ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛУЫ


қЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛУЫ МЕН ЖАРИЯЛАНУЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘДЕБИЕТІ
- Қазақ фольклоры және оның эпос жанры жайында
- Шетелдегі қазақтар әдебиетінің маңыздылығы
1. 3 Қытайдағы қазақтардың әдебиеті мен сөз өнері
2 ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛУЫ
2. 1 Қытайдағы қазақтардың әдеби мұраларының зерттелу кезеңдері
2. 2 Фольклорлық жырларға талдау
2. 5 Ғалымдар мен әдебиетшілердің зерттеу жұмыстары
3 ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІН ТАЛДАУ
3. 1 Зерттеу нысанындағы жырлардың поэтикасы
3. 2 «Демежан батыр» жыры нұсқаларының өзіндік ерекшеліктері
3. 3 Қытайдағы қазақтардың еңбектерінің жариялануы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Әдебиет - асыл мұра, ұлы ғылым саласы. Қазақ әдебиеті - ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жеткен рухани, мәдени қазынасының алтын қоймасы.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ертеңіміз бен бүгінімізді түгендеп, тіл мен дінге, білім мен ғылымға, әдебиет пен өнерге және басқа да құндылықтарымызды зерттеп, зерделеп қалыптаса бастадық. Біздің асыл мұраларымыздың сақталуына ерекше қамқор болған шетелдегі қазақтардың алар орны ерекше.
Алыс-жақын шетелде қазақ халқының үштен бір бөлігіне жуық қандастарымыз өмір сүретіндіктен олардың тудырған әдебиеті, өнері, рухани құндылықтары қазақ халқының бай мәдениетінің бөлшегі болып табылады.
Кез келген елдің әдебиетін сол елдің тарихынан бөле қарау мүмкін емес. Себебі, әдебиет сол елдің тыныс-тіршілігінің, тұрмысының бірден-бір айғағы. Елдің жайы, сол елдегі саяси ахуал міндетті түрде сол елдің әдебиетіне әсер етпей қоймайды. Бұл тұрғыдан алғанда, Моңғолиядағы, Қытайдағы қазақ әдебиетін де сол елдердегі қазақтар тарихынан бөле қарауға болмайды. Әдебиет пен тарихты бір-бірінен ажыратылмас ұғымдар деп қарастыратын болсақ, онда Моңғолия, Қытай қазақтарының әдебиетінен де сол халықтардың тұрмыс-тіршілігінің нақты бейнесін көруге болады.
Халқымыздың дәстүрлі мәдениеті мен рухани қазыналары сақталып қалғандығын, оны жинау, зерттеу ісі маңызды екендігін Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Біз көрші елдерде қазақтың қаймағы бұзылмаған ұлтымыздың аса құнды рухани мұралары сақталғанын жақсы білеміз. Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет министрлігіне экспедициялар ұйымдастырып, осындай құнды мұраларды жинақтауды тапсырамын» [] деп атап өткен болатын. Өйткені шетелдегі қазақтардың фольклорлық мұралары бүгінге дейін жүйелі, мақсатты, кешенді ғылыми нысанға айналмағандығы белгілі.
Қытай қазақтары мекендеп отырған байтақ Қытай жері- ежелден-ақ қазақ ұлтын құраған ру-тайпалардың ата қонысы. Мұны Қытай жазбаларының қай -қайсысы да терістемейді. Біздің заманымыздан бұрынғы жылдардан бастау алатын жазба деректер қазақты құраған ру тайпалардың сол дәуірлерде ақ бүкіл Қытай өңірінде, жүйеден Шыңжаңда жасағандығын айғақтап отыр. Қазақтардың екі мемлекетке бөлініп қоныстануы 1864 жылғы “Қытай -Ресей батыс солтүстік шекараны өлшеп айыру тоқтамынан” басталды. Деректерге қарағанда, бұл тұста Абақ керейдің түтін саны 30 мыңға, егер бір отбасында бестен жан бар деп есептесек, жан саны 150 мыңға жетті. Бұл тоқтамның бесінші тармағында былай делінеді: “Қазақ халқы бұрын қай жерді қоныстанып келген болса, бұдан былай да сол жерді қоныстанып, байырғы мекендерінде отырып, бұрынғы кәсіптерін істеп, бейбіт өмір өткізе береді. Шекара айырылғаннан кейін бұл жер қайсы мемлекетке қараса, сол жерді мекендеген адамдар жерімен сол мемлекетке қарайды”. Бұл тоқтамға қазақтар арасында наразылық туылды. Қоныс аудару, толқулар көбейді. Сонымен Қытай мен Ресей елдерінің шекараны өлшеп, айыруға шыққан ұлықтары ақылдаса келіп, бұрынғы тоқтамға мынадай қосымша мазмұндар кіргізді: “Шекара айырылғаннан кейін осы шекараның екі жағын қоныстанған қазақтарға қайсы елге қарауды таңдап алу үшін бір жылдық уақыт беріледі. Осы бір жыл ішінде қайсы мемлекетке қарасты болуды олар өз еркімен таңдап алады. Қайсы мемлекеттің қарамағына өтуді қаласа, сол мемлекетке бөлінген жерге өтіп қоныстанады. Бұл олардың бүтіндей өз қалауы бойынша болады”. Міне, осылайша сонау атамзаманнан бері іргесі бөлінбей, ауылы аралас, қойы қоралас болып келген қазақ елі екіге жарылып, Қытайдағы қазақ диаспорасы қалыптаса бастады.
Қытай жерiнде бiр миллион бес жүз мыңға тарта қазақ тұрады. Әр жылғы Қытай мәлiметтеріне сүйенсек, 1949 жылы, яғни коммунистiк Қытай қазақтарға өз үстемдiгiн жүргiзе бастаған кезеңде, 443700 қазақ болған. Бұл сан әр жылы шамамен 20 мың боп өсiп отырған. 1960 жылға келгенде қазақтардың саны 541600-ге жеткен. Осыдан екi жылдан кейiн, атап айтқанда 1962 жылға келгенде қазақтардың саны 487400-ге құлдыраған. Демек, екi жылдық туу санын қосқанда 100 мың адамның кемiгенi жасырын емес. Бұл 1962-жылғы ұлы көш және көштен кейiнгi қолдан жасалған аштықтың салдарынан екенi айдан анық. Осыдан кейiнгi жылдарғы өсу салыстырмасы кей жылы 20 мың, кей жылы 30 мыңдық қарқынмен артып отырған. Сөйтiп, 1990 жылға келгенде ондағы қазақтардың саны бiр миллион екi жүз мыңға жеткен. Бiр қызығы, осыдан кейiнгi мәлiметтер аса айқын емес. Әсiресе, 1995 жылдан 2007 жылға дейiнгi мезгiлдегi өсу салыстырмасы айқын көрсетiлмеген. Демек, бұл ресми емес деректердегi Қытайда екi миллион қазақ тұрады дегендi терiске шығармайды.
Диплом жұмысының тақырыбы: « Қытайдағы қазақтардың фольклорлық мұраларының жиналуы мен жариялануы».
Диплом жұмысының өзектілігі: Қазақ ұлты әдебиет пен мәдениетке, өнер мен білімге өте бай халық. Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұраларын сақтау, оны кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің басты міндеттеріміздің бірі десек те болады. Осы тұрғыдан алғанда әдеби мұрамыздың сақталуына зор ықпалын білдіретін шетел қазақтарының еңбектері мен жасап жатқан жұмыстары мақтанарлықтай. Зерттеу жұмысының өзектілігі ретінде елбасы Н. Назарбаевтың: «Ұлттың рухани өмірі, оның мәдениетіне байланысты әлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан тарихи, әдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену, бұрын мән бермей келген халықтану, шығыстану, түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою, ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу ісін жетілдіре түсу - бүгінгі маңызды міндеттеріміздің қатарына кіреді», - деп әдебиетті зерттеуге міндет жүктейді. Назарбаев Н. Құшағымыз бауырларымызға айқара ашық // Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы (құжаттар жинағы) - Алматы: Атамұра, 1993. - 280 б. Сонымен қатар академик С. Қирабаев: “Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі” 2, 17-б. - деп шетел қазақтарының еңбектерін жоғары бағалайды. . Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. - Алматы:Білім, 1995. - 288 б. Б. 14-15 -
Диплом жұмысының мақсаты: Шетел қазақтарының, оның ішінде қытай қазақтарының фольклорлық мұраларының жиналуы мен жариялануын зерттеу, әдеби мұрамыздың сақталуындағы орнын айқындау, еліміздегі әдебиет өнерінің зерттелуін дамыту.
Диплом жұмысының міндеттері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz