Қазақстан мен Канаданың байланыстары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І . тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
І.1 Канаданың қазіргі экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І.2 Отын . энергетика кешені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
І.3 Өңдеу өнеркәсібінің салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

ІІ . тарау Канаданың халықаралық қатынастары
ІІ.1 Канаданың сыртқы экономикалық байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ.2 Канада мен Қазақстанның қарым.қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
А. Екі ел арасындағы байланыстың қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... ...12
Ә. Канада . Қазақстан тараптарының кездесулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Б.Канадылықтар Қазақстан туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
В. Қазіргі күндердегі инициативалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Канада Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі бойынша бүкіл дүние жүзінді Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады. Оның құрлықта АҚШ - пен ғана шекарасы бар. АҚШ- пен көршілестігі - Канаданың саяси және экономикалық – географиялық жағдайын анықтайтын шешуші белгі. Шекараларының сумен ұласып жатуының үлкен маңызы бар. Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен жалғастырып жатқан Әулие Лаврентий өзені елдің басты « теңіз қақпалары » қызметін атқарады және Африка Еуропа құрлықтарына баруға болады. Тынық мұхит арқылы Аустралияға баруға болады. Географиялық орны қолайлы. Оңтүстік және солтүстік батысында АҚШ – пен, теңіздер арқылы солтүстігінде Ресеймен, шығысында Гренландия аралымен шектеседі.
Канада табиғат жағдайлары мен ресурсқа өте бай, табиғат ландшафтысы Ресей жеріне ұқсас. Бұл жерде территорияның өте нашар игерілген жерлер өте көп. Жер көлемінің жартысына жуығы ағашты канадалық қалқан үлкен бөлігі – Лаврентий таулы қыраты , көлдер, қатал климаттың жерді игеруге кедергі келтіреді. Батыс және шығыс бөлігінде таулы жүйесі орналасқан. Оңтүстік шығысында Аппалач тауы, батыста Кордильер тауы. Оңтүстік бөлігі ғана игерілген. Елдің қатал табиғат жағдайлары Канаданың солтүстігі мен солтүстік батысында шаруашылық ісімен айналысу орын алмаған
Пайдаланған әдебиеттер
1.Токаев К «Казахстанская дипломатия впервые итоги, новые задачи» Мысль, 1995 г., 285б [ 94-98 с]
2.Родионова И.А., Холина В.Н
«Политическая картина мира » М,1995 г., 213б [ 56 – 58с]
3.Назарбаев Н.А «На пороге ХХІ века» Алматы, 1995 г., 326 б [ 117-128с]
4.Казанский Н.Н и др. Экономическая география транспорта М., Транспорт.,1991г., 295 бет [184-187с]
5. Ю.В.Бромлей., Р.Г.Подольный «Человечество-это народы»
М; «Мысль» 1990г., 203б /67-69с/
6.Гаджиев К.С « Геополитика» М, 1997., 280 б [ 13-17 с]
7. Алтухов В. О смене порядков в мировом общественном развитии // МЭНО. 1995 г., 420 б., [ 218-222с]
8. Хлюпкин В. Казахстан в геополитическом измерении //
Мысль 1996г., 210 б [ 98-101с]
9. «География және табиғат» 2003 №7 78бет [45-49с]
10. В.П.Максаковский «География» оқулық 255б /38-43с/

Қазақстан мен Канаданың байланыстары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 3

І – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
І.1 Канаданың қазіргі экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І.2 Отын - энергетика
кешені ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..7
І.3 Өңдеу өнеркәсібінің
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 9

ІІ – тарау Канаданың халықаралық қатынастары
ІІ.1 Канаданың сыртқы экономикалық
байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ.2 Канада мен Қазақстанның қарым-
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
А. Екі ел арасындағы байланыстың қысқаша
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ..12

Ә. Канада - Қазақстан тараптарының
кездесулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Б.Канадылықтар Қазақстан
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9

В. Қазіргі күндердегі
инициативалар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Канада Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде
орналасқан мемлекет. Жер көлемі бойынша бүкіл дүние жүзінді
Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады. Оның құрлықта
АҚШ - пен ғана шекарасы бар. АҚШ- пен көршілестігі - Канаданың
саяси және экономикалық – географиялық жағдайын анықтайтын
шешуші белгі. Шекараларының сумен ұласып жатуының үлкен маңызы
бар. Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен жалғастырып
жатқан Әулие Лаврентий өзені елдің басты теңіз қақпалары
қызметін атқарады және Африка Еуропа құрлықтарына баруға
болады. Тынық мұхит арқылы Аустралияға баруға болады.
Географиялық орны қолайлы. Оңтүстік және солтүстік батысында
АҚШ – пен, теңіздер арқылы солтүстігінде Ресеймен, шығысында
Гренландия аралымен шектеседі.

Канада табиғат жағдайлары мен ресурсқа өте бай, табиғат
ландшафтысы Ресей жеріне ұқсас. Бұл жерде территорияның өте
нашар игерілген жерлер өте көп. Жер көлемінің жартысына жуығы
ағашты канадалық қалқан үлкен бөлігі – Лаврентий таулы қыраты ,
көлдер, қатал климаттың жерді игеруге кедергі келтіреді. Батыс
және шығыс бөлігінде таулы жүйесі орналасқан. Оңтүстік
шығысында Аппалач тауы, батыста Кордильер тауы. Оңтүстік бөлігі
ғана игерілген. Елдің қатал табиғат жағдайлары Канаданың
солтүстігі мен солтүстік батысында шаруашылық ісімен
айналысу орын алмаған.

І – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
І.1 Канаданың қазіргі экономикалық жағдайы

Канада нарықтық экономикаға көшкен жоғары дамыған елдер
сияқты постиндустриалдық даму кезеңіне өтті. Ол дүние жүзінде
жалпы ұлттық табыс көлемі бойынша сегізінші орында ( 1994
жылы 570 млрд. доллар ), өнеркәсіп өнімінің құны бойынша – жетінші,
сыртқы сауда айналымы бойвншв алтыншы орында тұрады. Жалпы ұлттық
табыс көлемң бойынша жан басына шаққанда АҚШ– ты ғана алға
жібереді ( 20 мың $ 23 мың $ қарсы ) . Бұл ел ауыл шаруашылық
және өнеркәсіп тауарларын басты өндіруші елдер тобына жатады.
Канадаға өндірістің жоғары көлемі, дамыған еңбектің географиялық
бөлінуі, энергиямен жақсы қамтамасыз етілуі тән. Экономиканың
басқа секторларына қарағанда өндірістік емес сала басым.
Экономиканың құрылымы жайында экономикалық белсенді халық пен
жалпы ұлттық табысына қарап білуге болады.

Канаданың мамандануы шикізат бағытының рөлі айтарлықтай
басым. Тау– кен өнрекәсібі, энегетика мен ауыл шаруашылығы , орман
және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін дүне жүзілік
тауарлар саудасында жетекші орын алады. Канаданың дүние
жүзілік шикізат экспортындағы үлесі 7% болса, өндірістің
17%– ы тиеді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі басқа дамыған елдерге
қарағанда төмен. Сыртқы сауда Канаданың шаруашылығында АҚШ– қа
қарағанда рөлі зор ( ЖҰТ– ң ¼ 110 мен салыстырғанда ). Алайда
Канаданың дүние жүзілік нарыққа тәуелділігі күн сайын артып
келеді: шикізат салалары ¼ – ден 23 – ге дейін өнімдер. Дүние
жүзілік нарықтағы бәсекелестерінің пайда болуы (ОАР, Австралия )
және дамушы елдердің дүние жүзілік нарықта басымдылығын
арттыруы жағдайды ушықтыруда. Канаданың сыртқы саудасында
АҚШ– тың басымдығы ( тауар айналымының ¾ ) және елдің
экономикасында шетелдік капиталдың ( жалпы ұлттық табыстың ¼
– не тең ) басымдығы байқалуда. Канаданың шетелдік капиталға, ең
алдымен американдық капиталға тәуелділігі ( соңғысына шетелдік
капиталдың 65% – ы тиесілі ) әлеуметтік – экономикалық географияға
екі есе ықпал етуде. Бір жағынан шетелдік инвестициялар
ақша құйылған аудандардың экономикалық өсуіне, еңбекпен
қамтамасыз етілудің жоғарылауына, тұтыну нарығының кеңеюіне, құрал –
жабдықтар импортының ұлғаюына, еңбек өнімділігін арттыруға
көмектесті. Екінші жағынан, өндірістің аяқталмаған құрылымы,
экономикалық әлсіздігі, дүние жүзілік нарықтың ауытқуына, АҚШ
экономикасындағы жағдайларға тәуелділігі, ұлттық экономиканың
жоғарылауына , шетелдік технология мен құрал – жабдыққа
тәуелділігінің артуы мен саяси дербестіліктің шектелуіне әкеп
соқты.

Экономикалық өмірдің оңтүстік АҚШ– пен шекаралас
бөлігінде шоғырлануы қолайлы табиғат жағдайларымен, ағылшын –
американдық отарлау бағытымен, американдық капиталдың әсері мол
жерлер басым. Солтүстік территорияларды игеру қатал климат
жағдайларымен, пайдалы қазбалардың бай кен орындарының орналасуы,
кәсіпкерлердің шикізат ресурстарын экстенсивті жолмен алуға
тырысуымен байланысты. Бай табиғат ресурстары кәсіби
мамандардың болуы және америкаландырылған тұтыну нарығы АҚШ
компанияларының ерекше қызығушылығын тудырды. Канада АҚШ – тың
басты шикізат көзі және американдық экспорттың басты
тұтынушысына айналды. Мұнда инвестицияның 15 –і АҚШ – тың
үлесінде, әсіресе өңдеуші өнеркәсіпке – автомобиль шығару, электр
құрал – жабдықтары, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібіне тиесілі. Ең
тығыз байланыстар әскери – өндірістік салада орнаған.
Географиялық еңбек бөлінісі жақында қабылданған Солтүстік
Америкалық еркін сауда келісіміне сәйкес тұрақты
қатынастар орнаған. Канада мемлекетінде америкаландыруды
жақтаушылар мен канадландыруды жақтаушылар арасында күрес
жүруде. Ұлттық капитал өнеркәсіптің қара металлургия, ағаш
өңдеу, целлюлоза – қағаз, жеңіл өнеркәсіп, мұнай – газ және көмір
өнеркәсібі сияқты салаларпда өз үлесін сақтап отыр. Американдық
және канадалық капиталдың араласуы жүріп жатыр.

І.2 Отын - энергетика кешені
Елде энергетика мен тау – кен өнеркәсібі, түсті
металлургия мен энергияны көп қажет ететін салалар,
экспортқа шығатын шикіізат өнімдерін шығару салалары жақсы
дамыған. Өңдеуші өнеркәсіп салалары ішінен машина жасаудан
басқа ағаш өңдеу мен целлюлоза қағаз өнеркәсібінің,
сонымен қатар тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған. Канадада
индусрияландыру деңгейі жоғары.

Өндірілетін энергия көлемі бойынша Канада жетекші
елдердің қатарына жатады, ал тұтыну бойынша жан басына
шаққанда АҚШ –тан және басқа дамыған елдерден асып түседі.
Отын – энергетика кешенінде ¾ –і сұйық және газ тәріздес
отынның үлесінде, 18 –і көмір және 17 –ін атом энергиясы
мен гидроэнергия құрайды. Соңғы 20 жылда мұнай өндіру
мөлшері ауытқып жатыр ( 1995 жылы 89 млн. т ), табиғи газды
өндіру 158 млрд. м3 –ға дейін өсті (дүние жүзіндн үшінші орын
). Шығыс провинциялары мұнайды импорттайды.

Электроэнергия өндіру көлемі бойынша ( 540 млрд. кВт с )
дүние жүзіне алтыншы орында , ал ол жан басына шаққанда (
18,5 мың кВт с ) Норвегия мен Исландиядан кейінгі 3 –ші
орында. Энергияның көп мөлшерін (35) СЭС – тер береді. Ішіндегі
ең ірілері – Ла Гранд Ривер және Черчилл СЭС – тері. Ірі
ЖЭС – тері Торонто мен Ванкуверде . Электроэнергияның 15 – ін
Онтарио, Квебек және Нью – Брансуик провинцияларында орналасқан
АЭС – тер береді.

Тау – кен өнеркәсібі – елдің экономикалық базалық
салаларының бірі, экспортта маңызды рөл ойнайды. Құны бойынша
тау – кен өнімдерінің мына түрлері : мұнай, табиғи газ және
оның субөнімдері, алтын, көмір, мыс, мырыш, никель, темір кені,
уран, калий тұздары. Канада мырыш рудаларын және асбест
өндіруден бірінші орында, никель рудаларын және калий
тұздарының өндірілуі бойынша – екінші, платиноидтардан үшінші,
төртінші орын мыс кені мен күміс өндіруден, қорғасын кені
мен алтын өндіруден бесінші, темір кені бойынша жетінші
орынды алады.

Ірі тау – кен зауыт орталықтары елдің оңтүстік
аудандарында орналасқан: Садбери ( никель, мыс ), Салливан ( қорғасын,
мырыш ), Флин – Флон ( мыс, мырыш ), Норанда ( мыс). Пайдалы
қазбаларды өндіру сонымен бірге батыста және халық аз
қоныстанған солтүстік аудандарда дамып келе жатыр. Мұнай өндіру
көемі бойынша Канада дүние жүзі елдерінің алғашқы
ондығына кіреді. Өндіру аудандары негізінен елдің батыс
бөлігінде шоғырланған: Альберта және Саскачеван провинцияларындағы
Пембина, Редуаотер, Зама – кен орындары. Бұл кен орындарынан
шығысқа және қиыр батысқа трансканадалық мұнай және
газ құбырлары жүргізілген ( жергілікті құбырлардың тығыз
жүйесін есептемегенде ).

І.3 Өңдеу өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсібі өндірістің жоғары концентрациясы мен
капитал көптігімен ерекшеленеді, алайда еңбектің өнімділігі
бойынша басқа дамыған елдерден қалып қояды, соның ішінде
АҚШ – тан. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында экономикалық бірінші
реттік секторындағы дамыған салаларымен тығыз байланысты
салалар жетекші орында.

Машина жасау өнеркәсібінде өңдеу өнеркәсібінде жұмыс
істейтін адамдардың 30% жұмыс жасайды, бұл басқа дамыған
елдерден қайда төмен. Ең басты сала американдық капитал
басым көліктік машина жасау Онтарио провинциясының
оңтүстік бөлігіне орналасқан. Ауыл шаруашылығының машина
жасау, энергия күші құрал – жабдықтарын , тау – кен өнеркәсібі мен
орман шаруашылығына қажетті құрал – жабдықтар шығару да
дамыған. Станок жасау нашар дамыған. Машина жасаудың басты
орталықтары – Торонто, Монреаль, Уинсор, Гамильтон, Оттава, Галифакс,
Ванкувер. Ұлттық капиталға тиесілі болған қара
металлургияның жағдайы тұрақтануы. Шойын өндіру 8 – 10 млн. т,
қалайы – 13-15 млн.т .Басты орталықтары Приозерье – Гамильтонда
( өнімнің ½ ) ; Су –Сент – Мэри, Уэлленд, сонымен бірге Атлант
мұхитының жағалауында ( Сидни ).

Түсті металлургияда американдық және ағылшындық
капиталының ықпалы басым. Түсті металдарды қорыту, әсіресе никель,
мыс, алминийді қорыту үлкен мөлшерге жетті. Дүние жүзілік
ірі орталықтарға Садбери, Томпсон, Салливан, Порт – Колборн, Китимат,
Арвида енді. Көптеген кәсіпорындар жергілікті шикізат
негізінде жұмыс істейді ( никль, мыс, мырыш, қорғасын ). Импорттық
шикізат негізінде ірі алюминий өндірісі жасалған. Бұл дүние
жүзінде екінші орында тұр. Басты орталықтары: Арвида, Китимат, Бе –
Комо, Иль – Малинь, Тран – Бе. Канада алюминий экспорты бойынша
дүние жүзінде бірінші орынды алады.

Канада маңызды кісәпорындары : Монреаль, Сарни, Ванкувер, Эдмонтон
қалаларында орналасқан. Химиялық өнрекәсіп кешені негізгі
химия, жоғары полимерлі химия, химиялық тыңайтқыштар, синтетикалық
каучук өндіру зауыттарымен айқындалады. Миннералды тыңайтқыштар
өндіру бойынша дүние жүзінде Канада бірінші орын алады.
Химия өнеркәсібінің басты орталықтары: Сорния, Монреаль, Торонто,
Ниагара – Фолс, Китчекер.

Орман, ағаш өңдеу және целлюлоза – қағаз өнеркәсібі аса бай
орман ресурстарын пайдаланады. Канада ағаш шығарудан дүние
жүзінде бірінші орын алады. Ал пиломатериалдар өндірісінен
екінші, қағаз өндіру бойынша төртінші орында. Елдің экспортта
рөлі зор: пиломатериалдар мен қағаз шығарудан дүние жүзінде
жетекші орында. Целлюлоза – қағаз өндірісінің 23 –сі Әулие
Лаврентий өзеніндегі СЭС маңына жақын орналасқан. Ірі қағаз
комбинаттары Британдық Колумбияда шоғырланып өндірістің 23
– сін құрайды.

ІІ – тарау Канаданың халықаралық қатынастары
ІІ.1 Канаданың сыртқы экономикалық байланыстары
Сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі бойынша және жан
басына шаққанда жетекші елдер қатарында . Барлық тауарлық
өнімнің ¼ – і экспортталады , ал жеке салаларда одан да көп
( бидайдың 45 і , ағаш кесу , целилоза – қағаздық, алюминий
өнеркәсібінің ½ – сі ). Канаданың экспортында 25 – ін шикізат ,
азық – түлік тауарлары және металл алады . Сыртқа шығарылатын
өнеркәсіп тауарларының негізгі бөлігін қағаз өнімдері алады .
(дүние жүзілік экспорттың 13 – і) ,автомобиль жасау және
машина жасаудың кейбір салалары . Импортта керісінше өнеркәсіп
өнімдері дайын тауарлар басымдылық көрсетеді . Сонымен бірге
көмір , мұнай , тропиктік ауыл шаруашылық өнімдері сырттан
әкелінеді . Құрылым көбіне сыртқы сауданың географиясымен
анықталады . Бұрынырақта АҚШ пен Ұлыбританияға тауар шығаратын 2
дүние жүзілік соғыс басталғалы бері АҚШ оның басты
серіктестігіне айналды . Бұған қаржылық байланыстар да әсер
етті . АҚШ тың Канададағы сыртқы үлесі 70% асады . 1973 жылдан
бері сыртқы саудадағы екінші орыннан Ұлыбританияны ығыстырып
Жапония шықты. Сыртқы экономикалық байланыстарда КСРО– ның
үлесі аз емес болатын , алайда кейінірек Ресей мен ТМД – ның
басқа елдерімен байланыс азайды. ЕО– мен өзінің
протеционистік саясатымен үлесі азайып келеді. Канада шешімді
халықаралық қатынастар географиясынан соның ішінде
Азия континентінде, сонымен бірге үшінші әлем елдерімен
байланысты нығайтудан көреді.

ІІ.2 Канада мен Қазақстанның қарым-қатынастары
А. Екі ел арасындағы байланыстың қысқаша тарихы

Канада мен Қазақстанның көп ұқсастықтары бар, олар екі
елдегі климаттық жағдайдың , топорграфия мен жер бедерінің
сипаттамасының ұқсастығында негізделген. Астана Канаданың қақ
ортасындағы Саскачеван провинциясының орталығы Реджайна қаласымен
бір географиялық кеңістікте тұр. Бұл провинция, және Батыс
Канададағы Альберта мен Манитоба провинциялары климаттық жағдай
жағынан Қазақстанға құсайды. Сондықтын да Батыс Канада мен
солтүстік Қазақстан аграрлық секторда тәжірибе және технологиялар
алмастыру жөнінен тамаша әріптестер бола алады. Мәселен, Канаданың
дала провинциялары болып табылатын Саскачеван, Альберта және
Манитоба провинциялары 1.960.087 шаршы километр жерді алып жатыр,
олардағы ауыл шаруашылық территориялар 50 млн. гектарды құрайды.
Бұл өңірдің аграрлық жерлері континентальды климатпен сипатталады,
андағы температура амплитудасы – 40 тан + 40 – қа дейін барады.

Батыс Канада әлемдегі ең сәтті құрғақшылық жағдайдағы
ауыл шаруашлық кешені ұйымдастырылған өңір болып саналады.

Канада мен Қазақстан Республикасы арасындағы ауылшаруашылық
секторында ынтымақтастықтың бай тарихына ие, бұл тарих кеңес
дәуіріндегі ресми тұлғалардың Қазақстан Республикасы мен
Канадаға сапарларынан басталған еді. Бұл қатынастар 15 жылдан
кейін, қазіргі уақытта дамын жалғастырып келеді.

Ынтымақтастық 1989 жылы, Кеңес Одағы үкіметінің Саскачеван
провинциясына Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасымен
ынтымақтастық құру туралы ұсынысынан басталды. Нәтижесінде
Канадаға ресми сапармен Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші
Хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев барып қайтты, онда ол Саскачеван
провиециясындағы фермерлік қожалықтарды аралап қайтты. Сапар
барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Саскачеван провинциясының
Премьер – Министрі Грант Дивайн аграрлық сектордағы ынтымақтастық
және екі территория арасында тәжірибе алмасу жөнінде келісімге қол
қойды.

1990 жылдың қаңтар айында Премьер Дивайн бастаған Канада
делегациясы Мәскеуге келіп , ондағы Қазақстан Өкілдігінде
аграрлық мәселелермен айналысқан ресми тұлғалармен және
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрімен кездесті. Бұл
кездесулерден кейін Саскачеван провинциясының Үкіметі өкілдері
Целинград, Павлодар, Қостанай, Көкшетау және Алматы облыстарында
болып тәжірибе алмасты.

1991 жылы Канададан Целиноград облысына Шортандыдағы
зерттеу орталығының академиктері қатысқан жоба ауқымында ауыл
шаруашылық техника жеткізілді. 1993 жылы Канада Үкіметінің
қаржыландыруымен Көкшетау облысының Викторовка совхозында рапс
өсіруге байланысты демонсрациялық жоба іске асырылды. Оған ауыл
шаруашылығнда маманданған Канада іскерлер қатысты. Бұл жобаға
байланысты жұмыстар үш жылға созылды.

Соңғы 15 жылда Канада мамандары Қазақстанның ауыл
шаруашылық секторында мал өсіру , бидай өңдеу және т.б салаларында
жұмыс істеп келді. 1993 жылы Көкшетау облысының Ауыл шаруашылығы
институты негізінде Саскачеван провинциясының өкілдері люцерна
дақылдарын өңдеуге байланысты жобаны іске асырды.

Соңғы үш жыл бойы Қазақстан мен Канада іскер және
ғылыми топтары арасында қатынастар тығыздыла түсті.

Ә. Канада - Қазақстан тараптарының кездесулері

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың наурыз айындағы ресми
кездесулері мен келіссөздері Канаданың генерал– губернаторының
резиденциясында басталды. Бұл орынға Эдреан Кларксон мырза
тағайындалған. Ол Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ өкілі
болып табылады. Эдреан Кларксонмен бірге делегация Канаданың
парламентіне бет алды. Президент Канаданың атқарушы биліктегі
премьер – министрі Жан Кртьенмен кездесті. Канада мен
Қазақстанның арасындағы екі жақты байланыстар төңірегінде
келіссөздер болды.

Жан Кретьен біздің еліміздегі экономикалық және саяси
реформалауға жоғары баға берді. Оның пікірінше, Қазақстан басқа
посткеңестік елдерге үлгі бола аламыз. Нұрсұлтан Назарбаев
Канадамен байланыстарға мән беретінін айтты. Соның ішінде БҰҰ мен
ОБСЕ сияқты халықаралық ұйымдардың халықаралық терроризммен
ядролық қарусыздану және аймақтық жанжалдарды шешуде атқаратын
жұмыстары аясында.

Қазақстанның заңгерлік жүйесінде реформалауда серіктестікке
қол жеткізді. Канада Қазақстанға жоғары технологиялар мен кіші
және орта бизнесті дамыту салаларына инвестиция құю мәселелерін
қайта қарауға уәде берді. Бейбітшілік қызметтегі қазақстандық
мамандарды оқытуға келісім жасалды.

Осы 2003 жылдың қыркүйек айында Астанада өткен әлемдік
жыне дәстүрлі діндердің съезіне қатысты. 2 Үкіметаралық құжатқа
қол қойылды: азаматтық құқықтық істерде көмек жайлы және
халықаралық экономикалық серіктестікті нығайту жолында ортақ жобаға
қол қойылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев патшалық атты әскердің
полиция колледжінде болды. Арнайы президент үшін көрсетілімдік
қойылымдар ұйымдастырылыпты. Ертеңіне Комгари қаласында болып
қайтты.

2003 жылдың қараша айында Мәжіліс төрағасы Жармахан
Тұяқбаевтың басшылығымен қазақстандық парламент делегациясы
Канадаға ресми сапармен барып қайтты.

БАҚ мәліметтері бойынша делегацияның мақсаты екі ел
арасындағы парламенттік байланыстарды кеңейту. Оттаваға сапарында
Ж.Тұяқбаев екі палатаның парламент спикерлерімен, премьер –
министрдің орынбасары Дж. Манлимен , Сенат, Ұлттық қауіпсіздік пен
қорғаныс комитетінің төрағаларымен кездесті және процедуралық
сұрақтарға жауап беретін комитетпен кездесті.

Кездесулер қатысушылары екі жақтың ары қарайғы саяси
және экономикалық қарым – қатынасының кеңеюі мен терңдеуіне
мүдделі екенін айтты. Канаданың Қазақстанға инвестиция көлемі
500 млн. асқанмен бұл екі жақты байланыстың шегі емес
екені айтылды.

Қазақстан Канадаға республикамызда мұнай мен газ қорының
көптігі, Евразиянық геосаяси орталығында орналасуы және
бірегей көп ұлтты және көп дінді қоғамды тұрақты ұстауымен
қызықтырады. Сонымен қатар, Канада Қазақстанмен терроризммен,
есірткі саудасы, ұйымдасқан қылмыскерлікпен күресуде өзара көмек
алмасуға мүдделі. Қазақстан Республикасының парламенттік делегациясы
Торонтоға бет алды. Мұнда жергілікті үкімет және іскер ортамен
кездесті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
2003 жылғы Канадаға сапары екі ел арасындағы
байланыстарға жаңа серпіліс берді. Сапар кезінде Президент
Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстандағы және таяу Шығыстағы және аса
қысымда тұрған аймақтар сияқты әлемдік қауымдастыққа маңызы бар
сұрақтар төңірегінде сөз қозғады.

Бұл сапар екі ел президенттерінің өзекті мәселелер
төңірегінде көзқарастары бір екенін көрсетті.

2006 жылы қазан айында Канада – Қазақстан кәсіпкерлерінің
ассоциациясы екі елдің алдағы сауда – экономикалық қатынастарын
дамытуға бизнес қоғамдықтардың күшін жұмылдыру туралы ниет
білдірген. Бұл альянстың нығаюы ККАП аясында ақпарат алмасуға,
бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктер, мемлекеттік құрылымдармен
байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Ассоциация құрамына екі елдің
30 кәсіпорны кірді. Директорлар кеңесіне Ернст және Ян, Прайс
Уатерхауз Коперс, Баррик Колд компаниялары ұсынылды.

2006 жылы Канаданың Қазақстанға инвестициясы 52,2 млрд
долларға жетті. Ал ККАП болжамы бойынша 2007-2008 жылдары 3млрд.
долларға өсуі мүмкін. Қазақстан мен Канада арасындағы тауар
айналымы 2005 жылы 500 млн. долларға жетті. Канададан
экспорт мөлшері 113,8 млн. доллар шамасында болған. Екі елдің
аса белсенді кәсіпкерлері ауыл щаруашылығы саласында және
өндіру облыстарында серіктестік орнатқан.

Б.Канадылықтар Қазақстан Туралы

Анна Биолик,

Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

Орталық Азия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ аумағының негізгі бөлігі
Канада мемлекетіне экономикалық – географиялық сипаттама
КАНАДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ
КАНАДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ
Солтүстік Американың табиғат жағдайы мен табиғат ресурсы, халқы
Финляндия сыбайлас жемқорлық жоқ басқа елдер арасында үшінші орында
Канаданы Францияның отарлау тарихы
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
Канаданы Францияның отарлауы тарихы
Пәндер