Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 41 . ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ . . . 8

1. 1 Іскерлік ойындардың іс-әрекеттілік қызметі . . . 8 1. 2 Іскерлік ойындардың түрлері . . . 18

2. 1 Іскерлік ойындарды дайындау барысындағы психологиялық-педагогикалық принциптер . . . 36

2. ІСКЕРЛІК ОЙЫННЫҢ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУДАҒЫ ОРНЫ . . . 47

2. 1 Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы . . . 47

2. 2 Іскерлік ойын технологиясы және оның оқыту процессінде қолданылуы . . . 57

2. 3 Кәсіби қалыптасуда іскерлік ойындардың инновациялық атқарушы рөлі . . . 63

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78

ҚОСЫМШАЛАР . . . 79

Кіріспе

Диплом жұмысының тақырыбы: « Іскерлік ойыны колледж оқушыларының инновациялық қалыптасы әдісі ретінде ».

Диплом жұмысының өзектілігі: Іскерлік ойындар студенттер мен оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына, сондай-ақ, өз істерінің маманы болып қалыптасуына зор ықпал етеді.

Іскерлік ойын арқылы оқыту әдістемесінде кезінде:

-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;

-ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.

Себебі кәсіби қалыптасуда іскерлік ойындардың инновациялық оқытудың басты себебі - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Іскерлік ойындар әдістемесі өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.

Іскерлік ойын арқылы оқыту әдістемесінде таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:

1) фактілерді еске алу;

2) ойлану;

3) алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;

4) талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру) ;

5) баға беру (сапасын анықтау) .

Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т. б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек.

Диплом жұмысының мақсаты: Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануын, іскерлік ойындардың кәсіби мамандарды қалыптастырудағы орнын, іскерлік ойын технологиясы және оның оқыту процессінде қолданылуын, іскерлік ойынды ұйымдастыру барысындағы әдіснамалық қиыншылықтарды анықтау, саралау.

Іскерлік ойын арқылы оқыту әдістеме мынандай мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:

1) білім алушылар мол мағұлмат алып, өздері айтқан пікірлерге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;

2) өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;

3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;

4) бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;

5) шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;

Диплом жұмысының міндеттері:

  • зерттеліп отырған тақырып бойынша теориялық аспектілерін айқындау;
  • зерттеу жүргізілген тақырыптың жалпы сипаттамасына және көрсеткіштерін талдау;
  • зерттеу тақырыбының оқытушылық деңгейде ұйымдастырылуын қарастыру.

Диплом жұмысының нысаны: Колледж студенттерін оқыту кезіндегі іскерлік ойындардың рөлі, жағдайы, мәселелерінің шешілу жолдары.

Іскерлік ойын арқылы оқыту әдістемесінде білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

1) мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде) ;

2) өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде) ;

3) шағын топтармен (топпен жұмыс істеген кезде) ;

4) белгілі бір топпен, аудиториямен (сауалнама алғанда)

5) кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т. б. ) .

Диплом жұмысының пәні: Ақтөбе гуманитарлық колледжінің бастауыш білім беру факультетінің БК-205 тобы.

Диплом жұмысының әдістері:

Іскерлік ойын арқылы оқыту әдістемесі кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;

-оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;

-педагогикалық қолдау көрсету.

Диплом жұмысының дереккөздері: еліміздің және шетелдік ақпараттық сайттар, ғылыми зерттеулер мен мақалалар, газет-журналдар, теларналар, ғылыми кітаптар.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы негізі 4 бөлімге құрылған: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Кіріспе бөлім 2 бөлімшеден тұрады, негізгі бөлім 2 тақырып, 4 бөлімшеден тұрады.

Ең алғаш іскерлік ойындар Кеңес одағында ойлап табылып, 1932 жылы М. М. Бирштейннің ұйымдастыруымен Ленинградтағы Инженерлік-Экономикалық Институтында өткізілген. Кейіннен 1938 жылдары іскерлік ойындар ғылыми бағытта қолданыла бастағандықтан, тиым салынды. Бұл әдістің екінші қолданысқа келуі 1960 жылдарда Америка Құрама Штаттарында орын алды. Қазіргі уақытта Қазақстанның кәсіби білім беру орындарында да аталған әдістің қолданылуы жиілеп, іскерлік ойын - мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастыруымен жоспарланған, ойын сценарийі арқылы мақсатты оқыту формасының ең тиімдісіне айналды [1, 202б. ] .

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтың, Ш. Таубаевтың, Т. Қабдықайыровтың, С. Көшімбетованың т. б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары мен оқу барсында ікерлік ойындарды қолдануды жан-жақты қарастырылады.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді. Біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, азамат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала, студент үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, -деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану жас маманның болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педогогикалық мақсаттар.

Оқу үрдісінде оқушылардың белсендігінарттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралыжазылған еңбектерді атап өтсек, олар Ы. Алтынсарин, О. А. Абдуллина, Ю. к. Бабанский, В. А. Сластенин, А. Е. Щуркова.

Ойын ешқашан білімнің мазмұны мен құнын төмендетпейді, қайта мазмұнын толықтыра түседі. Сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындар мынадай түрге бөлінеді: иммитациялық (қимыл -қозғалыс), проблемалық (тақырыптық, ) сюжеттік (драма), ситуациялық, шығармашылық, рольдік, іскерлік (басқару), ұжымдық (командалық), нәтиже көрсету ойыны болып бөлінеді.

Ойын логикалық ойлауды дамытады, сөйлеу этикеті, коммуникативтік дағдылар. Іскерлік ойын- кәсіби қызметті модельдеу, сондықтан оны қамтуы керек мұғалімнің қызметінде туындайтын барлық жаңа және прогрессивті жаналықтардың барлығын жасауы тиіс.

Болашақ мұғалімдердің біліктіліктерін қалыптастыру кезінде ойындар шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді:

- студенттерді өз пікірін қалыптастыруға, дұрыс білдіруге, дәлелдеуге үйрету, көзқарас, пікірталас, балама пікірді құрметтеу; конструктивті салу
командадағы тиімді қарым-қатынас; ымыраға келу, диалогқа ұмтылу;

- пікірдің кең ауқымын талдап, мәселені шешуге шығармашылық көзқараспен қарау;

- оқу үрдісінде ынтымақтастық идеясын жүзеге асырады, психологиялық-микроклимат, достық атмосфераны қалыптастыру;

- колледждегі оқу процесін демократиялық деңгейге көтеру.

І ТАРАУ

ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

  1. Іскерлік ойындардың іс-әрекеттілік қызметі

Елімізде білім жүйесін дамыту талаптарына сай оқушыларға терең білім және тәрбие беру, оларды жан - жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі. Білім және тәрбие беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және біліктілігін қамтамасыз ететін үздіксіз үдеріс.

Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін - өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Мектептерде білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі оқушылардың болашақ құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.

«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үдерісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үдерісінде «құзыреттілік» ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы. Оқыту үдерісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар береді.

Құзыреттілік ең алдымен оқушылардың ақпаратты сауаттылығы мен кез - келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Оқушы қоғам талабына сай өзін - өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым - қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т. б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті бола алады.

Ғалымдардың еңбектерінде оқушылардың құзыреттілігін анықтау кезінде компонентерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтаған.

Мақсат - міндеттеріне қарай өлшемдер когнитивтік, эмоционалдық - құндылықты, іс - әрекеттік деп ажыратылады.

Когнитивтік өлшем қажетті ақпаратты таңдау және бағалауын, проблемалық жағдаяттарды шешуін, ғылыми әдебиеттерге талдау жасауын көрсетеді.

Эмоционалдық - құндылықты өлшем білімге деген қызығушылығынан және белсенділігінен, топты қарым - қатынастық құндылық ретінде тануынан көрініс табады.

Іс - әрекеттік өлшем ұжымдық өзара қарым - қатынасқа түсуді, өзара міндеттер бөлісуді, іс - әрекет нормаларын бірлесе меңгеруді, топтық пікірталастарда белсене араласуды қажет етеді.

Анықталған өлшемдер негізінде студенттердің құзыреттілігінің қалыптасу деңгейлері анықталды.

Жоғары деңгейде студент өз ойын еркін түрде баяндайды, мәселені толық ашып көрсете алады. Қосымша құралдарды, атап айтқанда вербальды және вербальды емес құралдарды сауатты пайдаланады, мәселені шешуде шынайы қызығушылық танытады, білуге қызығушылығы басым, топтық қарым - қатынасты орнатуға бейім; диалог, пікірталаста ақпараттың талап етілетін мазмұнын шығармашылықпен қабылдайды, диалогқа, талқылауға белсенді араласады, топтық жұмысты орындау барысында міндеттерді белгілейді.

Орта деңгейде студент өз ойын оқытушы жетекшілігімен ғана түсіндіре алады, мәселені баяндайды, қосымша құралдарды толық пайдалана білмейді; мәселенің шешімін оқытушының талап қоюымен іздейді, шешімін өз бетімен табуға сенімсіз, қатесін табады, бірақ оны түзете алмайды, қарым - қатынас орнатуда білімді мақсат тұтпайды, диалогты ұйымдастыруда енжар, диалог аясында әріптесінің пікірін тыңдайды, топта топтық жұмысты орындау барысында міндеттерді бөліседі.

Төмен деңгейде студент қарапайым үлгідегі тапсырмаларды орындайды, мағыналық құрылымда бағдар жасай алмайды, ойы шашыраңқы, мәселені шешуге қызықпайды, топта енжар, оқу материалының тек кейбір бөліктерін қабылдайды, топтық жұмысты ұйымдастыра алмайды, топта негізінен орындаушы қызметін атқарады, топтық пікірталастарда белсенділік танытпайды [2, 20-22 бб. ] . .

Сонымен қатар жаңа технология жүйесінде проблемалық іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Студенттер әр түрлі проблемаларды талдайды. Оны шешудің жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Негізінен алғанда іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.

І кезең - дайындық кезеңі, яғни рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарын жинау.

ІІ кезең - ойын кезеңі, оған оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау.

ІІІ кезең - қорытындылау, оған проблеманы шешуді тиімді жолдарын іздестіру.

Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік әлеуметтендірушілік маңызы зор.

Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, сол қабілетін белсенді ету іскерлік ойын жүргізудің - басты мақсат. Әсіресе, студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс - әрекеттер ұйымдастыруға бағдар жасау тиімді. Ол жүйе мына төмендегідей болып келеді:

1. шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар;

2. әр түрлі анықтамалармен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар;

3. ғылыми әдебиеттерді оқуға баулу;

4. жарыстар, сайыстар әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру;

5. интернет, телеарна мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы жаңалықтармен таныстырып отыру [3, 12-13 бб. ] .

Осы әдістерді сабақта қолдана отырып студенттердің ойлау тәсілдерінен бақылауға болады. Берілген материалдан студент ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданған студенттің сөзінен, тұжырымынан байқауға болады.

Рөлік және іскерлік ойындар негізінен сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады. Бұл ойын қызығушылықты тудырып, шетел тілін меңгеру кезінде қолдануға үлкен септігін тигізеді. Ойында ойыншының кәсіби-педагогикалық ойлау образына енуі, ойынның басты талабы болып табылады. Мұндай ойынның мақсаты-проблемалық тілдік жағдаяттарды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық рөлдік жолмен шешудің жүйесі болып табылады. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармен салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретінде қарастырылады. Ойыншы белгілі ережелерді қолдана отырып, ойынның толық мағынасын түсініп, талдау жасай отырып, алда болатын өзгерістерді жобалай білуі қажет. Әртүрлі педпгогикалық тілдік жағдаяттарды моделдеу арқылы тіл меңгеруші меңгеріп жатқан тілінде әрбір ойын кәсіби түрде толық жеткізе білуге бағыттайды. Осылайша ойлау қабілеті нәтижесінде ойыншылар педагогикалық образдарға толығымен ене отырып, қандай өзгерістердің болатынын түсіне алады. Ойыншыларда педагогикалық үрдіс моделінің біркелкі образы ойында болған әртүрлі жағдаяттар негізінде қалыптасады. Бұл модель жеке тұлғалық сипатқа ие болады және ойын кезіндегі ойыншының жасаған іс-әрекетінің шеңберінде ойыншының өзін-өзі ұстай білуі, үйреніп жақан тілінде өз ойын еркін жеткізе білуін және де әр ойыншының өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты да қалыптасады. Сонымен қатар, іскерлік ойындардың барысында әр ойыншыда өзін басқалардың көмегімен, яғни сырт көзбен қадағалау және де басқаларды да танып білу қабілеті де қалыптасады. Өздеріне берілген тапсырмаларды бірігіп шешу өзіндік нәтиже шығарумен қатар басқалармен де бірігіп жұмыс істеу және ой тудыру әрбір ойыншыда қалыптасатын жайт. Яғни кезінде кеңес үкіметіндегі: «Біріміз үшін бәріміз, бәріміз үшін біріміз!» - деген ұран сияқты, тіл үйренушілер ойын барысында бір-бірін қолдау арқылы тілді меңгеруі мақсат етеді. Сонымен қатар, ойының негізгі шартты моделдері ойын арқылы және ойын барысында жинақталған іс-әрекеттер негізінде тілге деген жақындықтарын сезініп, қолданыс аясын кеңейте бастайды.

Іскерлік ойында ойыншыларда екі түрлі көзқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда қарым-қатынаста болады. екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез ұғынылады сондай-ақ төзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік қалыптасады.

Білім алу үрдісі, оны толықтыру, негізін түсіну екі кезеңнен өтеді:

- ойын барысында: образ арасындағы қарым-қатынас кезеңі;

- қорытындылау кезеңінде: пікірталас кезеңі.

Ойын шартында ойыншыларға таныс жайттар көп кездессе және олар образға толық кіре алса ойын қызықты да мағыналы болып өтеді.

А. А. Вербицкий өзінің еңбегінде іскерлік ойындарды маманның болашақтағы кәсіби жұмысының пәндік жіне әлеуметтік мазмұнын қалыптастырудың мазмұны ретінде қарастырады.

Л. В. Ежова іскерлік ойындар арқылы өндірістік мекемелерге мамандар даярлауға арналған ойындарды төмендегідей топтастырады:

1. уақытқа байланысты: уақыты шектелген, уақыты шектелмеген, уақыты дәл нысаналы (дәл қазір), уақыты өлшенген (тығыз) ойындар;

2. Соңғы нәтижеге байланысты: талапты қатал ойындар (алдын-ала жауабы белгілі және ережесі қатал, мысалы: желілі график ойыны, түрлі викториналық ойындар және т. б. ) ; ашық ойындар (алдын-ала жауабы жоқ және ережесі тұрақсыз) ;

3. Мақсатқа байланысты: оқуға арналған, бекітілген, ізденіске арналған ойындар;

4. Жүзеге асыру тәсілі бойынша: Лақтыру (көл, монополия т. б. ) ; рөлдік ойындар; топтық дискуссия ойындары; имитациялық ойындар және т. б. Мысалы «Оқыту кеңесі» атты ойында қатысушылар реферат жазады, сосын араларынан төрт ең үдігі таңдалынып алынады. Студенттер өз жұмыстарын рецензенттер алдында қорғап шығады. Соңында рецензенттер шешімдері бойынша ғылыми дәрежені тағайындайды.

Сабақ барысында рөлдік ойынды келесідей ұйымдастыруға болады:

1. Проблема (тақырып) айқындау. Оқытушы студенттерге алдан-ала талқылауды, пікір таластыруды қажет ететін тақырып немесе шешімі қажет проблеманы ұсынады. Студенттер жекелей тақырып немесе проблеманы қарастырып, ұсынылған әдебиетпен танысып, сабаққа дайындалып келеді.

2. Рөлдік топтарға бөліну. Бұл әрекет сабақтан тыс уақытта өтеді: студенттер әртүрлі көзқарастар мен позицияларды ұстанған топтарға бөлінеді (әр топта студенттердің саны 10-нан аспағаны дұрыс) . Студенттердің командалары пікірталастағыдай ұстанған көзқарастар бойынша жасақталмай, басқа тұрғыдан жасалуы керек, өйткені ойында студенттер басқа біреудің позициясын ұстанып, проблема шешудің жолдарын қарастырады.

Егерде рөлдік ойында ауқымды мәселелер талқыланатын болса, онда студенттер қоғамның негізгі саяси және әлеуметтік топтары немесе олардың мүдделерін жақтайтын саяси партиялар, кәсіпорындар, компаниялардың рөлдерін «ойнайды». Ал егер ойын қандай да бір әлеуметтік маңызы бар проблеманы көпшілік тұрғысынан шешуге бағытталса, онда студенттер пікірлер мен көзқарастар тұрғысынан бөлінеді: «жақтаушылар» немесе «қарсы шығушылар», «жаңашылдар» немесе «консерваторлар».

Мұндай топтардың кемінде екеу болғаны дұрыс. Алайда қоғамда сан алуан пікірлерді туғызатын мәселелерді қарастырғанда (мәселен, ұлт мәселесі, экономикалық дағдарыс, рухани ахуал), топтар санын ұлғайтып жіберуге де болады. Бірақ олардың жалпы саны 4-5-тен аспағаны дұрыс, өйткені рөлдердің көптігі талқылауды бөлшектеп жіберіп, сабақты ұйымдастыруды қиындатуы ықтимал.

Топ ішінде де студенттер жеке рөлдерге бөлінуі мүмкін. Мұндай бөліну екі тұрғыдан жүзеге асырылады:

1) Лауазымдық тұрғыдан, яғни әлеуметтік топ ішіндегі қызметтеріне сәйкес бөліну. Мысалы, егер студенттер тобы өкімет рөлін ойнайтын болса, онда студенттер премьер-министр, министрлер рөлдерін өзара бөліп алуы керек.

2) Қызмет (функция) тұрғысынан, яғни топ ішінде ұстанатын позиция мен атқаратын әрекеттерге сәйкес бөліну. Мәселен, студенттер жоғарыда келтірілген көшбасшы, ынталандырушы, күмәнданушы, сынаушы, т. б. рөлдерді өзара бөліске салуы мүмкін.

3. Рөлдерді талқылау. Рөлдер таңдалғаннан кейін, студенттер топ ішінде олардың басты ерекшеліктерін айқындап, қандай позиция ұстанып, рөлдерді қалай ойнау керектігін талқылайды.

4. Өз ұстанымын дәйектеу. Топтар өз ұстанымын құрастыру үшін бірнеше беттік баяндама жасайды. Баяндаманы дайындау кезінде студенттер өз әрекеттерін таңдап алған рөлдері бойынша атқарады.

5. Жариялау. Әрбір рөлдік топ берілген тақырып (проблема) бойынша өз позициясын жариялауы керек. Бұл үшін топ атынан спикер берілген уақыт ішінде (5-8 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, оларға топ ұстанымын жеткізеді.

6. Пікірталас. Студенттер өз позицияларын негіздейді, дәлелдейді. Олар мұнда басқалардың пікірімен санасу, бітімгершілікке келу, мағыналы сөздерді демагогиядан ажырата білу секілді дағдыларды меңгереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері
Колледждегі математика курсына қатысты аталмыш проблема
Кәсіптік оқыту саласындағы педагогикалық технологиялар
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қызметін жетілдіру ұйымдастырушы экономикалық аспектілері
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Дуальды оқыту үдерісін жоспарлау
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Қазақ облыстарының автономиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz