Жылқы жайылым малы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті

Биотехнология, балық және
мал шаруашылығы кафедрасы

Жылқы шаруашылығы, қымыз және етін өндіру технологиясы пәні бойынша:
Курстық жоба

Тақырыбы: Қазақстандағы мұғалжар жылқыларының өнімділігі мен қазіргі жағдайы

Орындаған: ТППЖ-41топ студенті
Әлиханов Ә.
Тексерген: доцент м.а.Жумагазиева С.М.

Орал - 2013
Мазмұны:

Кіріспе
3
1
Әдебиеттерге шолу
5
2
Негізгі бөлім

2.1
Мұғалжар жылқыларының сипаттамасы

2.2
Мұғалжар биелерінің өте сүтті тармақтарын шығару тәсілдері

2.3
Мұғалжар тұқымы құлынды тұқымдық типі биелерінің сүт өнімділігі

2.4
Мұғалжар тұқымы ішіндегі құланды типі және жергілікті қазақы жылқыларының ет өнімділігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2015 жылға қарай ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірнеше стратегиялық мақсаттар қойды, соның ішінде ең маңыздыларының бірі - етті қайта өңдеу - 27%-ға дейін, сүт - 40%-ға дейін, жеміс және көкөніс - 12%-ға дейін ұлғайту қажет деп атап көресетті. Ет және сүт өндіруде жылқым малының да алатын орны ерекше.
Еліміздің ерте кезден-ақ жылқылардың көптеген тұқымдарын өсірумен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімділігімен ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл жіне шөлейт аймағында және таулы жайылымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайылымдарда малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардан алынатын өнімнің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдірілуіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді тұқымдары өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін жегілетін қостанай жылқысы және ет сүт бағытындағы көшім және жанадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елімізге мәлім.
Мал шаруашылығының ірі саласы - жылқы шаруашылығы. Жылқыны қазақ даласында мол өсіруге толық мүмкіншілік бар.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетіле түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпал
ын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап-тілек артып отыр.
Еліміздің ерте кезден ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты. Жылқы өсірудің екінші дәуірі біздің дәуіріміздің УІ-УІІІ ғасырларына жатады. Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарындағы ел мекендеген бірнеше жерлерде жылқының сүйектерімен бірге аттың әбзел-саймандары, ер-тұрманы т.б. заттары табылған. Мұның өзі көшпелі елдің атты міну, жұмысқа пайдалану істері ертеден келе жатқан әдеті екнін көрсетеді. Алатаудың көптеген тармақтарында, Торғай даласында, Ұлытауда, Қарқаралыда ерте заманда тасқа қашап салынған аттың суреттері, бейнелері кездеседі.
Жылқы Қазақстанда негізінен азықтық өнім өндіру үшін өсіріледі. Соның ішінде жылқының еті-сүті аса құнды, әрі өндірісі арзан өнімдер. Жылқы жайылым малы. Сондықтан жайылымды қысы-жазы пайдаланып, соның негізінде экологиялық жағынан таза, сапасы жағынан жоғары ет пен сүт өндіруге әбден болады. Республикада Ат спорты федерациясы жұмыс істейді, ұлттық ат спорты мен жылқы шаруашылығы мәселелеріне арналған Маңмаңгер журналы шығады.
Сонымен бірге жоғарыда айтып отырған қостанай жылқысының кең жүйеде қолданыс аясы ат құралдарының (ер тоқым, айыл, жүген, арбаның, шананың түрлері), оларды жегі құралдары, атпен жер айдау, егін салу, шөп шабу, жинау сияқты жұмыстардың барлығы да әдейі құрал-жабдықтарды жасап шығаруды талап етеді. Оның өзі өнеркәсіп саласының жанданып, ұмыт болған шеберліктерді еске түсіруді қажет етеді.
Біздің елімізде төрт түлік малдың бірі - жылқы. Қазақ халқы ғасырлар бойы жылқыны керегінше өсіруге талаптанды, өйткені оны көлік ретінде және ел қорғау мақсатында пайдаланды. Сонымен бірге жылқының тәтті еті мен дәмді қымызы халқымыздың қадірлі асы болды. Ел ауызындағы әңгімелерді, хиссаларда, ақындар мен жазушылардың шығармаларында сәйгүлік арғымақтар ел қорғайтын батырлардың жан серігі есебінде айтылады. Сондықтан да халқымыздың Ер қанаты ат деген мақалы оны шексіз бағалайтындығын көрсетеді.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елімізге мәлім.
Курстық жобаның мақсаты: еліміздің батыс аймағында өсірілетін мұғалжар жылқыларының қазіргі жағдайымен танысып, өнімділік қасиеттерін сипаттау.

1 Әдебиеттерге шолу

А. С. Красниковтың [1] айтуынша деректерінде қазақ жылқылары қазақтардың көшпенді тұрмыс жағдайы кезінде екі мыңжылдыққа тарта уақыт ішінде қалыптасқан. Қазақстан жерінде көптеген тайпалардың өмір сүруі сол жерде өсетін жылқылардың дамуына да өз үлестерін қосқан. Көптеген сауда жолдары мен соғыстардың осы ел аймағында өтуі нәтижесінде Қазақстанға басқа елдердің көптеген жақсы жылқы тұқымдары да тарала бастаған.
Қ. Ж. Исханның [2] жазуынша қазақ жылқысының тұқымы Қазақстанның барлық жерінде біркелкі таралмаған. Өзінің түпкі нәсіліне тән қасиеттерін сақтай отырып, қазақ жылқысы ауа райының географиялық және табиғи жағдайларының түрліше болуына, сондай-ақ басқа тұқымды жылқылардың ықпал етуіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Сондай-ақ оларға Каспий маңындағы шөлейттің ауа райы, жемшөбі, табиғаты да тікелей әсер еткен. Осындай жағдайлардың ықпалымен адай жылқысы көбінесе салт мінуге қолайлы, тұлғассы сымбатты болып келеді.
Б. Әкімбековтың [3] пайымдауынша мұғалжар жылқысы - салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. Бұл жылқының эволюциялық даму жол өте күрделі. Мініске шыдамдылық, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымдары жылқыларға ұқсастығын, ал қарабайыр, қазанат - жүрдектігі жағынан Түркмен жылқысы - ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойынын қысқа омыраулы, арқасы түзуғ сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып келеді. Шоқтығының биіктігі 140,3 см, тұрқы 142,7 см, кеуде орамы 163,3 см, жіліншік орамы 17,6 см, еті жоғары сапалы, ет түсімі 52-58 пайыз.
Б.Р. Әкімбеков, Б.М. Мүслімов, А.Р. Әкімбеков пен Ш.Д. Дәленовтың [4] мәліметтерінше қазақ жылқысы ауа райының қандай жағдайына болса да төзімді, жем-шөп талғамайды, үнемі далада, тебінде, жайылымда өсіп-жетілген. Бұл түліктің басы үлкен, сағалдырығы кең, көздері кішілеу, мойыны жуандау, тұрқы орташа, шоқтығы биік емес, көкірегі кең, қабырғалары ұзын және тік келеді, аяғының сіңірлері шығыңқы, көрініп тұрады. Алдыңғы аяқтары түзу, ал артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары мықты, терісі қалың, жал-құйрығы қою, түсі әр түрлі болады.
www.massaget.kz [5] Қазақ жылқылары жазиралы даланың бойындағы аласа болып жайылып жүргенімен, шабыс жағынан келгенде ешкімнен кем түспейтін. Олар күніне үзіліссіз 70 шақырымды емін-еркін еңсеріп отырады. Ашық аспан астында, кез келген температудрады көнбістік көрсетеді. Әрі шөп талғау дегенді білмейді де. Бұған қоса жергілікті тұрғындар арасында ұлттық ат жарыстарында табандары қызады. Қазақ жылқылары сүт өнімін көп береді. Қазақ жылқысы бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі - адай жылқысы. Адай жылқысы түркменнің текежәуміт арғымағымен будандасқан делінеді. Ертеде түркменнің теке руы жәуміт руына қарсы соғысқанда, өздеріне болысқаны үшін текелер адайларға бір сұлу қыз бен жүйрік ат берсе керек. Қыз жақсысы мен ат жақсысы теке түркменде деген сөз сонан қалса керек-ті.
А. Тоқтабайдың [6] деректерінше көшпенділер жылқыны көп сіру үшін тапқан жаңалығы - айғыр үйірлеп бағады. Әр үйірден 15-20 жылқыны құлындарымен, басқа да ұрпақтарымен айғыр өзі иеленіп бағады, өзі өсіреді, осылайша малдың тілін білген халық жылқыны өз өзіне бақтырған. Жылқы түстерінің түсі 360 түске жетіп жығылады. Қазақ аттың жақсы түсі қаракөк деп санаған. Жылықының желіс және жүріс түрлері: аяң, жорға, желіс, шабыстың өзі біршамаға бөлінеді. Қазы атауларының өзі 20-дан асады. Қамшы түрлері 23-ке, қамшылау әдістері 25-ке жетеді. Тек қана ер-тұрманның 15 түрі бар. Ағылшындар жылқыны бұдан бес мың жыл бұрын алғаш рет қазақтың арғы ата бабалары қолға үйреткенін дәлелдеп шықты.
Қ. Сәбденов [7] таза қазақы жылқының ішінде, казірде аса бағалы болып саналатын мұғалар, адай жылқысы мен жабы. Адай тұқымына халқы қоныстас, жері шектес болғандықтан түрікпен жылқысының қаны араласқан болуы мүмкін. Бірақ Адай тұқымы түркмен жылқысымен салыстарғанда суыққа, қиындыққа анағұрлым төзімді, берік келеді.
Жергілікті жағдайға сондай тамаша қалыптасқан адай жылқысының тұқымын көздің қарашығындай сақтау қажет. Оның ерекше жақсы қасиеттеріне қарамай, кешегі бір кезде басқа тұқымдармен араластырылып кетті. Ол қолда бар алтынды жоғалтып алумен тең. Бірақ қазір де адай жылқысы таза калпында азды-көпті Маңғыстау, Атырау облыстарында сақталған. Соларды "өзара" жақсарта отырып таза сақтап өсіру кажет-ақ.
Д.А. Сыдыков [8] мұғалжар жылқылары басқа жылқылармен салыстырғанда дене тұрқының бітімі жағынан салт мінуге көбірек бейімделген. Олардың басы шағын және жеңіл, кеудесі жинақы, арқасы түзу, шоқтығы шығыңқы, сауыры етсіздеу, аяқтары жіңішке, сидаң және сіңірлі. Тебінді жылқы шаруашылығында адай жылқыларын ет-сүт өнімдерін алу мақсатында өсіреді.
Г.В. Сизонов [9] ет өнімдеріне бағытталған жылқы шаруашылығының ең басты іс шараларының бірі - малды дер кезінде сою және етін өткізу. Өндірілген еттің сапасы ғана емес, өзіндік құнында есептеу керек. Ет өндірісінде жылқы етінің қасиетін сипаттау үшін оның жасына қарай өзгерісін анықтау қажет.
С. Салькебаев, А. Тлеуов, А. Акимбеков пен А. Турабаевтың мақаласында [10] бие сүтіне 1,8 - 2,2% дейін белогтар бар. Онда еритін белогтар, глобуминдер, аминқышқылдары болады. Әсіресе қазақы жылқылардың биелеріндегі сүтінде казинге қарағанда сарысу белогтары бар. Онда еритін белогтар, глобулиндер, аминқышқылдары болады. Әсіресе қазақы жылқылардың биелеріндегі сүтінде казинге қарағанда сарысу белогтары бар.
С.С. Рзабаев, Т.С. Рзабаев пен К.С. Рзабаевтың деректерінше [11] ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың бүгінгі ұстанып отырған бағытында, әсіресе жазы ыстық, қысы суық, жайылымы жұтаң Сыр өңірінде жылқы шаруашылығын өркендетудің маңызы мен мәнін ерекше тұғырға көтеруді өмір талабы деп түсіну қажет. Бұл үшін облысымыздың табиғат - экономикалық жағдайларын ескере, тиімді пайдалана отырып, жылқы түлігін ерекше қамқорлыққа алу, ежелден қалыптасқан мал бағудың дәстүрлі әдістерін кеңінен игеру және жеделдете түсу керек. Басқа түліктерге қарағанда жылқы малының табиғатындағы айрықша қасиеттердің бірі - бордақыда тез, қысқа мерзімде жетілетіндігі. Жылқы еті тұқымдылығы, емдік қасиеті жөнінен өте жоғары бағаланады.
И.Н. Нечаев және басқаларының айтуынша [12] сүт ему кезеңінде құлындардың өсу қарқынының жоғары болуы олардың бейімделу қасиеті бей отырып, тебінді жылқы шаруашылығында бұл жайдың төлдердің жақсы сақталуына зор әсер ететінін айтты.
М.Г. Моториконың мәліметінше [13] қазақ жылқылары жалпақ денелі және тұрқы созылыңқы. Қазақ жылқылардың жыл бойғы жайылымға бейімделуі өнімді жылқы табынын өсірудің негізі болып саналады. Сауу әдістерінің бірі құлынды енесінен бөліп басқа қораға қамайды немесе енесін еме алмайтындай етіп желіге қысқа байланады. Ал бие қақтап сауылады да, әр екі сағаттан кейін қайта сауылып отырады. Сауар алдында биені иіту үшін құлынын жіберіп біраз емізеді. Сауылған сүтті сүт өлшеуішпен немесе үлкен мензуркамен өлшейді. Тәжірибеде көбінесе 12 сағат бойына биені әрбір 2 сағат сайын 6 рет қайталап сауады. Іс жүзінде дәл 2 сағат сайын саууды мүлтіксіз сақтап отыруға әрдайым мүмкіндік бола бермейді. Сүттілікті дұрыс анықтау үшін бақылап саууды қатарынан 2 күн жүргізген дұрыс.
К.И. Дуйсембаевтың жазуынша [14] Қазақстанда жылқы малы әрқашан да халқымыздың ұлттық дәулеті болып келді, болып отыр және солай болып қала береді. Ол ежелден мақтаныш үлгісі, байлық таразысы қызметін атқарады. Қазақ жылқысына көлік жылқыларының ерекшеліктері тән: сүйегі жуан, терісі қалың, жүні қою, жал - құйрығы қалың, дене құрылысы сәл ірі. Сыртқы тұрқы әдемі болып, етті - сүтті типке жатады. Басының жуандығы орташа, сәл ұзын, иегі дамыған иек асты шұңқыры қалыпты, бойы сәл ұзын, түзу келеді, шоқтығының биіктігі орташа немесе сәл төменірек, кеудесі жақсы дамыған болып келеді.
Қазақ жылқысы егін шаруашылығында, жүк тасымалдауға, мал бағуға пайдаланылады, жұмысқа шыдамды келеді.
Жылқыны пайдалану бағыттары бойынша республикада мынадай салалар қалыптасқан: жұмыстық өнім беретін (етті - сүтті ), тұқымдық және спорттық жылқы шаруашылығы.
Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері ұлан асыр. Табиғи жайылымдардың (180 млн.ға) көптігі, қазақ халқының жылқы өсірудегі ғасырлар бойы тәжірибесі, жалпының жылқыға деген сүйіспеншілігі, жергілікті жақсы жетілген тұқымдар, ішкі рыноктағыдай халықаралық рыноктада жылқы етіне және қымызға айрықша сұраныс, ат спортының ұлттық түрлеріне бүкіл халықтық сүйіспеншілік - осының бәрі саланың дамуын қамтамасыз ететін алғы шарттар болып табылады.
Қ.Қ. Бозымовтың кітабында [15] жылқы әр түрлі табиғат аймақтарында тіршілік ететін жануарлар тобына жатады. Ол әлемнің барлық елдерінде таралған. Оның кейбір биологиялық типтері белгілі - бір территорияда ғана өсіріледі. Мысалы, ірі тұлғалы ауыр жүк таситын жылқылар тек қана солтүстікте, климаты суық өңірлерде кездеседі.
Қазіргі Қазақстан территориясында бұдан мыңдаған жылдар бұрын көшпелі халық осы күнгі қазақы жылқыға ұқсас жылқы ұстаған. Олар салт мінуге де, еті, сүті үшін де пайдаланылған.
Қазақы жылқылардың ірілері орталық Қазақстан да, Ақтөбе облысының оңтүстік аудандарында өсіріледі. Осы аймақтарда жылқының ерекше түрі - жабы жылқылары шоғырланған. Бұлар дене тұрқы жағынан салмақты және жылдың барлық мезгілінде де күйін жоғалтпайды. Қоңды да тез жинайды.
Жыл бойы жайылымда болатындықтан жылқы шаруашылығы тиімді сала болып табылады.
Ж. Мырзабеков пен П. Ибрагимовтың жазуынша [16] жұмыс көлігінің денсаулығының жақсы болуы, жымысқа төзімділік қабілетінің артуы, оны жұмысқа тиімді пайдалану арқылы жүзеге асатынын атап өткен. Жұмысқа тиімсіз пайдалану жылқыны ауруға соқтырып, төзімділігін нашарлатып, жақсы өнім алмауға ұшырататынын жазған.
Жылқыны жұмысқа пайдалану қабілетінің жоғары болуы және оның денсаулығының мықты болуы мына жағдайға байланысты екенін айтқан. Ауыр жұмысқа жеккенде жылқының тірі салмағының 20%- тарту күшінен аспау керек. Жұмыс күніндегі жалпы жол - 35 км, жұмыс уақыты ұзақтығы - 9 сағат.
Әр жылқыға өз өлшеміне байланысты ат құралын алады. Қамытпен ермектің терілей қабатының жағдайына көңіл аудару керек. Иығанда немесе арқасында алына бастаған белгілер болса, жегуге жіберілмейді.
Жүк артылатын жылқыларды таулы сусымалы, шөлді жерлерде қолданады. Артылатын жүктің максималды массасы жылқының тірі салмағының 13 аспауы керек және жақсы бекемделуі керек. Олай болмаса жылқы шаршап жарақат алу қаупі тууы мүмкін, әсіресе таулы жерде.
Қ.Н. Бегімбеков, А.Ә. Төреханов пен Ә.Б. Байжұмановтың пайымдауынша [17] бүгінге дейін сақталған Пржевальский жылқысы қазіргі жылқылардың жабайы тегі болып саналады. Оны 1879 жылы орыс ғалымы Н.М.Пржевальский Азиядағы Гоби шөлінен тапқан, ол қазір Монғолияда кездеседі. Бұл жылқының бойы тапал (124-130 см), дене тұрқы қысқа, кең; басы сөлекеттеу, үлкен, кекілі жоқ, құлақтары қысқа; мойны шомбал, қысқа; мүйізденген тері өсінділері бар сирақтары жіңішке болып келеді. Түсі құла, жалы мен кұйрығы қара, жотасын бойлай қара жолақ өтеді. Тістері мықты және олардың беті қатпарлы болады. Өте сақ жануар, шағын табын құрап тіршілік етеді. Буаздылығы 340- 350 күнге созылады. Жануардың орман жылқысымен және тіпті есекпен ұқсастығы ғалымдардың оны жабайы жылқының бір формасы деп тануына себепші болды. Пржевальский жылқысы үй жылқысымен жақсы будандасады. Будандары өсімтал. 1987 жылы бүкіл дүние жүзінде 723, оның ішінде КСРО-да -- 74 Пржевальский жылқысы сақталған.
Ә. Байжұмановтың айтуынша [18] жылқыны үй жануарларына айналдыру, қолға үйрету Орталық Азиядан басталды, содан кейін Европада. Ол кезең қола ғасырына жатады. В. О. Ковалевскидің жұмыстарында анықталғандай, жылқылар тұқымдасының эволюциясы олардың көлемін ірілендіру, тіс аппаратын күрделендіру, аяқтарындағы саусақтарының санын азайту жолымен жүргізілген: төрт саусақты Эогипустан гиппориондарға дейін, бір тұяқты жануарлар Прежевальский жылқысы және тарпан. Көптеген зерттеушілер жылқыларды мынадай үш түрге бөледі: шөл, жазық далалық және ормандық.
Т.С. Садықұлов пен Т.К. Бексейітовтің пайымдауынша [19] жылқылар тұқымдасы төрт туыстан тұрады: есектер, жартылай есектер, зебралар жэне жылқылар. Тек екі түрі үй жануарына айналдырылып қолға үйретілген, олар: жылқы және есек. Жылқы алғашқы рет Солтүстік Америкада пайда болды, содан кейін Азия мен Европаға көшірілді.
Н. Омарқожаұлының дерегінше [20] сүйенсек, жылқылардың өнімділігін интенсвті түрде жүргізу үшін ең бастысы зоогигиеналық шаралардың бірі - азықтандыру ережесін қатал орындап, малды күтіп бағу жүйесін дұрыс сақтау қажет. Азық құрамында протейндер мен витаминдердің, құнды заттардың болғаны жөн. Жылқылардың ас қорыту ережелерін ескерсек олар азықты аз қабылдайды. Көбінесе арпабас, бидайық, құрама жемдер - бидай ұны, күн жара, сұлы, арпалар болуы керек. Жылқы құрғақ азықпен азықтандырылатын қысқы маусымда олардың рационына өндірілген дән енгізген жөн. Егер олардың азықтандыру жүйелеріне тиісті дәрежеде көңіл аудырылмау немесе сапасыз, құндылығы төмен, бұзылған азықтар беру олардың ас қорыту ауруларына себепкер болады.
А.Ә. Төреханов, Н.Ә. Жазылбеков пен М.А. Кинеевтің мәліметтерінше [21] жылқы негізінен жайылым малы. Сондықтан жайылымның әсіресе көк шөбін жылқы сүйсініп жеп, тез семіреді. Бұл кезде тек ауыр жұмыстағы аттар болмаса, қалған жылқыларға жемнің керегі де болмайды. Жылқыны қолда ұстаған кезде оған картоп, сәбіз, қызылша берген жөн. Бұл азықтар әсіресе құлынды биелер және оның тай құлындары үшін пайдалы. Шырынды азық пен сүрлемді ересек жылқыға күніне 10 -- 12 кг беруге болады.
Күшті азықтардың ішінде жылқыға ең қолайлысы -- сұлы. Сүлы дәмі басқа дәнді азықтардан гөрі жұмсақ болғандықтан оны жылқы жеңіл қорытады. Сөйткенмен де сұлыны жаншылған күйінде берген дұрыс болады. Арпа, жүгері,қара бидай сияқты жемді уатып, немесе сулап берген дұрыс, ал тарыны үгіп беру керек. Бұл күшті азықтарды ересек жылқыға күніне 2 -- 4 кг мөлшерінде беруге болады.Еңбектері бойынша жылқылардың шаруашылықтағы негізгі атқаратын жұмысы-механикалық жұмыс болып табылады.Сондықтан олардың қоректік заттарға мұқтаждығы алдымен бұлшық ет қызыметтерімен байланысты. Бұлшық ет жұмысы ең алдымен тотығу процестерін үдетеді. Бұл процестер организмдегі көмір қышқылының шығуын көбейтіп, оттегінің енуін молайтады.Кейбір жағдайларда несеп құрамындағы азот мөлшері де жоғарылайды.
А.К. Тугелбаева мен М.С. Батырхановтың жазуынша [22] азықтандыру процестерарқылы жұмысқа кететін энергия бөлініп,организмде үзіліссіз жұмсалып тұрады.Энергиялық шығындар ең алдымен жеңіл қорытылатын көмірсу,азотсыз экстрактивті заттар арқылы қамтамасыз етіледі де, олар таусылған жағдайда майлар,протеиндер арқылы алына бастайды. Сондықтан арықтап кеткен жылқылардың қонын көтеру үшін ұсынылған орташа нормалық көрсеткіштерге қосымша 3-4 азық өлшеміне дейін қосып,басқада қоректік заттар көрсеткіштерін әрбір қосымша азық өлшемі есебінен береді. Сонымен бірге физиологиялық жағдайларды ескере отырып,орташа нормаларды толықтырып организм қажетіне сәйкестендіріп отырған жөн. Жылпы буаз және құлынын емізетін биелерді жеңіл жұмыстарға пайдаланса,оларды азықтандыру нормалары 20 процент жоғарылайды.
Н.Н. Найзабеков, Х.А. Әубәкіров пен М.Жақаевтың деректерінде [23] еті мен сүті үшін жабы жылқыны көп ұстайды делінген. Жылқыны асылдандыру жұмысы ақсап түрғаны рас. Жабы жылқымыздың тұқымы майдаланып келеді. Сондықтан бізде бірінші кезекте селекциялыұ жұмыстарды ұйымдастыру керек. Шет елдерден асыл тұқымды айғырларды әкеліп, үйірге қосса тұқым жақсарады. Жылқы бағатын асыл тұқымды шаруашылықтарға қаржы бөлу арқылы асыл тұқымды аттарды өсіруге да база жасай алатынымыз анық. Асыл тұқымды жылқылар көбейсе, ол даламызға сән береді. Жылқы - тұрмыс-тіршілігіңізді гүлдендіріп, өзіңізді сауықтырып жіберетін түлік. Есепке сүйенсек, Николай патшаның тұсында қазақ даласында 4,5 млн жылқы болған екен. Тау-тас пен тоғайда, құмның ішінде жүрген талаай үйірлер есепке енбей қалғанын ескерсек, кемінде 5 млн жылқы болған. Сол жылқыдан 1932 жылы бар-жоғы 200 мың ғана қалды. Қиялы қауым өкілдері мен жылқы өсірушілер арқасында сексенінші жылдарға дейін жылқы саны қайтадан 5 млн-ға жеткен еді.
Е. Г. Насамбаев, С. М. Жумагазиева, Г. Ш. Муханбеткалиева мен С. К. Джумагулованың әдістемесінде [24] мінілетін әрі жегілетін жылқы тұқымдары Ресейдің оңтүстік батыс аудандарында, Қазақстанда және Орта Азия мемлекетгеріне тараған. Бұл тұқымдағы жылқыларды жергілікті далалық және тау жылқыларын батыс айғырлармен жетілдіріп, тебінді немесе мәдени тебінді жағдайында өсіру арқылы шығарған.
Мінілетін әрі жегілетін жылқыларды ТМД елдерінде дала және тау аймақтарының әр алуан ауылшаруашылық жұмыстарына пайдаланылады. Олар өздерінің шыдамдышығымен, өсімталдылығымен және ауыл шаруашышық жұмыстарынапайдалануұзақтығымен ерекшеленеді.
www.zamana.kz [25] қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз ендіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсірумен айналысатын кісілерді материялдық ынталандыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық ізімен аналық ұялары одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.
Ю.Н. Барминцевтің [26] шаруашылықтарда жылқыны азықтандыру дұрыс ұйымдастырылса, жылқының жұмысқа деген қабілеті, сүт және ет өнімділігі артады. Жылқыны қоректік заттармен толық қамтамасыз етілген азық рациондарымен азықтандырғанда ғана олардың өнімділігі артып, шаруашылыққа экономикалық жағынан мол пайда келтіреді
С. А. Козлова, С. А. Зиновьева мен Н. Ю. Козлованың әдістемелігінде [27] мұғалжар Қазақстанның шаруашылықтарындағы түрлі жұмыстарға ойдағыдай пайдаланылуда, сондай-ақ бағалы спорт аттары да болып табылады. Бұл тұқым республиканың солтүстік облыстарында өсіріледі. Қостанай жылқы зауытында шоғырланған. Қостанай жылқылары жирен және торы түсті болып келеді, сүр түстілері сирек кездеседі. Қостанай жылқысының дене өлшеулері көбінесе орташа болып келеді.
Б. М. Муслимов пен И. М. Брельдің айтуынша [28] шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз ендіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсірумен айналысатын кісілерді материялдық ынталандыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық ізімен аналық ұялары одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.
Д. Керимбаевтың жазуынша [29] жылқы өсірушілердің жыл бойында өсірудің жоғарғы сапасы ет пен қымыз өндіретін етті және сүтті бағыттағы жылқы тұқымдарын шығарды. Әсіресе биелер мен айғырларды будандастыру тәсілімен Көшім жылқысын шығарды. Екінші тұқымы қазақы жабы жылқыларын іріктеп, Мұғалжар жылқысын шығарды. Айғырлардың тірілей салмағы m=500 кг, ал биелердікі - 450 кг құрайды. Тұқымдардың таралу аймағы - Арал өңірінде көбірек кездеседі. Көбінесе олар таулы аймақтарда көбірек кездеседі.
К. Б. Свечин, И. Ф. Бобылев пен Б. М. Гопканың айтуынша [30] қазақ жылқылары жылқылары салт мінуге, теңдеп жүк тартуға және ауыл шаруашылық жұмыстарына кеңінен пайдаланады. Қазақ жылқысының тұқымы Қазақстанның барлық жерінде біркелкі таралмаған. Өзінің түпкі нәсіліне тән қасиеттерін сақтай отырып, қазақ жылқысы ауа райының географиялық және табиғи жағдайларының түрліше болуына, сондай-ақ басқа тұқымды жылқылардың ықпал етуіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Сондай-ақ оларға Каспий маңындағы шөлейттің ауа райы, жемшөбі, табиғаты да тікелей әсер еткен.

2 Негізгі бөлім

2.1 Мұғалжар жылқыларының сипаттамасы

Мұғалжар жылқы тұқымы 1998 жылдың желтоқсанында Ауыл шаруашылығы минстирлігінің үкімімен жаңа тұқым ретінде бекітілген. Тұқымның атауы Ақтөбе облысының Мұғалжар жылқы зауытына байланысты аталған.
Ақтөбе облысындағы жылқы зауытындағы жабы жылқыларын селекциялық асылдандыру жұмыстарының арқасында өсіру және жетілдіру барысында мұғалжар тұқымын шығарудың алғы шарттары жасалынған. №52-ші Ембі жылқы зауытының негізінде Ақтөбе облысының 1965 жылы Мұғалжар жылқы зауыты құрылған. Ол Мұғалжар таулы аймағының жартылай шөлді даласында орналасқан. Жылқылар жыл бойы жайылымда болады.
Жабы жылқыларын асылдандыру жұмыстары негізінен олардың ірілігі (дене өлшемдері, тірілей салмағы), конституциясының үйлесімділігі және төлдегіштігінің жоғарылығы мен жыл бойы жайылымда жайыла алу қасиетіне байланысты жүргізілген.
60-шы жалдары жабы жылқысы негізінде жаңа маманданған тұқым шығару қажеттілігі туындады. Ол жаңа тұқым биологиялық қасиеттерін сақтап, дегенмен негізгі аналық тұқымынан тірілей салмағы, еттілік қасиеттері мен сүттілігі жөнінен өзгешелігі болуы қажет еді.
Осы мақсатты жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтары
Жылқы шаруашылығы және жылқы тұқымдары
Биені азықтандыру ерекшеліктері
Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы мал шаруашылығы
Тебін жылқыларын өсіру тәсілдері
Буаз саулық азықтандыру
Жылқыны ауыл шаруашылығы жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану
Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы, түрлері мен типтері
Қазақстан Республикасының табиғаты
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Пәндер