Жастар арасында девиантты мінез - құлықтың қалыптасуы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: « география және табиғатты пайдалану»
Кафедра: «рекреациялық география және туризм»
СӨЖ
Тақырыбы: «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы девиантты мінез-құлық»
Орындаған: Нургалымова Т. Б.
Тексерген: Мамытканов Д. К.
Алматы
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Девиация ұғымы. Девиацияның түрлері . . . 4
1. 1 Нашақорлық . . . 7
1. 2 Суицид . . . 8
1. 3 Жезөкшелік . . . 9
2. Жастар арасында девиантты мінез-құлықтың қалыптасуы . . . 10
3. Девиантты мінез-құлықтың алдын алу шаралары . . . 13
Қорытынды . . . 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 18
Кіріспе
Қазіргі таңда еліміз әлемдік аренада беделі бар мемлекет ретінде танылып отырғаны айқын. Ақпараттар ағыны толысқан уақытта қоғамда қалыптасатын күрделі әлеуметтік мәселелерге тосқауыл қоюға, қоғамның ілгері жылжуын, дамуын рухани, ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы әлеуметтік жұмыстың бағыттарын жүргізу стратегиялық маңызды міндет. Осы тұрғыда мемлекеттік деңгейде қоғамның әрбір мүшесінің әлеуметтік толыққанды өсіп дамуына жағдай жасалған. Оның ішінде қоғамның аса солқылдақ бөлігі жастардың қоғамдағы орны мен ролін, өмірлік мақсаттарын айқындауға мүмкіндік бар.
Дегенмен де әлі де болса жастар арасында әлеуметтік маңызды мәселе бұл қоғамға жат қылықтар, әрекеттер, мінез-құлықтардың қалыптасып отыруы алаңдатады. Жастар болашақтың негізін салушы. Олардың бейтарап көңіл күй, бойкүйездік, жалқаулық, тағы сол сияқты жаман қылықтардан арылуына, қоғамдағы жастар белсенділігі арқылы ілгерілеу үдерісін жаппай ақпараттандыру және оның алдын алу жолдарының жүйесі мен сауықтыру шараларының кезеңділігімен үйлесімді жүруі қажет.
Тұлға адамның нақты мәнінің көрінісі, онда сол қоғамның әлеуметтік маңызды белгілері мен салалар жүйесі толығымен көрініс тауып жүзеге асады. Өзіндік сана, құнды бағдарлама, әлеуметтік қатынастар, өз қылығына жауапкершілігі, қоғаммен қарым - қатынаста белгілі бір дербестігін сақтау тұлғаның бөлінбес белгілері болып табылады. Әрбір тұлғаның қоғамда алатын мәртебесі мен әлеуметтік рөлі бар. Тұлға мен қоғамның өзара әрекеті әлеуметтану ғылымның басты проблемасы.
Адам дегеніміз - жер бетіндегі тірі организмдер дамуының жоғарғы сатысы. Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өсуі индивид деген ұғыммен байланысты.
Индивид дегеніміз - бұл халық, қоғам, топ, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың жеке алынған дараланған мүшесі.
Жеке тұлға дегеніміз - индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адами қасиеттер көрініс табады.
1. Девиация ұғымы. Девиацияның түрлері
Ауытқыған мінез - құлық (девианттық әрекеттер) бұл қоғамдағы шарттар, ережелерді бұзатын әрекеттер. Ауытқыған мінез - құлық негативтік және позитивтік болуы мүмкін. Мәселен, қалыптасқан түсініктерді бұзумен өнердің келуі, жаңалықтардың енуі байланысты. Ауытқыған мінез - құлық теориясының негізгі түсінігі әлеуметтік шарт, ереже, норма болып табылады. Әлеуметтік норма деген қоғамды басқарудың маңызды элементі және тұлғаның, әлеуметтік топтардың түрлі жағдайда әрекеттерін бағыттау тәсілі. Әлеуметтік нормалардың негізіне құқықтық заңдар, мораль және этикет, т. б. жатады.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т. б. ) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р. Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э. Дюркгейм) . Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т. б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
- Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
- Ашкөз мінез-құлық (корыстное поведение) : майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т. б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
- Наша сату және тарату.
- Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын негізгі бес факторға бөліп қарастырады:
1. Биологиялық факторлар. Оларға мыналар жатады:
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т. б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т. б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т. б. көрінеді. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т. б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т. б.
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс.
Нашақорлық
Сонымен девианттың түрлеріне тоқталып өтсек. Солардың бірі нашақорлық. Наркологтар қазіргі кезде нашақорлықпен сырқаттанатын адамдар саны маскүнемдікке шалдыққандар санымен теңесіп қалды дейді. Наркологияда контагиоздық деген ұғым бар (мағынасы жұқпалы деген сөзге жақын) . Әрбір нашақор нашаға кем дегенде 10 адамды үйретеді, яғни жұқтырады.
Бүгінде есірткіні сырттан тасып, оны ел ішінде өндіру мақсатында Қазақстанның өзі көшбасшы елге айналып шыға келгендей. Әсіресе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіруі тыйылар емес. Сөйтіп, көп тосқауылға тап бола қоймағандар есірткінің халықаралық заңсыз айналымына тез сіңісті болып шыға келді. Аталған өңірлерде сора көбірек болса (жалғыз Шудың өзіндегі қарасора өсетін алқаптың жалпы аумағы - 140 мың гектар), Орталық және Солтүстік Қазақстан аймақтарында героинге деген сұраныс артып тұр.
Қарсы күрес қарымы бізде әлі де болса әлсіз деңгейде сияқты сезіледі. Мәселен, елімізде «Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіру жөніндегі комиссия» 11 отырыс өткізді. «Астана - есірткісіз қала!» өңірлік бағдарламасы аясында қаншама жиын, басқосулардың басын қайырып тастадық. Президенттің бұйрығымен «2006-2014 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі сатумен күресу стратегиясы» да бекітілді. Осындай қаптаған көзалдар атаулар мен цифрлы есеп берулерді қанағат тұтумен ғана жүрміз әлі! Олай болмаса, әлемдегі нашақорлықты кәсіп көзіне тұрақты айналдырып алған елдер бізге есірткі тасымалдаушы емес, оны тұтынушы мемлекет ретінде қараушы ма еді?! «Тұтынушы» демекші, еліміздегі нашақорлардың жартысынан көбі 18-19 жастағылар екен. Есірткімен есіріп, 2008 жылы 473 адам өмірімен қоштасса, 2009 жылы қазақстандық 400-дей жас қыршынынан қиылған.
Соңғы 15 жыл ішінде нашақорлыққа шалдыққан жасөспірімдердің саны 20 есеге өсіпті. Негізінен Азиядан Ресейге өтетін есірткі транзитінің белсенді және тұрақты бағыттары Орталық және Батыс Қазақстан өңірі болып табылатындығын ескерген жөн.
Есірткінің ең ауыры- апиын нашасы. Тамырға жіберілетін есірткі пайдалану нәтижесінде тек психика, жүрек - қан тамыры және жүйке жүйесі ғана емес, бауып, бүйрек те зардап шегеді, ауруға қарсы тұру мүмкіндігі нашарлайды, тіс бұзылады, тамырлар сырқаттанады, белсіздік дамиды, ақыл - ой деңгейі төмендейді.
Суицид
Суицид - өзекті қоғамдық-психологиялық мәселе. «Суицид» латын тілінен аударғанда «sui- өзін-өзі, cadere - өлтіру» деген мағынаны білдіреді. Суицид тек адамға ғана тән қасиет. Өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдар көбінесе психикалық аурумен ауыратын, стрессте жүретін, өзін-өзі басқара алмайтын адамдар болып келеді. Сондай-ақ, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы дамуы қалыпты адамдарың да (психопатологиясыз) өмірінде жиі орын алады. Оларға көбінесе көңіл-күйдің бұзылуы, өмірден түңілу, болашаққа үмітсіз қарау, өзіне назар аударту, қорқыныш сияқты қасиеттер тән. Олар - ауру емес, бірақ жан жүниесі жараланған жандар. Мұндай адам әртүрлі жағымсыз сезімдерді сезініп, зарығып, әлсіздік танытады, туындаған қиындық алдында шарасыз болады. Не істеу қажеттілігін білмейді, мәселені шешудің жолын іздеп, «өлімді» таңдайды.
14-18 жас аралығындағы балаларға зерттеу жүргізген А. Е. Личко мен А. А. Александров жасөспірімдер суицидінің негізгі себебі: депрессия (жан күйзелісі) екенін анықтаған. Сондай-ақ, балалар депрессиясының белгілеріне әрбір ұсақ-түйекке мән берушілік, іш пысу мен шаршағандық сезімдері, айтылғанды тыңдамаушылық және жанжал шығаруға іштей дайын тұрушылық белгілері жататынын атап көрсеткен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, жыл сайын әлемде 800 000 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Бұл дерт, әсіресе, ең әлсіз әлеуметтік топқа жататын 15 пен 29 жас аралығындағы жастарға ауыз салуда. Зерттеулерге қарағанда, суицид статистикасындағы осы өкінішті жайт жасөспірімдер бойындағы психологиялық ауытқулар мен түрлі жағымсыз әдеттермен тікелей байланысты.
Осы жағдайда Қазақстанда қолға алынып жатқан шаралар жайлы айтқан жөн. 2012-2013 жылдар аралығында БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, елдегі суицид және суицидтік ұмтылыстың таралуы, оның терең себептері мен қатерлі факторлары туралы ауқымды зерттеу жүргізген болатын. Нәтижесінде суицидтік ұмтылыстардың алдын алуда шұғыл шараларды қолдануға мүмкіндік беретін әдістеме жасалынды. Бұл әдістеменің Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында табысты сынақтан өткенін айта кету керек. «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың арасында суицидті болдырмау» бағдарламасы жасалынды. Осы бағдарлама Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Ақмола облыстарының аумағында жүзеге асырыла бастады. Еліміздің басқа аймақтары да бұған қосылса, нұр үстіне нұр болар еді.
Жезөкшелік
Адамгершілікке қарсы жасалынатын қылмыс түрі. Жезөкшелік - адамзат дамуының алғашқы кезеңінен бастап, күні бүгінге дейін жасап келе жатқан аса күрделі əлеуметтік құбылыс. Əр қилы тарихи кезеңдегі əр халықтың өзіне тəн əлеуметтік- экономикалық тұрмысы, шаруашылығы, тұрмыс салты, этномəдениеті, əдет-ғұрпы, жөн-жобалары, этнопсихологиясы, діни, қоғамдық санасы мен моралі, мемлекеттік заңдары мен мемлекеттілігінің қоғамдық-саяси құрылысы ерекшеліктеріне қарай жезөкшелік құбылысының сипаты жəне таралу көлемі əр түрлі болды.
Əрбір тарихи кезеңде қоғамдық сананың белгілі бір дəрежеде өзгеруіне орай, жезөкшелік кəсібінің мəні мен түр-сипаты да өзгеріске ұшырап отырды. Жезөкшелік қандай да бір қоғамда үстемдік еткен дін, мораль, идеология жəне заң талаптарына сай зерделеніп, я қалыпты құбылыс немесе заңды іс-əрекет, я моральға жат құбылыс немесе қылмыстық іс-əрекет ретінде танылды. Осыған орай, «жезөкшелік» түсінігіне жағымды я жағымсыз сипаттағы түрлі анықтамалар берілді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында еліміздің зиялы, демократиялық қоғам жəне құқықтық мемлекет құру жолында халықаралық нормаларды ұстанғандығы айқын көрсетіліп, республиканың дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы, бөлінбес бөлігі екендігі жария етілген. Отандық заңнама тəжірибесінде адамдардың құқығы, бостандығы, адамгершілігі тəрізді құндылықтары мен асыл қасиеттерін заңмен қорғау орынға түсуде. Əйтсе де, өз тəуелсіздігін жариялағанына он жылдан енді ғана аса бастаған мемлекетімізде бірнеше ғасырлық отаршылдық езгі кезеңінде еліміздің əлеуметтік өмірінен орын алған моральға жат, ертедегі қазақ қоғамында бой көрсетпеген жезөкшелік, маскүнемдік, алкоголизм, нашақорлық тəрізді əлеуметтік кеселдерге қарсы күрес жүргізілсе де, бұл проблема күні бүгінге дейін түбегейлі шешілген жоқ. Бұлар қазіргі қоғамымызда түрлі қылмыстармен кірігіп күрделеніп, қауіптілігі арта түскендіктен, заңнама саласында бірталай проблема тудырады.
2. Жастар арасында девиантты мінез-құлықтың қалыптасу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Жастар саясаты туралы заңында «Жастар-Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары» деп көрсетілген. Осы жас аралығындағы топтың девиациялық мінез-құлқының қалыптасуы әлеуметтік проблемалармен де байланысты. Ол жалпы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары - бұл қоғамның өмір тіршілігі (білім, еңбек, бос уақыт және т. б. ) үшін және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік - демографиялық тобының спецификалық (өзіне тән) проблемалары қоғам мен мемлекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер қарастырылады.
Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау «деңгейін» анықтау табылады. Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді. Мамандардың пікірінше қазіргі таңда жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуына себепкер орта отбасы жағдайы екендігін алға тартады Әсіресе 14-17 жас жасөспірімдердің девиациялық мінез-құлқының қалыптасуына отбасындағы әлеуметтік мәселе жұмыссыздық, қаражат жетіспеушілігі, отбасында ата-анасының ажырасуы, өгей әке, өгей шеше, физиологиялық даму ерекшелігіне байланысты барлық жаңа нәрсеге қызығу, таңдану, оны байқап көру сияқты мәселелер әсер етеді. Осыдан келіп, отбасы мүшелері арасында түсініспеушілік қалыптасып, жасөспірім өзінің пікірін тыңдайтын ортаны іздейді. Егер жасөспірім толыққанды отбасында, мейірім мен сүйіспеншілікке бөленіп өсетін болса, мінез-құлықта ауытқушылық туындамайды. Ол ата-анасының жеткен жетістігін өзіне үлгі ретінде ұстанып, еңбекке, өмірге көзқарасы толыққанды қалыптасады. Отбасы тәрбиесінде баланы еңбекке баулу, адал еңбек етіп, табыс табуды ұғындыру маңызды.
Келеңсіз ортаның құрығына түспеуі үшін кез-келген жасөспірім сенім телефондары арқылы тегін, тәуліктің кез-келген уақытында өз ойын еркін айтуына болады. Осы тұрғыда әлеуметтік педагог, мектеп психологы отбасымен тікелей байланыса отырып, әлеуметтік қызмет атқаруы тиіс және осы жас аралығындағы жеткіншектердің толыққанды мінез-құлқының жөнделуіне де отбасы және оның мүшелерінің бір-біріне сыйластығы, ауызбіршілігі жақсы әсерін береді. Әлеуметтік педагог немесе мектеп психологы мектеп ішілік тәрбиелік маңызы бар іс шаралармен қоса сауалнама арқылы жасөспірімдердің мінез-құлық темпераментін анықтап, соның нәтижесі арқылы қызу, шапшаң мінезді жасөспірімді жиі қадағалау, оның ішінде қоғамдық жұмысқа, еңбекке, жауапкершілікті сезінетін тапсырмаларға араластыру, сыныпта оған тәрбиелік маңызы бар тапсырмалар беру арқылы ол тұлғаның бойында салмақты мінез, ашуды жеңу, сабырлылық қалыптастыру сияқты жұмыстар кезең-кезең бойынша атқарылуы тиіс. Бұл әлеуметтік педагогтың осы жұмыстардағы әдісті қолдану шеберлігіне байланысты. Жасөспірім кезеңде отбасымен бірге мінез-құлықтағы ауытқушылықтың алдын алушы бірден-бір ұйым-мектеп. Осы жас аралығында жасөспірімдердің бойындағы жағымсыз қылықтарды болдырмау үшін мектеп инспекторы да балалардың сабақтан тыс уақытын қадағалау және алдын-алу шараларын жасайды. Қазіргі таңда мектеп пен ата-ана арасында байланыс алшақтап бара жатқан секілді.
Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Тәрбиесі қиын балалар тобының қалыптасуы баланың дамуында адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуде ата-ана тарапынан ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберілу салдарынан туындайды. Әлеуметтік педагог осы қателікті жөндеуге қабілеті жоғары болуы шарт. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыста басты кезеңдер болып мәселенің алдын-алу яғни диагностикалау кезеңі және әлеуметтік ортаға бейімдеу кезеңі. Осы кезеңдерде мақсатты бағытталған бағдарламаға мектеп психологы, әлеуметтік қызметкер, ата-ана, отбасы бірігіп қатысу арқылы кешенді іс шаралар атқарылады.
Елбасы Н. Назарбаев өзінің 2015 жылғы жолдауында орта кәсіптік техникалық білімнің мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін оқыту жүйесі қалыптасатынын баса айтқан еді. Бұл дегеніміз орта мектеп оқушысының орта кәсіптік мамандықты меңгеруіне дуалды оқыту жүйесі арқылы өндірісте мамандығы бойынша жұмыспен қамтылуына мүмкіндігі болады. Осы орайда мемлекеттік деңгейде еңбек кодексіне өзгерістер енгеннен кейін жас маман, яғни 29 жасқа дейінгі жастардың мамандығы бойынша жұмысқа қабылдануына мүмкіндіктер ашылады. Жас отбасы бұлар ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған не баланы (балаларды) жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы. Олардың баспанамен қамтамасыз етілу мәселесі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Егер екеуі де балалар үйінде тәрбиеленген жастар болса, мемлекет баспанамен қамтамасыз етеді. Жас отбасылардың баспаналы болуына мемлекеттік үй кезегіне тұру арқылы және ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қолдауы арқылы шешімін табуы қалыптасқан.
Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын аудару керек: жасөспірімдердің отбасылық жағдайы және орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz