Эндокринді шикізаттар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім.
2.1 Эндокринді шикізаттар.
2.2 Эндокринді шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі
қойылатын
ветеринарлық-санитарлық талаптар мен жүргізілетін шарал
2.3 Эндокринді шикізаттарды темір жол көлігімен тасымалдау кезіндегі
қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
мен жүргізілетін шарал
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
ҚР ветеринария заңы бойынша темір жол, су арқылы тасымалдау, автокөлік, әуе
көлігі арқылы тек қана мемлекет стандарттарына сай, клиникалық тексерістен
өткен өнімдер ғана, диагностикалық зерттеулерден, өңдеуден өткеннен соң
жіберіледі. Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін өнімдер профилактикалық
оқшауға қояды. Жүктерді тасымалдау алдында жөнелтуші жүктерді дұрыс сақтап
жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Эндокринді шикі заттар дегеніміз-жануарлардың эндокриндік бездерін айтамыз.

Малды және мал шаруашылығы өнімдерін тиегенде, тасымалдағанда,
түсіргенде және тасымалдаумен байланысты дайындық жұмыстарын жүргізу
барысында қаралған тиісті ветеринарлық санитарлық ережелердің орындалуын
қадағалап отыру жұмысын тікелей көліктегі және шекарадағы мал дәрігерлік
бақылау пунктері іске асырады.
Шекарадағы  және көліктегі  ветеринарлық санитарлық қадағалау 
бұл мемлекеттік мал дәрігерлерінің мекемелері мен ұйымдары жүзеге асыратын
ветеринарлық санитарлық шаралардың кешені.
Қазақстан Республикасының 2002 жылы шілденің 10 күні шыққан "Ветеринария 
туралы" Заңының 21-бабына 5-тармағының сәйкес, осы Ереже заң жүзінде 
ұйымдастыру, шаруашылық және басқа  да қарым-қатынаста жүк иелерімен,
тасымалдаушылар және бақылаушы  органдар арасында ветеринариялық
заңдылықтардың нормаларын және талаптарын мемлекеттік  ветеринариялық
қадағалаудың бақылауындағы  жүктер (бұдан әрі - бақылаудағы жүктер)
тасымалданғанда орындалуы үшін жасалынған.

Негізгі бөлім.
2.1 Эндокринді шикізаттар.
Эдокринді шикізаттарға гормон бөлу мен фермент бөлу қызметін
атқаратын ішкі және сыртқы секреция бездері жатады. Жануарлар
ферменттері мен гормондары химиялық құрамы мен биологиялық әсері
жағынан адамның ферменттері мен гормондарының аналогі болып келеді.
Осы қағиданы негізге ала отырып малды сойған кезде эндокринді
шикізаттарды дәрілік препараттар алу мақсатында қолданады. Қазіргі заманғы
ет комбинаттарында эндокринді бездерден: бүйрек үсті безі,гипофиз,
жұмыртқалық,ен,қалқанша маңы безі,асқазан асты безі,эндокринді
шикізаттардан басқа жұлын,эмбрион,өт дәрілік препараттар алу үшін
жиналады.Эндокринді бездер биологиялық белсенді заттар-гормондарды
организмнің ішкі сұйық ортасына бөлу арқылы дене мүшелері мен жалпы
организмдегі зат алмасу процесін,организм ұлпалары мен мүшелерінің дамуы
мен сомалық өсу және көбею қызметтерін реттеуге қатысатын қомақты
паренхималы мүшелер мен жекелеген торшалар жүйесі. Гормондар қан және лимфа
тамырларындағы сұйық ұлпалардың ағысымен организмнің барлық мүшелері мен
ұлпаларына таралып,жалпы денедегі немесе жеке мүшелердегі зат алмасу
процестерін реттеуге қатысады. Эндокринді бездер гормондары арқылы
организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және оның сыртқы ортамен байланысын
қамтамасыз
2.2 Эндокринді шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі
қойылатын
ветеринарлық-санитарлық талаптар мен жүргізілетін шарал
Эндокринді шикізаттарды тасымалдау үшін  тек қана шаруашылықтың  рұқсатымен
және түрлі жұқпалы аурулардан сәтті болса, өңделген жағдайда ғана
тасымалдауға жіберіледі. Сондай-ақ әрдайым  экспорттаушы немесе
импорттаушы елдің  ветеринарлық-санитарлық қадағалаудың бақылауында болады.
Сонымен бірге  жануар тектес шикізаттардың тасымалдау реттілігін
анықтау шарттарын және басқада ветеринарлық-санитарлық бақылау 
талаптарына сәйкес тасымалданатын шикізаттарды және
транспортты жағалаудағы  көліктегі ветеринарлық-санитарлық
негізінде тексерістен өткізу, қоршаған ортаны түрлі жұқпалы және паразиттік
аурулардан сақтау, шикізат алынған елдің эпизоотикалық жағдайымен танысып
мәліметтер жинақтап осылар негізінде қорытындылайды. Бұл мәліметтер
негізінде туындайтын сұрақтарды шешу үнемі қарастырылып экспорттаушы және
импорттаушы елдер арасында екі жақты келісім шарт жасалынуы керек.
 Эндокринді шикізаттарды  автомобиль көлігі арқылы тасымалдау алдында,
дайындау кезінде, оларды өңдегенде, сақтағанда, сондай –ақ шет елге
экспортқа шығарардан алдын ала тиісті ережелерге сай мал дәрігерлік
санитариялық сараптау жүргізіледі.
Автомобиль бекетінің  аймақтық бастығы шикізаттарды багаждарға және жүк
салатын жәшіктерге тиеуден 12 сағат бұрын, бұл жөнінде көліктегі
малдәрігерлік- санитарлық бақылау орнына  хабарлайды, ал шикізаттарға
малдәрігерлік куәліктің №3 үлгісін алады, онда барлық жүргізілген
зерттеулер көрсетілуі тиіс.
Жөнелтуге ұсынылған шикізат  тиеместен бұрын  және тиеу барысында 
тексеріледі, сонымен қатар көліктегі  малдәрігерлік санитарлық бақылау 
өкілінің жөнелтпекші жүк ыдысының 10%-ын аштыруға құқығы бар.

Жүктің сапасыз екендігі анықталса, олар автокөлікке немесе арнайы жүк
салғыштарға тиелмейді, көліктегі малдәрігерлік бақылау өкілі бұл туралы акт
жазады,онда кемелерге тиеуге тыйым салынған себептерді көрсетеді (жазбаша).
Көліктегі мал дәрігірлік- санитарлық бақылау өкілі мал  дәрігірлік куәлікте
көрсетілген шикізат  жөніндегі мағұлматты айқындайтын  тасымалдау
құжаттарын тексереді.Егер жүкті тасымалдау кезінде, шикізатқа  берілген
мал дәрігерлік куәлік болмаса  немесе олар жұқпалы аурудың қоздырғышымен 
ластанды-ау деген күдік туса, онда көліктегі мал дәрігерлік бақылау 
бұл жүкті кідіртеді, ал қажет  болған жағдайда мал дәрігерлік заңдылыққа
сәйкес тиісті шаралар қолданады.
Көліктегі мал дәрігерлік бақылау өкілі мал дәрігерлік-санита рлық тұрғыдан
жүкті кідіртіп, станция  басқармасына осы жөнінде жазбаша  талаптарын
ұсынады және жүкті тоқтату  себептерін көрсетіп, акт жасайды, сондай-ақ
онда кідіртілген жүктерге жүргізілетін шараларды көрсетеді. Республикалық 
мал дәрігерлік қадағалау департаментіне кдіртілген жүк жөнінде хабар 
беріледі.
Эндокринді шикізаттарды тасымалдау кезіндегі мемлекеттік  мал дәрігерлік
бақылау жүргізіледі.
Жануар тектес шикізаттарды (тері, тұяқ, мүйіз, сүйек,мамық, қылшық, жүн),
эндокринді шикізаттарды тасымалдаған кезде алдын ала ветеринарлық-
санитарлық бақылаудан өткізіп, қадағалап отыру  қажет.
  

2.2.Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі
қойылатын талаптар және құжаттарды рәсімдеу.
  Автомобиль көлігімен тасымалдауға шекара мен көліктегі
ветеринарлық бақылаудың қадағалануындағы болатын жұқпалы ауруларға сәтті
шаруашылықтар мен пункттерден алынған жануарлар шикізаттары жіберіледі.
        1. Жүк жөнелтуші әрбір бекетке мемлекеттік ветеринарлық бақылаудың
қызметшісінің визасы бар, белгіленген шығарылған жеріне сай ветеринарлық
куәлігін көрсетуі тиіс.        
Мемлекеттік ветеринарлық бақылау  жүктері ветеринарлық куәліксіз 
белгіленген аймаққа түсірілмейді.         
2. Ветеринарлық куәлік берілгеннен кейін 5 күнге дейін өз күшін сақтайды.
Ветеринарлық куәлік уақыты аяқталған жағдайда жүкті тасымалдауға рұқсатты
мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкері шешеді.
3. Ветеринарлық  куәлікте шикізаттардың атауы, көлемі, салмағы
көрсетіледі.            Егер ветеринарлық куәлік мөрсіз, қолтаңбасыз,
түзетулері мен қателіктері болса оның күші жоқ болады,ал бұндай
куәліктермен тасымалдау жұмыстары жүргізілмейді.          Ветеринарлы қ
бақылаудағы жүктер ветеринарлық куәлікте жазылған мекен-жайы бойынша
тасмалданады. Жеткізілмекші бекет пен жүк қабылдаушының атауын өзгерту
мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкерінің рұқсатымен ғана жүргізіледі.
4. Шығармақшы бекет мен жүк қабылдаушыны ветеринарлық куәлікте календарьлы 
штампель арқылы белгілейді. Бұл оның екінші қайтара тасмалданбауы үшін
тиімді.
5. Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау қызметкерінің тексерісі жүк шығарушы
арнайы бекетке жүкті тиемес бұрын және тиегеннен кейін , ал жеткізілмекші
бекеттерде жукті тусіргеннен кейін орындалады.
6. Мемлекеттік ветеринарлық бақылауының қызметкерлерінің тексерістері
тасмалдау кезінде, жүкті жөнелтуші  сұрыптау автомобиль көліктеріне тиеу
орындарында жүргізіледі.
Мемлекеттік ветеринарлық қызметкерлеріне станциялар ветеринарлық куәлікті,
жүкті тасымалдау құжаттарын және жүкті тасмалдаудағы  мемлекеттік
ветеринарлық бақылауның орындалуына байланысты анықтамалар беру керек.
Егер мемлекеттік ветеринарлық бақылауға сәйкес ветеринарлық куәлігі 
болмаса немесе шикізаттар жұқпалы  жануарлар мен құстардан алынған  болса,
жүк “Ветеринария туралы”  заңнамасына сай оқшауланып тиісті
шаралар жүргізіледі.
7. Егер жолшыбай жүк тасмалдау ветеринарлық куәліктері жоғалған жағдайда
,жалпы формалы акт толтырылады.Егер ұсақ жүкті тасмалдағанда ветеринарлық
куәлік жоғалса, жүк – мемлекеттік ветеринарлық бақылау талаптарымен,
ветеринарлық куәліктің жоғалғандығын байқаған бекетте тоқтатылады.
8.   Егер тасымалдау кезінде мемлекетті ветеринарлық бақылаудағы жүкті
тоқталатылатын болса, ол туралы  мемлекеттік ветеринарлық бақылау
қызметкері тиісті жерге хабарлайды.
Жүктің тоқтатылуы туралы  мемлекеттік ветеринарлық бақылаудың қызметкері
мен  жүк иесінің өкілі қатысушымен акт толтырылады.
Актта жүк тоқтатылу себептері, және тоқтатылатын жүкке қатысты  іс
шаралар көрсетілуі тиіс. Акттың көшірмесі құжаттарға тіркеледі.
9. Авто бекеттерде жүк тиейтін, түсіретін және сұрыптайтын шикізаттарға
арналған, жүктің аталған бекеттен өткендігі, көлеміне байланысты арнайы
қоймалар, қоймалардың арнайы бөлімшелері, қоймалардың оқшауланған орындары
мен биіктігі  2,5 м кем емес, қабырғалары бар алаңдар берілуі тиіс.
Шикізаттарды өнімдермен, азық-түлікпен, жануарлармен, металл бұйымдарымен
бояғыш заттармен бірге тасмалдауға  болмайды.
Шикізаттарды өлшеумен тасмалдау  үшін  арнайы таразылар мен арбалар
беріледі.
Шикізаттарды ұстаған  орындар, таразылар арбалар мемлекеттік  ветеринарлық
бақылау қызметкерлерінің бұйрықтарымен дизинфекциядан өткізілуі  тиіс.
10. Жүкті тиеу түсіру, сұрыптау жұмыстарымен айналысатын адамдар арнайы
қорғаныс киімдерімен жұмыс жасауы тиіс (тығыз матадан тігілген костюм
немесе комбинезон, қолғап, голош, алжапқыш). Бұл костюмдерді өзге
мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді, оларды сол бекеттегі арнайы
шкафтарда сақтайды.
Жүкті тиеу түсіру, сұрыптау жұмыстарымен айналысатын адамдардың гигиенасын
ветеринарлық бақылау орындары бақылайды.
11.Көліктегі мал дәрігерлік бақылау өкілі шикізаттың барлық тобын түсіруге
тиым салуға құқығы бар, егер оның сәттілігіне күмән туса. Жануар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эндокринді бездер
Ішек шикізаты, ақаулары өндеу технологиясы және ветеринариялық санитариялық сараптау
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Жылқы жануарын тасымалдау сәті
Мал шикізат өнімдері
Сиыр, қой және басқа малдардың жыныстық циклдерінің көріну ерекшеліктері
Ветеринарлық шекарада бақылау бекеттерін ұйымдастыру
Шұжық өнімдерінің химиялық құрамы, тағамдық құндылығы
Уланған құс етін ветеринариялық-санитариялық сараптау
Эндокринді жүйелер жіктелісі
Пәндер