау жұмыстарын, сонымен қатар облыста ветеринариялық істі жақсартуға қатысты өзге де жұмыстарды жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Бұзауды күту
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
Ветеринария ісін ұйымдастыру
Жануарларды диспансеризациялауды ұйымдастыру
Қазақстандағы ветеринария қызметі мен ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Қалалық вет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz