Электр энергия станциясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 112 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының электроэнергетикалық стратегиясының жүзеге асу жағдайы мен шетелдік тәжірибе


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстан Республикасының электроэнергетика саласы, энергетикалық ресурстар және оның қолданылуы . . . 8

1. 1 Қазақстан Республикасының электроэнергетика саласы және оның құрамы . . . 8

1. 2 Энергетикалық ресурстар және оның қолданылуы . . . 20

1. 3 Энергетикалық ресурстарды қолданудың шетелдік тәжірибесі (Ресей мысалында) . . . 39

2 Энергетика саласының дамуының қазіргі жағдайы, Қазақстан Республикасының электроэнергиясының тұрақты даму стратегиясы . . . 47

2. 1 Энергетика саласының дамуының қазіргі жағдайы мен мәселелері . . . 47

2. 2 Қазақстан Республикасының электроэнергиясының тұрақты даму стратегиясының жүзеге асырылу ерекшеліктері . . . 62

2. 3 Қазақстан Республикасының электроэнергиясының инновациялық-технологиялық стратегиясының жүзеге асу жағдайы . . . 85

3 Нарықтағы электроэнергетиканың бәсекегеқабілеттілігі . . . 97

3. 1 Электрэнергиясының тауар ретіндегі бәсекегеқабілеттілігі . . . 97

Қорытынды . . . 105

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 109


Қысқартылған сөздердің, белгілердің және атаулардың тізімі

ҚР - Қазақстан Республикасы

АҚ - Акционерлік қоғам

ҚРСА - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ЕО - ЕуроОдақ

ЕӘР - екінші деңгейлі экономикалық ресурстар

ҒТ - ғылыми техника

ӨЭК - өңірлік электр торабы компаниялары

ЭЖҰ - Электр жеткізуші ұйымдар

БЖ - Бағдарламалық жасақтама

ҰЭТ - Ұлттық электр торабы

БЭЖ - Бірыңғай энергетика жүйесі

ЖӨ - Жалпы өнім

ЖЭО - жылу электр станциялары

ИТС - инновациялық технологиялық стратегия

ЭЭ - электр энергиясы

РЭК - тарату электр желілік компаниялары

ҚКЭ - қалпына келетін энергия.

АСЭС - аймақтық су электр станциялары

СЭС - су электр станциялары

РБЭЭЖ - «Ресейдің бірыңғай электроэнергетикалық жүйесіне» АҚ

АЭС - атомдық электростанция

ҚКЭ - қалпына келетін энергия

ЭЭ - Электроэнергия

ҚИЭЖ - Қазақстанның интеллектуалдық энергожүйесі

ИТС - инновациялық - технологиялық стратегия

ҰЭЖ - Ұлттық энергетикалық желісі

ҚҚ - Қазақстандық қамту

тг - теңге

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғасырлардың алмасуы дүниежүзілік экономика және оның секторларының қарқынды дамуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен экономиканың жаңа үлгісінің дамуымен ерекшеленді. Жер бетінде болып жатқан өзгерістер, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, тасымалдауды, қаржылық және халықаралық сауда айырбасындағы өзгерістер еліміздің шаруашылық өміріне әсер етті. Бұл өзгерістер энергетика мен оның маңызды құраушылары - мұнай, газ, электрэнергетикалық өнеркәсіптен алыс кетпеді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыбындағы Жолдауында ел азаматтарының жеңіп шығуы қажет сын - қатерлердің қатарынан жаһандық энергетикалық қауіпсіздік пен табиғи ресурстардың сарқылуын айтқан болатын. Президент Н. Ә. Назарбаев осыған байланысты мына міндеттерді атап өтті:

  1. Қолайлы баға жағдайы кезеңінде табиғи ресурстарды өндіру мен сатуды ұлғайту;
  2. Табиғи ресурстарды өндіруге шетелдік компанияларды тек жаңа жоғары технологияларды қолдану шартында тарту;
  3. Көмірсутектердің стратегиялық қорын құру [1] .

Аталған міндеттерді орындау үшін табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесін жасақтап, оны қолданысқа енгізу қажет және жеке компаниялардың қаржыларын ғылымға және жаңашылдық енгізуге ынталандыру қажет.

Электрэнергетикалық сала - қоғамдық аумақта ұдайы өндіріс үдерісінің біртұтастығын қамтамасыз ететін халықшаруашылығы инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Бұл еліміздің барлық субъектілері мен салалары үшін өмір сүруді қамтамасыз ететін жүйе.

Отандық экономиканың қазіргі қиын қыстау жағдайында қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне бағытталған жаңа шаруашылық механизмінің жасақталуын қажет етіп отыр. Осыған байланысты бәсекелестік ортаны қалыптастыру және нарықтық механизмді реттеу бағытында электрэнергетиканы қарастыру мәселесі туындайды.

Қазақстан экономикасы қызмет көрсету үшін оған энергия қажет. Энергия шаруашылық қызметінің барлық үдерістерін қамтиды. Энергетика секторы қатаң реттеу жағдайында өз қызметін жүзеге асырып келеді, ал көптеген елдерде реттеуге белсенді түрде мемлекет араласып келеді. Сонымен қатар, бұл салаға жеке секторды тарту нарықтық қатынастардың тиімділігін көтеру үшін, инвестициялық және операциялық міндеттерді шешу үшін маңызды рольге ие. Энергия өндіруші ірі елдердің алдында табиғи ресурстарды басқару және алынған құндылықтарды теңбе - тең бөлу мәселелеріне қатысты күрделі міндеттер тұр. Энергетиканың барлық салалары ірі экоәлеуметтік нәтижелерге ие. Энергетиканың осы ерекшеліктерінен экономиканың нарыққа бағытталуында ерекше маңыздылыққа ие.

Энергетикадағы стратегиялық ынталандыру және қолдау болашақта ірі жобаларды жүзеге асыруға арналған негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

Энергетиканы тұрақты дамытудың және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы негізгі бағыттар мыналар болып табылады: пайдалы қазбалардың жаңа технологиясын жасақтау, техникалық қайта жарақтандыру және жаңа энергетикалық объектілердің құрылысы негізінде энергетикалық ресурстарды қайта қалыптастыру және тасымалдау, энергетика саласында инвесторлар үшін тартымды шаруашылық ортаны қалыптастыру, отын және энергияның жаңа нарығын қалыптастыру.

Электр энергетикасын дамытудың негізгі мәселелері: ұлттық экономикалық жүйе құрамындағы табиғи - монополиялық құрылымның бөлініп шығуы олардың қызметін реттеу құралдарының және тәсілдерінің бөлініп шығуы.

Электрэнергетиканы мемлекеттік реттеу жүйесі басқа реттеу жүйелерінен ерекшеленеді. Сонымен қатар, саланың жалпы деңгейі, параметрлер саны, осы параметрлердің жағдайы туралы ақпараттардың белгісіздігінің деңгейі оны күрделі көп параметрлі жүйе ретінде жіктеуге мүмкіндік береді. Өзара байланысты негізгі параметрлерге экономикалық, технологиялық және экологиялық аспектілері жатады. Олардың кері өзгерістері электрэнергетиканың негізгі экономикалық функцияларының жүзеге асырылуына кедергі жасайды.

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы түбегейлі отын - энергетикалық кешенге тікелей байланысты. Кәсіпорынның үздіксіз қызметі энергия өндірісінің меншіктік көздерін қалыптастыру бойынша мұнай және газ өндірісін жүргізу бойынша, мұнай өңдеуші зауыттың қуаттылықтарын арттыру бойынша шараларды жүргізу есебінен қамтамасыз етілді. Шаруашылықтың нарықтық экономикаға көшу электроэнергетика саласының заңдылығын да өзгертті. ҒТП - ті қамти отырып, басқа салалардың дамуына зор үлес қосып отыр.

Қазақстан Республикасының электрэнергиясының тұрақты дамуы экономиканың жалпы еліміздің дамуының тұрақтылығын көрсетеді. Жалпы Қазақстан Республикасын бұл сала отын және электр энергетикасымен сенімді қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық - инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша көптеген жобалар жүзеге асырылды. Заң жүзінде инновациялық тартымдылықты арттыру механизмдері енгізілген 2015 жылдың аяғына дейін электр энергияны тұтыну 100, 5 млрд. квт сағ. жетеді деген болжам бар. Бүгінгі күнде кейінге тастауға болмайтын шаралар қатарында мыналар бар:

  • Тұтынушының электрмен жабдықталу сенімділігіне жауап беретін құрал - жабдықтардың физикалық және моральдық тозуы;
  • Электр энергиясының тұтынылу өсімін қамтамасыз ету үшін генерациялық қуаттылықтың қажетті резервінің болмауы;
  • Энергожүйеде өндіріс - тұтыну электроэнергия балансын қолдауға қажетті қуаттылықтың болмауы;
  • Салалық инвестициялық тартымдылық денгейінің төмен болуы.

Бүгін көмір өнеркәсібі Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 75 % қамтамасыз етіп отыр. Осылайша, көмір өнеркәсібінде арзан электр энергиясын алу мақсатында электрэнергетикалық өндірістің жоғары үлесі сақталады.

Мәселенің зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде инновацияның экономикалық мазмұны, оның қоғамда алатын орны мен көптеген пікірлер жеткілікті деңгейде келтірілген. Инновация туралы теориялар әр кезеңде бірнеше пікірлермен толықтырылып, бүгінгі күнде оның мағынасы туралы түсініктер легі кеңейген. Инновацияны зерттеген алғашқы ғалымдар қатарына Й. А. Шумпетер, Н. Д. Кондратьев, М. Портер және т. б. ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады. Табиғи монополиямен байланысты әдістемелік мәселелерді зерттеу отандық және шетелдік авторлардың еңбектерінде келтірілген (Байнеева В., Балиева С., Брюс, Васильев С., Капков Э., Гвоздецкий В., Гительман Л., Горячев М., Гэлбрейт Дж., Делягин М., Данченко Б., Дьяков А., Жиров А., Камаев Б., Катренко В., Королькова Е., Кудрин Б., Котлер П., Ливищ А., Макконнелл К., Мастепанов А., Хант С., Стиглиц Дж., О. С. Сәбден., Қ. Сағадиев, Қ. Қошанов, Д. Қ. Қабдиев, Ф. Ғ. Сулейменов, Б. Р. Сырлыбаева) .

Бәсеке және шаруашылық мүдделерді реттеу мәселелері А. Богданов, В. Платов, К. Юдаева, Д. О. Чухланцев, И. В. Шевченко, Ю. Шамрай, Д. А. Секхар еңбектерінде жарық көрген Дж. Вонглинпарт құрылымдық өзгерістерді және үлгі зерттеулерін Йозифтің үлгісі мен күн үлгісіне негізделген энергетикалық саладағы инновациялық жүйенің технологиялық айырмашылықтарын бағалайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты болып Қазақстан Республикасы электроэнергиясы саласының экономикалық даму механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасақтау және шетелдік тәжірибені қарастыру.

Диссертацияның мақсатына және Қазақстан Республикасы электроэнергиясы саласының экономикалық даму тетіктері бойынша ұсыныс бағыттарына сәйкес, келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының электроэнергетика саласы және оның құрамының қалыптасу негіздерін теориялық және әдістемелік зерттеу;
  • Энергетика саласының дамуының қазіргі жағдайы мен мәселелерін қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының электроэнергиясының тұрақты даму стратегиясының жүзеге асырылу ерекшеліктерін айқындау, бағыттары жөнінде ұсыныстар жасау.
  • Қазақстан Республикасының электроэнергиясының инновациялық-технологиялық стратегиясының жүзеге асу жағдайын талдау;
  • Электрэнергиясының тауар ретіндегі салыстырмалы айқындау.

Зерттеу нысаны (объектісі) - Қазақстан Республикасының энергетикалық саласы.

Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасының электрэнергиясы жүйесінің дамыту үдерісінде пайда болатын ұйымдық - экономикалық қатынастар әдістері.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізін шетелдік және отандық экономист - ғалымдардың ұлттық экономикалық кеңістік аумағындағы экономикалық дамуын қарастырудағы іргелі еңбектері, Қазақстаннның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы, экономикалық даму бағдарламалары мен экономикалық интеграцияның негізгі шарттарын анықтаушы «ҚР-ның энергияүнемдеу және энерготиімділігі туралы» Заңына сәйкес, Бюджет Кодексіне, Салық Кодексіне, «Табиғи монополия және реттелмелі нарық туралы», «Электроэнергетика туралы» Заңдарына сәйкес, «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілері мен қаулылары, Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінің статистикалық мәліметтері, дүниежүзі энергетика сайттарынан алынған мәліметтер базасы.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  1. Халықаралық қатынастарда энергетикалық фактор маңызды болып табылады. Сондықтан да мемлекет энергетикалық қарым - қатынастар жағдайында аймақтың және жаһандық деңгейдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет.
  2. Қазақстан энергетикасының дамуының екі аспектісі бар: ішкі және сыртқы. Ішкісіне энергоресурстарды басқару - энергияны үнемдеу мәселелері жатады.
  3. Энергетика саласында мемлекеттік үдемелі - индустриалды - инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуын талдау негізінде бүгінгі күні жүргізіліп жатқан инновациялық саясат елеулі нәтижелер бермей отырғаны анықталды.
  4. Қазақстан Республикасында «экономика - энергетика - экология» жүйесінің байланысы мен қарама - қайшылығы анықталды. Энергия тұтыну экономикалық өсуді арттырғанымен, экологияға теріс әсер етеді.

Зерттеу тәсілдері: алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін салыстырмалы, жүйелі, экономикалық - статистикалық талдау және жалпы ғылыми тәсілдер (анализ және синтез) қолданылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары келесіден тұрады: зерттеу барысында диссертацияның ғылыми жаңашылдығын анықтайтын келесі нәтижелер алынды:

  • электрэнергиясының экономикалық дамуының теориялық негізіне сәйкес келетін электрэнергиясы саласының ерекшеліктеріне ғылыми баға берілген;
  • аймақтық электрэнергетиканың жағдайы мен дамуын сипаттайтын, энергетикалық ресурстардың тиімді қолданысын көрсететін, аймақтық экономикалық энерготиімділігін бағалау критерияларын қамтитын экономикалық көрсеткіштер жүйесі қалыптасты;
  • энергия мен қуаттылықтың бәсекелі нарығына көшуде энергетикалық компанияның қызмет көрсетуде кездесетін мәселелері анықталды;
  • кәсіпорынның негізгі, айнымалы капиталын және кадрлық әлеуетін қолдануда экономикалық табиғаты мен мүмкіндігін анықтау;
  • электрэнергетика саласын дамытудың қазіргі жағдайлары мен перспективаларын талдаудың әдістемелік аспектілері жүйелеген;
  • Қазақстан Республикасының электр энергетика кешенінің даму бағыттары қарастырылды;
  • Энергетика саласында мемлкеттік индустриялық - инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асыру тиімділігі бағаланды.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік құндылығы - энергетика саласы кәсіпорындары диссертацияда қаралған тұжырымдамалар мен тәсілдемелерді қолдана отырып, өз кәсіпорнының өсімін, бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады. Жұмыстың мазмұнында жасалған ұсыныстар мен тұжырымдамалар тұрақты даму мәселелерімен айналысатын қаржылық институттар мен ЖОО - да стратегияларды жасақтауда қолданылуы мүмкін.

Автордың мәселеге берген бағасын, зерттеу нәтижелерін «Табиғатты пайдалану экономикасы», «Кәсіпорын экономикасы», «Инновациялық менеджмент» курстарында курстарында қолдана алады.

Зерттеу нәтижелерінің апробациясы. Негізгі ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстар ғылыми - тәжірибелік конференциялар мен басылымдарда қарастырылып, талқыланды: «Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмі» атты мақала «Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асырудағы студенттік ғылыми қауымдастықтың ролі» атты ғылыми - тәжірибелік конференциясында (Атырау 2014 ж, 11 сәуір), «Қазақстанның энергетикалық ресурстары және оларды үнемдеу шаралары» атты мақала «Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асырудағы студенттік ғылыми қауымдастықтың ролі» атты ғылыми - тәжірибелік конференциясында (Атырау 2014 ж, 11 сәуір) .

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан, оның ішінде: 28 сурет, 3 сызба, 19 кестеден тұрады. Жалпы көлемі - 110 бет.

1 Қазақстан Республикасының электроэнергетика саласы, энергетикалық ресурстар және оның қолданылуы

1. 1 Қазақстан Республикасының электроэнергетика саласы және оның құрамы

Отын-энергетикалық кешен - табиғи энергетикалық ресурстарының табысының күрделі әрі дамыған жүйесі, олардың сапасын арттыру, энергия мен энергия тасымалдаушының тұтастық түрін қалыптастыру, ұлттық шаруашылықтың барлық салаларында энергия мен энергиятұтынушыларды тарату, тұтыну және қолдану.

Еліміздің отын-энергетикалық кешені - өнеркәсіптің өзара байланысқан электроэнергетиканың, мұнай шығаратын, мұнай өңдейтін, газ және көмір салаларының жиынтығы.

Әртүрлі бөлшектердің осындай бірыңғай ұлттық шаруашылық кешенге бірігуі олардың технологиялық бірлігін, ұйымдық өзара байланыстылығын және өзара экономикалық тәуекелділігін білдіреді. Өндіру - қайта қалыптастыру - жылжу - тарату - тұтыну - қолдану, үзіліссіз тізбегі отын-энергетикалық кешенінің технологиялық бірлігін сипаттайды.

Кешен сапаларға, жүйелерге және кәсіпорындарға бөлінеді:

  1. Өндіріспен айналысатын көмір өндіру, мұнай өндіру, газ өндіру, торф өндіру, уран және т. б. ядролық материалдарды өндіру.
  2. Қайта өңдейтін: мұнайды, көмірді, газ қайта өндіру, электроэнергетика, атомдық энергетика, жергілікті алу -қысымдалған ауа, газ, салқын және т. б.
  3. Жылжымалы және таратушы: көмір тасымалдау, торф тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, газ баллондарын, электрлік желілерді тасымалдау, булау және жылу құбырлары, жергілікті энерготасымалдаушының тұрбақұбырлары, газбаллондық шаруашылық.

Тұтынылатын және қолданылатын: ұлттық шаруашылықтың (технологиялық, санитарлы-техникасының, коммуналды-тұрғын үй қажеттіліктері) барлық салалары, ауыл шаруашылық энергетикасы, коммуналдық энергетика.

Отын энергетикалық кешеннің ұйымдастырылған бірлігі жоқ. Нарықтық жағдайда мемлекеттік капиталды қолданып отырған АҚ-дар бөлініп шыға бастады. Сонымен қатар, өндірістің және отын-энергетикасының ресурстарды тұтынудың технологиялық бірлігі ОЭК-ң, оның ішінде электроэнергетиканың бөлімдерінің арасында ақпараттық байланыстардың қажеттілігін көрсетеді.

Мұнда басқару деңгейіне (станция, желі, жүйе, еліміздің бірыңғай энергожүйесі) және меншік формаларына (мемлекеттік, АҚ, ұжымдық, жеке серіктестік) тәуелсіз энергетикалық объектілерді біріктіретін жедел түрде басқарудың бірыңғай жүйесі қолданылады [2] .

ОЭК-ң әртүрлі салалары мен құрамдық бөлшектері дүниежүзілік және энергетикалық нарықта экономикалық түрде бірігеді:

  1. Тура келісім-шарт бойынша;
  2. Тауарлық-шикізат биржалары арқылы;
  3. Мемлекеттік тапсырыстар бойынша;
  4. Экспортқа квота бойынша және т. б.

Сонымен қатар, ОЭК-ң технологиялық бірлігі энергетикалық нарықтың субъектілерін өзара тәуелді етеді. Табиғи монополияның пайда болуы (отын-электроэнергетикалық салаларда) танысық емес. Тұтынушылар толығымен электр және жылу желілеріне тәуелді. Электроэнергетика, мұнай және газ өнеркәсібі, барлық өндіріс орындары, ірі компаниялармен бақылауға алынады. Мемлекет тарапынан да бақылау қажет.

Электроэнергетикадағы монополизм көп жағдайда энергияны өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы нарықтық қатынастың дамуын қиындатады. Бұл мәселенің шешілуі Қазақстандағы энергия нарығының қуатын ұйымдастыру және дамыту арқылы жүзеге асады.

Қазақстанның энергетика жүйесі - электр энергиясы мен қуатын өндіру және электрмен жабдықтау жүйесі; ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы. Кеңестік билік дәуіріне дейінгі кезеңде өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен болуы себепті оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерінде барлық электр ст-лардың қуаты 2, 5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1, 3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндірілген. Кен кәсіпорындарына қызмет көрсету үшін ұсақ локомобильді немесе екі тактілі мұнай электр ст-лары қолданылған. Успенск сияқты кеніштің барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр ст. болған. Қарағанды алабындағы таскөмір кенішінен алғаш көмір өндіру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсібі де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде мұнда 1182 мың т көмір өндірілді. Ленгір қоңыр көмір кенішін (1869 жылдан), Екібастұз тас көмір кенішін (1898 жылдан) және басқа кеніштерді қосқанда Қазақстанда төңкеріске дейінгі 67 жылда 1, 6 млн. т көмір өндірілген. 1900 - 18 ж. Ембі мұнай кенішінен 1377 т мұнай, соның ішінде Доссор кенішінде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндірілген.

Сурет 1 - "Электр энергия станциясы"

Кеңестік дәуірдің бас кезінде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елді электрлендірудегі экономика және саяси мәні зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тікелей қатысы бар. Онда Сібір т. ж. бойындағы ірі сауда-өнеркәсіп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертіс өзенінің бойындағы Павлодар ауданын бірінші кезекте, ал Дала өлкесін екінші кезекте электрлендіру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станциясын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр станциясының құрылысы басталып, 1928 жылдары мұнда мыс қорыту зауыты іске қосылды.

Осы жылы Жоғарғы Харуиз СЭС-і пайдалануға беріліп, соның негізінде Риддер қорғасын зауыты іске қосылды. 1925 - 26 ж. Доссорда мұнайдың 41, 2%-ы, Мақатта 87, 8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндірілді. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшін КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергет. қорларды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде көмір мен мұнайдың ірі кеніштері табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екінші орынға шықты. Жалпы электр ст-лары қуатының артуына, электр қуатының өндірілуіне, экономиканы электрлендіру деңгейіне жасалған талдау негізінде кеңестік дәуірдегі Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негізгі үш кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең 1918 - 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемі бойынша ірі электр ст-лары салынып, алғашқы энергет. тораптар пайда болды. Екінші кезеңде (1946 - 58 ж. ) аймақтық электр ст-ларында электр қуатын бір орталықтан өндіру күрт артты, алғашқы энергет. жүйелер құрылды. Үшінші кезеңде (1959 - 90 ж. ) республиканың энергет. базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергет. жүйе қалыптасты. Сөйтіп, Қазақстан өзінің электр қуаты жөніндегі мұқтаждарын толық қамтамасыз ететін әрі оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жетті. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда ірі аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертіс өз-нде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Іледе Қапшағай СЭС-і жұмыс істеді. Аса ірі Ақсу АСЭС-ы Екібастұз кенішінің арзан көмірін пайдаланды.

1990 жылы КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр станциаларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104, 8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87, 4 кВт/сағаты меншікті электр станцияларында өндірілді. 1990 ж республикада 131, 5 млн. т көмір, 25, 5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6, 8 млрд. м3 газ өндірілді. Өндірілген көмір мен мұнайдың едәуір бөлігі республикадан тысқары шығарылды. 1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетін және 46, 6 млн. т энергет. көмір (42, 9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82, 4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесі 15% болды. 1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлесті энергия сыйымд. 1 сомға шаққанда 4, 01 кг болды, мұның өзі өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автономды типтегі айнымалы токты электр станциясының сұлбасы
Су электр станциясы
Энергия қондырғысының құрылысы
Электр станциясы туралы түсінік, қызметі түрлері
Жылу электр станциясы - жылу қозғалтқыштары көмегімен жылу энергиясын электр энергиясына айналдыратын энергетикалық өндіріс орны
Қазақстан электрэнергетикасының даму тарихы
Гувер бөгеті
Қазақстан аумағындағы электр энергетика саласы
Электр энергетикасы
Жылу электр станциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz