Жылқы тұқымдарын классификациялау жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Мал шаруашылығы технологиясы және ветеринария факультеті
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы
Жұмыс аттарына арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбындағы
Орындаған: Ветеринариялық санитария мамандығының 3 курс 311 топ студенті Сартай Самал
Тексерген: В. ғ. м. ассистен Құдайбергенова Ж. Н
Алматы 2015 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе . . . 4
ІІ. Әдебиетке шолу . . .
2. 1 Жылқы шаруашылығының дамуы . . . 7
2. 2 Жылқы тұқымдары . . . 11
2. 4 Жылқы аурулары . . . 10
2. 3 Жылқы өнімдерін өндіру технологиясы . . .
12
ІІІ. Негізгі бөлім.
3. 1. Жұмыс жылқыларына арналған қораларға қойылатын гигиеналық талаптар . . . 16
3. 2 . Жұмыс жылқысын азықтандыру және мал азығына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар . . . 21
3. 3. Жұмыс жылқысын сумен қамтамасыз ету және суға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар . . . 23
3. 4. Жұмыс жылқысын күтіп-бағу технологиясы . . . 26
3. 5. Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы . . . 27
3. 6. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу
шаралары . . . 29
3. 7. Жылқыларды жұмысқа пайдаланудың гигиенасы . . . 32
3. 8. Ауыр жүк тартатын жылқыларды жаратып сынау . . . 33
ІV. Қорытынды . . . 34
V. Тәжірибелік ұсыныс . . . 35
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36
VІ. Қосымша . . . 41
I. Кіріспе
Жылқы шаруашылығы - бұл жылқыны көбейтумен және пайдаланумен айналысатын мал шаруашылығының бір саласы. Аттардың бойы (шоқтығының биіктігі) 50‑185 см, салмағы 60‑1000 кг. Есту, иіс сезу және есте сақтау қабілетінің жақсы дамығандығының арқасында жылқылар үйретуге және жаттығуға тез көнеді. Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді. Қымыз - бие сүтінің өңделген өнімі. Қымыздын қант құрамы бірден төмендейді, онда сүт қышқылы, көмірқышқыл газы, түрлі ароматты заттар жинақталады. Қымыз тәбет ашады, ұйқы безінің жұмысын, ас қорыту процесін жақсартады. Сондықтан да қымыз тек сау адамдар үшін ғана бағалы өнім болып саналмайды, сонымен қатар көптеген ауруларға қатысты күшейту құралы болып табылады. Жылқының 200-ден астам тұқымы бар. Ең алдымен сіз жылқыны қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алу керек. Егер сіздің мақсатыңыз - жоғары сапалы ет пен құнарлы сүт (қымыз) алу болса, онда мынадай тұқымдарға назар аудару керек: қазақы, көшім, ресейлік, мұғалжар және т. б. Сонымен қатар, акклиматизация мен осы тұқымдас жануарлардың Қазақстанның өңірлерінің табиғи‑климаттық жағдайларына бейімділігі секілді факторларды да ескеру қажет, өйткені аталған мәселелер жануарлардың өнімділік сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Жылқыны ұстаудың түрлері: ат қорада (жыл бойы ат қорада), атқора мен жайылымда (атқора мен көктемнен күзге дейін жайылымда), жайылымда (жыл бойы жайылымда, қыста пішенмен және кон-центраттармен азықтандыру арқылы) . Жеткілікті түрде дамыған құлындар алу және олардың алдағы уақытта жақсы сүтті өнімдіге айналуы үшін биелерді уақытылы құлындауға даярлаудың маңызы зор, сауын маусымында толыққанды азықпен қамтамасыз етіп, қорада ұстау қажет. Сүтті жылқы шаруашылығының технологиясы биелерді жайылымда бос ұстау жүйесін қарастырады. Атқораны ағаштан, кесілген бөренелерден жасаған дұрыс, бұлар жылуды жақсы сақтайды, әрі құрғақ болады. Атқоралардағы жылқыларға арналған орын өжіре (жылқылар үшін жеке «бөлмелер») және бөлініп қойылған орындар болып бөлінеді, онда жылқылар бір бірінен қоршаулармен бөлектенген күйде немесе оларсыз қатар-қатар байлаулы тұрады, сондай‑ақ залдық түрі-онда жылқылар атқораның жеке кең орынжайында топтастырылып ұсталады. Еденді қатты етіп жасайды, асфальтты етуге де болады. Терезе әдетте екіқабатты әйнектен тұрады. Аттақыр әрбір атқа жеке орнатылады. Биені қалың төсеніштерде ұстайды, оларды жылына 2-3 рет ауыстырады. Суалмаған және сауылатын биелер үшін атқораны биіктігі1, 7 мболатын жылжымалы қалқалармен секцияларға бөледі, олардың әрқайсысы 10 биені ұстауға есептелген болуы керек. Секцияның оңтайлы алаңы 60-70 м². Жылқыларды серуендету үшін шөптермен жабылған қоршалған алаңдар жасайды, бұны левада деп атайды. Жылқыларды баптау дегеніміз жануарларды тазалап (щеткамен), жалын, құйрығын тарап, тұяқтарын тазалап тұру. Жұмысқа салынатын жылқыларды әдетте тағалайды, бұл тұяқтарының сынып, жарақат алудан қорғайды. Қорадағы кезеңде жылқылардың негізгі жемі: сұлы, арпа, қарабидай, басқа да концентратты жемдермен (кебекпен, жоммен) араластырылған жүгері қоспалары, астық‑бұршақтық пішен, сөлді жем (сәбіз, жартылай қантты қызылша, картоп, сүрлем), құрама жем. Өрістегі жайылым кезеңінде жылқылар үшін ең қажетті жем- өрістегі көк шөп немесе жаңа шабылған шөп. Бұдан бөлек, жылқыларға күн сайын қайнатылған тұз береді. Берілетін жемнің мөлшері оның таза салмағына, жылқының жағдайына, оның жасына, атқаратын жұмысы мен жемнің құндылығына байланысты. Жылқыны тәулігіне 3 рет суарады. Жұмысшы тұқымдарының құлындарын жұмысқа 2 жасынан үйретеді. Буаз биелерді күн сайын аулаға, ал ауа райы жақсы болғанда далаға 2-3 сағатқа серуендеуге жібереді. Жылқыны ет үшін 1, 5-2-жасқа дейін өсіреді, бұл кезеңде жылқының жас еті ең жоғары сапалы болады. Жылқының өмір сүру жасы - 25-30 жыл, шаруашылықта пайдалану мерзімі - 14-15 жыл, асыл тұқымдысы - 20-25 жыл. Қазір кезде Қазақстанда 1 млн-нан астам жылқы өсіріледі (2005ж) . Жылына олардан 40 мың т-дан астам ет, 35 мың т-ға жуық қымыз өндіріледі. Жылқы өсірудің жалпы мамандандырылу бағыты республикамыздың табиғи-шаруашылық аймақтарына байланысты айқындалған. Жылқының асыл тұқымдарын көбейту мақсатында Қазақстанда 13 асыл тұқымды жылқы аттары (Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, т. б. облыстарда), жылқы тұқымын асылдандыратын 39 мемлекеттік шаруашылықтар (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, т. б. ) ат жарыстыратын алаңдар және асыл тұқымды жылқы фермалары ұйымдастырылған. Қазақстанда асыл тұқымды жылқы саны 10 мыңнан асты (2006ж) . Республикада жылқының міністік, сыдыра желісті тұқымдары және қазақ жылқысы өсіріледі. Дала және құрғақ дала аймақтарында жылқы негізінен жұмыс көлігі ретінде пайдаланылады. Қуаң, қуаңшылық және тау бөктеріндегі аймақтарда ауа райы жылы, жылқыны жыл бойы жайылымда бағудың мүмкіншілігі бар. Бұл жерлерде жылқы шаруашылығынан ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстанның кең байтақ жайылымы бар орталық, оңтүстік, шығыс және батыс аймақтарының көптеген аудандарында жылқы үйірлеп бағылады. [1]
II. Әдебиетке шолу.
2. 1. Жылқы шаруашылығының дамуы.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетіле түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып отыр. Еліміздің ерте кезден ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла алады.
Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты. Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім. Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады. ұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда ( ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б. ) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25-30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Құлындар отығып, жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет сауылады, ал онан кейін саууды көбейте береді. Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені 6 ай бойы сауады. Бие қымызының хим. құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол малдың физиол. күшіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына және тұқымына қарай өзгеріп отырады. Қымызда 1, 8-2, 2%-тей белок болады, сондай-ақ адам денсаулығына қажетті витаминдердің барлығы кездеседі. [2]
Қазақ жылқысының тұқымдары ерте кездерден-ақ пайдаланылып, көптеп өсіріліп келеді. Бұлар өсіп-өну ортасына қарай әр түрлі болып келеді. Қазақ жылқылары онша ірі болмағанымен, шыдамдылық, еттілік, сүттілік, күш-көліктік жағынан жақсы жетілген. Қөшпелі тұрмысқа сәйкес қазақ халқы жылқыларды қысы-жазы бағуға қолайлы болуы үшін, үйірлерге бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болды. Мұндай айғырлар үйірінен шашау шығармай, үйірін қорғап, ит-құсқа жегізбей қысы-жазы қориды. Бірнеше үйір жылқы қосылып, бір табын құраған. Үйіріндегі жылқылардың көп болып жүруі, аттардың үйірге қосылуы айғырға байланысты. Бір табында 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Қазақ «табын» орнына «қос» деп те атайды. Айғырдан шығып кеткен биелер 10 айдан кейін құлындайды. Құлынды биелердің құлыны қара құлақ болып, отығып жетілген кезінде байланылып, күніне 4-5 сауылғаннан кейін, ағытылады. Жас құлындағандарын бір-екі жұмадан кейін байлап, 2-3 сауылғаннан соң ағытып жібереді. Қазақ биені алты айға дейін сауады. Сәуір айынан бастап тайларды, құнандарды, байталдарды, қысыр биелерді күзеп жібереді. Байталдың, қысыр биенің жалы күзелгенде, кекілі мен шоқтығын қалдырып, құйрығы екі кертіле (бунақ сала) күзеледі. Құнанның жалы күзеліп, құйрығы күзелмейді. Тайдың жалын тегіс, құйрығынан шыбын қағар қалдырып күзейді. Қазақ жылқылары салт мініс пен ауыр-жеңіл жұмыстарға да мықты, жүріске берік, төзімді келеді. Бұлардың тұқымдары пайдалануларына қарай бірнешеге бөлінеді. Оларды шаруалар өскен жеріне, тұқымдарына, түстеріне, жал, құйрық бітістеріне, жыныстарына, түрлі жүрістеріне, тағы басқадай ерекшеліктері мен өмір тіршіліктеріне қарай әр түрге бөліп атайды. Қазақ жылқыларының ішінде аяңшыл-жорғасы, желісті, жүйрігі, баяу жүретін шабандары да бар. Оларды күнделікті тұрмыстық қажеттеріне қарай салт мініс көлігі, жұмыс күш келігі, сауын биесі, т. б. деп бөледі, ерекшелейді. Осыған байланысты да жылқының толып жатқан атаулары бар. [3]
Жұмыс жылқысы - шаруашылық жұмыстарында пайдаланылатын жылқы. Жегетін жылқы - басқа көлік түрлерін пайдалану мүмкін болмаған кезде жүктерді, жеке құрамды қызмет өткеру орнына арбамен жеткізу мақсатында пайдаланылатын жылқы. Жылқылардың жұмыс қабілетін анықтайтын факторлар: жасы, биіктігі, қондылығы, дене құрылысының типі, тұқымы, темпераменті, жұмысқа дайындығы, жаттықтырыуы және жұмыс жағдайы. Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді. Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т. б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде.
Жүк жылқысы - жүк тасымалдау үшін арнайы өсірілетін жылқы тұқымы. Ұзақ уақыт күту, сұрыптау, іріктеу арқылы шығарылған. Жүк тасуға және ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Жүк жылқысының ТМД аумағында кеңестік, владимир, орыс, першерон, арден, ал өзге шет елдерде шайр, бретон, т. б. тұқымдары өсіріледі. Арден жылқысы Бельгияда шығарылған. Басы үлкен, мойны қысқа, тұрқы ұзын, кеуделі келеді. Арден жылқысын будандастыру арқылы ауыр салмақты орыс жүк жылқысы шығарылды (1952) . Орыс жүк жылқысының өлшемдері: шоқтығына дейінгі биіктігі 147 - 150 см, тұрқы 157 - 162 см, кеуде орамы 184 - 200 см, жіліншік орамы 21 - 22 см, салмағы 700 кг. Жүк жылқысының ең көп тарағаны - барбансон жылқысы. Айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі 160 - 167 см, тұрқы 157 - 176 см, кеуде орамы 215 - 220 см, жіліншік орамы 26 - 28 см, салмағы 900 - 1200 кг, күтімді көп қажет ететін жылқы. Қазақстанда кеңестік жүк жылқысының айғыры қазақ жылқысын асылдандыруға қолданылады. Алынған будандар қазақ жылқысынан ірі, орташа салм. 560 - 590 кг. [9]
2. 2. Жылқы тұқымдары.
Жылқы тұқымдарын классификациялау жолдары. Оларды аудандастыру жүйесі. Салт мінетін тұқымдары: араб, ахалтеке, иомуд, таза қанды салт мінетін, терск, кабарды, карабаир, украин мініс жылқылары. Жегуге арналған тұқымдары: дон, буденный, қостанай, көшім, жаңа қырғыз жылқылары. Жартылай таза қанды және спорттық Шығыс Европа тұқымдары: тракенен, ганновер, венгержылқылары. Желісті тұқымдары: орлов, орыс, америка стандартбредті, француз жылқылары. Ауыр жүк тартатын тұқымдары: владимир, советтік, першерон, орыс жылқылары. Жергілікті жылқы тұқымдары: дала /монғол, бурят, қазақ, баш құрт/, орман /якут, тавдин, вятка/, тау /алтай, қырғыз, локай/.
Советтік жылқысы ауыр жүк тартатын советтік жылқы ірі мойны етті, шоқтығы аса биік емес, арқасы кең, қабырғасы жұмыр, аяғы жуан және түсі жирен. Айғырларының шоұтығына дейінгі биіктігі - 162см, тұрқының қиғаш ұзындығы - 169см, көкірек орамы- 210см, жіліншік орамы- 25см Бұл тұқымның айғырлары үйірге салуға, қолдан ұрық-тандыруға ойдағыдай пайдаланылады. Тәжірбиеде ауыр жүк тартатын жылқы мен биелерден биік, ірі құлындар алынып жүр. Ауыл шаруашылық жұмыстарына пайдаланғанда өзінің төзімді екенін көрсетті. Бұлардың күшін сынағанда Завозь деитін бие 851кг тарту күшін корсетті. Бұл өз салмағына шаққанда 80%еді. Жұмыс қабілеттілігі 4, 53, 0; 11, 51, 8; мин және 1138, 2 метр. Биелерінің төлдегіштігі 84 пайыздан астам, ал сүттілігі 3000-4000 литр. 1995 жылы Шығыс-Қазақстан облысының «Азамат» шаруа қожалығында жергілікті биелерді совет ауыр жүк тартқыш жылқысы тұқымының айғырларымен будандастыру арқылы қазақ жылқыларының қабы сүлесі шығарылды. Тұқымдық айғырлар мен биелердің орташа салмақтары 610 және 550 кг-ға тең.
Шайр жылқысы (ағылшын Shіre ) - ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы. Денесі шағын, бірақ салмағы ауыр жылқылар ірілігі мен салмағына байланысты іріктеліп, оларды Фламанд (Бельгия) ауыр жүк тартатын жылқысымен будандастыру нәтижесінде Ұлыбританияда шығарылған. Бұл тұқымды жақсарту жөніндегі 1878 жылы Ұлы-британияда құрылған “Шайр өсіру қоғамы” көп жұмыстар жүргізді. Шайр жылқысының кеудесі кең, мойны қысқа әрі жуан, басы үлкен, жотасы жалпақ, сауыр еті жақсы жетілген. Құйрық-жалы және аяғының шашақ жүні жақсы өскен, түсі әр түрлі. Орташа өлшемдері (см) : айғырының шоқтығына дейін биіктігі 165 - 175, кеуде орамы 210 - 250, жіліншік орамы 28 - 30. Салм. 1000 - 1100 кг, таңдаулысы 1700 кг. Шайр жылқысы 18 - 20 т және одан да көп жүк тартады. Ол 19 ғасырда АҚШ, Канада, Оңтүстік Америкада көп таралған. Ресейге аз әкелінген Шайр жылқысын жегуге қолданылатын жергілікті жылқыны жақсартуға, сондай-ақ ауыр жүк тартатын владимир жылқысын өсіру үшін пайдаланған. Қазақстанда өсірілмейді. [2]
Орыс жылқысы. Бұл жылқының тұқымы Ресейде ертеден бері өсіріліп келе жатқан арден тұқымының және Белгия мен Францияда шығарылған кейбір жылқының айғырларын пайдалану арқылы шығарылған. Осы жылқыны асылдандыру жөнінде жүргізілген жұмыстардың арқасында барып, орыстың ауыр жүк тартатын, жұмысқа төзімді жылқы тұқымы шығарылған. Бұл көбінесе Украинада, Оралда және Сібірдің кейбір аудандарында өсіріледі. Біздің елідің солтүстік аудандарында жергілікті жылқылар тұқымые өсіруде ірілендіруге, оның күшін арттыруға пайдаланылады.
Бұл тұқым онша биік емес. Маңдайы жазық, мойыны жуан, шоқтығы биік емес, арқасы ұзын, сауыры кең, аяқтары қысқа, жал- құйрығы ұзын болады. Айғырлардың өлшемдері шоқтығына дейінгі биіктігі-150, тұрқының қиғаш ұзындығы- 158, көкірек орамы- 184, жіліншік орамы -22см, тірідей салмағы 500-600 кг. Орыстың ауыр жүк тартатын жылқысы жүрдек, желісті, жұмысқа төзімді, мықты келеді. Бұл тұқымдар жұмысқа 18-20 жасқа дейін, ал асылдандыру жұмысына 25 жасқа дейін пайдалануға болады. Биелері төлшіл және сүтті келеді. Жұмыс қабілеттілігі 5, 20, 4 және 15, 21, 9 мин. 1091, 6 метр. Владимир жылқысы Бұл қылқы тұқымы Владимир және Ивановск обылыстарындағы асыл тұқымды шаруашылықтарында жергілікті биелерді орлов, арден, суффольск, шайр және клейдесаль айғырларменсіңіре будандастыру арқылы шығырылған. Владимир жылқысын шығаруда ғалымдардың алға қойған мақсаты ірі, жүрдек, жұмысқа төзімді, мықты жылқы алуы. Бұны іске асыру үшін жылқыны қарқынды азықтандыру жоспарланды. Қойылған талапты дұрыс шешудің нәтижесінде 1946жылы Владимир тұқымы болып бекітілді. Владимир жылқысының дене бітімі ірі, тұрқы ұзын және шомбал денелі, сүйектері жақсы дамыған. Басы үлкен, қыр тұмсықты, мойыны ұзын және етті, кеудесі кең, аяқтары ұзын және сіңірлі. Айғырларының шоқтығына дейінгі биіктігі - 162, тұрқы қиғаш ұзындығы - 167, кеуде орамы - 203 жіліншік орамы- 24, 5см, салмағы - 700кг. Владимир жылқысы жүрдек, желісті, жұмысқа төзімді, жуас келеді. Бұл жылқы тұқымын асылдандыру жұмысына 18-20 жасқа дейін пайдалануға болады. Жүкті жеткізу қабілеттілігі 4, 34, 4 және 12, 34, 2 минут, 1494, 1м- 820кг. Першерон жылқысы. Францияда өсіріліп шығарылған. Өзінің дене өлшемдерімен, дене бітімінің сомдылығымен барбарсон жылқысына жақын. Бірақ жүрісі сергек, әсіресе жақсы желеді. Першерон жылқысы Қазақстанның оңтүстігіндегі кейбір жылқы фермаларында өсіріледі. Першерон жылқысының басы үлкен, мойыны ұзын және бұлшық етті, шоқтығы мойнымен қосылып кеткен, аяқтары орташа, тұяқтары үлкен және мықты болады. Бұл жылқы тұқымы тез жетіледі. Басқа ауыр жүк тартатын жылқыдан гөрі ыстыққа төзімді. Бұлардың күшін сынағанда Силикат дейтін айғыр 835кг жүк тартқан. Першерон айғырларының шоқтығына дейінгі биіктігі- 160, тұрқының қиғаш ұзындығы - 167, кеуде орамы - 199, жіліншік орамы - 24, 2 см, тірілей салмағы - 620кг. [4]
2. 3. Жылқы өнімдерін өндіру технологиясы.
Қазақы, якут және ауыр жүк тартатын кеңес жылқы тұқымдарының буданының еттілігі (1-кесте)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz