Патриоттық тәрбиенің мәні
Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы маңызды білім беру колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы : Мектеп жасына дейінгі балаларды патриотизімге тәрбиелеу
Орындаған : М-16-3(11) тобының студенті
Серікбаева Ж.А
Жетекші : Казанғапова С.Ө
Қарағанды 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Патриоттық сезімді қалыптастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. 5
1.1. Патриоттық тәрбие туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Патриоттық тәрбиенің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
II. Мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастырудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің
негізгі формалары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
IV. Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Кіріспе
Патриот - өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз отанының мүдделері жолында өзін құрбан ететін, ерлік жасайтын адам. Ал патриотизм қасиетті ұғым.
Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш - қуатын,ерік - жігерін, Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет - ғұрыпы мен салт - дәстүрін құрметтеу.
Патриотизм - біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз, үздіксіз тәрбиенің нәтижесінде орнатылатын ұлы сезім. Патриоттық тәрбие - ананың ақ сүтімен, есейе к еле өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына байланысты дамитын үздіксіз тәрбиенің жемісі. Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең, халқымыздың сонау көне заманнан бүгінге дейінгі сандаған ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының салты мен дәстүрінің көрінісі іспеттес. Тәрбиенің басты бағыттарының бірі - азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік, тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, басқа ұл т өкілдерінің мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы әлеуметтік, діни төзімділікті қалыптастыруға тиіс.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларды патриоттық бағытқа тәрбиелеу қоғамның әлеуметтік даму жағдайында балаларға патриоттық тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыруға бағытталды.
Патриоттық тәрбиенің міндеттері төмендегідей:
- білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
- өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымын қалыптастыру ;
- балалар мен жастарды отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм бол
Ұрпағымызды кеудесінде азаматтық намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе,бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет.Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі - патриоттық тәрбие.
Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді - дейді халқымыз.Яғни, жаңа отырғызған жас шыбық тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше, мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан - жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Мектепке дейінгі мекемеде балалар еркін дем алып, рухани патриоттық тұрғыдан білім алып, тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
I. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастырудың негіздері
5.1. Патриоттық тәрбие туралы түсінік
Патриот және патриотизм үғымы алғаш рет 1789 - 1793 жылдардағы ұлы француз революциясы кезеңінде қолданыла бастады. Сол кезде монархистер лагерінен шыққан сатқындар мен Отанға опасыздық еткендерге қарсы халық ісі жолында күрескен республиканы қорғаушылар өздерін патриот деп атаған. Патриот ұғымының мәнін анықтайық.
В.И.Дальдың сөздігінде патриот ұғымына мынадай анықтама берілген: Патриот - Отанын сүюші, оның игілігін қызу қолдаушы, Отансүйгіш, Отандас. Тағы бір сөздікте: Патриот - өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз Отанының мүдделері жолында құрбандыққа дайын, ерлік жасайтын адам.
Ал Философиялық сөздікте: Патриотизм (грекше раігіз - Отан) - мазмұны Отанға сүйіспеншілік, оған шынайы берілгендік, оның өткені мен бүгінгісі үшін мақтаныш, Отан мүдделерін қорғауға ұмтылу болып табылатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім - деп көрсеткен, ал лексикалық мағынасы: Патриотизм - Отанға сүйіспеншілік, өз Отанына, өз халқына берілгендік.
Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құрылымына және де басқа да компоненттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: біреулер бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен мекен ететін жерімен астастырса, ал екінші біреулер үшін бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым ретінде қарастырады.
Тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Білім бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің республика халқына Жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, үкіметтің құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерінде айқын көрсетілген.
Атап айтсақ, А.Әлімұлының Патриотизм мен бақ деген мақаласында патриотизм ұғымын былай анықтаған болатын: ...патриотизм, ол аймақтық-азаматтық ұғым да, ұлтшылдық тектік (ген) - ел-жерлік түсінік, - деген.
С.Т.Иманбаеваның Ұлттық патриотизмнің дамып қалыптасу кезеңдері деген еңбегінде: Ұлттық патриотизм дегеніміз - елі мен жері, халқының бостандығы және мемлекет ретінде жер бетінде сақталуы үшін, ұлт намысын жоғары дәрежеде ұстау үшін күресу, - деп тұжырымдайды. С.Иманбаева оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу керектігін айта отырып, былай деген: Отансүйгіштік рух - қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Патриотизм, жалпы алғанда, ұлттық мәдениеттің, ал, жекелей алып қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады.
Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында патриотизм мазмұнына мыналарды жатқызады:
- адамның өзі туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі;
- анатіліне қүрметпен қарау;
- Отан мүдделеріне қамқорлық жасау;
- азаматтық сезімдердің көрініс беруі;
- Отанға адалдыкты сақтау;
- Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау;
- әлуеметтік және мәдени жетістіктерге деген мақтаныш;
- Отанның өткенінежәне одан қалған мұраларға, дәстүрлерге құрметпен қарау;
- өз еңбегін, күш-жігері мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу.
Біз патриотизмге және идеялық-адамгершілік келбет құрылымдағы оның орнына сипаттама бергенде, біз әдебиеттердегі идеялық-адамгершілік қасиеттердің жіктемесін негізге аламыз. Бұл қасиеттер мынадай үш үлкен топқа бөлінеді:
1. Адамның өзіне, адамдарға, тұтас алғанда қоғамға, оның алуан түрлі
әлеуметтік бірлестіктеріне (халыққа, тапқа, ұжымға) көзқарасын
сипаттайтын қасиеттер.
2. Қызметтің алуан түрлеріне - білімге, еңбекке, ойынға адамның
көзкарасын сипаттайтын қасиеттер (яғни еңбексүйгіштік, ұмтылушылық,жауапкершілік және т.б.).
3.Түрлі материалдық құндылықтарға - табиғатқа, оның заттарына, адам еңбегінің нәтижесі мен өнімдеріне адамның көзқарасын сипаттайтын қасиеттер.
Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан -2030 стратегиялық даму бағдарламасында Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие .
Біздің алдымызда тұрған басты міндет - тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек.Қазіргі жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.
Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт - дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру олардың жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, шет тілін, яғни, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады.
Патриотизм - туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның негізгі элементтері: туған жер, ана тілі, өз ұлтын сүю, өзге ұлтты сыйлау, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі және оларды құрмет тұту.
Патриоттық тәрбие - қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Тәуелсіз елімізде оқушы - жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім - тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да, сауатты, ұлтжанды, мәдени - ғылыми ой өрістері кең ұрпақ өсіру - қосымша білім беру мекемелерінің алдында тұрған басты міндет.
Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты - Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысына, қаһарман, қайсар, жігерлі азамат тәрбиелеу.
Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей қасиеттерге ие болуы тиіс:
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын азамат;
Қазақстан Республикасының экономикалық байлығын дамытатын;
Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;
Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;
Отанды қорғауға жалпы адамзаттық тыныштықты сақтауға қашан да даяр;
Патриотизмге тәрбиелеудің ұзақ мерзімді мақсаты -- азаматтарды біріктіру, азаматтарға Тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру, оларды мемлекеттік рәміздер мен идеология төңірегіне топтастыру. Бұл -- ұзақ мерзімді мақсат. Оған қол жеткізудің басты жолы -- толеранттылық, бірлік, өзара көмек, қайырымдылық т.б. Бұлар біздің мемлекетіміздің басты жоспарлары мен мақсаттарында толықтай көрініс тапқан, алайда олар жалпы ұлттық құндылықты бағыттарды нығайту бойынша жастар саясатын жоспарлы жүргізбейінше жүзеге аса алмайды.
5.2. Патриоттық тәрбиенің мәні мен мазмұны
Патриотизм -- қоғамдық сана нысандарының бірі, бұл тарихи және топтық санат қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады. Патриоттық тәрбиенің мәні болып Тәуелсіз елдің биік те қасиетті ұғымдарының бірі -- отансүйгіштік біздің халықты біріктіретін Қазақстанның бірлігі мен жалпыұлттық идеясының негізі болып табылады. Ол аса маңызды стратегиялық, ұлттық, мәдени және т.б. проблемаларды шешуге бағытталған қоғамның маңызды мобилизациялық ресурстарының формасы.
Мемлекеттің саяси құжаттарында нақты белгіленген патриотизмнің ықтималды нәтижесі ел азаматтарының нақты іс-әрекеттерінен көрінуі тиіс. Себебі, азамат, патриот болу үшін батыр немесе асқан ерекше адам болудың қажеті жоқ. Тек өз Отанынды жеткілікті дәрежеде сүюің, ол үшін қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге бөлісуің қажет. Отаншылдық патриотизм - бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез-келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау - бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды - деді.Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мәні -қоғамның нарықтық қарым - қатынасқа көшу кезінде рухани дағдарыстарын жеңіп шыға алатын елін, жерін қорғай алатын, Отанын, халқын сүйетін өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деп тұжырым жасаған болатын. Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, балабақша мен уақытының көбін өткізетін мектеп қабырғасынан да басталады. Сондықтан да жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты парызы деп білемін. Болашақ ел сарбаздарын жастайынан жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады.
Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған салт - дәстүрлерінен нәр алған қазақ елінің мыңдаған ұл - қыздары екінші дүниежүзілік соғыстың қанды майдандарында да қаһармандықтың талай қайталанбас үлгісін көрсетті.Қазіргі жағдайдағы қазақстандық патриотизмнің басты және қажетті мәні неде?
Біріншіден, бұл бастамалардың белсендірілуі, шығармашылық және жасампаздық жұмыс, барлық ішкі, жасырын потенциалдың көрінуі, эгоизмді шектеу, азаматтық иденттілікті кеңейту. Кеудесіне "бұл менің елім, менің жерім" дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты бола білмек. Ол үшін "баланы жастан" дейтін халық даналығын естен шығармасақ болғаны. Жас ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететіні еш күмән туғызбайды.
Менің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін :әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары, шешендік сөздері колледж білім алушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Себебі, біз педагогика мамандығына жақын оқығандықтан біз келешек ұрпақты тәрбиелеуші мамандармыз. Біздің бойдағы патриоттық сезім, балалардың бойына аса ыждақаттылықпен жету үшін біз өзіміз сол тәрбиені толық сіңіруіміз қажет.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.
Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып , тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек.
Білім алушылардың патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген: С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова, т. б. ғылыми - педагогикалық, психологиялық, колледждегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде колледж білім алушыларын патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары төмендегідей мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде білім алушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.
Колледж білім алушылары ретінде патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз патриотизмге тәрбиелеу - білім алушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық. "Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек" - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.
Білім алушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, білім алушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен бала бақшадағы білім мен тәрбиеге байланысты болса, екіншіден балаға жақын ұлттық көркем шығарманы оқу арқылы қалыптасады. Яғни, патриоттық тәрбиені бастауыш сыныптан бастап жүзеге асырудың маңызы зор. Оның себебі,бастауыш сатыдағы кезең - бала дамуының ұйытқысы, іргетасы болып, оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезең. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларына,балабақшадағы балаларға патриоттық тәрбиені көркем шығармалар арқылы жүзеге асыруға болады.
I. Мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастырудың тиімді жолдары.

негізгі формалары мен әдістері
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие -- адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани -- патриоттық сана -- сезімді қалыптастыру бағыты бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz