Қазақ спорт журналистика мәселелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ЖАҢА МЕДИА ЖӘНЕ СПОРТ КОММЕНТАТОРЛЫҒЫ

КІРІСПЕ

I тарау
1. ЖАҢА МЕДИАДАҒЫ ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
0.1 Жаңа медианың қазақ спорт журналистикасы саласында дамуы
0.2 Жаңа медианың спорт комментаторлығындағы қолданысы
0.3 Жаңа медианың спорт комментаторлығына ықпалы

II тарау
2. ҚАЗАҚ СПОРТ КОММЕНТАТОРЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕДИА ҚОЛДАНЫСЫ
2.1 Қазақстандағы спорт журналистикасының даму тарихы
2.2 Танымал қазақ спорт журналистері
2.3 Қазақ спорт журналистика мәселелері

3. ЕЛІМІЗДІҢ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДІҢ СПОРТ КОММЕНТАТОРЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ
3.1 Қазақ спорт журналистикасы жөнінде пікірлер
3.2 Қазақстан мен шет елдегі спорт комментаторлары арасындағы айырмашылық
3.3 Комментатор мамандығының ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Журналистика - қазіргі уақытта көкейкесті және маңызды болып табылатын фактілерді іріктеу, бағалау және түсіндіру арқылы әлеуметтік топтардың көзқарасын өзектендіру.
Журналистика жаңалықтар, замануи өмірдің тақырыптары мен тенденциялары туралы ақпаратты түрлі жанр мен үлгіде жинақтап бұқаралық аудиторияға жариялайды.
Журналистика бұқаралық ақпараттың жүйелік құралының бір бөлігі, яғни, пресс, телевидение, радио, интернет және таға да басқа көп функционалды институтқа кіреді. Ақпараттық құралдар арқылы әлеуметтік ортада болып жатқан саяси оқиғалар, ғылыми жетістіктер, идеология (мәдениет, мораль, этика, эстетика), тарих, әлеуметтік, экономикалық, рухани және мідени, табиғи құбылыстар жөнінде халықты ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Журналистика термині алғаш рет Франция елінде пайда болған. Ресейде бұл термин бастапқы кезде журналистика ұғымы журналдар жиынтығы деген мағына білдірді, кейінірек XIX ғасырдың ортасынан бастап барлық дерлік басылымдарға тікелей қатысты қолданыла бастады.
Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді. XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика,40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады.
XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Интернет жүйесі ақпаратты шапшаң және көлемді жеткізетін, қаралымы көп, журналистиканың дамуына көмекші ретінде дамып бастады [1].
Журналистиканың әрбір түрі, яғни, газет, журнал, радио немесе телебағдарлама нысанды қай жағынан ашып көрсетуді өзі таңдап, әрқайсысы оған өз тұрғысынан келеді. Әйтсе де олардың ішінде публицистикалық, көркем және ғылыми, т.б. шығармалар журналистика табиғатын тереңірек танытады. Мысалы, қоғамдық-саяси журналистика кең аудиторияны қамтумен бірге заманауи мәселелерді көтере отырып, әр түрлі бұқаралық аудитория қабаттарына ағымдағы ақпараттарды жеткізуде негізінен публицистика жанрына басым мән береді. Сонымен қатар аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын ғылыми, көркем, т.б. шығармалар да публицистикалық формада таратылады. Журналистика өзі өмір сүріп отырған кезеңнің барлық өзекті мәселелеріне кеңінен араласуы қажет болғандықтан, барлық ақпарат құралдары жанрлық және стильдік тұрғыдан әр түрлі тақырыптардан тұратын шығармалар жиынтығынан құралады. Басылымдар мен бағдарламалар, тіпті жекелеген материалдар мен көрсетілімдер кейде мүмкін болатын аудиторияның барлығына бірдей бағытталса, кейде белгілі бір әлеуметтік және саяси топтарға (мамандығы, кәсібі, мүддесі, жас ерекшелігі, жынысы, т.б. бойынша) арналады. Журналистика салаларындағы осындай ерекшеліктерді ажырата білу барлық адамдар мен әлеуметтік топтарға белгілі бір газеттер, журналдар, радио және телебағдарламаларға тікелей байланысу арқылы өздеріне қажетті әлеуметтік және кәсіби ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Журналистік қызмет құрылтайшы - журналист - аудитория жүйесі шеңберінде жүргізіледі. Кеңестік тоталитарлық қоғамда Журналистикаға қатысты біржақты көзқарас қалыптасып, барша бұқаралық ақпарат құралдары бірпартиялық билік пен оның идеологиясын насихаттауға жұмылдырылды. Сайып келгенде, мұның өзі ежелден қалыптасқан Журналитиканың "өзі өмір сүріп отырған кезеңді жан-жақты қарастыру" мүмкіндігін шектеді. Қалыпты даму заңдылығы болып табылатын бәсекелестікті кеңестік журналистика өз ішінде жоқ деп санағанымен, осы идеяны қорғау мақсатында шетелдік ақпарат құралдарымен амалсыз сырттай бәсекеге түсуге мәжбүр болды [2].
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге қазақстандық журналистика әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шыға бастады. Кеңестік идеология теріс баға беріп келген шетелдік журналистиканың демократиялық сипаттары қазақстандық журналистикада шын мәнінде орнықты. Адам құқығын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистика елдің саяси, әлеуметтік, экономика және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсенді араласа бастады. Қазақстан журналистері мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпарат құралдарының қай саласында қызмет атқарса да, негізінен, оқырмандар алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезініп, саяси, әлеуметтік мәселелер туралы принциптік көзқарас ұстануда. Олардың құрылтайшылар ықпалында қалып қоймай, журналист этикасына адал болуына, өзара кәсіби тәжірибе алмасуына Қазақстан Журналистер одағының съездері мен өзге де басқосуларының, халықаралық медиафорумдардың ықпалы мол. Журналистердің Қазақстанда шын мәнінде тәуелсіз, алайда өзге де азаматтардың құқықтарын бұзбай қызмет атқаруына Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңы кепілдік береді.
Журналистика ғылым ретінде - әдеби, мәдени, тарихи, әлеуметтік жүйе болып келеді. Журналистиканың салаларының бірі ретінде спорт журналистикасын қарастыратын болсам.

Диплом жұмысының тақырыбы: Жаңа медиа және спорт комментаторлығы.
Диплом жұмысының өзектілігі: Жаңа медиа қазіргі күні ең көп тараған интернет ресурстар жиынтығы. Спорт журналистикасының журналистика саласынан алатын орнын айқындау. Қазақ коментаторларының жаңа медиадағы рөлі, шетелдік спорт журналистерінен ерекшеліктері.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ тілді спорт журналистерінің заманауи талапқа сай біліктіліктері мен сөз саптауларын, қоғамдағы орнын айқындау.
Диплом жұмысының нысаны: Қазақ спорт журналистерінің жаңа медиадағы рөлі.
Диплом жұмысының пәні: Журналистика, спорт журналистикасы, спорт комментаторлары.
Диплом жұмысының әдістері: Қазақ коментаторларының жаңа медианы, тілдік құралдарды қолдануы.
Диплом жұмысының дереккөздері: Еліміздің және шетелдік ақпараттық сайттар, спорт журналистикасы, спорттық газет-журналдар, теларналар.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы негізі 4 бөлімге құрылған: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Кіріспе бөлім 3 бөлімшеден тұрады, негізгі бөлім 2 тақырып, 6 бөлімшеден тұрады.

I. ЖАҢА МЕДИАДАҒЫ ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
0.1 Жаңа медианың қазақ спорт журналистикасы саласында дамуы

Спорт журналистикасы түсінігі кең ауқымды. Оны коммуникация арқылы өзекті спорт ақпараттарын жинақтау, өңдеу, жариялау бойынша әлеуметтік маңызды қызмет ретінде көрсетуге болады. Спорт журналистикасы, толықтай публицистика ретінде көркем әдебиетпен тығыз қарым-қатынаста. Спорттық шараларды қабылдау әрдайым эмоциональды түрде жүзеге асады. Көркем образда трансформацияны мүмкіндігінше жасайтын журналист қабылдауымен ерекше эмоционалды мазмұнға ие екені факт.
Спорт журналистиканың өзіндік аудиториясы бар, оған кәсіби спортсмендер мен спорт сүйер қауым кіреді. Бұл аудиторияны кем дегенде үшке бөлуге болады: мамандар, яғни спорт индустриясында үнемі ізденушілер (спортшылар, бапкерлерлер, спорт шенеуніктері, журналистер, спорт нысандарының жұмысшылары), пассивті және белсенді жанкүйерлер.
Пассивті жанкүйерлер матчтарды әлсін-әлсін көреді, қатысады немесе кейде ақпараттарды оқиды, ал активті жанкүйерлер спорт жаңалықтарын қадағалап, өз командасы мен сүйікті спортшыларына қолдау көрсетеді.
Спорт журналистикасы да журналистиканың өзі секілді газет-журналдық және электронды болып бөлінеді. Негізгі баспа спорт журналистикасы түріне аналитикалық мақала, есеп, шолу жасау, очерк, интервью жатады.
Баспа спорт журналистикасысының белгілі түріне құбылыстарды талдау негізінде мәселелерді шешу және дамыту, фактілер мен теориялық қорытуларды салыстырумен сипатталатын аналитикалық мақаланы айтуға болады. Аналитикалық мақалада жеке жағдайға талдау жүргізіледі.
Спорттық журналистикаға барлық жанр таныс əрі қолжетімді. Соның ішінде əсіресе дəлдігі мен маңызды жылдамдығы, жинақы мөлшері бар дәстүрлі жанрлық спорт түріне көңіл бөлінеді. Корреспонденция, репортаж, ақпараттық сұхбат осылардың барлығының спорттық журналистикаға аса назар аударуының себебі: спорт журналистикаcының өз кезегінде көрерменге қызықты болғандығымен түсіндіріледі. Спорттық журналистикада спорттың ақпараттық жағы маңызды рөл атқарады. Неге десеңіз спорт үнемі жарыс пен нәтижеден тұрады. Яғни нәтижиені үнемі салыстыру үстінде болады. Осылайша жарыс түрлері ұлғайған сайын спорттық журналистика да даму барысында болды. Осы тұрғыда спорттық журналистерге қарайтын болсақ, олардың міндеті спорттық жарысқа жəне сол спорт түріне байланысты барлық ақпаратты беріп өту. Спорт журналистикасы жылдамдықты талап етеді. Себебі спорт сүйер жанкүйерлер үшін əрбір минут маңызды. Сол себепті журналист мамандар қолма қол ақпарат тарату үшін жылдам əрі білікті болулары қажет.
Ақпарат көбінесе жаңалық немесе хат-хабар арқылы таралады. Жаңалық нақты дəлел жайлы болса, хат-хабарда қысқа анализ жасалады. Əрине олар арнайы бір спорттық оқиғаға, жарысқа арналған болады. Бұндай ақпарат көздерін арнайы соған арналған басылымнан немесе басқада спорт жайлы жазылған басылымдардан көре аламыз. Бұл жанрда тек қана жедел сурет қана емес, одан бөлек репортаж жұмысын басып айтуға болады. Дəл осы репортаж көмегімен сол сəтте болған нақты оқиғаны, жанкүйерлер эмоциясын, қатысушының қобалжуын бақай аламыз. Сонымен қатар алаңға билетсіз келген жанкүйер үшін репортаж тапсырмасы көмек. Спорттық журналистикада мықты журналист маман ол- репортер, ол- белсенді жанкүйер, ол- сыншы, ол- спорт сүйер көрермен. Бұл жанр газеттік репортаж бен теле-радиорепортажға бірден бір бәсеке болып есептеледі. Репортаж оқырманға ол дəл сол сəтте алаңда болғандай сезім сезінетіндей ақпарат беруге тырысу керек. Бірде бір телерепортаж жеткізе алмаған сезімді жазу арқылы көрермен көзайымы болу керек. Бұл жерде басты ескеретін жайт - ол оқиғаны шектен тыс əсірелемеу, яғни автор өз жұмысына адал болу керек [3].
Соңғы кезде спорттық журналистика сайттарында көрермен көңілінен шығып жүрген репортаж ол- онлайн репортаж. Репортажда қысқа форматтағы анализді көре аламыз. Бұны біз көбінесе футбол матчтарында көріп отырмыз. Əлеуметтік желідегі ақпараттар жəне онлайн репортаждан кейін газет бетіне тағыда осы ақпаратты түсіру мəн-мағынасы қашты, оны тек есеп беру үшін жазатын болды. Спорттық журналистикада есеп беру кеңінен қолданылды. Оқырман газет беттерінен ойын қалай болғаны жайлы емес, ойын қорытындысын, эксперт мамандардың ойын оқу үшін газет бетін ақтарады. Дәстүрлі есеп беру таңғы газет беттерінен шығу үшін ақпарат бірден ойын біткен соң басылымға беріледі. Есеп беру қарапйым ақпараттық жанрларға қарағанда аналитикалық ақпаратқа жақын. Тығыз уақытта жай ғана мазмұнан гөрі, сапалы, ерекше, қысқа ақпарат дайындау күрделі əрине.
Спорттық журналистика үшін кең ауқымды тағы бір жанр ол сұхбат (интервью). Сұхбатты бірнеше түрге бөліп қарастырса болады:
Ақпараттық сұхбат (əлемдегі нақты бір оқиғаны баяндайды)
Портреттік сұхбат ( спорттық тұлғаны сипаттайды)
Экспортпен сұхбат (спорттың нақты бір саласындвғы сарапшыларының мамандарының пікірін білу)
Проблемалық сұхбат (cпорттың теріс немесе проблемалық жағын айту)
Дереу сұхбат (2-5 сұрақтан тұрады. Жарыс кезеңінде немесе аяғында)
Спорттық сұхбатты ақпараттан бөлек, белгілі бір түсініктеме, аналитика, журналисьика, эссе мақала ретінде қарастыра аламыз. Себебі, спорт жайлы белгілі танымал сортсменмен сұхбат (тренер, жанкүйер, маман) психологиялық зерттеуге, спортсменнің биографиясына алып келуі мүмкін. Сұхбат жанрының танымалдылығы оның көп функционалдылығымен түсіндіріледі. Бұл жерде спортсмен Психологиясын ескерген жөн. Сұхбат барысында спорт саласындағы адамдармен дұрыс қарым қатынас жасай білу қажет. Спорттық журналист Борис Ходоровский айтып өткендей: Спортсмендер сөзге тұйық жəне көпшілік алдына шығуды ұнатпайды, деген стереотип қалыптасқан. Бұл стереотип сонау Кеңес заманынан бері қалыптасқан жəне сұхбатты тек команданың бас тренері берген. Қазіргі кезде спортсмендер өздерінің көпшілік назарында екенін біледі, жəне БАҚ органдарынсыз танымал болмайтынын ұғынған. Сұхбат бірден матч біткен соң алынса бұл жерде де матч біткен соң ешкім ешқандай қызық ақпарат бермейді деген стереотип қалыптасып қойған. Бірақ кейде матч аяғынан кейінде спортсменнің ашық әңгімесін ести аламыз. Сол себепті, спортсмен көңіл күйін сезіну маңызды болып есептеледі. Осы орайда Солт-Лейк-Ситиде болған олимпиаданы мысалға келтірсек болады: Мемлекеттік думаның вице-министрі Светлана Журова өзінің 500 метр жүгірудегі соңғы айналымында жеңіліс тапқанынан кейін оған барған журналистер болды, соның бірі мен едім. Сол сәтте оған өте өкініштібола тұра, ол бізге оқиғаның неге олай болғаны жайлы сапалы әрі қызықты сұхбат беріп өтті. Айтпақтай жеңіс, жетістік сұхбат алуға әбден бір себеп салдар жеңіс, бірінші орын, алтын медаль бұлар спорт әлемінде ең басты құндылықтар, спортсмендер осы үшінде әртүрлі байқауларға қатысады. Ал таңырқау мен жеңіліс басқа ақпараттар беруі ықтимал, жеңіліске әкелгені жайлы ақпаратты айтсақ болады. Спортсмен және тренерлармен сұқбат өте үлкен тәжірибе мен дайындықты талап етеді. Сұхбаттағы ең басты сапа ол тыңдау қасиеті. Әңгімелесуші жайлы неғұрлым көбірек ақпарат алуға тырысу қажет. Саны бар сапасы жоқ сұрақтар қою мақсат емес, мақсат - нақты 1-2 сұрақ арқылы көп нәрсені білу.
Сұхбат жанрының тағы бір ерекшелігі ол журналист және сұхбат берушінің дауысы, өзін-өзі ұстауы, сөздік қорының қандай екендігін көру. Осы орайда спорттық журналистикада 2011 жылы ең үздік жыл журналисті атағына ие болған журналисттер Юрий Голышак пен Александр Кружков еді. Олардың Спорт Экспресс Разговор по пятницам бағдарламалары көререн көзайымына ие болған. Спорттық журналистиканың міндеті болған оқиғаны тек қана баяндап беру емес, оны аудиторияға жеткізу, спорттық жарыстың не үшін ұйымдастырылғанын түсіндіру, көркем етіп баяндау. Дамыған әлеуметтік желіде бұл актуалды мәселе. Сондықтан , әлеуметтік желі барда газет ақпараттары түкке керексіз болып қалады. Бірде Футбольный клуб бағдрламасында Василий Уткин Футбол ойнау қызық, ал көру одан қызық, бірақ ең қызығы - соны айту және дисскуссия жасау. Танымал лингвист Г.О. Солганик айтқандай Спорттық преса көрерменге оқиғаны жан-жақты жеткізеді. Бұндай ақпаратты көрерменге жеткізуде аналитикалық жанрда мүмкіндік көбірек. Дәл осы жерде журналист белгілі бір мәселені қозғай алады.
Ю.С.Шершнёваның Жанры спортивной журналистики:современный тенденции кітабында танымал зерттеуші А.А. Тертычныйдің жазып кеткендей аналитикалық материал ол:
Мәселе себебі;
Оқиғанын шарықтау шегі;
Оқиғаның өзгеруі;
Дұрыстығы;
Ерекшелігі;
Идеясы.
Бұл барлық аналитикалық журналитиканың жанрларына тән қасиеттер. Ал олардың саны 20-дан астам[4].
Спорт жайлы материалдарда көп қолданылытын жанрлар мақала, пікір және әңгіме. Пікірде қысқа форматтағы анализ айтылады. Көркем және публицистикалық жанрлар фактыларын талдайды, басқада бірнеше мәселелерді, оларды шешу жолындағы фактілермен құбылыстарды көрсетеді.
Сапалы ақпарат беру үшін автор біліктілігі қажет, тілді көркем қолдануы қажет. Сондай жазбаны Кеңестік Ресей прессасын қалдырған Юрия Цыбанова Кеңестік спорт , Елена Вайцеховская және Александра Беленоков Спорт Экспресс басылымдарында спорттың публикацияларды батыстың спорт журналистикасы бойынша тағыда үш түрге бөлсе болады. Б. Розенталь айтқандай алдын ала (Advance stories, резюме (Game Summary) және пост-анализ (Post-Game-Analysis)
Advance stories - журналист қарсыластардың статистикалық мәліметтеріне сараптама жүргізе алады. Алдағы қарсыласына қарап жеңіске деген болжам жасайды.
Game Summary бұл жерде журналист оқиғажелісіндегі қызық сәттеді іздейді, эмоцияға толы оқиға желілерін суреттейді.
Post-Game-Analysis бұл жақта журналист спортсмен тарапынан қателіктерд баяндайды немесе қолданған тактикасын.
Спорттық жаңалықтар аудитрияға тек қана жай ақпарат бермейді, сонымен қатар дүрліктіріп, қызықтырады. Бүгінгі спорттық журналисттер - олар ағайынды Гриммдер [5].
Спорттық журналистика тілі сондай бір экспрессивті, метафоралы болып келеді. Ал спорттың жанкүйерлеріне келетін болсақ олар әрқашанда спортпен қатысты терминдарды біліп отырады.
Журналист үшін ақпаратты жеткізуге көрнекті сөзден басқа, эмоция өте маңызды рөл атқарады. Білікті журналист өзінің сөздік қорын кеңейту барысында еңбек етуі керек. Әртүрлі жағдайларда әрқашан оның айтатын мәнді-мағыналы әрі түсінікті сөздері әсте дайын тұруы қажет.
Жаңа медиа қазақ тілді аудиторияда күннен күнге даму үстінде. Қазақ тіліндегі сайттар, блогерлер, қысқаша айтқанда, қазақ тілінің сұранысы интернетте жоғарылап келе жатыр. Бұл еліміз үшін қуантарлық жағдай. Қазақ журналистерінің жаңа медианы қолдануы ақпараттың дер кезінде тарауына жол ашады.
Бүгінде журналистикадағы дамып келе жатқан салалардың бірі ретінде спорт журналистикасы бағытын атауымызға толықтай негіз бар. Алайда журналистика факультеттерінде арнайы пән ретінде оқытылуы тек кейінгі жылдарда ғана қолға алына бастағандықтан, Қазақстандағы комментаторлықтың бірқатар мәселелерге тап болатын тұстары бар. Осындай кедергілермен бетпе-бет келген уақытта Республикамыздың жаңадан тәуелсіздік алғандығын, Қазақстанда спортқа арналған арнаның (Kazsport) кеш ашылғандығын алға тартып, спорт комментаторларының кемшіліктерін ескермеуге тырысатын факторлар, соңғы уақыттарда ел арасында өте жиілеп кеткен сыңайлы [6].
Спорт журналистикасы дегеніміз - спорттық шараларға қатысты ақпаратты қабылдап, сақтап, өңдеп, қайта тарататын журналистиканың дербес саласы. Спорттық журналистикамен спорт комментаторлығының аражігін ажырату мақсатында, комментаторлықтың үлкен саланың бөлшегі екендігін назардан шығармауымыз тиіс. Себебі спорт журналисті болып өткен, болып жатқан іс шараны мақала немесе репортаж түрінде бере алатын адам болса, спорт комментаторы тікелей эфирде болып жатқан спорттық бәсекелелерден хабар тарататын маман.
Спорт журналистикасы түсінігі әлдеқайда ауқымды. Спорттық публицистика - спорт бағытындағы бұқаралық санаға әсер ететін, спорт қоғамы арасында актуалды тақырыпты көтеретін жанр. Спортқа деген қызығушылық пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына байланысты мемлекетімізде спорт журналистикасы сала ретінде өркендеп келеді. 4 жылда бір болатын Олимпияда ойындары, әртүрлі спорт түрлерінен өткізілетін Азия және Әлем чемпионаттары іспеттес іс-шаралар бүкіл әлемдік спорт журналистикасын ғана емес, Қазақстандық спорт комментаторларының да жоғары білікті болуын талап етуге мәжбүрлеуде. Осы тұрғыдан алып қарағанда спорт шолушысы мен комментаторларын бір деңгейге қойып қарастыруға болмайды. Спорт шолушысы кез келген спорттан өзіндік айтары және хабары бар болса, спорт комментаторлары белгілі бір салаға маманданғандар болып есептеледі.
Спорт комментаторларының аудитория тарапынан жиі сыналуына баса назар аударылды. Спортивная пресса как тип атты еңбегінде П. Воронков спорт журналистикасының 5 түрлі функциясын атап өтеді.Олар эскейпизм, эмоционалдылық функция, ақпараттық, сараптамалық және тәрбиелік болып классификацияланады. Осы орайдағы соңғы екі функциясын қазақстандық спорт комментаторлары толық қанды атқара алып жүр ме? - деген сұрақ туындайды. Тақырыптың өзектілігін барынша дәлелді түрде көрсетуге де себепші болған осы сыңайлы сауалдар [7].
Қазіргі қалыптасқан тенденция бойынша, қазақ тілді комментаторлардың аудитория наразылығын тудыратын тұстары жетерлік. Қарастырылып отырған мәселені айқындау үшін осы ретте бірнеше мысалдар келтіріп өту шарт.
1. Асыра эмоцияшыл комментаторлардан сараптамалық немесе тәрбиелік дүниелердің алдыңғы қатарға шығарылуын талап етуіміз қаншалықты шындыққа жанасады?
2. Қазақстанмен өзге елдің құрамасы кез-келген жекелеген немесе командалық спорт түрінен өзара мықтыны анықтайтын болса, обьективтілікті сақтай отырып, журналист комментаторлық этикасын бұзбастан толық қанды эфир жүргізе ала ма?
3. Кейде көрініс табатын тақырыптан ауытқу жиілігіне қандай факторлар әсер етеді?
Осындай сауалдар арқылы комментаторлықтың болып жатқан шараны қарапайым көрермен ретінде баяндау емес, ізденіс пен кәсіби шеберлікті, салалық маманданумен индивидтік таланттың болуын талап ететін жауапкершілігі мол мамандық екендігін түсне білген артықтық етпейді.
Жалынды жанкүйерлер мен мамандар спорт туралы әрбір ақпаратты ерекше қабылдайды. Жеңіске балаша қуанып, жеңіліске күйінеді. Спортшылар, журналистер мен саясаткерлерге де мұндай ақпараттың әсері бар. Белсенді жанкүйерлердің арасында спорттық ақпараттан басқасын қабылдағысы келмейтіндер де кездеседі. Оларға сүйікті спортшысының жеңісі, қоғамда болып жатқан ахуалдан әлде қайда маңызды. Осы аудиторияға спорт журналистері ерекше әсер ете алады. Кейде кері әсердің себебінен фанаттар соқтығысып ұрыс төбелестерге де барады. Яғни, спорт журналистикасындағы комментаторлық саласы ішкі сезімдерге қатты әсер етеді.
Ақпараттық, сараптамалық, талдамалықтан бөлек спорт журналистикасының тағы бір маңызды функциясы бар. Ол - үгіт-насихаттық қызмет. Түрлі халықаралық жарыстарды тамашалай отырып көрермен географияны таниды. Спорт журналистері тек додалар жайында ғана емес, бәсеке өтіп жатқан ел, олардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін де тілге тиек етеді. Спорттық додалар ерлік, батылдық, адамгершілік, шыдамдылық секілді адамның асыл қасиеттерін аша түседі. Осыны тетік ретінде дұрыс пайдалана білген мемлекет саяси тұрғыдан спортқа қатысты идеологиясын БАҚ арқылы көрермен санасына сіңдіре алады. Ал мұндай стратегияны іске асыру үшін журналисттің сөйлеу әдебі, білімі мен сауаттылығы жоғарғы деңгейде болуы тиіс.
Жасыратыны жоқ, күнделікті жаттанды, тіпті жауыр болып қалған сөздерін жиі-жиі қолдана беретін кейбір комментаторлардың трансляция барысындағы сөздерінің құлаққа түрпідей тиетіндігі беймәлім емес. Бізге дейін де, және қазір де ұшырасатын бұл сөздердің қолданыстан әлі күнге шықпауының себептерін қазақ спорт журналистикасына елеулі еңбек сіңірген Сейдахмет Бердіқұлов: "телекомментаторлардың бұл сөздердің көп жағдайда баламасын таба алмауынан" деп түсіндіреді.Осыған ұқсас сөздерді және оларды кімдер қолданатындығы туралы "Cпорт" газетінің 2006 жылғы №4 санында: "Спорт журналистикасы қашан қанатын кеңге жаяды?"атты мақалада авторы жекелеген тұлғалардың тұрпайы тіркестерін тізіп көрсеткен. Сол кезеңдегі "Хабар" арнасының комментаторы Амангелді Сейілханның эфир тілін "қазақыландырамын" деп жиі айта беретін "доп-домалақ, алаң-жазық", Дидар Төлеуіштің "футбол" сөзін "аяқ доп" деп аударуы секілді ақылға қонымсыз дүниелерді сол қалпында бере білген. Көп қайталанатын мұндай сөздердің қолданыстан уақыт өте келе шығуына ықпал ету, өзгеше ұсыныс жасау тұрғысынан жазуға қолға алынған бұл еңбектің өз өзектілігін жоғалтпасына сенімім мол.
Комментаторлықтың өзін спорт түрлеріне байланысты бірнеше салаларға бөліп қарастыру. Мысалы: Кәсіпқой бокс спорты 3 минуттан 12 раунды құрайды. Әр раундтан сон 1 минут демалысқа беріледі. Демек, орта есеппен 48-49 минут бойы көрермен жекпе-жек тамашалайды. Осы уақыт аралығында көрерменді жалықтрмас үшін комментаторға бос әңгімеден гөрі, жекпе-жектің басынан аяғына дейін не айтатындығы туралы дерек көздерден жасалған формат, яғни нақты "таймингі" болуы керек. Бұл формат ұсынысын футбол транчляцияларында қолданған өте ыңғайлы болар еді. Себебі, футбол 45 минуттан 2 кезеңді, яғни 90 минуттан, және 15 минуттық үзілістен тұрады. Бұл уақыт көрерменді жалықтырып жіберуге молынан жетеді. Осы аралықта комментаторлар аудиторияны ұршықша иіруі үшін, біз ұсынатын моделді ұсына алады. Ол дегеніміз ойынның бастапқы минуттарын бастап қос команданы таныстыру, тек ойынға байланысты тақырыпта сөз қозғау, және әр минутта не айтылатындығы жайлы алдынөала жасалған кестені қолдана отырып трансляция жасау дегенді білдіреді. Егер бұл саланы ғылым ретінде қарар болсақ, онда ұсыныс ретінде беретін жобамның сипаты осындай болмақ.
Қазақстанда шілде айының 2 жұлдызын 1995 жылдан бастап Спорт журналисттері күні деп атап өтеді. Себебі бұл халықаралық спорт журналистер қауымдастығының қаулысымен бекітілген мейрам күні. Осы халықаралық ұйыммен бекітілген күні бар болса да, Қазақстанның спорт журналистикасы халықаралық деңгейге әлі күнге дейін көтеріле алмауда. Спорт саласының қара нары атанған Сұлтанғали Қаратаев осы жайлы Омар Құрмаштың: "Спорт журналистикасы өнер дәрежесіне көтерілген жоқ" атты мақаласы үшін берген сұхбатында: "Журналистер тек мемлекет ұйымдастыратын спорттық іс-шаралардың басы-қасында жүреді. Ауылдық, өңірлік жерлердегі жас спортшылардың жағдайы мен әлеуетін көп ескере бермейді" деген шындыққа жанасымды пікірі бар. Демек, спорт журналистикасының салалық, және аймақтық дамуы үшін түрлі жаңа жобалар мен стратегиялардың, эксперименттердің қолға алынып, жүзеге асырылуы құптарлық іс [8].

10.1 Жаңа медианың спорт комментаторлығындағы қолданысы

Жаңа сандық, кабельді, спутникті, интернет-технологияның отандық массмедиаға енуінің арқасында, тек ақпаратты беру құралы ғана емес, жоғары дамушы медиа индустрия қалыптасуда. Конвергенция мен мультимедиялық редакция қазіргі журналистика үшін телеканалдар, радиостанциялар әдеттегіден қызықтырақ, профессионалды, бәсекелестікке қабілетті, альтернативті және перспективті бола бастады. Сол себепті жаңа медиаға қызығушылық қазіргі уақытта бірнеше есеге өскен. Олардың аудитория үшін тартымдылығының бірден-бір себебі бұл қызметтің базалық қызмет сферасы бұрынғыдай ақпаратты алу, жаю және сақтау болып қала беретіндігінде. Сонымен қатар БАҚ, түрлі болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық тағы басқа жағдайларға қарамастан көпшілікке қолжетімді, әмбебап болады.
Бұқаралық ақпарат құралдары спорттың ерекшелігін аша отырып, жариялылықпен, спорттық қызметтің ашылуына, дене шынықтыру тиімді пропагандасын және салауатты өмір салты құндылықтарының жоғарлауын қамтамасыз етуге қабілетті.
Спорт медиакомунациясы шеңберінде масмедианың негізгі міндеттері: спорт қызметінің образын жасау, қоғамдық пікірдің танымдық сипаттамасын, спорт жаңалықтарынан пайда болатын қоғамдық көңіл-күйді қалыптастыру.
Жаңа медиада көрерменнің бір уақытта жаңалықты қалаған күйінде, яғни, мәтін, фото, видео, дыбыс ресурстары арқылы алуына барынша жағдай жасалған. Тіпті, дәстүрлі журналистика жаңа платформа арқасында өз контентін өзгерте отырып, интернет жүйесінде қолжетімді. Мысалы, біздің еліміздегі спорттық жаңалықтарды тікелей әлеуметтік желілердегі тікелей эфир немесе спорт сайттары арқылы интернетте шапшаң көруге мүмкіндік бар[9].
Бүгінгі таңда спорттық журналистика жүйесі, ең алдымен, экономикалық көрсеткіштерге бағытталған. Бұл барлық типтегі БАҚ (аудиовизуалды форматы, мерзімді баспасөз басылымдары, сондай-ақ интернет-басылымдар), қазіргі заманғы ақпараттық нарығындағылардың барлығына қатысты. Бірақ әрдайым экономикалық көрсеткіштер басылымдардың құрылымына, олардың маңызды элементіне оң әсер ете бермейді. Қазіргі уақытта спорттық басылымдардың дәл мазмұнына классикалық орыс әдеби тілі көзқарасынан, трансформациялық (жаңғырту) тұрғысында сұрақтар көбірек. Спорттық журналистиканы қазіргі заманғы медиа жүйесіне сай өзгерту, тілдік модельдерін неғұрлым күрделі және анағұрлым қарапайым жұмыс істеу жағдайына ауыстыру үшін назар аударылып жатыр. Әрине, бұл ретте жаһандандыру және экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып қана. Сонымен қатар, соңғы бірнеше жылда басталған қазіргі заманғы жаңа ақпараттық нарық себептерін, өзгерістерін, спорттық БАҚ-тың типологиялық сипаттамаларын, бағдарлану талаптарын анықтайды. Айтпақшы, сондай-ақ, ақпарат нарық біршама өзгерді. "Пішімдеу" және "мазмұнды" элементтерінің жекелеген басылымдарды белгіленген тақырыптық топтар (спорттық БАҚ) тұрғысынан қарар болсақ. Бірақ спорттық мақалада ақпараттық нарықты жаңғыртуды спорттық журналистиканың қазіргі заманғы жүйесін негізгі проблема ретінде білдірмейді. Оның көзқарас бойынша басты проблема, мазмұндағы басылымдардың экономикалық қызығушылыққа басқа да қатынасы. Керекті контенттің жоқтығы (яғни, ақпарат) спорттық журналистиканың және әрбір басылымның фазалық жүйесінде тиісінше, қаржылық жетістіктерінің тікелей рейтингіне әсер етеді. Бұл жүйенің үлкен рөлі бұқаралық аудиторияға да бөлінеді. Нақты шынайы ғана емес, (үнемі тұрақты) аудиторияда және аудиториядан ықтимал [10].
Спортшылар, үнемі ауыр жаттығулар мен жарыстар арасында жүретін адамдар, және де сайыстары мен жетістіктері арқасында, ең танымал тұлғаларға айналады, әрине оған қоса әлемде және барлық жерлерде бұлар туралы адамдар көбірек білгісі келеді. Сондықтан, көптеген телеарналар, радиостанциялар, газет, журналдар барлық спорттық шаралары мен спорттықа қатысты ең маңызды жергілікті және әлемдік спорттық оқиғаларды жария етіп отырады.
Белгілі публицист, "Молдова-1" қоғамдық телеарнасының спорт комментаторы Ефим Жосану айтуынша спорт журналистикасы көп біліктілікті талап етеді, сондай-ақ спорт журналисті ең болмағанда бастауыш деңгейдегі спорт түрлерін білуі керек мысалы: футбол, бокс, теннис, хоккей және волейбол сияқты т.б. Ефим Жосанудың пікірінше, футбол немесе регбий матчтарына кез келген адам коментатор бола алмайды, өйткені бұл үшін тиісті білім керек. Сондай-ақ, ол: Спорттық журналистика - бұл нағыз мамандандырылған журналистика. Көп бөлшектерді білу қажет қана емес, оған қоса көптеген статистикалық деректерді білу керек. Егер сенде әмбебап журналистикаға қабілетің жоқ болса, онда мамандандырылған табысты журналист болуға мүмкіндік жоқ. Ол үшін көптеген өзгешеліктер мен қажетті нәрселерді білу қажет, ал егер білмесең, онда кез келген сәтте саған күлетін болады. Бірінші кезекте жалпы мәдениетті қояр едім - кең көлемді білімді тек спортта ғана емес, тұтастай қоғамды да қамту керек. Кез келген әдебиетті, кескіндемені және тағы басқа нәрселерді түсіне біліп, ішіне ену керек. Спорттық журналистика принциптері классикалық журналистика принциптерімен бірдей: әділдік, адалдық, сыпайылық. Репортер кем дегенде екі әр түрлі дереккөз пікірге жауап беруі тиіс және басты мәселелерді жаңалықтарға ұсынуы тиіс: кім? не? қайда? қашан? қалай? Спорттық материалдардың өзіне тән стилі мен лексикасы бар, бірақ бұл жағдайда журналистер барлық ақпаратты түсінікті тілде ұсынуы тиіс, - дейді комментатор [11].
"Комментаторлық жұмыс спорттағы өте жеке орындалатын жұмыстардың бірі. Егер жазбаша жанрында немесе телевизиялық, туралы айтар болсам ең күрделісі спорттық болып табылады өйткені қажет кезінде реакцияңды салу қажет, әрі қажет болған жағдайда акценттерді қалай қойып әрекет ету керектігіне дайын болу керексің. Спорттық журналистерге дереккөздер маңызды, соның арқасында соңғы жылда барлық істері қалпына келтіріліп, бір-біріне мейірімді қарым-қатынас орнау үстінде. Дегенмен, спорттық журналистерге өз материалдарының кейіпкерлері тиісті кері әсер етіп ықпалы тимеуі керек. Спорттық журналистика күрделі және ауыр еңбектерін алдын ала болжайды, әрі соның барлығын үлгеру үшін уақытында, және жиі демалыс күндері көбірек айналысады. Өздеріңді спорттық журналистер деп тану үшін кәсіпқой болу үшін, өз кәсібіңді сүю керек және құлшыныспен орындау керек. Осы мамандықтың және өз артықшылығы бар, себебі спорт журналистері, саяхаттап жүреді, бүкіл әлем бойынша ең маңызды спорттық оқиғаларды көзбен көріп, "жанды дауыспен" барлығын естиді, әрі олардың аты шығып газеттерде, радио, телеарналарда пайда болады, және олар тағы да бұл мәртебесіне сай ақша алады.
"Moldova Sport" телеарнасының спорт журналисті Михай Бурчиу молдавиялық репортерлер ерекше спорттық тілді білмейді деп санайды. Молдавиялық журналистер жоспарлы спорттық терминологияны білмейді. Мұнда бәрі футбол жайлы біледі, ал басқа да дерлік спорт түрлері туралы ештеңе білмейді. Бірақ Молдовада журналист болу үшін терминологияны және спорттық бағыттағы басқа барлық қағидалары білу керек, немесе ең болмағанда дәстүрлі және тәжірибелі кәсіби деңгейде, өйткені сен мұнда болған соң сен журналистсің. Спорттық оқиғалар болған кезде, газет немесе радио, материалдарда жүзеге асыру біршама оңай, ал теледидарда кейде екі минуттық сюжетке бір сағат немесе тіпті жарты күн жұмсалады. Мысалы, футбол матчтары деген сияқты... Сонымен қатар, сұхбат алу үшін, сол туралы жазу және монтаждау үшін арнайы берілген уақытын ұмытпаған абзал. Спорттық журналистиканың ерекше түрі - бұл комментаторлық шеберлік. Әңгіме әдеттегі тікелей эфирде, болып жатқан кездегі дауыс жайлы өрбіп жатыр. Оған мысал ретінде Олимпиадалық ойындарды, футболдан Еуропа чемпионаттарын немесе мәнерлеп сырғанауды түсіндіруге болады [12].
Спорт журналисті мен коменттатордың өзіндік айырмашылықтары бар, спорт журналисті спортқа қатысты бар жаңалықпен жанкүйерлерді түрлі форматта қамтамасыз етеді, коменттатор болып жатқан түрлі спортты тікелей эфирде жүргізеді.
Қазіргі таңда елімізде бұрын соңды болмаған спорт түрлері даму үстінде. Қазақстан спортшылары әлемдік біріншіліктерге, халықаралық жарыстарға, Азия, Олимпияда ойындарына қатысып, әлем чемпиондары, алтын, күміс, қола жүлдегерлері атанып ел намысын қорғап жүр.
Спорт баспасөздері мен спорт телевидениясы, радио, сайттарының негізгі міндеті салауатты өмір салтын насихаттау.
Комментатор жүргізіп отырған спорты туралы жан-жақты, оның тарихын, ойыншылардың жеке өмәріне қатысты қызықты деректерді, спорттық мансаптарын, сол спорттың терминологиясын білуі қажет.
Спорт комментариясының заманауи жанры болып жатқан спорт оқиғасына тек констатация элементтерін берумен ғана шектелмейді. Спорт комментаторлары оқиғаны мүмкін болатын тілдік құралдармен баяндайды. Бұл құралдың барлық жиынтығы коментатордың жеке тілдік құралына қатысты.
Қазақ коментаторларының жаңа медианы қолдануы сапалы өнім жасауға ықпал етеді, мысалы жаңа медиа арқылы ойыншылардың өмір баянымен толықтай танысып, тіпті онымен әлеуметтік желі арқылы сқйлесуге мүмкіндік туғызады. Жаңа медиа журналистер жұмысын жеңілдетті.
Спорт ақпараты түсінігі қоғамдағы спорт саласында болып жатқан өзгерістер, фактілер және жаңалықтар туралы хабарлама мазмұнымен өзара қарым қатынаста. Бұдан бөлек, спорт ақпараты ақпараттық қажеттілік және тематикалық қызығушылық түсініктерімен тығыз байланыста. Мұндай ақпаратқа қажеттілік өз табиғатында және зерттелетін сала құрылымында бірінші кезекте ескеріледі.
Техникалық ақпаратқа тек мәтіндер ғана емес, сондай-ақ графикалық ақпараттар (суреттер, диаграммалар, схемалар, кестелер, формулалар) жатады. Оны инфографика деп те атайды.
Коментаторды журналисттен бөлек, шығармашылық адамы деп қарастыруымызға болад. Коментаторлардың негізгі 5 дағдысы бар:
1. Сөздік қорының мол болуы;
2. Анық дикция;
3. Спорт туралы толық ақпаратты білуі;
4. Юморлық қабілет;
5. Жағымды дауыс.
Осы қасиеттерді жыинаған коментатор жүргізген ойын көрермендер көңілінен шығып, сұранысқа ие болады [13].
Сұлтанғали Қаратайұлы біздің еліміздегі тұңғыш спорт комментаторы ретінде тарихта қалды. Сұлтанғали Қаратайұлы 1964 жылы "Қазақ радиосының" эфирiнен алғаш рет спорт турасында хабар таратқан. Қазақстанда XX ғасырдың 60 жылдары қазақ тілінің мәртебесі бүгінгіге қарағанда төмен болып тұрғанда 90 минуттық тікелей эфирде тек 10 минут уақыт қана қазақ тілінде эфирге шығуға уақыт беретін. Осы кезеңде интернеттің, жаңа медианың қолданысы төмен болатын. Дәл осы уақытта қазақ тілді спорт журналисі Сұлтанғали Қаратайұлы спорт саласындағы қазақ комментаторларының алғашқысы болып, жас комментаторларға арнап кітаптар жазып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Қазіргі Несіп Жүнісбаев, Ғалым Сүлеймен, Амангелді Сейтхан, Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Руслан Меделбек, Жандос Байділдә сынды танымал қазақ комментаторлары әр түрлі спорт ойындарын тікелей эфирде жүргізіп жүр.
Спорт журналисті спортқа қызығушылықтан пайда болады, жанкүйер бола отырып өз сүйікті командасын, спортшысын зерттеп спорт саласына қадам басады. Интернет заманында түрлі спорттық порталдардан мықты журналистердің жазбаларын тауып, комментаторлардың сөз саптауларын, жүргізу стильдерін, әдемі тіркестерін үйренуге мүмкіндіктері бар. Бірнеше спорт тарихын білген спорт журналисі, коментаторы үшін артық етпейді. Сонымен қатар, әр спорттың өзіне тән ерекшелігімен қоса, ережелері бар. Коментатор кез келген спортта спортшының неге жеңіліп қалғаны жөнінде, төрешінің шешімі дұрыс па, бұрыс па, неге ондай шешім қабылдады, қанша ұпай жинады сынды ақпараттарға спорт сарапшысы ретінде де жауап бере алғаны дұрыс. Жанкүйерлер комментаторлардан көп нәрсе күтеді.
Қазіргі спорт комментаторлардың көпшілігі бір-біріне ұқсайды, басым түсті, ел намысын абыроймен қорғады сынды сөздерден ары шықпайды.
Комментатор Руслан Меделбек Егер 100-ден астам спорт түрі бар десек, кем дегенде соның отызын назарында ұстағаны жөн. Жеңісіңізді кімге арнайсыз?, Қалай өтті деп ойлайсыз?,- деген сияқты кезекші сұрақтар жалықтырып жіберді,- деп спорт комментаторларына нұсқаушы болуда [14].
Спорт журналисінің өзіндік стилі, образы қалыптасқан жөн. Қажет жерінде ойыншыларды да, спортты да тығырықтан шығарып, сарказм қолданған да дұрыс.
Шетелдік спорт саласында спорттық мансапты аяқтаған спортшылар спорт журналисіне, комментаторлық қызметке келеді, Қазақстанда мұндай тәжірибе әлі қалыптасып үлгермеді. Қазақ спорт журналистикасы әлемдік стандарттарға ауысқан жоқ.
Спорт комментаторы тікелей эфирде алаңда, ринкте, тағы басқа жерде болып жатқан ойынды эмоционалды түрде, көркем тілдік құралдармен жанкүйерлерге жеткізеді. Комментаторлырдың артқан жүгі, жауапкершілігі өте мол. Ойыншылардың әр қимылын қалт жібермей қарап отырып, аты-жөндерін шатаспай айту, көрермен көңілінен шығу профессиналдықты талап етеді.

10.2 Жаңа медианың спорт комментаторлығына ықпалы

Ақпаратты таратудың басқа көздеріне қарағанда мүмкіндігі зор жаңа медиа технологияның журналистика саласында алатын орны айырықша. Елімізде ақпараттық технология жедел дамып келеді. Интернетті пайдаланушылар саны күн сайын артып келеді.
Қазақстан спорт журналистер қауымдастығының төрағасы Несіп Жүнісбайұлы арнайы дене тәрбиесі институтын аяқтап, мамандандырылған спорт журналисті. Ол спорт журналистикасының қазіргі жағдайына қанағаттанбайды.
Несіп Жүнісбайұлының айтуынша, Олимпиада ойындары, әлемдік футбол додалары секілді жарыстардан әдемі хабарлар жеткізу жайы, оларды кеңінен талдап, оның пайда-зиянын көрсете алу секілді мәселелер кенжелеп жатыр. Соған байланысты біздің елімізде спорттың дамуы насихатқа байланысты тежеліп отыр. Неге десеңіз, кеше ғана Еуропа чемпионы болған испан футболшыларының жеңісінің негізгі кілтін таба алатын журналистер болса, соны оқыған біздің мемлекетіміздің футбол саласының мамандары ұлттық футболымыздағы кемшіліктерді жоя алар еді, - дейді ол.
Несіп Жүнісбайұлы елдегі спорт журналистикасының баяу дамуын оған жоғары деңгейде мән берілмей жатқандығымен байланыстырып, журналистердің көпшілігінің бұл салаға аса қатты қызығушылық танытпайтындығын айтты.
Қысқа хабарларды жазатын адамдардың бәрін біз спорт журналистері деп ұғамыз. Онымыз - қате. Көп газет-журналдар немесе радио-телеарналар өзінде спорт журналистері жоқ болғандықтан ғана осындайға барады. Мысалы, басқа мемлекеттерде спорт журналистикасына деген көзқарас біздегіден гөрі жоғары. Бір ғана Жапонияны алайық. Жапонияда тек спорт журналистері қауымдастығы ғана емес, сонымен қатар мәселен, футболды жазатын журналистердің жеке өз қауымдастығы бар.
Оларға жоғары кәсіпқойлық жетіспейді. Қазіргі таңда спорт журналистерін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жататындар спорттың қандай да бір түрін жақсы білгенімен, оларды көпшілікке ойдағыдай жеткізе алмайды. Екінші топтағылар, керісінше, журналистика саласын жақсы меңгергенімен, өкінішке қарай олардың спорттан хабары тым аз, - дейді, спорт журналистикасында 15 жылдан астам тәжірибесі бар журналист Александр Трофимов.
Ал Қазақстандағы осы тақырыпты 8 жылдан бері зерттеп келе жатқан журналист Леонид Юрьев соңғы 5 жылда елдегі спорт журналистикасында ілгерілеушілік байқапты. Аталған саланың бүгінгі жағдайына тоқталған Леонид, бұл саладағы мамандарды дайындау ісінің әлі күнге дейін дұрыс жолға қойылмай отырғанымен де келіседі. Бізде спорт журналисті деген арнайы мамандық жоқ. Оған адамдар кездейсоқ келуде. Мәселен, мен спортты жақсы көрмегенде журналист те болмас едім. Бізде жақсы спорт материалын жазатын саны шектеулі басылымдар бар. Бұл басылымдардың бас редакторлары спорт жайында жақсы біледі. Бірақ, мақаланың сапалы болып шығуы үшін бақылау жеткіліксіз, оған сонымен бірге кәсібилік те керек. Жақсы спорт журналисті жаңалықты көпшілікке тек жеткізіп қана қоймайды, ол сонымен бірге жаңалықты талдап, екшейді де. Бізге ешқандай жағдай жасалмайды. Мәселен, түрлі спорттық шараларда шетелден келген спорт журналистеріне арнайы баспасөз орындары беріледі, қазақстандық спорт журналистеріне ондай орын тұрмақ, спорт жанкүйерлерінің арасынан да орын тимейді, - дейді журналист Леонид Юрьев [15].
Қазақ спорт журналистері мен комментаторлары саусақпен санарлық екені өтірік емес. Барларының өзі өз ісінің хас шеберлері деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
Қазақ тілді интернет-журналистика: бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Интернет – ақпарат құралдарының қайнар көзі
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Шетел журналистикасы
Публицистика жанрлары
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
«қазақтың спорт комметаторлары»
Пәндер