Ауа ылғалдылығының мал организміне әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ауа ортасының гигрометриялық параметрелері және оның жануарлар мен құстарға әсері
2.Анықтау әдістері
3.Гигрометр
4. Ауаның абсолютті ылғалдылығы
5.Салыстырмалы ылғалдық
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе
Атмосфера деп - жердің газды қабатын айтамыз. Ол бірнеше қабаттардан тұрады.
Синоптикалық фронт. Циклон және антициклон (анықтамаларын беру).
Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштері өзгермелі келеді. Сондықтан, ауа үнемі қорғауды және санитариялық бақылауды қажет етеді.
Ауаны гигиеналық бақылау кезінде мына көрсеткіштерді анықтайды:
1) Физикалық қасиеттері (атмосфералық қысым, температура, ылғалдылық және т.б.). Бұл көрсеткіштер метеорологиялық факторлар деп аталады;
2) Химиялық құрамы (тұрақты компоненттер және басқа да газдар);
3) Механикалық қоспалар (шаң, түнін, ыстың және б. );
4) Биологиялық ластануы (микробтар және б.);
Ауаның аталған қасиеттері мал организміне жан-жақты әсер етеді, алайда гигиенада әр қайсысының әсерін жекелей қарастыру қабылданған.
Ауаның сипаттамасы алынған зерттеулердің нәтижелерін гигиеналық нормалармен салыстыру арқылы беріледі. Ауаның әсері негізінен малдың денсаулығы мен өнімділігінің өзгеруі бойынша есептеледі.
Ауаның қасиеттері мен құрамын анықтау тәсілдерімен зертханалық және практикалық сабақтарды орындау барысында танысасыздар.
Ауа райы, климат, микроклимат және олардың мал организміне әсері
Ауа райы - бір аумақта қысқа мерзім ішіндегі ауа жағдайы. Бұл жағдай атмосфералық қысыммен, температурамен, ылғалдылықпен, жел күшімен, күн сәулесінің кернеуімен, бұлттылықпен, жауын-шышынмен сипатталады. Ауа райының организмге тікелей әсері оның жылу алмасу процесіне ықпал етуінде. Ауа райы ыстық болғанда малды қорада ұстағанда, тасымалдағанда ыстық ұруы мүмкін, ал суық ауа райында малға суық тиіп, жиі ауырады.
ал, климат болса анағұрлым тұрақты құбылыс. Климат - белгілі бір аумақта ұзақ уақыт бойы байқалатын ауа райының жиынтығы.

Ауа ылғалдылығы мал тіршілігіне және оның өнімділігіне зор әсер етуші фактор. Ылғалдылық деп аауа құрамындағы су буын айтамыз. 1 кг атмосфералық ауада орта есеппен 2,34 г су буы болады. Ауаудағы ылғал мөлшері температураға, теңіз деңгейінен биіктікке, су қоймаларының жақындығына, өсімдік сипатына және т.б. жағдайларға өзгеріп отырады. ауа ылғалдылығының сипаттамасы ретінде метеорологиялық практикада және гигиена саласында мынадай гигрометриялық көрсеткіштер қолданады: абсолюттік, нақты, максималды және салыстырмалы ылғалдылық, ылғал тапшылығы және шық нүктес Мал қора ауаcының ылғалдылығы
Мал қора ауасында атмосфераға қарағанда ылғал (бу) көп болады. Атмосфералық ауа ылғалдылығы қора ауасының 10 - 15 пайызын құрайды.
Мал қорасында ылғалдың негізгі бөлігін малдың өзі бөледі: әр сиыр тәулігіне 10кг, ал жылқылар 8 кг-дай, 100 шошқа тәулігіне 2 тоннадай ылғал бөледі. Қора - жай ауасына мал огранизмінен бөлінетін будың (теріден, тыныс жолдарынан шығарылған ауамен және т.б.) пайызы айтарлықтай көп, яғни 60-80 пайыз. Одан басқа ылғал еденнен, қабырға мен төбеден, суарғыштан және канализация жүйесінен бөлінеді. Шошқа қораларының басқа қоралардан айырмашылығы еденнен буланатын бу мөлшері шошқанынң демі арқылы шығаратын буынан 1,5 есе көп болады. Себебі, шошқа қораларының едені үнемі ылғалды болып тұрады.
Мал қора ауасында атмосфераға қарағанда ылғал (бу) көп болады
Мал қора ауасындағы ылғалдылық көздері:
- Атмосфералық ауа ылғалдылығы -10-15%
- Қора-жайдың өз ылғалдылығы -10-30 %
-Мал организмінен бөлінетін ылғал - 60-80 % (еденнен, қабырға мен төбеден, суарғыштан және канализация жүйесінен, шошқа қораларында еденнен буланатын бу мөлшері дем арқылы шығатын будан 1,5 есе көп).
Ауа ылғалдылығының мал организміне әсері
Ауа ылғалдылығы қоршаған ортаның климаты мен микроклимат көрсеткіштеріне әсер етеді.
Ылғалдылық қоршаған орта арқылы мал организміне тікелей және жанама әсер етеді.
Егер ылғалдылық 10% көтерілсе (85-тен 95%), сиырдың сүттілігі 9-12 % азаяды. Мұндай жағдайда бордақылардың тәулік салмағы 12-25% төмендеп, азықтың шығыны 20-35% ұлғаяды, ал өлім-жітім 2-3 есе артады.
Малдың физиологиялық жағдайы мен салыстырмалы ылғалдылықтың арасында тікелей байланыс бар екені дәлелденген (90-95% ылғалдылықта тыныс алу және қан тамырының соғысы 26-30% көтеріледі, гемоглобин, эритроциттер мен лейкоциттер азаяды).

II. Негізгі бөлім
1.Ауа ортасының гигрометриялық параметрелері және оның жануарлар мен құстарға әсері
Табиғи жағдайда ауаның құрамында белгілі мөлшерде ылғал, яғни бу күйіндегі су болады. Атмосферадағы ылғал су бассейндері суының (мұхит, теңіз, өзен, көл) буға айналуынан, ылғал топырақтан шыққан судан және өсімдік ылғалының буға айналуынан пайда болады.
Мал қорасында ылғал атмосфералық ауаға қарағанда көп болады. Себебі, ауаның барлық ылғалының 75 пайызын қорадағы малдың өзі тыныс алу және терісі арқылы шығарады (ірі қара тәулігіне -8-10кг, мегежін- 2,2 кг, тауық120-180г бу шығарады), 15-20 пайызы тағы басқада ылғал көздерінен (автосуғарғыштың ақаулығынан, құрамында суы мол азықтардан, қондырғыларды жуған сулардан, шығарылмай тұрып қалған қи мен зәрден бөлінген ылғалдан) және 10-15 пайызын сыртқы ауадан келген ылғал құрайды.
Қора-жай ауасының ылғалдылығы мен температурасының өзара байланысты. Ауаның жоғарғы температурасы кезінде ылғалдылық жылу шығаруды тежеп, денеден артық жылудың жиналуына мүмкіндік жасайды. Малды сыз, әрі жылы қорада ұстағанда организмде жиналған артық жылу ыстық өтуге әкеп соғады. Организмге ыстық өткенде орталық нерв жүйесі зақымданып, тыныс алу орталығын сіреспеге ұшыратып, малды қатты терлетіп, қанын қойылтып, жүрек қызметін әлсіретеді.
Суық кездегі ауаның жоғары ылғалдылығы кезінде керісінше организмнен жылу көп шығады. Өйткені, ылғал ауа сыйымдылығынан құрғақ ауа сыймдылығынан он есе үлкен. Сондықтан да суық кезде ылғал ауа денеден жылуды көп мөлшерде алады да, малды тоңдырып, суық тиюден болатын ауруларға шалдықтырады.
Организмнің физиологиялық жағдайына сай белгілі бір ауа ылғалдылығы- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсақ малдардың қораларының ішкі орналасу жоспары мен микроклиматы
Асыл тұқымды және жалпы тауарлық бағыттағы мал түліктерін пайдаланудың нормалары мен ережелерін анықтау
Мал қоралары ауасының ылғалдылығы
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің кұс өнімділігі сапасына әсері
Тамақ өнімдерін кептіру
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Мал қораларын аэроиондау
Қабандар (шошқа)
Сиыр қораларын жобалау
Пәндер