Кабардин тұқымы жылқыларын азықтандыру
Курстық жоба
Тақырыбы: Кабардин жылқыларының экстерьерлік және түрлі жаста өсіп-жетілу ерекшеліктері
Мазмұны:
КІРІСПЕ
3
1
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
5
2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
16
2.1
Кабардин жылқыларының экстерьерлік ерекшеліктері
16
2.2
Кабардин жылқыларының түрлі жаста өсіп-жетілу ерекшеліктері
20
2.3
Кабардин тұқымы жылқыларын азықтандыру
23
2.4
Кабардин тұқым жылқыларының ет және сүт өнімділігі
25
2.5
Кабардин жылқы тұқымының аталық іздері
26
Қорытынды
28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
30
КІРІСПЕ
Жылқы шаруашылығы - ауыл шаруашылығындағы іргелі салалардың бірі. Жылқы - мінсең көлік, жесең - ет, ішсең - қымыз деген қазақ мақалы бүгінгі таңда да өз мағынасын жоғалтқан емес. Жылқы еті, қымызы, жұмыс қабілеттілігі және өзге де шаруашылыққа пайдалы қасиеттері күні бүгінге дейін адамның кәдесіне жарап келеді. Сонымен қатар, нарық заманында қазы - қарта мен қымызға деген сұраныс күннен - күнге артуда.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді тұқымдары өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елімізге мәлім.
Жылқы өсіруге Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарының оңтүстік аудандарының табиғи жайылымдар өте ыңғайлы.Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайылымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайылымдарда малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардан алынатын өнімнің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдірілуіне байланысты.
Қазақстанның кең-байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім тұқымдары елімізге мәлім. 12 жылқы зауыты және 32 асыл тұқымды фермалар, Қостанай және Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы тәжірибе станциялары жылқы тұқымын жақсартумен айналысады.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленген. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсірумен айналысатын ел азаматтарын материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан республика жерінде өсіріліп жүрген тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңа тұқым шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.
Жылқы малынан алынатын шикізат өнімдерін өңдеу арқылы қанынан бағалы препараттар жасалса, еті құнарлы азық, сүті - шипалы сусын, терісінің төсеніш түрлері, киім-кешек дайындалады, ал сүйегі зергерлік бұйымдар жасауға, қылы әр түрлі тұрмыс қажетіне керек-жараққа (бұғалық, шылбыр шідер, арқан-жіп, қыл-қобыз)пайдаланылады, қиы - жеміс-жидек өсіретін шаруашылықтарда негізгі тыңайтқыш. Құлын терісі өте бағалы, жылқы қылы экспорттық шикізат. Жылқыны жүрсе - қанаты, ішсе - сусыны, жесе - азығы ретінде пайдаланып келген еліміздің дәстүрлі саласы - жылқы шаруашылығының бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде, келешекте халықтың талғамы мол, жан-жақты сұранысын қамтамасыз етудегі, әрі өркениеттегі мәні ұлан-ғайыр.
Жылқыны қазақ даласында мол өсіруге толық мүмкіншілік бар. Өйткені жылқы малын қой шаруашылығымен үйлесімді дамытудың маңызы зор. Ол әсіресе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын орман-тоғайлар, өзен-көл жағалары, шөл және шөлейтті далалар мен жайылымдарда өсіруге өте қолайлы. Сондай-ақ, дәнді-дақылдар егілген жерлер, әсіресе еліміздің солтүстік өңіріндегі, егін орғынан кейін масақ, күзде шыққан балауса жасыл алшындар қыста жылқыны тебіндетуге жарайды.
Жұмыс көлігі ретінде жылқы малы орманшыға да, аңшыға да, геологке де, әскери адамдарға да, шекарашыларға да керек. Сондықтан жылқы малының жұмыс көлігі ретінде адамның тіршілігінің барлық саласында қолданыла беретіні сөзсіз.
Сонымен бірге жылқы малының спорт және туризмде қолдану аясы әлі кеңейе түсуде. Бұл салаларда жылқының біздің елімізде қолданылуы әлі де де жетпей жатқаны жағы көп-ақ.
Ежелгі ұлттық ойындар: көкпар, бәйге, әртүрлі ат ойындары өте қызықты да, оны ұйымдастырған азаматтар үшін пайдалы. Сондықтан бұл салада жылқының қолданылуы әлі күшейе түсетініне сенімдіміз.
Қазақстанда әлі де болса ат спорты дамымай отырғаның мойындауымыз керек. Соның салдарынан дүниежүзілік олимпиада ат жарысы жөнінде біздің еліміз бірде-бір командамен қатыспай жүргендігі өте өкінішті. Бірақ бұл өнерді дамытуға мүмкіндік бар. Ол үшін қажетті сәгүлік-жүйріктер өсіріп шығаруға генетикалық қорымыз бар. Ол кешегі атақты Абсектің ұрпақтары, бұрынға Луговой, Дегерес, Томаровский, Панфиловский, Қостанай, т.б. жылқы зауыттарының іздері. Соларды жоғалтпай, аллтынның сынығындай сақтап, мәпелеп өсірсек, сөз жоқ, әлем деңгейіне жететін жылқы бапкерлеріміз де шығады.
Ендігі жылқының пайдалы жері ат туризмі. Ат үстінде жүріп өз елі, жерімен танысып, аралап білуге құштар жастар көп. Және бұны ұйымдастыруда қажет-ақ. Оның үстіне сырттан келіп жатқан туристерді көрнекті жер-суларымызды, тау, таудағы керемет табиғатты аралатып көрсету үлкен сұранысқа айналатыны рас.
Курсттық жұмыстың мақсаты: Кабардин жылқыларының экстерьерлік және түрлі жаста өсіп-жетілу ерекшеліктерін анықтау. Оларды азықтандыру нормаларын қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:курстық жобаны жазу барысында 8 кесте, 41 әдебиет қолданылды. Жоба 2 суретпен көркемделді.
1 Әдебиеттергешолу
П.А. Федотовтың [1] айтуынша кабардин тұқымы 16-шы ғасырдан бастап Солтүстік Кавказдың жергілікті тұқымы ретінде белгілі болған. Бұл тұқым негізінен шығу тегі оңтүстік тұқымдар (түркмен, карабах, персидтік) мен жергілікті далалық жылқылардың араласуы нәтижесінде қалыптасқан. Міністі-жегісті кабардин жылқылары тепе-тең және жеңіл жүрісті болып табылады. Оларды таулы аймақтарда мініс мақсатында кеңінен қолданады. Оларға тығыз конституция, үйлесімді дене бітім, мықты денсаулық, қағілез темперамент, жоғары төлдегіштік пен ұзақ жасау қасиеттері тән. Негізінен басы қалыпты, мойыны орташа ұзындықта, кеудесі терең және кең, шоқтығы аса биік емес болса да ұзын, арқасы түзу және қысқа, құйымшағы созылыңқы, аяқтары жіңішке, тұяқтары мықты және жалы мен құйрығының өсуі қалыпты болып келеді. Жылқыларды мәдени-табын жағдайында өсіреді. Биелері сүттілігімен ерекшеленеді.
К.Б. Свечин, И.Ф. Бобылев және Б.М. Гопканың [2] пікірінше кабардин тұқымы ежелгі міністі-жегісті жылқы типтерінің бірі болып табылады. Оның шығу тегі жөнінде әлі күнге дейін біржақты дәлелденген пікір жоқ. Жоғарыда аталған авторлардың айтуынша бұл тұқым далалық жылқы тұқымдарын шығыстық тұқымдармен ұзақ мерзімді күрделі будандастыру нәтижесінде алынған будандарды Солтүстік Кавказдың таулы жағдайында табынды өсіру нәтижесінде пайда болуы мүмкін деген пікір айтады. 16-шы ғасырдың өзінде кабардин жылқылары Кавказда белгілі болған. Кейін кабардин жылқыларын Георгиевск және Пятигорск жәрмеңкелеріне көптеп әкелген, ал оларды Түркия, Румыня, Австрия, Венгрия және тағы басқа елдердің халқы хат тасушылар көлігі мақсатында сатып алып отырған. Азаматтық және Отан соғысы жылдарында бұл жылқыылардың саны айтарлықтай кеміген. Дегенмен, кеңестік ғалымдардың үлкен еңбегінің нәтижесінде тұқым қайта қалпына келтірілген. Қазір де өзіндік экстерьерлік формасы мен бағалы қасиеттерін сақтап келеді. Олар шыдамды, батыл, таулы жерлермен жүргенде өте сақ. Есту қабілеті жақсы жетілген. Олар жеңіл жүріспен аяңдап жүріге, желіске, шабуға қабілетті. Бұл әсіресе таулы жолдармен ұзақ жүргенде маңызды.
К.Б. Свечин және тағы басқа авторлардың [3] деректерінде кабардин жылқыларын жылқы туризмі саласында, әсіресе таулы аймақтарағы, кеңінен қолданылатындығы айтылған. Олардың басы орташа мөлшерлі, мойыны аса ұзын емес, арқасы мықты, кеуде тұсы кең және терең, сауыры кең және салбыраңқы, аяқтары мықты кейде имекаяқ болып келеді. Түстері торы, қара қою торы, қаракер және дақсыз бурыл болады. Кабардин жылқылары ауруға төзгіштігімен, конституциясының мықтылығымен, төлдегіштігінің жоғарылығымен ерекшеленеді.
С.А. Козлов пен П.А. Парфеновтің [4] жазуынша кабардин жылқыларын негізінен әскери қызмет пен аңшылық мақсатта және ауыл шаруашылығы саласында қолдану үшін селекциялық жолмен (шығу тегі шығыстық жене арабтық жылқыларды қолдану арқылы) шығарған. Оларды Солтүстік Кавказдың кабардиндік ірі кнъяздік табындарында өсірген. Міністі-жегісті кабардин жылқыларының шоқтығының биіктігі 152 см, тұрқының ұзындығы 155 см, кеуде орамы 178 см және жіліншік орамы 18,8 см. Бұл жылқылардың түсі көбінесе торы болып келеді. Кабардин тұқымы Кабардин-Балкар республикасының Малкин жылқы зауытында өсіріледі.
В. Парфеновтың [5] айтуыншатау жылқылары бүгігі күнге дейін Солтүстік Кавказдың ауыл шаруашылық саласында және үй жағдайында өз маңызын жоғалтқан емес. Бұл тұқымдарға негізінен кабардин және карачаев жылқылары жатады. Кейіннен Кавказ елінде егін және қой шаруашылығы салаларының қарқынды дамуына байланысты жылқы өсіру сәл ақырындап, жылқы санының артуына үлкен бәсекелестік тудырды. Бұл кемшіліктің орнын толтыру мақсатында жоғарыда аталған кавказ тұқымдарының екеуі де үлкен ауқымда өсіріле бастады. Ресей Федерациясының ауыл шаруашылық министрлігінің Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік реестрінде (Москва - 2007 ж.) кабардин тұқымы 9354387 нөмірмен, ал карачаев тұқымы 9354442 нөмірімен тіркелген.
Х.К. Амшоковтың [6]деректеріне сүйенсек Лионда 2011 жылдың 3-қарашасында өткен Еуропа кубогінде инал деп аталатын кабардин құлыны жеңіске жеткен. Жарысқа қатыстырар алдында жылқыларды экстерьері, класы бойынша іріктейді. Инал 16.09.2004 ж. Мәскеуде туылған.
Н. Горскаяның [7] айтуынша Ежелгі Рязань - көктем 2010 деп аталатын Рязань облысының Спасск қаласында 2010 жылдың 1-3 мамыр күндері халықаралық және ұлттық дистанционды ат жарыстары өткізілген. 160 км, 120 км, 80 км, сонымен қатар 40 км қашықтыққа шабудан Мәскеу, Рязань, Саратов, Владимир, Липец, Волгоград облыстарынан, сонымен қатар, Карачаев-Черкесс, Кабардино-Балқариядан да жылқылар қатыстырылған. Көбінесе, жарысқа таза тұқымды араб, кабардин және карачаев жылқылары және олардың будандары қатыстырылған.
В.А. Захаровтың [8]мақаласындақазіргі жылқы шаруашылығында кабардин және карачаев жылқыларын сонымен қатар, олардың будандарын қолданудың тиімділігін анықтау тәжірибелері жүргізілген. Бұл тәжірибелер үшін Нарт фирмасының шаруашылығында өсірілетін жылқылардың әр түрлі жыныстық топтардың ара қатынасын, жастық ерекшеліктерін, дене өлшемдерін, түсі мен нерв жүйесінің жоғары типін анықтаған. Зерттеуге алынған жылқылардың ішінде 12,6%-ы кабардин, 17%-ы карачаев және 70,4%-ы олардың будандары. Тәжірибе соңында автор бұл шаруашылықта өсірілетін жылқылар төзімділігімен, ұнамды типті конституциясымен, көрнекі экстерьерімен, азық талғамайтындығымен, ауыр жұмысқа пайдаланғаннан кейін өз қалпына тез келетіндігімен ерекшеленген.
Х.К. Амшоков пен Х.М. Абазовтың [9] зерттеулерінде кабардин тұқымының қара түсті Фиолет айғыры 1947 жылы Кабардин АССР-нің тауыл аймағында орналасқан Дженел колхозында туылған. Фиолеттің әкесі онша бір көрнекті жылқы болмаған, оның құндылығы енесі жағынан келсе керек. Фиолет 9 - 1952 жылы өткен 500 км-лік жарыста 3 орында болған. Ол 1950-1958 жылдары аралығында тұқымдық қолданылған. Сонымен қатар, көптеген құнды ұрпақ қалдырған артынан. Мысалы, одан туған ұлы - Фарон 45 (1953 жылы туылған) енесі Абидат, Фиолет аталық ізін әрі қарай жалғастырушы болып табылады. Бұл Фарон 15 ат жарысына қатысып, оның 14-інде жеңімпаз болған.
Х.К. Амшоковтың [10] мақаласында 2010 жылдың 1-3 мамыр аралығында Рязань облысының Спасск қаласында дистанциялық жылқы жарысынан халықаралық және ұлттық жарыс өткендігі жазылған. Бұл жарыста Альп деп аталатын қара түсті кабардин құлыны бірінші болып келген. Оның жылдамдығы 15,5 кмсағ болған.
Б. Камбегевтің [11] айтуынша Солтүстік Кавказ халқы өздері көшпелі түрде қоныстанған таулы аймақтарға өздерінің әр түрлі үй хайуанаттарын таратып жүрген. Олардың барлығы жаңа аймаққа үйрене қойған жоқ, тек қана жылқы малы жаңа қатал дала табиғаты жағдайына шыдамды болған.
Кабардин халқының жылқы күтудегі шыдамдылығы мен жылқы бағуға деген творчестволық қарауының арқасында қазіргі тау жылқыларының алғашқы үйірлері қалыптаса бастаған. Кабардин және карачаев жылқы тұқымдары жергілікті жылқыларды шығыстық жылқылармен жақсарту барысында шығарылған. Олар таулы жерлерде жазда жайылыста табынды бағуға, күрт өзгермелі температура және ауа ылғалдылығына үйренген.
А.С. Красников [12] кабардин жылқылары Солтүстік Кавказдың жергілікті жылқыларын шығыстық айғырлармен жақсарту нәтижесінде алынған. Оларды жыл бойы табынды жайылымда ұстаған, тек қана қысқы мезгілде пішенмен қосымша азықтандырып отырған. Малокарачаев жылқы зауытында кабардин жылқыларының ірі массивті типтерін өсіреді. Ал тауылы аймақтарда - мінуге ыңғайлы ұсақтау жылқыларын өсіреді.
Олар жерсінуге бейім, денсаулығы жақсы, мықты конституциялы, төлдегіштігі жоғары, темпераментті болып келеді. Жызғы таулы жайлауларда қоңдылығын тез қалыпқа келтіреді. Бұл жылқылардың бастары ауыр, құлақтары ұзын, мойыны жоғары қойылмаған дегенмен бұлшық етті, шоқтығы мен арқасы ұзын, құйымшағы аздап тартылыңқы, кеудесі терең, саны созылыңқы, тұяқтары мықты, жалы мен құйрығы қалың. Түсі көбінесе қара, арасында сұр және жирен түстілері де кезедеседі.
Олар тез, жан жағының бағдарын тез аңғаратын жылқылар. Олардыңдың жүк өктергіштігі 455,6 кг-ға дейін жетеді. Кабардин жылқыларының ішінде екі тұқым ішілік типі бар: негізгі, шығыстық және қалың. Тұқымдағы ең жақсы аталық іздер болып: Даусуз, Борей, Атлас пен Зурабтың аталық іздері саналады. Бұл тұқымының негізгі құнды мал басы Малкин және Малокарачаев жылқы зауыттары мен Кабардино-Балкария, Карачаево-Черкесс және Адыргеи елді-мекендерінің колхоз және совхоздарында өсіріледі. Кабардин жылқыларын өсірген кезде таза қанды ағылшын және араб жылқыларымен кіріспе будандастыру әдісін де қолданады. 1969 жылдың басында 46520 бас таза қанды кабардиндер, 5771 олардың будандары тіркелеген.
С.А. Козлов, С.А. Зиновьева мен Н.Ю. Козловалардың жазуынша [13] кабардин жылқыларымен алғашында селекциялық жұмыстарды табиғатқа демалу үшін шығарда қолдануға мініс бағытында және де әскерлердің мінуі үшін бағыттап өсірген. Кабардин жылқыларының орташа дене өлшемдері шамамен келесідей: шоқтығының биіктігі - 152 см, дене тұрқының ұзындығы - 155 см, кеуде орамы - 178 см және жіліншік орамы - 18,8 см. Жылқылар үйлесімді дене бітімді және де тығыз бұлшық етті болып табылады. Олардың экстерьерінде артқы аяқтарының мықтылығы байқалады, ол өз кезегінде тек қана таулы аймақ жылқыларына сай артықшылық болып табылады. Олардың түстерінде қою қара түс басым. Сонымен қатар, оларға тән тығыз конституция олардың жыл бойы таулы аймақтарда тебінде жайылуына мүмкіндік береді. Осы артықшылықтарының арқасында олар Солтүстік Кавказға жақын елдерде таныла бастады. Бұл тұқым жылқылары Кеңес Одағының атты шекара әскерлерінің қолданысына ие болды. Қазіргі таңда кабардин жылқыларын ат спорты саласында, соның ішінде қашықтыққа шабу түрінде көптеп қолданады, және де олар бұл жағынан жақсы нәтижелер көрсетіп жүр.
Кабардин жылқыларын Кабардино-Балкариядағы Малкин жылқы зауытында және кейбір тұқымдық репродукторларда өсіреді. Бұл тұқымның айғырларын таза қанды мініс айғырларымен шағылыстырғаннан алынған будандар ат спортының бінеше түріне баптауға бейім келеді.
Ю.Н. Барминцевтің [14] айтуынша шаруашылыққа пайдалы қасиеттері бойынша жылқы тұқымдарын төрт топқа бөлген: жұмыс аттары (жегілетін және желісті жылқының шаруашылықта жұмыс істеуге, жүк теңдеуге, тасымалдауға жарамды типі, экстремальды жағдайға арналған әскери аттар), спорт аттары (ат спорты ойындары мен жарыстарға, сондай-ақ ат туризміне арналған аттар), сүт және ет өндіруге арналған жылқы (өнімді жылқылар), продуценттер (жылқы қанынан сіреспе, гангрен, дифтерия, ботулизм, т.с.с. ауруларды емдеуге арналған қан сарысуын дайындайтын биология өнеркәсібіндегі жылқылар). Қазақстанда өсірілетін негізгі жоспарлы жылқы тұқымдарына қазақы жылқының жабы мен адай типі, мұғалжар, көшім, қостанай және дон тұқымдары жатады. Тебінді жылқы шаруашылығында жергілікті жылқы тұқымдары өсіріледі.
А.С. Красниковтың [15] классификацисы бойынша жылқыларды зоотехникалық жіктеу тиімді болып табылады. Яғни, ол жергілікті жылқы тұқымдарын - далалық (башқұрт, бурят, қазақ, моңғол), таулық (алтай, гуцул, карабах,қырғыз, локай, мегрел, тува, тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, саха-якут жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды - мініс (араб, ахалтеке, иомуд, терск, тракен, таза текті салт мініс), міністі -жегісті (дон, буденный, кабардин, карабайыр, қостанай, көшім, жаңа қырғыз), желісті (орлов, орыс, американ, француз), ауыр жүк тартатын (владимир, арден, литва, першерон, орыс, совет), жегіс (бело - русс, жемайчу, латвия, торий) тұқымдарына бөледі.
Н. Омархожаев, Б.Әкімбеков, С.Махмутов, К.Жаңабеков пен З.Башбаевалардың [16]жылқы өсіру - жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімдерін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т.б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ эалқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25-30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы-жазы қорғаайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-1000-ға дейін жылқы болады.
Ж. Мырзабеков пен П. Ибрагимовтың [17] пайымдауынша ат қораларды солтүстіктен оңтүстікке қарай немесе жарық болуы үшін терезелерін оңтүстікке қаратып салады. Ат қораның көлемі бір жылқы үшін 30 м болуы керек, қабырғаның биіктігі - 3м, терезенің биіктігі 2 метрден кем болмауы керек. Терезе ауданының еден ауданына арақатынасы 1:1,5 кем болмауы тиіс. Еден саз балшықтан не асфальттан болғаны жөн. Жұмысшы жылқыларға арналған ат қорадағы керме қоршаулардың өлшемі 1,75 x 3 м, ауданы 5,25 м, күндізгі тұратын бөлмелерінің көлемі 3 x 3,5 м, ауданы 10,5 м (20 процент) етіп жасалады. Жұмысшы жылқыларының төлдеріне (әр төлге 5 м келетіндей етіп) жалпы бір бөлме береді.
Қ.Н. Бегімбеков, А.Ә. Төреханов пен Ә.Б. Байжұмановтың зерттеулерінде [18] бүгінге дейін сақталған Пржевальский жылқысы қазіргі жылқылардың жабайы тегі болып саналады. Оны 1879 жылы орыс ғалымы Н.М.Пржевальский Азиядағы Гоби шөлінен тапқан, ол қазір Монғолияда кездеседі. Бұл жылқының бойы тапал (124-130 см), дене тұрқы қысқа, кең; басы сөлекеттеу, үлкен, кекілі жоқ, құлақтары қысқа; мойны шомбал, қысқа; мүйізденген тері өсінділері бар сирақтары жіңішке болып келеді. Түсі құла, жалы мен кұйрығы қара, жотасын бойлай қара жолақ өтеді. Тістері мықты және олардың беті қатпарлы болады. Өте сақ жануар, шағын табын құрап тіршілік етеді. Буаздылығы 340- 350 күнге созылады. Жануардың орман жылқысымен және тіпті есекпен ұқсастығы ғалымдардың оны жабайы жылқының бір формасы деп тануына себепші болды. Пржевальский жылқысы үй жылқысымен жақсы будандасады. Будандары өсімтал. 1987 жылы бүкіл дүние жүзінде 723, оның ішінде КСРО-да -- 74 Пржевальский жылқысы сақталған.
Ә. Байжұмановтың [19] кітабында жылқыны үй жануарларына айналдыру, қолға үйрету Орталық Азиядан басталды, содан кейін Европада. Ол кезең қола ғасырына жатады. В. О. Ковалевскидің жұмыстарында анықталғандай, жылқылар тұқымдасының эволюциясы олардың көлемін ірілендіру, тіс аппаратын күрделендіру, аяқтарындағы саусақтарының санын азайту жолымен жүргізілген: төрт саусақты Эогипустан гиппориондарға дейін, бір тұяқты жануарлар Прежевальский жылқысы және тарпан. Көптеген зерттеушілер жылқыларды мынадай үш түрге бөледі: шөл, жазық далалық және ормандық.
Т.С. Садықұлов пен Т.К. Бексейітовтың [20] деректерінше жылқылар тұқымдасы төрт туыстан тұрады: есектер, жартылай есектер, зебралар жэне жылқылар. Тек екі түрі үй жануарына айналдырылып қолға үйретілген, олар: жылқы және есек. Жылқы алғашқы рет Солтүстік Америкада пайда болды, содан кейін Азия мен Европаға көшірілді.
А.П. Калашников және басқалары [21] айтуынша жылқының сүйсініп жейтін ең жұғымды жемі сұлы. Сұлыны жылқыға шектеусіз жегізуге болады. Оны жеңіл қорытып, ешбір зиян шекпейді, тек тісі мүжілген кәрі аттарға сұлы дәнін алдын-ала мыжып (плющение) беруге болады.
Н. Омарқожаұлының [22] жазуынша жылқы негізінен жайылым малы. Сондықтан жайылымның әсіресе көк шөбін жылқы сүйсініп жеп, тез семіреді. Бұл кезде тек ауыр жұмыстағы аттар болмаса, қалған жылқыларға жемнің керегі де болмайды. Жылқыны қолда ұстаған кезде оған картоп, сәбіз, қызылша берген жөн. Бұл азықтар әсіресе құлынды биелер және оның тай құлындары үшін пайдалы. Шырынды азық пен сүрлемді ересек жылқыға күніне 10 -- 12 кг беруге болады.
Күшті азықтардың ішінде жылқыға ең қолайлысы -- сұлы. Сүлы дәмі басқа дәнді азықтардан гөрі жұмсақ болғандықтан оны жылқы жеңіл қорытады. Сөйткенмен де сұлыны жаншылған күйінде берген дұрыс болады. Арпа, жүгері,қара бидай сияқты жемді уатып, немесе сулап берген дұрыс, ал тарыны үгіп беру керек. Бұл күшті азықтарды ересек жылқыға күніне 2 -- 4 кг мөлшерінде беруге болады.Еңбектері бойынша жылқылардың шаруашылықтағы негізгі атқаратын жұмысы-механикалық жұмыс болып табылады.Сондықтан олардың қоректік заттарға мұқтаждығы алдымен бұлшық ет қызыметтерімен байланысты. Бұлшық ет жұмысы ең алдымен тотығу процестерін үдетеді. Бұл процестер организмдегі көмір қышқылының шығуын көбейтіп, оттегінің енуін молайтады.Кейбір жағдайларда несеп құрамындағы азот мөлшері де жоғарылайды. Осы процестерарқылы жұмысқа кететін энергия бөлініп,организмде үзіліссіз жұмсалып тұрады.Энергиялық шығындар ең алдымен жеңіл қорытылатын көмірсу,азотсыз экстрактивті заттар арқылы қамтамасыз етіледі де, олар таусылған жағдайда майлар,протеиндер арқылы алына бастайды. Сондықтан арықтап кеткен жылқылардың қонын көтеру үшін ұсынылған орташа нормалық көрсеткіштерге қосымша 3-4 азық өлшеміне дейін қосып,басқада қоректік заттар көрсеткіштерін әрбір қосымша азық өлшемі есебінен береді. Сонымен бірге физиологиялық жағдайларды ескере отырып,орташа нормаларды толықтырып организм қажетіне сәйкестендіріп отырған жөн. Жылпы буаз және құлынын емізетін биелерді жеңіл жұмыстарға пайдаланса,оларды азықтандыру нормалары 20 процент жоғарылайды.
А.Ә. Төреханов, Н.Ә. Жазылбеков пен М.А. Кинеевтің [23] пайымдауынша жайылымда қосымша жем берілетін жылқыға жемді үнемі бір уақытта, суарғаннан кейін ғана беру керек. Бір түлікке белгіленген жемді екіге бөліп (таңертең, кешке) берген жөн. Жеммен бірге жылқыға тұз беріп отыру қажет. Құлынға тәулігіне 15 -- 30 г,ірі жылқыға -- 40-70 г беріледі.
Жылқыны дұрыс өсіріп пайдалану үшін оны тиісті жемшөппен қамтамасыз етудің маңызы зор. "Атты қамшымен айдама, жеммен айда" деген халық мақалын әр уақыт есте сақгау керек.
Ә.Ә. Егеубаев пен Қ.А. Ахметовтың [24] зерттеулерінде жылқыны ғылыми негізде азықтандыру оның тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім өндіруге қоректік заттар қажеттілігі мұқият ескерілуі керек.Қажеттілік мөлшерден көп не аз берілген болса зиян.Жем шөп нормадан аз берілсе, осы мал денесіндегі зат алмасуын толық қамтамасыз ете алмайды да төлдің өсіп жетілуі тежеледі, сақа малдың өнімділігі азаяды.Керісінше, нормадан көп берілсе шамадан тыс енген қоректік заттар қорытылымы төмендеп, олар толық игерілмей пайдасыз шығындалады.Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 - 8 ц жем дайындайды
Н. Омарқожаевтың [25]мәліметі бойынша жұмыс аттарын азықтандыру рационы ең алдымен зоотехникалық тұрғыдан қойылатын талаптарға сай болуы керек. Оның құрамына кіретін азықтар жылқылар сүйсініп жейтін жергілікті жерде өсетін, ас қорыту процесіне қолайлы, көлемі жағынан алғанда нормалық талапқа сай, экономикалық жағынан тиімді, пайдалы болулары керек. Сондықтан да ең алдымен рациондарға жергілікті арзан азықтық заттарды көп қолдану керек те, сатып алынатын қосындыларды тек қажетті мөлшерде ғана енгізген жөн.
В.Н. Баканов пен В.К. Менькиннің [26] жазуынша әдетте жұмыс аттарына ірі азықтарды танертең,жұмыс басталардан кемінде екі сағат бұрын және кешке жұмыстан кейін береді. Түс кезінде дәнді азықтарды аздаған пішен турандысына араластырып берген жөн. Жазғы уақытта жұмыс аттары 50 процентке дейін қажетті қоректік заттарын жайылым шөбімен қамтамасызетеді,қалған 15-30 процентін құнды жем, 30-40 процентін ірі азықпен толықтырады.
Н. Омарқожаев [27] деректерінде жылқыға берілетін азықтар мынандай түрге бөлінеді: көлемді азықтар -- пішен, сабан, топан; шырынды азықтар -- қызылша, сәбіз, сүрлем; күшті азықтар-сұлы, арпа, жүгері, кебек, күнжара, тағы басқалар; қоспа жемдер. Жылқыға ерте шабылған шөпті беру дұрыс, өйткені кеш шабылған шөптің сабағы жуандап, қоректілігі төмендеп кетеді.
Сапасы жақсы пішенді жылқы тойғанынша жесе де зиян болмайды. Сабағы қатты пішенді тұзды суға шылап берудің де пайдасы бар. Сабан мен топанды жылқыға қашанда жұмсатып, ылғалдап берген жөн. Бұл үшін сабанды уақтап, топанмен араластырып, үстіне кебек пен тұз сеуіп, ыстық су құйып бетін жауып бірер сағатқа қалдырады. Осылай дайындалған сабанды жылқы сүйсініп жейді және оның қоректілігі де артады.
Жалпы жұмыс аттарының рациондарында әрбір 100 кг тірілей салмағына шаққанда жұмыстан бос уақытта 1,5-2,0 кг астық тұқымдастар пішенін, жеңіл жұмыстарға қолданғанда осының үстіне 0,3-0,7 кг жем қосылады. Орташа жұмыстарға қолданғанда 1,5-2,5 кг пішен, 0,75 кг жем, ауыр жұмыстарға қолданылатын аттарға 1.5-2,25 кг жем беріледі.
Сұлыны тістері жақсы аттарға бүтін күйінде беруге болады. Ал жанышталған сұлы берсе 6-10%-ке дейін үнемді болады. Кебекті тәулігіне аз мөлшерде беретін болса құрғақтай, ал көп болса, ылғалдап не болмаса ботқа жасап береді.
Қ. Сәбденовтың кітабында [28] Қазақстанда өсірілетін жылқы тұқымы да аз емес. Олардың әрбіреуінің өзіне тән өзгешілігі, ерекшелігі бар. Бірақ республикамызда өсірілетін жылқы тұқымдарыныңбарлығы да Казақстанның нақты аймағына бейімделген, сол жердегі табиғат жағдайына жерсінген, сол қоршаған ортада есіп-өніп, жоғары өнімділік көрсете алатын мал тұқымдары өсіріледі. Сол жылқы тұқымдарының ең көп тарағаны қазақжылқысы. Бұл тұқым жергілікті жерде өсіп-өнген ең байырғы тұқым. Қазақы жылқы қысы-жазы өз аяғымен жайылып, ақ қар, көк мұзда да тебінмен жанын сақтаған. Ұзақ ғасырлар бойы осындай табиғи ортада өсіп-өнген, суыққа төзімді, ыстыққа шыдамды, жайылымды пайдалануға өте шебер дағдыланған мал. Қазақы жылқы жүндес келеді. Боранға төзімді, аязды елең етпейтіні де осыдан болар. Тұяқтары мықты, көп мүжілмейді. Тебін жылқысы үшін әрине оның маңызы үлкен.
А. Тоқтабайдың зерттеуінше [29] көшпенділер жылқыны көп сіру үшін тапқан жаңалығы - айғыр үйірлеп бағады. Әр үйірден 15-20 жылқыны құлындарымен, басқа да ұрпақтарымен айғыр өзі иеленіп бағады, өзі өсіреді, осылайша малдың тілін білген халық жылқыны өз өзіне бақтырған. Жылқы түстерінің түсі 360 түске жетіп жығылады. Қазақ аттың жақсы түсі қаракөк деп санаған. Жылықының желіс және жүріс түрлері: аяң, жорға, желіс, шабыстың өзі біршамаға бөлінеді. Қазы атауларының өзі 20-дан асады. Қамшы түрлері 23-ке, қамшылау әдістері 25-ке жетеді. Тек қана ер-тұрманның 15 түрі бар. Ағылшындар жылқыны бұдан бес мың жыл бұрын алғаш рет қазақтың арғы ата бабалары қолға үйреткенін дәлелдеп шықты.
С. Алдановтың [30] мақаласында қазіргі уақытта еті мен сүті үшін жабы жылқыны көп ұстайды делінген. Жылқыны асылдандыру жұмысы ақсап түрғаны рас. Жабы жылқымыздың тұқымы майдаланып келеді. Сондықтан бізде бірінші кезекте селекциялыұ жұмыстарды ұйымдастыру керек. Шет елдерден асыл тұқымды айғырларды әкеліп, үйірге қосса тұқым жақсарады. Жылқы бағатын асыл тұқымды шаруашылықтарға қаржы бөлу арқылы асыл тұқымды аттарды өсіруге да база жасай алатынымыз анық. Асыл тұқымды жылқылар көбейсе, ол даламызға сән береді. Жылқы - тұрмыс-тіршілігіңізді гүлдендіріп, өзіңізді сауықтырып жіберетін түлік. Есепке сүйенсек, Николай патшаның тұсында қазақ даласында 4,5 млн жылқы болған екен. Тау-тас пен тоғайда, құмның ішінде жүрген талаай үйірлер есепке енбей қалғанын ескерсек, кемінде 5 млн жылқы болған. Сол жылқыдан 1932 жылы бар-жоғы 200 мың ғана қалды. Қиялы қауым өкілдері мен жылқы өсірушілер арқасында сексенінші жылдарға дейін жылқы саны қайтадан 5 млн-ға жеткен еді.
www.koshpendi.kz [31] сайты жылқыларды 1,5 жасынан мінуге, жегуге үйретеді, ұйірдегі жылқына таңбалайды деп дерек келтірген. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы жеммен пішен береді. Құлынды 6-8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңтүстік, орталық және батыс аймақтарында бие сәуір-мамыр айларында құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейңн өсіп жетіледі де, қыста бағуға көнбісті келеді.
Қ.Қ. Бозымов [32] өз дерек көздерінде мінілетін әрі жегілетін жылқы тұқымдары Ресейдің оңтүстік батыс аудандарында, Қазақстанда және Орта Азия мемлекетгеріне тараған. Бұл тұқымдағы жылқыларды жергілікті далалық және тау жылқыларын батыс айғырлармен жетілдіріп, тебінді немесе мәдени тебінді жағдайында өсіру арқылы шығарған.
Мінілетін әрі жегілетін жылқыларды ТМД елдерінде дала және тау аймақтарының әр алуан ауылшаруашылық жұмыстарына пайдаланылады. Олар өздерінің шыдамдышығымен, өсімталдылығымен және ауыл шаруашышық жұмыстарынапайдалануұзақтығымен ерекшеленеді. Кабардин жылқысының шоқтығының биіктігі 153 см, құйымшағының биіктігі 155 см, кеудесінің орамы 188 см, жіліншігінің орамы 19,3 см болады.
Б.Р. Әкімбеков, Б.М. Мүслімов,А.Р. Әкімбеков пен Ш.Д.Дәленовтың жазуынша [33]қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз ендіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсірумен айналысатын кісілерді материялдық ынталандыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық ізімен аналық ұялары одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.
Л.Х. Ашибоков [34] зерттеуінше кабардин жылқыларының мықты дене бітіммі мен шыдамдылығы ашық аспан астында табына өсіру негізінде қалыптасқан. Бұл ат қоралар мен қорада баққандағы күтіп-бағуда жем-шөптің көп мөлшерде қажет болуынан емес, бұл оларды шынықтыру мен әр түрлі сыртқы жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында қолданылған әдіс. Табынды жағдайда ересек жылқылар, 8-9 жасқа дейінгі жылқалар өсірілген. Бұл кезде кабардин жылқыларының дене бітімі ерекшеліктері таулы аймақта таптырмайтын көлік малы ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Кейбір совхоздар мен колхоздар 8-9 жастан кейін де аталмыш жылқы тұқымдарын
К.Н. Керефовтың деректерінде [35] кабардин тұқым жылқылары жегу құрал - жабдықтарымен, ат тұрманның астында жақсы азықтандыру жағдайында, таулы өңірлерде жоғары жұмыс қабілеттілігін көрсетеді. Кабардин жылқылары орта бойлы болғанымен (кабардин айғырлары - 154 см, биелері - 152 см), тұқымды, конституциясы мықты, кеудесі дамыған, тұяқтары жақсы жетілген болуы керек. Асыл тұқымды ағылшын - кабардин жылқылары кабардин жылқыларына қарағанда ірілеу (айғырлары - 156 см, биелері - 154 см), міністі тұқымның формалары айқын байқалып, жегу жабдықтарын қолданғанда, жұмыс қабілеттілігі жоғары болады, ағылшын - кабардин жылқыларын ауыр жүк көтеруге пайдалануға болады.
П.И. Калининнің жазуынша [36]асыл тұқымды және ремонтты жылқыларды шығару үшін, оларды табындық - мәдени тәсілмен (культурно - табунный метод) күтіп - бағады. Экспортқа және ат спорты үшін жылқыларды өсіру, таза қанды міністі тұқымның қандылығын арттырумен байланысты, сол себепті жасы, жынысына байланысты топтарды ат - қорада - жайылымда бағып өсіру керек.
Малкин және Мало - Карачаев жылқы заводтарында кабардин тұқым жылқылары екі бағытта өсіріледі: таза қанды өсіру, таза қанды міністі тұқым жылқыларының қандылығы (14) қатынасында, жартылай таза қанды, таза қанды міністі тұқым жылқыларының қандылығы (14) - (34) қатынасы аралығында. Малкин жылқы заводы кабардин және ағылшын - кабардин жылқыларын жеңілденген типте, торы түсті жылқыларды шығаруды жоспарлап отыр. Ал, Мало - Карачаев жылқы заводы тығыз, қарға, қара, қою торы түсті жылқыларды шығаруға бағытталған.
П.А. Безрукова кітабында [37] бүгінгі күнде Кабардин жылқыларын Азербайжан, Армения, Молдавия, бұрынғы Совет Одағының барлық елдерінде өсіріледі. Сонымен бірге Кытай, Ауғаныстан, Польша, Чехославакия, Анлгия және т.б. елдеріне экспортқа шығарылады. Кабардин және ағылшын - кабардин тұқым жылқылары шекаралық қызмет жұмыстарында жоғары сұранысқа ие.
Н.Г. Дронь [38] жазбаларында Кабардин елінің мемлекеттік асыл тұқымды жылқы өсіру орталығы 1936 жылы құралыған. Бұл орталықтың құрамына Кабардин АССР-нің 6 әкімшілік аудандары кіреді: Баксан, Зольск, Кубин, Нагорлық, Нальчикск және Эльбрусс. Бұл аталған зрналар жайылымы мол және өзен-сулары бар жерлер. 1941 жылдан бастап аталмыш орталық кабардин жылқыларын таза тұқымды өсірумен айналысты. Тек азғантай мөлшерде оларды таза қанды ағылшын міністісімен кіріспе будандастырып отырды. Ғалымдар мен атбегілердің табанды жұмыстарының арқасында соғыстан кейінгі жыл ішінде осы орталықта өсірілетін таза қанды кабардин жылқыларының саны 375 пайызға артқан. Жоспарлы асыл тұқымды мал өсіру мен азықтандыру және күтіп-бағу жұмыстарының оңтайлануының арқасында кабардин жылқыларын өсірудің сапасы едәуір жақсарды. Оларды мәдени-табиғи жағдайда баққан. 1951 жылғы бонитировка қортындысын 1947 жылғымен салыстырғанда дене өлшемдері бірталай артқанын көруге болады: айғырлардың шоқтығының биіктігі 1,93 см-ге, кеуде орамы 3,99 см-ге, жіліншік орамы 0,36 см-ге артса, биелерінде сәйкесінше 1,39 см, 0,48 см және 0,05 см-ге ұлғайған. 1952 жылы шағылыстыру науқанына 56 айғыр қатыстырылған. Олардың ішінде Борея аталық ізінің 27, Даусузадан 16, Зураба ізінен 8 және Орла ІІ аталық ізінен 5 айғыр қатыстырылған.
Қ.Ж. Ихсанның мәліметтерінше [39]тау жылқылары салт мінуге, теңдеп жүк тартуға және ауыл шаруашылық жұмыстарына кеңінен пайдаланады. Таудың бұралаң жолдарына, өткел бермес қиын асулары мен буырқанған сулардан өтуге табылмайтын көлік. Тау жылқылары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz