Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы маңызды білім беру колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі ана тақырыбын ашу

Орындаған : ШТ-15-1 тобының студенті
Аманбаева Ж
Жетекші :

Қарағанды 2019
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I. Ғабит Мүсіреповтың дара жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .4
1.2. Ғабит Мүсіреповтің ақындық өнеріндегі сөз шеберлігі ... ... .7

II. Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі ана бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы Ана тақырыбы ... ... ... .9
2.2. Ғ. Мүсірепов романындағы Ұлпан бейнесінің және сол замандағы әйел образының көрінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
IV. Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Кіріспе

Қазіргі қазақ әдебиеті ордасының алғаш іргетасы қаланып, шаңырағы көтерілгенде, оның басы-қасында болған, сол кездегі жас қайраты мен тұнық тілегін біржола соған арнап, одан бергі жемісті ұзақ жылдарын бір соның жолына іркусіз жұмсаған - қадірменді жазушымыз Ғабит Мүсірепов еді.
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі - Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, оның қазақ жазба әдебиетінде қосқан көркемдік үлесі үлкен. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме, очерк,публицистика, повесть, роман, драма жанрларының қалыптасып, дамуында Ғ.Мүсреповтің өзіндік орны бар. Сондай-ақ, әдеби сын мен әдебиеттану саласында да оның еңбегі елеулі. Жер жүзі әдебиеті мен орыс әдебиетінің классиктерінен қазақ тіліне шебер аудара отырып, ол туған әдебиетінің алтын қазынасын байыта түскен ірі аудармашы да.
Идеялық мазмұны терең, көркемдік қасиеті көзтартарлық талай - талай асыл бұйымдардың авторы Ғ.Мүсірепов - қазақ әдебиетіндегі майталман жүйрік сөз зергерлерінің бірі. Оның көркемдік шеберлігі кейінгі буын қаламгерлердің үйреніп, тағлым аларлық әдеби мектебіне айналды. Қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан Ғ.Мүсірепов тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл халыққа да кең танылған ірі суреткер. Оның көрнекті еңбектері орыс және басқа да халықтар тілдеріне аударылумен қатар, шетел тілдеріне де аударылып, кеңінен таралғаны мәлім. Қазір Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің есімі бүкіл дүниежүзіне мәшһүр.
Зерттеудің мақсаты: Бұл зерттеу жұмысының басты мақсаты . жазушының қазақ әдебиетіндегі роман жанрының дамуына қосқан мол үлесін айқындай отырып, ондағы ана бейнесін тереңірек анықтап білу.
Зерттеудің міндеттері:
oo Ақын шығармаларындағы ана образының тереңіне бойлау ;
oo Қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын шығармашылығына шолу жасау ;
oo Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана тақырыбының өзектілігін саралау;
Ғабит Мүсірепов - проза жанрының шебері. Ғабит Мүсірепов роман жазу үстінде тынымсыз құбылған көңіл-күй үстіндегі адамдарды, олардың тұңғиық рухани дүниесін, сырлы құпиясын суреттеуде үлкен шеберлікке қол жеткізген. Жазушы шығармашылығынан орын алатын роман жанрындағы туындылары өмірдің шындығы мен қазақ жері тарихының тереңіне сүңги білген зергер ұста соққан бұйым секілді әсер береді.
Ғабит Мүсіреповтің романдарын оқығанда негізінен жақсы әсер аламыз. Оның әрбір романы көркемдік шеберлігімен, идеялық ой-пікірінің салмақты да маңыздылығымен есте қалады.

I БӨЛІМ

I. Ғабит Мүсіреповтың дара жолы

1.1. Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны

Жиырма екінші наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, "Жаңажол" ауылында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі -- көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы жиырма екінші наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, "Жаңажол" ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.
Ол алғаш өз ауылында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында (1916 жылы) Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне окуға түседі, бұл мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқьш, жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін кеңестік дәуірдегі баспасөз, халық ағарту, көркем өнер мекемелерінде әр түрлі жауапты қызметтерді атқарады.
Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегі жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінен басталады. Оның жазушылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктері болды. Әсіресе оның шығармашылық еңбегіне ерекше әсер еткен Гоголь, Чехов, Горький сияқты әңгіме, очерк, хикаят, роман жазушы сатириктер еді. Мен, -- деп еске алады өзінің Автобиографиялық әңгімесінде, -- сол кездегі Орынбор рабфагін кейбір жоғары дәрежелі мектептермен теңесе алады-ау деп ойлаймын!... Орыс әдебиетін оқығанда Гоголь, Чехов, Горький шығармалары ойыма қона қалушы еді. Қабырға газетіне бірінші рет ұзақ әңгіме жаздым (кейін ол Тулаған толқында деген повеске айналып, менің бірінші басылып шыққан әдеби еңбегім болды).
Сол кезден бергі уақыт ішінде жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар (Қос шалқар, Талпақ танау, Ана туралы новеллалар, Автографиялық әңгіме, т.б.), ондаған пьесалар (Қыз Жібек, Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Ақан сері -- Ақтоқты, Аманкелді, Қынаптан қылыш т.б.), Қазақ солдаты, Ұлпан, Оянған өлке атты романдарын, қара сөзбен жазылған Кездеспей кеткен бір бейне поэмасын жазды.
Орыс, батыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аудару ісімен де шұғылданды. Оның жүзге тарта публицистикалық мақалалары жарық көрді.
Сөйтіп, Ғ. Мүсірепов қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен академик-классик жазушы болды. Оның осы еңбектері жоғары бағаланып, бірнеше орден, медальдармен марапатталды. Алты мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне, 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. 1974 жылы Ғ. Мүсіреповке кеңес әдебиетін өркендетуде сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелері. Жазушының 1930 жылдардың бас кезіндегі көбірек көңіл бөлген тақырыбы - ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі болды. Оның осы тақырыпқа арнап жазған тұңғыш шығармасы Қос шалқар (1929) әңгімесі еді. Әңгіменің оқиғасы Қазақстанда егіндік, шабындық жерлерді бөліске салу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесіне ұласады. Қасым сияқты байлардың шөбін шауып, малын баққан Күсен сияқты кедейлердің артель болып ұйымдасуы, байлар мен кедейлердің таптық күресі шеңберіндегі қазақ ауылының шындық өмірі суреттеледі.
Жазушы Қос шалқар атанған әсем көлдің атырабына үш рет жолы түскенін баяндай отырып, осы өңірдегі болған өзгерісті сөз етеді.
Ғ. Мүсіреповтің бұдан кейінгі жазған екі әңгімесі -- Көк үйдегі көршілер (1929), Күсен (1930) де осы тақырыптың жалғасы іспетті болып келеді. Онда да қазақ ауылындағы колхоздастыру кезіндегі қиыншылық, таптық талас-тартыс әңгіме болады. Ғ. Мүсірепов 1932 жылы Бір адым кейін, екі адым ілгері атты әңгімесін жазды. Онда да таптық күрес, астыртын әрекеттер, ауылдың бай-кедей болып бөлінуі, жаңа заманға өткен қоғам өкілдерінің риза болмай, қарсы тұруы суреттеледі. Әңгіменің басты кейіпкерлері -- колхоз бастығы Рамазан мен оның орынбасары Жанғалилар өз туыстарын ғана колхозға тартып, рушылдықты қоздырады. Ал Сүгір молда мен Есентай сияқты өткен қоғам өкілдері астыртын әрекет жасап, колхоздың қоймасын өртеп, асыл тұқымды малдарын өлтіру арқылы жаулық әрекет жасайды.
Бұның бәрі жазушы ойлап тапқан оқиға сюжеті емес, 1930 жылдардағы ұжымдастыру кезеңіндегі өмір шындығы екені даусыз. Себебі бір қоғамдық құрылыс өзгеріп, оның орнына жаңа қоғам келгенде адамдардың идеялық талас-тартысының болуы, ескі мен жаңаның күресі табиғи заңды кұбылыс, өмір шындығы еді. Жазушы осы адамдар санасындағы болған өзгерістерді суреттеп отыр.
Жазушының адамдардың идеялық көзқарас өзгешеліктерін дөп басьш, шебер суреттеген әңгімесі Талпақ танау (1934). Бұл әңгімеде де қазақ ауылындағы колхоздастыру кезеңінің шындығы баяндалған. Онда еңбекшілерді ұжымдастыру мәселесіне байланысты колхоз төрағасы Сәденнің көрші совхоздан шошқа сатып әкеліп, бесінші түлікті өсіруі, қазақ ауылына жаңа әкелінген бесінші түлікті қазақ шалы Есеннің бағуы, ауыл адамдарының оған шошына, жиіркене қарауын суреттеу арқылы адамдар психологиясында орын алған ескі түсінік пен жаңа көзқарастың қақтығысы сипатталады.
Ғ. Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып, екі әңгіме жазды. Оның бірі --Ер ана (1942). Онда жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі. Ал Ақлима (1944) әңгімесінде жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі баяндалады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен Украина, Ресей жерлерінен келген орыс, неміс, шешен, ингуш, татар балаларын қазақтардың асырап алуы көп болған. Ал қол-аяғы бірдей шөрке боп қалған жауынгер жігітті туған анасындай болып күту гуманистік ұлы жүректің ғана қолынан келетін қасиетті іс-әрекет еді. Жазушы осы арқылы ана жүрегінің кеңдігін, махаббатының молдығын асқан суреткерлікпен бейнелейді. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Тоғыз жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таныды. 1916 жылы екі кластық ауылдық орыс мектебінде бір жыл, одан кейін төрт жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфакқа)түсіп, онда үш жыл оқыды. С.Сейфуллинмен танысты. 1926 жылы рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында бір жыл оқып, 1927- 1928 жж. Бурабай техникумында оқытушылық қызмет атқарды. Тұңғыш шығармасы - "Тулаған толқында" повесін осы тұста (1927) жазды. Он жыл бойы баспа орындарында, кеңес, партия мекемелерінде жауапты қызметтер (баспа директоры, "Қазақ әдебиеті", "Социалистік Қазақстан" газеттерінің бас редакторы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Өнер істері басқармасының бастығы қызметін) атқара жүріп, әдеби шығармашылығын үдете түсті. 1938-1955 жж. бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды. 1955-1966 жж. "Ара" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, 1958 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы басқармасы хатшыларының бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Бүкілодақтық комитеттің мүшесі болды.
Ұлы Отан соғысы жылдарының соңында "Қазақ батыры" (1945) повесін (кейін "Қазақ солдаты" романы) жазды. Бұдан кейін жарияланған (1953) "Оянған өлке" романы қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік туынды еді.
Атақты романдарымен қатар, Ғабит Махмұтұлы прозаның шағын жанрында да еңбек етті. Ондаған очерк, әңгіме, повестер жазып, жариялады. "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. 1974 жылы "Ұлпан" повесін жариялады. Ал "Оянған өлкенің" заңды жалғасы - "Жат қолында" романы арада ширек ғасырдай уақыт өткен соң - 1984 жылы ұсынылды.
Отызыншы жылдарда драматург ретінде де бой көрсетті. Оның драматургиядағы тырнақалдысы - сахнада мың реттен аса қойылған "Қыз Жібек" операсының либреттосы (1935) еді. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасы да (1939) халық эпосының сарынында жазылған. Жазушының қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық еңбектері "Суреткер парызы" (1970), "Заман және әдебиет" (1982) атты кітаптарына енген.
Бесінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 6, 7, 8, 9, 10, 11-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
1974-1975 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Үш рет Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. 2002 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.

1.2.Ғабит Мүсіреповтің ақындық өнеріндегі сөз шеберлігі

Дүнеде адам баласының ұлы қасиеті екеу -- ақ:Ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы,ойландыра алған сұлулық ұлы - , деген екен Ғабит Мүсірепов атамыз.
Ғабит Мүсірепов жай жазушы емес, үлкен суреткер. Ал суреткер
дегенің өзін жазушы санайтындарының барлығының маңдайына бұйыра бермейтін ерекше бақыт. Ол жаратқанның, тәңірінің берген ұлы сыйы, ерекше қасиеті.
Ғабит Мүсірепов - қазақ сөз өнерінің майталман шебері, сөзден маржан түзген, қазақ сөзін қақпақылдап ойнатқан, бір сөз екінші сөзіне жарық түсірген сирек талант иесі, қаламынан өнері төгілген сөз зергері. өзіне де сөзіне де аса талғампаз, кірпияз, дегдар, текті қалам иесі десе артық болмаса кем болмас. Үлкен талғам, зор талап биігінен қарайтын, сөз өнерінің эстетикасын бойына барынша жинаған эстет, сөздің қадірін де қасиетін де киесін де жан-жүрегімен терең сезінетін әр сөзін аса ыждаһаттылықпен пайдаланатын мәдениетті жазушы.
Ғабит Мүсірепов - қазақтың қара сөзінің қаймағын сапырған, ұлттық мәдениеттің мәйегіне бөліп, уызына жарыған, құнарлы топырағынан нәр алған жазушы. әдебиет әлемінің ұңғыл - шұңғыл ын зерттеп, ізденіс баспалдақтары арқылы, шеберліктің биік шыңына шықты. Бізде әңгімемізді жазушы прозасындағы шеберлік мәселесіне, оның суреткерлік бітіміне бұрмақпыз.
Ғабит Мүсіреповтей сөз зергерінің өз шығармашылығына аса талғампаздықпен, жауапкершілікпен қарағандығын академик - сыншы Мұқаметжан Қаратаев былай деп көрсетеді: Көркем творчествоның міндеті мен шартына Ғ.Мүсірепов әуелден - ақ жеңіл - желпі қараған жазушы емес. Ол әдебиет дүниесіне асықпай, аптықпай, аяқты жай басып келгені сияқты, келген соң да өз ісін үнемі үлкен жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарайтын байсалды жазушы екенін танытты. Бұл шебер жазушының негізгі принципінің бірі болса керек. Мұны біз Ғабеңнің баяу, бірақ байсалды істейтінін де, шыңдалған стиль шеберлігінен де, жастар творчествосының көркемдік сапасы мен қазақ тілінің тазалығы жөніндегі жанкүйер қамқорлығынан да анық көреміз.
Ал, академик- сыншы Серік Қирабаев Ғ.Мүсіреповтің көркемдік әлемін түйсіне, терең пайымдай отырып, былай деп жазады: әдетте, жазушыға сипаттама беруден көп қолданылатын кітап аттарымен геройларды атау, олардың тақырыбы мен идеясын айту Ғабиттің жазушылық жолын әңгімелеуге келе бермейді.Оның әдеби мұрасы жалпылай сөйлеуді ешқашан көтерген емес. Өйткені, Ғабиттің әр кітабы - өз алдына эстетикалық мұрат - мақсаты бар көркем қазына. Жалпы, адам абласының көркемдік ой - пікірін байытудағы сөз зергерлерінің қызметін ол жақсы түсінеді. Абай айтқан қиыннан қиыстырар ер данасы көп болмаса, сол азғана топтың ішінде Ғабиттің де өз орны бар.
Ғабит негізінде шебер әңгімеші. Ол әңгіменің бас - аяғын шашыратпай, нақтылы бір идеяның төңірегінде жинақы оқиғаға құрып, сурет пен бояуды әңгіменің көлеміне лайықтап шым-шымдап, шебер, дәл пайдаланады. Қысқа репликамен, ұжымды сөзбен мінездеменіі ашып кетеді.
Жазушы әңгімелер, шағын повестер жазу арқылы өз шеберлігін шыңдап, үлкен жанрға дайындалады. Көп оқиды, көп ізденеді. Оның осы алғашқы әңгімелерінен - ақ драмалық таланттың нышшы сезіледі. Ол ең алдымен диалогке шебер.Ғабит Мүсіреповтің Жеңілген Есрафил, Тарландар, Бірінші фонтан сияқты әңгімелерінде жазушы еліміздегі еңбек адамдарының қажырлы кейпін жақсы танытып, өз замандастарының үлкен мұрат -- сезімін биік шабытпен толғап берді. Өмір жорығы, Қыран жыры әңгімелері терең ойлы сез шеберінің қолынан шыққан бөлек туындылар. Бұлар - барлық адамзат атаулыға ортақ ізгі мақсат - ұрпақтар сабақтастығын түйіндеп берген терең мағыналы символикалық кемел шығармалар.
Ғабит Мүсіреповтің жазушылық жолы - бірте-бірте сатылап өсу жолы. Проза саласында жазушы ең алдымен шағын жанрларда қалам тербеп, машықтанғаны белгілі. Әңгіме, новелла, очерк, публицистика, повесть жанрларын еркін меңгеріп барып, ол кейінірек романға ауысты.
Жазушының прозадағы алғашқы қадамы, Тулаған толқында повесінен бастау алған. Әлі ысылмаған, тәжірбиесі аз қаламгердің бұл тырнақ алды туындысында көркемдік тұрғыдан алып қарағанда оқиға шашырандылығы, образдар жүйесінің босаңдығы секілді композициялық олқылықтар кездеседі. Бірақ осы алғашқы аяқ алысының өзінде болашақ сөз зергерінің көркемдік қарымы, стильдік өрнегі, тіл байлығы, өзіндік юморы байқалады. Шығарма тақырыбында өзі жақсы білетін өмір құбылысы - ел іші, ауыл тұрмысынан алып жазады. Жазушының суреткерлік болмысының алғаш осы туындыдан тамыр тартқан алғышарттарын әдебиет сыншысы Сайлаубек Жұмабеков былайша ашып көрсетеді: Жазушының тұңғыш туындысы- Тулаған толқында повесі. Ендеше ,болашақ ұлы суреткердің жемісті творчествосының төл басы саналатын осынау ұзақ әңгіме -- Тулаған толқында повесіне тоқталмай оту әсте мүмкін емес. Өйткені, бұл шығарма, біріншіден, әдеби - тарихи елеулі факті - дерек ретінде қызығушылық тудырмай қоймайдыы. Екіншіден, ұлы суреткердің жұртты сүйсінткен дара стиліне тән кесекте кемел сипаттардың әуелі осы туындыда алғаш нышандар танытқанына күмән жоқ.
Ғабит Мүсірепов стилінің тағы бір ерекшелігі, кейіпкерлерінің характерлерін сомдаудағы суреттеу, мүсіндеу тәсілдері, портрет берудегі шеберлігі айрықша көзге ұрады. Бұл үзінділердегі сатиралық - юморлық, ирониялық - гротескілік әсіреулер, саналуан портреттер, образдар мен характерлер, өмірдің әр түрлі реалистік штирхтары Ғабит Мүсіреповтің суреткерлік стилін айшықтайтын белгілер.
Ғабит Мүсіреповтің шеберлігі өте бай тілінде, қазақтың дәстүрлі сөз тіркестері, теңеулері, метафоралары, әпитеттерді т.б. бейнелеу құралдарды кең пайдалануда. Бір әңгімеде Ананың анасы - 11 рет тәуліктің мезгілін, уақытты айтқанда, бір қайталанбай жазған жазушы қазақтың сөз қорының байлығын, қазақ тілдің байлығын көрсетеді.
Эстетикалық өрелікке, сұлулыққа ынтызар қаламгер көкірегінде 40 жыл сақтап жүрген Ұлпан романындағы Ұлппан бейнесін Менің Джокондам, Менің Моно Лизам деп әспеттейді. Мұның өзі де жазушының сұлулыққа ынтызар, іңкәр көңілін айғақтайтын биік эстетикалық талғам - таразасын айғақтаса керек.
Жақсы әңгіме шебер жазушыдан туады. Өмірдің бір ғана бөлегін жарқ еткізіп, жаиып тастап, оқушының көз алдына қыйлы-қыйлы мінездің адамын алып келіп, жақсысына сүйсінтіп, жаманына түңілтіп отыру қандай шеберлік... (Зейнолла Қабдолов. Әңгіме туралы кейбір ойлар 73 б.)
Жазушы аз айтып, аз сөзбен көп ойға салады. Қандай ауыр күннен кейін Нағима ана қып-қызыл шоқтай болып кележатқан күнді көріп, жаңа үмітпен келешекке қарап тұр. Айнала Нағима анаға ұмытылған ауылдың әйелдері. Нағима ананың күресі, ерлігін көрсеткеннен кейін, қызыл күн дегені-ол жаңа заман адамдардың арасына достық әкелетін, жақсылық, еркіндік болатынын, романтикалык әдіспен, символмен суреттейді. Аз сөзбен, символ күнімен жазушы кейіпкердің үмітін, өзі сезінген күшін, келетін жаңа дәуірді символ арқылы оқушыға жеткізеді.

II. Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі ана бейнесі

2.1. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы Ана тақырыбы

Ана деген-құдіретті ұғым,құдіретті күші бар сөз.Кім де болса ана деген киелі сөздің алдында кішірейеді. Небір мықтылығымен әлемді ауызына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында тізе бүккен.Ананың аяулы алақаны мен мейірлі жүрегіне тең келетін ештеңе жоқ. Ғабит Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында ана образын жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел - Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел - Ана тақырыптарын байыта түсті. Ол Ананың анасы, Өлімді жеңген ана, Ашынған ана, Ананың арашасы, Ер ана, Ақлима, Әмина, Ана жыры, Ана шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М. Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады. Ана образын өз шығармаларында сомдаудаҒ.Мүсірепов орыстың ұлы жазушысы М. Горькийдің еңбектеріне қызығушылығынан бастайды.
Жазушы әңгімелеріндегі қазақ әйелдерінің өршіл де өжет, қажырлы да сабырлы, пайымды да ақылды қасиеттері барынша жарқын суреттелген. Жазушы әңгімелерінің көркем идеясы, сюжеттік құрылымымен тамаша сабақтасқан озық туындылар ретінде бағаланады. Әңгімелерінің бір ерекшелігі - адам психологиясына терең бойлататын қайсарлық, өжеттік, адалдық қасиеттерді ішкі күрделі көңіл-күймен шебер танытады.Қаламгер әңгімелерін мазмұны мен пішіні, тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, көркемділік ерекшелігі, тілі мен стилі, жанрлық ерекшелігі, образдар жүйесін жан жақты түрлі тәсілдермен талдаулар арқылы шығармаларының мән-мағынасын терең де толық қамти аламыз. Жазушының ана тақырыбына жазған әңгімелерінде ананы ардақтау, оның ұлылығы алдында бас ию басым болып келеді. Жазушы суреттеген әйелдер өз балаларының ғана емес, жалпы адамзаттың асыл анасы ретінде асқақ ардақталады. Өйткені, ол - адамға өмір сыйлаушы, қоғамдық өмірдің тірегі, қайнар көзіндей мәңгілік махаббаттың иесі. Жазушының ана әңгімелері оқырмандарын адамгершілікке үндейді, үлкенді сыйлауға, адамға мейірбан болуға тәрбиелейтін танымдық-тәлімдік, тәрбиелік маңызы жоғары туындылар.
Ғабит Мүсіреповтің мол шығармашылығы қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі барлық оқырмандарға мәлім. Жазушының әңгімелері 1928-ші жылдан бастап жазылған жаңа адамды, жаңа дәүірді, жаңа психологияны, жаңа қарым-қатынасты суреттеу жолында әңгіме-новеллалардың шеберлегін, идеясын, композициясын көріп, пайдаланған көркем құралдарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы өмірі
Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Ұлпанның жаратылысы басқа
Ғабит Мүсіреповтің өмірі және шығармашылығы, қазақ әдебиетіндегі орны
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Әшірбек Сығай – сыншы
Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына талдау
Пәндер