Delphi ортасының мәзір терезесі және саймандар тақтасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта кез келген ақпараттық технологияның жаппай
технологиялық құрауышы компьютер болып табылады. Сонымен қатар заманымызға
байланысты көптеген жұмыстарды жеңілдету үшін әр-түрлі бағдарламаларды
қолданамыз. Мұнда белгілі бір мәліметтер қорын автоматтандырамыз.
Мәліметтер қоры дегеніміз не? Ол ақпараттық жүйенің негізгі объектілерінің
және олардың қасиеттерінің арасындағы байланыстардың жиынтығы болып келеді.
Мәліметтер қоры жергілікті (клиенттің және бағдарлама орындалатын
компьютерінде орнатылған) және жойылған (қашықтықтағы компьютердегі
серверде орнатылған) болып бөлінеді. Серверлік мәліметтер қоры қашықтағы
компьютерде орналасады және серверлік бағдарламалық жасақтама бағдарламалық
жасақтама басқару негізінде жұмыс атқарады. Оның ең басты ерекшеліктері
бір мәліметтер қоры мен бірнеше қолданушының жұмыс істеуін жатқызуға
болады. Сондай-ақ желіге минималды жүктеме іске асырылады. МҚ Delphi-дің
түп тамыры болып табылады. Бұл курстық жұмыста біз МҚ – ның негіздерімен
танысамыз. Delphi - дегі МҚ - мен жұмыс істеудің бірнеше құрауыштар бар.
Мұндай құрауыштардың барлығы мәліметтерге қатынаудың әр - түрлі
технологиясын қолданады және мүмкіндігіне байланысты ерешеленеді. Осы
жұмыста ADO технологиясы арқылы МҚ қатынау қарастырылды.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Microsoft Access ортасында
құрылған Топтың базалық жүйесін құру мәліметтер қорына Delphi - де ADO
технологиясының көмегімен қатынау арқылы автоматтандыру қарастырылды.

І. DELPHI ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

1.1 Delphi бағдарламалау жүйесі

Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және
олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған
программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді
санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс
көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс
файлдары, видео көріністер, WEB-парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат
арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін
программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі-Delphi ортасы таңдап
алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым,
әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және
программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның
қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару
мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды.Себебі
ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын
программалар жиынтығын қамтиды. Delphi-де шамамен 200-ге жуық дайын
компоненттер бар. Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған
компьютерді қажет етеді.
Delphi - бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға
арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен, мәліметтер қорымен “клиент-
сервер” архитектурасында, InternetIntranet, сонымен қатар локальді
машиналар және “файл-серверлік” архитектурасында жұмыс істейді.

Delphi тілі объектілі - бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы.
Delphi-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары,
визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының
қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін
арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi 7 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің
басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 7-нің ерекшелігі: көптеген Delphi 7-де
құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге
бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу
керек есептер болып табылады.
Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен
қамтамасыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда.
Мобильді компьютерлерді тарату кең ауқым алуымен байланысты. Дыбыс,
сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды беру және
оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты
болғандықтан қолданушылар Delphi 7-ден өздерінің есептерін шешу үшін идеал
көмекші құрал тапты. Delphi 7-нің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы
интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің
стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын
болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы
делінеді. Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол- көмекші
жүйесінінің күштілігі. Delphi 7-де басқа да қазіргі программалау ортасы
сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру
барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала
анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып
өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы
интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.
Delphi 7 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді.
Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін
F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.
Delphi 7 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған
программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу
ортасы, код редакторы және объектілер инспекторы.
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар
тақтасы (Standard, View, Debug және Custom) және компоненттер палитрасы
орналасады. Негізгі терезе Delphi 7 ортасы жабылмайынша ашық тұрады.
Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 7 -ны жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті
орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу
режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті
командалардан тұрады.
Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға
сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе
Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге
әкеледі. Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен
(подсказка) жабдықталған. Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ
онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының
орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі
арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы
жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының
үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа
құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып
табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға
көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық
тұрады. Қолданушы өз қалауынша компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге
болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге
асырылады. Бұл терезені 2 жолмен шақыруға болады.
Палитраның кез-келген жерінен тышқанның оң жақ пернесін басып
Properties мәзірін таңдау.

DELPHI–дің артықшылықтары

➢ Қосымшаны өндеу жылдамдығы;
➢ Жасалған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы;
➢ Жасалған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін
талап етуі;
➢ Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы
қосымшаның жұмысын арттыру;
➢ Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың
мүмкіншілігі;

Өнімнің негізгі сипаттамалары.

Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:
➢ машина кодына аударатын жоғары өнімді компилятор;
➢ объекті-бағытталған модель компонент;
➢ программалық прототиптерден визуальді ( сонымен қатар жылдам )
қосымшаларды құру;
➢ мәліметтер қорын құру үшін арналған масштабталатын құралдар;

Delphi ортасы көп терезелі жүйе тәрізді. Оны жүктеу үшін:
ПускпрограммыBorland delphiDelphi командасын қолданамыз. Жүктелгеннен
кейін экранда 4 терезе пайда болады.
1.1-сурет. Delphi ортасының мәзір терезесі және саймандар тақтасы
Бұл Delphi ортасының негізгі терезесі болып бірінші жолда мәзір
орналасқан болып және саймандар тақтасы бар: Стандарт, Вид, Откладка,
Палитра пользователя, панель компонентов, рабочая область.
1.Негізгі терезе (Project1)
2.Обьектілер инспекторының терезесі (Object inspector)
3.Форма конструкторының терезесі (form1)
4.Кодтар редакторының терезесі (Unit1.pas)

1.2-сурет. Объекттер тақтасы

Бұл терезе объекттер тақтасы. Бұл терезеде формадағы барлық
компоненттердің тізімі тұрады. + немесе - белгісі бұл компоненттің ішкі
класында екінші компоненттің бар екендігін білдіреді. Егерде компоненттің
аты ерекшеленген болса онда бұл компонент формада екпінді болғанын
анықтайды.

1.3-сурет. Delphi ортасындағы Form1 беті

1.4-сурет. Қасиеттер тақтасы
Терезесі форма конструкторының терезесі болып бұл терезеге негізгі
конпоненттер орналасады.
Бұл терезе объекттер инспекторы болып, мұнда объекттің негізгі
параметрлері енгізіледі. Оқиғалар тізімі жазылады. Мұны Viewobject
inspector немесе F1 клавиші арқылы экранға шығамыз. Object inspector
терезесі екі жапсырмада тұрады.
1. Propertits ( қасиет )
2. Events (оқиға)

1.5-сурет. Delphi ортасындағы код терезесі ( Unit1.pas )

Терезесі кодтар редакторының терезесі болып табылады. Бұл терезеде
формаға қойылған компоненттердің тізімі, компоненттердің оқиғалар тізімі
және сол оқиға сәйкес командалар жазылады.

Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер
тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді
алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек
қана бір уақытта жасауға болады.

Delphi құрылғының қосымша проекті түрінде жиналған бірнеше
элементтерден тұрады. Олар:
1. Проект коды (DPR кеңейтілген мен берген формада сақталады)
2. Форма сипаттамасы (DFM)
3. Форма модулі (PAS)
4. Модулдер (PAS)
5. Объектілер параметрі (ОРТ)
6. Ресурстар сипаттамасы
Копилтильда таңбасымен өзгеріс енгізеді. Ең қарапайым проектінің өзі
көп формадан тұрады. Сондықтан кез-келген проект құру барысында оның
барлық элементін сақтайтын каталог ашқан дұрыс.
Негізгі программа төмендегідей құрылымда болады:
Program project1;
Uses Forms,
Unit1 in ‘Unit1. pas’{Form1},
Unit2 in ‘Unit2 . pas’{Form2};
{$R*.RES}
begin
Application. Initialize;
Application. Create Form(TForm1,Form1);
Application.CreateForm(TForm2,Form2 );
Application.Run;
End.
Проекті аты проекті файлының атымен сәйкес келеді және дискіге
сақталу барысында да ресурстар файлымен проектілер параметрлері, файл да
осы атпен аталады. Проект файлының атын өзгерткенде автоматты түрде осы
файл аттары өзгереді. Проектіні құру проект файлын компиляциялау барысында
орындалады және қосымшаның ехе файл проект атымен аталады.
Проект файлын қарауға және өңдеуге болады. Ол үшін Projectview Source
(проект) (просмотр источника) командасы арқылы ашылады. Формаларды қарау
үшін view\Forms...shift+F12. Формалар сипаты сақталған файлда форманың өзі
мен оның сипаттамасы беріледі. Форма модулінің файлында форма класының
сипаты беріледі. Ол форманы қолданғанда автоматты түрде ашады. Қажетті
модульді ашу үшін view-Units... немесе ctrl+F12 модульдер файлында кез келген
формамен байланыспаған модульдер сақталады. Олар объект pascal тілінде
жазылады. Оларды қолдану үшін Uses бөлігінде атты көрсету қажет. Ресурстар
файлының проект аты беріледі. Проектіні сақтағанда автоматты түрде
құрылады. Delphi-ден ресурстар файлымен жұмыс жасауға арналған графиктік
редактор қарастырылған. Бұл Tools\image Editor 3.0 командасы арқылы
алынады. Ресурстарға
• Компаненттер пиктограммасы (.DCR)
• Расторлық бейнелер (.BMP)
• Қосымшалар пиктограммалары (.ICD)
• Курсорлар (.CUR) жатады.
Проект параметрлер файлында параметрлер мен олардың мәндері текстік
редактордың әр түрлі жолында орналастырылады.
Проектіні компиляциялау және орындау. Проектіні компиляциялау барысында
орындалуға дайын файл немесе динамикалық кітапхана (Д44) құрылады.
Компиляциялау процесі Progect\complieпроект аты ctrl F9 командалары
арқылы орындалады және мынандай жағдайлар атқарылады. Соңғы рет
компиляцияланғаннан кейін мәні өзгерген модульдердің файлдары
компиляцияланады. Нәтижесінде әрқайсысы үшін DCU кеңеймесімен анықталған
модулге өзгеріс енгізілген болса, онда осы модулге пайдаланылатын модульге
қайта компеляцияланады. Барлық модульдер компиляцияланғаннан кейін проект
файлы компиляцияланады да қосымша орындалуға дайын файл құрылады.
Проектіні Delphi немесе Windows жүйесінде жүктейді. Delphi ортасында
проектіні жүктеу үшін Run Run немесе F9 тетігі басылады. Егер қосымша
жұмыс жасамай қалса, Delphi ортасында Run Program Reset немесе Crtl+F12
командалары арқылы тоқтатылады.

1.2 Ұйымдастырушының ортасын икемдеу

Delphi-ді қосқан соң жоғарғы терезеде компонент палитрасының иконкалары
орналасады. Егер курсор бір иконкаға тоқтап қалса, оның астында сары төрт
бұрышта көмекші пайда болады. Бұл компонент палитрасынан қосымшаларды
құрайтын копоненттерді таңдайды. Компонент құрамы визуальды және логикалық
компоненттерден тұрады. Тетік редакциялау жазықтығы сияқты заттар визуальді
компоненттер, ал кестелер логикалық болады.
Delphi-де программа визуальді түрде жазылатындықтан, барлық
компоненттер форма жазықтығында өзінің графикалық көрінісіне ие болады,
олармен тиісті түрде операциялану үшін қажет. Бірақ жұмыс істеп тұрған
программаға көрініп тұрған тек визуальді копонент болып қалады. Копонент
қызметі бойынша палитра беттерінде топталған. Мысалы, Windows “common-
dialogs” көрсететін компоненттердің барлығы “Dialogs” деп аталатын палитра
бетінде орналасқан.
Delphi ұйымдастырушыға ортаны максимальді ыңғайлылық үшін икемдейді.
Компонент палитрасын, құралдар сызғышын оңай өзгертуге және синтаксисті
белгілеп, қоюларды түспен икемдеуге болады.
Delphi-де компоненттің өз тобын анықтауға болады, және оны палитра
бетіне орналастыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ компоненттерді топтау мен
пайдаланбайтындарды жойып тастау мүмкіндігі де бар.
Интеллектуальді редактор. Программалар редакциялауды макростарды
орындау мен жазуды мәтіндік блокнотпен жұмыс істеуді, икемделетін тетікті
комбинацияны және жолдың түсті айырмасын пайдалану арқылы жүзеге асыруға
болады.
Графикалық дұрыстағыш. Delphi-де қуатты редакторға енгізілген кодтағы
қателерді тауып, оларды жоятын графикалық дұрыстағыш бар. Тоқтау нүктелерін
анықтауға, үзілістерді тексеріп, өзгертуге адымдап басу арқылы программаны
әрекетін дәл түсінуге болады. Ал егер өте жіңішке дұрыстағыш қажет болса,
ассемблердегі нұсқауларды және процессор регисторын тексеріп, бөлек енгізу
мүмкіндігі бар, Turbo Debugger-ді пайдалануға болады.
Объектілер инспекторы. Бұл құрал бөлек терезе бейнесінде көрінеді, онда
сіз программаны жобалау кезінде объектінің жағдайлар мен қасиеттер
мағынасын белгілей аласыз (Properties and Events) .
Жоба менеджері. Ұйымдастырушыға тиісті жобада барлық модульдерді
қарауға мүмкіндік береді және жобаны басқаратын ыңғайлы механизм мен
жабдықтайды. Жоба менеджері файл аттарын, таңдалған форма уақытты және т.б
көрсетеді. Мәтін мен формаға тиісті атау үстіне тышқанмен сырт еткізу
арқылы тез арада жетуге болады.
Объект навигаторы. Қол жетерлік объектінің кітапханасын көрсетеді және
қосымшалар бойынша навигацияны жүзеге асырады. Объект иерархиясын,
кітапханадағы компиляцияланған модульдерді және сіздің кодыңыздың глобальді
атаулар тізімін қарауға болады.
Меню дизайнері. Менюді жасауға, шаблондар түріндегілерді сақтауға және
кейін оларды кез-келген қосымшада пайдалануға болады.
Сарапшылар. Бұл сізге қосымшаларды оңай жобалау мен икемделуін
қамтамасыз ететін құрал программасының тобы. Ұйымдастырылған сарапшыларды
өз бетінше қосуға мүмкіндік бар. Потенциалды түрде бұл арнайы программаға
жазылған Case құралдарымен Delphi-ді кеңейте алатын үшінші фирмалардың
мүмкіндігі. Оның құрамы мынадай:
➢ Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін форма сарапшысы.
➢ Қосымшалардың ұстаным мен шаблондар сарапшысы.
➢ Форма шаблонының сарапшысы.
RAD Pack құрамына Delphi фирмасындағы Borland Pascal 7.0 жасалған
ресурстарды қайта құратын сарапшы енеді. Қазіргі уақытта DLL құрылысын
жеңілдететін және тіпті өзінің сарапшыларын жасайтын сарапшыларда болды.
Интерфейсті оқу жүйесі Delphi-ді кеңірек игеруге мүмкіндік береді. Ол
тек көмекші жүйе ғана емес, сондай-ақ ол Delphi-дің мүмкіндіктерін
ұйымдастырушының өз ортасында көрсетеді.

1.3 Мәліметтер қорын құруда қолданылатын компоненттер палитрасы

Query компоненті алыстатылған SQL – серверлерге болмаса жергілікті
мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.
DBGrid компоненті мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін,
белгіленген мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент
визуальды.
DataSource компоненті - бұл компонент Table немесе Query компоненттері
секілді мәліметтер қорымен байланыстыру үшін пайдаланылады.
Table компаненті – ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы.
DBNavigator компаненті – түймелер жиынтығынан тұрады.
DBEdit компаненті – бір өлшемді редактор.
DBMemo компаненті – көпөлшемді редактор.
DBImage компаненті – графиктік көрініс.
DBComboBox компаненті – комбинацияланған тізім.
DBLookupComboBox компаненті – компоненті мәндер тізіміндегі бір мәліметтер
жиынының өрістеріндегі мәндерді таңдау үшін қолданылады.

1.4 Реляциялық мәліметтер қоры теориясы
Мәліметтер қоры жергілікті (клиенттің және бағдарлама орындалатын
компьютерде орнатылған) және жойылған (қашықтағы компьютердегі серверде
орнатылған) болып бөлінеді. Серверлік мәліметтер қоры қашықтағы компьютерде
орналасады және серверлік бағдарламалық жасақтама басқару негізінде жұмыс
атқарады. Оның басты ерекшеліктеріне бір мәліметтер қорымен бірнеше
қолданушының жұмыс істеуін жатқызуға болады және сондай-ақ желіге
минимальды жүктеме іске асырылады. Мәліметтер қорының желілік түрі де
болады, бірақ біз оларды қарастырмаймыз, өйткені олар желіге үлкен жүктеме
түсіреді және бағдарламашы үшін де, қолданушы үшін де жұмыс істеуде
қолайсыздық тудырады. Сондықтан ондай мәліметтер қорымен жұмыс істемейміз
және істеуге ұсыныс білдірмеймін. Неге деген сұрақ туады. Себебі біздің
бағдарламамыз желілік мәліметтер қорына жалғанса онда ол серверден оның
толық көшірмесін көшіреді. Егер біз өзгеріс енгізсек, онда біздің
көшірмеміз толығымен қайтадан кері көшіріледі. Бұл өте қолайсыз, өйткені
желіге көп жүктеме түсіріледі. Клиент-сервер технологиясында клиент
бағдарламасы серверге қандай да бір мәліметтерді қабылдау үшін қарапайым
мәтіндік сұраныс жібереді. Сервер оны өңдейді және оның қажетті үлесін ғана
қайтарады. Қандай да бір мәліметтерге өзгеріс енгізетін болсаңыз серверге
тағы да сұраныс жіберіледі, оны сервер өз қорында өзгертеді. Осылайша,
желіде әрі-бері көшу пайда болады, негізінен килобайттан кіші орын алатын
барлық мәліметтерді сервер атқарады. Ол клинеттің машинасы баяу жүктеледі
және ресурстарды көп талап етпейді. Сервер клиентке аса қажет мәліметтерді
ғана жібереді, яғни барлық қорды көшіру жүргізілмейді. Осыған орай, желілік
мәліметтер қоры ескірді және іс жүзінде де қолданылмайды. Оларды іс жүзінде
клиент-сервер технологиясы толығымен ығыстырады. Ал жергілікті мәліметтер
қоры үнемі қолданылады. Мүмкін оларды сақтау пішімі өзгеретін шығар немесе
қандай да бір жаңа функциялар қосылуы мүмкін, бірақ мәліметтер қоры
қолданыс табады.
Бұл тарауда біз тек жергілікті мәліметтер қорын қарастырамыз, ал
серверлікті кейінірек қарастырамыз. Кейінгі қарастыруымыз үшін бізге жаңа
ұғым – кестені анықтап алу қажет. Әзірше біз ортақ принциптерді ғана айта
кеттік, сондықтан да жалпылай мәліметтер қоры ұғымын ғана қолдандық.
Мәліметтер қорының кестесі – бағандарда мәліметтер қойылған (Excel кестесі
оның жарқын мысалы) екі өлшемді массив іспеттес. Мәліметтер қоры дегеніміз
– бір немесе бірнеше кестелер сақталған файл деп айтуға да болады.
Жергілікті мәліметтер қорының көпшілігі тек бір ғана кестені сақтауы
мүмкін (dbase, Paradox, XML). Бірақ та бір файлда бірнеше кестелер
(мысалы, осы тарауда қарастыратын Access) бекітілген жергілікті қорлар
өкілдері де кездеседі.
Жергілікті мәліметтер қорынан біз кең таралған реляциялық мәліметтер
қорларын ғана қарастырамыз. Реляциялық мәліметтер қоры дегеніміз не? Ол
бағандары ретінде ондағы сақталатын мәліметтер атауы, ал жолдары
мәліметтердің өзі сақталатын кесте. Мәліметтер қоры кестесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi компоненттерінің анықтамалығын құру технологиясы
Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
Borland Delphi-де калькулятор бағдарламасын құрастыру
Орта мектепте визуалды программалау негіздерін оқыту
Delphi бағдарламасы туралы
Бағдарламалау тілдерін оқытудың виртуалды ортасын жобалау және бағдарлама құру
Дельфи ортасында анимация жасау әдістері
WEBbrowser компонентін қолданып бағдарлама құру
Delphi ортасында видео және аудио кодектеррді оқитын бағдарлама құру
«Айналатын жұлдыз бағдарламасын» құру
Пәндер