Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II Негізгі бөлім
2.1.Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заңнамада бекіту ... ... ... ... 4
2.2.Адам мен азаматтардың қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі ... ... ... ... ... 8
2.3.ҚР адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары ... ... ... ... ... .. .14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Кіріспе
Қазақстан Республикасында адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына үлкен көңіл бөлінеді. Оған Қазақстан Республикасы Конституциясының бір тарауы арналған. Олар конституциялық құқықтар мен бостандықтар деп аталады.
Сонымен қатар, адамның осы құқықтары құқықтың басқа салаларына жататын нормативтік құқықтық актілерде нақтыланған, өзінің дамуын тапқан. Мысалы, азаматтық кодексте, қылмыстық кодексте,сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңда және т.б. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің қорғауында болады. Ешкім оалрды бұза алмайды. Басқа біреудің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшін кінәлі адам жауаптылыққа тартылады. Ол құқық қорғау органдары арқылы жүзеге асырылады.

II.Негізгі бөлім
Құқықтық мемлекеттің даму деңгейін адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау деңгейін куәландырады. Және бұл көрсеткіш өте маңызды, себебі құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды құру процесінде негізгі бағдарлардың бірі болып табылады. Мемлекет қызметінің басқа ешбір саласы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын, қылмыстық процесс саласы сияқты елеулі көтермейді. Сондықтан сотқа дейінгі тергеу жүргізу тәртібі заңнамамен қатаң реттелген. Қайта шығарылған және ҚР ҚПК нормаларында бекітілген азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары қылмыстық процестің қағидаттары сипатын алуда, оның демократиялық сипатын белгілейді.
Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы ерекше рөл прокурорға тиесілі. Құқық қорғау жүйесіндегі прокуратураның орны заңнамалық деңгейде белгіленді. Жекелегенде, Прокуратура туралы ҚР Заңының 4 бабында, прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттарын белгілейтін, прокуратура Конституцияның және заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Конституцияны бұзуды анықтайтыны және анықтауға шаралар қабылдайтыны... жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың және тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратыны белгіленген....
Қылмыстық қудалау органдарының қызметін қадағалауды жүзеге асыру аясында, прокуратура қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған қажетті шараларды қабылдайды. Бұл ретте, қылмыстарды тергеу кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру процестік заңнаманың барлық талаптарын сақтауды қадағалаумен тығыз байланысты, оның нормалары конституциялық қағидаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Прокуратура органдары қылмыстық процесте тергеу және анықтау органдарымен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуларға ықпал ету құралдарының аса кең шеңберіне ие. Құқық қорғау органдарының, жекелегенде, тергеу органдарыныңқызметін реттеп, кінәлі адамдарға қатысты жазаның бұлтартпастығы қағидатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ кінәсізді жауапқа тартуға және соттауға жол бермеу үшінқылмыстық процестік заң оларды әрбір қылмысқа шұғыл ықпал етуге бағыттайды, Конституцияны және Қазақстан Республикасының азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы заңдарын мүлтіксіз орындауға міндеттейді.
Заң шығарушы тергеу органына қылмыстарды ашу үшін қажетті, соның ішінде жеке адамның бостандығын біршама шектейтінпроцестік әдістердің көп түрлерін қолдану құқығын берген. Алайда, жеке адамның бостандығына мәжбүр етуді және басып кіруді қолданумен немесе процеске қатысушыға, оның құқықтары мен бостандықтарына шектеуге әкеп соғатын қандайда бір процестік талаптар қоюмен байланысты шараның әрқайсысызаңмен реттелген. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру, процестің осы сатысын реттейтін қылмыстық процестік нормалардыңмәнісі, жиынтығы бойыншаалдын ала тергеуде қамтамасыз етіледі, бірақ оларда көрсетілген конституциялық қағидаттар мен нұсқамалар деңгейі әртүрлі.
Тергеудің және анықтаудың заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ету тетігінің егжей-тегжейлі реттелуі Бас прокуратураның салалық нұсқаулығының 3 тармағында алады, онда прокуратура органдары қызметінің осы салада қадағалауды жүзеге асырған кезде бірінші кезектегі басым бағыттары қылмыстық процесте адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қадағалау белгіленді.
Қылмыстық процесс саласында қорғалатын конституциялық құқықтарға, әрекеттерімен қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары шектелетін немесе бұзылатын қылмыстық қудалау органының - осындай құқықтық қатынас міндетті субъектісінің процестік қызметімен байланысты қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жатқызу қажет.
Осы мәселеде басты рөл прокурорға тиесілі. Тергеудің және анықтаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында прокурор адвокаттың нақты қатысу мәселелерін қамтамасыз етуді анықтауға назар аударады (адвокаттан бас тарту мәжбүрлеумен, материалдық жағдаймен байланысты еместігін және т.б.).
Алдын ала тергеуде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстанмен 1998 жылы азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясы ратификациясының маңызы бар, ол осындай жағдайлардың алдын алу үшін тиімді шаралар қабылдауға және республика аумағында адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын барынша қорғау үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етуге міндеттейді.
2.2. Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі.
Адам құқықтарын қорғау механизмі - бұл адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі. Жалпы адам құқықтарын қорғау механизимінің мақсаты болып, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету табылады. Құқықтық реттеу механизмі заңдық құралдардың жүйесі, олардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады, құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады. Құқықтық реттеу механизмі элементтерінің құрамына құқықтық норма, құқықтық қатынастар, жеке құқықтық актілер, құқықтық тəртіп пен құқықтық сана кіреді. Мемлекетте демократияның басты негізі адамның, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Сондықтан да, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау механизміне нормативті құқықтық актілер жатады. Барлық қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы да бұл мəселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарымқатынаста болатындығын көрсетеді. Көпшілік мемлекеттер Конституциясымен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде негізгі құқықтар мен бостандықтарды жеке құжаттарда көрсету орын алады. Бұған, атап айтқанда 1789 жылғы француздың Адам мен азамат құқығы Декларациясын, 1982 жылғы канадалық Құқық пен бостандық хартиясын, 1992 жылғы Негізгі құқықтар мен бостандықтар Хартиясын жатқызуға болады. Бұл қадам басқа да конституциялық жағдайлардан жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бөліп алып қарастыруға мүмкіндік береді. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция адамның, жеке тұлғаның құқықтық мəртебесін реттеуде ірі қадамдардың бірі болды. Ол тек адам құқықтары облысында халықаралық құжаттардың ойларын ғана емес, сонымен қатар елдегі əлеуметтікэкономикалық жəне саяси жағдайлардың конституциялық дамуының бұрынғы тəжірибесін де есепке алды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қазіргі уақытта қорғау жүйесі көп деңгейлі сипатта көрінеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралыққұқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мəселелердің бірі.
Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы - демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі.
Адам жəне азаматтың конституциялық - құқықтық мəртебесi институты төмендегiдей элементтердi қамтиды:
а) адам жəне азаматтың құқықтық мəртебесiнiң мəн-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар жəне мiндеттер;
ə) адам мен мемлекет арасындағы қарымқатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы жəне конституциялық құқықтың басқа субъектiлер арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам жəне азаматтың мəртебесiнiң конституциялық принципi.
Сонымен қатар конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді жүзеге асыру объективтік жəне субъективтік факторлардың бірлігіне де байланысты. Демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан үшін аталған мəселені шетелдік тəжірибені қолдана отырып шешу тиімдірек екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары, мемлекет азаматтарының шетел азаматтарымен арасындағы қарым-қатынасы бұл тəжірибеге əсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге оған ылғи да жол ашуды көздеп отырады. Адам құқығы-қазіргі замандағы өзекті мəселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды жəне ол адамның туған сəтінен бастап өзіне тиесілі. Кез келген адам мен азамат негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады. Демократиялық құқықтық мемлекеттің заңдылықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының теңдігіне, яғни оның ұлтына, нəсіліне, жынысына, тіліне, мүліктік жəне қызметтік жағдайына қарамастан кепілдік береді, тілдік, діндік, ұлттық, нəсілдік, əлеуметтік белгілеріне қарамастан оның құқықтарына шек қоюға тыйым салынады. Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы-сонау көне дəуірден қазіргі заманға дейін əлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы жəне мол тəжирибесі бар.
Адам құқығы - тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан əлеуметтік норма əр уақытта даму процесінде болады. Əлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын əлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның əділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді. Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, байрақатты тұрмыс кешуіне жағдайды қалыптастыру - əлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған мақсаты[5]. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, əлеуметтік жəне саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді. Мақаланың өзектілігіне, əркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығы жəне өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тəсiлмен қорғауға жатады. Адам құқықтарының ерекше құқықтар ретiнде қабылдануы үшiн бiздiң бiрiншi ұсынысымыз - əр түрлi мəдениеттегi қоғамдарда танылқан адам құқықтары деген сөз тiркесiнiң барлық қоғамда, еш өзгерiссiз, əмбебап адам құқықтары ретiнде қабылдануы, бiрақ қоғамдағы құқық саласында қолданылып жүрген терминдердi түсiндiру.
Халықаралық құжаттарда жəне қазақстандық заңдарда мынадай екі ұғым қолданылады: адам құқығы жəне адам бостандығы. Заң тұрғысынан адам құқығы мен адам бостандығының бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, белгілі бір өзгешеліктері бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра отырып байқауға болады.
Адам бостандығы - бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-əрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Адам құқығы - заңда көрсетілген саладағы мемлекет белгілеген жəне кепілдік беретін адамның мүмкіндіктері мен өкілеттіктері.
Адам бостандығына қарағанда адам құқығы терминінің аясында адам қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-əрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге жəне қорғауға міндеттеме қабылдайды. Адам құқығы жəне бостандығы адамның құқықтықмəртебесінбелгілейтін,оныңж ағдайын бекітетін, жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасты, адамның жəне мемлекеттің қатынастарын бекітетін халықаралық жəне ұлттық нормаларының жүйесін білдіреді. Адам құқығының жəне бостандығының объективті түрдегі анықтамасы осындай. Субъективті түрде адам құқығы жəне бостандығы нақты тұлғаға тиесілі құқықтық нормалар мен көзделген мүмкіншілігі (өкілеттігі) жəне мемлекет қорғайтын іс-əрекеті ретінде анықталады. Адам құқығы табиғи қасиетке ие жəне жеке адамнан ажырамайды, олар аумақтық немесе ұлттық шеңбермен шектелмейді, халықаралық құқықтық реттеу жəне қорғау объектісі болып табылып, мемлекеттің заң актілерінде бекітілгенге қарамастан тəуелсіз болып табылады. Олар адамды сипаттап жəне оның қалыпты өмір сүруіне қажетті жалпы əрі негізгі өкілеттіктері болады. Адам құқығы мемлекеттің нақты заң актілерінде белгіленген жағдайда олар осы мемлекет азаматының құқықтары болып табылады. Азаматтық құқық қоғамның жəне мемлекеттің даму барысында жасалған жəне пайда болған табиғи өкілеттіктерінің мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде көрініс табуы болып табылады. Азаматтық құқық міндетті түрде конституциялар мен басқа заң актілерінде белгіленеді жəне мемлекет оны жария етіп əрі олардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Олар адамды мемлекеттік ұйымдасқан қоғамдастықтың мүшесі екендігін білдіреді. Бұл екі құқық санаты əдетте бір тұрғыдан еске алынады, дегенмен олардың мазмұны бірдей емес. Адам құқығы негізгі болып табылады, қай жерде туғанына, қай елдің азаматы екендігіне, сол елде тұратындығына немесе тұрмайтындығына қарамастан олар барлық адамдарға тəн, ал азаматтық құқық белгілі мемлекеттегі адамның сол мемлекетте тұрғандығына байланысты бекітілген құқықтарын кіргізеді. əрбір азаматқандай-да болмасын мемлекетте жалпыға бірдей адам құқықтарына жəне осы мемлекет мойындаған азаматтық барлық құқықтардың жиынына ие. Сондықтан құқықтар мен бостандықтардың екі тобын біріктіретін азаматтық құқықтар жəне бостандықтар термині заңды болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның негізгі құқықтық мəртебесін білдіреді. Олардың көпшілігі абсолюттік сипатта, яғни тек қана ажыратқысыз болып табылмайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам мен азаматтардың құқықтары
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
Конституциялық құқықтар мен бостандық
Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі істер органдары
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
Адам құқықтарының жалпы теориясы (1-2 бөлім)
Еңбеке құқығындағы қағидалары
Жеке адамның құқықтық мәртебесі
Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Пәндер