Аурудың аяқталуы немесе сауығу кезеңі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1 Ауру туралы жалпы ілім.
2.2 Аурудың өтyi.
2.5 Жалпы этиология.
2.6 Монокаузализм.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде ауруды мүлде бөлек, организмнен тыс дүние ретінде қарастырды. Алғашқы адамдар ауруды нендей бір құпия күш билейді деп есептеді (алғашқы анимизм, anima - жан деген сөз). Бұл бағыт медицинада онтология деп аталады. Көне қытай және көне грек мәдениеті кезеңінде адам мен жануар денесі топырақтан, судан, ауадан, оттан тұрады және де осы төрт бөлік құрамының ара қатынасы бұзылуынан әр түрлі аурулар пайла болады деп сендірді. Көне грек мәдениеті дәуірінде медицина негізін қалаған Гиппократ организм төрт текті сұйықтан: қаннан, кілегейден, сары және қара өттен тұрады деп есептеді. Осы төрт сұйықтың дұрыс араласуы денсаулықты қамтамасыз етеді деп тұжырымдады және оны кразис деп атады. Осы сұйықтардың дұрыс араласпауы немесе ластануынан болатын сыртқы әсерден ауру пайда болады деп есептеді. Ауру жөніндегі мұндай көзқарастар, әрине, тым жағдай, дегенмен онда ауруды материалисттік тұрғыдан түсіндіру элементтері бар, сондықтан оны бірнеше ғасыр бойы мойындап келді. Осындай іліммен қоса виталистік түсінік те болды, онда денсаулықтың және аурудың бастапқы негізі жан тіршілік рухы деп есептелді. Ауру туралы идеалистік түсінікті дамытуда Платон мен Аристотель философиясының да мәні болды. Грек дәрігері Галеннің ілімі идеалистік болды да, ол да Гиппократ секілді аурудың негізгі себебі жан әсерінен өзгеретін сөлдің, негізінен алғанда қанның бұзылуынан деп есептелді. Ауру - бұл әр алуан бейімделу реакциясы мен патологиялық процестердің жиынтығы емес, сапалық жаңа күй, ол клеткалардағы, ұлпалардағы, органдар мен жүйелердегі әртүрлі сапалық өзгерістерге әзірленеді. Ауру - организмнің қоршаған ортамен ара салмағының бұзылуы нәтижесінде байқалады. Әрбір ауру - таралуына, органдар мен ұлпалардың зақымдануына қарамасатан тұтастай организмнің зардап шегуі. Органдардың оқшауланған ауруы немесе жекелей ауруы дегендер болмайды. Ауру мәнін ғылыми тұрғыда түсіндіру және оның ұғымын анықтау үшін аурудың сапалық ерекшеліктері туралы, оның қалыпты (дені сау) күйінен өзгешелігі мен ұқсастығы туралы дұрыс түсінік болуы керек.

ІІ.Негізгі бөлім.
2.1Ауру туралы ілім -- Нозология
Жалпы патология ауруға шалдыққан ету организмдегі тіршілік проқестерінің өту заңдылықтары мен құрылымдық өзгерістері туралы ғылым. Ағзаның сыртқы, ішкі, орта өзгерістерінe бейімделіп, тіршілігін сақтау қасиeтi физиологиялық реттелу деп аталады. Физиологиялық реттелу арқылы организмнің қызмет атқаруымен қатар құрылымдық тұрақтылығын, ортамен қатынасты сақтауын денсаулық дейміз.
Денсаулық пен ауру туралы ұғым арасында жалпы қалыптық тұрақты көpceткiш болмайды. Ол сәл ғана байқалатын ауытқу көрсеткіші, мысалы, организмнің анатомиялық өзгерістері бола тұра немесе керісінше, кейбір анатомиялық өзгерістер малдың өнімділігін жоғарылатады. Мысалы, жыныс бездерін алып тастағанда И.П. Павлов деректерінің ілімі бойынша ауру жағдай сыртқы факторларын санды және сапалы әcepiнен организмнің физиологиялық реттеу қабілетінен бірнeше басым болуынан туындайды (күйіп қалу, улану), егер де бұлардың әсерi организм қабілетінен асып кетсе, бұл өлімге әкеліп соғады. Ал егер де осы әсер күші шамалы болса, организмнің бейімделу қасиеті сақталып, өзгеретіндей болса, организмнің патологиялық реттелуі туындайды. Сондықтан ауру дегеніміз - организмде iшкi, сыртқы орта әсерлерінің нәтижесінен туындалған функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің патологиялық реттелу жиынтығы.
Ауру мынадай көрсеткіштерден сипатталады.
Патологиялық реакция - жасушалар мен тіндердің ауру қоздырғыш күшке жауап бepyi. Мысалы, тepi аумақтарының жылу сезу қабілеті.
Патологиялық процесс - патологиялық реттелу кeзінде организм ағзаларының функционалдық және құрылымдық ауырсыну әсерiнен лезде әдеттен тыс пайда болатын өзгерістер. Мысалы, қабыну, регенерация.
Патологиялық күй -- патологиялық процестің өзі, бірақ ол баяу дамып, онша байқалмайды, пайда болған өзгерістердің өтуi әлсіз болуымен сипатталады (жара, күю, соңында тыртықтың пайда болуы). Осы eкi процесс өзара ауыспалы.
Ауру - өзара байланысты патологиялық реакция, патологиялық процесс және патологиялық күй. Аурулар бір-бірiнен клиникалық белгілері мен патологиялық-анатомиялық өзгерістері бойынша ажыратылады. Ауру жұқпалы және жұқпалы емес болып бөлінеді.
Аурудың өтyi.
Аурулар өту еррекшеліктері жіті, жітілеу бойынша созылмалы болып бөлінеді.
Ауру негізгі төрт кезеңде өтеді.
1)Жасырын немесе латентті.
2)Продромальді (аурудың бастапқы кезеңі).
3)Аурудың айқын біліну кезеңі (аурудың толық даму сатысы).
4) Аурудың аяқталуы немесе сауығу кезеңі.

Жасырын кезең -- патогенді факторлардың әсерiнен немесе ауру тудыратын агенттің организмге eнуінен бастап аурудың алғашқы клиникалық белгілері көрінгенге дейінгі уақыт. Індетті ауруларда бұл кезең инкубациялық, ал сәуле ауруларында , химиялық улануларда латентті кезең деп аталады. Жасырын кезеңнің ұзақтылығы бірнеше минут немесе бірнеше сағаттан бірнеше күнге, айға және жылға дейін созылады. Бұл кезеңде организм ауру тудыратын агентке қарсылық көрсетіп, оны жоюға қорғаныс бейімдеу механизмдерін бағыттайды.
Продромальді кезең аурудың алғашқы белгілері білінгеннен бастап оның толық айқындалғанына дейінгі уақыт. Бұл кезең көптеген ауруларға тән дене қызуының жоғарылауы, тыныс алудың, жүрек соғысының жиілуі, тәбеттің төмендеуі, жүйке жүйесінің тежелуі сияқты жалпы белгілермен сипатталады.
Продромальді кезеңнің ұзақтығы тітіркендіргіштің ықпалына, организм реактивтілігіне,жануарларды азықтандыруға және күтіп-бағуға байланысты.
Індетті аурулар кезінде бклгілі бір ауруға тән арнайы белгілер болмауы себепті ауруды анықтау және нақты диагноз (балау) кою қиын.
Аурудың айқын біліну кезеңі продромальді кезеңнен соң басталып, сауығу кезеңіне қарай аяқталады. Бұл кезеңде аурудың негізгі белгілері әpi қарай дамып, бір ауруға тән қосымша белгілері, жалпы және жергілікті клиникалық белгілері байқалады. Сонымен қатар, бұл кезеңде аурудың пайда болу себебіH айқындауға және дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік туады. Кезеңнің ұзақтығы көптеген факторларға: организмнің жағдайына, икемділігіне, қорғаныс компенсаторлық механизмдеріне және де тітіркендіргіштің ерекшелігіне байланысты. Індетті ауруларда бұл кезең бірн eше күннен аптаға дейін созылады (оба, ciбір жарасы), ал созылмалы өтетін ауруларда (бруцеллез, туберкулез) айлап, жылдап өтеді.
Аурудың аяқталуы немесе сауығу кезеңі не организмнің жазылуымен (толық немесе толық емес), не ауТолық жазылу организм және оның ағзалары мен жүйелерінің морфологиялық қалпына келеді. Бірақ толық жазылуды бастапқы күйге келу деп есептеуге болмайды. Ауру ықпалынан организмнің реактивтілігі өзгереді. Кейбір жағдайда организм қайта ауырмайтын қабілетке ие болады (сақау, т.б.) немесе, керісінше, сол ауруға сезімталдығы жоғарылайды (окпенің крупозды қабынуы).
Толық жазылмаған жағдайда ауру кезінде пайда болған морфологиялық және функционалдың өзгерістер толық қалпына келмей, ол үшін организмнің қоры жұмсалып, ағзалардың немесе жүйелердің қызмeтi артады. Бірақ мұндай организм ауруға тез шалдығады. Кейде толық жазылмау кезінде ауру патологиялық күйге ауысады. Мұндай жағдайда бір ағза немесе тін тұрақты зақымданады. Мысалы, шошқа тілмесімен ауырып жазылғаннан кейін эндокардитке шалдығады.
Кейде ауру тудыратын әсер немесе оның де пайда болған тоқғалмаған жағдайларда ауру созылмалы түрге ауысады. Бұл кезде мынадай түciнiктерді атау керек:
Ремиссия -- ауру организм жағдайының уақытына түзелуі, бұл организмнің қайталануымен алмасады.
Рецидив (аурудың қайталануы) - аурудың клиникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурулардың жіктелу негіздері
Жалпы нозология
БАЛАЛАРДАҒЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР
Қызылша бөртпелері
Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну аурылары
Балалар жұқпалы ауруларына кіріспе
Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар
Радиоактивті заттардың организмде таралуы
Вирустық гепатит Д
Жедел бүйрек жетіспеушілігі
Пәндер