Мәліметтер базасы серверінің моделі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» КАФЕДРАСЫ
«Интернет технологиялары» пәнінен
электронды оқулық
Мазмұны:
КІРІСПЕ
1 АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1. 1 Ақпарат және информатика
1. 2 Технологиялық шешімдер
1. 2. 1 Клиент-сервер технологиясы
1. 2. 1. 1 RDA-модель
1. 2. 1. 2 DBS-модель
1. 2. 1. 3 AS-модель
1. 3 Қолданылатын бағдарламалық құралдар
1. 3. 1 HTML тілінің негіздері
1. 3. 2 PHP дағы серверлік сценарилер негіздері
1. 3. 2. 1 РНР сипаттамалары
1. 3. 3 JavaScript тілінің негіздері
1. 3. 3. 1 Объектілер жайында жалпы мағлұматтар
1. 3. 3. 2 Негізгі анықтамалар
1. 3. 4 Мәліметтер базасының қолдану аймағы мен тағайындалуы
1. 3. 4. 1 SQL тілі
2 АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
2. 1 Вирусқа қарсы құралдар
2. 2 Вирусқа қарсы бағдарламалар
2. 3 DSAV антивирустық пакеті
3 КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
3. 1 Компьютерлік желілер
3. 2 Компьютерлік желілерді аппарттық-бағдарламалық қамтамасыз ету
3. 3 Желілік адаптерлер
3. 4 Модем
3. 5 Клиент/сервер технологиясы
4 ЕСЕПТЕУІШ ЖЕЛІЛЕР
4. 1 Жергілікті желі
4. 2 Желінің аппараттық қамтамасыз етілуі (жасақталуы)
4. 3 Желілер топологиясы
5 АУҚЫМДЫ ЖЕЛІ
5. 1 Ауқымды желі
5. 2 Internet
5. 3 Internet-тің даму тарихы
5. 4 Интернетте адрестеу
5. 5 INTERNET хаттамасы
СӨЗДІК
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Соңғы он жыл Интернеттің және адамдар арасындағы қатынасудың жаңа әдісінің қарқынды дамумен белгілі болды. Бұл құбылыстың басқы жағында World Wide Web (WWW) тұрады. Күнделікті бұл коммуникациялық ортада мыңдаған сайттар ашылады және адамдарға әртүрлі жаңа қызмет көрсетулер түрлері ұсынылады. Нарықтың қарқынды дамуымен жаңа технологияларға және оны жасаушыларға үлкен сұраныс пайда болды.
Интернеттің дамуы оқу-білім саласына қатты әсерін тигізді. Соның ішінде қашықтан оқыту әдістемесі жаңа даму алды, себебі желі арқылы тек ақпаратты ғана беріп қоюмен қатар бірін бірі көре алмайтын сұхбаттасушылар арасында тірі қарым-қатынасты ұйымдастыруға болады, және де адамның оқуын қамтамасыз етуге болады.
Сайтта қолданушылар үйренетін және көшіріп алуға болатын әртүрлі мәтіндік, графикалық, аудио және видео оқу материалдары болады. Сонымен қатар оқушылар алған білімдерін тексеруге арналған әртүрлі интерактивті тесттер болады. Қашықтан оқыту бағдарламасының барлық қажетті материалдары оқушыға тез әрі толық жетеді. Қашықтан оқу жұмысының негізіне клиент-сервер технологиясы жатады. Клиент-сервер технологиясы - арнайы бағдарламалық қамтама орнатылған екі компьютер арасындағы қарым - қатынас технологиясы. Қарым қатынасқа қатысушның біреуі (клиент-бағдарлама) басқасынан (серверден) қандайда бір қызмет сұрайды деп жорамалданады. Желіде ақпаратты беру және өңдеу үрдісінде екі компьютер қатысады- сұраушы (клиент) және сұраныс бойынша мәліметтерді беруші (сервер), бұл жағдайда екі бағдарлама жұмыс істейді- клиент - бағдарламасы және сервер- бағдарламасы. ХХ ғасырдың соңы адамзаттың индустриялық дәуірден ақпараттық дәуірге өтуімен ерекшеленеді. Жоғары білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құрастырушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларының қалыптастырумен анықталады.
Информатика пәні студенттерді ақпараттық қоғамдағы өмір талаптарына сай дайындауда үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезеңде студенттер үшін кәсіптік ақпараттық технологиялармен жұмыс істеп үйрену аса қажет.
Оқытудың негізгі мақсаты студенттердің оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алу. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн Мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды.
Ол компьютерді оқу құралы ретінде студенттердің оқу-танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді.
Біздің мақсатымыз - студенттерге жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты сұрақтарды шешу үшін ақпараттық технологиялар негіздерін үйрету.
1 АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1. 1 Ақпарат және информатика
"Ақпарат" сөзі латын тіліне аударғанда түсіндіру, баяндау, түсінік деген ұғымды береді. Ақпарат -адамнан да ерте тұған құбылыс. Адам өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ ақпатартты беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздейді және табады. Қазіргі кезде ақпарат адам өміріне, ғылымның әртүрлі салаларына кеңінен енді. Әсіресе ақпарат философия, экономика, физика, математика, информатика және т. б. ғылым салаларында кеңінен қолданылуда. Бірақ ақпарат ұғымы әр ғылым саласында әр түрлі мағынада қолданылып жүр.
Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат әр түрлі заттар мен қоршаған ортаның әсері болып табылады. Яғни ол қандай түрде берілсе де, ақпарат өзімізді қоршаған ортамыздың нақтылы немесе қиялдағы бейнесі болып табылады. Ақпарат адамның өзінің басында алынған мәліметтердің өңделуі нәтижесінде тууы мүмкін.
Ақпарат тек сыртқы әсерлерден ғана алынып қоймай, адам миы қабылдаған деректерін өңдеуден де алынадыСондықтан да ақпарат ұғымына бір мәнді анықтама беруге болмайды. Бірақта күнделікті өмірден алынатынына және пайдаланылатындығына сүйене отырып, мынандай жуық анықтама беруге болады:
Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.
Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс және т. б. ) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.
Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді, қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламалар тіл(сөзбен айту), бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер, т. б. түрінде болады.
Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болып табылады.
Бүкіл қоғамды ақпараттандыруға ынталандырған есептеуіш техникасының дамуына байланысты ақпаратпен жұмыс атқарудын әртүрлі аспектілері туралы ғылымдар комплексі - информатика пайда болды.
Информатика - ақпаратты алудың, сақтаудың, жаңартудың, тарату мен пайдаланудың барлық аспектілерін зерттейтін ғылым. Информатика ақпаратты сақтау мен өзгертуге бағдарланған арнайы компьютерлер шыққанда, яғни біздің ғасырымыздың ортасында пайда болды, бұл құбылыспен бірге компьютерлік революция басталы.
Информатика әрекеттің сегіз негізгі бағыттарын қамтитын ғылыми-техникалық пәндердің комплексінен тұрады.
1. 2 Технологиялық шешімдер
1. 2. 1 Клиент-сервер технологиясы
Ереже бойынша ақпараттық жүйенің құрамына кіретін компьютерлер және бағдарламалар тең құқықтық болып табылмайды. Желідегі бір компьютер процессорлар, файлдық жүйе, почталық қызмет, басу қызметі, мәліметтер базасы сияқты ақпараттық-есептеу ресурстарды қамтиды. Ал басқалары оны пайдаланады. Кез - келген ресурсты басқаратын компьютерді сол ресурстың сервері, ал онымен қолданғысы келген компьютерді клиент деп аталуы қабылданған. Нақты сервер өзінің ие болған ресурс түрімен сипатталады. Яғни, егер ресурс мәліметтер базасы болса, онда тағайындалуы- мәліметтер базасын өңдеуге байланысты клиенттердің сұраныстарына қызмет көрсету болып табылатын, мәліметтер базасының сервері туралы айтылады; егер ресурс - файлдық жүйе болса, онда файлдық сервер немесе файл-сервер туралы айтылады және т. с. с.
Бұл принцип үрдістердің өзара әсерлесуіне де таралады. Егер олардың біреуі басқаларға сәйкесінше қызметтер жинағын беру арқылы кейбір функцияларды атқаратын болса, мұндай үрдіс сервер ретінде қарастырылады. Осы қызметтерді пайдаланатын үрдістерді клиенттер деп атау қабылданған.
Бүгінгі таңда “клиент-сервер” технологиясы кең қолданыс алуда, алайда өзінен-өзі ол әмбебап рецепттерді ұсынбайды. Ол тек қазіргі заманғы таратылған ақпараттық жүйенің қалай ұйымдастырылу керек екенінің жалпы көрінісін береді. Оның үстіне бұл технологияның нақты бағдарламалық өнімдерде және де бағдарламалық қамтаманың түрлерінде жүзеге асуы әлдеқайда ажыратылады.
“Клиент-сервер” технологиясының негізгі принциптерінің бірі әртүрлі табиғаты бар стандарттық қосымшаның функцияларын үш топқа бөлуге негізделген. Бірінші топ - бұл мәліметтерді енгізу және көрсету функциясы. Екінші топ берілген пәндік облысқа сипатталған тек қана қолданбалы функцияларды біріктіреді. Үшінші топқа мәліметтерді сақтау және басқару (мәліметтер базасын, файлдық жүйелерді және т. б. ) функциялары жатады. Осыған сәйкес кез келген қосымшада келесі логикалық компоненттер таңдалады:
− бірінші топтың қызметтерін жүзеге асыратын көрсету компоненті (presentation) ;
− екінші топтың қызметтерін қолдайтын қолданбалы компонент (business application) ;
− үшінші топтың қызметтерін қолдайтын ақпараттық ресурстарға қатынау компоненті (resource acces) немесе ресурстар менеджері (Resource manager) .
“Клиент-сервер” технологиясының шеңберінде қосымшаларды жүзеге асыруының айырмашылығы үш фактормен анықталады. Біріншіден, барлық үш топтың қызметтерін жүзеге асыру үшін қандай механизмдер қолданатындығымен. Үшіншіден, жүйеде компьютерлер арасында логикалық компоненттер қалай таратылғандығымен.
Әрқайсысы келесі сәйкес келетін модельдерде жүзеге асатын үш әдістемелер ерекшеленеді:
− қашықтықтағы мәліметтерге қатынау моделі (Remote Date Access - RDA) ;
− мәлеметтер базасы серверінің моделі (DateBase Server - DBS) ;
− қосымша серверінің моделі (Application Server - AS) .
RDA-моделінде көрсетім компонент және қолданбалы компонент кодтары бірлескен және компьютер-клиентте орындалады. Соңғысы мәліметтерді енгізу және көрсету функцияларымен бірге таза қолданбалы функцияларды да қолдайды. Ақпараттық ресурстарға қатынау, ереже бойынша арнайы тілдің операторларымен (SQL тілі, егер мысалы мәліметтер базасы туралы айтылатын болса) немесе арнайы кітапхананың функцияларын шақыруымен қамтамасыз етіледі (егер сәйкес келетін API болса) . Ақпараттық ресурстарға сұраныстар қашықтықтағы компьютерге торап бойынша жіберіледі (мысалы, мәліметтер базасы серверіне) . Соңғысы сұраныстарды өңдейді және орындайды және клиентке мәліметтер блогын қайтарады (сурет 1. 1) . “Клиент-сервер” архитектурасы туралы айтқанда, көбінесе осы модель туралы айтады.
Сурет 1. 1 - Қашықтықтағы мәліметтерге қатынау моделі
DBS-моделі (сурет 1. 2) компьютер-клиентте орындалатын үрдіс көрсетім функцияларымен шектеледі, ал қолданбалы функциялар компиляциялянатын резиденттік процедуралар немесе мәліметтер базасының процедуралары деп аталатын сақталатын процедураларда жүзеге асырылған (stored procedure) деген жорамалда құрылады. Олар тікелей мәліметтер базасында сақталады және мәліметтер базасының компьютер-серверінде орындалады (мұнда мәліметтерге қатынауды басқаратын компонент, яғни МББЖ қызмет етеді) . Сақталатын процедуралардың механизмі - DBS- моделінің ерекше сипаттамасы- әзірше тек қана МББЖ- де, онда да бәрінде емес бар болғандықтан ақпараттық ресурстың түсінігі мәліметтер базасына дейін тарылған.
Сурет 1. 2 - Мәліметтер базасы серверінің моделі
Тәжірибеде егер мәліметтер базасының бүтіндігін қолдауды және кейбір қарапайым қолданбалы функцияларды сақталатын процедуралармен (DBS-модель) қолдайтын болса аралас модельдер жиі қолданылады, ал әлдеқайда күрделі функциялар компьютер-клиентте орындалатын (RDA-модель) қолданбалы бағдарламада тікелей жүзеге асырылады. Бірақ бірден екі моделідің элементтерін қамтитын мұндай шешімдер олардың арақатынасы туралы біздің көрсетімді толығымен өзгерте алмайды.
AS - моделінде (сурет 1. 3) компьютер-клиентте орындалатын үрдіс мәліметтерді енгізу және көрсетуге жауап береді (яғни, бірінші топтың қызметтерін жүзеге асырады) . Қолданбалы функциялар қашықтықтағы компьютерде қызмет ететін үрдістер тобымен (қолданба серверлері) орындалады. Қолданбалы есептерді шешу үшін қажетті ақпараттық ресурстарға қатынау RDA-моделіндегідей әдіс бойынша қамтамасыз етіледі. Қолданбалы компоненнттерден әртүрлі түрдегі ресурстарға қатынау бар- мәліметтер базасы, индекстелген файлдар, кезектер және т. б. Ереже бойынша, қосымшалар сервері ресурс менеджері қызмет ететін компьютерде орындалады, бірақ басқа компьютерлерде де орындалуы мүмкін.
Сурет 1. 3 - қосымшалар сервері моделі
RDA және DBS- модельдері функцияларды бөлудің екізвенолық сұлбасына тіреледі. RDA- моделінде қолданбалы функциялар бағдарлама-клиентке берілген, DBS-моделінде олардың орындалуы үшін жауапкершілікті МББЖ ядросы алады. Бірінші жағдайда қолданбалы компонент көрсетім компонентімен араласады, екінші жағдайда - ақпараттық ресурстарға қатынау компонентіне интегралданады. Керісінше, AS-моделінде функцияларды бөлудің үшзвенолық классикалық сұлбасы жүзеге асырылған, мұнда қолданбалы компонент қолданбалы бағдарламаның маңызды элементі ретінде белгіленген, оны анықтау үшін көпесепті операциялық жүйенің әмбебап механизмдері қолданылады және екі басқа компоненттері бар интерфейстер стандартталған. Бұл ерекшеліктен AS -модельдер тәжірибелік қызмет үшін маңызы үлкен өздерінің артықшылығын көрсетеді.
1. 2. 1. 1 RDA-модель
RDA-модельдің негізгі артықшылығы тәжірибелік жазықтықта жатыр. Бүгінгі таңда SQL -бағдарланған МББЖ-мен жұмыс жасайтын desktop-қолданбалы бағдарламаларды тез құруды қамтамасыз ететін көптеген құралдар бар. Олардың көбісі қолданушының MS Windows-та графикалық интерфейсін, ODBC интерфейсінің стандартын қолдайды, кодтың автоматтық генерациясының құралдарын қамтиды. Басқаша айтқанда, RDA-моделінің негізгі ерекшелігі унификациясына және қолданбалы бағдарламаларды құру құралдарының кең таңдалымына негізделген. Осы төртінші ұрпақтың тілдерінде (бағдарламалаудың автоматизациялық құралдарын қоса) құру құралдарының көбісі қолданбалы функциялар және көрсетім функциялары аралас кодтарды құрайды.
RDA -моделінің шектеулері бар. Біріншіден, клиент және сервердің өзара байланысын SQL- сұраныстарының негізінде торап жүктейді. Клиенттердің саны көбейгенде, торап барлық ақпараттық жүйенің тезәрекеттілігін тежейді. Екіншіден, RDA-моделінде қолданбалы бағдарламаларды қанағаттырылған түрде басқару мүмкін емес. Егер өздерінің табиғаты бойынша әртүрлі функциялар (көрсетім функциялары және таза қолданбалы функциялар) 4GL тілінде жазылған бір бағдарламаның ішінде араласқан болса, онда қолданбалы функцияларды өзгерту қажет болған кезде бүкіл бағдарламаны түгелімен көшіруге тура келуі мүмкін.
1. 2. 1. 2 DBS-модель
RDA -модель кең таралғанына қарамастан, әлдеқайда технологиялық DBS- моделіне орын береді. Соңғысы кейбір реляциондық МББЖ-де жүзеге асырылған (Ingres, Sybase, Oracle) . Оның негізін сақталатын процедуралардың механизмі - МББЖ ядросының бағдарламалау құралы құрайды. Процедуралар мәліметтер базасының сөздігінде сақталады, бірнеше клиенттер арасында бөлінеді және МББЖ ядросы қызмет атқаратын компьютерде жүзеге асады. Сақталатын процедуралар құрылатын тіл, SQL сұраныстар тілінің кеңейтілуі болып табылады және әрбір нақты МББЖ -ге бірегей. Сақталатын процедураларға байланысты SQL тілін стандартизациялау талаптары, әзірше байқалатын жетістікке әкелген жок. Бұдан басқа, көптеген іске асыруларда процедуралар интерпритацияланатын болып табылады, бұл олардың орындалуын әлдеқайда ақырынырақ етеді. Сақталатын процедуралардың механизмі - мәліметтер базасының белсенді сервердің құрамдас компоненттерінің бірі .
DBS-моделінде қолданбалы бағдарламалар таратылған болып табылады. Көрсетім компоненті компьютер-клиентте орындалады, бұл кезде қолданбалы компонент (бизнес-функцияларды жузеге асыратын) сақталатын процедуралардың жинағы ретінде ресімделген және МБ компьютер-серверінде қызмет атқарады. DBS-моделінің RDA-моделінен артықшылығы айқын: бұл бизнес- функцияларды орталықтандырылған басқару мүмкіндігі, торап трафигінің төмендеуі, бірнеше қолданбалы бағдарламалар арасында процедураларды бөлу және бір рет құрылған процедураларды орындау жоспарын қолдану арқылы компьютердің ресурстарын экономдау. Алайда, кемшіліктері де бар.
Біріншіден, сақталатын процедураларды жазу үшін қолданылатын құралдар, бағдарламалау тілі болып табылмайды. Бұл - көрнекі құралдары және функционалдық мүмкіндіктері бойынша үшінші ұрпақтың тілдері C және Pascal-мен салыстыруларға шыдамайтын әртүрлі SQL-дің процедуралық кеңейтулері. Олар нақты МББЖ-ге енгізілген және әрине, оларды қолдану шеңберлері шектеулі. Қолданбалы компоненті сақталатын процедуралар көмегімен жүзеге асырылған жүйе МББЖ-мен салыстырғанда мобильді болып табылмайды. Бұдан басқа, көп МББЖ-де сақталатын процедураларды сынақтан өткізу және жөндеу мүмкіндіктері жоқ, бұл соңғысын әлдеқайда қауіпті механизмге айналдырады.
Екіншіден, DBS-моделі есептеу ресурстарын қолданудың қажетті тиімділігін қамтамасыз етпейді. МББЖ ядорсындағы объективті шектеулер әзірше оның шеңберінде жүктеудің тиімді балансын, МБ-ның басқа компьютерлер-серверлеріне процедуралардың миграциясын ұйымдастыруға және басқа да пайдалы қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. МББЖ құрушылардың осы мүмкіндіктерді өздерінің жүйелерінде қарастыру талаптары әзірше, қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Үшіншіден, қолданбалы бағдарламаларды децентрализациялау (қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың кілттік факторларының бірі) клиент пен сервердің өзара байланыс нұсқаларының маңызды әртүрлілігін қажет етеді. Қолданбалы жүйелерді жүзеге асыру кезінде DBS-моделінде қолданылмайтын кезекті сақтау, асинхрондық шақырулар және т. б. сияқты өзара байланысу механизмдері қажет болуы мүмкін.
Қазіргі таңда сақталатын процедураларды өздерінің қазіргі жағдайында бизнес-функцияларды сипаттау және қолданбалы компонентті жүзеге асыру үшін адекватты механизм болып табылады деп айталмайсын. Оларды шынында да қуатты құралға айналдыру үшін МББЖ құрушылар олардың ішінде келесі мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек:
− процедуралар тілдерінің көрнекі құралдарының кеңейтілуі;
− сақталатын процедураларды жөндеу және сынақтан өткізу құралдары;
− процедураладың басқа бағдарламалармен қақтығыстарының алдын алу;
Бұл мүмкіндіктер «клиент-сервер» технологиясының мықты жақтарын көп деңгейде көрсететін AS-моделінде жүзеге асырылған.
1. 2. 1. 3 AS-модель
Үшзвенолық схемалы AS-моделінде қабылданған негізгі элемент қолданбалы бағдарлама сервері болып табылады. Оның шеңберінде бірнеше қолданбалы функциялар жүзеге асырылған, олардың әрқайсысы қызмет көрсету (service) ретінде жасалған және оларды қолданғысы келетін және қолданыла алатын барлық бағдарламаларға кейбір қызметтерді көрсетеді. Қолданбалы бағдарлама серверлері бірнеше болуы мүмкін, және олардың әрқайсысы анықталғын қызметтер жинағын көрсетеді. Оларды қолданатын кез-келген бағдарлама қолданбалы бағдарлама клиенті ретінде қарастырылады (Applicaation Client - AC) . Қолданбалы бағдарлама серверінде Қолданбалы функцияларды жүзеге асыру бөлшектері қолданбалы бағдарлама клиентінен толығымен жасырынды. АС нақты қызмет көрсетуге сұраныспен қатынас жасайды, бірақ AS-ке емес, яғни қолданбалы бағдарлама сервері қызмет көрсетуді сипттау үшін «шеңбер» ретінде қызмет етеді, бұл жүктеу балансын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. АС-тен келетін сұраныстар AS-үрдісіне кезекке тізіледі, ол оларды шығарады және өңдеу үшін приориттеріне сәйкес қызмет көрсетулерге жібереді.
Көрсетім компонентіне қарағанда АС әлдеқайда көп айтылады. Ол шекті қолданушымен интерфейсті қолдайды (онда ол көрсетім компоненті болып табылады), кейбір құрылғылардан мәліметтердің келуін (мысалы, датчиктердің) қамтамасыз ете алады, және де өз-өзімен AS бола алады. Соңғысы бірнеше деңгейлердің AS-рі бар қолданбалы жүйені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай жүйенің архитектурасы концентрациялық сақиналармен қоршалған ядро сияқты көрінеді. Ядро ішінде базалық қолданбалы функциялар жүзеге асырылған қолданбалы бағдарлама серверлерінен тұрады. Сақиналар төменгі деңгейдегі серверлерге қатынасты клиенттер болып табылатын AS жинағын символизируют. AS-моделінде серверлер деңгейлерінің саны, жалпы айтқанда шектеусіз.
1. 3 Қолданылатын бағдарламалық құралдар
1. 3. 1 HTML тілінің негіздері
HTML бағдарламалау тілі болып табылмайды, бұл мәтіндік құжаттарды белгілеу тілі. Онда «кәдімгі» бағдарламалау тілдерінде сияқты айнымалыларды процедураларды, класстарды және басқа да атрибуттарды баяндалуы синтксиске нақты сәйкес келу маңызды емес. Егер де сіз TITLE және BODY сияқты маңызды элементтерді көрсетпесеңіз, онда браузер сәйкесті мәндерді үндеусіз түрде қолданады. Егер де сіз синтаксистік қате істесеңіз, оны браузер терезесінен көріп, оңай табуға және жөндеуге болады.
HTML-ді меңгеру үшін екі нәрсе қажет:
Кез-келген браузер, яғни HTML -файлдарды көру үшін қолданылатын бағдарлама - Internet Explorer немесе Netscape Navigator.
Мәтіндік файлдардың кез-келген редакторы. Windows үшін Notepad толығымен жарайды.
Мәтіндік редакторды HTML -файлдарды дайындау үшін, ал браузерді істелгенді бақылау құралы ретінде қолданады.
&-тізбектері . "<" және ">" символдары браузермен HTML-белгілемесі ретінде қабылданғандықтан, мынандай сұрақ туады: ал бұл символдарды экранда қалай көрсетуге болады? HTML да бұл &тізбегі көмегімен жасалынады (оларды тағы да символдық объектілер немесе эскейп-тізбегі деп атайды) . Егер мәтінде < (ағылшын сөзінін бірінші әріптерінен less than азырақ) тізбегі кездессе, браузер экранда "<" символын көрсетеді. ">" белгісі > (ағылшын сөзінін бірінші әріптерінен greater than -көбірек ) . "&" (амперсанд) символы & тізбегімен кодталады. (") екі тырнақшалар " тізбегімен кодталынады. Еске сақтаныз нүктелі үтір &-тізбектерінің міндетті элементі. Сонымен қатар, тізбектерді құрайтын барлық әріптер төменгі регистрде болу керек. " немесе & типті белгілемелерін қолдануға рұқсат берілмейді. Жалпы айтқанда, &- тізбектемелері ASCII- кестесінің жарты бөігіндегі (онда әрине орыс әріптері кіреді) барлық символдары үшін анықталған. Кейбір символдар сегіз биттық мәліметтерді беруді қамтамасыз етпейді, сондықтан символдарды ASCII-кодтармен 127 ден жоғары &-тізбектері түрінде беруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz