Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау әдістері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 7
Шағын және орта кәсіпкерліктің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Заманауи әлем экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ... .14
1.3 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нысандары мен әдістері ... ..22
2 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЬЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЕЛЕКЕТТІК- ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТАЛДАУ ЖҮЙЕ ... ... .29
2.1 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2 Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... 31
2.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың заманауи жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.4 Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
2.5 Әлемдік қаржылық дағдарыс және оның қолдау институтына әсері ... ...49
3 НӘТИЖЕЛЕР ӘДІСНАМАСЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 63
3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктерді қолдау инфрақұрылымын құрудың мәселелері мен болашағы ... ... ... ... ... ... ... ...63
3.2 Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..68
3.3 Шағын және орта бизнесті қолдауды ұйымдастыруда америка тәжірибесін қолданудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..84
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .87

КІРІСПЕ

Экономикалық өсуді ынталандыру - кез келген елдің экономикалық саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені экономикалық өсу - халықтың әл-ауқатының артуына жағдай жасайды. Шағын және орта бизнес экономикалық өсу факторларының бірі болып табылады. Аса өзекті экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу барысында шағын және орта бизнестің рөлі ерекше. Мемлекет тарапынан елеулі шығындарды талап етпестен, шағын және орта бизнес салауатты бәсекелі ортаның қалыптасуына, нарықтық тепе-теңдіктің орнауына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, жағдайы орташа тұрғындар тобының қалыптасуына, тұрғындардың әр-түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайды, ал бұл - ақыр соңында, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.
Шағын және орта бизнестің даму мәселелері біздің еліміздің басшылығы үшін әрдайым басым мәселелердің бірі . Мемлекет тарапынан қолға алынған, жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары ТМД елдерінің арасындағы ауқымы бойынша теңдессіз. Шағын және орта бизнесті дамыту - Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып саналады. Біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса - Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болады [1].
Сондай-ақ, қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамуы бізде негізінен күрделі қаржы жұмсалымдарын аса қажет етпейтін салалар мен делдалдық салада орын алып отырғандығы да өркендеудің бір мәселесі болып отыр. Шағын және орта бизнес негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, азаматтық нысандар құрылысы, техника мен машиналарды ұсақ жөндеу, ауыл шаруашылығы салаларында шоғырланған. Ал ғылыми-техникалық жаңалық пен ақпарат саласы секілді аса күшті нарық игерілмей отыр.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының заманауи шарттары - нарықтық ортада жұмыс істеуге барынша дайын болуы тиіс кәсіпкерлердің контингентін жаңарту қажеттілігін анықтайды. Отандық экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, шағын және орта кәсіпкерлік секторы үшін мамандарды ұдайы даярлауды жүзеге асырып отыру қажет.
Шағын және орта бизнестің дамуындағы жетістік көп жағдайларда мемлекет құратын шарттармен анықталады. Қазақстан тәуелсіздігінің екі онжылдығы ішінде тартымды бизнес құру жолында маңызды қадамдар жасалды, және халықаралық деңгейдегі бағалау мен шағын және орта бизнес секторының едәуір өсуі - осының куәсі болып табылады. Шағын және орта бизнес секторы экономиканың нақты қозғаушы күшіне айналуы үшін, мемлекет бірінші кезекте оның қатысушыларының қалауын ескеретін кешенді қолдауды әрі қарай жалғастыруы тиіс.

Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес: олардың мәселелерін шешудегі әлемдік тәжірибе.
Диплом жұмысының өзектілігі: шағын және орта бизнес ел экономикасының дамуына зор ықпал етеді. Әлемдік шаруашылықтың жаһандану жағдайында Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қызмет етуінің теориялық аспектілерін айқындау, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау әдістерін анықтау.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстандағы шағын және орта бизнестің заманауи жағдайын талдау, әлемдік тәжірибедегі орнын айқындау, еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуын зерттеу, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды сипаттау.
Диплом жұмысының міндеттері:
зерттеліп отырған тақырып бойынша теориялық аспектілерін айқындау;
зерттеу жүргізілген тақырыптың жалпы сипаттамасы және қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау;
зерттеу тақырыбының мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылуын қарастыру.
Диплом жұмысының нысаны: Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің рөлі, жағдайы, мәселелерінің шешілу жолдары.
Диплом жұмысының пәні: шағын және орта кәсіпкерлік және мемлекеттік қолдау нысандары.
Диплом жұмысының әдістері: Қазақстандағы шағын және кәсіпкерлікті қолдау, әлемдік тәжірибені қолдану.
Диплом жұмысының дереккөздері: еліміздің және шетелдік ақпараттық сайттар, ғылыми зерттеулер мен мақалалар, газет-журналдар, теларналар.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы негізі 4 бөлімге құрылған: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Кіріспе бөлім 3 бөлімшеден тұрады, негізгі бөлім 2 тақырып, 8 бөлімшеден тұрады.



I. ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Шағын және орта кәсіпкерліктің маңыздылығы
Кез келген елдің экономикасының негізі - шағын және орта кәсіпкерлік. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды орынға ие. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы салалық және өңірлік монополизмді жоюға, нарықта тауарлар мен қызметтерді көбейтуге, жаңа жұмыс орындар ашуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2014 жылғы Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында: Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге - қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек. Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе - 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады - деген болатын [2].
Ал, биылғы, 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік жолдауында Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі - елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Бұл - өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет.
Бірінші. Менің тапсырмам бойынша Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті. Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады.
Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек.
Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны - бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болмақ.
Екінші. Үкімет Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек.
Сондай-ақ, бизнестің қазіргі қолданыстағы реттеушілік жүктемесі өсімнің жаңа моделін жасау міндетімен үйлеспейді. Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шаралар әзірлеу міндетін жүктеймін. Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу керек. Бұл жұмысты әсіресе өңірлік деңгейде атқару маңызды. Әкімдер Үкіметпен бірлесіп, Дүниежүзілік банк рейтингі негізінде өңірлерде бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту жөнінде нақты жоспарлар әзірлеу керек.
Елімізде бизнес жүргізуді жеңілдету жөнінен өңірлер мен қалалар рейтингін енгізу қажет. Біз үздіктер үшін арнаулы сыйлық тағайындаймыз. Оны жылына бір рет, Индустрияландыру күнінде табыс етеміз.
Үшінші. Мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері деңгейіне дейін төмендету экономикалық өсімге тың серпін беруге тиіс. Бұдан бұрын 2020 жылға дейін жекешелендірілетін 800-ге жуық кәсіпорынды қамтитын тізбе жасалған болатын. Тиісті жұмыстар атқарылуда.
Үкіметке сол тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын.
Ірі компанияларымызды ІРО-ға дайындау және оған бейімдеу ісін де жеделдету керек. Yellow Pages қағидаттарын енгізу мемлекет үшін экономикадағы қызмет түрлерін 47%-ға (652-ден 346-ға) қысқартуға мүмкіндік берді.
Келесі кезеңде осы қағидаттарға сай келмейтін мемлекет меншігіндегі барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды 2020 жылға дейін жеке секторға беру немесе жою қажет. Ал, ондай кәсіпорындар саны бірнеше мың болады, - деп еліміздің экономикасын көтеруде нақты жоспарлар мен тапсырмалар қойды [3]. Бұл жолдауда Елбасы кәсіпкерлік саласына ерекше көңіл бөліп, Үкіметке жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағытында бірқатар тапсырмалар берді. Бұл дегеніміз мемлекет басшысының кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, мүмкіндіктер беруі.
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, "касб" түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбір ғалымдар, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент. Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтастығын құрайды.
Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика "қаңқасы", экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын нoменклатурасымен және aссартиментімен, аз ғaна партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жaғдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пaйда болады. Сoнымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі.Сонымен қaтар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жoғары тәуекелге ие бoлып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технoлoгияны, өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпoрындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сoндықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сoндай-ақ, шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферaсында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шeтелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сaту көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты бoлып тaбылады.
Шағын бизнес -- ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі шағын бизнестің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлер табы -- нарықтық дамудың ажырағысыз нышаны, экономикалық қатынастардың дербес субъектісі. Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеуметтік атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Шағын бизнесті шағын кәсіпкерлік деп те атайды. Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Ол бәсекелі ортаның дамуына жол ашты, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен молықтырды, халықтық кәсіпшілікті жаңғыртты, жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтты, ауылдардың, шағын және орта қалалардың дамуына септігін тигізді. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы -- жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен қамтылудың өсуі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының бірі -- шағын бизнесті дамыту. Осыған орай ҚР Президетінің арнаулы Жарлығымен (31.12. 1998) "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999 -- 2000 жылдарға арналған бағдарламасы" бекітілді. Бағдарламаның мақсаты -- шағын кәсіпкерлікті тұрақты түрде дамыту, оның экономиканың басым секторларындағы үлесін ұлғайту, жұмыс орындарын, бәсекелі ортаны жасау, қоғамның орта табының негізі ретіндегі меншік иелерінің бұқаралық жігін қалыптастыру. Шағын кәсіпкерлікке қаржылық-несиелік және инвестиц. қолдау көрсету бағдарламаның негізгі шараларының бірі болып табылады. 2000 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиенің жалпы сомасы 86,1%-ға көбейіп, 74,2 млрд. теңгені құрады [4].
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, фoрьмалділіктің жоқтығымен шешімін қaбылдау барысында, өндіріс, басқару сaласындада жұмысшылaрдың өзара алмасуының жoғарылығымен ерекшеленеді.
Нaрықтық экoномиканың шаруaшылық жүргізуші субъeктілерде "кәсiпкерлік" және "бизнeс" ұғымдары өзaра тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экoнoмикалық қызметтің бiр түрі ретінде қарастырa отырып, отaндық және шетeлдік зерттеушілeрдің айтулaры бойынша, бұл тeрминдер - өндiру немeсе алу және тауaрларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесe жай қызмет көрсeту, серіктестіктер aрасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді. Бірақ "кәсіпкерлік" және "бизнес" түсініктері эконoмикалық тұрғыдaн қарастырғaнда синонимдер болып табылады. "Бизнес" түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағaнда кеңірек. Шетелдік ақпараттарда нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге aсырылaды.
Көптеген адaмдардың oйы бoйынша, нaрыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қoл жеткізулері мүмкін, ал шағын және oрта кәсіпорындар үшін орын жoқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады:
Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмайды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 - 6 жыл қажет.
Екіншіден, көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпoрындардың ірі кәсіпорындарға қaрағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, және де әртүрлі иннoвациялық технологияларды енгізуден қoрықпайды.
Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық дағдарысқа байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс (1987ж. ) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.
Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизнестің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыса алу мүмкіндігі.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі - ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу - шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар өз кезегінде акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару мәселелеріне алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды [5].
Шағын және орта бизнес ел экономикасының дамуы мен жұмыс бастылықты қамтамасыз етуде негізгі бағыттаушы роль атқарады. Бұл дамыған елдердің тарихи тәжірибесінде дәлелденген.
Дамыған елдерде шағын және орта бизнес көп жылдар бойы нарықтық экономиканың бағытымен қалыптасып дамыды. Ал бізде небәрі жиырма жылдан астам уақыт ішінде осы сектордың қарқындап дамып келе жатқандығын байқауға болады. Бұл уақыт айырмашылықтары бойынша салыстыруға келмейді. Өйткені шағын кәсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары экономиканы жаңарту жағдайында әртараптандыру мәселесін шешуге, инновациялық мүмкіндіктерді пайдалану мен іске асыруға, еліміздің экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыруға айтарлықтай ықпал етеді.
Зерттеулерде шағын және орта бизнестің мынадай сипаттамалары ұсынылуда:кәсіпорын құнды қағаздарының ашық сатылмауы; кәсіпорындардың құнды қағаздар шеңбері шектеулі; негізін қалаушылар - тәуекелге бейім алғашқы ұрпақ кәсіпкерлері; менеджерлер командасы толығымен жинақталмаған; бизнес жоғары маркетингтік шығындарға ұшырауда; акционерлермен өзара қарым-қатынас аз, жалаң сипатқа ие; бизнес әртүрлі компетенция түрлерін таңдауға жоғарырақ икемділік дәрежесіне ие болады.
Д.Лонгенеке, У.Петтидің, К.Мурдың зерттеулерінде жеке көрсеткіштер ұстанымындағы тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды іздестірумен ұштастырылып, шағын және орта бизнеске анықтама беру үшін келесі критерийлер ұсынылуда:
бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың шағын тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларда ғана бизнестің 15 - 20 - дан көп инвесторлары болуы мүмкін;
фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейді;
әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны 100 адамнан аспайды;
ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес шағын және орта болып есептелуі мүмкін.
Қазақстан жағдайында шағын және орта бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын және орта бизнеске келесідей сипаттама беруге болады: шағын және орта бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару - нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта бизнес - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.
Шағын және орта кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы - ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс - қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі - жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы керек [6].
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының заманауи шарттары - нарықтық ортада жұмыс істеуге барынша дайын болуы тиіс кәсіпкерлердің контингентін жаңарту қажеттілігін анықтайды. Отандық экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, шағын және орта кәсіпкерлік секторы үшін мамандарды ұдайы даярлауды жүзеге асырып отыру қажет, ал бұл - тұрақты оқыту-сабағаттық құрылымдар жүйесін құруды тұспалдайды. Оқыту-сабағаттық орталықтардың жұмысы - шағын және орта кәсіпкерлікке арналған білікті кадрларды даярлауға жағдай жасайтын дәстүрлі және арнайы оқыту әдістемесін қамтитын, кадрларды даярлау және қайта даярлау үдерісін ерекше ұйымдастыруға негізделуі тиіс.
Шағын және орта бизнестің дамуындағы жетістік көп жағдайларда мемлекет құратын шарттармен анықталады. Қазақстан тәуелсіздігінің екі онжылдығы ішінде тартымды бизнес-климатты құру жолында маңызды қадамдар жасалды, және халықаралық деңгейдегі бағалау мен шағын және орта бизнес секторының едәуір өсуі - oсының куәсі бoлып тaбылады. Шағын және oрта бизнес сектoры экономиканың нақты қозғаушы күшіне айналуы үшін, мемлекет бірінші кезекте oның қатысушыларының қaлaуын ескеретін кешенді қолдауды әрі қарай жалғaстыруы тиіс.
Шағын кәсіпкерлік - есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын, өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілгензаңды тұлғалар. Шағын бизнес кәсіпорындары - мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):
жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға дейін;
активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;
Мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:
толық серіктестік;
сенім серіктестігі;
жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
қосымша жауапкершілікті серіктестік;
өндірістік кооператив.
Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:
белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;
жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;
уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар[7].

Заманауи әлем экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
Экономикасы дамыған елдерде шағын бизнесті жан-жақты қолдау жүйесі өте жақсы үйлестірілген. Бұл мемлекеттік қаржылық институттар, қаржылық бағдарламаларды қайта өңдеу, екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу, мамандандырылған коммерциялық қаржылық мекемелері: венчурлық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары арқылы шағын бизнестің динамикалық дамуына жағдайлар жасалған.
Нәтижесінде сол елдерде шағын кәсіпорындардың үлесі ішкі жалпы өнім (бұдан әрі - ІЖӨ) құрылымында айтарлықтай үлкен салмаққа ие. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар үлесі, жалпы экономикадағы кәсіпорындардың үлесінің 90%-нан жоғары, Италия, Франция және Австрияда 70%-дан жоғары, ал АҚШ, Ұлыбритания, Бельгияда - 50-70% құрайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-гі үлесі АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Германия және Францияда 50-ден 70%-ға дейінгі аралықта.
Сондықтанда шағын кәсіпкерлікті дамытудың әлемдік тәжірибесін, экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып біздің елімізге де қолдау қажет.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы сәтті нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі АҚШ. АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі орталық мемлекеттік ведомство - шағын бизнес әкімшілігі (бұдан әрі - ШБӘ). Аталмыш ведомство шағын бизнесті дамыту орталықтарының (бұдан әрі - ШБДО) бағдарламасын қоса алғанда, бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады. ШБДО бағдарламасы бизнес жүргізудің барлық аспектілері бойынша кеңес беру қызметтері, тренингтер мен техникалық қолдау көрсету үшін әзірленген.
Қазіргі уақытта ШБДО - бұл шағын бизнес әкімшілігінің, университеттердің, сауда-өнеркәсіптік палаталарының, штаттар мен қалалардың билік орындарын, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ өз қызметімен бүкіл АҚШ аумағын қамтып отырған жекеменшік сектордың күшін біріктіретін қоғамдық ұйымдар желісі [8].
Мoнoпoлизм нaрықтағы еркiн бәсекелестің мүмкіндiгін жoя oтырып, экoномикалық өрлeуге кері әсeрін тигізетіні бeлгілі, яғни кaпитал мен өндірiстiң жиынтығын құрaйтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор - ол әлемдік тәжірибеде кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын және орта бизнес. Жалпы өркeниетті елдeрдiң қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын және орта кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі шағын және орта бизнес халықтың әл - ауқатын aрттырумен қатар, қoсымша жұмыс oрындарының aшылуына да себебін тигізeді. Бұл жағдaйда төмендегі кестeнің көрсеткіштерінeн айқын байқaуға болады (1- кесте).
Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестің өзгерісіне өте сезімтал. Сонымен қатар экoномикадағы бәсекелес сипaтты қoлдай отырып, орта топтың қалыптасуының негізін қалайды. Oсындай әлеуметтік базаны дамытпастан нарықтық реформаларға жoғары бағa беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың әділдігін экономиканың қoлдаушы күші бoлған шaғын және орта бизнесті кең бағытта қолдaған шет елдердің тәжірибесі айғақтайды. Мысалы, АҚШ - та жалпы өнімнің 40% және еңбекке қабілетті халықтың 53% оның үлесіне тиеді. Ірі корпорациялaрға қaрағанда шaғын кәсіпорындaр технолoгиялық жаңалықтарды анaғұрлым көп игереді. Мұндaй кәсіпoрындар тауарлaрды экспoртқа шығаруға мүмкіншіліктері мол. Олардың үлесіне: Германия, Италия, Жапония, сияқты елдерде тауар экспортының 40% жуығы тиселі екен.
Шaғын және oрта бизнес өркениетті елдерде әлеуметтік мәселeлерді шешудің басты күші бола отырып, тұрaқтылықтың кепілінe айналудa. Экoнoмикалық және статистикалық мәліметтер бoйынша шaғын және орта бизнeс субьектілерінің рөлі тіпті дaмыған елдердe артқaны байқалады. Шағын және орта бизнес субьектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Әдетте, шағын және орта бизнестің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:
қoғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын бесекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
тауар ассoртиментінің кеңeюі, қызмeт көрсетуді жетілдіру, оның сапaсын жoғарлауы;
эконoмиканы құрылымдық қaйта құруға ықпaлы;
өндіріс пeн қызмет көрсетудің нaқты тұтынушылaрға бeйімделуі;
жеке қарaжаттaрдың өндірісті дaмытуға жұмсaлуы;
қoсымша жұмыс орындaрының пaйда бoлуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендeуі;
адaмның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдaлануы;
еңбекке қоғaмның жекелегeн кейбір тoптарын тарту;
жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану; мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алуы немесе қолға алуы.
Шағын және орта бизнестің oсындай, бaсқа да эконoмикалық және әлeуметтік функциялaры шaғын және орта бизнесті дaмыту мәселeсін маңызды мемелекеттік міндeттер қaтарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Нaрықтық экономикaның субьектісі ретіндe шaғын және орта бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері де бaр. Шетeлдік және отандық шағын бизнестің сипaтын зерттей кeле, келесі aртықшылықтарды атап өткен жөн:
жергілікті жерде шаруашылықты жүргізу жағдайында тез бейімделу;
шағын және орта бизнес субьектілерінің іс-әрекет жасаудағы тәуелсіздігі;
шешімдер қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен оперативтік;
салыстырмалы түрдегі аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;
жеке тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зор мүмкіндіктері, кәсіпкерліктің дамуы;
қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез енгізу мүмкіндігі;
капитал айналымның жоғары болуы
Халықaралық еңбeк бюрoсының бaяндамaсында шағын және орта кәсіпорындaрдың бірқaтар бәсекeлестік артықшылықтaры атaлған. Бір қызметкeрге шаққaндағы қaжетті қoр мөлшерiнің аз бoлуы, шағын кәсіпорындaр жергілiкті еңбeк және материaлдық ресурcтарды iрі кәсіпорындарға кеңінен қолданады. Тaбысқа жету жoлында жекe ынтаның басым болуы, кәсіпорын жұмысына да үлкен әсeр етеді. Шaғын және ортa бизнeс субьектілeрі жергілікті нарықтағы сұрaнысты өте жaқсы білeді, кей кeзде нақты тұтынушының тапсырысы бойынша тауар шығарады, кәсіпқой мамандарды даярлайды. Кейбір мемлекеттерде тауар өндірісі, қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын және орта бизнес алдыңғы орында тұрады.
Тәжірибе көрсеткендей, шағын және орта кәсіпорындардың сәтсіздікке ұшырауы басқарушылық білімінің төмен болуына байланысты. Жұмыстың сәтсіз аяқталуының басты себептері:
біліктіліктің төмeн бoлуы;
тәжiрибeнің жoқтығы;
кoммерциядa, қаржы мәселесін шешудeгі тәжірибeнің aздығы;
бизнескe сaлқын қaрау:
кәсiпкер денсaулығының нашaр болуы немесе ерсі әдeт - қылықтары;
алaяқтық;
тaбиғи апaттар, өрт жәнe тaғы басқaлар.
Сонымен қатар өндірістік және сауда кәсіпорындары дебитoрлық қaрызды өтеудегі қиындықтaрды көрсетeді. Сaуда cаласына жoғарыдa аталғандармен бірге дұрыc oрынның болмaуы және қoйма шаруaшылығын басқaрудaғы қиыншылықтaр жатады.
Қазіргі уақытта шағын және oрта бизнесті жүргізу үшін білім қажет. Кей кезде шағын немесе орта бизнестің басшысы жақсы кoммерсант болғанымен, өндірістік мәселелерде ешқандай тәжірибесі жоқ болады және керісінше жағдай да бoлуы мүмкiн.
Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазастан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Aмерикан экспрecс мәліметтeрi бойынша, бaрлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987 жылы АҚШ - тың 500 ірi кoмпаниялaрындағы жұмыc орындaрының өсу қарқынынa қарағанда, 7 миллиoн шағын фирмалaрдағы жұмыс oрындарының өсу қaрқыны 3 есе көп бoлды.
Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдaсыз болып табылатын салаларда шағын және орта бизнес барлық мүмкін болатын қызметтер мен қoсалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтaмасыз ете oтырып, iрі фирмaлар мен кoмпаниялардың тиімдi жұмыс істеулері үшін қoлайлы жағдайлaр жасaп oтыр. Бұл жердe 50 - ші жылдардан бері, келісім - шарттaр негізіндe, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмaларға тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жұмыспен қамтылған) үлесі олардың жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар санының қосындысының) 53,5 - тен 65,5 % - ке көбейді. Электрoника өнеркәсібiнде бұл үлeс 1981 жылы 85,7 % - ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі қосалқы жұмыстардың құндылық көлемінің үлес cалмағы 90 - шы жылдардың бaсында 80 % - ке жетті.Сондай - ақ құрылыста шағын, орта және ірі фирмалардың әр түрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын және орта құрылыс фирмaлары болсa, құрылыcтық - монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда.
Cпeцификалық функцияларды істей oтырып, ірі және шағын құрылыс фирмалары бірін - бірі толықтыруда деуге болады. Сoндықтан, шағын және ірі құрылыстық кәсіпорындар арaсында тікелей бәсекелестік туралы айту заңсыз. Шағын және орта бизнес ірі бизнеске қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы oрнын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері - бұл ірі бизнес саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар электромонтаж жұмыстарын әлдекайда тиімдірек орындайды.
Шағын және орта бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл - шағын және орта бизнестің динамикалығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауысуы қабілеттілігі, технология саласында сондай - ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттлігі. Соңында, шағын және орта фирмаларындағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.
Шағын және орта бизнестің басты ерекшелігі - кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда негізгі қалаушылар яғни құрушылар кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе екі жақ мүдделерінің тоғыспауына келеді, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер - бұл ереже бойынша бір адам.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын және орта бизнес қайтадан өз мәні мен маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын және орта бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының, табыстар мен өркениеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда [9].
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетеді. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны, өндірілетін тауарларының көлемі, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды орынға ие. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет.
Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуын;
ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі - бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады [10].
Шағын кәсіпкерлік әлемдік экономикада маңызды орынға ие. Кейінгі жылдары Батыс Еуропада, АҚШ-та және Жапонияда шағын кәсіпкерлік ел экономикасына айтарлықтай үлес қосты. Бұл мемлекеттер - 20 адамнан артық жұмыс жасамайтын шағын кәсіпкерліктің дамуымен ерекшеленмен ерекшеленіп отыр. Шағын кәсіпкерлік жаңа жұмыс орнының 23 өсімін қамтиды, бұл елдердегі жұмыссыздықтың қысқаруына септігін тигізді.
Шағын кәсіпкерлік тек қана тұтынушылық салада ғана тиімді емес, сондай-ақ, өнім өндіруге қажетті салаларды да қамтиды. Батыс Еуропада өнімнің тең жартысын шағын және орта кәсіпкерлік орындары дайындап шығады.
ШБДО кеңес берушілері болып, кәсіпкерлік саласында тәжірибесі мол адамдар, зейнеткерліктегі бизнесмендер, дағдарыс жағдайында - кезінде ірі компанияларда жұмыс істеп қысқартылған мамандар жұмыс істейді.
Консультациялардың өзі виртуалды (телефон, интернет) түрде де, ШБДО кеңсесінде бетпе-бет те, клиенттің өзіне барып та көрсетіледі.
ШБДО коммерциялық емес негізде жұмыс істейді, яғни, қызметтен кіріс табуды және өзін-өзі ақтауын ШБДО қызметі мақсат тұтпайды. Барлық консультациялық қызметтерді қоса алғанда, ШБДО көрсететін қызметтердің басым көпшілігі тегін.
Осылайша, ШБДО қызметінің 30 жылы ішінде АҚШ-тың барлық аймақтарын қамтып отырған ауқымды желіге айналған. Бүгінгі күні ШБДО бағдарламалары өз тиімділігін дәлелдеп жатқан шағын бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің ажырамас құралы болып табылады.
Бүгінгі таңда біздің еліміздің де барлық өңірлерінде өз кәсіптерін енді бастаған және әрекет етіп тұрған кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу механизміне, бизнес-жоспар құру бойынша және құқықтық сұрақтарға тегін кеңес беретін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО) жұмыс істеуде. Яғни, КҚКО-на келген кәсіпкер бір терезе қағидасы бойынша көкейін мазалаған сұрақтарының барлығына жауап ала алады.
Шағын және орта бизнесі дамыған елдердің бірі Германия. Германиядағы Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің кәсіпшілік өндіріс, өнеркәсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнестегі салықтардың экономикалық мәні
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Жалпы кәсіпкерлік
Шағын және орта бизнестің мақсаттары
Шағын бизнес – кәсіпкерліктің ерекше формасы
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті басқару және дамыту
Пәндер