Қазақ тіліндегі фонетика саласы
Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы маңызды білім беру колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту жолдары
Орындаған : ШТ-15-1 тобының студенті
Жанысбаева А.Р
Жетекші : Абильденова Ш.М
Қарағанды 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
I. Қазақ тіліндегі фонетика саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Фонетика туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Фонетиканы оқу әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..8
II. Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..11
2.1. Бастауыш сыныпта дауысты дыбыстарды оқыту әдісі ... ... .11
2.2. Бастауыш сыныпта дауыссыз дыбыстарды оқыту әдісі ... ... 12
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
IV. Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Кіріспе
. Қазақ хандығының орыс патшалығы қол астына енуі екі елдің бір-бірімен қарымқатынасын күшейтті. Осы кезде қазақ даласын жаппай қоныстандыру саясаты қолға алынды. Мұның өзі орыс шенеуніктеріне қазақ халқының тілін, дінін, əдет-ғұрып, салт-дəстүрін білудіжандандырды. Осы ретте, қазақ халқының бай əдеби мұрасын орыс графикасымен жазып алу,қазақша - орысша, орысша-қазақша сөздіктер шығару жүзеге аса бастады. Алайда, алғашқы кезде бұл ғылыми негізде, жоспарлы түрде жүргізілмесе де, кейінгі дəуірдің зерттеу жұмысына баспалдақ болғаны сөзсіз. Əдетте, қазақ тіл білімінің зерттелуі жайын ХІХ ғасырдың 2-жартысынан бастаушылық бар.
Адам өмірге келгенде алғаш еститіні және өмірден кеткенде соңғы еститіні - дыбыс. Ал екеуінің арасында бір ғұмыр жатыр. Өмірдің өзі айқай-шу, салдыр-гүлдір, тарс-тұрс, ән-күй, үндер, жалпы, дыбыстардың толық какофониясынан тұрады.
Фонетика тіл дыбыстарының жасалуы жолдары мен естілуін зерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетика дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Мысалы: Мал, тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әртүрлі болып тұр.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта қағаз-қаламға жаңа төселіп келе жатқан оқушыларға қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
oo Фонетиканы толық оқытудың толық әдістемесі туралы мағлұмат беру;
oo Дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру;
oo Дыбыстардың айтылу үлгісін көрсету;
oo Оқушыларға қазақ тілінің фонетикасын меңгертудегі ұтымдылықты айқындау;
Фонетиканың әдістері сан алуан. Осы әдістерді методикада жіктеп көрсетудіңмәні зор. Жіктеп көрсетуде,біріншіден,оқушыға берілетін білімнің сапасы артады,екіншіден,оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды.Үшіншіден,ұстаздың атқаратын жұмысы жеңілдейді.Мектеп қабырғасында білім беруде,қазақ тілін оқытуда түрлі әдістерді қолданса ,онда балалардың қызығушылығымен қоса білім сапасы да артады.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс -- әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ.
Өткен ғасырдың елуінші жылдарында (1958) Тіл білімі институтында экспериментті фонетика лабораториясы құрылып, оның алғашқы меңгерушісі Ж.Аралбаев болған. Сөйлеу тілін зерттейтін жаңа аспаптармен (осциллограф, спектограф, интонограф т.б.) қамтамасыз еткен лаборатория бүкіл Орта Азия мен Сібірде танымал болды. Сол региондардан біраз аспиранттар мен ізденушілер өздерінің экспериментті жұмыстарын осы лабораторияда жүргізіп, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады. Қазақ тілі фонетикасының кейбір талас тудыратын теориялық мәселелері экспериментті түрде дәлелденді. 60-80 жылдарда қазақ тілінің фонетикалық жүйесі І.Кеңесбаев пен Ж.Аралбаевтардың еңбектерінде біраз зерттелген. Бұл ғалымдар фонетика мәселелерін қарастырып, қазақ тілінің сөйлеу және жазу нормаларына көңіл аударған.
Ісмет Кеңесбаев қазақ фонетикасының негізгі проблемаларын, яғни дыбыстардың құрамы мен жіктелуін, буынның жасалуы мен алмасуын, дыбыстардың үндесуін, сингармонизм, акцентуация мәселелерін сөз еткен (Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.). Ісмет Кеңесбаев фонетика саласында Ленинград фонология мектебінің принциптерін ұстанады. Сондай-ақ ғалым тұңғыш рет қазақ тілінің фонетикалық транскрипциясын да жасаған.
Жұбаныш Аралбаев қазақ тілі фонетикасының кейбір өзекті мәселелерін қарастырып, дыбыстардың құрамы мен олардың айтылу ерекшелігін, сингармонизм заңдылығын, буын жігі мен кейбір просодикалық мәселелері жайында зерттеу жасаған (Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы, 1988.). Жұбаныш Аралбаев қазақ тілінің фонема теориясының дамуына өзіндік үлес қоса отырып, фонетиканың тарихи мәселелеріне де назар аударған. Ол қазақ тілінің тарихын жақсы білмейінше, әрі қарайғы қазақ тілінің даму заңдылықтарын білу мүмкін еместігін айтып, өзінің көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ Ж.Аралбаев ритмикалық және ой екпіні, фразалық мелодика, интонацияның семантика-синтаксистік функциялары жөнінде де құнды пікірлер айтып кеткен.
Әрбір ұстаздың мақсаты -- сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай -- ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі -- Ойын арқылы оқыту технологиясы.Фонетика өте қызықты сала болғандықтан балалардың қызығушылығын тез оятуға болады.
I БӨЛІМ
1. Қазақ тіліндегі фонетика саласы
1.1. Фонетика туралы түсінік
Адам баласының тілі - дыбыстық тіл. Жеке тұрғанда мән-мағынасыз көрінетін дыбыстар бірімен-бірі ұстасып, берік қиюласып сөзді жасаса, сөздерден сөз тіркестері, сөйлемдер құралатыны белгілі. Бұдан сөздердің қаңқасы да, қаны да, жаны да дыбыстар екенін, сөйлеу де,жазу да тек осы дыбыстардың арқасында ғана өмір сүретінін аңғару қиын емес.
Тілдің дыбыстық жағы - оның өмір сүру амалы. Тілдегі санаулы ғана дыбыс сөздік құрамға енетін әлденеше мың сөздің құрамында белгілі бір тәртіппен қиюласып, тіркесіп қайталану арқылы дыбыс жүйесін, тілдің бет пішінін, болмысын айқындап, өзге тілдерден ерекшелендіреді.
Сондықтан да мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күннен бастап жеке дыбыстарды айтып,олардың таңбалары - әріптерді жазып үйренеміз. Бертін келе дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп бөліп, дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік деп, дауыссыздарды үнді, ұяң, қатаң деп жіктеп, олардың сөз ішінде біріне-бірі ықпал жасап, үндесіптұратынын, дыбыстардың айтылу, жазылуындағы кейбір ерекшеліктерді, буын‚ екпін сияқты ұғымдарды пайымдауға тырыстық. Мұны танытатын ғылым фонетика деп аталатынын да білеміз.
Фонетика (гректің фоне -- дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған) -- тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілі фонетикасын зерттеушілер: Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, А.Байтұрсынұлы,Қ.Жұбанұлы,Х.Досмұха медұлы,Ж.Аралбаев,Ә.Жүнісбек,С.Мырз абеков болып табылады.
Фонетиканың салалары:
а) сипаттамалы фонетика;
ә) тарихи фонетика;
б) эксперименттік фонетика;
в) фонология немесе функционалды фонетика;
г) физиологиялық фонетика;
Осыларға жеке - жекетоқталып өтер болсам жалпы алты түрі бар:
:: Сипаттамалы фонетика - тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық жүйесін қарастырады. Мәселен, қазіргі кездегі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады.
:: Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) - тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың даму тарихын өзгерістен айқындайды.
:: Салыстырмалы фонетика - белгілі бір тілдің дыбыс құбылыстарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді. Мысалы, М.Томановтың Түркі тілдерінің фонетикасы (1981), Түркі тілдерінің салыстырмпалы тарихи фонетикасы (Л., 1984) деп аталатын еңбектер.
:: Эксперименттік фонетика - белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф,палатограф, рентгенограф ,т.б.) көмегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды.
:: Физиологиялық фонетика - тілдегі дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық қасиеттерін зерттейді.
:: Фонология немесе функционалдық фонетика. Тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік.
Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік - тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері.
Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы - олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз - тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері - сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі.
Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бұл сияқты дыбыстардан тіл дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар.
Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі үғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес, ол әр басқа. Тілдің өзіндік ерекшеліктеріне, дыбыстау мүшелерінің қызметінің әр түрлілігіне байланысты болып отырады.
Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінін қызметін артикуляция деп атайды. Ал белгілі халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптаскан дыбыс шығару дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы дейді.
Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне карай дыбыстардың сипаты анықталады.
Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы. Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.
Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы төмендегі белгілерді ажыратады:
1)Дыбыс ырғағы.
2)Дыбыс күші.
3)Дыбыс әуені.
4)Дыбыстың созыңқылығы.
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.
1.2. Фонетикалық заңдылықтар және фонетиканы оқу әдістемесі
Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі қалпына да қатысы бар.
Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі - ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық заңдылықтардың ішінде кейбіреулері туыстас тілдердің барлығына бірдей қатысты болады да, қайсыбіреулері біреуіне немесе бір-біріне өте жақын бірнешеуіне ғана қатысты болады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, дауыстылардың не бір өңкей жуан, не жіңішке болып үндесуі немесе қатар келген дауыссыздардың не біркелкі қатаң, не біркелкі ұяң болып үндесуі - түркі тілдерінің барлығына бірдей қатысты, ортақ заңдылық.
Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады.
Фонема - сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица. Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес. Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша болса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды. Мысалы:қырғыз,неміс,ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс
Тілдің тарихи даму барысында біріне - бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгеріс болуы мүмкін. Оның бірі - конвергенция құбылысы, екіншісі - дивергенция құбылысы. Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бойына сіңісіп, ұласып кетуі конвергенция деп аталады. Көрнекті ғалым В.А.Богородицкий ш дыбысының өзгеріп, с дыбысына айналуын, соның нәтижесінде о бастағы ш мен с дыбыстарының ұласып, бірдейлесіп кетуін қазақ тіліне тән құбылыстардың бірі деп есептейді. Бұл өзгерістерді конвергенция құбылысының нәтижесі деп қарайды.
Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір тілдің немесе туыстас тілдердің дамуының әр түрлі кезеңдерінде дыбыстарының өзгеруінің бір ізділігін ашып айқындаумен байланыстырылады.
Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша маңызы бар. Алайда тек мұнымен шектеліп қою жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу - тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.
Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін (метод) қажет етеді. Олай болатыны‚ фонетика бір жағынан акустикамен‚ екінші жағынан физиологиямен (сондай-ақ анатомиямен де) байланысты болып келеді де‚ бұл ғылымдарда пайдаланылатын әдістер мұнда да қолдануға тиісті. Әдетте мұны эксперименттік әдіс дейді де‚ сонымен байланысты қарайды. Бұдан аппаратсыз эксперимент болмайды екен деген ұғым тумауға тиіс.
Фонетика саласынан мынандай қарапайым мысал алып қарастырайық: қазақ тілінде дыбыстардың қалыптасқан орны‚ үндесу заңдылықтары бар. Соның бірі қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді. Бұл заңдылықты елемей‚ қатаңнан кейін ұяң дыбыстарды айтып көрейік: ат-дың‚ ат-ға‚ ат-да. Әдейі бұзу үшін болмаса‚ бұлай айту қазіргі қазақ тілінде мүмкін емес. Фонетикалық көптеген тұжырымдар қарапайым тәжірибеге негізделген. Мәселен‚айнаға қарап отырып біраз жайды аңғаруға болады.
Дегенмен дыбыстардың акустикалық мінездемесін - күшін‚ қарқынын‚ созыңқылығын‚сондай-ақ оның артикуляциялық табиғатын‚ яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз‚ оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек.
Экспериментті-фонетикалық әдісті екі үлкен топқа бөліп қарастырған жөн:акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары‚ олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады;
Физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысып тұрғаны‚ оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың үндесуін мектеп жасындағы балаларға түсіндіру өте маңызды. Мектеп қабырғасында тіл кемістігі бар балаларда оқиды. Сол себепті, фонетиканы оқытуда түрлі әдістерді пайдалану маңызды.
Балалар тіліндегі бірнеше ерекшелік-сөздің дыбыстану жағын дұрыс айтуға қабілетті бола бастайды. Олардың фонетикалық есту сезімі жетіле бастайды. Бұл жағдайда жеке сөздердің дыбыстық жағын дұрыс айтуына негіз болады.
Екінші ерекшелігі-олардың өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөйлеу органдарын дұрыс пайдалану керектігін ескермейді, артиуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктн, кейбір дыбыстарды қате айтады. Сондықтан оларды сөздің дыбыстық жағынан дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы-тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Ол үшін ұстаз өз жұмыс істейтін топтағы балалардың сөйлеу дәрежесін, өз қолдану ерекшелігін бақылап, күнделік жүргізуге тиісті. Бұл жұмыс мектепке алғаш келген күннен басталады. Сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда ұстаз түрлі суреттер мен ойыншықтарды пайдалана отырып, әр баламен жеке сөйлесіп, сөйлеу дағдысындағы етістік кемшіліктерін анықтау қажет. Баланың толық зерттеу мақсатында түрліше жаттығу жұмыстары жүргізілу керек. Балаларға қиын дыбыстар жиі қатысатын сөздер суреттер, өлең, тақпақ, ойын түрлерін әзірлейді.
Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтар бір мазмұнды бірнеше бөлімнен құралады. Сабақтың бірінші бөлімінде үйрету мақсаты қойылады. Ұстаз В дыбысы дұрыс айтып үйренеміз-деп түсіндіреді. Сонан соң, жеке дыбыстарды айтқанда сөйлеу мүшелерінің қандай жағдайда болатынын көрсетеді, балалар. Сабақтың екінші бөлімінде сол дыбыс қатысатын сөздерді айтқызып жаттықтырады. Ұстаз өзі бірнеше суретті (р не л дыбысы қатысатын) көрсетеді, балалар ондағы затты айтады. Балаларға өз ойларын бірнеше мысал айту ұсынылады. Олар жауап береді.(шар, тор, кино т.б.) сабақ соңында сол дыбыстар жиі қатысатын өлең-тақпақ не жаңылтпаш оқылу қажет.
Сабақтың екінші бөлімінде дидактикалық ойын ойнатып, инсцинеровка, драматизация жасатуға болады.
Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету сабағы айына бір-екі рет өтілу керек. Түрлі жаттығу жұмыстарын бағдарлама талабын ескере отырып, басқа сабақтарға қосымша жоспарлауға болады. Күнделікті тәрбие жұмысы кезінде таңертең сабаққа дейін, түскі ұйқыдан соң әртүрлі жұмыспен байланыстыра өтізуге де болады. Мұндайда арнайы еңбекте көрсетілген жұмыс түрін кеңінен пайдалану қажет.
Бастауыш сыныптағы балаларды сөздің дыбыстық құрамына алдау жасай білуге үйрету үшін де жаттығу жұмыстары өтілу отыру керек.
Балаларды түрлі дыбыстарды айта білуге, әдеби тіл нормаларында сөйлеуге үйрету қажет. Бұл жұмыста бас материал сықақ, өлең, тақпақ, мақал-мәтел оқу, жаңылтпаш айттырып, жұмбақ шештіру, әңгімелеп айтқызу. Суреттерге сипаттама жасату,ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету үшін суреттер даярлау: ш, ж, ч, щ дыбыстарына-шұлық, жәшік чемодан, щетка: р,л,с,з дыбыстарына-радио, лақ, стол т.б. Дауыс күшін, ү ырғағын дұрыс қолдануға үйрету. Ондайда: жасырын сыр(сөзді бірінен-біріне ақырын айту), жаңғырық (сөзді әр түрлі дауысты қатты, баяу, орташа қолдану) алыс-жақын (дауыс тонын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz