Малды тасымалдау


ЖОСПАР:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1Сойыс малдарын тасымалдауға дайындау.
- Сойыс малдарын көлікке артуға және жол байы күтіп -бағуғу қойылатын талаптар
- Қорытынды
Кіріспе
Тасымалдау- кез келген тасымалдау құралдарын ( авто, темір, жол, әуе) пайдалана отырып бір пунктен екінші пункке орын ауыстыратыен обьектілердің орыны ауыстырумен ерекшеленетін кешені.
Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау маршруттары тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісім ьойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарымен анықтайды.
Тасымалдауға жататын орын ауыстырылатын обьектілер Қазақсатн Республикапсының Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау обьектілеріне ветеринариялық құжаттар беру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді.
СОЙЫС МАЛЫН ТАСЫМАЛДАУҒА ДАЙЫНДАУ
Аса сапалы мал етін өндіру үшін, малды азықтандыру, жайып семірту және бордақылау жеткіліксіз. Сонымен бірге малды өңдейтін орындарға тасымалдауға және етке өткізер алдындағы дайындықтарға көп мән беру абзал. Малды ет комбинаттарына тасымалдағанда оның арақашықтығына, көліктің түріне, жолдың жағдайына және малдың тұқымына байланысты олардың тірілей салмағы - 3, 03-20, 87% кемиді. Бұл негізінен малдың стресс кезіндегі шығындарды жабу үшін, көмірсу, минерал және дәрумен қорларын ірі деңгейде пайдалануына байланысты. Бұған дәлел малдың қан құрамындағы тасымалданатын глюкозаның, майдың және несіп қышқылы ерітінділерінің өсуі және көмірсулар мен еттегі ақуыз бен майдың ыдырауының көбеюі. Малды өңдеу орындарына тасымалдағанда тасымалдауға арналған көліктің дұрыс дайындалмауына байланысты өндірілген өнімнің жоғалуына жол беріледі. Мысалы, тасымалдауға дайындалмаған жай жүк таситын автомашинамен малды тасымалдағанда - 36, 82%, ал арнайы мал тасымалдайтын көлікпен тасымалдағанда - 23, 5 % малдың жарақат алатыны белгілі. Ал, 100-200 км арақашықтыққа тасымалдағанда малдың салмағы 6-10% төмендейді.
Осыған орай малды тасымалдау кезінде келесідей мәселелерге көңіл бөлген жөн:
- малды (құсты) тасығанда, біріншіден жергілікті малды жұқпалы ауруға шалдырмау,
- екіншіден тасылатын малды жол бойы жұқпалы аурулардан сақтау және темір жол бойын, оның жұмыскерлерін ауру жұғудан сақтық жасау.
Тасуға дені сау және жұқпалы ауруы жоқ шаруашылықтың малдары ғана жіберіледі. Тасуға арналған малдың (құстың) әр топтарына оларды дайындаған шаруашылықтан әдейі арналған малдәрігерлік куәлік беріледі. Онда малдың басы (саны), жүретін бағыты, мал дайындаған жердің аурудан тазалығы және әдейі арналып жасалған малдәрігерлік өңдеу (обработка) жұмыстары көрсетіледі. Бұл берілген құжат 3 тәулікке дейін күшін сақтайды. Бұдан басқа, малды темір жолымен және автокөлікпен, одан қала берді алысқа жайып айдағанда, жолдық журнал беріледі. Тауарлы - тасу құжаты - ең маңызды құжат, оны үш дана қылып жасайды, бір данасы шаруашылықта қалдырылады да, қалған екеуі мөрленген конверттің ішінде аға жолсерікке беріледі, оның біреуі ет комбинатына арналынады. Бұл құжатта ірі малдар тобы бір бөлек, ұсақ малдар тобы бір бөлек болып көрсетіледі (тірі салмағы, жынысы, қоңдылығы, жасы) .
Малды тасуға дайындық жұмысы шаруашылықтың өзінен басталады. Малды топтап бөледі, мұнда ескеретіні-жынысы, жасы, қоңы және тірі салмағы. Топтау тәсілі мына жағдайлардан байланысты: вагонға және кемеге неше бас сыйады, топталған малды қалай орналастыру тиімді және тағы басқалар.
Малды тасуға 7-10 күн қалғанда, тасу кезеңіндегі азықтандыруға көшіреді, яғни тасу уақытындағы берілетін азықтарды береді. Тәулігіне екі рет азықтандырып су береді, бұл тасу кезеңіндегі азықтандыруға біртіндеп көшудің тәсілі. Ірі қара малдың бір басына шаққанда 2, 7 м 2 , шошқа және қойға 1, 5 м 2 еденнің аумағы келуге тиіс. Малды темір және су жолымен, автокөлікпен тым алыс жолға тасығанда, шаруашылық оларды азықпен және төсеніш затпен қамтамасыз етеді (етуге тиіс) . Азықтың құнары жақсы, көлемі сапарда болатын уақыт бойынша барлық малға жетуге тиіс. Жолда, малға шалғын шөп беруге болмайды, ол тез бүлінеді және малдың ішін жүргізеді. Қыста ауа райы -15 0 және одан төменде, сүрлеммен, төппен, сығындымен азықтандыруға болмайды. Төсеніш ретінде қолданылатын заттар: сабан, ағаштың ұнтағы мен қырқыны.
Малды (құсты) тасымалдау үшін, шаруашылық керегінше жауапты, дайындығы бар және малды азықтандыру, күту, сақтау жөнінен тәжірибелі адамдар бөледі. Шаруашылықтың бастықтары нұсқау сабақ жүргізеді. Тасу алдында стансаға жібергенше малдәрігері барлық малды қарап шығады.
Малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т. б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жылқы) екі және үш ярусты (ұсақ мал және құстар) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды және ыстық (60-70 0 ) сумен жуады. Стансаға әкелінген малдарды темір жол қызметкерлерінің малдәрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдәрігерлік куәлікте көрсетілген мал басын әкелінген малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса және ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді. Малды түсіріп - артатын жерге, оларды күннің жарығында, артуға 2 сағат қалғанда әкелінеді. Малдарды қоршауға жайғастырып дем алдырады, 2 сағаттан кейін мал дәрігері қарайды. Ауру, ауруға бейімделген және арық малды вагонға артуға рұқсат берілмейді. Тасу құжаттары болмаса, онда малдар артуға жалпы жіберілмейді.
... жалғасы
![]()
2 сурет - Мал тасымалдау вагоны
Малды 2- білікті вагонға мынадай есеп бойынша артады: ірі қара мал-ересек-8-12, жас мал 12-14, тірілей салмағы 120 кг бұзаулар 18-20, қой және ешкі 40-50 бас. Салмағы 30-60 кг шошқа 30-40, 60-80 кг 25-30, 80-100кг-22-25, 100-150кг 14-24, 150 кг жоғары 10-14 бас. Жылқылар саны 8 ден аспауы керек. Төрт білікті вагонға артылғанда, жоғары көрсетілген сандар 2 есе көбейеді.
Ірі қараны вагондарға екі тәсілмен жайғастырады: ұзыннан және көлденеңінен. Ұзындығынан жайғастырғанда - малды екі қатарға қойып, бастарын екі есік арасындағы алаңшаға қаратады. Алаңша жүретін жол болып есептелінеді. Көлденең жайғастырғанда малдың басы ұзын қабырғаға қарап тұрады. Қай тәсілмен жайғастырылса да, малдар біртіндеп жатып дем алуын ескерген жөн. Ұзындығынан жайғастыру - малдың шайқалысын азайтып, олардың жараланбауын қамтамасыз етеді және де азықтандыру, суару, қарау жұмыстарын жеңілдетеді. Малдар жаңа жағдайға тез үйреніп жерсінеді, азықты жақсы жеп, олардың қоңдылығы төмендемеуіне әсерін тигізеді. Алайда, бұлай жайғастырғанда бір вагонға 2 мал кем сияды. Бір вагонға әртүрлі малды артуға болмайды. ССонымен қатар, бір вагонға бір қатарға бұқа мен сиырды, қошқар мен аналық қойды қоюға рұқсат берілмейді. Егерде оларды бір вагонда тасу жағдайы болып қалса, онда бірінен - бірін тақтаймен арасын бөледі.
Малды азықтандыру үшін жолсеріктер азықты мы на есеппен алады: ірі қараның 1 ц тірілей салмағына 4, 5 кг пішен, қой және ешкіге 5, 5 кг пішен, шошқаға 2, 5 кг құрама жем. Орташа алғанда бір рет суару үшін, бір басқа шаққанда ірі қараға 10-15 л, жас малға 8-12 л шошқа, қой және ешкіге 1, 5-2 л су керек. Келіп жеткеннен кейін, вагоннан малды түсіру орнына әкелгеннен бастап, 6 сағаттан аспауы керек. Ең бірінші сау, сосын ауырған (ондайлар болса) малдарды түсіреді. Бір малды түсіру үшін 30 минут уақыт бөлінеді. Азықтың қалдығын ет комбинатына табыс етеді, ал басқа саймандар шаруашылыққа қайтарылуы тиіс.
Құсты теміржолмен тасымалдау . Құсты теміржолмен тасығанда қара малды таситын екі және төрт білікті вагондарды пайдаланады, оларды алдын ала кір - ыластан тазалап, дизенфекция жасайды. Оларды артар алдында жасы мен қоңдылығына байланысты жіктейді.
Нашар және төмен қоңды құсты союға, артуға рұқсат бермейді. Тауықты тасығанда ең оңдысы-стандартты торлар, көлемі 90х35х35 және 90х20х30 см, астыңғы тақтайы түгелдей, қабырғасы 5-6 см келген ашықтықпен жасалынған.
Тауықтың көлеміне қарай бір торға 18-24 бастан сыйғызады. Үйректерге арналып жасалған торлардың көлемі 150х50х50 см, сыйуы 10-12 бас. Қаздарға, көлемі 180х70х70 см тор қолданылады, сыйуы -6-7 бас.
Теміржолмен тасудың малға әсерін тигізуі:
1 Тым тынышсызданады және стресс жағдайы пайда болады.
2 Вагонның ішіндегі ауада әртүрлі зиянды газдардың мөлшерден тыс жоғарылап кетуі. Норма бойынша көмірқышқыл газы ауада 0, 25-0, 30 %, яғни 2-3 мл/л, аммиак 0, 02 мг/л, көміртегі 0, 01 мг/л аспауы керек.
3 Температурасы мен ылғалдығы орташа болғаны жөн.
4 Кейбір жағдайларда малды суықта тасығанда, қалтырау (лихорадка) ауруы пайда болуы мүмкін, қоздырғышы флиьтрующий вирус.
5 Ішек - қарын ауруы, іш кебу, тышқақ, өңештен азық өтпей қалу т. б. болуы мүмкін.
Бұл өте тиімді және экономикалық жағынанда арзандау тәсіл болып табылады, әсіресе жол қашықтығы 300 шақырым болатын шамаларда. Малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады. Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200 кг-14-22 бас ірі қара мал және жылқыдан 4-5 бас сыйады. Бұдан басқа, әдейі шығарылған мал таситын автокөлік бар, олар ірі қара малдың 10-15 басын жайғастыруға есептелген. Шанағында әдейі жасалған табиғаттық сорғыш желдеткіші, екі есік, сатыланған мал жүргізгішпен, жарық шамы және қи жинағыш, биіктігі 1 м көлденең бөлгіш бар.
Малды тасуға химиялық заттарды, улы және өте жаман иісті заттарды тасыған машиналарды қолдануға болмайды. Шанаққа малдың бір түрін, бір жынысты және бірдей жастағыларын артады. Мұндай жағдай болмайтын болса, онда малдарды бірімен-бірін көлденең тақтаймен бөледі. Бір шанақта сиыр мен өгізді, ересек мал мен жас малды артуға да болады. Жылқыны да ірі қара мал сияқты тасиды, дегенмен жылқының тағасын алып тастау керек.
![]()
3 сурет - Малды автокөлікпен тасымалдау
Шошқаларды машинаға артқанда, олар жата алатындай жағдайды еске алады. Мегежін мен кестірілген қабанды және ересек шошқа мен жақсы дамыған жас шошқаны бірге қосып тасуға болады. Бекондық бағыттағы шошқа тұқымын тасығанда өте сақтық жөн, өйткені терісіне жара салмау керек. Осы себептен Данияда арту-түсіру тиегіші бар әдейі автокөлік жасалған және олар үшін жүген істелген, ондағы мақсат бірін-біріне тістетпеу, жараландырмау.
Қой мен ешкіні жүк автокөлікпен жеке, ия болмаса тіркеме тіркеп тасиды. Шанаққа артқанда, қой-ешкі жата алатындай жағдай жасау керек. Егерде малды автоколона түрде тасыса, онда 2-3 жүк машинаға бір жолсерік тағайындалады. Асфальт жолмен жүргенде машинаның жылдамдығы 60 км. Ұсақ тас төселген жолмен -45 және топырақ жолмен 25-30 км/сағ, болу керек. Малдарды жақын жерден тасығанда, яғни жолсапары 6 сағаттан кем болса, оларды азықтандырмайды және суармайды. Ал жол сапары 6 сағаттан асатын болса, оларды дем алдырып, азықтандырады, суарады.
Құсты тасымалдау
Құсты тасу үшін контейнер мен торларды қолданады. Көп тараған торлардың көлемі тауық пен үйрек үшін 90-60-30 см, қаз және күрке тауық үшін 90-60-40 см. Бір м 2 еденнің аумағына 30-ға дейін балапан, салмағы 1250 г тауық пен үйректің 15-18 басын және 10-12 бас қаз, ия болмаса күрке тауық (тірі салмағы 3-5 кг) сыйғызуға болды. Бұдан артық сыйғызса, құстардың салмағы төмендейді және өлім де болады. Құсты машинамен тасығанда ең тиімді алыстық, 50-100 шақырым. Ал торда 4-5 сағатқа дейін ғана болуы керек, одан уақыт асатын болса, құсқа 2-3 сағат дем алдырады, азықтандырып су береді.
![]()
4 сурет - Кұсты автокөлікпен тасымалдау
Қоянды тасымалдау
Үй қояндарын тасығанда әдейі арналған тор, жәшік, ия болмаса контейнер қолданады. Торларды 4-5 қабат қылып қойып, жел соғатын жағынан жұқа берзент жабады. Жолда тасу уақыты 6 сағаттан асса, оларды аздап азықтандырады, бір басқа 50-60 г дәнді азық есебімен. Көлемі 220х40х30 см торды 8 бөлімшеге бөліп, бір үлкен қояннан орналастырады. Жүк транспортымен малды тасығанда, ағзаға мынадай әсер тигізуі мүмкін: стресс пайда болуы, үсікке шалдығу, ия болмаса үсу, t 0 -20 және төмен болғанда, ыстыққа шалдығу, ыстық ұру, тірі салмағын жоғалту - ірі қара малды 200 км дейін тасығанда 4, 2 %, шошқа -3, 8%.
9 кесте - Автокөлікпен малды тасығанда жіберілетін тірілей салмақ шығыны, %
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz