Жатырдағы төлдің қан айналым ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2. 1. Жатырдағы төлдің қан айналым ерекшеліктері

2. 2. Туылғаннан кейінгі төлдің қан айналымы

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Төл организмінде негізінен араласқан қан айналып жүреді, оның себебі төлдің өкпесі өз қызметін атқармайтын болғандықтан оттегімен байытылған артериялық қан плацентадан кіндік венасы арқылы төл организміне жеткен бойда басқа қан тамырларымен қосылып кетеді, атап айтқанда күйіс малында артериялды қан аранцев арнасы арқылы, содан кейін бауырға жетпей қақпа венасы артқы үлкен вена тамырымен қосылып кетеді, одан жүрекке жеткен соң алдыңғы үлкен венамен қосылады, араласқан қанның біраз бөлігі оң жақ құлақшадан сол жақ құлақшаға ауысып кетеді, ең соңында, бара жатқан қан баталлов арнасы арқылы аортаға барып құйылады да бүкіл денеге тарап кетеді.

Төл организміне оттегі жетіспегендіктен, соның орнын толтыру үшін, төлдің жүрек соғуы ересек малға қарағанда екі есе жылдам. Төл сыртқа шыққан соң кіндік бауы үзіледі, ана организмінен келіп тұрған оттегі тоқтайды, төл тұншыға бастайды да рефлексторлы түрде ауа жұтып бірінші рет тыныс алады, өкпенің тыныс жолдары, альвеолдары ашылып, бұрын баталлов арнасымен кетіп жатқан қан тікелей өкпеге келіп түседі. Өкпедегі оттегі мен байытылған қан енді үлкен қысыммен жүректің сол жақ құлақшасына келіп құйылады да, құлақша арасындағы сопақша тесіктің жабылуына әсер етеді. Сөйтіп организмдегі үлкен қан айналу шеңбері мен кіші қан айналу шеңбері бір-бірімен араласпайтындай болып дербестенеді. Кіндік бауы құрамындағы артериялар мен веналар, аранцев, баталлов арналары жабылып қасындағы органдардың (қуықтың, бауырдың, өкпенің) сіңір бауына айналып кетеді.

Негізгі бөлім

2. 1 Жатырдағы төлдің қан айналым ерекшеліктері

Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері іштөлінің (іштегі нәрестенің жолдасы -ұрықжолдас пайда болғаннан бастап қызмет атқара бастайды. Бұл кезеңде жүрек түтікшелері төрт бөлімді (камералы) жүрекке айналады. Ұрық организмінде артерия және вена қан тамырлары қалыптаса бастайды. Қан іштегі нәресте (іштөлі) организмінен жұп кіндік артериялары арқылы ұрықжолдасқа жеткізіліп, оның капиллярларында оттегі пен қоректік заттарға қанығып, артерия қанына айналады да, кіндік венасы арқылы ұрық денесіне (бауырға) әкелінеді. Бауырдан ағып шыққан артерия қаны артқы дене бөлігінен каудальды (адамда - төменгі) қуыс вена арқылы ағып келген вена қанымен араласып, араласқанға айналады да, жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Оң жүрекшеден жүрекше аралық пердедегі сопақша тесік (foramen ovale) арқылы сол жүрекшеге, одан әрі жүрекше-қарын- шалық тесікпен сол қарыншаға, денесіне тарайды. Ұрық организмі бас бөлімінен жиналған вена қаны краниальды (адамда - алдыңғы) қуыс венамен оң жүрекшеге құйылып, одан оң қарыншаға өтеді де, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге бағытталады. Ұрық организміндегі өкпелік қан- байланысты, қан ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы араласқанға барып құйылады. Туғаннан кейін, нәрестенің (іштөлінің) бірінші рет тыныс алуына байланысты (өкпенің қызметі
қалыптасады) плаценталық қанайналымның орнында үлкен және кіші қанайналым шеңберлері қалыптасады. Төл организмінде негізінен араласқан қан айналып жүреді, оның себебі төлдің өкпесі өз қызметін атқармайтын болғандықтан оттегімен байытылған артериялық қан плацентадан кіндік венасы арқылы төл организміне жеткен бойда басқа қан тамырларымен қосылып кетеді, атап айтқанда күйіс малында артериялды қан аранцев арнасы арқылы, содан кейін бауырға жетпей қақпа венасы артқы үлкен вена тамырымен қосылып кетеді, одан жүрекке жеткен соң алдыңғы үлкен венамен қосылады, араласқан қанның біраз бөлігі оң жақ құлақшадан сол жақ құлақшаға ауысып кетеді, ең соңында, бара жатқан қан баталлов арнасы арқылы аортаға барып құйылады да бүкіл денеге тарап кетеді. Төл организміне оттегі жетіспегендіктен, соның орнын толтыру үшін, төлдің жүрек соғуы ересек малға қарағанда екі есе жылдам. Төл сыртқа шыққан соң кіндік бауы үзіледі, ана организмінен келіп тұрған оттегі тоқтайды, төл тұншыға бастайды да, рефлексторлы түрде ауа жұтып бірінші рет тыныс алады, өкпенің тыныс жолдары, альвеолдары ашылып, бұрын баталлов арнасымен кетіп жатқан қан тікелей өкпеге келіп түседі. Өкпедегі оттегі мен байытылған қан енді үлкен қысыммен жүректің сол жақ құлақшасына келіп құйылады да, құлақша арасындағы сопақша тесіктің жабылуына әсер етеді. Сөйтіп организмдегі үлкен қан айналу шеңбері мен кіші қан айналу шеңбері бір-бірімен араласпайтындай болып дербестенеді. Кіндік бауы құрамындағы артериялар мен веналар, аранцев, баталлов арналары жабылып қасындағы органдардың (қуықтың, бауырдың, өкпенің) сіңір бауына айналып кетеді.

Құрсақтағы ұрықтың оттегі мен қоректік заттарды ана қанынан плаценталық(ұрық жолдасы) қанайналым көмегімен жеткізіледі. Ол былай іске асырылады. оттегі және қоректік заттармен байыған артерия қаны ана қағанағынан кіндік венасына енеді, бұл вена кіндік аймағының нәресте денесіне кіріп жоғары жүреді де бауырға келіп, оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады. бауыр қақпасының деңгейінде v. Umbilicadis екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі бірден қақпа венасына құйылады, ал ductus venosus деп аталатын екіншісі, бауырдың бетімен оның артқы жиегіне дейін барып, сол жерде төменгіқуыс вена сабауына құйылады. Салыстыра алғанда бауырдың көлемінің үлкендеу болуы кіндік венасы тармағының біреуінің қақпа венасы арқылы бауырға таза артерия қанын жеткізуіне байланысты бұл соңғы жағдайда өсіп келе жатқан ағза үшін бауырдың қан жасау қызметіне байланысты, бұл қызмет құрсақтағы төлде басым болады да, туғаннан кейін әлсірейді. Қан бауыр арқылы өтіп, бауыр венералар арқылы төменгі қуыс венаға құйылады. Сөйтіп, барлық umbilicalis қаны не тікелей ductus venosus арқылы немесе жанама жолмен(бауыр арқылы) төменгі қуыс венаға келеді. Сол жерде құрсақтағы төлге дененің төменгі жартысынан ағып шығатын вена қанына араласады. Аралас (артериялық және веналық) қан төменгі қуыс вена арқылы оң жақ жүрекше ағады. Одан төменгі қуыс вена қақпашасының-valvula venae cavaeinterioris-көмегімен жүрекшелер пердесінде орналасқан forameno vale арқылы сол жақ жүрекшеге келеді. Аралас қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға, одан әрі жұмыс істемейтін өкпелік қанайналыс шеңберіне соқпастан, қолқаға келеді. Оң жақ жүрекшеге төменгі қуыс венадан басқа, тағы да жоғарғы қуыс вена және жүректің веналық(тәждік) қойнауы құйылады. Дененің жоғарғы жартысынан жоғарғы қуыс венаға келетін, вена қаны одан әрі оң жақ қарыншаға, одан өкпе сабауына келеді. Алайда тыныс алу мүшесі ретінде өкпе әлі жұмыс істемейтіндіктен, қанның аз ғана бөлігі ғана өкпе паренхимасына, одан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келеді. Қанның көп бөлігі өкпе сабауынан ductusarteriosus арқылы төмендегі қолқаға, одан ішкі мүшелер мен аяқтарға ауысады. Сөйтіп, жалпы алғанда құрсақтағы төлдің тамырлары арқылы аралас қан ағады. Құрсақтағы төлдің тамырлары арқылы аралас қан аққанымен, v. umbilicalis және төменгі қуыс венаға құйылғанға дейінгі ductus venosus-ті қоспағанда, ductus arteriosus құятын жерден төмен оның сапасы едәуір төмендейді. Демек, дененің жоғарғы бөлігі (бас) оттегі мен қоректік
заттары молдау қан алады. Дененің төменгі бөлігі жоғарғы бөлігіне қарағанда нашарлауқоректенеді. Бұрын қан арқылы алынатын қоректік заттардың орнына, енді тамақ асқорыту жолына түсіп, сол жерде қорытылып, сіңіріледі. Ал оттегі енді анасының қанынан емес тыныс алу мүшелерінің іске қосылуы нәтижесінде сыртқы аудан келе бастайды.

Қан өндіру ұрықтық кезеңде басталады. Бұл кезде қан сары денеде, бауырда, көк бауырда жөне сүйектің кемігінде өндіріледі. Ұрықтың мүшелері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан ұрықтың 2-3 апталық кезеңіңде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады.
Б а у ы р ұрықтың 3-4 апталық өміріңде пайда бола бастайды. Жаңа туған сәбидің бауыры оның құрсақ қуысының 2/3 бөлігін алып жатады. Туғаннан кейін алғашқы айлардан бастап бауырдың аумағы кішірейеді де, 3-4 жаста бауырдың аумағы ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің бауырының салмағы жалпы денесінің 4, 33 %-ына тең болса, ересек адамда ол 2, 85 %-ға тең. 8-10 айда бауырдың салмағы 2 есе, 2-3 жаста 3 есе артады.
Бауырдың атқаратын қызметі өте көп. Ол барлық зат алмасуға қатысады, қорғаныс және усыздандыру қызметтерін атқарады. Ұрықтық кезде бауырдың қан өндіретін мүше ретіндегі маңызы күшті болады. Ұрықтың 5 апталық өмірінде ол қан өндірісінің орталығына айналады, ал бала туарда бауырдың бүл қызметі тоқталады. Дегенмен төл туғаннан кейін қан өндіру мүшелерінің қызметі өлсіз болғанда бауырдың қан өндіру қызметі жалғасады. Ұрықтың 14 апталық өміріңде көк бауырда қан өндіру" басталады. Ұрықтың көк бауырында қан клеткаларының бәрі де өндіріледі. Жаңа туған төлдін көк бауырының салмағы төлдің денесінің жалпы салмағы мен ұзындығына байланысты болады. Төлдің денесі өсе келе, көк бауырының салмағы да артады. 5 айда оның салмағы жаңа туған кезіндегі салмағынан 2 есе, 1 жаста 10 есе артады.
Ірі қара малда сүйектің қызыл кемігі үрықтық мерзімнің 4-ші айыңда қызмет ете бастайды да 6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Төл туар кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек "майына" толы болады. Ол негізінен қан клеткаларынан түрады. Тек 1-2 айдан бастап қан клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды да, 5 айда майлы сүйек кемігі жілік сүйектерінің бастарында ғана қалады. 1-2 жаста барлық жіліктер майға толады деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан жіліктегі қызыл кемік маймен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіңдегі қан ендіру қызметі 3-4 айдан, 1 және 2 жаста маңызды орын алады. Лимфа түйіндері ұрықтық кезеңнің 2-ші айында қан тамырлары жолының бойында пайда бола бастайды да, кейбіреулері төл туғаннан кейін түзіледі. 8-9 ай арасында лимфа түйіндерінің ретикуло-эңдотелиалдық жүйелері күшті дамып, 1-2 жас аралығында лимфа түйіні мүше ретінде толық жетіледі. Лимфа түйіндерінің қүрылысы төлдің денесінің барлық жерінде біркелкі емес, олардың қүрылысы түрған орнына байланысты: терең орналасқан лимфа түйіндерінен гөрі тері астындағы лимфа түйіндерінде трабекулалар кобірек болады.

2. 2 Төлдің туғаннан кейінгі қан айналымы

Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда -тоқтаусыз айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы организмнің әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей байланысты.
Қан айналым жүйесін организмде сорап (насос) қызметін атқаратын жүрек пен қан тамырлары - артериялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар) және капиллярлар (қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалар мен мүшелерге тарататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін тамырларды - веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады.
Барлық омырқалыларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Ол үлкен (жүйелік) және кіші (тыныстық) қан айналым шеңберлерінен түрады.
Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жуйелік) қан айналым шеңберідеп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала
келіп, ұсақ тамырларға - артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттегіні Ұлпалар береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмір қышқылгазды сіңіріп, вена қанына айналады. Жүректің негізгі қызметі қанды қозғалтып, оның тамырлармен айналуын қамтамасыз ету. Бұл жұмысты ол еттерінің жиырылу (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы атқарады. Жүрек еттері жиырылғаңда қан жүрекшелерден қарыншаларға, қарыншалардан қан тамырларына айдалады және артерия мен вена жүйелерінде кысым айырмашылығы пайда болады. Бұл қанның тамырлармен жылжуын қамтамасыз етеді. Жүрек еті босаңсыған кезде жүрек куыстарындағы қысым күрт төмендеп, қан веналардан жүрекшелерге сорылады, ал жүрекшелер жиырылғанда қан карыншаларға құйылады. Босаңсыған жүрек еті біраз уақыт тыныштық күйде болады, оны жүрек үзілісі дейді.
Жүрек етінің бір рет жиырылып, босаңсуын және тыньш жағдайынан өтуін жүрек айналымы (циклы) дейді. Жүрек айналымы жүрекшелердің жиырылуымен басталады. Айта кетер жәйт, Кис-Фляк түйінінің орналасу жағдайына сәйкес оң жүрекше сол жүрекшеден 0, 01 сек, ал жүрекшелер қарыншалардан 0, 1 сек бұрын жиырылады. Жүрекшелер жиырылған кезде қуыс веналар мен өкпе венасының тесігі қысыла жабылып, қан жармалы қақпақшалар арқылы қарыншаларға құйылады. Бұл кезде қолқа мен өкпе артериясындағы қан қарыншаларға кері өте алмайды, себебі бұл тамырлардағы жоғары қысымның әсерінен жарты айшық қақпақшалар жабылып қалады. Одан әрі жүрекшелер қабырғасының еттері босаңсып, қарыншалар жиырылады. Осының нәтижесінде қарыншалар куысындағы қысым тез көтеріліп, қос және үш жармалы қақпақшалар жабылады да,

жүрекшелер мен қарыншаларды қосатын тесіктер жабылады. Бұл кезде айшық

қапақшалар да жабық күйінде тұрады. Одан әрі жүрек етінің изометриялық жиырылуының (ет талшықтарының ұзындығын өзгертпей ширьғуы) нәтижесінде қарыншалар қуысындағы қысым артериялардағы қысымнан артып кетеді. Осы кезде жарты айшық қақпақшалар ашылып, қарынша қабырғаларының еттері ауксотониялық жиырылуға көшеді де (ет талшықтарының ұзындығы да, кернеу күші - тонусы да өзгереді), қан артерияларға құйылады. Жүректің бір айналымында төрт кезең байқалады. Олардың екеуі систолалық, екеуі - диастолалық кезең.
Систола кезінде ширығу (кернеу) және қанды құю кезеңдері байқалады. Ширығу кезеңі екі сатыда етеді. Олар - асинхронды жиырылу және изометриялық жиырылу. Ал қанды құю кезеңінде қанды құюдың пәрменді және баяу сатылары байқалады.
Диастола кезінде босаңсу және толу кезеңдері атқарылады. Босаңсу кезеңінде протодиастола (босаңсудың басынан жарты айшық қакпақшалар жабылғанға дейінгі мерзім) және изометриялық босаңсу сатылары болады. Толу кезеңі жылдам толу, баяу толу сатылары мен пресистоладан (жүрекшелер жиырылуымен байланысты толу) тұрады. Жүректегі қозуды туындатып, оның жүрекшелер мен қарыншаларға таралуын, осының нәтижесінде олардың үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ететін бейқалыл элементтердің (түйіңдердің, шоғырлардың, талшықтардың) жиынтығы журектің өткізгіш жуйесі деп аталады. Ол синус - жүрекше (Кис-Фляк) және жүрекше-қарынша (Ашофф-Тавар) түйіндерінен, Гис шоғырынан, Гис сабақтарынан, Пуркинье талшықтарынан тұрады. Бұл құрылымдар жүрекке автоматизм қасиетін береді.

Жүрек автоматизмнің табиғатын түсіндіру мақсатында екі түрлі теория ұсынылған. Бірінші миогенді теория автоматизм қасиетін жүректің атипті ет талшықтарымен байланыстырады. Бұл теорияны жақтаушылар дәлел ретінде омырқалылар іштөлі (ұрығы) жүрегінің нерв элементтері пайда болмастан бұрын-ақ ырғақты жиырыла бастайтынын алға тартады. Екінші - нейрогенді теория автоматизм қасиетін жүректің нерв түйіндеріне таңады. Бұл теорияны қоддаушылар нерв жүйесінің қозғыштық қасиетіне сүйенеді. Бірақ терең морфологиялық зерттеулер атипті ет элементтері мен нерв түйіндері тығыз байланыста болатынын көрсетті, сондықтан қазіргі кезде автоматизм қасиетін жүректің жүйкелі - етті өткізгіш жүйесінің үйлесімді әрекеті қамтамасыз етеді деп есептейді. Жүрек автоматизмі Кис-Фляк түйініндегі зат алмасудың ырғақты өзгерістеріне байланысты. Филогенез барысында жүрек етінде жиырылу күшін жүрекке қайтып оралған қан мөлшерінің көбеюіне, артериялардағы қысым деңгейінің жоғарлауына байланысты арттыратын қабілет қалыптасқан. Бұл орта жағдайына бейімделудің бір түрі, себебі аталған жайттер дене жұмысы кезінде жөне түрлі эмоциялар жағдайында туындайды.
Тыныштық жағдайларындағы организмнің жүрегі босаңсып (диастола) жиырылар алдында жүрек еті талшықтарының белгілі бір ұзындық шамасы (бастапқы ұзындық) болады. Жүрекке қан оралымы көбейсе немесе артериялардагы қысымның жоғарылауына байланысты онда қан іркелсе, жүрек қуысы керіліп, жүрек еті талшықтарының бастапқы ұзындығы үлкейеді. Қан оралымы неғүрлым көп, ал артериялардағы қысым неғүрлым жоғары болса, соғұрлым ет талшықтарының керілу деңгейі арта түседі, Неміс ғалымы Отта Франк пен ағылшын ғальшы Эрнест Старлинг алгаш рет жүрек еті неғүрлым көбірек созылса, оның соғұрлым күштірек жиырылатынын дәлелдеді. Жүрек етінің бұл ерекшелігін "журек заңы "деп атаңды. Демек, жүрекке қан неғұрлым көп оралса, ол соғұрлым қанды көп айдайды. Осыған байланысты жүректен қуылатын қан мөлшері венамен оралатын қанның мөлшеріне қарай өзгеріп отырады да, оң және сол қарыншалардан қуылатын қанның жалпы көлемі бірдей деңгейде сақталады. Жүрек етінің қозуымен байланысты туындайтьн биоэлектрлік құбылысты жүрек биотогы деп атайды. Жүрек еттері қозу толқынымен бір сәтте қамтылмайды. Оның бір бөлігінде қозу пайда болғанда, басқа бөлігі тыныштық күйде болады. Осыдан жүректің қозған теріс зарядты бөлімі мен қозбаған оң зарядты бөлімінің арасыңда потенциалдар айырмасы туындайды да биоток пайда болады. Оның кернеуі өте төмен (1-2 мв), ал күші ампердін, миллионнан бір бөлігіңдей ғана болады. Жүректе пайда болған әрекет потенциалы бүкіп денеге тарайды, сондықтан арнайы сезімтал аспаптарды пайдалана отырып осы потенциалдар толқынын қисық сызық бейнесінде жазып алуға болады. Жүрек еттеріндегі биоэлекірлік құбылысты зерттейтін әдісті - электрокардиография, биотоктарды зерттеу үшін қолданатын аспапты -электрокардиограф, ал биотоктарды бейнелейтін қисық сызықты -электрокардиограмма (ЭКГ) деп атайды. Электрокардиограммада бес кертпеш болады (Р() К5Т) . Якертпеші жүрекшелер қозған кезде, ал {Ж$Ткертпештері қарыншалар қозғанда пайда болады. ЭКГ-ны жазу үшін денеден үш түрлі жолмен ток тартылады: 1) оң және сол қолдан; 2) оң қол мен сол аяқтан; 3) сол қол мен сол аяқтан. Малда тиісінше алдыңғы және артқы сирақтардан.

Жүрек еттері жиырылған кезде қолқа мен өкпе артериясына белгілі мөлшерде қан қуылады. Қарыншадан систола кезінде шығатын қанның мөлшерін систолалық сиымдылық деп атайды. Ол қарышпа қуысының көлеміне, жүрекке оралған қан мөлшеріне, қарынша етінің жиырылу күшіне, жүрек жұмысының жиілігіне, мал түлігінің түріне қарай өзгереді. Адамда систолалық сиымдылық 65-70 мл, қой-ешкі-де - 70 мл, жылқы мен ірі қарада -500-600мл.
Жүректен бір минутга өтетін қан мөлшерін жүректің минуттық сыйымдылыгы дейді. Оның мөлшері жасқа, организмнің шынығу деңгейіне, жүрек жұмысының жиілігіне, түлік түріне т. б. қарай өзгереді. Жүрекгің минуттық сиымдылығын оның систолалық сиымдылық мөлшерін жүректің бір минуттағы соғу жылдамдығына көбейту арқылы анықтайды. Адамда орта есеппен оның мөлшері 4, 5-5 л, жылқыда - 20-30 л, ірі қарада - 40-50 л.
Дене жұмысы кезінде жүректің минуттық сиымдылығы көбейеді. Жаттықпаған, шынықпаған организмде ол жүрек соғуының жиілеуі, ал жаттыққан организмде - систолалық сиымдылықтың көбеюі арқылы өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аборттың жіктелуі
Туу патологиясы және тууға жәрдем көрсету
Емізетін және туатын мегежіндерді азықтандыру
Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы
Туу физиологиясы
Төл және төл қабаттарының дамуы
Ветеренария - емтихан сұрақтары
Төлдің даму кезеңдері
Ауа алмасуды су буларының және көмірқышқыл газының бөлінуі бойынша есептеулерді жүргіз
Сарпай мен қынаптың жарақаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz