Процент нормасы қарыз капиталына алынған жалдық табыс саласының, қарызға берген капитал саласына қатынасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыс тақырыбы: Энергетикадағы пайданы үлестіру. Курстық жобаны таңдау себебі экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені, капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор- пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады.
Пайда- экономикалық теорияда ең күрделі және қарама- қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Пайда сөзі түсіндірме сөздікте көбею деген мағынаны білдіреді екен. Демек, бастапқы капиталға жұмсалған үстеме болғаны. Пайданы зерттеген атақты экономистер көп, бірақ олардың арасында көзге түсетіндері Карл Маркс, П.Самуэльсон, Дж.М. Кейнс және тағы басқа бірқатар атақты да ұлы экономистер болып саналады. Пайданы зерттеуден бұрын, оның мәнін білген дұрыс. Өйткені пайданың қайнар көзін, мәнін білмесек, оның теорияларына келгенде тоқтап қалуыңыз әбден мүмкін.
Бұл тақырытың өзектілігі- пайданы қолдану аясын кеңейту, қалай сақтап, пайдалануға болатынын және оны мейлінше арттыру, жетілдіру жолдары өзекті мәселе болып табылады.
Мақсаты- пайданың мәнін неғұрлым толық зерттеу, пайданы максималды ету, сонымен қатар оған әсер етуші факторлардың алдын- алу шараларын қарастырады.
Міндеті- пайданы нарықтық экономиканың негізі ретінде қарастыра отырып, оның теорияларын, мәнін, қызметін және экономикадағы пайданың нысандарын толықтай ашу.
Курстық жобаның құрылымы:
Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

І.ПАЙДАНЫ ҮЛЕСТІРУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1. Пайданың мәні, мазмұны
Пайда- экономикалық теорияда ең күрделі және қарама- қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрақтар пікір таласты тудырады. Орыс сөзі пайда В.Дальдің түсіндірме сөздігінде, өсім, көбею, оған бастапқы жұмсалған капитал санына үстеме деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылады да көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен байланыстырады. Осыған байланысты, заңды сұрақта туындайды: пайда қандай ортада құрылады? Кім оны өндіреді? Ненің себебінен пайда болады?
Әр түрлі механиктер бұл сұрақтарға түрліше жауап береді:
Меркантелистер пайла айналыста пайда болады және оның қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады деп есептеген. А.Смит және Д.Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептеді.
Карл Маркс пайданы тек жалдамалы жұмысшы еңбекпен жасалған, екінші туынды дәне өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.
Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша түрлі варианттардың келісімді бірігуі болып табылады, соның ішінде негізгілері төмендегілер:
oo Пайда- бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы;
oo Пайда- бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық жетістіктерді енгізуге төлем;
oo Пайда- бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем.
Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі бағытта жасалынады: кейнсиандық, институционалды- әлеуметтік және неоклассикалық.
Кейнсиандық пайданың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика деңгейінде ұсынады.
Институционалды әлеуметтік ілімде пайда әлеуметтік, сыртқы экономикалық факторлар жағынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне және тағы басқаларына қамқорлық жасау.
Неоклассикалық ілімде пайданы неғұрлым толық зерттеудің негізгі мақсаты- пайданы максималды ету және жетілген және жетілмеген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін және фирмалар деңгейінде жүргізіледі.
Кәсіпорын жалпы, орташа және шектік табысты есептейді. Жалпы табыс барлық сатылған өнімнің түсіміне тең. Орташа табыс сатылған өнім бірлігіне есептелінеді. Шектік табыс қосымша бірлігін сатқандағы жалпы табыстың өсуі.
Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма. Бәсеке рыноктағы тепе- теңдік бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктелерімен анықалады. Бұл жерде сұраныс қисығының, яғни сатып алушының бағасының негізінде жатқан экономикалық принциптерге кеңінен тоқталамын. Одан кейін ұсыныс қисығын, яғни сатушының бағасын анықтайтын принциптерді талдаймын. Бәрімізге айқын, сатып алушы тауарды өз қажеттіліктерін өтеу үшін сатып алады. Бұл жалпы және ешқандай даусыз ереже. Біріншіден, адамдардың қажеттіліктерінің үлкен бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырмайды, яғни игілікті пайдалануына байланысты біртіндеп өтеледі. Екіншіден, қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырудан толық қанағаттандыруға өту табан астында емес, көптеген сатылардан өту арқылы мүмкін болады. Бірақ, қажеттіліктерді өтеу дәрежесі барған сайын кемісе, игілік пайдалылығы тұтынушыларға да сол игіліктің саны өскен сайын кемиді. Мысалы, адам үшін, бірінші бөлшек тағам ең үлкен пайдалылық болса, тамағы тойған сайын әрбір келесі бөлшек барған сайын аз пайдалылық болады. Пайдалылықтың азаю процесін барынша дәл баяндау үшін экономикалық ғылымда шектік пайдалылық ұғымы қолданылады, яғни тауарды соңғы бөлігіне қосылатын қосымша пайдалылық. Осы ұғымды пайдаланып, шекті пайдалылықтың азаю заңын тұжырымдаймыз, яғни тұтынылған тауардың саны өскен айын оның шекті пайдалылығы кемиді.

1.2. Пайданы үлестірудің принциптері мен қызметтері

Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы айырады.
Бухгалтерлік пайда- бұл алпы табыс пен өнідірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.
Экономикалық пайда- бұл жалпы табыс және экономикалық шығындар арасындағы айырма. Дәл осы экономикалық ілімді зерттеудің пәні болып табылады.
Егер фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса, онда экономикалық пайда нөлге тең немесе қалыпты болады.
Қалыпты пайда- бұл неоклассиктердің жетілген бәсекелестік моделіндегі пайданың негізгі түсінігі. Қалыпты (Марксте- орташа) пайда- бұл фирманы іске ұстауы үшін оның сондай үлкен табысы. Жетілмеген монополиялық жағдайды иеленсе (газ, мұнай, теміржол, тағы басқала) она ол пайдалы табиғи жағдайларда сирек кездесетін пайдалы қазбалар жерінде, қолайлы климатта және тағы басқаларында пайда болатын монополиялық пайда алады.
Фирма үшін үлкен табыстың қайнар көзінің маңыздылығы, ашық жазылу бойынша акцияны сатқаннан алынған шамамен кәсіпорындарға салынған нақты капитал арасындағы айырмашылық құрылтайшылар пайда болып табылады. Оны берілген акционерлік қоғамның құрылтайшылары меншіктенеді.
Фирмаға қатысты табыс көлемі қалыпты пайда көзі болып сипатталады. Пайда нормасы- бұл процентте өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.
Банктік пайда табыс пен шығыс арақатынасы арқылы анықталады. Банктік пайданың нормасы төмендегі формуламен анықталады:
Бn= банктің жалпы пайдасы- банктік істі жүргізу жөніндегі шығындар
Банктік меншік капиталы
Банктік пайда- қарыз капиталының меншік иесінің табысы.
Сауда пайдасы нарықтық экономиканың негізгі пайдасы болып табылады. Сауда пайдасы дегеніміз- жай ғана үстеме, тауарлардың бағасын өз құнынан асыра нақтылап бәстеу десек, ол сыртқы көрінісі ғана болар еді.
Көпестің өз пайдасын тек сататын тауарларының бағасынан ғана шығара алатыны түсінікті, ал енді оның өз тауарларын сатып тапқан пайдасы сол тауардың алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырмашылыққа тең болу тиіс екені, сату бағасының алу бағасынан артылған мөлшеріне тең болуға тиіс екені одан бетер түсінікті.
Құрылтай пайдасы акция құны курсы мен өндіріске жұмсалған капитал сомасының айырмасы. Оны компанияны құрушылар иемденеді. Мұндай пайданы алуды екі жолы бар:
1.Құрылтайшылар акция шығарып, оны сатады, бұл кезде өндіріске түскен қаржының жартысын жұмсап, қалғанын өздеріне қалдырады. Мұндай пайда бүркемеленген жолмен алынады. Қоғады ұйымдастырғанда құрылтайшылар акцияның бір бөлігін сатады. Курстың келесі өскенінде қағаздың қалған бөлігін сатады. Қоғамды құрушылар акцияны сатып алған бағасы мен одан кейінгі бағаның айырмасын өздері иемденеді.
2.Пайда алудың бұл жолы капиталды екіге бөлу деп аталады, яғни құрылтайшылар акцияны капиталдың кәсіпорындарға қосқаннан әлдеқайда артық бағамен сатады.
Мысалы, инвестор компанияны жарты миллион долларға алды делік. Содан кейін ол бір миллион акция шығарады. Бұдан әрі олардың бәрін сатып, жарты миллионын қалтасына салады немесе тек жарты миллионын ғана сатуы мүмкін. Соңғы жағдайда инвестор алғашқы шығынын қайтарады және жарты миллионға акцияны әншейін алады, соларға дивидент шығарады.
Пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тәуелді. Жыл бойынша капитал айналымының санының өсуі қосымша құнның жылдық массасының өсуіне ықпал етеді. Авансыланған капитал жыл бойына көп айналым жасаған сайын, осындай жағдайда пайда нормасы жоғары болады. Бұдан шығар қорытынды пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тіке қатынаста. Пайда нормасына ықпал ететін факторлардың бірі тұрақты капиталды үнемдеу. Мұндай үнемдеу кәсіпкерлік тұрақты капиталдың аз шығынымен бұрынғы дәрежеде қосымша құн өндіріп, пайда нормасын арттыру мүмкіндігін береді. Пайда нормасының динамикасы (ұзақ мерзімді тұрғыдан капиталдың қорлану қарқыны) нәтижесінде қоғамдық өндірістің өсу қарқынын анықтайды. Осы көрсеткіштің өзгеру тенденциясынан экономиканың әр қилы саласының даму сипаты тәуелді. Пайда нормасының қозғалысымен акция курсының, процент ставкасының басқа да экономикалық көрсеткіштердің өзгерісімен байланысты.

ІІ.ЭНЕРГЕТИКАДАҒЫ ПАЙДАНЫ ҮЛЕСТІРУ
2.1. Кәсіпорындағы пайданы үлестірудің қажеттілігі

Ішкі салалық бәсеке бірыңғай өнім өндіретін кәсіпкерлер арасындағы талас тартыс. Бұл өндірістің бір саласының өндірушілерінің өндірістің тиімді, ұтымды жағдайы мен қосымша пайда табу мақсатымен тауарларды сату үшін күреседі. Бірыңғай тауар өндіретін әртүрлі кәсіпорындарда өндіріс жағдайының айырмашылығы орын алады, осымен байланысты тауарлардың жеке құны бірдей болмайды. Рынокта сатушылар мен алушылардың бәсеке күресі барысында (сұраныс пен ұсыныс арақатынасының көрінісіндей) қоғамдық қажетті шығындар анықталады, яғни тауардың рыноктық құны. Бұл тауарлар құны, сол саланың орташа өндіріс жағдайында өндірілген және тауарлардың осы түрінің басым көпшілігін құрайды. Рыноктық құнның ақшалай формасы рыноктық баға деп аталады.
Пайданың орта пайдаға айналуы тауарлардың құнымен емес, өндіріс бағасымен сатылуына байланысты, яғни өндіріске авансыланған капитал мен орта пайданың қосындысы.
Кесте-1
Құнның өндіріс бағасына айналуы
Өнді-ріс салала-ры
Капитал-дар (К)
Қосымша құн нормасы
Пайда нормасы (р1)
Орта пайда
Тауарлар құны (W)
Өндіріс бағасы (c+V+Р)
Өндіріс бағасының құнынан ауытқуы

Нор-ма

Масс-сы

І
ІІ
ІІІ
90с+10v
80с+20v
70с+30v
100
100
100
10
20
30
10
20
30
110
120
130
110
120
130
120
120
120
+10

-10

240с+60v

360
360
0

Бұл мысалда (1-кестеде) барлық салада капитал айналымы бірдей бір өлшемге тең әрі әр салада өндіріс шығындарына бүкіл капитал енеді, яғни авансыланған және тұтынылған капитал бір- біріне тең.
Кестеден көріп отырғандай, әрбір салада өндірілген тауарлар өндіріс бағасы бойынша сатылады немесе 120-ға тең. Дегенмен, капиталдың органикалық құрылымы төмен ІІІ салада тауар құны 130-ға тең. Нәтижесінде тауарларын өндіріс бағасымен сатқан саланың кәсіпкерлері 10 өлшемге ұтылады. Ал капиталдың органикалық құрылымы жоғары-1 саланың кәсіпкерлері керісінше 10 өлшемге ұтады, яғни тауар құны 110-ға түсіп еді, ал сатылғанда өндіріс бағасы бойынша 120 болды. Міне қосымша 10 өлшем табыс алды.
Сауда экономиканың шынайы көзі капиталистік өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшылар өндірілген қосымша құн болып табылады. Өнеркәсіп капиталистері қосымша құнның бір бөлігі саудагерлерге тауар капиталын ақша капиталына айналдыру қызметі үшін беруге мәжбүр болады. Сауда пайдасы сауда капиталистерінің иемденетін қосымша құнының бір бөлігі. Сауда капиталы, қосыма құнды өндіруге қатыспай оны бөлуге қатынасады. Былай деп ұйғарайық, жыл бойғы авансыланған өнеркәсіп капиталы 900-ге тең, ол 720 және 180 тұрады. Қосымша құн нормасы 100% болғанда, оның массасы 180-ге тең болады, ал жылдық өнім құны (W)= 720 с + 180v= 1080. Пайда нормасы 20%, яғни
р1= 180 m *100% = 20%
720 c- 180v
Тауарларды сату үшін тағы да қосымша 100 өлшем тауар капиталы керек делік. Мұндай жағдайда қоғамдық капитал 1000 өлшемге тең болады, ал бүкіл қоғамдық капиталға орта пайда нормасы 18% болады.
р1 = 180 m *100% =18%
1080%
Өнеркәсіп иесі өзінің 900 өлшем капиталына 162 өлшем өнеркәсіп пайдасын, ал саудагерлер өзінің 100 өлшем капиталына -180 өлшем сауда пайдасына ие болады:
100 * 18
100
Өнеркәсіп капиталистері саудагерлер тауарларын құнынан төмен бағамен сатады: 720с+ 180v + 162 р= 1062. Сауда капиталистері тауарлы өнімді құнына тең өндірістің қоғамдық бағасымен сатады.
720с + 180 v+ 162р +18һ= 1080 (р-өнеркәсіп пайдасы, һ- сауда нормасы)
Бұдан шығар қорытынды, сауда капиталы қосымша құн өндірмейді, алайда оны бөлуге және орта пайдамен теңестіруде қатынасады. Нәтижесінде орта пайда 20-дан 18%-ке кемиді. Алайда бұл өнеркәсіпшілер мүддесіне қайшы келмейді. Егер, олар тауарларды сатумен тікелей айналысатын болса, айналыспен байланысты уақыт пен шығын анағұрлым көп кетер еді де, өнеркәсіп капиталының нормасы төмен болар еді. Сонымен сауда пайданың табиғаты өнеркәсіптік пайдасындай болғаны. Олар құнның бөліктері.
Қосымша құнды бөлуде қызмет істеуші өнеркәсіп және сауда капиталистерге ғана емес, ақша қаражатының иесі қарыз капиталистері де қатысады. Қарыз капиталды капиталдың ең бүркемеленген түрі, онда қосымша құн алудың көзі мүлдем жасырын көріністе. Қарыз капиталының А-А1 қозғалысында капиталдың өгейленуі мен оған құн өсімін алумен байланысты аралық фаза түсіп қалады. Мұнда құнның өсу көзі, шын мәнінде, жасырын қалып отыр. Мұнда капитал аралық қозғалыссыз ақша түсімін күтіп отырған ақша ретінде көрініс алады. Бірақ, қосымша құн теориясы боййынша ақша, шын мәнінде, өздігінен өспейді, ол қызмет етуші капиталистердің қолында жалдамалы еңбекті қанау арқылы қосымша құн алуға пайдаланылатын нақты капиталға айналады. Қарыз капиталы шаруашылық қызметімен айналыспайды. Сонымен қарыз капиталы, капитал- меншік иесі, өзіндік қозғалыс формасы бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай- ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті- қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші меншік иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оны кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін қарызы және қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлердің табысы. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс саласының, қарызға берген капитал саласына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жалдық табыс саласының, қарызға берген капитал саласына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жылдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың долл.деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың долл.болады, онда процент нормасы
6000 * 100% = 6
100000
процентке ие. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды пайда нормасының төмендеу тенденсиясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді.
2.2.Пайда нысандары және олардың жолдары
Шекті пайдалылықтың мөлшері тауардың саны мен оған қажеттіліктің жәрежесіне тәуелді болады. Сонымен бірге адамның әртүрлі қарқындылық дәрежесімен сипатталатын қажеттіліктері көп болады. Қажеттіліктің қарқындылығын бағалау субъективті болғанмен, объективті түрд бірінші шұғыл қажеттіліктерді маңыздылығы кем қажеттіліктерден айыруға болады. Қажеттіліктерін қанағаттандыруды адам ең шұғыл қажеттіліктерден бастайды да, біртіндеп шұғылдығы аздауға көшеді, осындай қимылдардың арасында ең соңында тұтынылған игіліктерінің шекті пайдалылығы бірдей болады. Бірақ адам рыноктан қажетті игілікті сатып алғанда, әртүрлі сомадағы ақша мөлшерін жұмсайды. Өйткені әр тауардың өз бағасы бар. Егер игіліктің шекті пайдалылығын оның бағасына берсек, онда өлшенген шекті пайдалылық бағаға пропорционалды болғанша немесе өлшенген шекті пайдалылықтар бірдей болғанша кеңітеді. Тұтыну тепе- теңігінің шартын былай бейнелеуге болады.
MU1 = MU2 ... = MU3 = ... = MY
P P2 P3 P
Бұл жерде, MU= жеке тауарлардың пайдалылығы, ал P- олардың бағасы.
Маржиналистік теорияда шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерінсанық өлшеу мәселесі маңызды орын алады. Осындай өлшеуіш деген нені есептеу керек, яғни қандай өлшем бірлігінде игіліктердің шекті пайдалылығы бағалануы және салыстырылуы керек? Осындай көрсеткішті табуға бола ма? Осы сұрақтардың жауаптарына байланысты шекті пайдалылық теориясын жақтаушылар екі бағытқа бөлінді: кардиналистер және ординалистер.
Кардиналистер шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін өлшегішті іздеумен шұғылданады (У.Джевонс, А.Маршалл, Д.Робертсон). Алайда олардың бұл ізденістері нәтижесіз болды да, салыстыру кезінде бәрінен жиі пайдалылықты ақшалай бағалау қолданылады.
Ординалистер жалпы мұндай әмбебап өлшем бірлігін іздеуден бас тартты да, басқа жол ұсынды (В.Парето, Дж.Хикс, тағы басқалары). Мысалы, В.Парето шекті пайдалылықтың абсолютті өлшеуішінің орнына салыстырмалы таңдауға көшкен жемісті болар еді деген идея айтты, яғни сатып алушылардың (сатушылардың) тауарларды бір қисындасуын басқа қисындасуынан таңдап алу себебін анықтау. Мұндай талдаудың құралы (тетігі) ретінде экономикалық процестерді зерттеуде неоклассикалық мектеп кеңінен талғаусыздық қисық сызығы дегенді қолданады.
Пайданы көбейту жағдайларын талдаудан бұрын алдымен жетілген және жетілмеген бәсекелі екі фирма өкілдерінің тауарларының қисық сызықтарын салыстырамыз. Бұл графиктерден көрінгеніндей жетілген бәсекелі фирма (1,а-сурет)
рыноктық бағаға әсерін тигізбей қанша сатамын десе, сонша сатып алады. Сондықтан оның ДД сұраныс қисығы көлдеу жатыр. Рыноктың бағаға әсер ете алмауы, салаға кіретін фирманың өндірісі көлемінің салыстырмалы түрде үлкен еместігінде.

А) Б)

1-сурет
Сондықтан жетілген бәсекелес фирма рынокқа қанша тауарлар шығарса да, бәрібір сол сол рынокта қалыптасқан бағаға әсер ету үшін мүлде жеткілікті.
Жетілмеген бәсекелес фирма жағдайында (1, б-сурет) ДД сұраныс қисығы төмен жылжиды, өйткені Q сұранысы көп болған сайын соған сәйкес төмен баға белгілейді. Сондықтан монополист фирма рынокқа тауардың үлкен көлемін шығарғанда, соның бағасы төмендейді. Егер фирма толық монополияға ие болмаса Р, яғни бағаны қысқарту 1,б-суретінде көрсетілгендей оның бәсекелесін ДД сұраныс сызығын солға Д1Д1жағдайына жылжытады, сонлық тан қарсыласушы фирмаға байланысты баға төмендеген күнде енді аз көлемде тауарларды сатуға болады. Жоғарыдағы графиктерді салыстырудан шығаратын қорытынды мынадай: сұраныс сызығының көлбеу болуы фирманы жетілген бәсеке ретінде сипаттайды. Егер сұраныс сызығы төмендесе, онда фирма жетілмеген бәсеке болады. Сұраныс қисық сызығының өзгерген сипаты жетілмеген бәсеке кезіндегі шекті табысқа (MR) әсер етеді. Шекті табыс пен бірлікті сатудан алынған жалпы табыс пен n=1 бірлікті саудадан алынған табыстың арасындағы айырмашылығымен анықталады. Мысалы, егер бірдей 100 тауар 100 доллар бағамен сатылса, онда жалпы табыс 10000 доллар. Ал, 101 тауарды сату үшін бағаны 99,5 доллар төмендету керек, онда жалпы табыс 99,54* 101= 10044,5 доллар аламыз. Осыны шекті табыс деп атайды. Шекті табыс деген қосымша тауарды сатудан алынған қосымша табыс. Мына 2-кесте арқылы осыны көрсетеміз.
2-кесте
Өндірілген тауарлар саны
Бағасы
Жалпы табыс
Шекті табыс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
41
39
37
35
33
31
29
27
25
23
41
78
111
140
165
186
203
216
225
230
41
37
33
29
25
21
17
13
9
5

Қайтадан фирма шығындарына оралайық. Өнімнің орта шығындарында (АС) алдымен, өнімнің саны ұлғайған кезде азаю тенденциясы болады. Алайда, белгілі бір өндіріс көлеміне жеткеннен кейін және одан асқан сайын шығындар өсе бастайды. Орта шығындар өсіңкілігі график түрінде бейнеленгенде жоғарыда көрсетілгендей, И- бейнелі қисық сызық болады. Абстрактілі санды мысал арқылы жетілмеген бәсекелес фирманың орта, жалпы және шекті шығындарын бейнелейміз. Бірақ алдымен мынадай белгілерді кіргіземіз:
ТС = Q * AC, яғни жалпы шығындар тауарлар санының орта шығындарға көбейтіндісіне тең;
MC = TCn-TCn-1,яғни шекті шығындар тауарлардың жалпы шығындарымен n-1 санындағы тауарлардың жалпы шығындарының арасындағы айырмашылыққа тең;
TP = Q + P, яғни жалпы табыс тауар санының бағасының көбейтіндісіне тең;
MR = TPn - TPn-1, яғни шекті табыс n сандары тауардың жалпы табысы мен n-1 сандағы тауардың жалпы табыстың айырмашылығына тең.
2, 3, 4- бағаналар (3-кесте) монополист фирманың өндіріс жағдайларын сипаттаса, 5, 6, 7- сату жағдайларын сипаттайды.
3-кесте
Өндірілген тауарлар
Орта шығындар
Жалпы шығындар
Шекті шығындар
Баға табыс
Жалпы табыс
Шекті саны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
0
24
21,75
19,75
18
16,5
15,25
14,25
13,5
12,75
12,75
13
13,5
14,25
15,25
165
18
АС
24
43,5
59,25
72
82,5
91,5
99,75
108
127,5
140,25
156
175,5
199,5
228,25
264
306
ТС
24
19,5
15,75
12,75
10,5
9
8,25
8,25
10,5
12,5
16,25
19,5
24
29,25
36,75
42
МС
41
39
37
35
33
31
27
29
23
21
19
17
15
13
11
9
Р
41
78
111
140
165
186
211
203
230
231
228
221
210
195
176
153
ТР
41
37
33
29
25
21
13
17
5
1
3
-7
-11
-15
19
23
MR

Жетілген бәсеке ұғымына және осы жағдайдағы форима тепе- теңдігіне тағы да оралайық. Бұрын көзіміз жеткендей, тепе- теңдік МС=р болғанда болады. Р- яғни бавға жетілген бәсеке жағдайында нақты табыспен сәйкес келеді, сонлықтан былай деп жазуға болады: МС= MR = P фирмаға толық тепе- теңдікке жету үшін, Дж.Робинсон атап өткендей, екі шарт орындалуы керек:
Шекті табыс шекті шығындарға тең болуы керек;
Баға орта шығындарға тең болуы керек. Ал мұның мәні:

MC = MR - P - AC
Монополист фирманың рыноктағы тәртібі шекті табыстың (MR) және шекті шығындардың (МС) өсіңкілігімен де анықталады. Неге? Өйткені, әрбір қосымша өнім жалпы табысқа және бір уақытта жалпы шығындарға да фирма қайсыбір көлемді қосады. Фирма барлық уақытта осы екі көлемді салыстырып отыру керек. MR-ден МС арасындағы айырмашылық жағымды болғанға дейін фирма өндірісті ұлғайта береді. Мынадай ұқсастықты байқауға болады: потенциалдардың айырмашылығы электр тогының қозғалысын қамтамасыз етсе, MR мен МС арасындағы жалпы жағымды айырмашылық фирманың өндірісінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Ал MR= MC болған жағдайда фирма тепе- теңдігі орнайды. Бірақ жетілмеген бәсеке кезінде қандай баға орнығады? Мұндайда орта шығындар (АС) қандай болады? MC = MR - P - AC формуласы сақтала ма?
3-кестеге көңіл аударыйық. Монополист, әрине, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайда жане табыс
Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары
Пайда түрі мен есептелуі
Табыс түрлері, факторлары және қалыптасуы
Кәсіпорынның пайда түсінігі және оны жоспарлау
Пайда және процент
Пайда теориясының маңызына тоқталған екі көзқарас
Қоғамдық өндіріс факторлары мен фазалары
Жалақының мәні мен түрлері, формалары
Бағалы қағаздар нарығын құру
Пәндер