Қазіргі кезде Қазақстанда өсірілетін негізгі жергілікті тұқымдар жабы мен қарабайыр жылқылары


Кіріспе
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы - ауыл шаруашылығындағы басты салалардың бірі. Жылқының еті, қымызы, сондай - ақ қазы - қартасы, жал - жаясы халықтың сүйікті тағамы. Бұл саладан өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, қаны вакцина және сыворотка жасауға кеңінен пайдаланылады. Республикамыз ерте кезден - ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Жылқы өсіруге Гурьев, Орал, Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Семей және Жамбыл облыстарының оңтүстік аудандарында табиғи жайылымдар өие ыңғайлы.
Қазақ халқы ғасырлар бойы жылқыны керегінше өсіруге талаптанды, өйткені оны көлік ретінде және ел қорғау мақсатында пайдаланды. Ел аузындағы әңгімелер, хиссаларда, ақындар мен жазушылардың шығармаларында сәйгүлік арғымақтар ер қорғайтын батырлардың жан серігі есебінде атылады. Сондықтан да халқымыздың « Ер қанаты ат » деген мақалы оны шексіз бағалайтындығын көрсетеді.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т. б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетілдіе түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап-тілек артып отыр. Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.
Қазақстандағы қорғандар мен ел мекендер жерлерге археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, ерте замандағы халықтардың жылқыны күш көлігі ретінде пайдаланумен қатар, ел үшін де өсіргені байқалады. Қазақ халқы өз тарихында талай ауыр сыннан өтіп, небір сұрапыл соғысты басынан кешірді, сыртқы жаулардың шапқыншылығына қарсы тұрып, өз жерін мен елін аман сақтап, ана тілін, халықтың бай мәдениетін, тұрмысында, шаруашылығында қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерін сақтай білді, сонымен бірге қазақ халқы ғасырлар бойы төрт түліктің бірі ретінде жылқыны жүрсе қанаты, ішсе сусыны, жесе азығы ретінде пайдаланып келді.
Қазақстанның оңтүстігін мекендеген адай мен табын сияқты рулар өзімен іргелес отырған түркпендердің атақты теке жаумыт жылқыларының тұқымын алып оны өз жылқыларын жақсарту мақсатында пайдаланып отырған.
Батыс Қазақстанның жылқыларының тұқымын жақсартуға дон, астрахань, кавказ жылқылары қолайлы әсер еткен. Қазақстанның солтүстігіндегі жергілікті қазақ жылқыларына сибирьдің және россияның желісті және ауыр жүк тартатын жылқыларының тұқымы араласты. Қазіргі кезде Қазақстанда өсірілетін негізгі жергілікті тұқымдар жабы мен қарабайыр жылқылары.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді арттыру жөніндегі үлкен міндеттерді ойдағыдай орындау мал басын көбейтіп, одан мол өнім алу мәселелерімен шешіледі. Ол үшін шаруашылықтарда ғылыми жетістіктермен озаттардың тәжірибелерін өндіріске батыл енгізе отырып, малды қажетті қора жабдықтармен толық қамтамасыз ету қажет. Әсіресе малды жемдеу, суару, уақтысында дұрыстап сауу, шұрайлы жерлерге бағу, бордақылап күту үшін түрлі техника, электр қуаттарын пайдалану мәселелері мал шаруашылығын ілгері өркендете беруге толық мүмкіншілік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Дон жылқысы тұқымының экстерьері және әр түрлі жаста өсіп-даму ерекшеліктерін анықтау.
1. Әдебиетке шолу
Д. Керімбаевтың [1] мәлімдеуінше жылқының тегі миллиондаған жылдармен есептеледі. Нақтылай түссек, осыдан 65 миллион жыл бұрын жылқының арғы тегі пайда болған. Қарап отырсақ, дүниеде бірде бір жануар адамзат тарихында жылқыдай жасампаздық рөл атқармаған екен. Адамның озық ақыл-ойы, әдіс-тәсілі жылқыны қолға үйретуге әкелген. Энеолит дәуірінде, б. з. б. IV мыңжылдықтарда, яғни осыдан 6 мың жыл шамасында ғана оған қол жеткізіпті. Жылқының арғы тегі жылқы пішіндес жануарлардан дами келе, тарпаңға, құлан, зебраға жеткен көрінеді. Осылардың ішінде тарпаңның бітімі бөлек болғаны тарихтан мәлім. Бірақ, нағыз тарпаңды 1879 жылы өлтіріп тыныппыз.
Б. Р Акимбековтың [2] дерек көздеріне сүйенсек қазақ жылқысының өркениетке қосқан өзіндік үлесін әлем ғалымдары, зиялылары ерте танып, жоғары бағалаған. Оны өз еңбектерінде бүкпесіз тарау-тарау етіп жазып та, айтып та кеткен. Мәселен, А. Вилькинс «Қазақ жылқысы арқылы біз, орыстар жылқыға қолымыз жетті» десе, орыс армиясының генералы И. Бабков: «Қазақтар қазақтарға қарағанда тамаша шабандоз, жақсы жауынгер болуы үшін оларға тек қару жетпейді. Егер де қарулары болса, олар біздің емес, біз олардың айтқанымен жүріп, айдағанына көнер едік», деп мойындайды.
Н. Омарқожаұлының [3] мәліметтерінде басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден - ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән - маңызы да өзгереді. Бірақ адамның жылқыға деген сүйіспеншілігі өзгерген жоқ. Қайта жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан - теңіз. Ол мінсе - көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті - дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқыны спорт пен әскерге пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізді.
Б. Х. Садыковтың [4] деректеріне сүйенсек асыл тұқымдылар қатарына жатқызылуы да тегін емес. Жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат (зебр), домбай, құлан, керқұлан (онагра), тарпан, түзат жатады. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде жойылған. Ерте кездерде тарпан мен түзат қазақ даласында көптеп кездескен. Тарпан XIX ғасырдың бас кезінде жойылған. Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады. Жылқысын; бұдан 5-6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолға үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Жылқының Қазақстанда қолға үйретілгендігін дүние жүзі ғалымдары мойындал отыр.
Қ. Бозымовтың [5] мәлімдеуінше жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, қазіргі жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жылқылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен. Қазір Моңғолияда ғана жабайы жылқы үйірлері кездеседі. Оны Пржевальский жылқысы деп атайды. Қолға үйретілген кәдімгі жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу үшін және спорттық бағыттарда өсіріледі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50-185 см, салмағы 60-1500 кг болады. Жылқы орта есеппен 18-20 жыл, кейде 40 жылға дейін жасайды. Түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді. Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т. б. жылқылар; баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т. б. жылқылар; алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т. б. жылқылар жатады. Жылқы будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады.
К. И. Дүйсембаевтың [6] деректерінде aт спортының даму келешегі, қазіргі жағдайы, шығу тарихы. Ат спортының түрлері, классикалық /ат билету, кедергіден секірту, үш сайыс, қашықтыққа сынау, желғорлар жарысы, үш ат жегілген арба жарысы, ат үстінде ойын көрсету/, ұлттық ойындар /көкпар, қыз қуу, аламан жарыс және т. б. /. Пони клубы және ат туризмі, олардың міндеті мен ұйымдастыру шаралары. Жарыс өткізу ережелері. Ат спортшыларының жарысқа қатынасу ережелері мен халықаралық ассоциациясы. Ат спортының әр түріне арнап жылқы таңдау, оларға қойылатын талап - тілектер. Спорт аттарын әр түрлі жарыстарға дайындау, оларды бағып - күту, азықтандыру және жаттықтыру ерекшеліктері. Ат спортына қажет қора - қопсы және құрал-саймандар. Ат спортындағы физиологиялық, зоотехникалық, малдәрігерлік және допингіге қарсы бақылау жүргізу. Спорттық аттарды әр түрлі ақаудан сақтау және үркітіп алмау. Ат спортын дамытудағы зауыдтардың, ипподромдардың, спорт мектебінің және оның бөлімшелердің атқаратын міндеті. Ат спортындағы жалпы жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу. Жылқы жүк жылқысы (Владимир жылқысы, Першерон жылқысы, т. б. ), мініс жылқысы (Араб жылқысы, Ахалтеке, т. б. ), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы, Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы), тау жылқысы (кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары, т. б. ), солтүстік дала жылқысы (витский, эстон, якут жылқылары, т. б. ) болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының 250-дей, Қазақстанда 16 түрі өсіріледі. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болды.
Б. Р Әкімбековтың [7] деректеріне сүйенсек жылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған. Дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек жылқымен ғана өлшенген. Жылқысының саны 5 мыңнан асатындар ғана бай санатына жатқызылған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Еті мен сүті үшін өсірілетін қалған жылқылар жабы деп аталған. Қазақтың жабы жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртіп сойған жабы жылқыдан 53-57%, кейде 60% ет алынған (230-250 кг) . Қазақ халқы жылқы етінен қазы, қарта, жал, жая, т. б. дәмді тағамдар әзірлеп, терісі мен қылын да шаруашылыққа пайдаланған. Ал жабы жылқының биелерінен тәулігіне 18-20 литр сүт сауылған. Сүті мол бие мама бие деп аталған. Бие желінінің сүтке толып, сауылатын мезгілін сауым дейді. Ал құлындамай қалған биелерді қысырақ деп атайды. Қазақ халқы жылқының маңқа, қара өкпе, шойырылма, қарақаптал, киеңкі, жамандат, мандам, боғымалы, қыршаңқы, өлі, желін құрт, сары ауру, жалақ, жауыр, шилі қара, лоңқа, өлі ет, қара дақ, т. б. ауруларын дәл ажыратып, олардан емдеудің өзіндік тәсілдерін жақсы білген.
Б. Әбілдаевтың [8] деректеріне сүйенсек жылқылар, негізінен, ет және қымыз өндіруге мамандандырылған шаруашылықтарда, асыл тұқымды жылқы өсіретін жылқы зауыттарында бағылады. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі - тоқым қағар тойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т. б. дәстүрлер жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Жылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған.
С. У. Бихайдың [9] мәліметтеріне сүйенсек дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек жылқымен ғана өлшенген. Жылқысының саны 5000-нан асатындар ғана бай санатына жатқызылған. Халықтың жылқы малына қатысты ерекше ықыласы, кең байтақ жайылымдардың болуы, жылқының қыста тебініп өзі жайыла алатындығы, т. б. факторлар қазақ даласында бұл түліктің көп өсірілуіне себеп болған. 1880 ж. Австрия-Венгрияда 3, 5 млн., Германияда 3, 3 млн., Францияда 3, 0 млн. жылқы болса, 1879 ж. Қазақстанның бір ғана Орынбор облысында 1, 8 млн. жылқы болған. 20 ғ-дың басындағы нәубеттерден кейін 1920 ж. Қазақстанда 8 млн-нан астам жылқы қалғандығы туралы ресми дерек бар. Шын мәнінде, ұлттық байлық саналған.
Д. Керімбаевтың [10] мәлеметтеріне сүйенсек, буденный тұқымы - екі ең бағалы тұқымдарды шағылыстырудың нәтижесі - асыл текті салт мінетін және дон жылқысы. Дон тұқымы тек қана асыл тұқымды өндірушінің жақсы немесе нашар көрсеткішін көрсету үшін қолданылған материал ғана емес, ол буденный тұқымына бағалы қасиеттердің кешенді бөлігін қосты. Азаматтық соғыстан кейін Кубан аймағындағы көпшілік зауыттар құлдырады, және көп жылдық ізденістер мен істеген жұмыстар жоғалды. Алайда әскер мемлекеттің барлық тереторриясында әскерлерге сенімді тірек болатын, сонымен қатар салт мінетін аттарды жақсартатын жылқы тұқымын қажетсінді. Дон тұқымының биелері мен асыл тұқымды айғырларды шағылыстыруды XIX ғасырдың аяғында дон зауытшылары жүргізілген
Ж. К. Каримовтың [11] мәліметтеріне сүйенсек бірінші империалисттік және азматтық соғыстан кейін Дон және Солтүстік Кавказ аймақтарында бірнеше мыңдаған жылқы басынан тек бірнеше жүз азғындаған жылқылар қалды, олардың шығу тегі мен тұқымын табу қиынға соқты. Задонский ат шығаратын зауыты түгелдей дерлік шығынға ұшырады, қоралары бұзылды, аппараттары сынды, квалифицирленген жұмысшыларын жоғалтты. Бірақ атты әскери зауыттардың жұмысы басынан басталды деген тұжырым дұрыс емес болар еді. Айғырлар мен биелерді жинауға, олардың иелерін бірде есте қалған, бірде іс-қағаздарда сақталған мәлеметтер бойынша иелерін табуға, олардың тұқымдарын анықтауға бұрын зауыттын басшылары мен жұмысшылары көмектескен. Бұл жөніндегі ақпараттар құпия ұсталды, себебі кейбір жерлерде бұрынғы кадрларды пайдалану жұмысты құрдымға ұшыратады деген пікір айтылып жүрге болатын. Бірақ бұл адамдар жаңадан жасалған жұмыстарға үлкен көмегін тигізген еді.
Б. Б. Искакбаевтың [12] мәлеметтері бойынша, 1950 жылы дон тұқымының дене бітімін жақсарту шараларының ішіндегі ерекше оқиғалар болды. Бұл кезде Дон зауытында Рубильник атты айғырдың көмегімен тұқымды біршама жақсартқан болатын. Бұл айғырдың өзіндік мінез құлқына және кейбір жетімсіздіктеріне ққарамастан, тапжылмас еңбектің нәтижесінде төл берді, ол өз кезегінде қазіргі тұқымның көптеген белгілерін айқындайды.
1960 жылдары жаппай автоматизациялау мен техниканың жетілгендігінің нәтижесінде, жылқылардың шаруашылық пен әскердегі қажеттілігі күрт төмендеді, және де бұл жерде дон жылқысы үшін жаңа мүмкіндіктер туды. Кавелерия үшін жетілдірілген көптеген қасиеттер спорт үшін өте қолайлы, сапалы қасиеттер болып шықты. Сонымен қоса, дон тұқымының арзандығы мен күй таңдамайтындығы зауытшыларды қызықтырды.
Қ. Едігеновтың [13] мәліметтерінде қазіргі таңда Буденный жылқылары - спорттық тұқым болып келеді. Өзінің әмбебаптығна орай, оны әр түрі дисциплиналарды кездестіруге болады. Спорттық жылқылардың ішінен мөлшері бойынша бұл тұқымүшінші орында тұр. Жылқылар отандық жне шет елдердің сатып алушылары мен спортшыларының арасында көп сұранысқа ие, оларды экспортқа шығару оң нәтиже көрсетті, оларды серуенге және спортқа пайдаланады. 60-шы жылдардан бастап буденный тұқымының жаңа бағытта пайдаланыла бастады. Буденный тұқымының қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі В. К. Осипов айтқандай, «техника күшті дамыған дәуірде жылқы ауыл шаруашылығындағы, көліктегі және әскердегі өзінің орнын босатып, ат спортында үлкен орын алуда».
К. Б. Свечинның [14] өз еңбегінде дон тұқымының спорт жолына түсуіне кедергі тудырған жайт оларды өсіру тезнологиясының ерекшелігі. Бірақта, олар батысевропалық тұқымдармен салыстырғанда бұл жағынан әлде қайда жоғары қасиеттерге ие: буденный тұқымын ерекшелендіретіні конституциясының беріктілігі, күтіп-бағу және азықтандыру жүйесіне кірпайаздық танытпайды, денсаулығы жақсы және өсірудің көп шығынға ұшыратпайтыны, осыған орай жылқының құныда біршама төмен болады. Тағы біржағынан қарасақ, буденный тұқымының бойында қалыптасқан кавалериялық жылқыға тән қасиеттер спортта да сұранысқа ие.
Бүгінде дон жылқылары - бұл ең біріншіден ат спорттарының барлық түрінде жоғарғы класс жылқысы. Бойының биіктігі, күштілгі, конституциясының беріктігі, төзімділігі буденный тұқымдарына конкурстарда жоғары жетістіктерге жетуге, шығыстық сұлулық, тер жамылғысының көркемдігі, қозғалыстарының эластикалығы оларға жүріс жарыстарына шығуға мүмкіндік береді.
А. А. Лазовскийдың [15] мәліметтерінде арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түркіменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос - қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі - жартастарға салынған суреттер. Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т. б. туралы толық мағлұмат алуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz