Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
Курстық жоба
Тақырыбы: Тракенен тұқымдарының биологиялық және экстерьерлік ерекшеліктері
Мазмұны:
Кіріспе
3
1
Әдебиеттерге шолу
5
2
Негізгі бөлім
13
2.1
Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
13
2.2
Тракенен жылқыларының экстерьерлік ерекшеліктері
16
2.3
Ат спортының классикалық түрлеріндегі тракенен жылқыларының қолданылуы
19
2.4
Тракенен тұқымының аталық іздері
23
Қорытынды
25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
27
Кіріспе
Үй жануарларының бірі жылқы болады. Жылқы тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары жылқының 7000 жылдан бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебра қазіргі жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген. Жылқылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен. Қазірде Монғолияда ғана жабайы жылқылар үйірлері кездеседі. Оны Пржевальский жылқысы (Керқұлан) деп атайды. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша кәдімгі жылқының ең жақын тегі осы керқұлан. Қолға үйретілген кәдімгі жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, спорттық бағыттарда өсіріледі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50-185см, салмағы 60-1500кг болады. Жылқы орта есеппен 18-20 жыл , кейде 40 жылға дейін жасайды. Түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді. Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл т.б.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетіле түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпал
ын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап-тілек артып отыр.
Еліміздің ерте кезден ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.
Бірақ осы жайттар, әсіресе жүйрік аттардың тегіне деген қызығушылық әлгі тандаулы бие мен айғырлардьщ өзіне ғана емес, олардың ұрпағына да назар аудара бастады. Сөйтіп мал шаруашылығы тәжірибесіне малды ұрпағының сапасына қарай бағалау мәселесі ене бастады. Мұның тұқым асылдандыру жұмысына пайдадан басқа зияны жоқ болған. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесі ретінде кезінде әр елде шығарылған жылқының ахалтеке, араб, таза текті мініс, орлов, американ желгіші секілді тұқымдарын атауға болады.
Тракенен жылқылары бойшаңдығымен, бұлшық етті массивті дене бітімімен, құрғақ конституциясымен, сыртқы түр-тұлғасының тартымдылығымен, жүрісінің жеңіл болуымен, кедергілерден жақсы секіре алу қасиетімен ерекшеленеді. Тракенен дылқылары белгілер кешені бойынша спорттық аттар қатарына жатады. Бұл жылқылардың түсі негізінен қара-қою түстер болып келеді. Олар қара, қаракер, торы, бурыл, қою сұр болады. Қазіргі уақытта бұл тұқым Германия Федеративтік Республикасында, Польша, Швеция, Италия, АҚШ және өзге де елдерде өсіріледі.
Курстық жобаның мақсаты: тракенен жылқы тұқымы туралы мәліметтер жинау, іздену. Аталған тұқым жылқыларының биологиялық және экстерьерлік ерекшеліктерін сипаттау.
1 Әдебиеттерге шолу
А.С. Красниковтің [1] тракенен тұқымы 19 ғасырда Германияның тракенен жылқы зауытында жергілікті биелерді араб, түркмен және ағылшын таза қанды айғырларымен шағылыстыру нәтижесінде шығарылған. Ұнамды типтегі будандарды өз ішінде өсіріп, кейде ағылшын және араб жылқыларымен кіріспе будандастырып тұрған. Барлық асыл тұқымды жылқыларды ылғалды ауа райы жағдайында мәдени жайылыстарда ұстап, концентраттармен қосымша азықтандырып отырған. Үш жастағы тайларын жегу, міну және ерттеу мақсатында жаттықтырған. 2,5-3,5 жастағы жас айғырлар мемлекеттік шаруащықтарда тренингтерден өткен.
Тракенен жылқылары жирен, торы, қара түсті, ірі бойлы және массивті. Биелерінің орташа дене өлшемдері: шоқтығының биіктігі 162 см, дене тұрқы 165 см, кеуде орамы 193 см, жіліншік орамы 21,0 см, тірілей салмағы 575 кг-ды құрайды. Ат спортында жоғары бағаланады. Оларды кеңес Одағы елдерінде, Германияда, Швецияда, Польшада және өзге елдерде де өсіреді. Дене бітімі мықты, бұлшық еттері жақсы дамыған жас малдарды ғана ат спортына дайындайды.
С.А. Козлов, С.А. Зиновьева мен Н.Ю. Козловалардың [2] жазуынша тракенен жылқылары Еуропаның аралас қанды жылқы тұқымдарының бірі. Оның шығу тарихы 14 ғасырда басталған. Тұқымның шығуына 1972 жылы Шығыс Пруссияда құрылған Тракенен жылқы зауыты әсер еткен. Бұл зауытта тұқымды шығару жоспары құралып, нақтыланған. Негізінен жылқыларды пайдалы іске жрату үшін, ауыл шаруашылығына пайдалану үшін шығарған.
Тракенен жылқыларының селекциясы оларды жиі жиі жұмысқа қабілеттілігін арттыру бойынша жүргізілген. Осыған байланысты айғырларының мініске қабілеттілігі мен биелерінің жегуге ыңғайлылығы жетілген. Бұл осы жылқыларын ауыл шаруашылығы саласында әмбебап ұолдануға болатындығын анықтайды. Өткен ғасырдың ортасынан бастап олардың мамандануы спортты бағытта болды. Аталған тұқым спортты жарыстардың дүние жүзілік аренасында кең қолданысқа ие бола бастады.
К. Б. Свечин, И. Ф. Бобылев пен Б. М. Гопканың [3] мәліметтерінше тракенен жылқы тұқымы 18-ғасырдың аяғы мн 19-ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Пруссиядағы Тракенен жылқы зауытында шығарылған. Тұқымды шығару барысында жергілікті неміс және литва, дат, мекленбургтік биелерді таза қанды мініс, араб, түркмен, испан және дон айғырларымен шағылыстырған. Бұл будандастырудан алынған ұнамды типтегі будандарды өз ішінде өсірген. Сонымен қатар, бұл будандарды негізгі тұқымдардың (таза қанды ағылшын міністісі, араб, түркмен) аталықтарымен де будандастырып отырған.
Сол кезде Тракенен жылқы зауытында өзге де жылқы тұқымдары көп болғанымен, олар өз кезегінде тұқымның қандылығына көп әсер етпеген.
Олардың бәрі дерлік бұлшық етті дене бітіміен ерекшеленіп, бойлары да ұзын болған, 170 см-дің шамасында. Көптеген аталық іздер бастаушылары (Марсворт, Хектор және т.б.) өзінің тұқымдық қасиеттерін көп жылдар бойы ұрпақтарына беріп отырған. Әсіресе, таза қанды міністі тұқым айғыры Перфекционист (Тракенен жылқы зауытында 1903 жылы шығарылған) және ахалтеке айғыры Туркмен-Ати (1798 жылдан бастап Тракенен жылқы зауытында кең қолданысқа ие болған) тракенен тұқымының типін анықтауда үлкен өзгеріс әкелді. Тракенен тұқымының қандылығына аз әсер еткен араб және шығыстық айғырлар болды.
Е. Г. Насамбаев, С. М. Жумагазиева, Г. Ш. Муханбеткалиева мен С. К. Джумагуловалардың [4] деректерінде тракенен жылқы тұқымы 19 ғасырдың Тракенен жылқы зауытында шығыстан шыққан жергілікті биелерді мініс және мініс-жегіс тұқымдарының айғырларымен (араб, түрік, испан, неаполтиан, парсы, таза қанды мініс және дат және т.б.) будандастыру негізінде шығарылған. Қазіргі кездегі тракенен жылқылары ат спорты ойындарының барлық түрі мен түрлі жұмыстарға жегуде кеңінен қолданылады.
С. А. Козлов пен В. А. Парфеновтың [5] пайымдауынша тракенен жылқы тұқымы Еуроапаның аралас қанды жылқыларының бірі болып табылады. Тұқым шығару жұмыстары 14 ғасырдан басталған. Алғашында литва дылқыларын әскери негізде қолдану үшін шығыстық және испандық айғырлардың көмегімен жақсартқан. Ал 18-ші ғасырдың аяғында таза қанды мініс жылқыларымен де шағылыстырған. 1732 жылы құрылған Шығыс Пруссиядағы Тракенен жылқы зауыты тракенен жылқы тұқымын шығаруда үлкен маңызға ие болды. Бұнда тұқымды қалыптастырудың негізгі жоспарлары мен асылдандыру жұмыстарының талаптары қарастырылып отырды. Кейіннен бұл тұқымды тек қана әскери бағытта ғана емес сонымен қатар ауыл шаруашылық жұмыстарына да пайдаланыла бастады.
Тракенен жылқыларының ересек биелерінің дене бітім өлшемдері келесідей: шоқтығының биіктігі 163 см, тұрқының қиғаш ұзындығы 165 см, кеуде орамы 192 см, жіліншік орамы 20,7 см-ге тең. Жылқылар үйлесімді дене бітімді, бұлшық еттері жақсы дамыған, мойындары ұзын және сирақтары дұрыс қойылған. Тракенен жылқылары көбінесе қара, торы және сұр түсті болып келеді.
Д. Я. Туревич пен Г. Т. Рогалевтің [6] сөздігінде тракенен тұқымы аралас қанды тұқым болып табылады, ол 18 ғасырда Германияның мемлекеттік Тракенен жылқы зауытында шығарылған. Тұқымды шығару үшін жергілікті жылқыларды таза қанды ағылшын міністі және араб биелерімен будандастырған. Алғашында бұл тұқым тек қана әсери мақсатта қолданылса, қазіргі таңда ол әмбебап тұқымдардың бірі болып табылады. Яғни оларды ат спортында (кедергілерден өту, бәйге) кеңінен қолданады. Бұл тұқым жылқыларының арқасы түзу, дене бітімі үйлесімді, басы нәзік, мойыны ұзын және түзу, кеудесі терең және сирақтары мықты.
Шоқытығының биіктігі 162-165 см және одан да жоғары, тұрқының қиғаш ұзындығы 165 см, кеуде орамы 192 см және жіліншік орамы 20,5 см. Түсі - қара, бурыл және торы болады көбінесе, ал сұр түс аз кездеседі. Тракенен жылқы тұқымын көптеген елдер өсіреді, соның ішінде Ресейдің Кирова жылқы зауыты мен Белорус, Латвия және Литваның шаруашылықтарында да.
А.И. Кузнецова және басқаларының [7] зерттеулерінде тракенен тұқымының төрт аналық ұясының арасындағы филогенетикалық байланысы анықталған. Тракенен жылқыларына шамамен 280 жыл. Зерттеуге алынған жылқылар екі үлкен топқа бөлінген, олардың біріншісі Фатьма және Лордың құлындары, екіншісінде Киевитт және Тиберисуше құлындары. Зерттеулер нәтижесінде аналық ұялардың арасында филогенетикалық байланыстың сақталғандығы анықталған.
В.А. Деминнің мақаласында [8] соңғы 40 жыл ішінде спорттық жылқылардың ішіндегі ең жықсыларының бірі - тракенен жылқыларында үлкен өзгерістер орын алған: кедергілерді алу жарысында олар буденный жылқыларынан біршама озады (23,1 пайызға), ал көпсатылы жарыста тракенен жылқыларынан буденный жылқылары басым келеді. Сонымен қатар тракенен жылқыларының дене бітімдері де анағұрлым жетілген, яғни, биелерінің шоқтығының биіктігі 20 ғасырдың 50-ші жылдарынан 21 ғасырдың басына дейін 161,3 см болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 163,3 см-ді құрайды.
В.А. Демин мен М.А. Политованың [9] деректерінде соңғы жылдары аталық іздер айғырларының жақсаруы байқалады. 20 ғасырдың 70-жылдарынан бері қарай тракенен айғырларының шоқытығының биіктігі соғыстан кейінгі тұқым жаңа қалыптасып келе жатқан кезеңдегіден әлдеқайда жоғары. 80-жылдары тракенен биелерінің шоқтығының биіктігі 161 см-дің шамасында болса, ал қазіргі таңда бұл көрсеткіш 163 см-ді құрайды. Биелердің кеуде орамы турасында ешқандай мәлімет жоқ, ал жілінішік орамы 20,4 см-ден 20,8 см-ге артқан.
Қ. Ж. Исханның [10] кітабында салт мінілетін мініс жылқы тұқымдарын жарық жерлердегі, барьерлік және стипль-чездік жарыстары бойынша сынайды. Салт мінілетін мініс жылқы тұқымдарын сынаудағы қашықтықтар: Жазық жердегі жарыстарда:
а) 2 жас -1000 м, 1200 м, 1400 м, 1500 м, 1600 м;
б) 3 жас -1200 м, 1400 м, 1500 м, 1600 м, 1800 м, 2000 м, 2400 м, 2800 м, 3000 м;
в) 4 жас - 1200 м, 1500 м, 1600 м, 1800 м, 2000 м, 2400 м, 2800 м, 3000 м, 3200 м, 4000 м.
Барьердегі жарыстарда: 3 жас және одан жоғары жасқа - 2000 м (6 хердел); 2400 м (7-8 хердел); 3000 м (9 хердел)
Стиплъ-чездегі жарыстарда: 4 жас жэне одан жоғары жаска - 4000 м (14 кедергі); 4800 м (16 кедергі); 6000 м (20 кедергі).
Мініс жылқы тұқымдарын сынау жастары бойынша әр тұқымға бөлек және тұқым тобына байланысты өтеді. Ат жарыстарында айғырлар төмендегі салмақты көтереді (шабандоз ері және терлігімен): 2 жаста - 57,0 кг; 3 жаста - 58,0 кг; 4 және одан жоғары жаста - 59,0 кг; 4 және одан жоғары жастағы айғыр: қашақтыққа - 1600 м-60,0 кг; 1800 м-61,0 кг; 2000 м-61,5 кг; 2400 м-62,0 кг; 2800 м- 62,0 кг; биелер айғырларға қарағанда 2,0 кг салмақты кем көтереді.
Б.Р. Әкімбеков, Б.М. Мүслімов, А.Р. Әкімбеков пен Ш.Д. Дәленовтың жазуынша [11] ат спортында үлкен жетістіктерге ие болу үшін көбінесе жылқыны дұрыс таңдауына байланысты. Спорт жылқысын таңдағанда оның типіне, тұқымына, сырт тұлғасына, шығу тегіне, жұмысқа қабілеттілігіне және денсаулығына көңіл аударған жөн. Олардың жоғарғы жүйке қызметі (ВНД) туралы мәліметтер болғаны қажет.Атқа мінудің жоғарғы мектебі (выездка) жарыстары үшін жылқы тандағанда оның сыртқы дене бітімін салт мініс типті, экстерьері дұрыс үйлесімді біткен, жүрісі жеңіл және емін-еркін жатық болғанына көңіл аударған жөн. Жылқының басы жеңіл, сағағы кең көзі жанарлы, құлағы жұқа қыймылды болғаны дұрыс. Мойны ұзын, арқасының ұзындығы орташа, белі ұзындау, бөксесі орташа болуы қажет. Шоқтығына дейінгі биіктігі 160-168 см. Жылқының түсіне де көңіл аударған жөн, негізінен торы, кара, жирен түсті болғаны қаланады. Атқа мінудің жоғарғы мектебі үшін таза қанды салт міністі, буденный, тракенен жылқы тұқымдары ойдағыдай қолданылады. Араб жылқысының қаны бар будандар да жарамды келеді.
Ю.Н. Барминцевтің [12] айтуынша шаруашылыққа пайдалы қасиеттері бойынша жылқы тұқымдарын төрт топқа бөлген: жұмыс аттары (жегілетін және желісті жылқының шаруашылықта жұмыс істеуге, жүк теңдеуге, тасымалдауға жарамды типі, экстремальды жағдайға арналған әскери аттар), спорт аттары (ат спорты ойындары мен жарыстарға, сондай-ақ ат туризміне арналған аттар), сүт және ет өндіруге арналған жылқы (өнімді жылқылар), продуценттер (жылқы қанынан сіреспе, гангрен, дифтерия, ботулизм, т.с.с. ауруларды емдеуге арналған қан сарысуын дайындайтын биология өнеркәсібіндегі жылқылар). Қазақстанда өсірілетін негізгі жоспарлы жылқы тұқымдарына қазақы жылқының жабы мен адай типі, мұғалжар, көшім, қостанай және дон тұқымдары жатады. Тебінді жылқы шаруашылығында жергілікті жылқы тұқымдары өсіріледі.
Ж. Мырзабеков пен П. Ибрагимовтың [13] пайымдауынша ат қораларды солтүстіктен оңтүстікке қарай немесе жарық болуы үшін терезелерін оңтүстікке қаратып салады. Ат қораның көлемі бір жылқы үшін 30 м болуы керек, қабырғаның биіктігі - 3м, терезенің биіктігі 2 метрден кем болмауы керек. Терезе ауданының еден ауданына арақатынасы 1:1,5 кем болмауы тиіс. Еден саз балшықтан не асфальттан болғаны жөн. Жұмысшы жылқыларға арналған ат қорадағы керме қоршаулардың өлшемі 1,75 x 3 м, ауданы 5,25 м, күндізгі тұратын бөлмелерінің көлемі 3 x 3,5 м, ауданы 10,5 м (20 процент) етіп жасалады. Жұмысшы жылқыларының төлдеріне (әр төлге 5 м келетіндей етіп) жалпы бір бөлме береді.
Қ.Н. Бегімбеков, А.Ә. Төреханов пен Ә.Б. Байжұмановтың зерттеулерінде [14] бүгінге дейін сақталған Пржевальский жылқысы қазіргі жылқылардың жабайы тегі болып саналады. Оны 1879 жылы орыс ғалымы Н.М.Пржевальский Азиядағы Гоби шөлінен тапқан, ол қазір Монғолияда кездеседі. Бұл жылқының бойы тапал (124-130 см), дене тұрқы қысқа, кең; басы сөлекеттеу, үлкен, кекілі жоқ, құлақтары қысқа; мойны шомбал, қысқа; мүйізденген тері өсінділері бар сирақтары жіңішке болып келеді. Түсі құла, жалы мен кұйрығы қара, жотасын бойлай қара жолақ өтеді. Тістері мықты және олардың беті қатпарлы болады. Өте сақ жануар, шағын табын құрап тіршілік етеді. Буаздылығы 340- 350 күнге созылады. Жануардың орман жылқысымен және тіпті есекпен ұқсастығы ғалымдардың оны жабайы жылқының бір формасы деп тануына себепші болды. Пржевальский жылқысы үй жылқысымен жақсы будандасады. Будандары өсімтал. 1987 жылы бүкіл дүние жүзінде 723, оның ішінде КСРО-да -- 74 Пржевальский жылқысы сақталған.
Ә. Байжұмановтың [15] кітабында жылқыны үй жануарларына айналдыру, қолға үйрету Орталық Азиядан басталды, содан кейін Европада. Ол кезең қола ғасырына жатады. В. О. Ковалевскидің жұмыстарында анықталғандай, жылқылар тұқымдасының эволюциясы олардың көлемін ірілендіру, тіс аппаратын күрделендіру, аяқтарындағы саусақтарының санын азайту жолымен жүргізілген: төрт саусақты Эогипустан гиппориондарға дейін, бір тұяқты жануарлар Прежевальский жылқысы және тарпан. Көптеген зерттеушілер жылқыларды мынадай үш түрге бөледі: шөл, жазық далалық және ормандық.
Н. Омарқожаұлы [16] бәйге атының мерзімдік азық үлесі (рационы) 6-8 кг сұлыдан, 6-7 кг пішеннен,0,5-1 кг кебектен, 0,5-1 кг пішен ұнынан құралуы тиіс. Онымен қоса, ат міндетті түрде 50-60 грамнан қальций мен фосфор пайдалануы керек. Азықтарда бұл минералды заттар аз болады, сондықтан мерзімдік азық үлесінің құрамына бор мен сүйек ұнын қосады. 100 г сүйек ұнында 31 грамдай кальций және 14 грамдай фосфор, ал 100 г борда 37 г кальций бар.
Тәуліктік азық үлесінде 10-12 азық өлшемі болуы тиіс. Онымен қоса, 1 азық өлшемінде 80-100 г қорытылатын протеин, кем дегенде 4-5 г кальций, 4-5 г фосфор, 410-415 мг каротин болуы керек. Бәйге аттары тәулігіне 30-40 г түз қажет етеді. Жылқы азықтандырғанда белгілі бір тәртіп пен ереже сақталуы қажет. Азықты белгіленген уақытта және аттың бабын жақсы жағынан қамтамасыз ететіндей мөлшерде беру керек.
Н. Омарқожаевтың айтуынша [17] күшті азықтардың ішінде жылқыға ең қолайлысы -- сұлы. Сүлы дәмі басқа дәнді азықтардан гөрі жұмсақ болғандықтан оны жылқы жеңіл қорытады. Сөйткенмен де сұлыны жаншылған күйінде берген дұрыс болады. Арпа, жүгері, қара бидай сияқты жемді уатып, немесе сулап берген дұрыс, ал тарыны үгіп беру керек. Бұл күшті азықтарды ересек жылқыға күніне 2 -- 4 кг мөлшерінде беруге болады. Еңбектері бойынша жылқылардың шаруашылықтағы негізгі атқаратын жұмысы-механикалық жұмыс болып табылады.Сондықтан олардың қоректік заттарға мұқтаждығы алдымен бұлшық ет қызыметтерімен байланысты. Бұлшық ет жұмысы ең алдымен тотығу процестерін үдетеді. Бұл процестер организмдегі көмір қышқылының шығуын көбейтіп, оттегінің енуін молайтады.Кейбір жағдайларда несеп құрамындағы азот мөлшері де жоғарылайды. Осы процестерарқылы жұмысқа кететін энергия бөлініп,организмде үзіліссіз жұмсалып тұрады.
А.Ә. Төреханов, Н.Ә. Жазылбеков пен М.А. Кинеевтің [18] пайымдауынша жайылымда қосымша жем берілетін жылқыға жемді үнемі бір уақытта, суарғаннан кейін ғана беру керек. Бір түлікке белгіленген жемді екіге бөліп (таңертең, кешке) берген жөн. Жеммен бірге жылқыға тұз беріп отыру қажет. Құлынға тәулігіне 15 -- 30 г, ірі жылқыға -- 40-70 г беріледі.
Жылқыны дұрыс өсіріп пайдалану үшін оны тиісті жемшөппен қамтамасыз етудің маңызы зор. "Атты қамшымен айдама, жеммен айда" деген халық мақалын әр уақыт есте сақгау керек.
Қ.Қ. Бозымов [19] өз дерек көздерінде мінілетін әрі жегілетін жылқы тұқымдары Ресейдің оңтүстік батыс аудандарында, Қазақстанда және Орта Азия мемлекетгеріне тараған. Бұл тұқымдағы жылқыларды жергілікті далалық және тау жылқыларын батыс айғырлармен жетілдіріп, тебінді немесе мәдени тебінді жағдайында өсіру арқылы шығарған.
Мінілетін әрі жегілетін жылқыларды ТМД елдерінде дала және тау аймақтарының әр алуан ауыл шаруашылық жұмыстарына пайдаланылады. Олар өздерінің шыдамдышығымен, өсімталдылығымен және ауыл шаруашышық жұмыстарына пайдалану ұзақтығымен ерекшеленеді.
А.С. Красников пен Хотовтың [20] классификацисы бойынша жылқыларды зоотехникалық жіктеу тиімді болып табылады. Яғни, ол жергілікті жылқы тұқымдарын - далалық (башқұрт, бурят, қазақ, моңғол), таулық (алтай, гуцул, карабах,қырғыз, локай, мегрел, тува, тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, саха-якут жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды - мініс (араб, ахалтеке, иомуд, терск, тракен, таза текті салт мініс), міністі -жегісті (дон, буденный, кабардин, карабайыр, қостанай, көшім, жаңа қырғыз), желісті (орлов, орыс, американ, француз), ауыр жүк тартатын (владимир, арден, литва, першерон, орыс, совет), жегіс (бело - русс, жемайчу, латвия, торий) тұқымдарына бөледі.
С. А. Козлов пен В. А. Парфенов [21] мәліметінше қазіргі таңдағы тракенен жылқыларының дене өлшемдері келесідей (ересек биелерінің): шоқтығының биіктігі - 163 см, дене тұрқының ұзындығы - 165 см, кеуде орамы - 192 см және жіліншік орамы - 20,5 см. Жылқылардың дене бітімі үйлесімді, бұлшық еттері жақсы дамыған, мойыны ұзын, сүйекті сирақтары дұрыс қойылған. Тракенен жылқылары қара, торы және бурыл түсті болып келеді.
Бұл жылқылардың жұмыс қабілеті олардың классикалық спорт түрлеріне қатысуларынан байқалып жүр.
Шабудан Әлем чемпионы атағына Пепл тракенен айғырымен шапқан Елена Перушкова ие болды.
Тұқымның генеолгиялық құрылымы атылық іздер мен аналық ұялардан тұрады. Аталық іздері ішінде Ресейде көп таралғандары Пифогораз бен Пильгердің тұқымдары, сонымен қатар арабтың қан үлесі бар жас айғыр Померанцудың аталық ізі. Тракенен жылқыларын бұл таңда Ресейдің Ростов облысының С.М. Киров атындағы жылқы зауыты мен әр аймақтағы тұқымдық репродукторлар өсіреді. Тұқымдық және спорттық тракенен жылқыларының аз ғана санын Германияда да өсіреді. Сонымен қатар, оларды өсіруді өзге де Еуропа елдері қолға алған.
К.Б. Свечин, И.Ф. Бобылев пен Б.М. Гопканың [22] деректерінде тракенен жылқылары бойшаңдығымен, бұлшық етті массивті дене бітімімен, құрғақ конституциясымен, сыртқы түр-тұлғасының тартымдылығымен, жүрісінің жеңіл болуымен, кедергілерден жақсы секіре алу қасиетімен ерекшеленеді. Тракенен дылқылары белгілер кешені бойынша спорттық аттар қатарына жатады. Бұл жылқылардың түсі негізінен қара-қою түстер болып келеді. Олар қара, қаракер, торы, бурыл, қою сұр болады. Қазіргі уақытта бұл тұқым Германия Федеративтік Республикасында, Польша, Швеция, Италия, АҚШ және өзге де елдерде өсіріледі.
ТМД елдерінде тракенен жылқыларын Ростов облысның С.М. Кирова, Белоруссияяның Доватор, Литваның Нямунск, Рязань облысының Старожилов жылқы зауыттары мен Калининград облыстарыеда өсіреді. Жоғарыда аталған жылқы зауыттарында өсірілетін тракенен жылқылары Дамппфрос, Пильгера, Арарад, Астор, Парсиваль, Бадорус атылық іздеріне жатады.
А. В. Дорофеева [23] мақаласында аукционға қатысқан барлық тракенен жылқылары 1 млн. 667 мың евроға сатылған. Оларды АҚШ, Ұлыбритания, Голландия және Австрия мемлекетінің азаматтары сатып алған. Олардың ең көп бөлігіне жылқы зауыттары мен жылқы жанкүйерлері иелік еткен. Осындай шаралардың арқасында тракенен жылқылары әлемнің барлық елдеріне таралу мүмкіндіктеріне ие. Бұл аукцион Тракенен жылқы зауытының құрылғанына 280 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған 50-ші мерейтойлы аукцион болып саналады.
А. В. Дорофееваның [24] мәліметтерінше тракенен тұқымының ең көрнекті аналық ұясының бірін 1787 жылы Түркияда туылған Фатьма биесі бастайды. Бұл ұяның негізгі жалғастырушысы Фатьманың немересі Краб биесі болып табылады. Ал осы Крабтың Кринис пен деген екі қызының туылуынан бастап аталған аналық ұя екі бағытта дами бастады. 19-ғасырда Кринистің барлық ұрпақтары кең көлемде қолданылды. Ал Халлирхоеның ұрпақтары тек қана 19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданысқа ие бола бастады. Бұл таңда Фатьма аналық ұясының екі бағытының да ұрпақтары Ресейде өсіріледі.
www.massaget.kz [25] сайтында Германияда шығарылған тракенен жылқы тұқымын шығаруда таза қанды салт міністі жылқылар ықпал еткен деп дерек келтірілген.
Ал kk.convdocs.org [26] ғаламтор порталында жартылай таза қанды және спорттық Шығыс Еуропа тұқымдарға: тракенен, гонновер, венгер жылқылары жатады делінген.
А. Дәрібаев, Ж.С. Әткешев және К.К. Бозымовтың [27] айтуынша спорт жылқыларына беретін азықтар, аздап жегеннің өзінде оларды керекті заттармен қамтамасыз етіп, өте жаңсы қорытылатындай, жас жылқылардың өсуіне зиянды әсер етпейтіндей болуы қажет. Спорт жылқылары үшін ең маңызды азықтардың бірі-сұлы және пішен. Мысалы: Мәскеудің ипподромында жылқыларды жаттықтырғанда және жарыста сынаған кезде олардың рационында бидайдың кебегі, зығырдың күнжарасын, сірне, қан ұнын қолданады.
Бұндай азықтар рациондағы азықтардың сапасын жақсартып, протеинін көбейтеді, Құнарлы жемді үш рет бөліп береді. Күнделікті пішен мөлшері әр жылқының ерекшелігіне байланысты беріледі. Күнделікті беретін ірі азықтардың 20-30 проценті бұршақ тұқымдас болуы тиіс. Пішенді құнарлы жемнің алдында үлестіреді. Қыстыгүні көк шөптің орнына сәбіз, жақсы сүрлем берген жөн.
Спорт жылқыларының рационындағы минералдық тұздар мөлшеріне де көңіл бөлген жөн. Себебі, жылқыларға жаттығу кезінде ірі азық әсіресе бұршақ тұқымдас пішенді өте аз береді, ал оның есесіне құнды жемді көбейтеді. Бұл өзгеріс азық рационындағы қышқыл элементтердің көбеюіне, керісінше сілті элементтерінің азаюына әсерін тигізеді.
Happy-horses.ru [28] сайтында тракенен - 18-ғасырда шығарылған міністі-жегісті жылқы тұқымы. Темпераментті жылқлардың ішіеде таза қанды өсірілетіні осы тұқым болып табылады. Соңғы 30 жылда бұл тұқым жылқылары ат спорты саласында, оның ішінде көп сатылы жарыста көп қалданысқа ие. Дегенмен, ертеректе тракенен жылқыларын ауыл шаруашылығы жұмыстарына да қолданған. Бұл жылқылардың бойы 162-168 см аралығында болады.
Horseshoe.h1.ru [29] жылқы тұқымдарын экстерьері бойынша ғана емес, сонымен қатар, тұқымға тән ерекшеліктері бойынша да бір-бірінен ажыратуға болады. Ат қораларында өсірілген тракенен жылқылары сабырлы, адамға үйренгіш келеді. Ал табында өсірілгендері жабайылау, қорқақтау, әр нәрседен үріккіш болады. Шығу тегі батыстық жылқылар, соның ішінде тракенен жылқылары соңғы жылдары ат спорты саласында кеңінен қолданысқа ие боп жүр.
Zverenki.com [30] тракенен тұқымы орыс ғалымдарының германиялық жетістігі болып табылады. Тракенен жылқылар жүлде алмаған бірде бір ат спорты жарысы өтпеген екен. Ал ең аты шулы тракенен айғыры - Абдулла деп аталады. Бұл жылқы енесінің құрсағында жатқаннан-ақ Канадаға экспортталып, 1970-ші жылы сол елде туылған. Бүгінгі таңда тракенен жылқылары әлемнің барлық еліне таралған.
2 Негізгі бөлім
2.1 Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
Тракенен жылқы тұқымы Еуроапаның аралас қанды жылқыларының бірі болып табылады. Тұқым шығару жұмыстары 14 ғасырдан басталған. Алғашында литва дылқыларын әскери негізде қолдану үшін шығыстық және испандық айғырлардың көмегімен жақсартқан. Ал 18-ші ғасырдың аяғында таза қанды мініс жылқыларымен де шағылыстырған. 1732 жылы құрылған Шығыс Пруссиядағы Тракенен жылқы зауыты тракенен жылқы тұқымын шығаруда үлкен маңызға ие болды. Бұнда тұқымды қалыптастырудың негізгі жоспарлары мен асылдандыру жұмыстарының талаптары қарастырылып отырды. Кейіннен бұл тұқымды тек қана әскери бағытта ғана емес сонымен қатар ауыл шаруашылық жұмыстарына да пайдаланыла бастады.
Тракенен жылқыларының ересек биелерінің дене бітім өлшемдері келесідей: шоқтығының биіктігі 163 см, тұрқының қиғаш ұзындығы 165 см, кеуде орамы 192 см, жіліншік орамы 20,7 см-ге тең. Жылқылар үйлесімді дене бітімді (1-сурет) , бұлшық еттері жақсы дамыған, мойындары ұзын және сирақтары дұрыс қойылған. Тракенен жылқылары көбінесе қара және торы түсті болып келеді.
1 сурет. Тракенен жылқысы
Тракенен - неміс жылқыларының ішіндегі ең мықты жылқы тұқымы. Ол өзінің сыртқы көрінісі, этологиясы, күші мен шыдамдылығы жөнінен ерекше жылқы тұқымдары қатарына жатады.бұл тұқым жылқылары өзінің мықты дене бітімімен тақа қанды мініс жылқыларын, ал адамға үйренгіштігімен араб жылқыларын еске түсіреді. Тракенен жылқылары өзге тұқымдарды жақсарту үшін таптырмайтын құнды тұқым болуымен қатар, ат спорты саласында да кеңінен қолданылады.
Негізгі түстері: қара, торы, қою-торы, қылғылт және кейде сұр.
Тракенен тұқымының мемлекеттік тұқыммал кітабының 4-томында Ростов облысының С.М. Киров, Калининград облысының Калининградтық, Рязань облысының Срарожилов, Белорусс мемлекетінің Л.М. Доватор атындағы және де Эстон мемлекетінің Вазалемма жылқы зауыттарында өсірілетін тракенен жылқыларының айғырлары мен биелері туралы мәліметтер жарияланған.
Бірінші бөлімінде - таза қанды айғырлар мен биелер, ал екінші бөлімінде будан (ганновер, венгер) айғырлар мен биелердің шығу тегі жазылған. Тұқыммал кітабында тракенен жылқыларының лақап аты, түсі, туған жылы мен жері, таңбасы, дене өлшемдері, балдық бағалануы, бонитировка қортындысы, төрт ата-тегі бойынша шығу тегі туралы мәліметтер жазылған. Жоғарыда аталған жылқызауыттарында өсірілетін тракенен жылқыларына қарағанда Балтық теңізі жағалауы елдерінде өсірілетін тракенен жылқыларының тұқымдық сапасы төмен болып келеді. Көбінесе ең жақсы табынды толықтырушы биелер мен өндіруші айғырлар С.М. Киров атындағы жылқы зауытында өсіріледі. Әсіресе, биелерді ұрықтандыру кезінде Заказник - 1968 ж.т.; Фазон - 1980 ж.т. және Теодолит - 1968 ж.т. айғырлардың терең қатырылған спермаларын қолданады. Негізінен Ресейде өсірілетін тракенен жылқыларының ішінде аралас қанды тракенендердің үлесі басым. Мысалы, барлық өсірілетін будан тракенендердің ішінде будан өндіруші айғырлар 20,37 пайыз, биелер 31,9 пайыз, лардың төлдері 40,45 пайызды құрайды. Дегенмен, будан жылқылар кейбір фенотиптік белгілері бойынша таза қандылардан асып түседі. Тракенен жылқы тұқымына арналған халықаралық талапқа сәйкес будан тракенен жылқыларының саны Кеңес елдерінде жыл сайын азайып отыруы тиіс. Будандардың жыныстық қабілеті доғары болады. Дегенмен, таза қанды тракенен жылқысын өсіретін С.М. Киров атындағы жылқы зауытындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz