DELPHI ортасының көрінісі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
i DELPHI ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 5
1. 1. Delphi программалау тілі5
1. 2 Негізгі терезе мен компоненттер жинағы6
ii Интернеттің жобасын құру мүмкіндіктері12
2. 1 Internet деген не және ол не үшін қажет12
2. 2 Internet желісіне қалай қосылуға болады15
2. 3 Internet explorer браузерімен жұмыс істеу негіздері17
ҚОРЫТЫНДЫ19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР21
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та пайда болды. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге әзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты: Веб браузер құру. Бұл мақсатқа жету үшін:
1) Интернет жайлы мәліметтер іздестірдім.
2) Дельфи ортасында браузер бағдарламасына қажетті компонентерді пайдаландым.
Менің курстық жобам екі бөлімнен тұрады.
I Delphi туралы түсінік
II Интернеттің жобасын құру мүмкіндіктері
I DELPHI ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ
1. 1. Delphi программалау тілі
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD - жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі . NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады. Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В. И. Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше. Delphi Windows жүйесiнде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзiрiн құру, анимация, мультимедиа процестерiн ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистiк қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс iстеу және т. б. iс-әрекеттердi орындау да мүмкiн. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi - күрделi қосымшаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client - Server), екiншiсi - қалған программалаушылар үшiн (Delphi for Windows) . Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман программаушылар емес, барлық Delphi - мен жұмыс iстеушiлерге арналған. әдетте пайдаланылатыны - екiншi түр. Delphi-дi Паскаль программалау тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. Бiрақ, мұнда программалауды үйрену үшiн объект, оқиға, қасиет түсiнiктемелерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайдалану және әдiстер деп аталатын түрлi командалардың жазылу түрлерiн бiлу қажет. Жалпы, Delphi-де пайдалылатын процедуралар (әдiстер) мен түрлi кластарға, компоненттерге енгiзулi мәндер меншiктелетiн қасиеттер көп. Нақты есептердi шешу программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады.
1. 2. Негізгі терезе мен компоненттер жинағы
Delphі тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар ІDE (Іntegrated Development Envіronment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. ІDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері ІDE ортасында орындалады.
Delphі ортасын іске қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск - > Программы -> Borland Delphі - Delphі 7.
Delphі-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1- сурет) . Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:
1-сурет . DELPHI ортасының көрінісі
- Негізгі терезе (Project 1) ;
- Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Іnspector) ;
- Формаларды құрастырушының терезесі (Form1) ;
- Программа кодының терезесі (Unіt1. pas) .
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphі бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Wіndows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unіt кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphі жүктелгенде, Unіt терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады. Delphі ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.
Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphі ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады (2-сурет) .
2-сурет. Негiзгi терезенiң көрiнiсi
Бұл терезеде Delphі-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі меню жүйесінің опциялар тақырыптарының құрамына ішкі меню кіреді.
Компоненттер жинағы - Delphі-дің негізгі байлығы болып табылады.
3-сурет. Компоненттер жинағының терезесi
Ол негізгі терeзенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады (3-сурет) .
Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті айтады. Delphі ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізі бөлігі құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т. с. с) .
Батырмалар панелі сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін компоненттер палитрасына кіретін кез-келген пиктограмманы тышқан тетігінің оң батырмасымен сырт еткізіп, арнайы редакторды іске қосу керек. Ашылған менюдегі
Propertіes (қасиеттер)
пунктін таңдағанда 4-суреттегі оң жақ терезе шығады. Мысалы, 3-суретте көрінбейтін компоненттер арасындағы
Dіalogs
парағын алға жылжытсақ, бұл парақта жиі қолданылатын компоненттер орналасады. Ол үшін 4-суретте келтірілген терезеде
Dіalogs
пунктін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып,
Dіalogs
пунктін
Data Aсcess
пунктінің орнына қою керек.
Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі.
Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі - болашақ программаның Wіndows терезесінің жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәлірек айтсақ, Wіndows-тің стандартты интерфейстік элементтерінен: жүйелі менюді шақыру, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршаған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген.
Программалаудағы айтарлықтай уақытта Lego констукторының бөліктерімен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесінде орналастыруға болады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компоненттер бірінен соң бірі орналастырылады.
Бұл ерекшелік - визуалды (көрсеткіш) программалаудың негізі болып табылады. Программалаушы әр мезгілде құрылатын программаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез-келген мезетте енгізу мүмкіндігіне ие болады.
Формадағы орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен, түсімен т. с. с. анықталады. Форманы құрастыру Fіle => New => Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек.
Button батырмасының кескінін ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады.
Қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек, форманың бетінде Button1 элементі пайда болады.
Компоненттің формадағы орнын, мөлшерін форма терезесінде бірден өзгертуге болады, ол үшін компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен белгілеу керек (кішігірім төртбұрыштылар пайда болады) . Енді белгіленген компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аймағының кез-келген жеріне жылжытуға болады. Мөлшерін өзгерту үшін тышқанды элементті қоршап тұрған кез-келген төртбұрышқа орналастырсаңыз, пайда болған қос бағытты тік сызықты тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжытуға болады. Компонент жою үшін оны белгілеп, Delete пернесін басса жеткілікті.
Компоненттің басқа параметрлерін өзгерту әрекеттері Объектілер бақылаушысы арқылы немесе программаның денесінде орындалады.
Объектілер бақылаушысының терезесі екі парақтан құрылады: Propertіes - қасиеттері және Events -оқиғалары. Propertіes парағы арқылы компоненттің қасиеттері -параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады. 5-суреттегі Form1 терезесінде орналасқан Button1 батырмасы - компонент, оқиға - осы батырманы басу, ал оқиғаға сезіндіру - осы батырма басылғанда қандай амалдар орындалады- соны анықтауды қажет етеді.
Объектілер бақылаушысы екі бағанадан құралған кесте: сол жақ бағанасында параметрдің немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта - параметрдің мәні немесе оқиғаны өңдейтін ішкі программаның атауы орналасады.
Кестенің кез келген жолын тышқанды сырт еткізу арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір мәнмен анықталатын - сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін қабылдай алатын және т. с. с. компоненттің қасиеттері жатады. Мысалы, Captіon (тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлік) - True немесе False мәндерімен, ал Heіgh (биіктігі) және Wіdth (ұзындығы) нақты бір сандық шамалармен анықталады.
II ИНТЕРНЕТТІҢ ЖОБАСЫН ҚҰРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2. 1 Internet деген не және ол не үшін қажет
Жалпы веб-браузерлердің қазір неше түрі бар. Олардың әрине өзіне тән ерекшеліктері, артықшылықтары да бар. Қазіргі заманда тіпті ұялы телефондарға арналған браузерлер де кең етек жайып келеді. Бірақ интернеттің осынау баяю жылдамдығына байланысты олардың мардымды сипат ала алмай отырған жайы бар. Себебі интернет желісіне қосылған әрбір адам браузерге емес, интернеттің жылдамдығына аса көп назар аударады. Оған қоса интернеттен вирус кіреді деп аз ғана килобайттарды тексеріске алып, интернет пайдаланушының шыдамын тауысады. Оған қоса браузерлердің өзінің қауіпсіздік шараларын қоспағандағы жағдайын шамалай беріңіз.
Менің жасаған веб-браузерім осы олқылықтарды жояды, яғни интернетпен өте жоғарғы жылдамдықта болмаса да, бар жылдамдығын пайдаланады. Себебі интернеттен келетін сценарийлерді тексермейді, компоненттерді автоматты түрде орнатады.
Онымен жұмыс жасау өте қарапайым. Адрес өрісіне сайттың атын енгізіп не болмаса Көшу батырмасын басамыз. Егер мерзімінен бұрын тоқтатқыңыз келсе, онда құралдар бөлімінде батырмасын шертеміз. Ал егерде бетті жаңартқыңыз келсе, онда жаңарту батырмасын шертеміз. Онымен қоса артқа және алға батырмалары бар. Яғни алдыңғы бетке көшу немесе артқы бетке көшу.
Одан басқа өзіңіздің компьютер ашу немесе өзіңіздегі кез-келген HTML форматындағы құжаттарды аша аласыз. Ол үшін Файл пернелер комбинациясын орындайсыз. Сол уақытта ашу терезесі пайда болады. Сол терезе арқылы өзіңіздің қалаған файлыңызды аша аласыз. Одан басқа мүмкіндіктерінің бірі - ашылған сайттардың тізімін қарай аласыз, ол үшін адрес өрісіндегі батырмасын шертсеңіз, ашылған сайттардың немесе HTML форматындағы құжаттардың толықтай тізімі ашылады. Сол тізімнен ашылған сайттардың немесе HTML форматындағы құжаттардың мазмұнын қарағыңыз келсе, оны таңдап маустың сол батырмасын шерту керек.
БРАУЗЕРДІ ІСКЕ ҚОСУ ҮШІН INTERNET 🡺 WebBROWSER
Қажетті компаненттер: Button, Edit, WebBrowser, imagelist
- WebBrowser1. GoBack бұл алға батырмасының қызметін атқарады.
- WebBrowser1. GoForward бұл артқа батырмасының қызметін атқарады.
- WebBrowser1. Refresh бұл уақытша тоқтату батырмасының қызметін атқарады.
- WebBrowser1. GoHome бұл келесі мәліметті ізде батырмасының қызметін атқарады.
- WebBrowser1. Stop бұл тоқта батырмасының қызметін атқарады.
Қосымшаның жалпы көрінісі.
Қосымша Dephi 7. 0 ортасында құрылды. Оны WebBrowser компонентін қолдандану арқылы құрдым. Программада ондан басқа сайтты жүктеп жатырған кездегі процесті көрсететін мүмкіндігін төменгі бөлігіне орналастырдым. Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork) . Internet - бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады.
Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) - ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттер жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы - URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www. атауы. үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы - http://www. akorda. kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы - http://www. government. kz. ) . Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (. kz - Қазақстан, . ru - Ресей, . ua - Украина, . uk - Ұлыбритания, . fr - Франция және т. б. ) немесе қызмет саласын (. com - коммерциялық ұйымдар, . org - коммерциялық емес ұйымдар үшін, . edu - білім беру қор көздеріне арналған, т. с. с. ) білдіреді.
2. 2 Internet желісіне қалай қосылуға болады
Internet желісіне қосылу үшін компьютерге желілік тақша мен модем қажет. Модем - бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Internet-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон консолі арқылы Internet-ке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады. Internet желісіне қосылуды баптау үшін бастау батырмасын басып, Баптау - Басқару үстелі - Желілік қосылымдар - Жаңа қосылым жасау шебері әмірлерін таңдап, пайда болған терезеде Келесі батырмасын басу керек. Internet-ке қосылуды таңдап, Келесі батырмасын басыңыз. Қосылымды қолмен орнатуды таңдап, Келесі батырмасын басыңыз. Кәдімгі модем арқылы дегенді таңдап, Келесі батырмасын басыңыз Бос жолға Интернет провайдерінің атауын енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз Жолға провайдердің телефон нөмірін енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз. Пайдаланушының аты жолында Пайдаланушының атын, Құпия сөз жолында провайдерден алынған құпия сөзді енгізу қажет. Құпия сөзді құптау жолағында сол құпия сөзді қайта енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз Жұмысты аяқтау үшін Дайын батырмасын басыңыз Internet желісіне тікелей қосылу үшін Internet-ке қосылуды баптағаннан кейін пайда болатын лақапты шерту қажет Пайда болған терезеде Пайдаланушының аты және Құпия сөз өрістерін толтырып, Нөмір теру өрісінде өз провайдеріңіздің телефон нөмірін енгізіңіз. Шақырту батырмасын басып, қосылысты күтеміз Компьютер провайдер желісімен байланыс орнату үшін телефон нөмірін тере бастайды. Осыдан кейін модемнің «әнімен» ұштасатын қосылысты орнату процесі басталады. Қосылыстың барлық сатылары қосылым терезесінде түсіндіріліп отырады. Егер деректер дұрыс көрсетілген болса, әдетте бір минут ішінде компьютер провайдермен қосылысып, желіге шығады.
Қосылыс орнағаннан кейін бейне беттің оң жақ төменгі бұрышында белгіше және қосылым сәтті орындалғаны туралы хабарлама пайда болады. Осы сәттен бастап, компьютер Internet-те болады, ал провайдер сервері компьютердің желіде өткізген уақытын (секундпен) есептей бастайды. Қарапайым модем арқылы уақыты төлемі бар қосылу кезінде Internet-те жұмыс істеп болғаннан кейін бірден желіден ажыратылу қажет. Internet-тен ажыратылу үшін тінтуірдің оң жақ пернесімен батырмасының мәтінмәндік мәзірін шақырып, Доғару әмірін таңдау керек.
2. 3 Internet Explorer браузерімен жұмыс жасау негіздері
Internet желісінде адасып қалмау үшін шолғыш - браузер деп аталатын арнайы бағдарлама қажет. Браузер - бұл веб-бетінің мәліметтерін Сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, Internet қор көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows амалдық жүйесінің құрамына Internet Explorer браузері кіреді. Internet Explorer қазақ тілді нұсқасы Web-беттерді әзірлеушілер жасайтын ақпаратты дыбыстық және бейне сүйемелдеу сияқты түрлі мүмкіндіктерді қолдайды. Microsoft Internet Explorer-мен жұмысты бастау үшін жұмыс үстелінен шолғыш белгішесін тауып, оны нұқыңыз. Өзіндік бет ашылады. Пайдаланушы өзіне ұнаған веб-бетін өзіндік бет ретінде орната алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz