Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырып: З. Дьенештың блогы арқылы мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық ойлауын дамыту

Орындаған:

Студент: Қантай Рыскүл

Мамандық: «Мектепке дейінгі

тәрбие және оқыту»

Топ: МДТО-41

Тексерген:

Оқытушы: Есмагамбетова А. Е

(қолы)

2018 жыл

Мазмұны:

I . Кіріспе бөлім . . . 3 бет

II. Негізгі бөлім

2. 1. Дамытушы технологиялар маңызы . . . 5 бет

2. 2 Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы . . . 8 бет

2. 3 Ересек балалардың логикалық ойлауларын дамытуда З. Дьенеш блогының маңызы . . . 12 бет

2. 4. З. Дьенеш блогының ерекшеліктерін үстел-үсті ойындарында қолдану тәсілдері . . . 16 бет

III. Практикалық бөлім . . . 21 бет

IV. Қорытынды бөлім . . . 30 бет

V. Пайдаланған әдебиет . . . 32 бет

VI. Қосымша . . .

Титулканы үлгі бойынша толтыр. барлық беттерді бірдей етіп түзе,

Кіріспе бөлім

Мектепке дейінгі білім беру заманауи жүйесінде баланың бойындағы даралығын арттыру, әр балаға жеке даму картасын құрастыру, оның ойлау кеңістігін тереңдету мақсатында педагогикалық ғылымда, тәжірибелі ұстаздардың ортасында, қоғамда туылып жатқан идеялар, көзқарастар сан қилы. Кіші жасынан бастап балаға жан-жақтан түрлі ақпарат әсер етеді. Бұл ақпараттарды меңгеру, өзінің әрекетін реттеуге, шешім қабылдауға, дұрыс-бұрысын анықтауға негіз болатын баланың зияткерлік дамуы маңызды. Мұның ішінде баланың ой өрісіне арналған зерттеушілік әрекет, шығармашылық ойындар, Дьенеш блок технологияларына негізделіп балалармен жұмыстар атқарылады.

Әдістемелік және ғылыми-танымал әдебиетте бұл материалды әртүрлі атаулармен кездестіруге болады, атап айтсақ: «логикалық пішіндер», «логикалық текшелер», «логикалық блоктар». Бірақ осы атаулардың әрқайсысында логикалық ойлауды дамыту бағыты айқын берілген. Балабақшалар мен мектептерде балалармен жұмыс жасаудың жаңаша тәжірибесінде логикалық дидактикалық материалдың көлемді және тегіс болатын екі түрлері қолданылады. Осы түрлердің әрқайсысына өз атауы бекітілген. Көлемді логикалық материал логикалық блоктармен аталса, тегісі - логикалық пішіндермен беріледі.

Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтан Дьеныш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жауандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал. Ол балалардың ойлау әрекеттерін дамытады (сараптама, салыстыру, боптау, жалпылау), логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін (қабылдау, есте сақтау, наразға алу, елестету) жетілдіреді. Дьеныштың блоктарымен ойнай отырып, бала әртүрлі заттық әрекеттер жасайды (бөлу, белгілі ережемен орналастыру, қайта орналастыру және т. б. ) . Дьеныштың блоктары үш жастан асқан балаларға арналған.

Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылық қабілеттерін дамыту проблемасы - педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тәжірибенің өзектілігі мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өмірлері мен сабақта логикалық ойлаулары мен танымдылық қызығушылықтарын зерделеуге саяды. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оңтайлы жағдайларды жасай отырып, сауатты тұтас педагогикалық процесс арқылы жүзеге асыру.

Мектеп жасына дейінгі балалар жоғары танымдылық белсенділіктерін көрсетеді, олар ересек адамдарға қоршаған әлем туралы сан алуан сұрақтар жаудырады. Балалар заттарды, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін зерттей отырып, олар әртүрлі зерттеушілік әрекеттерді қолданады: нысандарды түсі, пішіні мен көлемі, қолдану бағыты мен саны жағынан топтастыра алады; 4-6 бөліктерден тұтастықты құрай алады; есептеуді меңгереді.

Педагогтардың алдында мынадай міндет тұрады: балалардың ақылдық қабілеттерін, логикалық ойлау және талқылау білу мен өз ойын дәлелдей алу қабілеттерін дамыту.

Зерттеу жұмыстың мақсаты: «Дьенеш» блоктарын қолдану арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту тәсілін зерттеу және іс жүзінде пайдалану.

Зерттеу пәнi: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Зерттеу объектiсi: балалардың логикалық ойлау қабілеттерін «Дьенеш» блогын қолдану арқылы дамыту.

Зерттеу болжамы: Болжам бойынша мектепке бармаған балалардың ойлағыштық қабілеттерінің қалыптасуы табысты және тиімді өтеуі үшін- дамытушы жүйеге логикалық Дьенеш блоктарының негізнде ұйымдастырылған дидактикалық ойындар және жаттығулар енгізу керек.

Зерттеудің жаңалығы: балаларды жекелік және жүйелелік негізінде оқыту керек, бұл танымдылық білімін дамыту, оның физиологиялық және психикалық денсаулығын қорғау мен ересек адам мен баланың арасында өзара серіктестік пен сенімгерліктің болуына қарым-қатынастың моделіне бағытталған.

Зерттеудің маңыздылығы - Дьеныштың блоктарымен дамытушылық ойындарды зерттеуге арналды. Сонымен қатар венгердің осы керемет педагогының логикалық ойындары ең басты ықыласқа ие болуға лайық. Өйткені олар баланың логикалық ойлауы, топтауы, үйлестіруі мен саралаушылық қабілеттерін дамытады, логикалық тапсырмаларды шешуге қажетті машықтарды қалыптастырады: нысандардың әртүрлі ерекшеліктерін анықтау, оларды атау, олардың жоқ екенін дұрыс сөздермен жеткізе білу, есіне бір немесе екі не үш ерекшеліктерді бірден абстарктылап, сақтауына, нысанды бір, екі не үш ерекшелігімен жалпылауға баулиды.

Зерттеу жұмыстың мiндеттерi: Дамытушы технологиялардың маңызы;

Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы;

Дьенеш блоктарымен балалардың логикалық ойлауын дамыту;

Блоктар арқылы ойындар мен жаттығулар өткізу;

Логикалық блокты ойындар мен жаттығулар;

Логикалық әрекеттер мен операциялар;

Логикалық блоктардың басты негіздері

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Балалардың логикалық ойларын дамыту және қарапайым математикалық түсініктерін қалыптасыруда А. А. Столяр - М. 1999, 1996 «Давайте поиграеем», Альтхауз «Цвет, форма, количество», З. А. Михайлова «Игровые занимательные задачи для дошкольников», Е. А. Носова, Р. Л. Непомнящая «Логика и математика для дошкольников» еңбектерін және Л. П. Стасова «Развивающие математические игры-занятие детском саду», Т. В. Трунтаева «Развитие элементарных математических представлений дошкольников», сонымен қатар қазақ ақын- жазушылары да өз елеулерін тигізді, Мәженқызы Райхан- Қызықты математика- «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған», Қадыр Мырза Әли «Санап үйренеміз»

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, практикалық бөлім, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымша беттен тұрады.

2. 1. Дамытушы технологиялардың маңызы

Дамыта оқытатын педагогикалық технология - бұл үлкен мен бала арасындағы ортақ болмыс; жаратылыс. Бірге уайымдау. Бірінің қызығушылығын есеретін әрекет. Ерекшелік пен бейімділік. Құқығы мен міндеті.

Дамытушы технологиялар: Дәстүрлі оқытуда балаға дайын өнімді, әрекет дағдыны үйренуге ұсынылады. Дамыта оқытуда бала қандай да бір пікірге өздігінен, өз әрекетінен мәселенің талданған нәтижесінен шешімге келу керек.

1. Дамыта оқытатын педагогтың педагогикалық ұстанымы мына сөздер болу керек: «Балаға ақпаратты дайын түрде бермеу. Яғни бала жаңа білімді ашатындай жағдайда жұмыс істеу керек. »

2. Әрбір баланың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін оқу іс-әрекетәнде заттық дамыту ортасын жасау керек, балалық қызығушылығының орындалуына мүмкіндік беру керек. Олардың өмірлік белсенділігін.

3. Оқу іс әрекеті бала тек тыңдап отырып қана қоймай, өзі де дамыту үрдісіне қатысып, үнемі ойын тапсырмаларын орындау барысында жаттығатындай болып құрылу керек.

4. Дамыта оқыту үрдісінде 3-7 жас аралығында қазіргі Воскобович, Никитин, Дьенеш және Кюзенердің технологияларын, ойын, ақпатарттық, жобалау, бейнелеме - таңбалық және денсаулық сақтау технологияларын пайдалануға болады.

5. Мектепке дейінгі кіші және ортаңғы жас кезеңдерінде ойын әдістері мен дамытушы ойындарды пайдалану лайықты. Жарқын, көркем дайындалған ойындар баланы еріксіз соның ішінде әрекетін қатыстырады.

6. Воскобовичтің ойындары -ойын ерекшелігін, ойлана отырып нақты түрде орындауға мүмкіндік береді, ойын ерекшелігі-көпатқарымдылық. Бір ойынның өзінде бірнеше тапсырмалар орындалады. Сан мен әріптерді байқатпай игереді. Түстерді біліп есіне сақтайды, ұсақ моторикалары дамиды, тілін жетілдіреді., кеңістік ойлауы, зейіні, есте сақтауы, қиялы дамиды.

7. Сандар құрамы бала үшін қиын, бірақ оны игеруге Кюизенер технологиясының көмегі зор. Кюизенер таяқшалары - түстер саны, қол арқылы әртүрлі дерексіз түсініктерді ұғынуға мүмкіндік беретін көпсалалы математикалық нұсқаулық болып табылады. Кюизенер таяқшалары санауға пішіндерді орналастыруда тиімді. Бірақ бұл тәсілді пайдалану кезінде баланың жас ерекшелігі мен қабілет дәрежесін ескеру керек.

8. Дьенештің логикалық ойындары баланың логикалық ойлауын, епшілдігін, талдау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын логикалық тапсырмалар арқылы қалыптастырады, объектілердің әртүрлі қасиеттерін атауға, жоқ затты сөз арқылы көрсетуге, айқындауға үйренеді, есте бір мезгілде дерексіз заттың бірнеше қасиетін сақтап тұруға үйретеді.

9. Б. П. Никитиннің дамытушы ойындары негізгі ережелерді оқытуды біріктіруге тартады -қабіліеттің жеңілден ауырға өздігінен шығармашыл әрекет етуінде ең қажетті қағидат. Ойын барысында балаға қиындықтың біртіндеп өскеніне қарамай өздігінен алға ұмтылуға жетелейді. Баланың алдына тапсырмаларды шешу көрнекі және айтарлықтай заттар сурет түрінде, өрнек, текшелерді орнатуда, конструкторлардың бөлшектері логикалық тапсырмалардың шешімі дерексіз нысанда көз алдына келеді. Бұл тапсырма мен шешімнің нақтылығын өзі тексеруге мүмкіндік береді.

10. Психологиялық саулық, баланың денсаулығы, тілдік-танымдық қабілетті, шығармашылық қиял, шығармашыл ойлау және коммуникативтік дағдыны дамытуға жобалау технологиясы мүмкіндік береді. Жобалау әдісінің негізгі мақсаты еркін шығармашыл бала тұлғасын дамыту. Жобалау әдісінің келесі түрлерін кіші жастарда қолдануға болады:

• Шығармашыл-зерттеу,

• Желілі ойындар,

• Ақпараттық-тәжірибелік бағытталған,

• Шығармашылық

11. Дамыта оқытуда орындау үрдісінде балаларға өзара әрекеттесуге, келесімге келуге, мәселелі жағдайларды шешуге үйрету өте маңызды.

12. Баланың қиялын, дағдысын дамытуда символикалық кескіндемеге бағыттауға бейнелеме -таңбалық технологиясы мүмкіндік береді. Мысалы, таблицалар, пиктограммалар, схемалар, жол ереже белгілері.

13. Балалармен сапалы деңгейде оқу іс әрекетін дайындау мен жүргізуде ақпараттық технологияны қолданамыз. Ақпараттық технологиялар техникалық тәсілмен оқытуда, педагогтің ата-аналармен және балалармен бірлескен әрекетте қажетті болып табылады.

14. Ересектер тобында дамыта оқыту технологиясының элементінің бірі ол педагогтің ұйымдастыру қабілеті болып табылады. Пікірталасты құру мен ұстап тұру, балаларды ойлауға, дәлелді шешім шығаруға үйрету.

15. Балаларға тапсырма қорытындасын шығару, шешімнің орындалуы сапасын өзара бақылау әдісін қолдану өте ұнайды.

16. М. Монтессоридің өздігінен даму технологиясы балабақшада еркін тәрбиелеу мен дамуды іске асыру.

Бұл технологияның мақсатты бағыты:

• жан-жақты даму;

• дербестік тәрбиелеу;

• бала санасында заттық әлем және ойшыл қызметті біріктіру

Тұжырымдамалық жағдайы:

• Өзін-өзі тәрбиелеу

• Өзін-өзі оқыту

• Өзін-өзі дамыту

Тәрбиеші-мұғалім емес жетекші мәжбүрлемеу керек, тіркеп қою керек; жалқауланбау, баланың мүмкіндігін ашуға көмектесу қажет.

Әдістеменің ұраны: «Мұны өзім жасауға көмектес!» Демек, Монтессори әдістемесін балабақшада пайдаланудың тиімділігі - бала өзінің даму ортасында еркін, өз пікірін алға тарта отырып жұмыс жасайды.

17. Тұлғаның қасиетін шығармашыл бағытында дамыта оқытатын технология

Өнертапқыштық тапсырмаларын шешуші теория (ТРИЗ) . Негізін қалаған Генрих Саулович Алтьшуллер.

Бұл технологияның мақсатты бағыты:

• шығармашылық қызметін оқыту;

• шығармашыл қиял әдістерімен таныстыру;

• өнертапқыштық тапсырмаларды шешуге үйрету;

Тұжырымдамалық жағдайы:

• білім-құрал, шығармашылық түйсіктің негізі;

• әркім шығармашылық қабілетті, барлығы зерттей алады;

• шығармашылыққа басқа да қызмет сияқты үйренуге болады.

18. Н. А. Зайцевтің ерте және қарқынды сауат ашу технологиясы.

Бұл технологияның мақсатты бағыты:

• бес жастан бастап баланы оқуға және жүзге дейін санауға үйрету.

Тұжырымдамалық жағдайы:

• Сөйлеуге қалыптасу және оқуға үйрету бір-біріне көмектесе, қатар жүргізілу керек,

• Оқытуға үйрету принципін жинақтау, дыбыстық принциптен бас тарту;

• Оқытуды ән айтумен байланыстыру(жинақталған ән-әуен түрінде есте сақтау) ;

• Есте сақтаудың барлығын қолдану: дыбыстық, түстілік, көлемдік, қозғаушылық, кинестетикалық:

• Барлық сезім мүшелерімен қабылдау, барынша көп көрнекілікпен;

• Дыбыстардың аты оқытылмайды, ешқандай терминдер қолданылмайды;

19. Ойын технологиясы:

Бұл технологияның мақсатты бағыты:

• Дидактикалық: ой-өрісін, танымдық қызметін, нақтыланған іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, қажетті тәжірибелік қызметін кеңейту;

• Тәрбиелеуші: дербестікке, жігерлілікке, ынтымақтастыққа, ұжымдыққа, коммуникативтікке тәрбиелеу;

• Дамытушылық: зейінін, есте сақтауын, сөйлеуін, ойлауын, салыстыру іскерлігін, үйлесімін тауып, салыстыруға, қиялдауын, фантазиялауын, шығармашылық қабілетін, оқу уәждемелік қызметін дамыту;

• Әлеуметтендіруші: қоғам құндылықтарының ережелеріне тарту, қоршаған орта жағдайына бейімдеу, қарым-қатынасқа дағдыландыру.

Тұжырымдамалық жағдайы:

• Ойын - тұлғаның қиялдау еркіндігі;

• Бала ойындарының мазмұны ойын арқылы дамиды;

• Ойын- мектеп жасына дейінгі баланың қимыл әрекетін басқарушы құрал.

Тәрбиешінің әрбір баламен, даму деңгейін қызығушылығын және мұқтаждығын ескеретін мағыналы қатынас, дамыта оқыту үрдісін құрудың негізі болып табылады.

2. 2. Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы

Логикалық ойлау дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

Балалардың логикалық ойлауларын дамыту - ұзақ та, көп еңбекті қажет ететін процесс, бұл ең алдымен балалардың өздерінен көп тер төгуді талап етеді, өйткені әр баланың ойлау қабілеті әр түрлі.

Баланы алғашқы күнінен бастап, қоршап тұрғанның барлығы оның дамуына үлкен әсер етеді. Анасының мейірімді дауысы, жаңа сөздер, кішкентайларға арналған тақпақтар және балалар әндері, дене жаттығулары және қимылды ойындар- міне, осылар баланың ары қарай дұрыс өсуіне және дамуына септігін тигізетін нәрселер. М. Жұмабаев «Ойлау - жанның өте бір қиын терең ісі. Жас балаға тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап істеу керек», - деген екен [1] . Логика, есте сақтау және зейін- бұлар мектеп жасындағы баламен қарым қатынастың негізгі құрамды бөлігі деп санау қате пікір. Бұл аталған дағдылар мен біліктерді балалар 6 жасқа толғанша дамыту қажет, нақтырақ айтсақ -бала дүниеге келген сәттен бастап. 3-5 жас бұл «неге?» сұрағы жасы. Бұл жастағы бала сізге күніне 100 рет «неге» деп сұрай береді. Бұл жаста бала айналаны танып білуге құштар болады, қызығушылықпен танып біледі. Сондықтан да балақайдың 100 рет «неге» деген сұрағына жауап беруден жалықпаңыз. Керісіншее өзіңіздің тәрбиеленушіңізге оқып беріңіз, сонда алдыңызда отырған баланың ақылды екендігіне және үнемі оқуға ынтызар екендігіне көзінізді жеткізесіз. Сонымен қатар, ересекпен қарым қатынасқа түсу барысында баланың логикасы дамиды, келешекте қажет болатын аса қиын емес нәрселердің шешімін табады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың интеллектуалды қабілетінің әсерлі дамуы - жаңа замандағы өзекті мәселелердің бірі. Ойлау қабілеті дамыған балабақша балалары оқу материалын жылдам есте сақтайды, өз күштеріне сенімдірек, жаңа жағдайға жылдам бейімделгіш, мектепке дайындығы өте жақсы болады. Оқытудың инновациялық әдіс- тәсілдерін мектепке дейінгі мекеме оқу үрдісіне енгіздіре отырып, сабақ баланың психикалық дамуын жетілдіріп отыруы қажет екендігін естен шығармаған дұрыс. Балалардың қабылдауын, зейінін, есте сақтау мүмкіндігін, ойлау қабілетін, тілдік қабілеттерін және қимыл қозғалыс белсенділігін, бір сөзбен айтсақ, барлық психикалық қызметтерді және жеке қасиеттерді арттыруы қажет. Бұлардың барлығы бағдарламаны жетік меңгерудің негізінде жатқан қасиеттер. Баланың ойлау әрекетін қалыптастырудың, оның интеллектісінің дамуының маңызды құралы - ойын болып табылады. Мектепке дейінгі педагогикада көптеген түрлі материалдар бар: балалардың интеллектуалды дамуын қамтамасыз ететін әдістер, технологиялар, олар: Дьенештің логикалық блогтары, Кюизенердің таяқшалары және Воскобовичтің ойындары және өзге де басқатырғыштар. Бұл ойындардың негізгі міндеті- кішкентай баланың дамуы, оның бойында бар және анықталған қасиеттердің түзетілуі, оны шығармашылық, ізденіс әрекетіне айналдыру. Бір жағынан еліктеуге мүмкіндік беріледі, ал екінші жағынан - қиялдауға және жеке шығармашылығына алаңқай беріледі. Осындай ойындардың арқасында балада барлық психикалық қызметтер дамиды, ойлау операциялары, құрастыруға үлгілер жасау қабілеттері дамиды, математикалық ұғымдары қалыптасады. Бастапқы сатыдағы кезең, балада іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсатты бағытталған түрде басқару, балалардың танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді.

«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова [2] .

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балалардың белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  1. Қызығушылығын арттыру;
  2. Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
  3. Шығармашылық ізденісін дамыту.

Логика - біздің ойлау әрекетіміздің ең маңызды жарты шары. Ол ойымызды дұрыс тізбектеуге, болып жатқандар туралы ойлауға көмектеседі, көптеген жағдайлар мен құбылыстарды түсіндіреді. Ойын баланың логикасының дамуында еш нәрсеге айырбастауға келмейтін көмекші. Ойын кезінде танылғанның барлығы есте оңай сақталынады емес пе. Кез келген жерде ойнай беруге болады: үйде, көшеде, жолда да. Логиканы дамытатын ойын түрлері өте көп. Ең кішкентайлар үшін «Әрі қарай қалай?» ойыны жақсы келеді. Мысалы, сіз балаға «Ит үреді, ал мысық . . . » деген фразаны айтасыз немесе «Күн таңертең шығады, ал кешке . . . » дейсіз. Бала сіздің айтқан ойыңызды аяқтауы қажет. Баламен сәлден соң рольдеріңібен ауысуға болады. Бала осындай сөз тіркестерін өзі ойластырсын ал, сіз жалғастырасыз. Бұл ойын арқылы сіз балада тез ойлауын, елестетуін және тапқырлығын дамытасыз. Мысалы серуен кезінде қолыңызға геомериялық пішіндер ала кетіңіз (төртбұрыш, шеңбер, үшбұрыш, тік төртбұрыш) . Баладан айналасын қоршаған ортасын осы пішіндерге ұқсас заттарды табуды сұраңыз. Бақшаның саяжайынан, ауласынан, тіпті саяжайға бара жатқан жолда да. Бұл да балалардың логикалық ойлауын дамытады.

Санау дағдыларын дамыту үшін күнделікті өмірде баланың көңілін стол үстінде жатқан заттарға аударыңыз, терезенің алдында екі гүл бар, бір столда екі қасық жатыр. Ағашта бір торғай қонып отыр. Осылайша сіз бала бойына математика негіздерін қалайсыз. Бұл біліктер бала мектепке бармай жатып-ақ ойша қосуға, санауға үйретеді. Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады. Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

1. Машық, сергіту;

2. балалардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық

механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау) ;

3. Іздену тапсырмаларын орындату;

4. Балаларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар) ;

2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер) .

Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да балаларды логикалық ойлауға бағыттайды. Бала психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Баланың логикалық ойлауы мынандай жолдармен дамиды:

  1. Ақыл-ой әрекеті үстінде;
  2. Білімді меңгеру;
  3. Тіл үйрену;
  4. Жылдам есептеу.

Ой процесінің негізгі формалары:

1 . Ұғым

2. Пікір

3. Индуктивті ой қорытындысы

4. Дедуктивті ой қорытындысы.

Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттарының бірі:

1. Затты әрекеттік.

2. Көрнекі-бейнелі.

3. Сөздік логикалы.

Логикалық ойлау балаларды тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді. Балабақшада ересек, даярлық топ балаларының логикалық ойлау мүмкіндіктерін шыңдау мақсатында К. Йерасектің болашақ оқушының мектепке дайындығын бағдарлау тестісінің ауызша сұрақтарын қолдануға болады.

1. Жануардың қайсысы үлкен - жылқы ма, ит пе?

Жылқы 0 ұпай, қате жауап = -5 ұпай

2. Күндіз жарық па, әлде түнде . . .

Қараңғы - 0 ұпай, қате жауап =-4 ұпай

3. Аспан көк, шөп . . .

Жасыл =0 ұпай, қате жауап= -4 ұпай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың логикалық ойын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық танымы үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту.
Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың әдістері
5-6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Логикалық ойлау қабілеті
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz