Терминология және медициналық терминдер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

1 МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ 8

1. 1 Терминология және медициналық терминдер 8

1. 2 Медициналық терминдердің қазақ тіліне аударылу тарихы 16

2 МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ 22

2. 1 Медициналық терминдердің аударылу тәсілдері мен қолданысы 22

2. 2 Терминдердің аударылуындағы қателіктер 32

2. 3 Қысқартылған терминдердің аудармада берілуі жолдары 38

ҚОРЫТЫНДЫ 43

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 47

КІРІСПЕ

Мемлекеттік тіл - елдігіміз бeн егемендігіміздің айнaсы, бірлігіміз бен біліміміздің көрсеткіші. Қaзіргі кeзде қaзақ тiлінiң сөздiк қoры жылдaн жылға жаңару үстінде. Еліміз егемeндік aлғaлы, қазaқ тілi мeмлекeттік тiл мәртебeсiне ие бoлып, сөздік қoрды сaлaлық атау - терминдердің қазaқшa аудaрмaлары тoлтырып кeлeді. Бұрыннaн бар барлық терминдер жаңа тұрғыдан қарастырылып бір жүйеге, бір стандартқа келтірілуде. Тілдің күрделі терминологиялық, терминографиялық мәселелерін шешуде тұңғыш рет жарыққа шыққан "Ағылшынша - қазақша медициналық сөздік"(авторлары проф. Т. ӘМомынов, проф. А. Рақышев) үлкен үлес қосты.

Терминология әдеби тілдің өркениетке иек артқан аса маңызды әрі өте қомақты ғылым саласы. Өйткені егемендіктің мәні, қазақ халқының тағдыры, тіліміздің тағдыры өркениет талаптарына сай ұлттық терминологияға тәуелді.

Медицина білімі - мемлекеттік тіл аясында дамып келе жатқан уақытта медицина саласының атау терминдері өркендеу үстінде. Көптеген терминдер анықталып, ақырындап бір жүйеге келіп жатыр. Бірақ әлі де болса латынша, орысша атауларды әр автор әр түрлі атап жүр. Терминнің мағынасын түсінбей қолданудың салдарынан, кейбір кезде, оқушы қауым жаңылысып та жатады. Медицина саласында мемлекеттік тілде сапалы білім берудің басқа да салаларға қарағанда біршама өзгешіліктері бар. Қалыптасқан медициналық терминдерді қазақшалау, оларды біріздендіру - медицина саласында мемлекеттік тілді енгізу бойынша қойылып отырған басты талаптардың бірі. Ғылыми тұрғыдан алғанда да медициналық терминдердің бірізденбеуі өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Сондықтан да, мемлекеттік тілді медицинаға енгізудің өзекті мәселерін шешу үшін ең алдымен, ортақ терминдерді қазақшалап түсіндірме берумен қатар, қазақ тіліне аударылған терминдерді тездетіп біріздендіру мәселерінің шешімін тапқан жөн.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халқымыз бекер айтпаған. Медицина саласын қазақшаландыру саясаты қазақ тіліне жанашырлық танытқан әр адамның азаматтық парызы болу керек.

Зерттеудің өзектілігі: аударма - ел мен жерді, мәдениет пен өнерді жалғаушы құбылыс. Аударма арқылы шет ел мәдениетімен, ғылым - білімімен таныса аламыз. Сондай-ақ, тілдің даму үдерісіне аударма қызметі зор үлесін қосуда. Аударма - өте күрделі. Түпнұсқаны дәл жеткізе білу аудармашы үшін маңызды іс.

Бүгінгі таңда терминология мәселесі өзекті тақырыптардың бірі, өйткені терминдер ғылым тілінің көрсеткіші. Терминдерді аудару - өте маңызды әрі жауапты іс. Себебі, терминнің бір мағыналы және дәл болуы шарт.

Термин - баршаға ортақ, түсінікті болуы қажет. Терминдерді аудару үшін аудармашыға ұқыптылық, екі тілді жетік меңгеруі аса қажет болып табылады.

Ана тілімізге аудару арқылы термин қалыптастыру - ұлтқа да, көпшілікке де тиімді болмақ.

Ғылым мен білімнің дамуы барысында жаңа сөздердің пайда болуы қалыпты жағдай. Сондай сөздердің қазақ тіліне аударылып, жаңа атауға ие болуы ана тіліміздің көркеюіне үлкен жол ашпақ. Ұлттық терминологиямыздың сапалы терминдерімен толығуына сала ғалымдары көп еңбек сіңіруде.

Зерттеу мәселесі : медициналық терминдер қазақ тіліне қалай аударылып жүр? Қоғамдағы терминдер аудармасының іске асуын қарастыру. Аударма қателіктерінің оқу құралдарында берілуі, терминдер аудармалары қай тілде көбірек қолданылады? Ғылыми зерттеуде осы секілді сұрақтарға жауап қарастырылып, талдау жұмыстары жасалынды.

Зерттеу нысаны: жалпы медицина саласындағы термин сөздердің қазақ тіліне аударылу үрдісі.

Зерттеу пәні: медициналық терминдердің қазақ тіліне аударылу ерекшелігі.

Зерттеу мақсаты: жұмысымыздың мақсаты - медициналық терминдердің қазақ тіліне аудару ерекшелігін анықтау. Яғни, медициналық терминдердің қазақ тіліне аударылу тарихын саралап, пайымдау, терминдердің аударылу тәсілдері мен қолданысын анықтау, сондай - ақ терминдердің аудармадағы қателіктерін қарау.

Медицина саласының термин сөздерінің шет тілдерінен қазақ тіліне аударылу барысындағы ерекшеліктері мен мәселелерін қарастыру. Медициналық терминдердің аударма тәсілдерін және зерттеу жұмыстары нәтижесінде терминдердің қолданысын анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: медициналық терминдер аудармалары әлі де бірқалыпты сарынға түсе қоймады, сондықтан болашақта зерттеуді қажет етеді. Қазақ тіліндегі аудармаларына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аударма қателіктерін анықтау ұлттық медициналық терминнің қалыптасуына жол ашады.

Зерттеу міндеттері:

  • медициналық терминдердің қазақ тіліндегі аудармаларына қатысты жинақтар мен сөздіктерді, ғылыми мақалаларды жинақтау;
  • мерминдердің қолданысы жөнінде сауалнама жүргізу;
  • медициналық терминдер аудармаларының қателіктерін және аударылу тәсілдерін анықтау;
  • аударма баламаларының түпнұсқалық мағынаны сақтауы.

Зерттеу әдістері:

- ғылыми - сараптама жүргізу (сауалнама, сұқбат) ;

- тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін статистикалық өңдеу.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:

  • медициналық терминдердің қазақ тіліне аударылу тәсілдері және олардың қоғамдық қолданысы;
  • ағылшын және орыс тілдеріндегі терминдердің қазақ тілінде қалай нақты жеткізуге болатынын көрсету;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

  • медициналық терминдердің қазақ тіліне аударылуындағы қателіктерді көрсетіп аударма сапасына баға беру.
  • термидердің қазақ тілінде нақты, дәл жеткізілуне байланысты балама ұсыну.

Диплом жұмысының дереккөздері: медициналық қазақша-орысша-ағылшынша сөздіктер, медицина саласына арналған газет - журналдар, профессор - ғалымдардың ғылыми еңбектері.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспе, тараушаларға бөлінген үлкен екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшадан тұрады.

1 МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ АУДАРМАДА БЕРІЛУІ

1. 1 Терминология және медициналық терминдер

Аударма - бір тілде берілген мәтінді басқа бір тілге түпнұсқадағыдай дәл әрі толықтай қайталайтын тілдік құбылыс. Тiл ғалымдарының деректерiн нeгiзгe ала отырып, қaзiргi тaңдa дүниeдe 2796 тіл бaр eкeнін ескeрcек, аудaрмa қызмeтінің қaншaлықты мaңызды eкeнін білeміз. Аударма қай заманда болсын сұранысқа ие болған. Аударма екі тілді халықтың дәнекері. Халықты рухани жағынан байыта отырып, әлемге жол ашатын бірден бір қақпа деуге болады. Аударма үдерісін іске асыратын - аудармашылар. Аудармада ең бастысы - түпнұсқаның идеясын, мақсатын, мағынасын аша алатын толық сәйкес балама табу.

Аударма жұмысы - күрделі құбылыс. Оның күрделілігі түпнұсқа тілін аударылатын тілде қайта жасап шығу.

Аударматану ғылымы қалыптасып, күннен - күнге дамып келе жатқан құбылыс. Қай заманда болмасын аударма зор маңызға ие. Ғылым мен техниканың жаһандану заманында аударма ісі бұрынғыдан да жоғары сұранысқа ие бола бастады.

Қазақ аударматану ғылымы сонау Абай аударған Лермонтов, Толстой, Крыловтан бастау алады. Алғашында қазақ тіліне аудару сатылай аудармадан басталған болатын, яғни орыс тілінен сатылай аударылып, шетел тілдеріндегі аударамалар қазақ оқырманына жол тартты. Аударма арқылы қарапайым халық басқа ұлтпен танысты. Өзге елдің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін сезіне алды деуге де болады. Абайдан бастау алған аударма ісі кейіннен қазақ зиялыларының еңбектерінен де айқындала түсті.

Аударма үшін дәлдік, ықшамдылық, айқындылық, әдебилік сынды талаптар қажет. Аударманың өзіндік ұстанымдары, қағидаттары, қойылатын талаптары, шегі болады.

Аударма үдерісі - ел мен елдің тілдік, саяси - әлеуметтік, экономикалық қарым - қатынастарына әсер ететін, күрделілігі басым жан - жақты сала. Аударма үдерісі екі тіл арасындағы шарттардың орындалуынан іске асатын қызмет. Аударма бір тілдегі мәтінді екінші бір тілге жазбаша немесе ауызша түрде қайталап жеткізу болып табылады, сондай-ақ басқа тілдегі мәтінді басқа тілдік құралдармен жеткізу. Аударманы - халықтар арасын байланыстыратын, олардың рухани өмірін жалғастырушы қызмет деп айтуға болады.

Аударма өз тілінде жеке, дaрa қaсиeтке иe бoлaды. Аудaрмa сол елдің мәдениeтіне, хaлықтың қабылдау дәрeжесінe сaй аудaрылaды. Аударма саласының өзіндік аударылу ерекшеліктері, қыры мен сыры, әдіс - тәсілдері бар. Аударма мәтіндері негізінен екі топқа жіктеледі: әдеби аударма және ақпараттық аударма.

Осының ішінде ақпараттық аудармаға келетін болсақ, ол - ғылыми аударма. Ғылыми аударма саласында маңызды бірліктердің бірі - термин.

Қай ғылым саласын алсақ та, шешімі табылмай жүрген мәселелердің бірі - термин мәселесі. Терминдер аудармасы аударматану саласында өте маңызды орын алады және үлкен шешімді қажет ететін күрделі мәселе. Бұрын әрбір жаңа терминді қазақ тіліне аудару керек деген пікірлер кездесіп жатса, қазіргі күнде халықаралық дәрежеде қолданылатын терминдерді сол қалпында қалдыру жөнінде ғалымдар ортақ шешімге келуде.

Жaлпы термин дегеніміз не? Термин (лат. terminus-шек, шеті шекарасы деген мағынада) - ғылыми ұғымға айқын анықтама бeрeтін, oның мaғынaлық шeгін дәл көрсетeтін сөздeр. Қандай сөз болса да көп мағыналы болып келеді, бірақ сөздің мағынасы тұрақты, айқын болуы қажет. Термин -сөз. Сөз деген -құдірет, сөз- деген құпия. Термин - қысқа да нұсқа нақты бір жақты ұғымды білдіруі шарт. Терминді зерттейтін ғылым саласы - терминология болып табылады.

Термин - ғылым мен техника саласында қолданылытын, белгілі бір өндіріс саласындағы ұғымдар атауы.

Терминдер негізінде екi түрлi жолмен жacaлады:

1) баламасы бар терминдер;

2) қазақ тіліндегі баламасы жоқ интернационалдық терминдер;

Терминдер әр кезде қоғамның дамуына байланысты үнемі жаңарып, жаңа терминдермен толысып отырады. Осы терминдердің жаңадан қолданысқа енуі қүрделі құбылыс болып келеді.

Терминология - күрделі сөздердің, бір сала терминдерінің жиынтығы, терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы, оның қолданысын зерттейтін ғылым болып табылады.

Терминологияны жасалу кезеңі мен оны құрайтын терминдердің құрамына, жасалу тәсілдеріне, тілдерге қатысына қарай сипаттайды. Терминологиялардың өзіндік сипаттарын анықтау үшін, соған байланысты терминтануда нақты сипаттарын білдіретін терминдер орныққан.

Терминологияның тарихи сипаты - терминологияның жасын, жасалу тәсілдерін, байырғылығын, жасалу үлгілерін, тұйықтығын, тұрақтылығын көрсету арқылы анықталады.

Терминологияның жасы - белгілі бір саланың бөлініп шығу кезіне сәйкес мағынаны арнайыландыру арқылы жасалған терминдердің пайда болуының орташа уақытымен өлшенетін мерзім.

Терминологияның жасалу тәсілдері - терминжасамның әр түрлі тәсілдерімен (лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) жасалған терминдердің ара-салмағын анықтау. Бұл белгілі бір саланың терминжасам үрдісін, дәстүрін анықтап, сол саланың терминологиясын одан әрі жетілдіру үшін қажет жұмыс.

Терминологияның байырғылығы - белгілі бір терминологияның құрамындағы байырғы терминдер мен өзге тілдерден енген терминдердің ара-салмағын анықтау арқылы айқындалатын сипаты.

Терминологияның бұл сипатын анықтау - сол сала терминологиясының қалыптасуына өзге ұлттар тілдерінің әсерін және ғылыми-техникалық қарым- қатынастың бағытын анықтау үшін қажет.

Терминологияның құрылу үлгілері - бұл терминологияның тиісті білім саласының құрылу, қалыптасу үлгісіне сәйкес келетін сипаты.

Ғылымтануда білімнің жаңа салалары үш негізгі үлгі бойынша қалыптасатындығы анықталған. Олар:

  • белгілі бір арнаулы саланы бөлшектеу жөне одан жаңа саланың тармақталып болініп шығуы (хирургия - абдоминальді хирургия, торакальді хирургия немесе гигиена - коммуналдық гигиена т. б. )
  • екі ғылым саласының тоғысуы (биохимия, биофизика, математикалық логика т. б. )
  • кешенді ғылымдар мен бірнеше ғылымдардың озара байланысы негізінде қалыптасатын ғылымдар (ғылымтану, экология, информатика т. б. )

Терминологияның тұйықтығы - бір тілдегі терминологиялардың бір - бірінен терминалмасуын, сол саланың өз терминдері мен өзге саланың терминдерінің ара - салмағын анықтау арқылы көрініс бертін сипаты.

Бұл осы арнаулы салаға іргелес немесе басқа салалардың терминдерінің қаншалықты дөрежеде енгендігін және терминологияның туыстығын айқындау үшін маңызды.

Терминологияның туыстығы - бұл терминологияның туыстығы бір арнаулы сала лексикасынан болініп шыққан (генетикалық) және өр түрлі арнаулы сала лексикаларының шығу тегінің бірдей немесе ұқсас болу (типологиялық) сипаты.

Терминологияның тұрақтылығы - терминологияның белгілі бір уақыт ара лығында негізгі бөлігі мен құрылымын сақтап тұруы. Бұлар терминологияның тарихи сипатын білдіреді.

Ал терминологияның формалды сипатын көрсететін ұғымдар мыналар:

Терминологияның құрылымдық құрамы - терминдердің түрі мен құрылымдық типтерінің арақатынасы арқылы көрінетін сипаты.

Терминологияның уәжділігі - әр түрлі типтегі уәжі белгілі терминдердің жалпы пропорциясы мен арақатынасын анықтау арқылы көрінетін сипаты [19, 58] .

Сондай-ақ белгілейтін саласының сипатына қарай терминологиялар - ғылыми терминология, жалпы ғылыми терминология, пәндік терминология, техникалык теминология, жалпытехникалык, терминология, салалык, терминология немесе тарпәндік, тарсалалык, тармамандык терминология деп жіктеледі.

Терминология терминінің өзі көп мағыналы термин. Ғалымдар оның 5 түрлі мағынаны білдіретінін көрсетеді.

  • термин - сөздердің жиынтығы немесе жалпы көптеген саны белгісіз терминдер;
  • қандай да бір сала терминдерінің (ұғымдары мен атауларының) жиынтығы (медицина терминологиясы, география терминологиясы) ;
  • терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы ілім:
  • белгілі бір тілде қолданылатын белгілі бір білім саласы терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі және олардың басқа тілдердегі баламалары (эквиваленттері) туралы ілім;
  • жалпы терминологиялық ілім.

Осы көпмағыналылықтан арылу мақсатымен болса керек соңғы он шақты жыл кәлемінде Ресей ғалымдары термин, терминология мәселелерін зерітейтін ілімді терминоведение деп атап жүр. Біз де ұғымдар ара-жігінің бұлайша ажыратылуын қолдаймыз. Сондықтан да терминоведение атауын терминтапу деп қолданып жүрміз. Тілдегі барлық терминдер жиынтығын - терминология , ал белгілі бір арнаулы сала терминдерінің жиынтығын - салалықтерминология, ал обіцая терминология атауын - жалпы терминтану деп бір ізді атаған дұрыс болар деп ойлаймыз [20, 552] .

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Т. Есембековтың сыни тұрғыда айтқан сөздері көптің көңілінен шығып отыр. Оның айтуынша - «Тeрмингe қoйылaтын тaлaп бірeу : oл - қaндaй мәтiндe бoлсын, өзiнiң мaғынaсын сaқтaп тұру кeрeк. Aл қaзіргi тeрмин дeп жүргeнiмiз көбi тeрмин дeңгeйіне көтерiлмeйтін, тeк түсiнік пeн ұғымдaр ғaна. Сoндықтaн дa, кeйбiр мәтiндeрді тiптi түсiнбeйтін дәрежeгe жeттік», - деп күйінішпен жазды. Ал, В. М. Лейчик болса докторлық диссертациясында терминтану өз ішінде теориялық терминтану, практикалык (тәжірибелік), салыстырмалы терминтану, тарихи (диахрондык) терминтану, терминтанушылык мәтін теориясы, терминтану тарихы деп аталатын бөлімдерден түрады десе, С. В. Гринев және өзге де ғалымдар оның басқа да салаларын атап көрсетеді.

Олар төмендегідей:

  • Теориялық терминтану - жекелеген терминдер мен олардың жиынтығының мазмұндық, тұлғалық және функционалдық қүрылымын зерттейтін терминтанудың саласы.
  • Практикалық терминтану - терминологиялық қызмет нәтижелерін алу мен оларды пайдалану мәселелерін қарастыратын терминтанудың саласы.
  • Терминтанушылық мәтін теориясы - терминтану мен жеке мәтін теориясының тоғысқан тұсында пайда болған, күрамында терминдер кездесетін мәтіндер типологиясын және мәтіндердегі терминдер қолданысының түрлі аспектілерін (мәтінді терминологиялық талдау мен терминді мәтін арқылы талдау) қарастыратын теория.
  • Жалпы терминтану - арнаулы лексиканың барынша жалпы қасиеттері, түрлі мәселелері мен онда болып жататын процестерді зерттейді.
  • Жеке терминтану - терминтанудың белгілі бір ұлт тіліндегі жекелеген салалардың арнаулы лексикасы мен үғымдарын зерттейді.
  • Типологиялық терминтану - терминологияның жалпы қасиеттері мен әр сала терминологиясының өзіндік сипатынан туындайтын ерекшеліктерін айқындау үшін жекелеген сала терминологияларын салыстыра зерттейтін терминтанудың бір тармағы.
  • Салыстырмалы терминтану - әр түрлі тілдердің арнаулы лексикасының жалпы қасиеттері мен айырмашьшықтарын салыстыра зерттейді.
  • Семасиологиялық терминтану - арнаулы лексемалардың мағынасын (семантикасын), мағынаның өзгеруі мен көпмағыналылық, омонимия, синонимия, антонимия сияқты түрлі семантикалық қүбьшыстарға қатысты мәселелерді зерттейді.
  • Ономасиологиялық терминтану - арнаулы лексемалардың қүрьшымдық формаларын, арнаулы үғымдарға ат беру процестері мен атаулардың тиімді формасын таңдауды зерттейді.
  • Тарихи терминтану - терминологияның жасалу және даму үрдісін анықтай отырып, соның негізінде оны ретке келтіруге арналған дүрыс үсыныстар беру үшін зерттейтін терминтанудың бір саласы.
  • Функциональды терминтану - терминдердің әр түрлі мәтіндер мен көсіби қарым-қатынас жағдаят-тарындағы, мамандар даярлаудағы қазіргі кезендегі қызметін, сондай-ақтерминдердің сөйлеу процесі мен компьютерлік жүйелерде пайдаланьшу ерекшеліктерін қарастырады.
  • Гносеологиялық (когнитивтік) терминтану - ғьшыми таным мен ойлау процесіндегі терминдердің рөлін зерттейді.
  • Қолданбалы терминтану - теориялық терминтану қағидаттарының түрлі бағыттағы терминологиялық жүмыстарды жүргізуде пайдаланьшуын қарастырады.
  • Терминография-арнаулы сездіктер түзудің жалпы әдіснамасы мен нақты тәсілдерін жасауды, терминологиялық сөздіктерді түріне карай топтастыру мен жіктеудің қағидаттарын жасауды, жекелеген типтегі сездіктерге арнаулы лексиканы тандап алу мен оларды сездікте берудің, сипаттаудың, мағынасын түсіндірудің ғылыми негізделген қағидаттарын жасауды қарастыратын терминтанудың саласы деп түсіндіреді ол [19. 60-62] .

Үздіксіз зерттеліп келе жатқан терминология ғылымының, медицина саласындағы термин атаулардың жаппай қазақшалануы, тілдік қорымызда көптеген жаңа сөздердің пайда болуына себеп болуда. Яғни, мәдениет пен ғылым, техника, өндіріс пен өнердің сан түрлі салаларының аса қарқынмен дамуының салдарынан, тек қазақ тілінің емес, бүкіләлемдік сөздік қорды жаңадан пайда болған атаулар толықтырып жатыр. Олардың әр салаға байланысты өз атаулары мен ұғымдарын зерттейтін терминология саласы бар. Соның ішінде - медицина саласындағы терминология ғылымына келетін болсақ, бұл салада тек жаңадан енген атаулардың ғана емес, медицинада бұрыннан қалыптасқан терминдерді қазақ тіліне аударып, сәтті аударылған терминдерді ғана емес, қолданысқа ене алмай немесе қате аударылып шешімін табай алмай жүрген термин атауларын кездестіреміз. Себебі бұл ғылым саласы аса күрделі ғылым салаларының бірі екені баршамызға мәлім. Осы медицина ғылым саласының дамуына атсалысып жүргендер де аз емес. Соның бірі 80 жылдан аса тарихы бар С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті еліміздегі медицина саласының дамуна өлшеусіз үлес қосып, бұл салада Қазақстандағы медициналық оқу орындарының көшбасшысы болуда.

Еліміз егемендік алғалы қазақ тілінде медициналық білім беру де жолға қойылды, дегенмен, медицина ғылымын қазақ тілінде дамытуда кездесіп жатқан қиындықтар аз емес. Медицинаның алғаш дамыған жері грек, латын елдері болғандықтан, көптеген медициналық терминдердің арғы төркіні грек, латын тілдерінде екені белгілі. Бірақ бұл терминдер қазақ тіліне ену барысында, орыс тілінің айтылу, жазылу үлгісімен енгендіктен, қазақ тілінде білім алатын адамға бұл терминдер айтылуы да, жазылуы да айтарлықтай қиындық келтіреді. Кеңес өкіметі кезінде жасалған әліппиімізде қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктері ескерілмеген. Соның салдарынан қазақ дыбыстыстық тіркеліміне негізделмеген термин сөздерге әртүрлі қосымша жалғау барысында ала-құлалықтар орын алуда.

Жалпы терминология жайлы айтатын болсақ, дүниежүзінде баспада басылып шығатын медициналық ғылыми еңбектердің 60 пайыздан астамы ағылшын тілінде жазылады. Медициналдық сөздіктер әр елде әр түрлі көлемде жазылған. Мысалы: Стедманның ағылшынша көлемді медициналық сөздігі 90 000-ға жуық жетекші (түбірлік) терминдерді қамтыған болса, М. Н. Чернявскийдің деректеріне қарағанда, неміс тіліндегі медициналық сөздікте 250 000-ға жуық жетекші термин бар екен, ал французша медициналық сөздіктегі терминдер саны - 200 000. Қазіргі кездегі орысша әдеби тілдің 17 томдық сөздігінде 120 000 сөз бар екен. «Энциклопедический словарь медицинских терминов» (1982-1984ж. ) 60 000-ға жуық терминді қамтыған. 1975 жылы шыққан «Русско - английский медицинский словарь» 50 000-ға жуық термин берген, ал кейінірек 2001 жылы шыққан «Большой русско - английский медицинский словарь» 70 000-ға жуық терминді қамтыған. Бұл орасан зор еңбектің көрсеткіші екенін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ
Алғашқы халықаралық номенклатураны құрушылар
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Клиника терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Терминологияның жеке дара бөлімдері мен олардың басқа салалармен байланысы
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Фармацевтикалық терминдер
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz