Қазақстандық жастардың мәселесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: география және табиғатты пайдалану
Кафедра: рекреациялық география және туризм

СӨЖ

Тақырыбы: Қазіргі қоғам жастары

Орындаған: Нургалымова Т.Б.
Тексерген: Мамытканов Д. К.

Алматы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Жастар және осы заманғы құндылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Қазақстандық жастардың мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3.Қазақстандағы жастар саясатының стратегиялық басымдықтары ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Кіріспе

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде егеменді еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын - біздің жастарымыз.

Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті - жастар. Жастарға сенім арту - барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар - келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар - ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.

Қазақстандықтар - жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік бағдарламалар, ауыл жастарына берілетін көп салалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.
Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпал етуімен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады.

1. Жастар және осы заманғы құндылықтар
Қарқынды жылдамдықпен еніп келе жатқан жаһандану процессінде қазақстандық бірегейлікті сақтап қалумен байланысты қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету контексінде қазақстандық жастардың құндылық жүйесін зерттеу өзекті болып отыр.
Жалпы жаһандану процессі жас адамдардың сана сезімінде шекараның, ұлттық мəдениеттің өшірілуіне алып келеді. Сондықтан да жастар өздеріне жат болса да, жаһанды өмір сүру үшін əлем туралы жаңа білімдерді міндетті түрде қабылдауы керек.
Дегенмен, жарқын перспективада қоғам біртұтас əлеуметтік организм ретінде дами алғанның өзінде болашақтық жарқын бейнесі қалыптаспай жатыр. Яғни, жастарды əлеуметтендіруге байланысты іс-əрекеттер туралы бір құрылымның болмауы жастардың бір нормаға келуіне принципиалды кедергі келтіреді. Бұл айтылған қиындықтар жастарға əсер ететін кері əлеуметтендіру факторларының өсуіне алып келеді. Ол факторлар əлеуметтік гарантиялардың төмендеу, жастардың инновациялық потенциалының қақтығысы жағдайында өтеді. Қазақстандағы бірегейліктің дағдарысы жастар арасында
:: жас адамдардың өмірінде діннің рөлінің күшейюіне,
:: сепаратистік сипатқа ие, кей кезде ұлтаралық қақтығысқа алып келетін этникалық бірегейліктің саясилануына,
:: азаматтық бірегейліктің қалыптасуына шынымен кедергі болуына,
:: қазақстандық қауымдастықта жастардың əлеуметтік дезориентациясына алып келетін мəденитанушылық құндылықтарды ұстана бастайды.
Қазақстанның этникалық топтарының əлеуметтік өмірлері архаикалық форманы сақтап, оқшауланып өмір сүруде, енді оларда идеалды-рухани құндылықтар басымдығының қайта қалпына келу процессін байқаймыз.
Көптеген сарапшылардың тұжырымдамасы бойынша көп жағдайда қазақстандық жастарды немқұрайлы ұрпақ дейді. Жас ұрпақтың өз дегеніне жету үшін маңызды болып табылатын дербестік жəне мақсатқа талпынушылық сияқты қасиеттер өте төмен деңгейде көрінеді. Ақша, білім жəне лауазым, іскерлік мансап, гедонистік ұстанымдар (рахат өмір сүру), материалдық құндылықтарға ұмтылу дегендер доминантты құндылықтарға айналып бара жатыр.
Егер де жастардың əлеуметтік-саяси ұстанымдарын жəне құндылық бағдарын алатын болсақ, онда олар жалпы демократиялық қоғам идеяларын, өмірлік жолды таңдау еркіндігін, елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының əрі қарай жалғасуын, азаматтық қоғамның қалыптасуын, құқықтық мемлекетті құруды қолдайды. Көптеген қоғамдық тақырыптар оларды толғандырса да, мəселелерді шешу жолдарын біле бермейді. Қоршаған ортасының ой-пікірі, көлік жүргізушісінің айтқаны, жақын жолдастарының сөздері жастардың ойында көп ойлар туғызады. Бірақ нақты мəселені шешу жолдарын біле бермейтінін байқатады.
Қазақстандық жастардың əлеуметтік хал жағдайының жақсаруы кəсіби таңдау мəселесінің шешілуімен, өз арманына жетумен, қоғамда сұранысы бар əлеуметтік-кəсіби мəртебесіне ие болумен байланысты. Жастардың іскерлік мансапқа жетуі, білім алуы, материалдық құндылыққа ие болуы басым құндылық болып келе жатыр.
Жастарды толғандыратын қоғамдық мəселелердің арасында бірінші орынға ие қылмыстың өсуі, инфляция, бағаның көтерілуі, билік құрылымындағы сыбайлас жемқорлық, экологиялық жағдай, табыс теңсіздігінің күшейюі, қоғамның поляризациясының ұлғаюы, азаматтардың белсенділігінің төмендеуі, болып жатқан процесстерге немқұрайлығы.
Жастардың жеке басының мəселелеріне келетін болсақ алға материалдық құндылықтарға жетуі жəне денсаулығы шығады. Бірақ салауатты өмір салты құндылығы белсенді түрде қалыптаспай жатыр.
Жастарды қоғамның əлеуметтік құрылымына енуіне көмектесетін механизм тиімділігінің əлсіздігі қазіргі жастардың əлеуметтік бірегейлігінің қалыптасу мəселесін қысқа мерзім ішінде шешу маңызды мəселелердің біріне айналдырып отыр.
Қазақстандық жастардың құндылық бағдарына келесідей сипат беруге болады:
:: дəулетті ата-аналардың балалары көп жағдайда утилитарлы-гедонистік, қажеттіліккеректік, құндылықтардың əлеуметтік емес жүйені қалыптастырады. Ондай жастар социумның инабаттылық деградациясының тереңдігін көрсетеді. Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін деген ұстаным қоғамда қалыптасып келе жатыр;
:: дəстүрлі нормалар мен құндылықтардың этномəдени жүйесін ұстанатын ауыл жəне қала жастарының бір бөлігі. Олар Бұл жастар этникалық қазақтардан тұрады жəне қазақстандық жастардың басым көпшілігі болып табылады;
:: қарапайым, ебдейсіздік, сонымен қатар əлеуметті сұранысқа ие, прагматикалық құндылықтар жүйесін ұстанатындар. Бұларға этникалық топтарға бөлмей қала жастарының басым көпшілігін жəне ауыл жастарының бір бөлігін жатқызамыз;
:: əлеуметке қарсы жүйе ұстанымдарын ұстанушылар - барлық этникалық топтар жастарынан тұратын жастардың басым көпшілігі қазіргі кезде маргиналды жəне ешбір классқа жатпайтын жас ұрпақтар тобынан тұрады;
:: қазіргі, постматериалистік құндылықтар жүйесін ұстанушылар - интеллектуалды жəне дамудың рухани-адамгершілік деңгейімен, шығармашылық ойлаумен ерекшеленетін жастардың кішігірім бөлігінен тұратын əркелкілік секторы.
Сонымен, тұлғаның қалыптасуына үлкен əсерін мақсатқа ұмтылушылық процесі мен субъектінің əрекеттері тигізеді. Мақсатқа ұмтылушылық қасиетіне жас бала əлеуметтену процесі нəтижесінде ие болады. Əлеуметтену процесінің маңызды кезеңдеріне отбасы мен мектепті жатқызамыз. Бірақ бұл процесс дəстүрлі тəрбие жүйесінің ыдырап, жаңа тəрбие жүйесінің қалыптаспағанына байланысты дұрыс іс жүзіне аспай жатыр.
Қазіргі кезде жастардың алдына қойып іс жүзіне асыратын мақсаттары өзгеріске ұшырауда, əрекетке əкелетін себептермен қарама-қайшылыққа ұшырауда, олардың иерархиясы өзгеруде, жаңа əрекет мотивтерін - əрекеттің жаңа түрлерін - туындатуда. Бұрынғы мақсаттар психологиялық дискредитацияға түсуде, ондай мақсаттардың əрекеттері мүлде ешқандай нəтиже бермейді.
Жастар отбасында мүшелері де, мектепте, ата заманнан келе жатқан дəстүрлі құндылықтарды əлеуметтендірмейді. Дəстүрлі құндылықтар кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға себеп болатын, патриоттық сезімді тəрбиелейтін, Отан үшін қызмет істеуге итермелейтін маңызды құндылықтар жүйесі болып табылады. Егер де құндылық бағдардың осы жүйесін қалпына келтірсек, ол сыбайлас жемқорлықпен күресуге жəне басқа көптеген мəселелерді шешуге үлкен септігін тигізетінін айтудың керегі жоқ шығар.
2. Қазақстандық жастардың мәселесі
Əлеуметтену процесіне біз келесіні жатқызамыз: қазіргі кезде балалар мен жастардың (отбасылық жəне діни тəрбие, мектеп жəне ЖОО білімі мен тəрбиесі) БАҚ арқылы алатын ақпараттарды меңгеру көп жағдайда индивидуалды сипатта, ал оның тиімділігінің нəтижесін уақыт өте білетін боламыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының жастардың əлеуметтену процесіндегі жəне құндылық бағдардың қалыптасуындағы рөлі əр түрлі болады, кейде позитивті, кейде негативті сипатта өтеді.
Еліміздің ақпараттық кеңістігінің дамуы соңғы уақыттарда БАҚ-тың қазақстандық жастардың сана-сезіміне кері əсерін тигізу қаупінің барын айқындайтын бірнеше факторлар бар:
:: біріншіден, Қазақстанның этномəдени жағдай деңгейін ресейлік мемлекеттік медиа-компаниялар қадағалайды жəне Ресейдің мемлекеттік медиа-компанияларының маркетингтік саясатымен жəне олардың медиаөнімдерін таратушылармен қамтамасыз етіледі;
:: екіншіден, техникалық жетістіктер, ақпараттарға шек қоятын шекаралардың болмауы жəне тұрақсыздық доғасында орналасқан еліміздің географиялық жағдайы Қазақстаннның территориясына өздерінің идеологиясын тарату үшін əр түрлі террористік жəне эктремистік ұйымдарға жол ашып отыр.
Айтылып кеткен қауіптердің төмендегідей нəтижеге алып келуі мүмкін:
:: Қазақстанның Ресейге деген бірвекторлы мəдени бағдарының сақталуына;
:: жас қазақстандықтардың дəстүрлі мəдени құндылықтарының ыдырауы жəне Қазақстанның ұлттық бірегейлігінің қалыптасуын кейінге қалдыруына;
:: этникааралық жəне конфессияаралық қақтығыстар қауіптерінің жоғарлауына;
:: қазақстандықтардың жалпы азаматтық сана сезімінің негізін ыдыратуға.
Қазақ музыкасын қызығушылықпен тыңдап, қазақша бағдарламаларды көретін жастар саны күннен күнге өсуде, осы жастардың қызығушылығын жоғалтып алмау үшін сапалы деңгейде хабарлар мен бағдарламаларды дайындап көрсеткен жөн болар. Телерадиоканалдардың басым көпшілігіне балаларға арналған хабарлар тартымсыз болып келеді. Балалар бағдарламаларының басым бөлігі музыкалық жəне ойын сауық сипатта өтеді. Қазақстандық жасөспірімдерге арналған əндер, кітаптар, кино, телебағдарламалардың шырайсыз болуының себебінен, қаражаттың көп кететіндігінен жəне болашақта ешқандай нəтиже бермейтіндігінен болып отыр. Сонымен қатар телеканалдарда балаларға арналған отандық кинолар мен мультипликациялық фильмдердің жетіспейтіндігі байқалуда. Қазақстандық нарықтың басым бөлігін, көп жағдайда біздің қоғамға жат шетелдік кинолар мен мультфильдер жаулап алды.
Келесі мəселеге, жасөспірімдердің уақыттың көп бөлігін өткізетін Интернеттің жаһанды желісінде қазақстандық сегменттің қарқынды дамуын жатқызамыз. Жастар əлеуметтік желіде отыруды заман талабы, жаһандық процесстердің салдары деп ойлайды. Өкінішке орай, қазіргі кездегі азаматтық, əкімшілік жəне қылмыстық нормалардың жəне басқа да заңнамалық актілердің Интернет саласында қалыптасқан құқықтық қатынастар тəжірибесін қамтымайды. Осы процесстің барлығы қалыптасып келе жатқан жастардың сана сезіміне əсерін тигізетінін, көптеген web-сайттарда балаларға мүлде арналмаған ақпараттардың барлығын айтудың өзі керек емес сияқты.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында жастарға дәстүрді ардақтап, дәстүрге сай діни сана қалыптастыру қажеттігін айта келіп, қаракөз қазақ қыздарын өзге елдің киімін үлгі тұтпай, ұлттық болмысқа сай киінуге мен қазіргі заман ағымына сәйкес өмір салтын ұстануға шақырды.
Қазақстанның зайырлылық қағидасына сай дін таңдау - әр адамның өз еркінде. Осы еркіндікті дұрыс түсінбейтін жастардың теріс ағымдардың ықпалына түсіп жатқанын айтпай кетуге болмайды. Діни білімі таяз жастар діннің не екенін, оның мақсатының қандай екенін жете түсінбегендіктен де осындай қателіктерге ұрынуда. Әлі оң мен солын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі
Қазақстандағы жастардың саяси әлеуметтенуіндегі өзгерістер
Солтүстiк Қазақстан облыстық кешендiк бағдарлама
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
Жас стратификациясы
Жас отбасы жайлы
Жастар мен жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету
Пәндер