Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау


№1 Дәріс
Тақырыбы: Эшерихиоз қоздырушысы
Kілт сөздер: эшерихиоз, E. coli, диагностика әдістері
Дәрістің мақсаты: эшерихиоздың биологиялық қасиеттері бойынша негізгі материалдар, эшерихиоз диагностикасының зертханалық әдісі
Дәрістің жоспары:
- Ішек індеттерін шақыратын қоздырғыштардың жалпы сипаттамасы.
- Escherichia тұқым өкiлiнiң сипаттамасы- E. coli.
а) Enterobacteriaceae тұқымдарының белгілері
б) E. coli негізгі қасиеттері
в) Негізгі патогенді факторлар;
г) Эшерихиоз кезіндегі бактериологиялық зерттеулер.
Эшерихиоз немесе колибактериоз - бұл әр түрлі жануарлардың төлдері, құстар ауыратын өте жіті өтетін індеттік ауру. Диареямен, профузды іш өтумен, депрессиямен, организмнің құрғауымен, әлсіреумен және өліммен сипатталады. Ауру туа салысымен тіркеледі.
Бұл ауру ауыл шаруашылық малдарының төлдерінде (бұзау, қозы, торай, құлындарда) туылғаннан кейін 2-3 күннен кейін байқалатын ауру.
Эшерихиялар - жұмыр келген, ұзындығы 2-3 мкм, ені 1, 1 -1, 5 мкм қысқа таяқшалар. Оқшауланып немесе қосақталып орналасады. Спора, капсула түзбейді және грам әдісі бойынша тepic боялатын микроорганизмдерге жатады.
E. coli биохимиялық қасиеттері
К, Г - қышқыл, газ түзілуі
E. coli патогендік факторлары:
1. Адгезия және тізбектеу факторлары
2. . Инвазия факторлары
- Экзотоксиндер
- Эндотоксиндер
Бактериологиялық зерттеулер
Зерттеуге арналған материалдар: өлексе тұтасымен, бауыр кесектерін өт жолдарымен, талақ, бүйрек, зақымдалған өкпе бөліктерін, он екі елі ішекпен тоқ ішек кесінділерін, лимфа түйіндерін, жүрек қанын пипеткаға сорып алып, жілік сүйегін алады.
Бақылау сұрақтар:
- Эшерихиоз қоздырғышы қандай биологиялық қасиеттерге ие?
- E. coli қандай патогенді факторларға ие?
- Патогенді факторларға байланысты E. coli қандай түрлерге бөлінеді?
- Қандай биохимиялық тестер бойынша эшерихиозды сальмонеллезден ажыратуға болады?
- Эшерихиоздың зертханалық диагностикасы қалай жүргізеді?
Әдебиеттер:
1. Б. Т. Толысбаев, К. Б. Бияшев. Микробиология және иммунология. Оқу құралы. Алматы, «Нур-Принт». 2008.
2. Biyashev, B. K. Teaching and discipline system: MV 2003 - "Microbiology and Virology". 5V120100 - Veterinary Medicine (full-time education) [Текст] : учебно-методическое пособие / B. K. Biyashev; Kazakh National Agrarian University. - Almaty, 2012. - 58 p.
3. Кисленко, В. Н. Ветеринарная микробиология и иммунология [Текст] : Практикум: учеб. пособие / В. Н. Кисленко. - СПб. - М. - Краснодар: Лань, 2012. - 364с.
4. Кіркімбаева Ж. С. «Жеке микробиология». - Нур-принт, 2011, 187 б.
5. Бияшев К. Б., Бияшев Б. К. Ветеринарная микробиология и иммунология. Алматы, 2015.
6. Абсатиров, Ғ. Ветеринариялық микробиология [Мәтін] : практикум: оқу құралы / Ғ. Абсатиров, Т. Боранбаева; ҚР Білім және ғылым м-трлігі. - Астана: Фолиант, 2012. - 160 б.
7. Колычев, Н. М. Ветеринарная микробиология и микология [Текст] : учеб. / Н. М. Колычев, Р. Г. Госманов. - СПб. : Лань, 2014. - 624 с.
№2 Дәріс
Тақырыбы: Сальмонеллез қоздырушылары
Heгiзгi сөздер: сальмонеллез, сальмонелла, диагностика әдістері
Дәріс мақсаты: сальмонелланың биологиялық қасиеттері бойынша нeгiзгi материалдар, сальмонеллезді зертханалық диагностика әдістері
Heгiзгi сұрақтар:
1 Жіті бактериалды ішек індетін шақыратын қоздырғышқа жалпы сипаттама.
2. Salmonella туыс өкілдеріне сипаттама
а) Salmonella туыстарының негізгі белгілері
б) Сальмонеллез қоздырғышының негізгі қасиеттері
в) Heгiзгi патоген факторлары;
г) Сальмонеллез кезіндегі бактериологиялық зерттеулер.
Kазipгi мәліметтер бойынша Salmonella туысының құрамына сальмонелланың 2 түрі кіреді: Salmonella enteritica (6 typnieci) және Salmonella bongori.
Антигендік құрылымы бойынша сальмонелла сероварларының 2400 түрін ажыратады, көбici Salmonella enteritica (ертерек S. choleraesuis) түрлеріне жатады. Малдардың ауруына үлкен мағыналар білдіреді S. enteritidis (dublin), S. choleraesuis, S. typhisuis, S. typhimurium, S. abortusequi, S. abortusovis, S. pullorum (gallinarum) .
Сальмонеллезбен 10 күннен бip айлыққа дейінгі бұзаулар ауырады.
Ауру ағымы:
Сальмонеллездің жіті формасы кезінде ауру 5-10 күнге созылады. Одан әpi үш нәтиже мүмкін: өлім, жайлап жазылу немесе созылмалы формаға ауысуы. Жазылуы жайлап, аптаға созылады. Ауырып жазылған бұзаулар өсуі тоқтайды. Созылмалы түрінде ауру апта бойы және айларға созылады. Созылмалы формасының негізгi белгілері өкпенің қабынуы болып табылады.
Клиникалық белгілері
Аурудың бipiншi күні серозды конъюнктивит және жас ағулар пайда болады. Тәбеті құбылмалы болады. Нәжіс сұйылады, құрамында кілегейлі, қанды қоспалар болады. Мал қатты әлсірейді, депрессиядан, жүрек қызметінің әлсіреуінен бұзау 5-10 күнде өледі. Аурудың жеңіл жағдайында аздап жазылады немесе созылмалы формаға ауысады.
Диагностиканы ажырату кезінде колибактериозға, диплококкозға көңіл бөлу қажет. Аурудың бipiншi күндері ауру бұзаудан қоректік ортаға қаннан себінді жасайды немесе өлексені бактериологиялық зерттегенде дұрыс диагноз қоюға болады.
Қоздырушылардың морфологиясы және биологиясы:
Salmonella туысының негізгі белгілері ұштары дөңгеленген қысқа таяқшалар, көбici қозғалғыш, спора және капсула түзбейді қышқыл мен газ, глюкоза және оттегінің басқа түрлерін түзіп ферменттеледі, болмайды, индол түзбейді, күкіртті сутек түзеді, лактозаны ферменттемейді, цитратты агарда өседі. Қарапайым қоректік орталарда өседі.
Сальмонелла мен ішек таяқшаларын ажырату әдісі
Серологиялық қасиеттер:
Сальмонелла тобындағы микробтарды серологиялық типтеу үшін Кауфман - Уайт кecтeci бойынша О- моно, Н-монорецепторлы агглютиндеуші қан сарысуларды қолданады. Агглютиндеуші О- және Н- монорецепторлы қан сарысулар тәжірибеде араласпаған агглютинация сынама түрінде қолданады.
Малдар үшін патогенді жэне токсин түзуші Salmonella typhimurium, Salmonella dublin зертханалық жануарлардан ақ тышқан, теңіз шошқасы және қоян сезімтал. Көбінесе ақ тышқандарға өсінділерді жегізу жолымен немесе параэнтералды жолмен енгізу арқылы тәжірбиелерді жүргізеді. Алиментарлы жұқтыруға бip тәулік агар өсіндісін 5 мл. физиологиялық ерітіндіде шайып, 1 мл алынған қоспаны ақ нанға араластырып береді. Осылай дайындайды да 2 - 3 кесегінен 2-3 тышқанга аш қарынга береді Тышқандардың өлімі мен ауруы 4-14 тәуліктен кейін түседі. Тышқандар өлген жағдайда олардың мүшелерінен (жүрек, бауыр, талақтан) өсінділер мен жағындылар жасайды. Алынған өсінділерді сол әдістермен зерттейді.
Сальмонелла өсіндісi термостабилді токсин бөлу қасиетіне ие.
Патоген факторлары
1. Адгезия және тізбектер факторлары;
2. Инвазия факторлары;
3. Эндотоксиндер;
4. LT және ST экзотоксин типтері
Диагнозды бактериологиялық және серологиялық зерттеулер негізінде, клиникалық, патологоанатомиялық және эпизоотологиялық мәліметтер есебімен қояды.
Бактериологиялық зерттеу мepзімi - жеті күнге дейін.
Зерттеу үшін материалдар:
Жаңа өлген өлексе тұтасымен (мал өлгеннен кейін 12 сағат кем емес) немесе өлекседен бауыр өт жолымен, талақ, бүйрек, зақымдалған өкпе бөліктерін, он екі елі ішек және тоқ iшек бөліктерін (лигатурамен байланған), қан, лимфа түйіндерін, жүрек қанын, жілік сүйегін, зақымдалған буындарды тұтасымен жібереді.
Сальмонеллездің бактериологиялық диагностикасының ерекшеліктері:
- Байыту ортасын (селенита, магний) және висмут сульфит агарын қолдану.
- Висмутсульфита агардан қара тізбектерді бөліп алып және Олькеницкийдін жартылай көміртек ортасына егеді.
- Кауфман - Уайт кестесі бойынша сальмонелланың сероварын және серотоптарын анықтау үшін Гисса және АР адсорбияланған О- сарысуына, содан кейін монорецепторлы Н- сарысуын қояды.
- Ақ тьшқандарға биологиялық сынама.
Бақылау сұрақтар:
- Сальмонеллез қоздырушылары қандай биологиялық қасиеттерге ие?
- Сальмонеллалар кандай патогенді факторларға ие?
- Кауфман - Уайт кестесі бойынша сальмонелла типтері неге негізделген?
- Сальмонелланы эшерихиоздан қандай биологиялық тестер арқылы ажыратуға болады?
- Сальмонеллездің зертханалық диагностикасы қалай жүpгiзiлeдi?
Әдебиеттер:
1. Б. Т. Толысбаев, К. Б. Бияшев. Микробиология және иммунология. Оқу құралы. Алматы, «Нур-Принт». 2008.
2. Biyashev, B. K. Teaching and discipline system : MV 2003 - "Microbiology and Virology". 5V120100 - Veterinary Medicine (full-time education) [Текст] : учебно-методическое пособие / B. K. Biyashev; Kazakh National Agrarian University. - Almaty, 2012. - 58 p.
3. Кисленко, В. Н. Ветеринарная микробиология и иммунология [Текст] : Практикум: учеб. пособие / В. Н. Кисленко. - СПб. - М. - Краснодар: Лань, 2012. - 364с.
4. Кіркімбаева Ж. С. «Жеке микробиология». - Нур-принт, 2011, 187 б.
5. Бияшев К. Б., Бияшев Б. К. Ветеринарная микробиология и иммунология. Алматы, 2015.
6. Абсатиров, Ғ. Ветеринариялық микробиология [Мәтін] : практикум: оқу құралы / Ғ. Абсатиров, Т. Боранбаева; ҚР Білім және ғылым м-трлігі. - Астана: Фолиант, 2012. - 160 б.
7. Колычев, Н. М. Ветеринарная микробиология и микология [Текст] : учеб. / Н. М. Колычев, Р. Г. Госманов. - СПб. : Лань, 2014. - 624 с.
3 дәріс
Тақырыбы: Пастереллез ауруының қоздырушылары
Сабақтың мақсаты: Пастереллалардың биологиялық қасиеттерін зерттеу және жануарлар пастереллезының зертханалық балау (диагностика) әдістері
Heгізгi сөздер: Пастерелла, биологиялық қасиеттер, иммунитет, имунопрофилактика, диагностика, ем.
Дәріс жоспары:
- Пастереллез ауруына сипаттама
- Пастерелланың морфологиясы және биологиясы
- Пастереллалардың патогенді факторлары және пастереллездің патогенезі
- Пастереллезге зертханалық диагноз қою әдістері
- Пастереллездің алдын алу шаралары және емі
Пастереллез ауруына сипаттама
Пастереллез (геморрагиялық септицемия) - жануарлар мен құстарда септицемиялық көріністер мен геморрагиялық процестердің туындауы. айқын көрінетін, Pasteurella multocida тудыратын ауру. Геморрагиялық септицемияға үй жануарлары мен құстың барлық түрі бейім. Пастереллезбен адамдарда ауырады.
Қоздырушының морфологиясы және биологиясы
Пастереллалар туысын анықтауга арналған негізгі тесттер
Агардағы колониялардың өсу түpi
Қиғаш агарда өсу түpi
а) капсуланың болуы
б) биполярлық бояу
Зардаптылық қасиеті
3-4 ақ тышқандарды тepi астына 0, 2 мл пастерелланың 18-24 сағаттық өскінін егеді. Еккеннен кейін 24-72 сағаттан соң тышқандардың 70-100% өледі.
Көгершіндерге, 90-120 күндік балапандарға және тауықтарға 18-24 сағаттық өсіндіні 0, 5 мл мөлшерде бұлшық етке егеді. Еккеннен 18-72 сағат өтке соң олар өледі.
Өлген құс пен тышқандардан алынған патологиялық материалдардан қоректік орталарға ceбiндi жасайды, егер пастерелланың таза өсіні бөліп алынса, биосынаманы оң деп есептейді.
Бақылау сұрақтар:
- Пастереллез ауруы қандай түрде өтеді?
- Пастереллез ауруы қандай клиникалық белгілермен сипатталады?
- Пастереллез ауруының патогенезы қандай?
- Пастереллез қоздырушыларының морфологиялық ерекшелктері қандай?
- Пастереллалардың өсінділік қасиеттері қандай?
- Пастереллалар қандай патогенді факторларга ие?
- Пастереллездің зертханалық диагностикасы қалай жүргізіледі?
Әдебиеттер:
1. Б. Т. Толысбаев, К. Б. Бияшев. Микробиология және иммунология. Оқу құралы. Алматы, «Нур-Принт». 2008.
2. Biyashev, B. K. Teaching and discipline system : MV 2003 - "Microbiology and Virology". 5V120100 - Veterinary Medicine (full-time education) [Текст] : учебно-методическое пособие / B. K. Biyashev; Kazakh National Agrarian University. - Almaty, 2012. - 58 p.
3. Кисленко, В. Н. Ветеринарная микробиология и иммунология [Текст] : Практикум: учеб. пособие / В. Н. Кисленко. - СПб. - М. - Краснодар: Лань, 2012. - 364с.
4. Кіркімбаева Ж. С. «Жеке микробиология». - Нур-принт, 2011, 187 б.
5. Бияшев К. Б., Бияшев Б. К. Ветеринарная микробиология и иммунология. Алматы, 2015.
6. Абсатиров, Ғ. Ветеринариялық микробиология [Мәтін] : практикум: оқу құралы / Ғ. Абсатиров, Т. Боранбаева; ҚР Білім және ғылым м-трлігі. - Астана: Фолиант, 2012. - 160 б.
7. Колычев, Н. М. Ветеринарная микробиология и микология [Текст] : учеб. / Н. М. Колычев, Р. Г. Госманов. - СПб. : Лань, 2014. - 624 с.
№ 4 дәріс
Такырыбы: Листериоз қоздырушысы
Сабақтың мақсаты: Листериоздың қоздырушысының биологиялық қасиеттерін зерттеу және жануарлар листериозын зертханалық балау (диагностика) әдістері
Hегізгi сөздер: Листерия, биологиялық-қасиеттер, иммунитет, имунопрофилактика, диагностика, ем.
Heгізгi сұрақтар:
- Листериоз қоздырушысының ашылу тарихы.
- Ауруға сипаттама (клиника, ағымы, эиизоотологиялық мәліметтер, патологоанатомиялық cypeтi) .
- Листериялардың морфологиялық және биологиялық қасиеттері
- Листериялардың патогенді факторлары және аурудың патогенезі
- Листериоздың зертханалық диагностикасы
Листериоз - клиникалық көріністepi полиморфты зооантропанозды ауру. Ауру табиғи ошақты және синантроптылығымен сипатталады. Індет көзi кемірушілер болып табылады.
Табиғи жағдайда листериозбен: ipi қара мал, қойлар, ешкілер, шошқалар, жылқылар, үй қояндары, көжектер, түлкілер, тауықтар, теңіз шошқасы, жабайы егеуқұйрықтар, тышқандар және басқа да жануарлардың кейбір түрлерін зақымдайды. Адамдар да ауырады. Листериозбен тәжірибе жүзінде иттерді, мысықтарды, маймылдарды, кептерлерді, ақ егеуқұйрықтар мен ақ; тышқандарды зақымдауға болады.
Қоздырушысы: Listeria monocytogenes.
Қоздырушы бактерияның факультативті- патогенді тобына жатады.
Листериоз қоздырушысының ажырату белгілері
Өсінділік қасиеттері қоздырғышты қоректік ортада өcipy температурасы 36 - 38°С, pH = 7, 0 - 7, 4.
ЕПА-да - нәзік, ұсақ шоғырлар түзеді (тілме таяқшасына ұқсайды) . Ажыратып - балау үшін 1% глюкоза мен 2% глицерин қосылған ет - пептон - картоп агарында немесе 1% глюкоза мен 3% глицеринді картопты - пептонды агарды қолдануға болады. Көрсетілген орталарда (pH = 6, 8 - 7, 0) тілме және пастерелла микробтары мүлде өспейді немесе елеуіз тым майда болып өседі, ал листериялар тығыз, колитәріздес болып өседі. Қанды агарда тізбек айналасында жіңішке (3-гемолиз аймағын түзеді) .
Физикалық және химиялық факторларға төз і мділігі. Листериялар топырақ пен суда (айлап, кейде жылдап) төменгі және біркелкі температурада ұзақ сақталады, дәнде - 3 жылға дейін, сүт пен етте қарқынды көбейеді, 58°С дейін қыздырғанда өлмейді, 70°С кезінде 20 - 30 минут аралығында, ал 3 - 5 минут қайнатқанда өледі.
Патогенді факторлар.
1. а-гемолизин
- Р-гемолизин (листериолизин) >
- Моноцитоз дамытушы фактор
Зертханалық диагностика
Зерттеу үшін жіберілетін материалдар - ми, паренхиматозды органдар.
- Микроскопиялық зерттеулер - тек қана шамаланған, жуықталған мәліметтер береді. Жағындыны Грам бойынша бояйды. Люминесцентік әдісті қолдануға болады.
- Бактериологиялық зерттеу.
- Кәдімгі қоректік орталарға егу
- зақымдалған материалдан бөлінген өсінділерге бөтен микрофлоранын, өcyiн тежейтін элективті лоне дифференциалды-диагностикалық орталарға себінді жасалады. Листерияның өсімін жоғарылату үшін Грей әдісін қолданады.
- Серологиялық зерттеулер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz