Абай жолы романы



Жоспар


І. Кіріспе
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман.эпопеясының жазудағы ізденісі 3.5

ІІ. Негізгі бөлім
а) Мұхтар Әуезовке әдебиетші ғалымдар мен ақын жазушылардың бағасы 6.7
ә) «Абай жолы . Халық жолы». 8.11
б) «Абай жолы» роман.эпопеясын зерттеген әдебиетші ғалымдардың пікірі. 12.14

ІІІ. Қорытынды 15

IV. Пайдаланған әдебиеттер 16
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Кемеңгер Абай болашақ ұрпаққа өз сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Осылайша, асқақ рухты жазушыларымыздың бірі Мұхтар Әуезов кейінгіге өз еңбектері мен ізденістерін астар етіп, Ұлы ақын Абай өмірін өзінің басты шығармашылығының басты өзегі етіп алды.
Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар тұлғалардың бірі де – М.Әуезов. Ауыз әдебиетіндегі сарындар, мотив, идея, тіл өрнектері, бояулар Әуезов дүниесінде қайта жаңғырды. Қазақтың реалистік әдебиетіндегі халықтық арнадан, ұлы Абай айдынынан нәр алған М.Әуезов қазақ әдебиетіне реалистік дәстүрледің тереңдеп сіңгенін танытты.
М.Әуезов 1987 жылы дүниеге келген. «Қай өлкеде, қай атырапта туса да, ол жазушы болар еді». Абай топырағы жазушы қаламына айрықша әсер еткені баршамызға мәлім. Семейде Ресейге жер аударылғандар мол болды. Бұл жерде орыстың «аурулы ары» атанған Достоевский де тұрды. Қабілетті жас Мұхтар өнерлі, өнерді дәстүріне бай ортада өсті. Ол жақта ұзатылған қызға жасау ретінде Абай өлеңдерін көшіріп беретін болған. Мұхтар атасы Әуездің қолында өседі. Әуез – Шығыс әдебиетінен хабардар адам. Атасы Әуез бен әжесі Дінәсыл Мұхтарды «Қоңыр» деп атаған. Кейін Мұхтар бұны бүркеніш ат етіп алды. Абай мен Мұхтардың балалық шағы ұқсас. Мұхтар тоғыз жасында алғаш рет ауылынан алыс сапарға аттанады. Бұл – оның тұманды сапары еді. Ер жігіт Семейдегі орыс мектебіне оқуға түседі. Қаладағы бес кластық училищені бітірген соң семинарияға түсіп оқиды. Мұхтардың студенттік шағы – қарама-қарсы контрасты өтеді.
Уақыт толқыны көптеген байлықтардың көзін ашты. Сол асыл қазынаның бірі – Мұхтар Әуезов.
Мұхтар Әуезов- шығармалары ұлттық шеңбердеен шығандап көтеріліп, әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасын толымды қор болып қосылған ұлы суреткер. Сондықтан да бүгінгі таңда туған байсалды еңбектерге қарамастан, оның мұрасы әлі ұзақ уақыт жан-жақты, сан алуан, әр бағыттағы зерттеулердің объектісі болуы қажет. Табысына таңдай қағып, тапшысына бас шайқау – әдебиеттанудың марқайған кезіне жараспайтын мінез. Қазақ әсемдік ойы тарихында ерекше құбылыс – М.Әуезов туындылары идеялық-
Ғабит Мүсірепов. «Заман және әдебиет». «Жазушы» баспасы. Алматы – 1982.

Қабдолов Зейнолла. Екі томдық таңдамалы шығармалар: - Алматы: Жазушы, - Т.2. сөз өнері: Монография. Талант пен таным. Әдеби толғаныстар. – 1987. – 456 бет.

Досжан Д. Абай айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1994 – 368 бет.

Жыр тәңірі. Құрастырған Ғ.Қайырбеков. – Алматы: Өнер, 1995 – 160 бет.

Әуезов Мұхтар. Абай жолы: Роман-эпопея. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. 4-кітап: Абай жолы. – 336 бет.

Әуезов Мұхтар. Абай жолы: Роман-эпопея. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. 3-кітап: Абай жолы. – 320 бет.

Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана, «Күлтегін» баспасы, 2002 – 528 бет.

Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 8-т. Алматы: «Ғылым» ғылым баспа орталығы, 2002. – 504 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ақтау қаласы Шетел тілдері колледжі

Реферат

Пәні: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясына шығарма

Орындаған: Мүсіров Ғ.
Тексерген: Сариева Г.

Ақтау -2010 жыл

Жоспар

І. Кіріспе
Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясының жазудағы ізденісі 3-5

ІІ. Негізгі бөлім
а) Мұхтар Әуезовке әдебиетші ғалымдар мен ақын жазушылардың бағасы 6-7
ә) Абай жолы - Халық жолы. 8-11
б) Абай жолы роман-эпопеясын зерттеген әдебиетші ғалымдардың пікірі. 12-14

ІІІ. Қорытынды 15

IV. Пайдаланған әдебиеттер 16

Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясының жазудағы ізденісі

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Кемеңгер Абай болашақ ұрпаққа өз сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Осылайша, асқақ рухты жазушыларымыздың бірі Мұхтар Әуезов кейінгіге өз еңбектері мен ізденістерін астар етіп, Ұлы ақын Абай өмірін өзінің басты шығармашылығының басты өзегі етіп алды.
Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар тұлғалардың бірі де - М.Әуезов. Ауыз әдебиетіндегі сарындар, мотив, идея, тіл өрнектері, бояулар Әуезов дүниесінде қайта жаңғырды. Қазақтың реалистік әдебиетіндегі халықтық арнадан, ұлы Абай айдынынан нәр алған М.Әуезов қазақ әдебиетіне реалистік дәстүрледің тереңдеп сіңгенін танытты.
М.Әуезов 1987 жылы дүниеге келген. Қай өлкеде, қай атырапта туса да, ол жазушы болар еді. Абай топырағы жазушы қаламына айрықша әсер еткені баршамызға мәлім. Семейде Ресейге жер аударылғандар мол болды. Бұл жерде орыстың аурулы ары атанған Достоевский де тұрды. Қабілетті жас Мұхтар өнерлі, өнерді дәстүріне бай ортада өсті. Ол жақта ұзатылған қызға жасау ретінде Абай өлеңдерін көшіріп беретін болған. Мұхтар атасы Әуездің қолында өседі. Әуез - Шығыс әдебиетінен хабардар адам. Атасы Әуез бен әжесі Дінәсыл Мұхтарды Қоңыр деп атаған. Кейін Мұхтар бұны бүркеніш ат етіп алды. Абай мен Мұхтардың балалық шағы ұқсас. Мұхтар тоғыз жасында алғаш рет ауылынан алыс сапарға аттанады. Бұл - оның тұманды сапары еді. Ер жігіт Семейдегі орыс мектебіне оқуға түседі. Қаладағы бес кластық училищені бітірген соң семинарияға түсіп оқиды. Мұхтардың студенттік шағы - қарама-қарсы контрасты өтеді.
Уақыт толқыны көптеген байлықтардың көзін ашты. Сол асыл қазынаның бірі - Мұхтар Әуезов.
Мұхтар Әуезов- шығармалары ұлттық шеңбердеен шығандап көтеріліп, әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасын толымды қор болып қосылған ұлы суреткер. Сондықтан да бүгінгі таңда туған байсалды еңбектерге қарамастан, оның мұрасы әлі ұзақ уақыт жан-жақты, сан алуан, әр бағыттағы зерттеулердің объектісі болуы қажет. Табысына таңдай қағып, тапшысына бас шайқау - әдебиеттанудың марқайған кезіне жараспайтын мінез. Қазақ әсемдік ойы тарихында ерекше құбылыс - М.Әуезов туындылары идеялық-көркемдік, бейнелік, жанрлық ретпен де, ізденіс өрістері, қаламгерлік эволюция тұрғысынан да ақтара қарап, саралауды талап етеді.
М.Әуезов көп уақыт театрда істеді. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті. Асқақ ақын қаламынан отыздан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың ватианттарын қоссақ, елуден асады. Бұларды тақырыптық материалдарына қарап шартты түрде бірнеше салаларға бөлуге болада:
а) аңызды, эпосты тарихи оқиғаны арқау еткен шығармалар: Еңлік-Кебек, Қобыланды, Айман-Шолпан, Бекет, Хан-Кене.
ә) тарихи - революциялық тақырыпқа жазылғандар: Октябрь үшін, Түңгі сарын, Ақ қайын.
б) советтік өмір кезеңдерін бейнелейтін шығармалар: Тартыс, Тас түлек, Алма бағында, Шекарада, Алуа.
в) Ұлы Отан соғыс тақырыбына арналғандар: Намыс гвардиясы, Қынаптан қылыш, Асыл нәсілдер.
г) фантастикалық пьсалар: Дос - Бедел дос, Елу жыл өткен соң.
ғ) ақындар өмірі туралы: Абай, Ақан-Зайра, Қаракөз.
д) сценарийлер: Райхан, Абай әндері, Қалқаман-Мамыр.
1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағаз бетіне түсірген. Л.Соболевпен бірлесіп жазған Абай пьесасы кейінгі эпопеяның барлауы еді.
Мұхтар Әуезов философиялық қабілетті, ойшыл жазушы. Оқушыға ой сала жазады, қызығып жазады, қызықтыра жазады, қуанта жазады, қайғырта жазады, кектендіре жазады. Мұхтар жасаған бейнелерге не досы, не қасы болмай оқи алмайсың. Мұхтар шығармаларынан асқан шеберлік, көркемдігімен қатар драмалық арқаудың шебер есілгенін көресің. Сондықтан Мұхтардың бір туындысынан екінші, үшінші перзенттер туып жатады.
М.Әуезов Абай мұрасынан ерте кезден-ақ зер салды. 1918 жылы Таң, Абай журналдарында ұлы ақынның шығармаларын Абайдың Абдрахман деген баласы өлгенде жоқтап айтқан өлеңдері, Абайдың кейбір өсиет сөздері сөздері деген атпен бастырылған болатын. Арада жылдар өткен сайын жазушы Абай мұрасына тереңірек үңіле бастайды. Отызыншы жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым-қиғаш пікірлер айтылып жүргенде, ақын мұрасының құндылығын тани білген М.Әуезов болатын. Ол Л.Соболевпен бірігіп жазған Абай трагедиясын 1939 жылы Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақын өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды.
Жазушы өз шығармасында Абайдың Пушкинмен рухани жақындасуын көрсетуден бастайды. Баспасөзде жариялаған бұл әңгімені оқушылар жылы қабылданады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда романға Телқара деген ат бермек еді. Автордың алғашқы ойыншы, роман үш кітаптан құралмақшы еді, жұмыс барысында оның мөлшері кең түсті. Әуезов алғашында екі кітаптан тұратын Абай, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын Абай жолы романын жазды.Алғашқы екі кітаптан тұратын Абай, романы үшін жазушыға Мемлекеттік сыйлық беріліп, төрт томдық Абай жолы.
Абайдың бірінші кітабы басылғанда, М.Әуезов қырықтың ішінде болатын. Ал тұңғыш әңгімесін 24 жасында жариялады. Яғни 20 жыл бойы прозаның шағын формаларымен айналысқан. Қазақ әдебиетінде алғаш рет реалистік проза жазған-Аймауытов, Майлин, Әуезов болды.
Абай жолына , әсіресе жазылып жатқан екінші кітабына тың деректердің қажеттігін қатты сезінген жазушы 1943 жылыдың жазында ақын ауылын аралауға аттанады. Сонда сапарды Аягөз жақтан бастағанының дұрыстығын жолындаған Сыбан, Тобықты, Мырза-Жөкең, Мамай, Көкше, Сақ-Тоғалаққа қоныс, өріс болған адырлар мен қырқалар, таула, талай талас-тартыс, шабыс-керіс, келіс-бітімнің шешімін таптырған өлкелерді аралап өткенде сезінді.
Шыңғыстың нулы саллалары мен қойын-қойнауларындағы өзен, бұлақ, бастаулар, Аққойтас, Пұшантай, Керегетас, Шақпақ, Балашақпақ, Ботақан ошағы, Дөңгелек қоныс, Байқошқар, Сарыкөл, Шоттың аузы, Тоңаша, Барлыбай жазығы, Арқат, Байжан тасы көп-көп оқиғаларды елестетеді. Романның жазылып жатқан тарауларынан орын алар көріністер мен әңгіме-хикаяларды жазушы ерекше бағалады. Оладың ішінде Қадиша қыз дауы атанған әңгімелері мен Базаралының жиырмалар шамасындағы кезінде қырықтығы Барақты күресте жеңіп, сауытын тонап алыпжөнеле бергенде: Базаралы алды деп мен айтпайымын, Барақты алдым деп сен айтпа; айдаудан қайтқанда айғырлы үйір жылқы беріп, бір қаракөк ат мінгенің көрген жұрт: Тасқа байлап кеткенбісің десе, Ой, шіркін! Бір айғыр үйірін астыны мініп жүрмеген кісі жігіт пе; Бөдей Жамансарының жұртты сабай беретініне ашуланып, іздеп барғанда, ол мен Жамансары деп шабады, Базаралы найзамен түйреп тастап: Жат, сендей жаман сары ит к...нен қаны ағып осылай жататын дегені сияқты әңгімелері бар.
Әрхам Ысқақұлынан алғашқы деректі 1835 жылы алса, бұл жолғы естігендері де аз болған жоқ. Оның айтуына Қадиша қыз дауы, 1898 жылы Оразбай жылқысының алынуы (үш мың десе, енді бір тұста бес мың) , Еркежанға әмеңгерлік жолмен туысқандардың таласы, сонда Абайдың ауылына ауыл мен Кәкеңнің (Кәкітай) себеп болуы, Кәкітайдың он екі жасында Абай қолына келуі, Ниязбек молданың өзін-өзі ажуа еткен әңгімесі, Абайдың сыбызғышы, домбырашы, құмалақшы, дойбышыларды сүйреп, ісмерлікті қостауы, Бейсенбайдың Оразбаймен құда болуы, Әзімханның қонақта болғанынан кейін Абайдың Атасында көрмегенді ботасында көсеттім дегені, Оспанның Ысқақты шақыртып алып, қайнына жіберіп, Тектіні(Мәніке) алдырғаны сияқты деректер жатады.
Өлушінің күні бітпей, өлтірушінің қолы жетпейді, Жер анасы - ел баласы, Жалынған бас қорғау емес, жағаласқан бас қорғау, Қайтқан малға қасқыр өш дегендей мақал мәтелдерді, Төлеу айтты деген сөздерді жазып алады. Бұларды жазуының өз балалық, жастық шағының қимас еске алуы, толғануы, толқуы одан да әрі байыта, әрі түрлендіре түседі.

а) Мұхтар Әуезовке әдебиетші ғалымдар мен ақын жазушылардың бағасы

Мұхтар Әуезов - өз заманының ең ұлы жазушысының бірі. (Луи Арагон).
Біріншіден, Әуезов құрғақ, сылдыр сөйлем құрмайды, ең әуелі өзі тебірене толқын алады да, сол тілсіз сезім тілімен сөйлейді;
Екіншіден, Абай емес-ау, алдымен, Мұхтар Әуезовтың өзі анық ақын, ұшқындамай, лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыл ақын;
Үшіншіден, Әуезов - суретші, нағыз художник - қағазды, кітап парақтарын аспанға, жерге, құбылысқа, дүние - тіршілікке айналдырып жіберетін шебер;
Төртіншіден, Әуезов - терең психолог. Оқушысының жан дүниесін сілкіп-сілкіп жіберетін күш!. (З.Қабдолов).
Әуезов - екінші Абай деген ұғым Абайды қайталау деген сөз емес. Ат тұяғын тай басар дейтін көне нақыл көркемөнер дүниесіне заң емес екенін туған әдебиетіміздің тірі классигі, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов Мұхтар-ағамен қоштасып тұрып өте орынды ескертті. Демек, Мұхтар Әуезов - Абайдың ізін басушы емес, өнер жолын жалғастырушы: Мұхтар (өз әріптестерімен бірге, әрине) қазақ әдебиетін Абай көтерген биіктен әрі қарай өрлетіп, бүкіл дүние жүзілік классиканың күнес кеудесіне шырқатып шығарды. Абай мен Мұхтардың творчестволық туыстығын, екі алыптың өзара ұқсастығын, міне, дәл осы ерекшеліктен іздеген жөн. (Ғ.Мүсірепов).
Профессор Әуезов өте шешен лектор болған деседі. Осы туралы не айтар едіңіз?.(Университет студенттерінің сұрағынан).
Абай романының Тайғақта деген тарауы естеріңізде бар ма? Абай кітап оқып отырады: Парсы, түркі кітаптары оны біресе Шираздың гүлзарына әкетеді. Самарқанның мазар, ғимараттарына қадалтады. Мерв, Мишкедтің миуалы, бұлбұлды бақтарына, салқын самал хауыздарына әкетеді.нелер ықылым замандар бойы асфаһани қайқы қылыштары тынымсыз тайталаспен қарш ұрысып өткен араб, парсы, түркі, монғол тарихынанда көп-көп көңіл тартады. Осылардан бірауық орысша кітапқа түскенде Орта Азия, Иран, Араб жер-суы, шөл-құмы, қала-сауда тірлігін айқын тани түскендей болады
Профессор Әуезовтың лекциясын тыңдаған шәкірт әрқашан дәл осы халде - шежіре сырына үңілген Абайдың халінде отырады десем, артық айтқаным емес.(З.Қабдолов).
М.Әуезов ұлы Абайдың өзгешелік бітімін таныту үшін көркемдік-танымдық ізденістерін әр қиырдан қарастырады. Орыс тілі мен мәдениетінің өз өркениеті ғана емес, жалпы батыс құндылығын жеткізудегі аралық мәніне айрықша тоқталу бар. Басқа дүниенің қымбат қазыналарына ден қойған қазақ зиялыларынан М.Әуезов Абай мен Ы.Алтынсаринді бөлек айтады. Ол әдебиетті жақсы өмір аңсау мен әлеуметтік қасіреттерден қорғанудың жолы ретінде түсіндіреді. (Б.Майтанов).
М.Әуезов сүйікті рухани ұстазы туралы үлкен тебіреніспен толғанады. Бейнелі, ұтымды сөздерді ұтымды орнымен пайдаланады. Абай өмірінің жұмбақтығы мен орны толмас маңыздылығын дәлелдеуге көп күш жұмсалады. Абайдың өзгеден ерекшелігі ретінде әдебиетті әлеуметтік тартыс құралына айналдыруын атайды. Әр кезде тоқталатындай, ұлы шайыр өнерінің үш қайнар көзін көрсетіп, биік ақындық мәдениетінің қыр-сыры ашылады. Абайдың дінмен қарым қатынасы, Шығыстың рухани мұрасын шығармашылықпен игеру ғана емес, ел арасына таратып-жаюшы болғаны да аталып өтеді. Антика дәуірінің әдебиетімен, Батыс философиясы, әдебиеті, тарихымен қазақ шайырының жете таныстығы зор талант қасиеті ыңғайында бағаланған. (Б.Майтанов).
Абайдың жүз жылдығы М.Әуезовтың алдына оның кітаптарын шығарып, шығармашылығын, өмірін жаңа, жетілген нұсқада жазу мақсаттарын қойды.Сол мақсаттар романы мен зерттеу еңбектерін қатар алып барғыздырды. Сонда ақынның өмірін, шығармашылығын зерттеген мақала, ғылыми еңбектерді жазуды бастағанына жиырма жылдай уақыт болып қалыпты. Бұл тұстағы көзінің жеткені - ақын ойлары мен танымының, маңыз-мазмұнының күн өткен сайын артып бара жатқандығы еді. Құрылым - құрылысы, мазмұн сапасы жағынан болсын, абайтануға елеулі үлес болып қосылатын мақалаға ақын өміріне, шығармашылығына қатысты соңғы кездері белгілі болған деректер, оның айналасындағы өзінің ой-толғаныстары, пайым-танымдары кеңінен пайдаланылды. Алдыңғы жазғандарын үнемі дамытып, жетілдіріп отыратын әдет машығы бұл тұста да қайталанды. (Т.Әкім).
Қазақстан үшін Әуезов - екіші Абай. (Н.Погодин).

ә) Абай жолы - Халық жолы

Заманымыздың ойшылы М.Әуезов Абай нәр алған рухани үш қайнар көз бар деген-ді. Олар: біріншісі - қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдениетті мен өнері, екіншісі - орыс мәдениеті сол арқылы келген Батыс мәдениеті, үшінші - Шығыс мәдениеті мен өнері.
Абайдың ата тегі түгел санасақ, алысқа кетеді.Бұ күнге шейін ел ішіндегі қай қазақ болса да, өзінің тегін, кем қойса, жеті атаға шейін біледі. Абай жанына келгенде де өзге мағлұмат шала-шарпа, ала-құла болса да, дәл атасының атын санауға келгенде, тобықтының арғы атасы - Арғынға шейін де жетуге болады. Бірақ бұл тізім құр саннан басқа түк бермейді. Шұбырып тізілген аттан басқа көңілге де, ешбір жаңа дүниенің мәнін ашпайды.
Абай 1845 жылы әкесі Құнанбайдың 41 жасында Ұлжан деген бәйбешесінен туған. Өз заманында көпке жайылған салт бойынша, Құнанбай да көп қатынды болған. Бұл кісінің үлкен жамағаты қыздай алған Күңке деген кісі. Бұдан туған баласы Құдайберді. Екінші әйелі Ұлжан. Інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық. Інісі өлген соң келін алған. Бұдан туған балалары: Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ, Оспан. Үшінші әйелі Айғыз. Одан: Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. Төртінші әйелі жасы ұлғайып қартайып келген кезде алған Нұрғаным. Бұдан бала болмаған.
Ұлжан мен Айғыз бір ауыл болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта, екі шешенің ортасындағы тел баласы кішкене Ыбрай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Оспан, Ысмағұл деген екі бала туған. Бірақ бұлардың жасы Абайдан едәуір кіші. Айғыздың үлкен баласы Халиолла болса, оқуда жүрген. Сондықтан Абай алғашқы балалық шағын екі шешенің ортасындағы жалғыз баланың қалпында өткізген. Екі шешеге бірдей бала болып жүргендіктен, сол кезде үлкендер Абайға Телқара деп ат қойыпты. Кейін Абай ер жеткен уақытта бірталай жеңгелері ертеде қойылған атпен Телқара дейді екен.
Абай, жоғарыда айтылғандай, екі шешенің төл баласы болып жүрген кішкене кезінде мінез жағына аңқау, нанғыш және тентектеу де бала болса керек. Бірақ сол кішкене қонақтың әлдеқалай айтқан ертегі сияқты әңгімелерін құлайтыңдайды екен. Жай өмірде пысық, ширақ емес, аңқау болғандықтан, өз шешесінің ауылындағы көрші-қолаңшының үлкеендері Құнанбайдың бұл баласынан да Күңкенің қолындағы Ысқақтан көбірек дәме қылған.Ол Абайға қарағанда жас күнінен тықылдаған пысық, ширақ болса керек.
Құнанбайдың орнын басып, кісілікке ие болатын баласы кім деп жас балаларды сынағанда, жұрттың көбі әлгі белгілеріне қарап, Абайдан Ысқақты артық санаған, Абай 10 жасқа келгенде әкесі Семей қаласына әкеліп оқуға береді.
Семейде алғашқы берген молдасы Ғабдұлжапар деген татар иманы. Артынан бұдан шығарып, Ахмет Риза деген имамға тапсырған. Бұ да татар имамы. Екеуі де мешіттерінің жанында медреселері болған.
Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Оқуға өзімен бірге оқыған үлкен, кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді,ұғымтал және ерекше ықылысты болған.
Өзі оқымаса да, балаларын оқытып, оқу-білімге ынтық болған Құнанбай бір баласы Халиолланы орысша оқытып, Абайды мұсылманша оқытып жүргенде, соңғы баласына сопы Алдияр сияқты ақындарды көп оқытқан.
13 жасқа толғанда әкесі Құнанбай оқудан шығарып алып, ел белеу жұмысында өзіне серік қылмақ болып, жаңа міндетке арнап, сол жол баули бастайды.
Баласын оқудан ерте шығарып алуына себеп болған нәрсе: ел жұмысына өзіне серік болатын іні-баланың Абайдан қолайлысы болғандығы, бала болса да сол кезде Абай әкесі дәме қыларлық белгілерді көрсете бастаған сияқты. Барлық балаларына қатал суық тұрып қатты сыншы болған Құнанбай Абайдың өзгелеріне артық екенін ертеде сезген деуге болады.
Абайдың жас шағында Құнанбайдың досы азайып, дұшпаны көбейеді. Абайды оқудан алып, ел жұмысына салу, әкесінің басындағы осындай еріксіздік халынан туған. Сонымен 13 жастағы Абай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тайыр Жомартбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Шериаздан елеукеновтің «абай жолы» романына қосқан ой - пікірі
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар жайлы
Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясы туралы
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Ғабиден Мұстафин өмірі және шығармашылығы
1946-1960 жылдардағы жазылған шығармалардағы ұқсастықты табу. Абай Жолы роман-эпопеясы туралы ой толғау жазу. Ғ. Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына шығармашылық талдау жасау
Пәндер